Aqerke LIVE
5 subscribers
79 photos
9 videos
Көрген-білгенмен бөлісемін. Қосылсай!))
Download Telegram
Мен дәретханадан келе жатқанда бір араны көрдім. Ол бір 10 сантиметрдей өсімдікке мінді. Төбеге қарап тұрған, ең үлкен жапырағына барып мінеді. Ең ұшына келгенде ол жапырақ араның салмағын көтере алмай жерге қарай ақырын түсіп бастайды. Ол жапырақтың түсіп бара жатқанынан шошып жерге түсіп қалады. Өте күлкілі болды. Құлағанда арқамен құлап, бір дыбыс шығанды. Дыбысын мен сөзбен айта алмаймын. Айқалағанға ұқсады. Екінші жапырағына мінеді , тағы түседі. Соңында шаршағаннан басқа одан ұзын өсімдікке кетіп қалады.
#helloaqerke
Мен дәл қазір ағылшынша кітаптан 3 тақырыпты алып, аударып жатырмын. Маған кітап басындағы бірәнші хикая ұнады. Ол “How stories came to us” яғни “хикаялар бізгі қалай жетті “ деген мағынаны білдіреді. Ол хикаяда тышқан көргенінен хикаялар жасайтын болыпты. Хикаялар оның баласы. Барлық хикаялар оның үйінде тұратын болыпт. Бір күні қой келіп ескі есікті сындырғанда барлық хикаялар қашып, жан-жаққа тарайды. Осылай кей біреулері бізге келді.
#helloaqerke
Бүгінгі кітабымның беттерінде өте қызықты оқиға болды. Дәудің аты АДЖ. Ол алыптар еліндегі ең кішкентайы , бірақ ең ақылдысы және мейірімдісі болды. Ол түнгі ауылда жүргенде оны Сафи деген қыз көріп қояды. Алып ол қызды өзімен алыптар еліне алып кетеді. Келіп өте көп сөйлеседі. Олардың гүбірлеген даусын естіп, басқа алыптар келеді. Оның үстінен күліп, мазақтай бастайды. АДЖ кішкентай қызбен олардан қашып құтылып түс ұстауға түстер әлеміне аттанады. Ол АДЖның ең басты құпиясы еді. Екеуі түс аулап, үйлеріне қайта оралады. АДЖ мен Сафидің әңгемелерінде АДЖ қызды балалар үйінен алып кеткенін біліп қояды. Ата-анасы жоқ дегенді естігенде жүрегі мұңайып, алып кеткеніне өкінеді. Ал қалғанын келесі жолы айтамын.
#helloaqerke
Мен дәл қазір шахмат ойнап болдым. Бірінші қарсыласым өте көп ойланатын адам екен — әр жүрісін шамамен екі минуттан кейін жасайды. Кейін ол жай ғана шығып кетті. Екінші қарсыласым өте тез әрі ойланып жүрді. Сол ойында мен ұтылып қалдым. Ал үшінші қарсыласым менің деңгейімде болды, біз тең түстік.
#helloaqerke