UKIMET
18.4K subscribers
10.7K photos
1.82K videos
8.27K links
ҚР Үкіметінің ресми Telegram-каналы/ Официальный Telegram-канал Правительства РК

🌐 Сайт https://primeminister.kz/kz
🔗 Instagram https://instagram.com/primeministerkz
🔗 Facebook https://www.facebook.com/Primeminister.Kaz
🔗 https://t.me/ukimet_points
Download Telegram
📌 Қостанай облысында Премьер-министр сондай-ақ жылумен үздіксіз қамтамасыз ету және өңірді жаңа жылыту маусымына дайындау жөніндегі шаралардың іске асырылу барысын тексерді. Атап айтқанда, Арқалық ЖЭО қызметімен және жылу желілерін жаңғырту жоспарларымен танысты. Станса 375 ғимаратқа қызмет көрсетеді. ЖЭО коммуникациялардың тозу деңгейінің жоғарылығына байланысты тәуекелі жоғары қызыл аймақтағы жылу көздерінің тізіміне кіреді. Әкімдіктің мәліметінше, соңғы екі жылда 17 шақырымнан астам жылу желілері ауыстырылды, бұл 2024-2025 жылыту маусымын апатты жағдайда тоқтап қалуынсыз өткізуге мүмкіндік берді. Биыл тағы 9,9 шақырым жылу трассасын жөндеу жоспарланып отыр. Жаңғырту жобасын іске асыру қорытындысы бойынша Арқалықтағы жылу желілерінің тозуы 12%-ға төмендейді деп күтілуде. «Арқалық жылу энергетикалық компаниясы» МКК директоры Жасұлан Әбдірахманов сұйық отын ретінде пайдаланылған мазуттан көмірге көшудің арқасында кәсіпорын шығындарын 2,2 млрд теңгеге азайтуға қол жеткізілгенін баяндады.

Жалпы облыс бойынша 2024-2025 жылыту кезеңіне дайындық шеңберінде жабдыққа, жылу желілеріне және электр беру желілеріне күрделі жөндеу жүргізілді. Өңірде тозу көрсеткішін әрі қарай төмендету мақсатында биыл жалпы ұзындығы 27,9 шақырым жылу трассасын қайта жаңарту бойынша 22 жоба іске асырылуда.

🔘 Сонымен қатар Премьер-министрге өңірдегі «жасыл» энергетиканы дамыту бойынша жоспарлар таныстырылды. Қостанай облысында энергия жинақтау жүйесі бар қуаты 1 ГВт жел электр стансасын салу жөніндегі бастамаға назар аударылды. 2025–2028 жылдары 165 жел генераторын орнату қарастырылуда. Жел электр стансасының құрылысы көміртегі қалдықтарын жылына 3,3 млн тоннаға азайтуға мүмкіндік береді.

Бұдан бөлек, Арқалық қаласы мен Қостанай ауданында қуаттылығы 150 МВт болатын үш жел электр стансасының құрылысы көзделген. Жалпы, алдағы екі жылда ЖЭК саласында жиынтық қуаты 1,2 ГВт болатын 6 жаңа жоба іске асырылады. Бастамаларды жүзеге асыру қорытындысы бойынша өңірде электр энергиясын өндіру 10 есеге артады. Электр энергиясын қосымша өндіру өнеркәсіпті дамыту жөніндегі жоспарларды ескере отырып, өңірдің өсіп келе жатқан қажеттіліктерін жабуға мүмкіндік береді. 2028 жылға қарай Қостанай облысының баламалы энергия көздерінің жалпы өнімділігін 1,3 ГВт-қа дейін жеткізу жоспарлануда.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Олжас Бектенов проверил реализацию поручений Президента по развитию транспортной и энергетической инфраструктуры в Костанайской области

📌 В ходе рабочей поездки в Костанайскую область Премьер-министр Олжас Бектенов проверил исполнение поручений Президента, озвученных на IV заседании Национального курултая и Совета безопасности, по развитию автодорожной сети, восстановлению аэропорта Аркалыка, модернизации системы энергоснабжения и развитию ВИЭ.

🔷 В городе Аркалыке Премьер-министр ознакомился с деталями проекта по строительству автодороги «Центр–Запад», нацеленной на улучшение транспортной связанности между регионами. Новая автомагистраль соединит Астану с Транскаспийским международным транспортным маршрутом через Аркалык, Тургай и Иргиз. Проект предполагает строительство современной трассы, соответствующей международным стандартам. Вице-министр транспорта Сатжан Аблалиев доложил, что планируется обустройство трех транспортных развязок, 20 мостов, одного путепровода через железную дорогу, подъездных дорог к населенным пунктам. В результате маршрут от Астаны до западных областей будет сокращен на 560 км, что позволит проходить его на 5 часов быстрее.

По данным Министерства транспорта, техническая категория трассы будет повышена с III до II уровня. Новый маршрут охватит 13 населенных пунктов с населением 70 тыс. человек. Пропускная способность достигнет 3 тыс. авто в сутки. В целом реализация проекта позволит превратить город в ключевой логистический узел между севером и югом страны, а также между Центральной Азией и Россией. Это обеспечит надежную транспортную связь и станет стимулом для развития бизнеса и экономики региона.

🔻 Премьер-министр поручил приступить к строительству автодороги в течение одного месяца.

«Это проект, реализуемый по поручению Президента. Важная дорога для всей страны и Торгайского региона, поэтому необходимо отнестись с максимальной ответственностью.
В течение месяца надо начать работы по проекту, провести их быстро и качественно. Вдоль новой дороги будут созданы возможности для бизнеса.

Проект даст новый импульс развитию региона. Поэтому нужно совместно с министерством провести соответствующие работы»,

— отметил Олжас Бектенов.

🔷 Также Премьер-министру доложили о ходе ремонтных работ на республиканской автомобильной дороге «Жезказган-Петропавловск». Проектом предусмотрено обновление дорожного покрытия на 71 км дороги, прокладка 54 водопропускных труб. Работами охвачен участок от границы Улытауской области до города Аркалык общей протяженностью 87 км. Реализация проекта позволит сократить расстояние от южных регионов до столицы на 600 км, до Костаная и Петропавловска — на 450 км. Пропускная способность дороги возрастет до 2,5 тыс. автомобилей в сутки.

🔷 Кроме того, проверены работы по восстановлению аэропорта в городе Аркалыке. Заместитель акима Костанайской области Берик Танжариков доложил, что объект располагает взлетно-посадочной полосой длиной 2,5 тыс. м и шириной 50 м, а также перроном размером 200x300 м, что позволяет принимать такие типы воздушных судов, как АН-24, Q400, CRJ 200. В рамках проекта планируется строительство нового терминала, а также реконструкция взлетно-посадочной полосы, рулежной дорожки и перрона. По завершении работ пропускная способность составит 70 пассажиров в час.

📌 Олжас Бектенов поручил завершить работы по восстановлению аэропорта в текущем году. Отмечено стратегическое значение реализуемых проектов, а также важность развития транспортной инфраструктуры и повышения мобильности населения.

«Казахстан обладает широким потенциалом в транспортной отрасли и должен стать ключевым транзитным хабом в регионе. Мы последовательно развиваем соответствующую инфраструктуру — это стратегическая задача. У нас есть все необходимые ресурсы и возможности. Важно реализовать проекты в кратчайшие сроки, без потери качества. Это даст серьезный импульс развитию регионов и станет важным инструментом диверсификации экономики»,

— подчеркнул Олжас Бектенов.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
UKIMET
Олжас Бектенов проверил реализацию поручений Президента по развитию транспортной и энергетической инфраструктуры в Костанайской области 📌 В ходе рабочей поездки в Костанайскую область Премьер-министр Олжас Бектенов проверил исполнение поручений Президента…
📌 В Костанайской области Премьер-министр также проверил ход реализации мер по обеспечению бесперебойного теплоснабжения и подготовке региона к новому отопительному сезону. В частности, ознакомился с деятельностью Аркалыкской ТЭЦ и планами по модернизации теплосетей. Станция обслуживает 375 зданий. ТЭЦ входит в перечень теплоисточников в красной зоне риска по причине высокого износа коммуникаций. По данным акимата, за последние два года произведена замена более 17 км теплосетей, что позволило провести отопительный сезон 2024–2025 без аварийных отключений. В текущем году планируется ремонт еще 9,9 км тепловых трасс. По итогам реализации проекта модернизации ожидается снижение износа теплосетей в Аркалыке на 12%. Директор ГКП «Аркалыкская теплоэнергетическая компания» Жасулан Абдрахманов доложил, что благодаря переходу с мазута, использовавшегося в качестве жидкого топлива, на уголь, затраты предприятия удалось сократить на 2,2 млрд тенге.

В целом по области в рамках подготовки к отопительному периоду 2024–2025 проведен капитальный ремонт оборудования, тепловых сетей и линий электропередач. Для дальнейшего снижения износа в регионе в текущем году реализуются 22 проекта по реконструкции теплотрасс общей протяженностью 27,9 км.

🔘 Вместе с тем Премьер-министру представили планы по развитию «зеленой» энергетики в регионе. Внимание уделено инициативе по строительству ветроэлектростанции мощностью 1 ГВт с системой накопления энергии в Костанайской области. В 2025–2028 годы планируется установка 165 ветрогенераторов. Строительство ветроэлектростанции позволит сократить выбросы углерода на 3,3 млн тонн в год.

Кроме того, в городе Аркалыке и Костанайском районе запланировано строительство трех ветровых электростанций мощностью 150 МВт. В целом, в ближайшие два года будут реализованы 6 новых проектов в сфере ВИЭ суммарной мощностью 1,2 ГВт. По итогам реализации инициатив производство электроэнергии в регионе увеличится в 10 раз. Дополнительная выработка электроэнергии позволит покрыть растущие потребности региона с учетом планов по развитию промышленности. К 2028 году общую производительность альтернативных источников энергии Костанайской области планируется довести до 1,3 ГВт.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Премьер-министр Олжас Бектенов Қостанай облысының шаруаларымен мемлекеттік қолдау шаралары және АӨК-ті дамыту мәселесін талқылады

📌 Қостанай облысына жұмыс сапары аясында Премьер-министр Олжас Бектенов көктемгі дала жұмыстарының барысын тексеріп, өңірдің ауыл шаруашылығы құрылымдары өкілдерімен агроөнеркәсіп кешенін дамытудың өзекті мәселелерін талқылады.

🔷 Премьер-министрге «Село Восточное» ЖШС жұмысын көрсету арқылы саланы мемлекеттік қолдау шараларының тиімділігі туралы баяндады. Ағымдағы егіс науқанында фермерлер тұқымдармен, дизель отыны және минералды тыңайтқыштармен толық қамтамасыз етілген. «Село Восточное» ЖШС директоры Иван Попович биыл жалпы жаздық егіс 54 мың гектарды құрайтынын хабарлады. Оның ішінде бидай 47 мың гектар алқапқа, арпа 5,3 мың гектарға егілді. Шаруашылық өсірілген астықты ішкі нарықтың қажеттіліктерін жабу үшін өткізеді.

Өз кезегінде Қостанай облысы әкімінің орынбасары Арман Әбенов өңірдегі көктемгі егіс жұмыстарының қарқыны туралы баяндады. Еліміздің ең ірі астықты өңірі биыл 5,1 млн гектар алқаптан өнім алады, оның ішінде дәнді және бұршақты дақылдар 4,2 млн гектарға егіледі деп жоспарлануда. Әртараптандыру шеңберінде майлы дақылдардың, әлеуметтік маңызы бар және жем-шөп дақылдарының үлесі артып келеді. Биыл фермерлер минералды тыңайтқыштарды енгізудің көлемін 1,3 есеге – 337,6 мың тоннаға дейін арттыруды жоспарлап отыр. Қаржы институттары арқылы жеңілдетілген несиелеу бағдарламалары бойынша ауыл шаруашылығы құрылымдарына 91,5 млрд теңге бөлінді, бұл өткен жылдың деңгейінен 1,2 есе көп.

🔘 Сондай-ақ 2025 жылы өңірде АӨК саласында құны 52,5 млрд теңгені құрайтын 36 инвестициялық жобаны пайдалануға беру жоспарлануда, бұл 600-ден астам жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. Бұл ретте 2027 жылға дейін 93 жоба мен 4,4 мың жұмыс орнын ашу көзделген.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
📌 Егіс алқабында Премьер-министр Қостанай облысының ірі ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерімен кездесті. Ауыл шаруашылығын дамытудың өзекті мәселелері, оның ішінде IV Ұлттық құрылтайда Президенттің жалпы өнім шығару мен еңбек өнімділігін арттыру және астықты терең өңдеу көлемін ұлғайту жөніндегі міндеттерін ескере отырып талқыланды. Өсімдік шаруашылығын ғана емес, ауылда жыл бойы жұмыспен қамтуды қамтамасыз ететін сала ретінде мал шаруашылығын да дамытуға назар аударылуда. Кездесу барысында «Алтынсарино» ЖШС басшысы Борис Князев, «AB agro» ЖШС басшысы Нұрқанат Тәжнияз, «Сыма-К» ЖШС басшысы Манат Карбозов және басқалары сөз сөйледі. Айналым қаражатын толықтыру үшін шаруаларды субсидиялау, мал шаруашылығы саласындағы инвестициялық жобаларды жеңілдікпен қаржыландыру, сала үшін білікті мамандар даярлау, сондай-ақ ауылдық елді мекендерді дамытуға бизнестің белсенді қатысуы мәселелері көтерілді.

«Алтынсарино» ЖШС директоры Борис Князев жыл сайын көптеген кәсіпорындар пайдаланатын жеңілдетілген несиелеу бағдарламасының маңыздылығын атап өтті. Мәселен, шаруашылық техникасының негізгі бөлігі – 326 трактор, 56 тұқым себу кешені және 87 өнімділігі жоғары комбайндар мемлекеттік қолдау бағдарламалары арқылы сатып алынды.
«Біз ауыл шаруашылығын қолдауға 700 млрд теңге бөліп, бұл көрсеткішті 1 трлн теңгеге жеткізгіміз келеді деген шешімді қуана қабылдадық. Бұл өте жақсы. Біз әртүрлі салаларда – құрылыс, ЖЖМ, салықтар бойынша қолдауға ие болып отырмыз. Мемлекеттің қамқорлығына өнім өндірісін ұлғайту арқылы жауап беру қажет екенін түсінеміз. Сондай-ақ адамдарға, әлеуметтік мәдени өмірге қамқорлық жасау керек, бұған да назар аударамыз. Мысалы, біздің шаруашылық 10 абаттандырылған үй салып жатыр. Өткен жылы газдандыруға, асфальт төсеуге, үй салуға және абаттандыруға шамамен 1 млрд теңге жұмсалды. Мемлекет көмектессе, оған қоса өзіміз де инвестиция салсақ, жүк жеңіл»,

— деп атап өтті «Алтынсарино» ЖШС директоры Борис Князев.

«AB agro» ЖШС директоры Нұрқанат Тәжнияз 12 мың басқа арналған қой фермасын құру жоспарымен бөлісті. Өңірде жүзеге асырылып жатқан АӨК инвестициялық жобаларын қаржыландыру бойынша Солтүстік Қазақстан облысының тәжірибесін кеңейту бағдарламасына қатысу мәселесі көтерілді.

«Сыма-К» ЖШС директоры Манат Карбозов өз кезегінде мемлекеттік қолдау шаралары аясында шаруашылық үш жыл ішінде мал басын екі есеге – 1,5 мың басқа дейін арттырғанын жеткізді.

🔻 Шаруалармен кездесу барысында Олжас Бектенов Үкімет агроөнеркәсіп кешенін қолдау бойынша жүйелі жұмыс жүргізіп жатқанын айтты.
«Президенттің тапсырмасымен соңғы жылдары ауыл шаруашылығы саласына үлкен көңіл бөлініп жатқанын білесіздер. Былтырдан бері салаға қомақты қаржы құйылып жатыр. Салыстыратын болсақ, 2022 жылға дейін қаржыландыру көлемі 70 млрд теңгеден аспайтын. Биыл 700 млрд теңге инвестиция салып отырмыз. Мемлекеттік қолдау 10 есеге артты. Көрсеткіштерге сәйкес, ауыл шаруашылығының жалпы ішкі өнімі шамамен 4%-ды құрайды. Бұл – аса үлкен көрсеткіш емес, алайда, ұлттық қауіпсіздік мәселесі. Біз өзімізді негізгі азық-түлік түрлерімен қамтамасыз етуіміз керек. Келесі жылы қолдау көлемін одан әрі арттырамыз»,

— деп атап өтті Олжас Бектенов.

🔘 Сонымен қатар ауылдық аумақтарды дамытудың және бизнестің әлеуметтік жауапкершілігінің маңыздылығы атап өтілді. Мемлекеттің қолдауына ие болып отырған ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер өз кезегінде ауылда өмір сүру сапасын арттыру үшін өз үлестерін қосып, барлық қажетті жағдайларды жасауға тиіс.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM