UKIMET
18.4K subscribers
10.7K photos
1.81K videos
8.27K links
ҚР Үкіметінің ресми Telegram-каналы/ Официальный Telegram-канал Правительства РК

🌐 Сайт https://primeminister.kz/kz
🔗 Instagram https://instagram.com/primeministerkz
🔗 Facebook https://www.facebook.com/Primeminister.Kaz
🔗 https://t.me/ukimet_points
Download Telegram
UKIMET
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Қазақстан мен Сербия сауда ынтымақтастығын әртараптандыруға ниетті

📌 Астана халықаралық форумы шеңберінде Премьер-министр орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Сербияның ішкі және сыртқы сауда министрі Ягода Лазаревичпен кездесті.

⚡️ Кездесуде тараптар екі мемлекеттің көшбасшылары деңгейінде қалыптасқан екіжақты тұрақты ынтымақтастық серпінін атап өтті. Серік Жұманғарин Қазақстан Сербияны Орталық Еуропадағы маңызды сауда әріптесі ретінде таниды. Сауда-экономикалық байланыстарға ерекше назар аударылып отыр: 2024 жылғы қорытынды бойынша екі ел арасындағы тауар айналымы 9,7%-ға артып, 1$00 млн-ға жетті. Бұл ретте қазақстандық экспорт 39,4%-ға өсті. 2025 жылғы қаңтар–наурыздағы өзара сауданың өсуі 30%.

🔘 Кездесуге қатысушылар Үкіметаралық комиссия мен Іскерлік кеңестің әлеуетін іске қосудың, сондай-ақ негізгі екіжақты жобаларды іске асырудың, атап айтқанда Астана мен Белград арасында тікелей әуе қатынасын орнатудың маңыздылығын атап өтті. SCAT қазақстандық авиакомпаниясы маршрутты пысықтауға кірісіп те кетті. Қазақстан Сербия тарапынан, соның ішінде әуе тасымалындағы бесінші еркіндік құқығын беру мүмкіндігін де қамтитын қолдауға сенеді.

⚡️ Бір күн бұрын АХФ алаңында Серік Жұманғарин Хорватияның экономика министрі Анте Шушнярмен кездескен еді. Тараптар, әсіресе, энергетика саласындағы екіжақты қатынастарды, экономикалық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуды талқылады. Екі жақ, сондай-ақ, инфрақұрылымдық жобалар, IT-сектор, ауыл шаруашылығы мен фармацевтика өнеркәсібі саласындағы ынтымақтастықты дамытуға мүдделі екендерін білдірді.

🌐
Толығырақ primeminister.kz сайтында.



Казахстан и Сербия нацелены на диверсификацию торгового сотрудничества


📌 В рамках Международного форума Астана заместитель Премьер – министра – министр национальной экономики Серик Жумангарин встретился с министром внутренней и внешней торговли Сербии Ягодой Лазаревич.

⚡️ На встрече стороны подчеркнули устойчивую динамику двустороннего сотрудничества, закладываемую на уровне лидеров двух государств. Серик Жумангарин подчеркнул, что Казахстан рассматривает Сербию в качестве важного торгового партнера в Центральной Европе. Особое внимание было уделено торгово-экономическим связям: по итогам 2024 года товарооборот между странами составил $100 млн, увеличившись на 9,7%. При этом казахстанский экспорт вырос на 39,4%. В январе–марте 2025 года рост взаимной торговли составил 30%.

🔘 Участники встречи отметили важность задействования потенциала Межправительственной комиссии и Делового совета, а также реализации ключевых двусторонних проектов, в частности запуска прямого авиасообщения между Астаной и Белградом. Казахстанская авиакомпания SCAT уже приступила к проработке маршрута, и Казахстан рассчитывает на поддержку сербской стороны, включая возможность использования пятой степени свободы.

⚡️ Днем ранее, на полях AIF, Серик Жумангарин провел встречу с министром экономики Хорватии Анте Шушняром. Стороны обсудили дальнейшее укрепление двусторонних отношений и экономического сотрудничества, прежде всего, в энергетической сфере. Стороны также выразили заинтересованность в развитии сотрудничества в сфере инфраструктурных проектов, IT-сектора, сельского хозяйства и фармацевтической промышленности.

🌐 Подробнее на сайте primeminister.kz

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Дабыл батырмалары, буллингке қарсылық және тәлімгерлер – Қазақстанда балалардың қауіпсіздігі бойынша кешенді шаралар жүзеге асырылуда

📌 1 маусымда елімізде Балаларды қорғау күні атап өтіледі. Мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі – жас ұрпаққа сапалы білім алуға тең қолжетімділік беру және оқу үшін қауіпсіз, қолайлы жағдайлар жасау. Президенттің тапсырмасы бойынша Үкімет Оқу-ағарту министрлігі арқылы әрбір баланы дамытуға, олардың құқықтарын қорғауға және тұтастай алғанда білім беру жүйесін нығайтуға бағытталған шаралар кешенін іске асырады.

Бүгінде Қазақстанда 6,9 млн бала тұрады, оның 3,9 млн-ы оқушылар, 1 млн-нан астамы балабақшаға барады, ал 556 мыңы колледждерде оқиды.

🔆 2024 жылы құқықтық базаны күшейтіп, балаларды қорғаудың пәрменді тетіктерін енгізуге ықпал еткен үш негізгі заң қабылданды. Олардың қатарында жетім балаларға тәлімгерлік туралы заңдар, сондай-ақ буллингке қарсы күрес, қауіпсіздікті нығайту және кәсіби патронаттық тәрбиені құру шаралары бар. Нәтижесінде жетім балалардың 82%-ы отбасында тәрбиеленеді, ал 3 мыңнан астам жаңа жанұя тауып, 330 адам тәлімгер болды, ал қамқоршылық органдарының штаты 2,5 есеге артты. 2025 жылғы 1 шілдеден бастап отбасылық құрылымның жаңа нысаны – кәсіби қабылдаушы отбасы институты енгізіледі.

🏢 Президенттің тапсырмасы бойынша «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында 460 мың орындық 217 мектеп салынуда, 105 мектеп тапсырылды, оның 44%-ы ауылдық жерлерде. 2019 жылдан бастап 1 млн-нан астам оқушыға арналған 1200 мектеп салынды. 2 жастан 6 жасқа дейінгі балалардың 93,1%-ы мектепке дейінгі біліммен қамтылған, 2025 жылы бұл көрсеткіш 95%-ға дейін артады. Осы мақсатта жаңадан 64 мың орын ашылады.

➤ Мектептерде қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлінеді. Дабыл батырмалары мен турникеттер орнатылды, лицензияланған күзет енгізілді және қауіпсіздік нұсқаулары күшейтілді.

