UKIMET
18.5K subscribers
10.9K photos
1.84K videos
8.29K links
ҚР Үкіметінің ресми Telegram-каналы/ Официальный Telegram-канал Правительства РК

🌐 Сайт https://primeminister.kz/kz
🔗 Instagram https://instagram.com/primeministerkz
🔗 Facebook https://www.facebook.com/Primeminister.Kaz
🔗 https://t.me/ukimet_points
Download Telegram
#aптаның айшықты оқиғалары

📌 Өткен аптаға шолу: Үкіметтің басты жаңалықтары жексенбілік дайджесте

🔸Үкімет отырысы
✔️Премьер-министр инклюзивті орта құру үшін қолданыстағы құрылыс стандарттарын қайта қарау және нормалардың сақталуын бақылауды күшейту қажеттігін атап өтті
✔️ Үкіметтің 2025 жылға арналған заң жобалау жұмысының жоспары мақұлданды: Жаңа редакцияда 6 заң жобасын әзірлеу, сондай-ақ қолданыстағы 13 нормативті-құқықтық актіге түзетулер енгізу қажет.

🔸 Үкіметте 2025 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындық барысы қаралды: өңірлерде 1110 шақырым қорғаныс бөгеттері салынып, биылғы тәжірибені ескере отырып, 63 мыңнан астам адам жұмылдырылды

🔸 Олжас Бектенов Активтерді қайтару мәселелері жөніндегі комиссия отырысын өткізді: өңірлерде әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыру үшін мемлекет кірісіне қосымша 525 млрд теңге аударылды

🔸 Премьер-министр ШОБ форумына қатысты: Бизнес өзін нық сезініп, өндірістерін кеңейту және болашаққа инвестиция салу мүмкіндігіне ие болуы керек

🔸 Олжас Бектенов АДБ басшысы және ОАӨЭЫ елдері өкілдерімен инвестициялық ынтымақтастық мәселелерін талқылады

🔸Премьер-Министр Олжас Бектеновтің Қытай Халық Республикасына жұмыс сапары
✔️ Жетекші компаниялары өкілдерімен кездесу: жалпы құны $2,5 млрд болатын келісімге қол қойылды
✔️ Қазақстан-Қытай әріптестігін дамыту: Олжас Бектенов пен ҚХР Мемлекеттік кеңесінің Премьері Ли Цян сауда-саттық, инвестиция, көлік және логистика, ауыл шаруашылығы, энергетика, туризм салаларындағы ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылады
✔️ Шанхайда өткен VII Қытай халықаралық импорт көрмесі – Олжас Бектенов халықаралық деңгейде экономикалық интеграцияны нығайту мақсатында іс-шараға қатысты