Карагандинский университет Казпотребсоюза
479 subscribers
642 photos
98 videos
127 links
🎓 Официальный телеграм канал Карагандинского университета Казпотребсоюза
#кэу #копер
Download Telegram
📣📣📣Маңызды ақпарат!
Қазтұтынуодағы Қарағанды университеті гранттық байқауға құжаттарды қабылдайтыны туралы хабарлаймыз! Ең қызығы, университетімізге түсуді жоспарламағандар да құжаттарын біздің университет арқылы тапсыра алады!
Біз грантқа өтініш беру процесі күрделі болуы мүмкін екенін түсінеміз, сондықтан біз сізге ыңғайлы жағдайда, кезегіңізді ұзақ күтпей-ақ, стресссіз өтініш берудің бірегей мүмкіндігін ұсынамыз. Қазтұтынуодағы Қарағанды университетіне жүгініп, Қазақстанның кез келген ЖОО-на грантқа құжаттарыңызды тапсыра аласыз!
Біз білім барлығына қолжетімді болуы керек деп есептейміз, сондықтан мемлекеттік грантқа түсуге біздің көмегімізді қабыл алғысы келетіндердің барлығын шақырамыз!
Бұл мүмкіндікті жіберіп алмаңыз! Грантқа өтінішдерді 2023 жылдың 15-20 шілдесі аралығында беруге болады. Қазтұтынуодағы Қарағанды университетіне келіп, білім жолыңызды бүгіннен бастаңыз! 🏫

Қарағанды қаласы, Академическая көшесі, 9. Біздің байланыс телефондарымыз: 8 7212 44 15 72; 36 23 83; 50 21 24 және WhatsApp +7 708 436 23 93 zoom: https://us04web.zoom.us/j/3239932954 (Код доступа: 2022)

Қабылдау комиссиясының жұмыс кестесі: Дүйсенбі-жұма сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, Сенбі 9:00-ден 17:00-ге дейін, Жексенбі сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін.

Мемлекеттік білім беру гранттарын беру конкурсына қатысу үшін мынадай құжаттар қажет:
аттестат немесе диплом + 3 көшірмесі бар;
негізгі ҰБТ сертификаты (18.05.23-05.07.2023 аралығында);
Жеке куәліктің 3 көшірмесі;
075-у нысанындағы медициналық анықтама + флюорография;
3х4 - 6 фотосурет.

#Қазтұтынуодағы Қарағанды университеті #гранттар #білім #жоғары білім #Қазақстанныңуниверситеттері #грант алумүмкіндігі #құжаттардыберу #2023
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM