Aqerke LIVE
5 subscribers
79 photos
9 videos
Көрген-білгенмен бөлісемін. Қосылсай!))
Download Telegram
Бүгінгі кітабымның беттерінде өте қызықты оқиға болды. Дәудің аты АДЖ. Ол алыптар еліндегі ең кішкентайы , бірақ ең ақылдысы және мейірімдісі болды. Ол түнгі ауылда жүргенде оны Сафи деген қыз көріп қояды. Алып ол қызды өзімен алыптар еліне алып кетеді. Келіп өте көп сөйлеседі. Олардың гүбірлеген даусын естіп, басқа алыптар келеді. Оның үстінен күліп, мазақтай бастайды. АДЖ кішкентай қызбен олардан қашып құтылып түс ұстауға түстер әлеміне аттанады. Ол АДЖның ең басты құпиясы еді. Екеуі түс аулап, үйлеріне қайта оралады. АДЖ мен Сафидің әңгемелерінде АДЖ қызды балалар үйінен алып кеткенін біліп қояды. Ата-анасы жоқ дегенді естігенде жүрегі мұңайып, алып кеткеніне өкінеді. Ал қалғанын келесі жолы айтамын.
#helloaqerke
Мен дәл қазір шахмат ойнап болдым. Бірінші қарсыласым өте көп ойланатын адам екен — әр жүрісін шамамен екі минуттан кейін жасайды. Кейін ол жай ғана шығып кетті. Екінші қарсыласым өте тез әрі ойланып жүрді. Сол ойында мен ұтылып қалдым. Ал үшінші қарсыласым менің деңгейімде болды, біз тең түстік.
#helloaqerke