UKIMET
18.5K subscribers
10.9K photos
1.84K videos
8.29K links
ҚР Үкіметінің ресми Telegram-каналы/ Официальный Telegram-канал Правительства РК

🌐 Сайт https://primeminister.kz/kz
🔗 Instagram https://instagram.com/primeministerkz
🔗 Facebook https://www.facebook.com/Primeminister.Kaz
🔗 https://t.me/ukimet_points
Download Telegram
Ветеринариялық қызметтер нарығының өсуі: Қазақстан өзінің цифрлық құралдарын дамытуды жоспарлап отыр

Үкімет отырысында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев жаһандық технологиялық трендтер контекстінде ветеринариялық қызметті жаңғыртудың негізгі бағыттарын белгіледі.

Precedence Research мәліметтері бойынша, әлемдік ветеринариялық қызметтер нарығының көлемі 2024 жылы $131 млрд-ты құрады, ал 2034 жылға қарай орташа жылдық өсім 5,9% болған кезде 233 млрд-қа дейін өседі деп болжануда. Бұл өсім зооноздармен, микробқа қарсы тұрақтылықпен күресте және экспорттық бақылауды қамтамасыз етуде ветеринариялық медицинаның рөлінің артуына байланысты.

Қазақстанда даму басымдықтарының қатарында фермерлер үшін телемедицинаны енгізу, қол жетімділігі қиын өңірлерде мобильді ветеринарлық клиникаларды орналастыру және вакцинация мен клиникалық мониторингті басқару үшін цифрлық платформалар құру бар.

✔️Халықаралық деңгейде ветеринариялық дәрілік заттарды, вакцинацияларды және аурулар ошақтарын есепке алуға арналған кешенді цифрлық жүйелер енгізілуде. Мысалы, Еуропалық Одақтағы TRACES жүйесі.Қазақстан ұлттық АӨК ерекшелігіне бейімделген өзінің цифрлық құралдарын дамытуды жоспарлап отыр.



Рост рынка ветуслуг: Казахстан планирует развивать собственные цифровые инструменты

На заседании Правительства министр цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Жаслан Мадиев обозначил ключевые направления модернизации ветеринарной службы в контексте глобальных технологических трендов.

По данным Precedence Research, объем мирового рынка ветеринарных услуг в 2024 году составил $131 млрд, а к 2034 году прогнозируется рост до $233 млрд при среднегодовом приросте в 5,9%. Такой рост обусловлен возрастающей ролью ветеринарной медицины в борьбе с зоонозами, антимикробной резистентностью и в обеспечении экспортного контроля.

Среди приоритетов развития в Казахстане - внедрение телемедицины для фермеров, развертывание мобильных ветклиник в труднодоступных регионах и создание цифровых платформ для управления вакцинацией и клиническим мониторингом.

✔️В международной практике уже используются аналогичные решения - например, система TRACES в ЕС, обеспечивающая прозрачность движения препаратов, учет вакцинаций и контроль вспышек заболеваний. Казахстан планирует развивать собственные цифровые инструменты, адаптированные к специфике национального АПК.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Animal welfare және смарт-ферма стандарттары: Қазақстанда мал шаруашылығы қалай өзгереді

Үкімет отырысында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев animal welfare стандарттарына баса назар аудара отырып, мал шаруашылығын цифрлық трансформациялаудың кешенді тәсілін ұсынды.

Жануарлар әл-ауқаты (animal welfare) стандарттарын сақтау – бүгінде тек этикалық талап қана емес, сонымен қатар экономикалық қажеттілікке айналуда. Eurotier 2024 мәліметтері бойынша, жануарларға қолайлы жағдай жасалған фермалар өлім-жітімнің төмендеуін, жоғары пайда мен саууды және ет пен сүт өнімдерінің сапасын жақсартады.

Жайлылықты қамтамасыз ететін автоматтандырылған жүйелер (желдету, еденді жылыту, музыка ойнату), тасымалдау кезінде стрессті азайту жүйелері, жануарлардың биологиялық мінез-құлқын ескеретін жетілдірілген ферма құрылымдары енгізілуде.

Аграрлық секторды басқарудың тиімділігін арттыру мақсатында мал шаруашылығы мен ветеринария бойынша деректерді бірыңғай ақпараттық жүйеде шоғырландыру ұсынылады. Бұл шара фермерлік шаруашылықтардан бастап салалық ведомстволарға дейін барлық деңгейде үздіксіз есеп жүргізуді, кешенді талдауды және жедел басқарушылық шешімдер қабылдауды қамтамасыз етеді.

Мал шаруашылығында смарт-фермалар тұжырымдамасын енгізуге жәнеүдерітерді автоматтандыруға ерекше назар аударылады. Автоматтандырылған сауу, азықтандыру, климатты басқару, бейнебақылау жүйелері мен жануарлардың денсаулығын бақылауға арналған датчиктер сияқты роботтандырылған шешімдерді белсенді дамыту ұсынылады. Аталған шешімдерден алынған барлық деректер бірыңғай ветеринариялық жүйеге түсіп, табынның цифрлық профилін қалыптастыруы тиіс.



Стандарты animal welfare и смарт-фермы: как будет меняться животноводство в Казахстане

На заседании Правительства министр цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Жаслан Мадиев представил комплексный подход к цифровой трансформации животноводства с акцентом на стандарты animal welfare.

Соблюдение норм благополучия животных становится не только этическим стандартом, но и фактором повышения эффективности. По данным EuroTier 2024, фермы, где созданы комфортные условия для животных, демонстрируют меньшую смертность, более высокие привесы и надои, а также лучшее качество мясо-молочной продукции.

Внедряются технологии комфорта: автоматизированная вентиляция, обогрев полов, музыкальное сопровождение, системы снижения стресса при транспортировке и новые конструкции ферм, учитывающие биоповедение животных.

В рамках цифровизации агросектора предлагается создание единой информационной системы, объединяющей данные по животноводству и ветеринарии. Это обеспечит комплексную аналитику, точный учет и оперативное управление от фермы до министерства.
Отдельное внимание уделено концепции смарт-ферм: автоматизированная дойка, кормление, климат-контроль, датчики здоровья и видеонаблюдение. Все данные будут стекаться в единую систему, формируя цифровой профиль стада.

Такие меры должны способствовать устойчивому развитию агропромышленного комплекса и укреплению продовольственной безопасности страны.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Президенттің АӨК өнімін екі есеге арттыру жөніндегі тапсырмасын жүзеге асыру: Үкімет мал шаруашылығын субсидиялауды 43%-ға ұлғайтты, ІҚМ саны 9,6 млн басқа дейін өсті

Премьер-министр Олжас Бектеновтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Президенттің 2029 жылға қарай ауыл шаруашылығындағы жалпы өнім көлемін екі есеге арттыру жөніндегі тапсырмасын орындау шеңберінде мал шаруашылығы саласын дамыту мәселелері қаралды.

«Мал шаруашылығы – еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етіп отырған дәстүрлі сала.

Мемлекет басшысы биыл қаңтарда өткен үкіметтің кеңейтілген отырысында мал шаруашылығына мемлекеттік қолдау қажеттігін атап көрсетті. Осы орайда жыл сайын саланы субсидиялау мен несиелеу жүргізілуде. Биыл бюджеттен шамамен 160 млрд теңге бөлу жоспарланып отыр.

Бұл бізге мал басының және мал шаруашылығы өнімдерінің тұрақты өсуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді»,

— деп атап өтті Олжас Бектенов.

Бүгінгі таңда елімізде ірі қара мал саны 9,6 миллион басқа дейін өсті, жылқылардың саны 5 миллионға жетті.



Реализация поручения Президента по удвоению продукции АПК: Правительством увеличено субсидирование животноводства на 43%, численность КРС выросла до 9,6 млн голов

На заседании Правительства под председательством Премьер-министра Олжаса Бектенова рассмотрены вопросы развития отрасли животноводства в рамках исполнения поручения Президента по удвоению к 2029 году общего объема валовой продукции сельского хозяйства.

«Животноводство для Казахстана является исконно традиционной отраслью, которая обеспечивает продовольственную безопасность страны.

На расширенном заседании Правительства в январе текущего года Главой государства была подчеркнута необходимость государственной поддержки животноводства. Для этого осуществляется ежегодное субсидирование и кредитование отрасли. На эти цели в текущем году планируется выделить из бюджета порядка 160 млрд тенге.

Это позволяет нам обеспечить устойчивый рост поголовья скота и объемов производства продукции животноводства»,

– подчеркнул Олжас Бектенов.

📌 На сегодня численность крупного рогатого скота возросла до 9,6 млн голов, количество лошадей достигло 5 млн.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Олжас Бектенов: Мемлекеттік қорға қайтарылған пайдаланылмай жатқан 11 млн гектар ауыл шаруашылығы жерлері мал шаруашылығын дамыту мақсатында халыққа бөлініп берілді

Үкімет отырысы барысында Премьер-министр пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы жерлерін мемлекеттік қорға қайтару жөніндегі жұмыстарға тоқталды. Мұндағы шешімдер, сондай-ақ, жемшөп базасын қалыптастыруға да бағытталып отыр.

«Тұрақты мал азығы қорын қалыптастыру мақсатында биыл жем-шөп дақылдарының егіс алқабы 3,3 миллион гектарға дейін ұлғайды.
Сондай-ақ пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы жерлерін мемлекеттік қорға қайтару шараларының арқасында 2022 жылдан бастап 11 миллион гектар жайылымдық алқап кері қайтарылды. Оның көп бөлігі халыққа қайта бөлініп берілді»,

— деді Олжас Бектенов.

Сонымен қатар, Премьер-министр еліміздің мал шаруашылығы саласының ішкі әлеуеті зор екенін атап өтті. Мал басын көбейту жұмыстарын жалғастыра беру қажеттігіне назар аудартты. Оларды заңсыз әкетуге жол бермеу және аналық малды субсидиялауды қолдау маңызды екенін айтты, бұл өз кезегінде өнімнің негізгі түрлері бойынша импортты алмастыру мәселесін шешуге мүмкіндік бермек.



Олжас Бектенов: Возвращенные в госфонд 11 млн га неиспользуемых сельхозземель распределены населению на развитие животноводства


В ходе заседания Правительства Премьер-министр отметил работу по возврату в госфонд неиспользуемых сельскохозяйственных земель. Данное решение направлено в том числе на формирование кормовой базы.

«В целях формирования стабильной кормовой базы в этом году увеличены площади кормовых культур до 3,3 млн гектаров.
Также, благодаря мерам по возврату в госфонд неиспользуемых сельскохозяйственных земель с 2022 года возвращено 11 млн гектар пастбищных угодий. Из них больше половины уже перераспределены населению»,

— акцентировал внимание Олжас Бектенов.

Вместе с тем Премьер-министр подчеркнул имеющийся внутренний потенциал страны в отрасли животноводства.

«В настоящее время наблюдается недозагруженность перерабатывающих предприятий. Поэтому необходимо продолжать активно наращивать численность сельскохозяйственных животных, не допускать их незаконный вывоз и поддерживать субсидирование маточного поголовья.

Это также позволит решить вопрос импортозамещения по основным видам продуктов»,

— отметил Премьер-министр.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Президенттің тапсырмасы бойынша Үкімет АӨК-тегі инвестициялық жобаларды іске асыру жұмыстарын күшейтеді

Үкімет отырысында Премьер-министр Ауыл шаруашылығы министрлігіне өңірлердің әкімдіктерімен бірлесіп ауыл шаруашылығы саласындағы инвестициялық жобаларды жүзеге асыру жөніндегі жұмысты күшейтуді тапсырды.

«Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемін 2 есеге ұлғайту міндеті инвестициялық жобаларды іске асырумен тікелей байланысты.

Сондықтан Ауыл шаруашылығы министрлігі өңір әкімдіктерімен бірлесіп, Жол картасында көзделген индикаторларға қол жеткізуді қамтамасыз етуге тиіс»,

— деп атап өтті Олжас Бектенов.



По поручению Президента Правительство усилит работу по реализации инвестпроектов в АПК


На заседании Правительства Премьер-министр поручил Министерству сельского хозяйства совместно с акиматами регионов усилить работу по реализации инвестпроектов в области сельского хозяйства.

«Задача по увеличению в 2 раза объема валовой продукции сельского хозяйства непосредственно связана с реализацией инвестиционных проектов.

Поэтому Министерству сельского хозяйства совместно с акиматами регионов требуется обеспечить достижение индикаторов, предусмотренных в Дорожной карте»,

— подчеркнул Олжас Бектенов.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Олжас Бектенов қыс айларында ауыл шаруашылығы жануарларын жем-шөппен үздіксіз қамтамасыз ету үшін 1 қазанға дейін мал азығын дайындау науқанын аяқтауды тапсырды

«Ауыл шаруашылығы министрлігі өңір әкімдіктерімен бірлесіп, қыс айларында ауыл шаруашылығы жануарларын жем-шөппен үздіксіз қамтамасыз ету үшін 1 қазанға дейін мал азығын дайындау науқанын аяқтасын»,

— деп тапсырды Премьер-министр Үкімет отырысы барысында.

📌 Сонымен қатар, Ауыл шаруашылығы министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен және ұйымдармен бірлесе отырып, асыл тұқымды аналық мал басын сатып алу үшін қолда бар ресурстар шеңберінде мал шаруашылығын жеңілдікпен несиелеудің жаңа бағыттарын енгізу мәселесін пысықтауы қажет.



Олжас Бектенов поручил завершить кормозаготовительную кампанию до 1 октября для бесперебойного обеспечения в зимний период


«Министерству сельского хозяйства совместно с акиматами регионов в срок до 1 октября завершить кормозаготовительную кампанию для бесперебойного обеспечения сельхозживотных в зимний период»,

— поручил Премьер-министр в ходе заседания Правительства.

📌 Вместе с тем Министерству сельского хозяйства совместно с заинтересованными госорганами и организациями необходимо проработать вопрос внедрения новых направлений льготного кредитования животноводства на приобретение племенного маточного поголовья в рамках имеющихся ресурсов.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Олжас Бектенов: Ветеринариялық қауіпсіздік - өнімнің экспорттық нарықтарға шығуының негізгі шарты. Саланы цифрландыру бойынша тапсырмалар берілді

Үкімет отырысы барысында, сондай-ақ, мал шаруашылығы саласындағы ветеринариялық қадағалау шараларына да назар аударылды.


«Саланың тұрақты жұмысы еліміздегі ветеринариялық қауіпсіздікті қамтамасыз етумен де тікелей байланысты. Ол – халықтың денсаулығына тікелей әсер ететін өте маңызды мәселе. Сондықтан өңірлерде сапалы ветеринариялық инфрақұрылым жұмыс істеуге тиіс.

Бұдан бөлек, аурудың алдын алу мақсатында ветеринариялық екпелерді уақтылы жүргізу қажет. Ветеринариялық қауіпсіздік өнімді экспорттық нарықтарға шығару үшін негізгі шарт болып табылады. Сонымен қатар сырттан әкелінетін мал өнімдеріне бақылауды күшейту қажет.
Саланы цифрландыру мал өнімдерінің өмірлік циклінің барлық кезеңдерінде ашықтықты қамтамасыз етуге тиіс.

Биыл жүргізіліп жатқан Ұлттық ауыл шаруашылығы санағының нәтижелері цифрлық платформаларға интеграциялануы керек»,

— деп атап өтті Олжас Бектенов.



Олжас Бектенов: Ветеринарная безопасность является ключевым условием выхода продукции на экспортные рынки. Даны поручения по цифровизации отрасли


В ходе заседания Правительства внимание уделено также мерам ветеринарного контроля в животноводческой отрасли.

«Важным фактором стабильного функционирования отрасли является обеспечение ветеринарной безопасности в стране. Это напрямую влияет на здоровье населения. Поэтому в регионах должна функционировать качественная ветеринарная инфраструктура.

В целях профилактики заболеваний необходимо своевременное проведение ветеринарной вакцинации. Ветеринарная безопасность является ключевым условием выхода продукции на экспортные рынки.

Одновременно, необходимо усилить контроль при ввозе животноводческой продукции из-за рубежа. Цифровизация отрасли должна обеспечить прозрачность всех этапов жизненного цикла продукции животноводства.

Результаты Национальной сельскохозяйственной переписи, проводимой в текущем году, должны быть интегрированы в цифровые платформы»,

– подчеркнул внимание Олжас Бектенов.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Ветеринариялық бақылау саласындағы барлық процестер цифрландырылуы және синхрондалуы тиіс: Премьер-министр ауыл шаруашылығы жануарларының дерекқорын тексеруді тапсырды

Мал шаруашылығы саласында ветеринариялық бақылау шараларын іске асыру шеңберінде Премьер-министр Ауыл шаруашылығы жануарларын, оның ішінде жеке қосалқы шаруашылықтар сегментінде вакцинациялаумен толық қамтуды қамтамасыз етуді тапсырды.

«Сапалы әрі қолжетімді ветеринариялық құралдар барлық өңірде жеткілікті көлемде болуы тиіс. Ол үшін ең алдымен, отандық өндірушілерді ынталандыру қажет. Құралдарды жеткізу кезінде белгіленген мерзімдерді бұзуға және кешіктіруге болмайды»,

— деп атап өтті Олжас Бектенов.

▫️Ауыл шаруашылығы министрлігінің алдына өңір әкімдіктерімен бірлесіп 1 қарашаға дейін ауыл шаруашылығы жануарларының дерекқорын тексеру міндеті қойылды.

▫️Ауыл шаруашылығы, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрліктеріне жыл соңына дейін жануарлар мен мал шаруашылығы өнімдерінің қозғалысына байланысты барлық процестерді жүз пайыз цифрландыру тапсырылды.

«Тікелей бақылау жүйесін енгізу және барлық дерекқорлардың (ескертпе - жануарлардың сәйкестігін анықтау, мал және мал шаруашылығы өнімдерінің қозғалысы бойынша) бірыңғай цифрлық платформаға интеграциясын қамтамасыз ету қажет»,

— деп тапсырды Премьер-министр.



Все процессы в сфере ветконтроля должны быть оцифрованы и синхронизированы: Премьер-министр поручил провести верификацию базы данных сельскохозживотных

В рамках реализации мер ветеринарного контроля в животноводческой отрасли Премьер-министр поручил обеспечить полный охват вакцинацией сельскохозяйственных животных, в том числе в сегменте личных подсобных хозяйств.

«Все регионы должны иметь в достаточном объеме качественные и доступные ветеринарные средства. Для этого, в первую очередь, нужно стимулировать отечественных производителей. Недопустимы срывы сроков и задержки в поставках»,

— отметил Олжас Бектенов.

▫️Перед Министерством сельского хозяйства совместно с акиматами регионов до 1 ноября поставлена задача — провести верификацию базы данных сельскохозяйственных животных.

▫️Министерствам сельского хозяйства, цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности также поручено до конца года обеспечить стопроцентную цифровизацию всех процессов, связанных с движением животных и животноводческой продукции.

«Требуется внедрить систему сквозной прослеживаемости и обеспечить интеграцию всех баз данных (прим. — по идентификации животных, движению животных и животноводческой продукции) в единую цифровую платформу»,

— поручил Премьер-министр.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Солтүстік Қазақстан облысында 17 млрд теңге инвестиция құйылған 22 ірі агрожоба жүзеге асырылуда

Солтүстік Қазақстан облысында агроөнеркәсіптік кешенде 22 ірі жоба іске асырылуда. Өңір басшысының мәліметінше, бұл мақсатқа 17 млрд теңге бөлінген. Жоспарланған нысандардың ішінде 7 мың бас ірі қара малға арналған және қуаттылығы жылына 47 мың тонна литр сүт құрайтын 11 сүт-тауар фермасы бар.

Бұған дейін өңірде жалпы көлемі 84,1 млрд теңге инвестиция салынған 23 сүт-тауар фермасы тұрғызылған болатын. 2 жыл ішінде оларға 5 мыңнан астам ірі қара мал әкелінді.

Бүгінгі таңда облыста ет көлемін 13,8%-ға, сүт көлемін 3,2%-ға, жұмыртқа санын 6,1%-ға көбейтуге қол жетіп отыр.



В Северо-Казахстанской области реализуют 22 крупные агропроекта с инвестициями 17 млрд тенге

В Северо-Казахстанской области реализуются 22 крупных проекта в агропромышленном комплексе. По информации главы региона, на эти цели выделено 17 млрд тенге. Среди запланированных объектов – 11 молочно-товарных ферм на 7 тыс. голов КРС и мощностью 47 тыс. тонн литров молока в год.

Ранее в регионе было построено 23 молочно-товарные фермы общим объемом инвестиций 84,1 млрд тенге. За 2 года на строящиеся фермы завезено более 5 тыс. голов КРС.

В области на сегодня обеспечен рост мяса на 13,8%, молока на 3,2%, яиц на 6,1%.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Қазақстанда 48 жаңа сүт фермасы салынды – СҚО тәжірибесін кеңейту ұсынылуда

Үкімет отырысында мал шаруашылығын мемлекеттік қолдау және өңірлердегі табысты тәжірибелерді кеңінен тарату мәселелері талқыланды.

«Qazaq sut» Республикалық сүт және ІҚМ-нің аралас тұқымдары палатасының атқарушы директоры Азамат Сағынбаев Қазақстан сүт шаруашылығында бұрын-соңды болмаған өсу қарқынын паш етіп отырғанын айтты.

