UKIMET
18.5K subscribers
10.7K photos
1.81K videos
8.27K links
ҚР Үкіметінің ресми Telegram-каналы/ Официальный Telegram-канал Правительства РК

🌐 Сайт https://primeminister.kz/kz
🔗 Instagram https://instagram.com/primeministerkz
🔗 Facebook https://www.facebook.com/Primeminister.Kaz
🔗 https://t.me/ukimet_points
Download Telegram
Олжас Бектенов ExxonMobil вице-президенті Питер Ларденмен мұнай-газ ынтымақтастығы мәселелері бойынша кездесу өткізді

📌 Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов ExxonMobil компаниясының аға вице-президенті Питер Ларденмен кездесу өткізді. Мұнай-газ саласындағы ынтымақтастық, инфрақұрылымды дамыту және озық технологияларды енгізу жоспарлары талқыланды, түрлі бағыттар бойынша өзара іс-қимылды кеңейту перспективалары қаралды.

🔷 Кездесу барысында Теңіз және Қашаған кен орындарын қоса алғанда, негізгі бірлескен жобалардың ағымдағы мәртебесі мен іске асырылу барысына, сондай-ақ Каспий құбыр консорциумының құбыр жүйелерін одан әрі пайдалануға назар аударылды. Әсіресе, Қазақстанның әлемдік энергетикалық нарықтағы позициясын нығайта түсетін Теңіз кенішіндегі болашақ кеңейту жобасының іске қосылуы ерекше атап өтілді.

📌 Премьер-министр тауарлар бойынша локализациялау деңгейі жеткіліксіз болып қалатын Теңіз жобасы шеңберінде тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алудағы жергілікті қамту үлесін ұлғайту жөніндегі күш-жігерді жандандыру қажеттігін атап өтті.

Тараптар Қашаған кен орнын игеру кезеңдерін іске асыруды, оның ішінде өндіру көлемін ұлғайту және қуаттылығы жылына 2,5 млрд м3 газ өңдеу зауытын салу жоспарланып отырған 2А кезеңін іске асыру дайындығын талқылады. 2Б кезеңін іске асыру бойынша жедел шешім қабылдаудың маңыздылығы атап өтілді. Жалпы, жоба іске қосылған сәттен бастап кен орнында шамамен 906 млн баррель мұнай және 75 млрд м3 газ өндірілді, жалпы алынатын қорлары шамамен 15,885 млрд баррель мұнай және 1,4 трлн м3 газды құрайды.

➡️ Бұдан бөлек, қазақстандық мұнайды сыртқы нарықтарға тасымалдауда шешуші рөл атқаратын Каспий құбыр консорциумының мұнай құбырының тұрақты және үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету мәселелері қаралды.

🔘 Кездесу соңында тараптар серіктестікті нығайтуға және ірі инвестициялық жобаларды іске асыруға бағытталған ашық және сындарлы диалогқа дайын екендіктерін жеткізді.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
UKIMET
Олжас Бектенов ExxonMobil вице-президенті Питер Ларденмен мұнай-газ ынтымақтастығы мәселелері бойынша кездесу өткізді 📌 Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов ExxonMobil компаниясының аға вице-президенті Питер Ларденмен кездесу өткізді.…
Олжас Бектенов провел встречу с вице-президентом ExxonMobil Питером Ларденом по вопросам нефтегазового сотрудничества

📌 Премьер-министр Республики Казахстан Олжас Бектенов провел встречу со старшим вице-президентом компании ExxonMobil Питером Ларденом. Обсуждено сотрудничество в нефтегазовой сфере, планы по развитию инфраструктуры и внедрению передовых технологий, рассмотрены перспективы расширения взаимодействия по различным направлениям.

🔷 В ходе встречи внимание уделено текущему статусу и ходу реализации ключевых совместных проектов, включая Тенгизское и Кашаганское месторождения, а также дальнейшую эксплуатацию системы трубопроводов Каспийского трубопроводного консорциума. Особо отмечен запуск проекта будущего расширения на Тенгизе, который усилит позиции Казахстана на мировом энергетическом рынке.

📌 Премьер-министр подчеркнул необходимость активизации усилий по увеличению доли местного содержания в закупках товаров, работ и услуг в рамках Тенгизского проекта, где уровень локализации по товарам остается недостаточным.

Стороны обсудили реализацию этапов освоения месторождения Кашаган, включая подготовку к запуску Этапа 2А, в рамках которого планируется увеличение объемов добычи и строительство газоперерабатывающего завода мощностью 2,5 млрд м3/год. Подчеркнута важность ускоренного принятия решений по реализации Этапа 2Б. В целом с момента запуска проекта на месторождении добыто около 906 млн баррелей нефти и 75 млрд м³ газа при общих извлекаемых запасах порядка 15,885 млрд баррелей нефти и 1,4 трлн м³ газа.

➡️ Кроме того, рассмотрены вопросы обеспечения стабильной и бесперебойной работы нефтепровода Каспийского трубопроводного консорциума, который играет ключевую роль в транспортировке казахстанской нефти на внешние рынки.

🔘 В завершение встречи стороны подтвердили готовность к открытому и конструктивному диалогу, направленному на укрепление партнерства и реализацию крупных инвестиционных проектов.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Қазақстан мен Италия АӨК саласында бірлескен инвестициялық қор құруды талқылауда

📌
Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин TRAMITE GROUP негізін қалаушы, Қазақстан-Италия сауда-өнеркәсіп палатасының өкілетті өкілі Джанантонио Траметпен кездесті. Талқыланған негізгі тақырып – итальяндық инвесторлардың екі ел арасындағы сауда-экономикалық әріптестікті кеңейтуде ауыл шаруашылығы өнімін жеткізудің интеграцияланған жүйесін қалыптастыру жөніндегі бастамасы.

🔷 Жоба мақсаты – қазақстандық өндірушілердің Еуропа мен басқа аймақтардың нарығына шығуына мүмкіндік беретін сенімді логистикалық және инвестициялық платформа құру. Экспортта астық, ет, өсімдік майы, бұршақ дақылы, сүт өнімі, кептірілген жеміс, көкөніс пен жеміс пюресі бар. Сауда аймағы ЕО, Ресей, ТМД, Қытай, Оңтүстік-Шығыс Азия, Парсы шығанағы мен АҚШ елдерін қамтиды.

🔘 Түркістан облысындағы «AGRIQA Азия» ЖШС іске асыратын «Шардара экспорттық агроөнеркәсіптік кластері» жобасы қызу талқыланды. 2024–2028 жылдары жобаға €200 млн салынады. Оған 22 гектарлық жылыжай кешенін, жеміс-жидек комбинатын, жоңышқа түйіршіктеу зауытын, қызанақ зауытын салу және тамшылатып суарылатын 8000 гектар жерді игере отырып, агродивизионды дамыту кіреді.

Вице-премьер ҚР Сауда және интеграция министрлігіне өзара іс-қимылды арттыру үшін бірлескен жобаларды одан әрі талқылап, іске асыруда қазақстандық және итальяндық өндірушілерді біріктіретін сауда-экономикалық миссияны жедел ұйымдастыруды тапсырды.

🌐
Толығырақ primeminister.kz сайтында.



Казахстан и Италия обсуждают создание казахстанско-итальянского инвестиционного фонда в АПК

📌 Заместитель Премьер-министра – министр национальной экономики Республики Казахстан Серик Жумангарин встретился с основателем TRAMITE GROUP, полномочным представителем торгово-промышленной палаты Казахстан – Италия Джанантонио Траметом. Основной темой обсуждения стала инициатива итальянских инвесторов по формированию интегрированной системы поставок сельскохозяйственной продукции для расширения торгово-экономического партнерства между двумя странами.

🔷 Цель проекта – выстроить надежную логистическую и инвестиционную платформу, которая откроет казахстанским производителям доступ к рынкам Европы и других регионов. Ассортимент экспорта включает зерно, мясо, растительные масла, бобовые, молочную продукцию, сухофрукты, овощи и фруктовые пюре. География сбыта охватывает страны ЕС, Россию, СНГ, Китай, Юго-Восточную Азию, Персидский залив и США.

🔘 Ключевым пунктом обсуждения стал кластерный проект «Экспортный агропромышленный кластер Шардара» в Туркестанской области, реализуемый ТОО «AGRIQA Азия». С 2024 по 2028 годы в проект будет вложено 200 млн евро. Он включает строительство тепличного комплекса на 22 гектара, плодокомбината, завода по гранулированию люцерны, томатного завода и развитие агродивизиона с освоением 8000 гектаров земель под капельное орошение.

Для углубления взаимодействия вице-премьер поручил Министерству торговли и интеграции РК оперативно организовать торгово-экономическую миссию, которая объединит казахстанских и итальянских производителей для дальнейшего обсуждения и реализации совместных проектов.

🌐 Подробнее на сайте primeminister.kz

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Олжас Бектенов EKAZENT Management GmbH басшылығымен сауда және туризм салаларындағы инвестициялық жобаны жүзеге асыру мәселесін талқылады

📌 Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Астана халықаралық форумының қатысушылары – аустриялық EKAZENT Management GmbH компаниясының басшылығы: бас операциялық директор Габриэль Константин Кефер, басқарушы директор Норберт Пфундермен кездесу өткізді. Онда Қазақстанның сауда және туристік әлеуетін дамыту бойынша бірлескен жұмысқа көңіл бөлінді.

EKAZENT Management – сауда және аутлет орталықтарын басқару қызметтерінің толық кешенін ұсынатын аустриялық жылжымайтын мүлік нарығындағы көшбасшыларының бірі.

🔷 Кездесу барысында ынтымақтастық бағыттары, атап айтқанда, Алматы облысында аутлет орталығын салу бойынша инвестициялық жобаны жүзеге асыру перспективалары талқыланды. Жоба өңірдің сауда және туристік тартымдылығын арттыруға бағытталған және тек Қазақстаннан ғана емес, көршілес елдерден де сатып алушыларды тартуға арналған.

Орталықтың құрылысы шағын және орта бизнесті дамуытуға, инвестиция тартуға және тауар айналымын арттыруға тың серпін береді.

📌 Тараптар Қазақстанда заманауи коммерциялық жобаларды, оның ішінде дамыған логистикалық инфрақұрылымды жүзеге асыру үшін барынша қолайлы жағдай жасалғанын атап өтті. Туристік әлеуеті мен өңірдің ірі экономикалары: Қытай, Ресей және Орталық Азия елдері маңында қолайлы географиялық орналасуы Қазақстан нарығын анағұрлым тартымды етіп отыр.

🔘 Кездесу соңында қатысушылар жобаны іс жүзінде іске асыруға дайын екендерін жеткізді.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
UKIMET
Олжас Бектенов EKAZENT Management GmbH басшылығымен сауда және туризм салаларындағы инвестициялық жобаны жүзеге асыру мәселесін талқылады 📌 Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Астана халықаралық форумының қатысушылары – аустриялық EKAZENT…
Олжас Бектенов обсудил с руководством EKAZENT Management GmbH реализацию инвестпроекта в торгово-туристической сфере

📌 Премьер-министр Республики Казахстан Олжас Бектенов провел встречу с участниками Международного форума Астана – руководством австрийской компании EKAZENT Management GmbH: главным операционным директором Габриэлем Константином Кефером, управляющим директором Норбертом Пфундером. Внимание уделено совместной работе по развитию торгово-туристического потенциала Казахстана.

EKAZENT Management – один из лидеров австрийского рынка недвижимости, предоставляющих полный спектр услуг по управлению торговыми и аутлет-центрами.

🔷 В ходе встречи обсуждены направления сотрудничества, в частности перспективы реализации инвестиционного проекта по строительству аутлет-центра в Алматинской области. Проект ориентирован на развитие торгово-туристической привлекательности региона, рассчитан на привлечение покупателей не только из Казахстана, но и соседних стран.

Строительство центра даст новый импульс развитию малого и среднего бизнеса, привлечению инвестиций и росту товарооборота.

📌 Стороны подчеркнули, что Казахстан располагает всеми необходимыми условиями для реализации современных коммерческих проектов, в том числе развитой логистической инфраструктурой. Дополнительную привлекательность казахстанскому рынку придает его туристический потенциал, а также выгодное географическое расположение – вблизи крупнейших экономик региона: Китая, России и стран Центральной Азии.

🔘 В завершение участники встречи подтвердили готовность к практической реализации проекта.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
UKIMET
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Олжас Бектенов Түркі мемлекеттері ұйымының Бас хатшысы Кубанычбек Өмірәлиевпен сауда-экономикалық ынтымақтастық мәселелерін талқылады

📌 Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Қазақстанға Астана халықаралық форумына қатысу үшін келген Түркі мемлекеттері ұйымының Бас хатшысы Кубанычбек Өміралиевпен кездесу өткізді.

🔷 Онда жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру мәселелері, сондай-ақ ТМҰ-ға мүше мемлекеттер арасындағы өзара ынтымақтастықты одан әрі кеңейту жолдары талқыланды. Қазіргі уақытта ұйым аясында өзара іс-қимылдың жаңа форматтары құрылып, әлеуметтік саясат, қоршаған ортаны қорғау, өнеркәсіп, ғылым, технология және инновация сияқты басқа да салалар бойынша жұмыс жүргізілуде.

Сауда-экономикалық ынтымақтастықты жандандыруға және өзара жеткізілімдер ауқымын кеңейтуге назар аударылды. 2024 жылы Қазақстанның ТМҰ-ға мүше мемлекеттермен тауар айналымы $11,4 млрд-ты құрады. Сонымен қатар қолда бар әлеует ағымдағы көрсеткіштерден едәуір кең екені атап өтілді. Осыған байланысты Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев сауда қатынастарын одан әрі дамытуға бағытталған жеке құжат әзірлеуге бастамашы болды.

➤ Кездесу барысында гуманитарлық бастамалар да талқыланды. Ақтау түркі әлемінің мәдени астанасы болып жарияланды, осы жылдың маусым айынан бастап Алматы ТМҰ-ның жастар астанасы болады. Түркі мәдениеті мен тарихи мұрасын сақтауға және насихаттауға бағытталған іс-шаралар жоспарланған.

🔘 Кездесу қорытындысы бойынша тараптар тиімді ынтымақтастықты одан әрі дамытуға толық ықпал етуге дайын екендіктерін жеткізді.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
UKIMET
Олжас Бектенов Түркі мемлекеттері ұйымының Бас хатшысы Кубанычбек Өмірәлиевпен сауда-экономикалық ынтымақтастық мәселелерін талқылады 📌 Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Қазақстанға Астана халықаралық форумына қатысу үшін келген Түркі…
Олжас Бектенов обсудил с Генсеком Организации тюркских государств Кубанычбеком Омуралиевым вопросы торгово-экономического сотрудничества

📌 Премьер-министр Республики Казахстан Олжас Бектенов провел встречу с Генеральным секретарем Организации тюркских государств Кубанычбеком Омуралиевым, прибывшим в Казахстан для участия в Международном форуме Астана.

🔷 Обсуждены вопросы реализации договоренностей, достигнутых на высшем уровне, а также пути дальнейшего расширения взаимодействия между государствами-членами ОТГ. В настоящее время в рамках организации созданы новые форматы взаимодействия, ведется работа по таким направлениям, как социальная политика, охрана окружающей среды, промышленность, наука, технологии и инновации и др.

Внимание уделено активизации торгово-экономического сотрудничества и расширению номенклатуры взаимных поставок. В 2024 году товарооборот Казахстана с государствами-членами ОТГ составил $11,4 млрд. Вместе с тем, отмечено, что имеющийся потенциал значительно шире текущих показателей. В этой связи Президентом Казахстана Касым-Жомартом Токаевым была инициирована разработка отдельного документа, направленного на дальнейшее развитие торговых связей.

➤ В ходе встречи также обсуждены гуманитарные инициативы. Актау объявлен культурной столицей тюркского мира, с июня текущего года Алматы станет молодежной столицей ОТГ. Запланированы мероприятия, направленные на сохранение и популяризацию тюркской культуры и исторического наследия.

🔘 По итогам встречи стороны выразили готовность всецело способствовать дальнейшему развитию эффективного и взаимовыгодного сотрудничества.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🇹🇲🇰🇬🇺🇿 🇹🇯

Астанаға «Орталық Азия – Италия» саммитіне қатысу үшін Түрікменстан Президенті – Сердар Бердімұхамедов, Қырғызстан Президенті – Садыр Жапаров, Өзбекстан Президенті – Шавкат Мирзиёев және Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон келді.



🇹🇲🇰🇬🇺🇿 🇹🇯

В Астану для участия в Саммите «Центральная Азия – Италия» прибыли президенты Туркменистана – Сердар Бердымухамедов, Кыргызстана – Садыр Жапаров, Узбекистана – Шавкат Мирзиёев и Таджикистана – Эмомали Рахмон.

🎥 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM