Мен дәл қазір шахмат ойнап болдым. Бірінші қарсыласым өте көп ойланатын адам екен — әр жүрісін шамамен екі минуттан кейін жасайды. Кейін ол жай ғана шығып кетті. Екінші қарсыласым өте тез әрі ойланып жүрді. Сол ойында мен ұтылып қалдым. Ал үшінші қарсыласым менің деңгейімде болды, біз тең түстік.
#helloaqerke
#helloaqerke
Осы аптада оқыған кітабымның аты АДЖ болатын. Мен осы кітаптан мейірімді болып барлығына көмектесу керек екенін түсіндім. Ең басты кейіпкерлері АДЖ (алып доскөңіл жігіт) пен Софи. Осы кітап маған ерекше ұнады. Осы шығарманың қысқаша мазмұнын айтып берейін. Софи деген қыз балалар үйінде тұрады. АДЖ түнде балаларға тәтті түстер қондырады. Оны көрген Софиді алып кетіп, екеуі ең жақын достар болады. Ең қатты ұнаған жерлер де бар. Алып доскөңіл жігіт оған тиісіп жүрген Қансімір деген атты алыпқа құбыжықты түс берген жері өте күлкілі болды. Ең ұнамаған жері АДЖны басқа алыптар бұзақылық көрсеткен жері. Сендерге оқуға кеңес беремін. #aqerkekitap
Дүйсенбіден бастап мен осы кітапты оқуды бастаймын. Бүгін кітаптың басын оқып шықтым. Бұл — мен кеше оқып бітірген кітабым АДЖ-ның жалғасы екен. Барлығын тез оқып тастағым келіп тұр. #helloaqerke #aqerkekitap
Бүгінгі шахмат ойынында 1 сағат арасында 6 адаммен ойнадым. Бірінші адам Чехиядан болды. Ұзақ ойнадық, соңында жендім. Ал екіншісі Вьетнамнан болды. Оның деңгейі меннен жоғары болғандықтан мен ұтылдым. Үшінші Нидерландтан шыққан адаммен ойнап жендім. Өте тез мат қойдым. Төртінші Францианың адамымен ойнадым. Ол да жақсы ойнап мені ұтты. Ал қалған екі Малайзия мен Пакистандікілер өте мықты болды. 10 минут күрестік. Соңында жеңімпаз болып шықтым. #helloaqerke