UKIMET
18.5K subscribers
10.6K photos
1.81K videos
8.26K links
ҚР Үкіметінің ресми Telegram-каналы/ Официальный Telegram-канал Правительства РК

🌐 Сайт https://primeminister.kz/kz
🔗 Instagram https://instagram.com/primeministerkz
🔗 Facebook https://www.facebook.com/Primeminister.Kaz
🔗 https://t.me/ukimet_points
Download Telegram
#Жыл_қорытындысы: «Таза Қазақстан» экология болашағы үшін миллиондарды біріктірді

📌 Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен биылғы сәуір айынан бастап республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы бастау алды.

🔹 Іс-шара еліміздегі экологиялық ахуалды жақсартуға, халықтың экологиялық мәдениеті деңгейін арттыруға және азаматтарды қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне тартуға бағытталған.

✔️ Акция еліміздің барлық өңірін қамтып, тұрақты экологиялық болашақ негізін қалады, 5,83 млн-нан астам адамның басын біріктірді, бұл – ел халқының едәуір бөлігін құрайды.
Іс-шара аясында жаппай сенбіліктер өткізілді, оның барысында 1,1 млн тоннадан астам қоқыс жиналып, 1,6 млн-нан астам ағаш отырғызылды.

🔵 Мемлекеттік құрылымдар деңгейінде де, еріктілер мен жеке ұйымдарды қоса алғанда, жұртшылық арасында да белсенді түрде жұмыс жүргізілді.

🔵 Рұқсат етілмеген қоқыс үйінділерін анықтау бойынша рейдтер жүргізілді. Аумақтық экология департаменттерімен және жергілікті билік органдарымен бірлесіп көптеген қоқыс орны жойылды. Бұл – экологиялық нормаларды сақтаудың маңызды екенін көрсетіп, экологиялық тұрақты болашақ құруға негіз қалайды.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
#Жыл_қорытындысы

Қазақстанда «Халықтың экологиялық мәдениетін дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы» бекітілді

📌 Үкіметте Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша экологиялық сананы ұзақмерзімді перспективада қалыптастыру мақсатында «Халықтың экологиялық мәдениетін дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы» бекітілді.

📎 Бұл құжат экологиялық саясаттың негізгі бағыттарын айқындайды. Тұжырымдаманың басымдықтарының бірі – жастарды экологиялық жобаларға тарту болды. Жыл бойы лекциялар, эко-сағаттар және экологиялық зертханаларға экскурсиялар ұйымдастырылды. Осылайша, биыл 90 мыңнан астам ерікті азамат абаттандыру және көгалдандыру акцияларына қатысты.

✔️ Халықтың экологиялық сауатын арттыру мақсатында қалдықтарды қайта өңдеу, ластану деңгейіне мониторинг жүргізу тақырыптарын жария ету, абаттандыру және эковолонтерлікті дамыту жөнінде конкурстар өткізу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

➡️ Сондай-ақ Тұжырымдаманың негізгі бағыты – азаматтардың белсенді қатысуына жағдай жасау. Өз тиімділігін дәлелдеген @TazaQazBot секілді цифрлы платформаларды дамытуға ерекше көңіл бөлінген. Одан бөлек, экологиялық нормалардың сақталуына және экологиялық стандарттардың енгізілуіне бақылау күшейтілуде.

Сонымен қатар келесі жылы тұрақты экологиялық басқару жүйесін құру үшін тұрақтандыру қорларының жұмысын күшейту көзделген. Аумақтарды көгалдандыру және абаттандыру бойынша ауқымды республикалық акциялар өткізу жоспарланған.

🔵 Бұған қоса, шығарындылар көлемін азайту және экологиялық стандарттарды бақылау үшін ведомствоаралық өзара іс-қимыл күшейтіледі. Цифрлы технологиялар мен медиа ресурстарды қоса алғанда, халыққа экологиялық білім беру бағдарламаларын дамыту көзделген. «Таза Қазақстан» бастамасы аумақтарды тазалаудан әлдеқайда ауқымды міндеттерді қамтиды. Бұл – азаматтардың, бизнестің, мемлекеттік құрылымдар мен қоғамдық ұйымдардың күш-жігерін біріктіретін, экологиялық тұрғыдан саналы өмір салтын насихаттайтын қозғалыс.

Кешенді шаралар мен инновациялық технологияларды енгізудің арқасында Қазақстан экологиялық саулыққа, орнықты дамуға және болашақ ұрпақ үшін қолайлы орта құруға маңызды қадамдар жасап отыр.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM