Aqerke LIVE
5 subscribers
81 photos
9 videos
Көрген-білгенмен бөлісемін. Қосылсай!))
Download Telegram
Сонымен қатар, Speaking Club-та адам өте көп болды. Сыныпта бар болғаны 19 орындық қана бар. Бізді сабақтан 11:55-те жібереді. Егер мен тез келмегенімде, орын таба алмас едім. Бірінші рет ол жерде 26-дан астам адам жиналды. Соңғы келгендерге отыратын орын қалмады. Бөлменің дәл ортасында 7 адамға арналған диван тұрды. Кешіккендер сол жерге отырды. Біреу сыртқа шыққысы келсе, әрең шығатын. Барлық орындықтар бір-біріне тым жақын қойылған. Сабақ кезінде бұл жерге ешкім келмейтін. Менімен қосқанда тек 3 адам ғана отыратын, ал кейде 5-ке дейін баратын.
#helloaqerke
Мен дәретханадан келе жатқанда бір араны көрдім. Ол бір 10 сантиметрдей өсімдікке мінді. Төбеге қарап тұрған, ең үлкен жапырағына барып мінеді. Ең ұшына келгенде ол жапырақ араның салмағын көтере алмай жерге қарай ақырын түсіп бастайды. Ол жапырақтың түсіп бара жатқанынан шошып жерге түсіп қалады. Өте күлкілі болды. Құлағанда арқамен құлап, бір дыбыс шығанды. Дыбысын мен сөзбен айта алмаймын. Айқалағанға ұқсады. Екінші жапырағына мінеді , тағы түседі. Соңында шаршағаннан басқа одан ұзын өсімдікке кетіп қалады.
#helloaqerke
Мен дәл қазір ағылшынша кітаптан 3 тақырыпты алып, аударып жатырмын. Маған кітап басындағы бірәнші хикая ұнады. Ол “How stories came to us” яғни “хикаялар бізгі қалай жетті “ деген мағынаны білдіреді. Ол хикаяда тышқан көргенінен хикаялар жасайтын болыпты. Хикаялар оның баласы. Барлық хикаялар оның үйінде тұратын болыпт. Бір күні қой келіп ескі есікті сындырғанда барлық хикаялар қашып, жан-жаққа тарайды. Осылай кей біреулері бізге келді.
#helloaqerke
Бүгінгі кітабымның беттерінде өте қызықты оқиға болды. Дәудің аты АДЖ. Ол алыптар еліндегі ең кішкентайы , бірақ ең ақылдысы және мейірімдісі болды. Ол түнгі ауылда жүргенде оны Сафи деген қыз көріп қояды. Алып ол қызды өзімен алыптар еліне алып кетеді. Келіп өте көп сөйлеседі. Олардың гүбірлеген даусын естіп, басқа алыптар келеді. Оның үстінен күліп, мазақтай бастайды. АДЖ кішкентай қызбен олардан қашып құтылып түс ұстауға түстер әлеміне аттанады. Ол АДЖның ең басты құпиясы еді. Екеуі түс аулап, үйлеріне қайта оралады. АДЖ мен Сафидің әңгемелерінде АДЖ қызды балалар үйінен алып кеткенін біліп қояды. Ата-анасы жоқ дегенді естігенде жүрегі мұңайып, алып кеткеніне өкінеді. Ал қалғанын келесі жолы айтамын.
#helloaqerke
Мен дәл қазір шахмат ойнап болдым. Бірінші қарсыласым өте көп ойланатын адам екен — әр жүрісін шамамен екі минуттан кейін жасайды. Кейін ол жай ғана шығып кетті. Екінші қарсыласым өте тез әрі ойланып жүрді. Сол ойында мен ұтылып қалдым. Ал үшінші қарсыласым менің деңгейімде болды, біз тең түстік.
#helloaqerke
Осы аптада оқыған кітабымның аты АДЖ болатын. Мен осы кітаптан мейірімді болып барлығына көмектесу керек екенін түсіндім. Ең басты кейіпкерлері АДЖ (алып доскөңіл жігіт) пен Софи. Осы кітап маған ерекше ұнады. Осы шығарманың қысқаша мазмұнын айтып берейін. Софи деген қыз балалар үйінде тұрады. АДЖ түнде балаларға тәтті түстер қондырады. Оны көрген Софиді алып кетіп, екеуі ең жақын достар болады. Ең қатты ұнаған жерлер де бар. Алып доскөңіл жігіт оған тиісіп жүрген Қансімір деген атты алыпқа құбыжықты түс берген жері өте күлкілі болды. Ең ұнамаған жері АДЖны басқа алыптар бұзақылық көрсеткен жері. Сендерге оқуға кеңес беремін. #aqerkekitap
Дүйсенбіден бастап мен осы кітапты оқуды бастаймын. Бүгін кітаптың басын оқып шықтым. Бұл — мен кеше оқып бітірген кітабым АДЖ-ның жалғасы екен. Барлығын тез оқып тастағым келіп тұр. #helloaqerke #aqerkekitap
Бүгінгі шахмат ойынында 1 сағат арасында 6 адаммен ойнадым. Бірінші адам Чехиядан болды. Ұзақ ойнадық, соңында жендім. Ал екіншісі Вьетнамнан болды. Оның деңгейі меннен жоғары болғандықтан мен ұтылдым. Үшінші Нидерландтан шыққан адаммен ойнап жендім. Өте тез мат қойдым. Төртінші Францианың адамымен ойнадым. Ол да жақсы ойнап мені ұтты. Ал қалған екі Малайзия мен Пакистандікілер өте мықты болды. 10 минут күрестік. Соңында жеңімпаз болып шықтым. #helloaqerke
Күндегідей бүгін Speaking Club-қа кірдім. Сабақ басталуына 30 минут қалғанда бізді екі топқа бөлді. Сосын ойын ойнай бастадық. Ойынның шарты бойынша ағай бір тақырып береді, сол тақырыпқа байланысты 10 сөзді кезекпен жазу керек.Бірінші тақырып — жеміс болды. Барлығы асығып жазып жатты. Сол кезде бір қыз “ананас” сөзінің ағылшынша аудармасын ұмытып қалды. Ол pineapple деп жазудың орнына ananas деп жазып қойды. Барлығы күлді. Өйткені өшіруге болмайды. Барлығы: “Ананас pineapple деп жазылады ғой!” — деп айтып жатты. Ал әлгі қыз таңданып: “Шын ба?” — деп бәріне қарап тұрды. Ағай тексеріп жатқанда, “Ananas емес, pineapple деп жазылады,” — деп түсіндірді. Бірақ қыз оған сенбеді. Достары айтып, ақыры көндірді. Қалғандары оған қарап қатты күлді. #helloaqerke