UKIMET
18.5K subscribers
10.9K photos
1.84K videos
8.29K links
ҚР Үкіметінің ресми Telegram-каналы/ Официальный Telegram-канал Правительства РК

🌐 Сайт https://primeminister.kz/kz
🔗 Instagram https://instagram.com/primeministerkz
🔗 Facebook https://www.facebook.com/Primeminister.Kaz
🔗 https://t.me/ukimet_points
Download Telegram
UKIMET
Үкімет Президенттің су шаруашылығын ауқымды жаңғырту жөніндегі тапсырмаларын қалай іске асырады 9 шілдеде Қазақстанда су шаруашылығы қызметкерлері – тұрақты сумен жабдықтауды, ирригацияны дамытуды және су ресурстарын қорғауды қамтамасыз ететін мамандар кәсіби…
Жаңа Су кодексі – заманауи басқару құралы

Естеріңізге сала кетейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында су инфрақұрылымын толыққанды жаңарту қажеттігін ерекше атап өтті. 2025 жылғы 9 сәуірде Мемлекет басшысы су үнемдеу тетіктерін енгізуге және су нысандарын қорғауға, азаматтар мен экономиканы су тапшылығы мен су объектілерінің ластануынан қорғауға бағытталған Қазақстан Республикасының жаңа Су кодексіне қол қойды.

2025 жылғы маусымынан бастап құжат ресми түрде күшіне еніп, суды реттеу саласындағы жаңа тәсілдерге көшуді белгіледі. Жаңа кодекс су тасқынына қарсы іс-шараларды қоса алғанда, судың зиянды әсерінің алдын алу және жою жөніндегі іс-шараларды, су ресурстарын басқару тәсілдерін қайта қарауды, мемлекеттік реттеуді қатаңдатуды және су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы бақылауды көздейді.

Соңғы жылдардағы оқиғалар, оның ішінде өткен жылғы ауқымды су тасқыны су ресурстарын басқару жүйесін реформалаудың маңыздылығын тағы да дәледеді.

Осы тұрғыдан алғанда, Кодекс жобасына бес негізгі қағида енгізілді. Біріншісі – судың қоршаған ортаның ажырамас бөлігі ретіндегі рөлін, халықтың тіршілік әрекеті мен экономикалық дамуының негізін күшейту. Екіншісі – оларды пайдалану кезінде су ресурстарының экономикалық құндылығы. Үшіншісі – жер үсті және жер асты су ресурстарын кешенді пайдалану. Төртіншісі – суды тиімді әрі ұтымды түрде үнемдеу. Бесінші – су қорын пайдалану және қорғау жөніндегі міндеттерді шешуге жұртшылықты тарту.

Жаңа кодекс су ресурстарын басқарудың интеграцияланған бас жоспары мен бассейндік жоспарын әзірлеуді қарастырады. Ықтимал қауіпті гидротехникалық құрылыстар үшін көп факторлы тексеру жүргізу және қауіпсіздік декларацияларын әзірлеу жөніндегі міндеттемелер көзделеді, олардың тізілімін жүргізу мәселелері жүйелендірілді.

Заңнамалық деңгейде су саласындағы бұзушылықтар үшін жауапкершілік талаптары күшейтіледі. Егер су үнемдеу жоспарлары орындалмаса, су ресурстарын басқару органдары жедел ден қою шараларын қабылдай алатын қадағалау функциялары енгізілді.

Судың «қара» нарығымен күресу үшін су нысандарында, су қорғау аймақтары мен белдеулерінде шаруашылық қызметті жүзеге асыруға белгіленген тыйымдардың сақталуына және өз бетінше су пайдалануға жол бермеу үшін бақылау күшейтілді. Осы тұрғыда Премьер-министр жергілікті жерлерде мониторингті жандандыруды, ведомствоаралық өзара іс-қимылды жолға қоюды және суару реттілігінің сақталуын қамтамасыз етуді тапсырды.
Бүгінгі таңда ауыл шаруашылығындағы өнімсіз шығындарды азайту арқылы тиімділікті арттыруға ерекше назар аударылады. Атап айтқанда, ирригациялық кондоминиум құру тәртібі белгіленді, онда ол болмаған жағдайда жергілікті атқарушы органдарға шаруашылықішілік жүйелерге қызмет көрсету үшін кәсіпорындар құру жөніндегі өкілеттіктер беріледі. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің су пайдалануды жоспарлау, бөлінбейтін меншікті бірлесіп пайдалану жөніндегі міндеттері регламенттелген. Тәуекелдердің алдын алу үшін су секторын климаттың өзгеруіне бейімдеу шаралары анықталды.

Сондай-ақ Мемлекет басшысының тапсырмалары аясында спутник деректері мен су тапшы аймақтардың интерактивті карталарын қолдана отырып, суды пайдаланудың цифрлық мониторингін енгізу міндеті қойылды. Бұл шараларды СРИМ қазірдің өзінде жүзеге асыра бастады. Атап айтқанда, Ұлттық ақпараттық жүйені құру көзделген.

Сонымен қатар су шаруашылығы құрылыстарын толыққанды есепке алу, олардың сандық және сапалық көрсеткіштерін бағалау, баламалы су көздерін пайдалану, арнайы су пайдалануға рұқсат алмай, 2 млн м3 дейінгі көлемде еріген қар суын суару үшін жинақтау және одан әрі пайдалану, су нысандарының мониторингі жөніндегі нормалар нақтыланды.

⬇️⬇️⬇️
UKIMET
Жаңа Су кодексі – заманауи басқару құралы Естеріңізге сала кетейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында су инфрақұрылымын толыққанды жаңарту қажеттігін ерекше атап өтті. 2025 жылғы 9 сәуірде Мемлекет басшысы су үнемдеу тетіктерін енгізуге…
⬆️⬆️⬆️

Құжат сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамыту, нөсер және дренаждық ағындарды реттеу, иесіз жүйелерді коммуналдық меншікке беру жөніндегі нормаларды қамтиды. Сондай-ақ онда өнеркәсіп қажеттіліктері үшін ауыз судың орнына техникалық суды пайдалану, қызметтерді уақытша тоқтатуды реттеу және техникалық аудит негізінде сумен жабдықтау және су бұру инфрақұрылымын жоспарлы жаңарту жөніндегі шаралар көзделген.

Жер асты суларын іздеуді, бағалауды, мониторингті және қорғауды реттеуге қатысты нормалар күшейтілді. СРИМ құрамында бұл мәселелермен Ұлттық гидрологиялық қызмет айналысатын болады.

Су ресурстарын басқару жөніндегі шешімдерді қабылдауға жұртшылықтың қатысуы кеңейтілді.

Бассейндік кеңестер бұдан былай су пайдаланудың рұқсат етілген көлемін қысқарту тәртібі, су тасқыны мен құрғақшылыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі шаралар, жергілікті атқарушы органдардың оларға жүктелген функцияларды іске асыру кезінде жіберген бұзушылықтарды жою жөніндегі шаралар туралы ұсынымдар енгізетін болады.
UKIMET
Үкімет Президенттің су шаруашылығын ауқымды жаңғырту жөніндегі тапсырмаларын қалай іске асырады 9 шілдеде Қазақстанда су шаруашылығы қызметкерлері – тұрақты сумен жабдықтауды, ирригацияны дамытуды және су ресурстарын қорғауды қамтамасыз ететін мамандар кәсіби…
Бес жылда 40 тан астам жаңа су қоймасын салу жоспарлануда

Қазақстан бойынша 1395 тірек гидротехникалық құрылыстар (ГТҚ) бар. Су тасқынына дайындық мақсатында Бассейндік инспекциялар ТЖД өкілдерімен, жергілікті атқарушы органдармен және «Қазсушар» РМК-мен бірлесіп ГТҚ-ны көзбен шолып тексеру жүргізеді. Биылғы зерттеу қорытындысы бойынша жөндеуді қажет ететін 560 ГТҚ анықталды, оның 540-ы қанағаттанарлықсыз және 20-сы апатты жағдайда.

Су ресурстарын басқару жүйесін дамыту тұжырымдамасына сәйкес, 2030 жылдың соңына дейін Қазақстанда жаңадан 42 су қоймасын салу және жұмыс істеп тұрған 37 су қоймасын реконструкциялау жоспарлануда. Бұл ауыл шаруашылығын сумен тұрақты қамтамасыз етеді, су басу қаупін азайтады және трансшекаралық суларға тәуелділікті азайтады. Солтүстік өңірлерде жаңа су қоймалары 216 елді мекенді су басуына жол бермей, 1,5 млрд м3 қарғын суды жинауға көмектеседі. Оңтүстікте олар суару алаңдарын 295 мың гектарға ұлғайтуға мүмкіндік береді.

2025 жылы ведомство республикалық бюджет және халықаралық қаржы ұйымдары есебінен 98 жобаны іске асыруды жоспарлап отыр.

Министрлік қазірдің өзінде Қызылорда, Жамбыл және Түркістан облыстарында суару желілерін автоматтандыру бойынша жұмыс жүргізуде.

Қызылорда облысында өткен жылдан бастап жалпы ұзындығы 232 км – Жаңа Шиелі, О-2, Келінтөбе, Әйтек, Сунақата 5 су арнасында суды есепке алудың автоматтандырылған жүйесін орната отырып, гидропосттарды реконструкциялау жобасы іске асырылуда.

Сонымен бірге Қызылорда облысының 16 магистралды және шаруашылықаралық арналарын автоматтандыру мақсатында жобалау-сметалық құжаттама әзірленуде. Бұл жобаларды жүзеге асыру 2025 жылдан 2027 жылға дейінгі мерзімге жоспарланған, арналардың жалпы ұзындығы 2,6 мың км-ден асады.

Сондай-ақ 2025-2027 жылдары Түркістан облысында 80 арнаны және Жамбыл облысында 77 арнаны автоматтандыру жоспарланған. Қазіргі уақытта автоматтандыруға жататын арналар санының ұлғаюын ескере отырып, жобалау-сметалық құжаттама өзектендірілуде.

Автоматтандыру жобаларында су ресурстарын жоспарлау, пайдалану және басқару мүмкіндігі бар бағдарламалық шешімді қоса алғанда, шығын өлшегіштері бар қақпаларды орнату қарастырылған. Процесті қашықтан басқару және автоматтандыру объектіге шығу қажеттілігін жояды және судың таралуын бақылауға мүмкіндік береді. Операциялар қашықтан орындалады және тәуліктің кез келген уақытында автоматты түрде жұмыс істеу үшін ыңғайластырылады.

Суару арналарында автоматтандыруды енгізу жеке шаруашылық деңгейінде де, өңір ауқымында да бірқатар маңызды артықшылықтар мен ұзақмерзімді тиімділік әкеледі. Бұл шылқытып суару немесе жеткіліксіз суару факторларын жояды, фермерлер арасында ресурстарды ашық бөлуді қамтамасыз етеді.

Нәтижесінде бұл жобалар егіндік судың шығынын 20-30%-ға азайтуды және ауданы 420 мың гектардан астам суармалы жерлердегі суды есепке алуды қамтамасыз етуі тиіс.

Қазіргі уақытта ауыл шаруашылығы өндірушілерімен су беруге қатысты 22,5 мың шарт жасалды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 3 мыңға артық.

Бұдан басқа, осы жылдың соңына дейін топтық су құбырларын салу бойынша 24 жобаның 12-сін аяқтау жоспарлануда, бұл жалпы тұрғыны 423 мың адамды құрайтын 153 ауылды сапалы ауыз сумен қамтамасыз етеді. Тағы 52 елді мекен орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесіне қосылады.

Сонымен қатар биыл жаңадан 4 су қоймасының құрылысын бастау және жұмыс істеп тұрған 4 су қоймасын реконструкциялау жоспарлануда.

Батыс Қазақстан облысындағы құрылысы дайындалып жатқан «Үлкен Өзен» су қоймасы (28 млн м3) тасқын суларды жинақтау және ауыл шаруашылығы алқаптарын суару үшін пайдаланылатын болады.
UKIMET
Бес жылда 40 тан астам жаңа су қоймасын салу жоспарлануда Қазақстан бойынша 1395 тірек гидротехникалық құрылыстар (ГТҚ) бар. Су тасқынына дайындық мақсатында Бассейндік инспекциялар ТЖД өкілдерімен, жергілікті атқарушы органдармен және «Қазсушар» РМК-мен…
Алты облыс аумағында цифрландыру элементтерін қолдана отырып, 115 арнаны қайта жаңарту жоспарлануда және Астана су қоймасын толтыру үшін құрылыстар салумен қатар қолданыстағы арнаны кеңейту және тазарту жұмыстары жүргізіледі. Бұдан басқа, 2025 жылы көлемі 256 мың га аспалы 1,9 мың км астам суару каналдарын пайдалануға беру көзделген.«Қазсушар» филиалдарының материалдық-техникалық базасын жақсарту үшін Үкіметтің қолдауымен 757 бірлік арнайы техника мен көлік сатып алу жұмыстары басталды. Бүгінгі таңда 273 арнайы техниканы «Қазсушар» филиалдары қабылдады.

Президенттің тапсырмасына сәйкес, биыл 150 мың гектар суармалы жерге қосымша су үнемдеу технологияларын енгізу жоспарланып отыр.

Сонымен бірге субсидияларға сараланған тәсіл енгізілді: суды үнемдейтін технологияларды қолданатын фермерлерге үлкен көлемдегі мемлекеттік қолдау көрсетіледі. Бұл тиімді суару жүйелеріне – жаңбырлату, тамшылату, лазерлік орналастыру тәсілдеріне көшуді ынталандырады.
UKIMET
Үкімет Президенттің су шаруашылығын ауқымды жаңғырту жөніндегі тапсырмаларын қалай іске асырады 9 шілдеде Қазақстанда су шаруашылығы қызметкерлері – тұрақты сумен жабдықтауды, ирригацияны дамытуды және су ресурстарын қорғауды қамтамасыз ететін мамандар кәсіби…
«Жұмысшы мамандықтары жылы» аясында су шаруашылығы саласына мамандардың жаңа буынын даярлау басталды.

2025 жылғы 9 сәуірден бастап Министрліктің бастамасымен қазақстандық су саласы мамандарының бірінші тобы ҚХР-да біліктілікті арттыру курстарынан өтуді бастады. Бірінші топқа 30 маман кірді. Бұдан әрі Қытайда 25 адамнан тұратын тағы 3 топ білім алады. Жалпы көрші елде екі апталық біліктілікті арттыру курстарынан су саласының 105 маманы өтеді.

Қазақстандық мамандар жоғары оқу орындарында емес, Қытай Халық Республикасының өндірістік учаскелері мен нысандарында «Power China» қытай компаниясымен қол қойылған меморандум шеңберінде біліктілікті арттыру курстарынан өтеді.

Курстардың тақырыптары қажеттіліктерге сәйкес өткізіледі:

▫️су шаруашылығы объектілерін жоспарлау, су тасқынының алдын алу және табиғи апаттардан болатын залалды азайту бойынша;
▫️табиғи апаттардан кейін қалпына келтіру және су шаруашылығы объектілерін жоспарлау бойынша;
▫️су ресурстарын игеру және пайдалану және суды басқару бойынша;
▫️су ресурстарын басқару және ағынды суларды тазарту бойынша.

Курстардан өту кезеңіндегі барлық шығын қытай тарапының есебінен жабылады.
Әрбір өңірде су шаруашылығы коммуналдық ұйымдарын құру, сондай-ақ су шаруашылығы ұйымдары қызметкерлерінің алдағы 4-5 жылда зейнетке шығуы жөнінде Үкімет қабылдаған шешімді ескере отырып, су шаруашылығы мамандарына қажеттілік 1,7 мың адам мөлшерінде болжанып отыр.
Осыған байланысты су шаруашылығы саласындағы кадрлар тапшылығын болдырмау үшін ғылым және жоғары білім, су ресурстары және ирригация, сондай-ақ оқу-ағарту министрліктері су саласы үшін кадрлар даярлау жөніндегі 2024-2025 жылдарға арналған жол картасын қабылдады.

Жол картасы су саласының мамандарына еңбек нарығының қажеттіліктеріне талдау жүргізуді көздейтін 28 іс-шарадан тұрады. Құжатта білім беру бағдарламаларын жаңарту, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын, сондай-ақ техникалық және кәсіптік білім беруді жақсарту көзделген.

Бұдан басқа, Қазақстан Республикасының Су ресурстарын басқару жүйесін дамытудың 2024-2030 жылдарға арналған тұжырымдамасына сәйкес су саласы үшін кадрлар даярлауды жақсарту мақсатында білім берудің инновациялық әдістерін қолдана отырып, жаңа кәсіптік стандарттар мен білім беру бағдарламаларын әзірлеу қарастырылған.

Сондай-ақ 2023 жылы Министрлік жанынан Су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау, су бұру және ирригация саласындағы кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңес құрылып, жұмыс істеп жатыр. Оның құрамына су саласы үшін кадрлар даярлаумен айналысатын ЖОО мен колледждердің профессорлары мен оқытушылары кірді.

2024 жылы Салалық кеңес «Гидротехникалық мелиорация» және «Бөгеттер мен дамбылар құрылысы» екі кәсіби стандартын, сондай-ақ «Су шаруашылығы» салалық біліктілігін өзектендіріп, бекітті.

Сондай-ақ 2027 жылға дейін су саласының кадрларын даярлау сапасын одан әрі жақсарту үшін 9 жаңа кәсіби стандарттарды өзектендіру және әзірлеу жоспарлануда.

Жоғарыда аталған стандарттар негізінде жоғары оқу орындары мен колледждер жұмыс берушілердің қажеттіліктерін ескере отырып, өздерінің білім беру бағдарламаларын жаңартады.
UKIMET
Үкімет Президенттің су шаруашылығын ауқымды жаңғырту жөніндегі тапсырмаларын қалай іске асырады 9 шілдеде Қазақстанда су шаруашылығы қызметкерлері – тұрақты сумен жабдықтауды, ирригацияны дамытуды және су ресурстарын қорғауды қамтамасыз ететін мамандар кәсіби…
Әлеуметтік шаралар: су өнеркәсібінде жалақы өседі

Бүгінде су саласы қызметкерлерінің жалақысын арттыру бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізілуде. Мәселен, 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қызметкерлердің жалақы деңгейі 25%-ға (163 мыңнан 204 мың теңгеге дейін) ұлғайды және қазіргі уақытта ол орташа есеппен 204 мың теңгені құрайды.

Бұл ретте Министрлік 2024 жылғы желтоқсаннан бастап су саласы қызметкерлерінің жалақысын арттыруға қатысты «Табиғи монополиялар туралы» ҚР Заңына өзгеріс пен толықтыру енгізу бойынша жұмыс жүргізуде. Атап айтқанда, мемлекеттік органдармен, аккредиттелген ұйымдармен, «Атамекен» ҰКП-мен және барлық мүдделі тұлғалармен келісілген тиісті түзету әзірленді. ҚР Үкіметінің оң қорытындысы алынды.

Сонымен қатар биылғы наурыз айында Мәжіліс депутаттары мақұлдап, «Аквамәдениет мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңының жобасын Сенатқа жолдады. Осы түзетулерді қабылдау 2025 жылдың екінші жартыжылдығында су саласы қызметкерлерінің жалақысын 50%-ға – 305 мың теңгеге дейін арттыруға мүмкіндік береді. Бұл шаралар салаға жоғары білікті мамандарды тартуға жағдай жасайды деп күтілуде.
UKIMET
Үкімет Президенттің су шаруашылығын ауқымды жаңғырту жөніндегі тапсырмаларын қалай іске асырады 9 шілдеде Қазақстанда су шаруашылығы қызметкерлері – тұрақты сумен жабдықтауды, ирригацияны дамытуды және су ресурстарын қорғауды қамтамасыз ететін мамандар кәсіби…
Халықаралық ынтымақтастық

2025 жылғы 4 сәуірде Самарқанд қаласында Орталық Азияның Мемлекетаралық су шаруашылығын үйлестіру комиссиясының 89-шы отырысы өтті. Өзбекстан, Тәжікстан және Түрікменстаннан келген әріптестерімен жасалған келісімдердің нәтижесінде биылғы суару кезеңінде Қазақстанға Сырдария өзені бойынша 3,7 млрд м3 су, «Достық» мемлекетаралық каналы арқылы 909 млн м3 су келіп, Солтүстік Аралға 975 млн м3 су жіберіледі.

2025 жылғы 25 сәуірде Астана қаласында Шу және Талас өзендеріндегі Мемлекетаралық пайдаланудағы су шаруашылығы құрылыстарын пайдалану жөніндегі Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы комиссиясының 35-отырысы өтті, оның қорытындысы бойынша 2025 жылдың вегетациялық кезеңіне мемлекетаралық пайдаланудағы су шаруашылығы құрылыстарынан су беру кестесі бекітілді.

Мәселен, мамырдан қыркүйекке дейін Қазақстанға Талас өзені бойынша 400 млн м3 су, Шу өзені бойынша – 180 млн м3 су беріледі. Осылайша, 2025 жылдың вегетациялық кезеңінде сумен қамтамасыз етудің (сәуірді ескере отырып) жалпы көлемі 625 млн м3 құрайды деп болжануда.
UKIMET
Үкімет Президенттің су шаруашылығын ауқымды жаңғырту жөніндегі тапсырмаларын қалай іске асырады 9 шілдеде Қазақстанда су шаруашылығы қызметкерлері – тұрақты сумен жабдықтауды, ирригацияны дамытуды және су ресурстарын қорғауды қамтамасыз ететін мамандар кәсіби…
Су үнемдеу технологияларын қолдана отырып суармалы жерлердің алаңдары кеңейтіледі

Мемлекет басшысының 2023 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырмасын орындау шеңберінде Үкімет Су ресурстары және ирригация министрлігіне су үнемдеу технологияларын енгізуге арналған инвестициялық салымдар кезінде су беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялау және шығыстардың бір бөлігін өтеу жөніндегі Ауыл шаруашылығы министрлігінің функцияларын беру туралы шешім қабылдады.

Тұтастай алғанда, қабылданған функциялар суару кезінде су үнемдеу технологияларын енгізу есебінен шаруалардың су ресурстарын тиімді пайдалану мәселелерін кешенді шешуді қамтамасыз етеді.

2024 жылы су үнемдеу саясатын одан әрі іске асыру және фермерлерді су үнемдеу технологияларына көшуге ынталандыру үшін негіз қаланды – инфрақұрылымды жүргізу кезінде ұңғымаларды бұрғылауға, сондай-ақ су үнемдеу технологияларын сатып алуға және орнатуға фермерлердің шығындарын өтеу үлесі 50%-дан 80%-ға дейін ұлғайтылды, тариф құнына байланысты субсидиялардың сараланған мөлшері енгізілді.

Аталған жаңа өзгерістерді жүзеге асыру нәтиже көрсетті. 2024 жылы суару кезінде су үнемдеу технологиялары қолданылатын алқаптар 158 мың гектарға дейін ұлғайды: оның ішінде 60 мың гектары жаңбырлату жүйелерін пайдалана отырып суарылады, 40 мың гектары – тамшылатып суару және 58 мың гектары лазерлік жоспарлаушымен тегістелді. Ауыл шаруашылығы министрлігінің деректеріне сәйкес, өткен жылдың қорытындысы бойынша су үнемдеу технологиялары бар суармалы жерлердің жалпы ауданы 470,1 мың гектарды құрады. сонымен қатар 2030 жылға қарай су үнемдеу технологияларын қолдана отырып, суармалы жерлердің ауданын 1,3 млн гектарға дейін кеңейту жоспарланып отыр.
UKIMET
Үкімет Президенттің су шаруашылығын ауқымды жаңғырту жөніндегі тапсырмаларын қалай іске асырады 9 шілдеде Қазақстанда су шаруашылығы қызметкерлері – тұрақты сумен жабдықтауды, ирригацияны дамытуды және су ресурстарын қорғауды қамтамасыз ететін мамандар кәсіби…
Қазақстанның 426 елді мекенінде суға қол жеткізу жақсарады

Су саласындағы негізгі проблемаларды – мысалы, ауыз су мен суармалы судың жетіспеушілігін, сондай-ақ жиі болатын су тасқынын тиімді шешу үшін Үкімет шаралар кешенін қабылдауда. Олардың қатарында 2030 жылға дейін су саласын дамыту жөніндегі кешенді жоспарды, 2024-2030 жылдарға арналған су ресурстарын басқару тұжырымдамасын, Су үнемдеу жөніндегі жол картасын, сондай-ақ жаңа Су кодексін әзірлеу және іске асыру бар. Бұл бастамалар жағдайды жүйелі түрде жақсартуға бағытталған және жақын арада айтарлықтай оң нәтижелер туралы айтуға негіз береді.

Ең алдымен, халықты ауыз сумен қамтамасыз етуге қатысты мәселе ұзақ уақыт бойы шиеленісті болып келді, әсіресе ауылдық жерлерде тұрғындар сапалы әрі тұрақты сумен қамтамасыз етудің жетіспеушілігіне тап болды. Дегенмен, 426 елді мекенді және миллионнан астам адамды қамтитын 28 инфрақұрылымдық жобаны жүзеге асырудың арқасында жағдай айтарлықтай жақсарады деп күтілуде. Бұдан басқа, Ақтөбе облысындағы «Көкжиде» кен орны сияқты жерасты көздерін дамыту тәулігіне қосымша 173,4 мың м3 сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Егістіктерді суару мәселесіне келетін болсақ, осыған дейін ауыл шаруашылығын сумен қамтамасыз ету тұрақты жүргізілмей қалғанын және тозған суару желілеріндегі шығындар айтарлықтай көлемге жеткенін атап өткен жөн. Алайда жағдай түбегейлі өзгеруде: 20 жаңа су қоймасын салу және 15 қолданыстағы су қоймасын қалпына келтіру, сондай-ақ 14 мың шақырымнан астам суару каналдарын реконструкциялау көзделген. Сонымен бірге су үнемдеудің заманауи әдістері, соның ішінде су үнемдеу технологияларын енгізуді субсидиялау енгізілуде, бұл қызметтердің құнын айтарлықтай төмендетуге әкеледі.

Осылайша, өнімсіз шығындарды азайту арқылы аграрлық сектор біртіндеп ұзақ уақыт бойғы су тапшылығы жағдайынан шығып, тұрақты әрі үнемді сумен қамтамасыз етуге көшеді.
Сайып келгенде, су тасқынының алдын алу саласында да түбегейлі қадамдар жасалуда. Егер бұрын әрбір су тасқыны маусымы мүлік пен ауыл шаруашылығына залал әкелетін болса, қазір көктемгі суларды жинақтау үшін жалпы сыйымдылығы 180 млн м3 дейінгі су қоймалары салынуда.

Сонымен қатар жаңа нормативтік актілер су тасқынын басқарудың жүйелі тәсілін көздейді, онда су тасқынының едәуір көлемі су жайылмаларына, көлдерге және жайылымдарға жіберіледі, осылайша экожүйелерді қолдайды және шөлейттенудің алдын алады. Сондай-ақ елді мекендерді су тасқынынан қорғау үшін инженерлік құрылыстар салуды міндеттейтін нормалар көзделген. Осының арқасында Қазақстан салдарлармен реактивті күрестен су тасқыны тәуекелдерін белсенді басқаруға дәйекті түрде көшуде.

Осылайша, Мемлекет басшысының тапсырмаларын дәйекті жүзеге асыру нәтижесінде су ресурстарын басқарудың тұрақты жүйесі қалыптасуда.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
UKIMET
Үкімет Президенттің су шаруашылығын ауқымды жаңғырту жөніндегі тапсырмаларын қалай іске асырады 9 шілдеде Қазақстанда су шаруашылығы қызметкерлері – тұрақты сумен жабдықтауды, ирригацияны дамытуды және су ресурстарын қорғауды қамтамасыз ететін мамандар кәсіби…
Как Правительство реализует поручения Президента по масштабной модернизации водного хозяйства

9 июля в Казахстане отмечают профессиональный праздник работники водного хозяйства – специалисты, обеспечивающие устойчивое водоснабжение, развитие ирригации и охрану водных ресурсов. В условиях климатических изменений и роста водного дефицита значение этой сферы возрастает, а эффективное управление водными ресурсами становится одним из приоритетов государственной политики.

🔺 В этом контексте по поручению Президента Правительством в лице Министерства водных ресурсов и ирригации продолжается масштабная модернизация в сфере водной отрасли, которая включает строительство новых водохранилищ, реконструкцию действующих объектов, внедрение цифровых технологий и водосберегающих решений. Целью этих реформ является обеспечение устойчивого и эффективного использования воды, безопасности в условиях меняющегося климата, а также доступности и качества водных ресурсов.

💦 Кроме того, на фоне нарастающего дефицита воды принимаются меры для эффективного и бережливого управления водными ресурсами.

📌 На недавнем совещании Премьер-министром Олжасом Бектеновым перед госорганами поставлена задача по созданию региональных штабов, ответственных за управление водными рисками на вегетационный период. Подчеркнута необходимость активного внедрения водосберегающих технологий полива и усиления контроля за нарушениями в сфере водопользования.
UKIMET
Как Правительство реализует поручения Президента по масштабной модернизации водного хозяйства 9 июля в Казахстане отмечают профессиональный праздник работники водного хозяйства – специалисты, обеспечивающие устойчивое водоснабжение, развитие ирригации и охрану…
Новый Водный кодекс – современный инструмент управления

Напомним, что в Послании народу Казахстана Президент Касым-Жомарт Токаев особо отметил необходимость полномасштабного обновления водной инфраструктуры. 9 апреля 2025 г. Глава государства подписал новый Водный кодекс Республики Казахстан, который направлен на внедрение механизмов водосбережения и охрану водных объектов, защиту граждан и экономики от дефицита воды и загрязнения водных объектов.

С июня 2025 года документ официально вступил в силу, ознаменовав переход к новым подходам в сфере водного регулирования. Новый кодекс предусматривает мероприятия по предупреждению и ликвидации вредного воздействия вод, включая противопаводковые мероприятия, пересмотр подходов к управлению водными ресурсами с акцентом на приоритетность их охраны, ужесточение государственного регулирования и контроль в области использования и охраны водного фонда.

События последних лет, включая масштабные паводки прошлого года, еще раз подчеркнули важность реформирования системы управления водными ресурсами.

В этом аспекте в основу проекта Кодекса были заложены пять основных принципов. Первое - усиление роли воды как неотъемлемой части окружающей среды, основы жизнедеятельности населения и экономического развития. Второе - экономическая ценность водных ресурсов при их использовании. Третье - комплексное использование поверхностных и подземных водных ресурсов. Четвертое - эффективное и рациональное водосбережение. Пятое - привлечение общественности к решению задач по охране и использованию водного фонда.

Новый кодекс включает разработку Генерального плана интегрированного управления водными ресурсами и бассейнового плана. Предусматриваются обязательства по проведению многофакторного обследования и разработки деклараций безопасности для потенциально опасных гидротехнических сооружений, систематизированы вопросы ведения их реестра.

На законодательном уровне усиливаются требования по ответственности за нарушения в водной сфере. Введены надзорные функции, в соответствии с которыми органы управления водными ресурсами смогут принимать оперативные меры реагирования если не выполняются планы по водосбережению.

Для борьбы с «черным» рынком воды усилен контроль за недопущением самовольного водопользования и соблюдением установленных запретов на осуществление хозяйственной деятельности на водных объектах, в водоохранных зонах и полосах. В этом контексте Премьер-министром дано поручение активизировать мониторинг на местах, наладить межведомственное взаимодействие и обеспечить соблюдение очередности полива.

Отдельное внимание сегодня уделяется повышению эффективности посредством сокращения непродуктивных потерь в сельском хозяйстве. В частности, установлен порядок создания ирригационного кондоминиума, где в случае его отсутствия местные исполнительные органы наделяются полномочиями по созданию предприятий для обслуживания внутрихозяйственных систем. Регламентированы обязанности сельхозтоваропроизводителей по планированию водопользования, совместной эксплуатации неделимой собственности. Определены меры по адаптации водного сектора к изменению климата для предупреждения рисков.

Также в рамках поручений Главы государства поставлена задача внедрения цифрового мониторинга водопользования с применением спутниковых данных и интерактивных карт дефицитных зон. Эти меры уже начали реализовываться МВРИ. В частности, предусмотрено создание Национальной информационной системы.

Также конкретизированы нормы по полноценному учету водохозяйственных сооружений, оценке их количественных и качественных показателей, использованию альтернативных источников воды, накоплению и дальнейшему использованию талых вод для орошения в объеме до 2 млн м3 без получения разрешения на спецводопользование, мониторингу водных объектов.
UKIMET
Новый Водный кодекс – современный инструмент управления Напомним, что в Послании народу Казахстана Президент Касым-Жомарт Токаев особо отметил необходимость полномасштабного обновления водной инфраструктуры. 9 апреля 2025 г. Глава государства подписал новый…
Документ включает нормы по развитию систем водоснабжения и водоотведения, регулированию ливневых и дренажных стоков, передаче бесхозяйных систем в коммунальную собственность. Также предусмотрены меры по использованию технической воды вместо питьевой для промышленных нужд, регулированию временного прекращения услуг и планомерному обновлению инфраструктуры водоснабжения и водоотведения на основе технического аудита.

Усилены нормы в части регулирования поиска, оценки, мониторинга и охраны подземных вод. В составе МВРИ этими вопросами будет заниматься Национальная гидрологическая служба.

Расширено участие общественности в принятии решений по управлению водными ресурсами.

Бассейновые советы теперь будут вносить рекомендации о порядке сокращения разрешенных объемов водопользования, мерах по противодействию паводкам и засухам, мерах по устранению местными исполнительными органами, допущенных ими нарушений при реализации функций, возложенных на них.
UKIMET
Как Правительство реализует поручения Президента по масштабной модернизации водного хозяйства 9 июля в Казахстане отмечают профессиональный праздник работники водного хозяйства – специалисты, обеспечивающие устойчивое водоснабжение, развитие ирригации и охрану…
Для отрасли водного хозяйства в рамках Года рабочих профессий начата подготовка специалистов нового поколения

С 9 апреля 2025 года по инициативе Министерства первая группа казахстанских специалистов водной отрасли начала прохождение курсов повышения квалификации в КНР. В первую группу вошли 30 специалистов. Далее обучение в Китае пройдут еще 3 группы из 25 человек. В общей сложности двухнедельные курсы повышения квалификации в соседней стране пройдут 105 специалистов водной отрасли.

Казахстанские специалисты проходят курсы повышения квалификации не в высших учебных заведениях, а на производственных участках и объектах Китайской Народной Республики в рамках подписанного меморандума с китайской компанией «Power China».

Темы курсов проводятся согласно потребностям:

▫️по планированию водохозяйственных объектов, предотвращению наводнений и снижению ущерба от стихийных бедствий;
▫️по восстановлению после стихийных бедствий и планированию водохозяйственных объектов;
▫️ по освоению и использованию водных ресурсов и управлению водной средой;
по управлению водными ресурсами и очистке сточных вод;

Все затраты в период прохождения курсов покрываются за счет китайской стороны.
С учетом принятого Правительством решения по созданию водохозяйственных коммунальных организаций в каждом регионе, а также выхода на пенсию работников водохозяйственных организаций в ближайшие 4-5 лет потребность в специалистах водного хозяйства прогнозируется в количестве 1,7 тыс. человек.

В связи с этим для недопущения дефицита кадров в сфере водного хозяйства министерствами науки и высшего образования, водных ресурсов и ирригации, а также просвещения принята Дорожная карта на 2024-2025 годы по подготовке кадров для водной сферы.
Дорожная карта состоит из 28 мероприятий, которая предусматривает проведение анализа потребностей рынка труда в специалистах водной сферы. Документом предусмотрено обновление образовательных программ, улучшение материально-технической базы организаций высшего и послевузовского образования, а также технического и профессионального образования.

Кроме того, в соответствии с Концепцией развития системы управления водными ресурсами Республики Казахстан на 2024-2030 годы в целях улучшения подготовки кадров для водной отрасли предусмотрена разработка новых профессиональных стандартов и образовательных программ с применением инновационных методов образования

Также в 2023 году при Министерстве создан и функционирует Отраслевой совет по профессиональным квалификациям в области использования и охраны водного фонда, водоснабжения, водоотведения и ирригации, в состав которого вошли профессора и преподаватели ВУЗов и колледжей, занимающихся подготовкой кадров для водной отрасли.

В 2024 году Отраслевым советом актуализированы и утверждены два профессиональных стандарта: «Гидротехническая мелиорация» и «Строительство дамб плотин», а также отраслевая квалификация «Водное хозяйство».

Также для дальнейшего улучшения качества подготовки кадров водной сферы до 2027 года планируется актуализация 9 и разработка 9 новых профессиональных стандартов.

На основе вышеуказанных стандартов высшие учебные заведения и колледжи будут обновлять свои образовательные программы с учетом потребностей работодателей.
UKIMET
Как Правительство реализует поручения Президента по масштабной модернизации водного хозяйства 9 июля в Казахстане отмечают профессиональный праздник работники водного хозяйства – специалисты, обеспечивающие устойчивое водоснабжение, развитие ирригации и охрану…
Социальные меры: в водной отрасли увеличатся зарплаты

Сегодня на постоянной основе проводится работа по увеличению заработной платы работников водной отрасли. Так, с 1 января 2024 года уровень заработной платы работников увеличен на 25%.

При этом Министерством с декабря 2024 года проводится работа по внесению изменении и дополнении в Закон РК «О естественных монополиях» в части повышения заработной платы работников водной отрасли. В частности, разработана соответствующая поправка, которая согласована с государственными органами, аккредитованными организациями, НПП «Атамекен» и со всеми заинтересованными лицами. Получено положительное заключение Правительства РК.

Кроме того, в марте текущего года одобрен депутатами Мажилиса и направлен в Сенат проекта Закона РК «О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты по вопросам аквакультуры». Принятие данных поправок позволит во втором полугодии 2025 года увеличить заработную плату работников водной отрасли до 50% – до 305 тыс. тенге. Ожидается, что эти меры позволят привлечь в отрасль квалифицированных специалистов.
UKIMET
Социальные меры: в водной отрасли увеличатся зарплаты Сегодня на постоянной основе проводится работа по увеличению заработной платы работников водной отрасли. Так, с 1 января 2024 года уровень заработной платы работников увеличен на 25%. При этом Министерством…
Международное сотрудничество

4 апреля 2025 года в городе Самарканде состоялось 89-е заседание Межгосударственной координационной водохозяйственной комиссии Центральной Азии. В результате соглашений, достигнутых МВРИ с коллегами из Узбекистана, Таджикистана и Туркменистана, в поливной период этого года в Казахстан поступит 3,7 млрд м3 воды по реке Сырдарья, 909 млн м3 воды поступит по межгосударственному каналу «Достык» и 975 млн м3 воды прибудет в Северный Арал.

25 апреля 2025 года в городе Астана состоялось 35-заседание Комиссии Республики Казахстан и Кыргызской Республики по использованию водохозяйственных сооружений межгосударственного пользования на реках Шу и Талас, по итогам которого утверждены графики подачи воды из водохозяйственных сооружений межгосударственного пользования на вегетационный период 2025 года.

Так, с мая по сентябрь в Казахстан по реке Талас будет подано 400 млн м3 воды, по реке Шу – 180 млн. м3 воды. Таким образом, общая водоподача за вегетационный период 2025 года (с учетом апреля) прогнозируется общим объемом 625 млн м3.
UKIMET
Как Правительство реализует поручения Президента по масштабной модернизации водного хозяйства 9 июля в Казахстане отмечают профессиональный праздник работники водного хозяйства – специалисты, обеспечивающие устойчивое водоснабжение, развитие ирригации и охрану…
Площади орошаемых земель с применением водосберегающих технологий расширят

В рамках исполнения поручения Главы государства, озвученного в Послании народу Казахстана 1 сентября 2023 года, в части ускорения внедрения передовых водосберегающих технологий Правительством принято решение о передаче функций Министерства сельского хозяйства по субсидированию стоимости услуг по подаче воды и возмещению части расходов при инвестиционных вложениях на внедрение водосберегающих технологий в Министерство водных ресурсов и ирригации.

В целом, принятые функции обеспечат комплексное решение вопросов эффективного использования аграриями водных ресурсов за счет внедрения водосберегающих технологий орошения.

В 2024 году заложена основа для дальнейшей реализации политики водосбережения и стимулирования фермеров к переходу на водосберегающие технологии – увеличена доля возмещения затрат фермеров с 50% до 80% на бурение скважин при подведении инфраструктуры, а также, на приобретение и установку водосберегающих технологий, введен дифференцированный размер субсидий в зависимости от стоимости тарифа.

Реализация этих нововведений показала результаты. В 2024 году площади, где применяются водосберегающие технологии полива, увеличились до 158 тыс. га: из них 60 тыс. га орошаются с использованием дождевальных систем, 40 тыс. га – капельным орошением и 58 тыс. га были выровнены лазерным планировщиком. Согласно данным Министерства сельского хозяйства, в целом по итогам прошлого года площадь орошаемых земель с водосберегающими технологиями составила 470,1 тыс. га.

Вместе с тем, к 2030 году планируется расширить площадь орошаемых земель с применением водосберегающих технологий до 1,3 млн га.