📑 Оның мәліметтері бойынша, 2023 жылдан бастап елімізде жиынтық қуаты жылына 300 мың тоннадан астам сүтті құрайтын 48 жаңа сүт-тауар фермасы іске қосылған. Жобаларға салынған инвестициялардың жалпы көлемі 150 млрд теңгеден асқан. 2020 жылға дейін республика бойынша жыл сайын орта есеппен осындай екі ферма ғана салынған екен.

📍Азамат Сағынбаевтың айтуынша, сүт трансформациясының көшбасшысы - Солтүстік Қазақстан облысы. Онда 2021-2022 жылдары 21 кәсіпорын іске қосылыпты. Соның арқасында аймақ 2025 жылы еліміздің агроқұрылымдары арасында сүт өндіру көлемі бойынша бірінші орынға шыққан.

«Жаңадан іске қосылған сүт-тауар фермаларында бір жәй сиырға орташа жылдық сүт көлемі 8,2 мың литрден келеді, ал сүтті сиырларда 11 мың литрге жетеді. Бұл Еуропаның сүтті мол өндіретін елдерінің деңгейімен сәйкес. Сүт шаруашылықтары өңірдегі өндіріс саласын өсімге бастап қана қоймай, ауылдарда жұмыс орындары мен инфрақұрылым қалыптастыра алатын құзырет орталықтарына айналуда»,

— деп атап өтті ол.

🔸 Өсудің негізгі факторлары:

• жануарларды өңдеуге тапсыру арқылы нәтижеге бағдарланған субсидиялауға көшу,
• икемді кепіл шарттары бар 2,5% жеңілдікті несиелер,
• суару технологияларын енгізуді субсидиялау,
• «Кен дала» бағдарламасы арқылы тұқымдар мен тыңайтқыштарға қолжетімділікті арттыру.

🔹 Мал азығы базасының дамуы да ерекше әсер етті. Минералды тамақтану деңгейінің жоғарылауы, жоғары тиімді техникаға қол жетімділік және суару алаңының кеңеюі фермерлерге жемшөп құнын төмендетуге және саууды арттыруға мүмкіндік берді.

💬 Палатаның атқарушы директоры СҚО тәжірибесін бүкіл елге кеңірек тарату қажеттігін айтып отыр. Ол үшін министрліктер мен әкімдіктер тарапынан үлгілік жобадағы шешімдер мен институционалдық қолдау керек.

«Қазақстанда сапалы сүтке деген ішкі қажеттілікті қамтамасыз ету және халықаралық нарықтарда бәсекеге қабілетті ойыншы болу үшін барлық қажетті ресурстар бар»,

- деп атап өтті ол.

💬 Азамат Сағынбаев мал шаруашылығы орасан көп қажыр-күш жұмсауды және үзбей қатысуды талап ететін, жануарларды жыл бойы қорада ұстау көп еңбекті қажет ететін бағыт екенін атап өтті.

📌 Сондықтан да ынталандыру шаралары түрінде, соның ішінде қол жетімді несиелік өнімдер мен инвестициялық субсидиялау арқылы бұл саланы Үкіметтің қолдауы ерекше маңызды.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
UKIMET
Қазақстанда 48 жаңа сүт фермасы салынды – СҚО тәжірибесін кеңейту ұсынылуда Үкімет отырысында мал шаруашылығын мемлекеттік қолдау және өңірлердегі табысты тәжірибелерді кеңінен тарату мәселелері талқыланды. «Qazaq sut» Республикалық сүт және ІҚМ-нің аралас…
В Казахстане построено 48 новых молочных ферм – предложено масштабировать опыт СКО

Вопросы господдержки животноводства и тиражирования успешных региональных практик обсудили на заседании Правительства.

Исполнительный директор Республиканской палаты молочных и комбинированных пород КРС «Qazaq sut» Азамат Сагинбаев рассказал, что Казахстан демонстрирует беспрецедентные темпы роста в молочном животноводстве.


📑 По его данным, с 2023 года по стране введено 48 новых молочно-товарных ферм совокупной мощностью свыше 300 тыс. тонн молока в год. Общий объем инвестиций в проекты превысил 150 млрд тенге. До 2020 года по всей республике в среднем строилось лишь две таких фермы ежегодно.

📍Лидером молочной трансформации, по словам Азамата Сагинбаева, является Северо-Казахстанская область, где за 2021–2022 г.г. было запущено 21 предприятие. Благодаря этому регион в 2025 году вышел на первое место по объему производства молока среди агроформирований страны.

«Среднегодовой надой на одну фуражную корову на новых молочно-товарных фермах составляет 8,2 тыс. литров, а на передовых – доходит до 11 тыс. литров, что соответствует уровню ведущих молочных стран Европы. Молочные хозяйства становятся не только точками роста в производстве, но и центрами компетенций, создающими рабочие места и инфраструктуру на селе»,

– отметил он.

🔸Ключевыми факторами роста стали:


• переход к результат-ориентированному субсидированию через сдачу животных на переработку,
• льготные кредиты под 2,5% с гибкими условиями залога,
• субсидирование внедрения технологий орошения,
• повышение доступности семян и удобрений через программу «Кен дала».

🔹 Особый эффект дало развитие кормовой базы. Повышение уровня минерального питания, доступ к высокоэффективной технике и расширение площадей под орошением позволили фермерам снизить себестоимость кормов и увеличить надои.

💬 Исполнительный директор палаты указал на необходимость масштабирования опыта СКО на всю страну, создания типовых проектных решений и институциональной поддержки со стороны министерств и акиматов.

«Казахстан располагает всеми необходимыми ресурсами, чтобы обеспечить внутренние потребности в качественном молоке и стать конкурентоспособным игроком на международных рынках»,

– подчеркнул он.

💬 Азамат Сагинбаев отметил, что животноводство представляет собой трудоемкое направление с круглогодичным стойловым содержанием животных, требующее значительных усилий и постоянного вовлечения.

📌 В связи с этим особенно важна поддержка отрасли со стороны Правительства в виде мер стимулирования, в том числе через доступные кредитные продукты и инвестиционное субсидирование.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Олжас Бектенов ICAO басшысы Сальваторе Шаккитаномен азаматтық авиацияны дамыту саласындағы ынтымақтастық жайын талқылады

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Халықаралық азаматтық авиация ұйымы (ICAO) кеңесінің Президенті Сальваторе Шаккитаномен кездесу өткізді. Олар еліміздің әуе көлігін әлемдік стандарттарға сәйкес дамыту саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

🔺Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың азаматтық авиацияны дамытуға және әуе көлігінің жолаушылардың барлық санатына қолжетімді болуына көп көңіл бөлетінін атап өтті. Жаңа әуежайлар мен әуеайлақтарды салу және жұмыс істеп тұрған әуежайларды жаңғырту аса маңызды.

🔹 Қазақстанда жүргізілген құрылымдық және заңнамалық реформалар саланы британдық модель бойынша дамыту үшін жағдай жасады. ҚР авиация саласының ICAO стандарттарына сәйкестік деңгейі 2009 жылғы 47%-дан биыл 82%-ға дейін өсті, бұл Польша, Чехия, Дания сияқты және тағы да басқа Еуропа мемлекеттерінің көрсеткіштерімен салыстырылады. Бұл Еуропалық Одақ елдеріне ұшуды кеңейтуге мүмкіндік берді.

«Біз халықаралық азаматтық авиация ұйымымен өзара іс-қимылға терең мән береміз және екіжақты ынтымақтастығымызды авиация саласын дамытуды қамтамасыз етудегі стратегиялық басымдық ретінде қарастырамыз»,

– деп атап өтті Олжас Бектенов.

💬 Өз кезегінде, Халықаралық азаматтық авиация ұйымы кеңесінің Президенті Сальваторе Шаккитано Қазақстанда азаматтық авиацияны дамыту бойынша жүргізілген жұмыстарға оң баға беріп, ҚР-мен ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға мүдделі екенін білдірді.

«Қазақстанда соңғы бірнеше жылда авиация секторында айтарлықтай ілгерілеу байқалады. Жүйе қалыпты жұмыс істейді, елдің көрсеткіштері орташа жаһандық көрсеткіштен жоғары. Біз елдің авиация саласын одан әрі дамытуға дайынбыз. ICAO басымдықтарының бірі – Тұрақты даму мақсаттары контекстінде көлікті дамытуды қолдау. Шығарындылардың нөлдік деңгейіне жету үшін біз тұрақты «жасыл» отынды көбірек пайдалануымыз керек. Осы бағытта бірлесіп жұмыс істеуге дайынбыз»,

— деп атап өтті Сальваторе Шаккитано.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар серіктестік байланыстарды жан-жақты дамыту және тереңдету ниеттерін растады.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
UKIMET
Олжас Бектенов ICAO басшысы Сальваторе Шаккитаномен азаматтық авиацияны дамыту саласындағы ынтымақтастық жайын талқылады Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Халықаралық азаматтық авиация ұйымы (ICAO) кеңесінің Президенті Сальваторе…
Олжас Бектенов обсудил с главой ICAO Сальваторе Шаккитано сотрудничество в области развития гражданской авиации

Премьер-министр Казахстана Олжас Бектенов провел встречу с Президентом совета Международной организации гражданской авиации (ICAO) Сальваторе Шаккитано. Обсуждены вопросы сотрудничества в области развития воздушного транспорта РК в соответствии с мировыми стандартами.


🔺Премьер-министр Олжас Бектенов отметил, что Главой государства Касым-Жомартом Токаевым уделяется большое внимание развитию гражданской авиации и доступности воздушного транспорта для всех категорий пассажиров. Важным является строительство новых и модернизация действующих аэропортов и аэродромов.

🔹Проведенные в Казахстане структурные и законодательные реформы создали условия для развития отрасли по британской модели. Уровень соответствия авиационной отрасли РК стандартам ICAO вырос с 47% в 2009 году до 82% в текущем, что сопоставимо с показателями таких европейских государств как Польша, Чехия, Дания и др. Это позволило расширить возможности по полетам в страны Европейского союза.

«Мы придаем важное значение взаимодействию с Международной организацией гражданской авиации и рассматриваем наше сотрудничество как стратегический приоритет в обеспечении развития авиационной отрасли»,

— подчеркнул Олжас Бектенов.

💬 В свою очередь, Президент совета Международной организации гражданской авиации Сальваторе Шаккитано дал положительную оценку проведенной в Казахстане работе по развитию гражданской авиации и выразил заинтересованность в дальнейшем укреплении сотрудничества с РК.

«В Казахстане отмечается значительный прогресс в секторе авиации за последние несколько лет. Система работает слаженно, показатели страны выше, чем средний глобальный показатель. Мы готовы и дальше поддерживать развитие авиационной отрасли страны.
Один из приоритетов ICAO — поддержка развития транспорта в контексте Целей устойчивого развития. Для достижения нулевого уровня выбросов мы должны использовать больше устойчивого «зеленого» топлива. Готовы к совместной работе в данном направлении»,

— отметил Сальваторе Шаккитано

По итогам встречи стороны подтвердили намерения всесторонне развивать и углублять партнерские связи.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Үкімет Президенттің су шаруашылығын ауқымды жаңғырту жөніндегі тапсырмаларын қалай іске асырады

9 шілдеде Қазақстанда су шаруашылығы қызметкерлері – тұрақты сумен жабдықтауды, ирригацияны дамытуды және су ресурстарын қорғауды қамтамасыз ететін мамандар кәсіби мерекені атап өтеді. Климаттық өзгерістер мен су тапшылығының артуы жағдайында бұл саланың маңызы артып, су ресурстарын тиімді басқару мемлекеттік саясаттың басымдықтарының біріне айналуда.

Осы тұрғыда Президенттің тапсырмасы бойынша Үкімет су ресурстары және ирригация министрлігі атынан су саласы саласында жаңа су қоймаларын салуды, жұмыс істеп тұрған нысандарды реконструкциялауды, цифрлық технологиялар мен су үнемдеу шешімдерін енгізуді қамтитын ауқымды жаңғыртуды жалғастыруда. Бұл реформалардың мақсаты суды тұрақты әрі тиімді пайдалануды, өзгермелі климат жағдайында қауіпсіздікті, сондай-ақ су ресурстарының қолжетімділігі мен сапасын қамтамасыз ету болып саналады.

Сонымен қатар су тапшылығының артуына байланысты су ресурстарын тиімді әрі ұқыпты басқару үшін шаралар қабылдануда. Жақында өткен кеңесте

Премьер-министр Олжас Бектенов мемлекеттік органдардың алдына вегетациялық кезеңде су тәуекелдерін басқаруға жауапты өңірлік штабтар құру міндетін қойды. Суару кезінде су үнемдейтін технологияларын белсенді енгізу және су пайдалану саласындағы бұзушылықтарды бақылауды күшейту қажеттігі атап өтілді.