➤ Буллингке қарсы күрес жүргізілуде. Сондай-ақ, әкімшілік жауапкершілік белгіленді. Күрес шаралары аясында финдік Kiva және отандық ДОСБОЛLiKe бағдарламалары жұмыс істейді, «Кибер Тұмар» және «Ата-ана бақылауы» науқандары өткізіледі, «Менің бауырым» жобасы іске асырылуда.

➤ Бұл ретте психологиялық қолдау орталықтарының рөлі маңызды. 2024 жылы 250 мыңнан астам оқушы мен олардың отбасылары көмек алды. Медиация қызметтері мен балалар омбудсмендері жұмыс істейді, тәлімгерлер психологиялық дайындықтан өтеді.

🔆 2024 жылы 510 мың бала 22,2 млрд теңге сомасына «Жалпыға бірдей оқыту» қоры арқылы көмек алды. Көмектің орташа мөлшері әр балаға 43 407 теңгені құрады. 1,7 млн-нан астам оқушы тегін тамақпен қамтамасыз етілді, оның ішінде жекеменшік мектептердің 1-4 сыныптарының 25 мың оқушысы бар. Әлеуметтік қолдау аясында кейбір өңірлерде оқушылар үшін тегін жол жүру мүмкіндігі қарастырылған.

Инклюзивті білім беруді дамыту аясында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың 85%-ы қазірдің өзінде қолдау алады. «Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды кешенді қолдау туралы» жеке Заң әзірленуде, оның ішінде отбасы мен баланы қолдаудың ведомствоаралық тетіктері бар.

➤ Қосымша білім берумен қамту 86,3% немесе 3,3 млн баланы құрады. 2025 жылы 3,2 млн оқушы жазғы демалысқа шығады, оның ішінде 500 мыңы әлеуметтік осал отбасылардан шыққан балалар.

🔆 Кәсіптік білім беру жүйесі дамуда. 2025 жыл «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жарияланды: жоғары сынып оқушылары біліктілікке ие болады, ал түлектер колледж дипломдарын алады. 30 мыңнан астам оқушы кәсіби диагностикадан өтті, колледж түлектерінің 81%-ы жұмысқа орналастырылды. Жұмыс берушілермен бірлесіп 8 мыңнан астам бағдарлама әзірленді. 4 мыңнан астам кәсіпорын колледждермен ынтымақтастық орнатты, 8 жаңа жатақхана іске қосылды. Студенттік шәкіртақы 2 есе көбейді, ал 2,5 млн оқушы кәсіптік бағдарлаумен қамтылды.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
UKIMET
Дабыл батырмалары, буллингке қарсылық және тәлімгерлер – Қазақстанда балалардың қауіпсіздігі бойынша кешенді шаралар жүзеге асырылуда 📌 1 маусымда елімізде Балаларды қорғау күні атап өтіледі. Мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі – жас ұрпаққа сапалы…
Тревожные кнопки, антибуллинг и наставники – в Казахстане реализуется комплекс мер по безопасности детей

📌 1 июня в Казахстане отмечают День защиты детей. Одним из приоритетов государственной политики является предоставление подрастающему поколению равного доступа к качественному образованию и создание безопасных, комфортных условий для обучения. По поручению Президента, Правительство в лице Министерства просвещения реализует комплекс мер, направленных на развитие каждого ребенка, защиту их прав и укрепление системы образования в целом.

Сегодня в Казахстане проживают 6,9 млн детей, из них 3,9 млн – школьники, свыше 1 млн – посещают детсады, а 556 тыс. – обучаются в колледжах.

🔆 В 2024 году приняты три ключевых закона, усиливших правовую базу и способствовавших внедрению действенных механизмов защиты детей. Среди них – законы о наставничестве для сирот, а также меры по борьбе с буллингом, укреплению безопасности и созданию профессиональных приемных семей. В результате 82% детей-сирот воспитываются в семьях, а более 3 тыс. детей обрели дом. Наставниками стали 330 взрослых, а штат органов опеки увеличен в 2,5 раза. С 1 июля 2025 года внедряется новая форма семейного устройства – институт приемной профессиональной семьи.

🏢 По поручению Президента в рамках нацпроекта «Келешек мектептері» строятся 217 школ на 460 тыс. мест, 105 уже сданы, 44% из них – в сельской местности. С 2019 года построено 1200 школ для более 1 млн учеников. Дошкольным образованием охвачены 93,1% детей от 2 до 6 лет, в 2025 году этот показатель вырастет до 95%. Для этого создадут 64 тыс. новых мест.

➤ Особое внимание уделяется обеспечению безопасности в школах. Установлены тревожные кнопки и турникеты, введена лицензированная охрана и ужесточены инструкции по безопасности.

➤ Ведется борьба с буллингом. Установлена адмответстенность. Действуют антибуллинговые программы – финская KiVa и отечественная ДОСБОЛLiKe, проводятся кампании «Кибер Тұмар» и «Родительский контроль», реализуется проект «Менің бауырым».

➤ Значимая роль отведена центрам психологической поддержки. В 2024 году помощь получили более 250 тыс. школьников и их семей. Работают службы медиации и детские омбудсмены, наставники проходят психологическую подготовку.

🔆 В 2024 году 510 тыс. детей получили помощь через фонд «Всеобуч» на сумму 22,2 млрд тенге. Средний размер помощи составил 43 407 на каждого ребенка. Более 1,7 млн школьников обеспечены бесплатным питанием, включая 25 тыс. учащихся 1-4 классов частных школ. В рамках соцподдержки в некоторых регионах действует бесплатный проезд для школьников.

➤ В рамках инклюзии 85% детей с особыми образовательными потребностями (ООП) уже получают поддержку. В разработке — отдельный Закон «О комплексной поддержке детей с особыми образовательными потребностями», включающий межведомственные механизмы сопровождения семьи и ребенка.

➤ Охват дополнительным образованием составил 86,3% или 3,3 млн детей. В 2025 году на летний отдых отправятся 3,2 млн школьников, включая 500 тыс. из уязвимых категорий.

🔆 Развивается система профобразования. 2025-й объявлен Годом рабочих профессий: старшеклассники получают квалификации, а выпускники – дипломы колледжа. Более 30 тыс. учеников прошли профдиагностику, 81% выпускников колледжей уже трудоустроены. Совместно с работодателями разработано свыше 8 тыс. программ. Более 4 тыс. предприятий сотрудничают с колледжами, введены 8 новых общежитий. Студенческие стипендии увеличены в 2 раза, а 2,5 млн учащихся охвачены профориентацией.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Балалар медицинасындағы жаңа стандарттар мен жетістіктер: ерте диагностикадан жоғары технологиялық көмекке дейін

📌 Қазақстанда өскелең ұрпақтың денсаулығын қамтамасыз ету және қорғау үшін барлық жағдайлар жасалуда. Президенттің тапсырмасы бойынша Үкімет Денсаулық сақтау министрлігі арқылы балалардың денсаулығын қорғауға бағытталған – өмірге келген күннен бастап кәмелетке толғанға дейінгі жүйелі шаралар кешенін жүзеге асырады.

🔆 Әрбір сәби дүниеге келгеннен бастап медициналық бақылау жүйесімен қамтылған. Жыл сайын 0 – ден 6 жасқа дейін 2 млн-нан астам бала скринингтен өтеді, 4,5 млн-нан астам бала профилактикалық тексеруден өтеді, 1,5 млн-нан астам бала міндетті иммундаудан өтеді. Бұл қызметтердің барлығы тегін – медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі мен МӘМС жүйесі шеңберінде ұсынылады. Медициналық қолдау мектеп оқушыларын да қамтиды. Елімізде 6,5 мың медициналық пункт жұмыс істейді, әрбір мектеп емханаға бекітілген.

🔆 Жаңа туған нәрестелерге ерекше назар аударылады. Қазақстан Орталық Азияда неонаталдық көмек стандартын енгізген бірінші ел болды, онда реанимацияда бір сәбиге бір медбике келеді. Сондай-ақ 1 мыңнан астам мамандарды, оның ішінде өңір елдерінен біріктіретін неонатологтардың онлайн-қауымдастығы құрылды. Қазақстандық дәрігерлер салмағы 500 грамнан асатын жаңа туған нәрестелерді емдейді. Төсек қорының 20%-ға ұлғаюының нәтижесінде жыл сайын туа біткен патологиясы бар жаңа туған нәрестелерге 1,5 мыңға дейін ота жасалады. Отадан кейінгі өмір сүру деңгейі 93%-ға жетті. Балаларға көрсетілетін медициналық көмектің сапасын жақсарту мақсатында тиімді перинаталдық технологиялар, бала жасындағы ауруларды біріктіріп басқару тәсілдері және ерте шақтағы балаларды патронаждық қадағалаудың әмбебап-прогрессивті моделі халықаралық ұсынымдарға сай енгізілуде.

🔆 Ана мен бала денсаулығы саласына бағытталған жүйелі стратегия мен елеулі инвестициялардың нәтижесінде елде бала өлімінің көрсеткіштері тарихи тұрғыдан ең төмен деңгейге түсті: неонаталдық өлім – мың тірі туғанға шаққанда 3,37, нәресте өлімі – 6,80, балалар өлімі – 9,30.

⚡️ Сонымен қатар, онкогематология белсенді дамып келеді. Емдеу халықаралық хаттамаларға сәйкес жүргізіледі және құрамында полихимиотерапия, сәулелік терапия, хирургия мен гемопоэздік дің жасушаларын трансплантаттау бар. Бұл – аллогенді, аутологты және гаплоидентикалық әдістерді қамтиды. 2013 жылдан бері 515 трансплантаттау жүргізілді, оның ішінде 28-і халықаралық донорлар тіркелімінен (Ресей, Германия, Польша) алынған туыстық емес донорлармен жүзеге асырылды. Инновациялық тәсілдердің – интраартериялық химиотерапия, «өсетін» эндопротездердің 3D-моделдеу технологиясы және таргеттік иммунотерапияның нәтижесінде балалардағы онкологиялық аурулар бойынша жалпы өміршеңдік 70%-дан асты.

🔘 Еліміздегі жетекші клиникалардың базасында балалар денсаулығын сақтау бойынша тәсілдер үнемі жетілдіріліп, жаңа технологиялар мен диагностикалау және емдеудің заманауи әдістері енгізілуде.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
UKIMET
Балалар медицинасындағы жаңа стандарттар мен жетістіктер: ерте диагностикадан жоғары технологиялық көмекке дейін 📌 Қазақстанда өскелең ұрпақтың денсаулығын қамтамасыз ету және қорғау үшін барлық жағдайлар жасалуда. Президенттің тапсырмасы бойынша Үкімет Денсаулық…
Новые стандарты и достижения в детской медицине: от ранней диагностики до высокотехнологичной помощи

📌 В Казахстане создаются все условия для обеспечения и охраны здоровья подрастающего поколения. По поручению Президента, Правительство в лице Министерства здравоохранения реализует комплекс системных мер, направленных на охрану здоровья детей – от первых дней жизни до совершеннолетия.

🔆 С рождения каждый ребенок охвачен системой меднаблюдения. Более 2 млн малышей ежегодно проходят скрининги в возрасте от 0 до 6 лет, свыше 4,5 млн – профилактические осмотры, более 1,5 млн – обязательную иммунизацию. Эти услуги предоставляются бесплатно – в рамках ГОБМП и ОСМС. Медсопровождение охватывает школьников – в стране действует 6,5 тыс. медпунктов, каждая школа закреплена за поликлиникой.

🔆 Особое внимание уделяется новорожденным. Казахстан стал первой страной в Центральной Азии, внедрившей стандарт неонатальной помощи, где на одного младенца в реанимации приходится одна медсестра. С 2008 года казахстанские врачи выхаживают новорожденных с весом от 500 граммов. Ежегодно проводится до 1,5 тыс. операций новорожденным с врожденными патологиями. Выживаемость после вмешательств достигла 93%. Для улучшения медпомощи детям применяются эффективные перинатальные технологии, интегрированное ведение болезней детского возраста, и универсально-прогрессивная модель патронажных посещений детей раннего возраста по международным рекомендациям.

🔆 Эти меры позволили Казахстану достичь исторически низких показателей детской смертности: неонатальной – 3,37 на тысячу живорожденных, младенческой – 6,80, детской – 9,30.

⚡️ Кроме этого, активно развивается онкогематология. Лечение проводится по международным протоколам с применением полихимио- и лучевой терапии, хирургии, а также трансплантации гемопоэтических стволовых клеток, включая аллогенные, аутологичные и гаплоидентичные. С 2013 года выполнено 515 трансплантаций. Благодаря использованию инновационных подходов, таких как интраартериальная химиотерапия, 3D-моделирование «растущих» эндопротезов и таргетная иммунотерапия, достигнута общая выживаемость при детских онкозаболеваниях свыше 70%.

🔘 Система охраны детского здоровья продолжает совершенствоваться. На базе ведущих клиник страны внедряются передовые технологии, новые методы диагностики и лечения.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
2025 жылы балалы отбасыларды әлеуметтік қолдауға 1,7 трлн теңге бөлінді

📌 Қазақстанда балалары бар отбасыларға әлеуметтік көмек көрсету жүйесі дәйекті түрде нығайтылуда. Ол үшін Үкімет Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі арқылы қазақстандық отбасылардың өмір сүру жағдайларын жақсартуға бағытталған түрлі қолдау шараларын іске асыруда.

⚡️ Бүгінде балалары бар 2 млн-ға жуық отбасы түрлі жәрдемақылар мен төлемдер алады. Биыл осы мақсатта республикалық бюджеттен және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан 1,7 трлн теңгеден астам қаржы бөлінді. Оның ішінде республикалық бюджеттен 870,7 млрд теңге және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (МӘСҚ) 855,9 млрд теңге. 2025 жылы жәрдемақы мөлшері 6,5%-ға артқан.

↗️ Қолдаудың негізгі бағыттарының ішінде бала туылған кезде кезектілігіне қарай 149 416 теңгеден (38 АЕК) 247 716 теңгеге (63 АЕК) дейінгі біржолғы жәрдемақы бар. Осы жылдың алғашқы төрт айында төлем 21,1 млрд теңге сомасына 117 мың азаматқа берілді.

➤ Сондай-ақ жұмыс істемейтін әйелдер үшін бір жарым жасқа толғанға дейін бала күтімі бойынша ай сайынғы жәрдемақы қарастырылған. Жәрдемақының бұл түрі екінші, үшінші және одан кейінгі балаларға – 5,76 АЕК-тен (22 648 теңге) 8,90 АЕК-ке (34 995 теңге) дейін ұлғайта отырып, баланың туу кезегіне байланысты төленеді. 2025 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша жәрдемақы алушылар саны орта есеппен 123,3 мың адам, оларға 14,4 млрд теңге төленді.

➤ Жұмыс істейтін әйелдер МӘСҚ-дан төлем алады. Жүктілік және босану бойынша біржолғы жәрдемақының орташа мөлшері 1,6 млн теңгені құрады. Бұл төлемді 81,8 мың әйел алды, жалпы сомасы – 117,3 млрд теңгені құрады. Сондай-ақ 1,5 жасқа дейінгі бала күтімі бойынша ай сайынғы жәрдемақы төленеді. Орта есеппен 85 221 теңге. Бұл сома соңғы екі жылдағы орташа айлық кірістің 40%-ын құрайды. Төлемнің орташа мөлшері – 85 221 теңге.

➤ Мемлекет сонымен қатар бала күтімі бойынша демалыстағы әйелдерге зейнетақы жарналарын субсидиялайды, бұл зейнетақы капиталының жинақталуына ықпал етеді.

💳 2020 жылдан бастап 4 және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған балалары немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студенттері бар көпбалалы отбасыларға жәрдемақы қарастырылған. Төлем мөлшері балалар санына қарай сараланды: 4 бала – 63 030 теңге, 5 бала – 78 798 теңге, 6 бала – 94 565 теңге, 7 бала – 110 332 теңге, 8 және одан да көп бала – әр балаға 15 728 (4 АЕК) теңгеден. Жыл басынан бері көпбалалы отбасыларға орта есеппен 176 млрд теңгеге 611,5 мың отбасы жәрдемақы алды.

🔆 Көп балалы аналардың беделін көтеру үшін өмір бойы ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы тағайындалады. Бұрын «Батыр ана» атағын алған, І, ІІ дәрежелі «Ана даңқы» орденімен марапатталған, «Алтын алқа» алқаларымен наградталған көп балалы аналарға жәрдемақы мөлшері 29 097 теңгені (7,4 АЕК), «Күміс алқа» алқамен марапатталған көп балалы аналарға қазіргі уақытта жәрдемақы мөлшері 25 165 (6,4 АЕК) теңгені құрайды. Бүгінде 242,0 мың марапатталған көп балалы ана жәрдемақы алушылар болып саналады, жалпы 25,9 млрд теңге төленді.

➤ Сонымен қатар, мемлекеттік бюджеттен мүгедек бала кәмелетке толғанға дейін оған күтім жасау бойынша жәрдемақы төленеді, оның мөлшері 74 428 (1,61 ЕТКД) теңгені құрайды. Жыл басынан бері 33,7 млрд теңге сомасына 111,7 мың адам алды.

🔆 Отбасының бір мүшесінің табысы кедейліктің белгіленген шегінен төмен отбасылар үшін мемлекет атаулы әлеуметтік көмек көрсетеді, оның шеңберінде 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға қосымша төлем де жүзеге асырылады. Бұл төлемнің мөлшері 1,5 АЕК құрайды, бұл 2025 жылы әр бала үшін 5 898 теңгеге тең. Осы жылдың 1 мамырына бұл төлем 1,4 млрд теңге сомасына 74,4 мың балаға тағайындалды.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
UKIMET
2025 жылы балалы отбасыларды әлеуметтік қолдауға 1,7 трлн теңге бөлінді 📌 Қазақстанда балалары бар отбасыларға әлеуметтік көмек көрсету жүйесі дәйекті түрде нығайтылуда. Ол үшін Үкімет Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі арқылы қазақстандық отбасылардың…
1,7 трлн тенге выделено на социальную поддержку семей с детьми в 2025 году

📌 В Казахстане последовательно укрепляется система оказания соцпомощи семьям с детьми. Для этого Правительством в лице Министерства труда и социальной защиты населения реализуются различные меры поддержки, направленные на улучшение условий жизни казахстанских семей.

⚡️ Сегодня почти 2 млн семей с детьми получают различные пособия и выплаты. На эти цели в 2025 году предусмотрено 1,7 трлн тенге. Из них 870,7 млрд тенге – из республиканского бюджета и 855,9 млрд тенге – из ГФСС. Размеры пособий в 2025 году проиндексированы на 6,5%.

↗️ Среди ключевых форм поддержки – единовременное пособие при рождении ребенка – от 149 416 тенге (38 МРП) до 247 716 тенге (63 МРП) в зависимости от очередности. За первые четыре месяца текущего года выплата предоставлена 117 тыс. граждан на сумму 21,1 млрд тенге.

➤ Также предусмотрено ежемесячное пособие по уходу за ребенком до 1,5 лет для неработающих женщин. Размер выплат зависит от количества детей: на первого ребенка – 22 648 тенге (5,76 МРП), на второго – 26 777 тенге (6,81 МРП), на третьего – 30 866 тенге (7,85 МРП), на четвертого и последующих – 34 995 тенге (8,9 МРП). По состоянию на 1 мая 2025 года пособие получают в среднем 123,3 тыс. человек, выплачено 14,4 млрд тенге.

➤ Выплаты из ГФСС получают и работающие женщины. Средний размер единовременного пособия по беременности и родам составил 1,6 млн тенге. Эту выплату уже получили 81,8 тыс. женщин, общая сумма – 117,3 млрд тенге. Также выплачивается ежемесячное пособие по уходу за ребенком до 1,5 лет – в среднем 85 221 тенге. Сумма составляет 40% от среднемесячного дохода за последние два года. Средний размер выплаты – 85 221 тенге.

➤ С 2014 года государство также субсидирует пенсионные взносы для женщин, находящихся в отпуске по уходу за ребенком, что способствует накоплению пенсионного капитала.

💳 С 2020 года введено пособие многодетным семьям, имеющим 4 и более совместно проживающих несовершеннолетних детей или студентов очной формы обучения в возрасте до 23 лет, вне зависимости от их дохода. Размеры выплат дифференцированы в зависимости от количества детей: 4 ребенка – 63 030 тенге, 5 детей – 78 798 тенге, 6 детей – 94 565 тенге, 7 детей – 110 332 тенге, 8 и более детей – по 15 728 (4 МРП) тенге на каждого ребенка. С начала года пособие многодетным семьям в среднем получили 611, 5 тыс. семей на сумму 176 млрд тенге.

🔆 Для повышения престижа и авторитета многодетных матерей, назначается пожизненное госпособие, выплачиваемое независимо от дохода. Многодетным матерям, награжденным подвесками «Алтын алқа», ранее получившим звание «Мать-героиня», награжденным орденом «Материнская слава» І, ІІ степени размер пособия составляет 29 097 тенге (7,4 МРП), награжденным подвеской «Күміс алқа» размер пособия в настоящее время составляет 25 165 (6,4 МРП) тенге. Сегодня получателями пособия являются 242,0 тыс. награжденных многодетных матерей, выплачено 25,9 млрд. тенге.

➤ Семьи, воспитывающие детей с инвалидностью, получают ежемесячное пособие по уходу до достижения ими совершеннолетия. Размер выплаты составляет 74 428 тенге (1,61 ПМ). С начала года эту помощь получили 111,7 тыс. человек, общая сумма выплат – 33,7 млрд тенге.

🔆 Для семей с доходом на одного члена ниже установленной черты бедности государством оказывается адресная социальная помощь, в рамках которой также осуществляется дополнительная выплата на детей в возрасте от 1 до 6 лет. Размер данной выплаты составляет 1,5 МРП, что в 2025 году эквивалентно 5 898 тенге за каждого ребенка. На 1 мая т.г. данная выплата назначена 74,4 тыс. детей на сумму 1,4 млрд тенге.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
«Ұлттық қор – балаларға» бастамасы аясында 7 млн-ға жуық баланың болашағына ақша аударылды

📌 Медициналық және әлеуметтік қолдау жүйесін толықтыра отырып, мемлекет болашақ ұрпақ үшін қаржылық тұрақтылықтың ұзақмерзімді тетіктерін енгізуде. Мұндай тетік 2022 жылғы 1 қыркүйекте Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауында жарияланған «Ұлттық қор – балаларға» жобасы болды.

🔆 Жобаны Үкімет Қаржы министрлігі арқылы іске асырады және Ұлттық қордың жыл сайынғы инвестициялық табысының 50%-ын балалардың 18 жасқа толғанға дейінгі арнайы жинақтаушы шоттарына мерзімінен бұрын алу құқығынсыз аударуды көздейді. Жинақталған қаржыны тұрғын үй сатып алуға және білім алуға пайдалануға болады.

➤ Бағдарлама ресми түрде 2024 жылдың 1 қаңтарында басталды. Оның шеңберінде 2006 жылдан бастап туылған әрбір балаға Ұлттық қордан жыл сайын қаражат аудару көзделген.

🔷 Қаржы министрлігінің мәліметінше, өткен жылы бағдарламаға 6 919 131 адам – 2006 жылдан 2023 жылға дейін қоса алғанда туылған балалар қатысты. Олардың әрқайсысына $100,52 есептелді.

➤ Есептеудің жалпы сомасы $695,5 млн-ды құрады. Ұлттық қордан ақша есептелген балалардың жалпы санынан 2024 жылы 304 815 адам 18 жасқа жетті, оларға жалпы сомасы $30,6 млн аударылды.

↗️ 2025 жылы қатысушылар саны 6 921 035 балаға дейін өсті, оның 324 430-ы биыл 18 жасқа толады, ал есептеулер $129,38 құрады.

🔆 Бағдарламаға екі жылдан бері қатысып келе жатқан балаларда инвестициялық кірісті қоса есептегенде, жинақтардың жалпы сомасы – $232,94. Ұлттық қордан берілген жалпы сома $1,5 млрд-ты құрады.

Қаражат бала 18 жасқа толғанға дейін жинақталады, содан кейін оларды тұрғын үй жағдайларын жақсартуға немесе оқу ақысын төлеуге пайдалануға болады. Осы мақсаттарға 118 мыңнан астам өтінім берілді, оның 97 мыңы орындалды. Жалпы сомасы $11 млн 399,1 мың. Атап айтқанда, тұрғын үй жағдайларын жақсартуға 63 871 өтінім берілді, оның ішінде 56 591 өтінім орындалды және $6, 647,9 млн төленді. Оқу ақысын төлеуге 54 270 өтінім берілді, оның ішінде 40 466 өтінім орындалды және $4,751,2 млн төленді.

🔘 Бүгінгі таңда «Ұлттық қор – балаларға» бастамасы әрбір баланың болашағы үшін қаржылық база құруға бағытталған ұзақмерзімді мемлекеттік қолдау нысаны болып саналады.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
UKIMET
«Ұлттық қор – балаларға» бастамасы аясында 7 млн-ға жуық баланың болашағына ақша аударылды 📌 Медициналық және әлеуметтік қолдау жүйесін толықтыра отырып, мемлекет болашақ ұрпақ үшін қаржылық тұрақтылықтың ұзақмерзімді тетіктерін енгізуде. Мұндай тетік 2022…
Почти 7 млн детей уже копят на будущее в рамках инициативы «Нацфонд – детям»

📌 Дополняя систему медицинской и социальной поддержки, государство внедряет долгосрочные механизмы финансовой устойчивости для будущих поколений. Таким механизмом является инициатива, озвученная 1 сентября 2022 года в Послании народу Казахстана «Справедливое государство. Единая нация. Благополучное общество» Президентом Касым-Жомартом Токаевым, – «Нацфонд – детям».

🔆 Программа реализуется Правительством в лице Министерства финансов и предусматривает ежегодное отчисление 50% инвестиционного дохода Нацфонда на специальные накопительные счета детей до достижения ими 18 лет, без права досрочного снятия. Накопленные суммы можно использовать на приобретение жилья и получение образования.

➤ Программа официально стартовала 1 января 2024 года. В рамках нее предусматривается ежегодное начисление средств из Нацфонда каждому ребенку, родившемуся начиная с 2006 года.

🔷 По данным Министерства финансов, за прошлый год участниками программы стали 6 919 131 человек – дети, рожденные с 2006 по 2023 г.г. включительно. Каждому из них было начислено по 100,52 долларов.

➤ Общая сумма начисления составила 695,5 млн долларов США. Из общего количества детей, которым начислялись деньги из Нацфонда, 304 815 человек в 2024 году, достигли 18 лет, суммарно им было перечислено 30,6 млн долларов США.

↗️ В 2025 году количество участников выросло до 6 921 035 детей, из них 324 430 детям в этом году исполняется 18 лет, а сумма начислений составила 129,38 долларов.

🔆 У детей, которые участвуют в программе уже два года, общая сумма накоплений с учетом полученного инвестиционного дохода составила 232,94 долларов. Общая сумма, выданная из Нацфонда, составила 1,5 млрд долларов.

Средства накапливаются до достижения ребенком 18 лет, после чего их можно использовать на улучшение жилищных условий или оплату образования. Уже более 118 тыс. заявок подано на эти цели, из которых исполнены 97 тыс. на общую сумму 11 млн 399,1 тыс. долларов. В частности, на улучшение жилищных условий подано 63 871 заявок, из них исполнено 56 591 заявки и выплачено 6 млн 647,9 тыс. долларов. На оплату образования подано 54 270 заявок, из них исполнено 40 466 заявок и выплачено 4 млн 751,2 тыс. долларов.

🔘 Сегодня инициатива «Нацфонд – детям» представляет собой форму долгосрочной господдержки, направленную на создание финансовой базы для будущего каждого ребёнка.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Буллингтің 145 жағдайы анықталып, 21 мың сайт бұғатталды: Қазақстанда балаларды өмірде және цифрлық кеңістікте қауіп-қатерден қорғауды күшейтті

📌 Президенттің тапсырмалары шеңберінде Үкімет Ішкі істер министрлігі арқылы кәмелетке толмағандарды қорғау жөніндегі шаралар кешенін жүйелі негізде іске асырады. Жұмыс мектептердегі құқық бұзушылықтардың алдын алудан бастап, отбасындағы зорлық-зомбылық жағдайларына және цифрлық кеңістіктегі қауіптерге жауап беруге дейінгі көптеген бағыттарды қамтиды.

«Заң және тәртіп» қағидатын іске асыру шеңберінде жыл басынан бері «Жасөспірім», «Түнгі қаладағы балалар», «Назар аударыңыз – балалар!» және тағы басқа кең ауқымды профилактикалық акциялар тұрақты түрде өткізіліп келеді. «Жасөспірім» жедел алдын алу іс-шарасының бірінші кезеңі 10 сәуірден 6 мамырға дейін, екіншісі – 19-31 мамыр аралығында өтті. Осы кезеңде балалардың түнде ересектердің қарауынсыз, әсіресе ойын-сауық орындарында болуын бақылауға ерекше назар аударылады.

⚡️ Жазғы демалыс кезінде балалардың жол-көлік жарақаттарының алдын алу мәселелеріне ерекше мән беріледі. 20-26 мамыр аралығында «Назар аударыңыз – балалар!» оның барысында тасымалдау бағыттары тексеріліп, жолдардың қауіпті учаскелері талданып, білім беру органдарымен кеңестер өткізілді. Бұдан басқа, балаларды автобустармен тасымалдау талаптарының сақталуын тексеру ұйымдастырылды, жергілікті авариялық ошақтар орындарына талдау жүргізілді, балалардың жазғы демалыс нысандарының маңындағы көше-жол желілері зерттелді, сондай-ақ білім беру органдарымен нұсқаулық кеңестер өткізілді.

➤ Сондай-ақ балаларға қатысты қылмыстарға қарсы іс-қимыл бөлігінде полицияның жұмысы күшейтілді. 2024 жылдан бастап анықтау тәсіліне баса назар аударылды, оқу орындарында профилактика күшейтілді, бұл жасөспірімдер арасында бопсалау фактілерін көбірек анықтауға мүмкіндік берді. Жыл басынан бері буллингтің 145, ал әкімшілік жауапкершілік енгізілгеннен бері 327 дерек тіркелді. Буллингтің алдын алу Оқу-ағарту министрлігімен үйлестіріліп, құқықтық, психологиялық және әлеуметтік көмек шараларын қамтиды.

Балалар тәрбиеленетін отбасыларға барған кезде, сондай-ақ зорлық-зомбылық туралы сигналдар түскен кезде полицияға ден қоюдың арнайы алгоритмі енгізілді. Бүкіл ел бойынша прокурорлардың, педагогтардың, полиция және әлеуметтік қызметтердің қатысуымен әкімдіктер жанынан ведомствоаралық мобильдік топтар жұмыс істейді.

🔘 Жыл басынан бері 16 жасқа дейінгі балаларды қоғамдық көліктен күштеп түсірудің 59 жағдайы тіркелді. Олардың барлығы тоқтатылды. ІІМ бұл норма заңнамалық деңгейде реттелетінін және оны бұзу жауапкершілікке тартылатынын еске салады.

🔘 Қазақстандағы барлық мектептерге жүйелі профилактикалық жұмыс жүргізетін 7,5 мыңнан астам полиция қызметкері бекітілген. Тек осы жылы құқық қорғау органдарының мамандары ата-аналармен кездесулерді қоса алғанда, 52 мыңнан астам құқықтық дәріс өткізді, онда бала тәрбиесі саласындағы құқықтар мен міндеттер түсіндіріледі.

🔘 Киберқауіпсіздік сияқты бағыт та дамып келеді. ІІМ киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаменті тәулік бойы интернеттегі заңға қайшы контенттенттерге мониторинг жүргізеді. Ағымдағы жылы 58 мыңнан астам қауіпті ресурстар анықталды, олардың 21 мыңнан астамы «Кибернадзор» жүйесі арқылы бұғатталды.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
UKIMET
Буллингтің 145 жағдайы анықталып, 21 мың сайт бұғатталды: Қазақстанда балаларды өмірде және цифрлық кеңістікте қауіп-қатерден қорғауды күшейтті 📌 Президенттің тапсырмалары шеңберінде Үкімет Ішкі істер министрлігі арқылы кәмелетке толмағандарды қорғау жөніндегі…
Выявили 145 случаев буллинга и заблокировали 21 тыс. сайтов: в Казахстане усилили защиту детей от угроз в реальной и цифровой среде

📌 В рамках поручений Президента Правительством в лице Министерства внутренних дел на системной основе реализует комплекс мер по защите несовершеннолетних. Работа охватывает широкий спектр направлений – от профилактики правонарушений в школах до реагирования на сигналы насилия в семье и угроз в цифровом пространстве.

В рамках реализации принципа «Закон и Порядок» с начала года проводятся масштабные профилактические акции, среди которых «Подросток», «Дети в ночном городе», «Внимание – дети!» и другие. Первый этап ОПМ «Подросток» прошел с 10 апреля по 6 мая, второй – с 19 по 31 мая. В этот период особое внимание уделяется контролю за нахождением детей в ночное время без сопровождения взрослых, особенно в развлекательных заведениях.

⚡️ В преддверии летних каникул особое внимание уделено профилактике детского дорожно-транспортного травматизма. С 20 по 26 мая в рамках акции «Внимание – дети!» проверялись маршруты перевозки, уязвимые участки дорог, условия безопасности возле мест летнего отдыха, а также соблюдение правил перевозки детей на автобусах. В ходе кампании проводились совещания с представителями системы образования.

➤ МВД также усилило борьбу с преступлениями против детей. В 2024 году сделан упор на выявление правонарушений в школах – это позволило обнаружить больше фактов вымогательства и травли среди подростков. С начала года зафиксировано 145 случаев буллинга, а с момента введения административной ответственности за травлю – 327. Профилактика буллинга ведется в координации с Министерством просвещения и включает меры правовой, психологической и социальной помощи.

Для оперативного реагирования на сигналы о насилии внедрен специальный алгоритм действий полиции. По всей стране действуют межведомственные мобильные группы при акиматах с участием полицейских, педагогов, прокуроров и соцслужб.

🔘 С начала года зафиксировано 59 случаев принудительной высадки детей из общественного транспорта – все они были пресечены. МВД напоминает, что эта норма регулируется на законодательном уровне, и ее нарушение влечет ответственность.

🔘 За всеми школами в Казахстане закреплены более 7,5 тыс. полицейских, которые проводят системную профилактическую работу. Только в этом году правоохранители провели более 52 тыс. правовых лекций, включая встречи с родителями, где разъясняются права и обязанности в сфере воспитания детей.

🔘 Также развивается такое направление как кибербезопасность. Департамент по противодействию киберпреступности МВД круглосуточно мониторит интернет на наличие противоправного контента. В текущем году выявлено свыше 58 тыс. опасных ресурсов, более 21 тыс. из них заблокированы через систему «Кибернадзор».

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
📌 Аптаның қорытынды жаңалықтары – біздің дәстүрлі жексенбілік дайджесте

🔸 Үкімет отырысы:


Өткен жылыту маусымының қорытындылары және келесі маусымға дайындық барысы қаралды.

✔️ Өткен жылыту маусымы үзіліссіз өтті, алдағы күзгі-қысқы кезеңге дайындық үшін жөндеу жұмыстарын жазғы кезеңде аяқтау қажет – Олжас Бектенов

✔️ Олжас Бектенов: Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ең алдымен 19 жылу орталығын жаңғырту жұмыстары аяқталды. 

✔️ Астана, Көкшетау, Риддер және Қызылорда қалаларындағы жылу көздерін жаңғырту үшін резервтен 25 млрд теңге бөлінді — Олжас Бектенов.

✔️ 2025 жылы Қазақстанда 621 МВт жаңа энергетикалық қуаттарды енгізу жоспарлануда.

✔️ Премьер-министр бірнеше өңірлердегі жөндеу жұмыстарын кешіктіру тәуекелдеріне назар аударып, бірқатар тапсырма берді.

🔸 Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов пен Германия Бундесратының Президенті Анке Релингер екі ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады.
 
🔸 Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Ауғанстан сауда және өнеркәсіп министрінің міндетін атқарушы Нуриддин Азизимен кездесу өткізді. Онда сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайту мәселелері талқыланды. Көлік-логистика, геологиялық барлау, ауыл шаруашылығы, цифрландыру, денсаулық сақтау, білім беру және тағы басқа салалардағы өзара іс-қимылды кеңейтуге назар аударылды.
 
🔸 Премьер-министр Олжас Бектенов Қазақстан-француз инвестициялық форумының жұмысын ашты, оған екі елдің бизнес-қоғамдастықтарының 300-ден астам өкілі қатысты.
 
🔸 Премьер-министр Олжас Бектенов сауда және логистика саласындағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту мәселелері жөніндегі Қазақстан-Италия бизнес-форумында сөз сөйледі. Олжас Бектенов итальяндық инвесторларды бірлескен жобаларды жүзеге асыруға қатысуға шақырды.
 
🔸 Ынтымақтастықты тереңдету перспективалары мен бірлескен жобаларды Премьер-министр Олжас Бектенов пен Дүниежүзілік банктің вице-президенті Антонелла Бассани талқылады.

🔸 Премьер-министр Олжас Бектенов пен FAO-ның бас директоры Цюй Дунъю азық-түлік қауіпсіздігіндегі бірлескен жобаларды талқылады.

🔸 Олжас Бектенов EKAZENT Management GmbH басшылығымен сауда және туризм салаларындағы инвестициялық жобаны жүзеге асыру мәселесін талқылады.
 
🔸 Олжас Бектенов пен БҰҰ Бас хатшысының орынбасары Хаолян Шу Орнықты даму мақсаттарын (ОДМ) жүзеге асырудағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

🔸 Олжас Бектенов Түркі мемлекеттері ұйымының Бас хатшысы Кубанычбек Өмірәлиевпен сауда-экономикалық ынтымақтастық мәселелерін талқылады.
 
🔸 Олжас Бектенов пен Каспий Құбыр консорциумының бас директоры Николай Горбанның кездесуінде ағымдағы және перспективалы инвестициялық бағдарламалардың іске асырылу барысы, сондай — ақ «Теңіз-Новороссийск» мұнай құбырын жаңғырту қарқыны талқыланды.
 
🔸 Олжас Бектенов ExxonMobil вице-президенті Питер Ларденмен мұнай-газ ынтымақтастығы мәселелері бойынша кездесу өткізді.

🔸 Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев SUEZ компаниясының аға вице-президенті Сильвер Делонемен келіссөздер өткізді. Кездесу барысында компанияның Қазақстанда Сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін жаңғырту жөніндегі ұлттық жобаны жүзеге асыруға қатысу мүмкіндігі талқыланды.

🔸 Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин TRAMITE GROUP негізін қалаушы, Қазақстан-Италия сауда-өнеркәсіп палатасының өкілетті өкілі Джанантонио Траметпен, Сербияның ішкі және сыртқы сауда министрі Ягода Лазаревичпен және Хорватия экономика министрі Анте Шушнярмен кездесті. Энергетика, инфрақұрылым, IT, ауыл шаруашылығы және фармацевтика саласындағы екіжақты қатынастар мен ынтымақтастықты нығайту мәселелері талқыланды.

🔸 Халықаралық балаларды қорғау күнінде ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ермек Көшербаев жұмыс сапарымен Қызылорда облысына барды.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
UKIMET
📌 Аптаның қорытынды жаңалықтары – біздің дәстүрлі жексенбілік дайджесте 🔸 Үкімет отырысы: Өткен жылыту маусымының қорытындылары және келесі маусымға дайындық барысы қаралды. ✔️ Өткен жылыту маусымы үзіліссіз өтті, алдағы күзгі-қысқы кезеңге дайындық үшін…
📌 Подводим итоги прошедшей недели в воскресном дайджесте
 
🔸 Заседание Правительства:

Рассмотрены итоги прошедшего отопительного сезона и подготовка к следующему.
 
✔️ Прошедший отопительный сезон прошел без сбоев, ремонтные работы для подготовки к предстоящему осенне-зимнему периоду нужно завершить за летний период – Олжас Бектенов.

✔️ Олжас Бектенов: по поручению Главы государства в приоритетном порядке завершена модернизация 19 теплоисточников.

✔️ На модернизацию теплоисточников в Астане, Кокшетау, Риддере и Кызылорде из резерва Правительства выделено 25 млрд тенге — Олжас Бектенов.

✔️ В Казахстане планируется ввести 621 МВт новых энергетических мощностей в 2025 году.

✔️ Руководитель Правительства обратил внимание на риски затягивания ремонтных работ в ряде регионови дал ряд поручений.
 
🔸 Развитие торгово-экономического сотрудничества между Казахстаном и Германией обсудили Премьер-министр РК Олжас Бектенов и Президент Бундесрата Анке Релингер.
 
🔸 Руководитель Правительства провел встречу с и.о. министра торговли и промышленности Афганистана Нуриддином Азизи. В центре внимания — расширение взаимодействия в транспортно-логистической сфере, геологоразведке, сельском хозяйстве, цифровизации, здравоохранении, образовании и других областях.
 
🔸 Премьер-министр Олжас Бектенов открыл работу Казахстанско-французского инвестиционного форума, в котором приняли участие свыше 300 представителей бизнес-сообществ двух стран.
 
🔸 Премьер-министр выступил на Казахстанско-итальянском бизнес-форуме по вопросам развития двустороннего сотрудничества в области торговли и логистики. Олжас Бектенов пригласил итальянских инвесторов участвовать в реализации совместных проектов.
 
🔸 Перспективы углубления сотрудничества и совместные проекты обсудили Премьер-министр Олжас Бектенов и вице-президент Всемирного банка Антонелла Бассани.
 
🔸 Премьер-министр провел встречу с Генеральным директором Продовольственной и сельскохозяйственной организации ООН (ФАО) Цюй Дунъюем.
 
🔸 Олжас Бектенов обсудил с руководством австрийской компании EKAZENT Management GmbH реализацию инвестиционного проекта в сфере торгово-туристической индустрии.
 
🔸 Премьер-министр Казахстана провел встречу с заместителем Генерального секретаря ООН, заместителем Администратора ПРООН Хаолян Шу. Обсуждены вопросы сотрудничества по реализации Целей устойчивого развития.
 
🔸 Олжас Бектенов обсудил с Генсеком Организации тюркских государств Кубанычбеком Омуралиевым вопросы торгово-экономического сотрудничества.
 
🔸 Обсуждены ход реализации текущих и перспективных инвестиционных программ, а также темпы модернизации нефтепровода «Тенгиз — Новороссийск» на встрече Олжаса Бектенова и генерального директора Каспийского Трубопроводного Консорциума Николая Горбаня.
 
🔸 Премьер-министр провел встречу с вице-президентом ExxonMobil Питером Ларденом по вопросам нефтегазового сотрудничества.
 
🔸 Заместитель Премьер-министра Канат Бозумбаев провел переговоры со старшим вице-президентом компании SUEZ Силвером Делоне. Обсуждалось возможное участие компании в реализации Национального проекта модернизации систем водоснабжения и водоотведения.
 
🔸 Заместитель Премьер-министра Серик Жумангарин встретился с представителями торгово-промышленной палаты Казахстан–Италия — Джанантонио Траметом, а также с министрами торговли Сербии Ягодой Лазаревич и экономики Хорватии — Анте Шушняром. Обсуждены вопросы укрепления двусторонних отношений и сотрудничества в энергетике, инфраструктуре, IT, сельском хозяйстве и фармацевтике.
 
🔸 В Международный день защитыдетей, заместитель Премьер-министра РК Ермек Кошербаев с рабочей поездкой посетил Кызылординскую область.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Ұлытау өңіріндегі ауыл тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз етуге қайтарылған активтер қаражаты жұмсалды

📌Қазақстанда Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша заңсыз иемденілген активтер есебінен қаржыландырылатын әлеуметтік маңызы бар нысандар салу жобаларын жүзеге асыру жұмысы жалғасуда.

🔺Үкімет Ұлытау облысында су құбыры желілерін тартуға Арнаулы мемлекеттік қордан 570 млн теңгеден астам қаржы бөлді.

🔹Жаңаарқа ауданындағы Ералиев ауылдық округі мен Ақбастау ауылының №189 разъезіндегі құбыр құрылысына 274 млн теңгеден астам қаржы бөлінген.

🔹Жаңаарқа ауданындағы Бидайық ауылдық округіне жаңа су құбырын тарту жоспарланып отыр. Бұл мақсатқа 296 млн теңге қарастырылған.

✔️Жоба тұрғындардың тұрмыс сапасын жақсартуға және ауылдық жерлерде инфрақұрылым құруға бағытталған. Барлық жұмыс аяқталғаннан соң Жаңаарқа ауданында халықты ауыз сумен қамтамасыз ету деңгейі 100%-ды құрайтын болады.

Елімізде сумен жабдықтау қызметіне қолжетімділік қалалық елді мекендерде 99,4%-ды, ауылдық жерлерде – 97,8%-ды құрайды. Ұлытау облысында ауыз сумен қалалар 100%, ауылдар 97,3% қамтылған.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM