UKIMET
18.4K subscribers
10.7K photos
1.82K videos
8.27K links
ҚР Үкіметінің ресми Telegram-каналы/ Официальный Telegram-канал Правительства РК

🌐 Сайт https://primeminister.kz/kz
🔗 Instagram https://instagram.com/primeministerkz
🔗 Facebook https://www.facebook.com/Primeminister.Kaz
🔗 https://t.me/ukimet_points
Download Telegram
Шығыс Қазақстан облысында 618 мың гектарға дейін егіс алқабы ұлғайтылды

📌 Мемлекет басшысының Шығыс Қазақстан облысында ауыл шаруашылығы өнімін өндіру көлемін ұлғайту жөніндегі тапсырмаларын орындау аясында егіс алқабы 618 мың гектарға дейін ұлғайтылды.

«Биыл ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алқабы өткен жылғымен салыстырғанда 10,8 мың гектарға ұлғайтылып, 618,1 мың гектарды құрайды. Оның ішінде: 252,6 мың гектары дәнді және бұршақ дақылдары, 224,5 мың гектары майлы дақылдарды алады»,

— деді өңір әкімі.

✔️ Қазіргі уақытта 207,5 мың га (жоспардың 33%) егілді, оның 111,0 мың га (44%) дәнді дақылдар, ал 96,5 мың га (43%) майлы дақылдар.



До 618 тыс. га увеличена посевная площадь в Восточно-Казахстанской области


📌 В рамках исполнения поручений Главы государства по увеличению объемов производства сельхозпродукции в Восточно-Казахстанской области площадь посевной площади увеличена до 618 тыс. га. Об этом на заседании Правительства сообщил аким региона Нурымбет Сактаганов.

«В этом году посевная площадь сельскохозяйственных культур увеличена на 10,8 тыс. га к уровню прошлого года и составит 618,1 тыс. га. Из них: 252,6 тыс. га займут зерновые и зернобобовые культуры, 224,5 тыс. га — масличные»,

— сообщил аким региона.

✔️ На данный момент в регионе засеяно 207,5 тыс. га (33% от плана), из которых 111,0 тыс. га (44%) занимают зерновые культуры, а 96,5 тыс. га (43%) — масличные культуры.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Үкімет ауыл шаруашылығы жұмыстарын қаржыландыру және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету бойынша қажетті шаралар қабылдады — Олжас Бектенов

📌 Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында көктемгі егіс жұмыстарының барысы және вегетациялық кезеңді өткізу мәселелері қаралды.

🔻 Ұлттық азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен аграрлық сектордың экспорттық әлеуетін нығайту мемлекеттік басым бағыттар қатарында қалып отыр. Бұл тұрғыда егіс науқанын уақтылы әрі сапалы өткізу айрықша маңызға ие.
«Үкімет ауыл шаруашылығы жұмыстарын қаржыландыру мен материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету бойынша барлық қажетті шараларды қабылдады. Осы кезеңде жоспарланған іс-шаралардың тиімді әрі үйлесімді іске асырылуын қамтамасыз ету өте маңызды. Егіс науқаны белгіленген мерзімдерде аяқталуы керек.

Мемлекет басшысы атап өткендей, диқандар ішкі және сыртқы нарықта тұрақты сұранысы байқалатын дақылдардың егіс алқаптарын ұлғайту қажет, сондай-ақ осындай бағыттарда мемлекеттік қолдауға басымдық берілуі тиіс.

Егіс алқаптарының құрылымын әртараптандыру бойынша бекітілген жоспарлар іске асырылуы қажет»,

— деп атап өтті Олжас Бектенов.



Правительством приняты необходимые меры по финансированию и материально-техническому обеспечению сельхозработ – Олжас Бектенов


📌 На заседании Правительства под председательством Премьер-министра Олжаса Бектенова рассмотрены вопросы проведения весенне-полевых работ и прохождения вегетационного периода.

🔻 Отмечено, что обеспечение национальной продовольственной безопасности и укрепление экспортного потенциала аграрного сектора остаются в числе приоритетов государства. В данном контексте ключевое значение обретает своевременное и качественное проведение посевной кампании.
«Правительством приняты необходимые меры по финансированию и материально-техническому обеспечению сельхозработ. На данном этапе особенно важно обеспечить эффективную и слаженную реализацию запланированных мероприятий. Посевная должна быть завершена в установленные сроки.

Как подчеркивал Глава государства, аграриям необходимо наращивать площади посевов тех культур, на которые наблюдается устойчивый внутренний и внешний спрос, а также обеспечить приоритетную государственную поддержку таких направлений.

Утвержденные планы по диверсификации структуры посевных площадей должны быть реализованы»,

— отметил Олжас Бектенов.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Олжас Бектенов ішкі нарықты тыңайтқыштармен қамтамасыз ету мақсатында отандық өндірушілерді ынталандыру шараларын күшейтуді тапсырды

📌 Үкімет отырысы барысында Премьер-министр Олжас Бектенов минералды тыңайтқыштарды салу көлемі әлі де болса, ғылыми дәлелденген қажеттіліктен анағұрлым аз болып отырғанын баса айтты.
«Ішкі нарықты тыңайтқыштармен басым тәртіппен қамтамасыз ету мақсатында отандық өндірушілерді ынталандыру шараларын қабылдау қажет.

Өнеркәсіп және құрылыс, Ауыл шаруашылығы министрліктеріне диқандарды жеткілікті көлемде қолжетімді тыңайтқыштармен қамтамасыз ету бойынша тиісті жұмысты үйлестіруді тапсырамын»,

— деп атап өтті Премьер-министр.



Олжас Бектенов поручил усилить поддержку местных производителей удобрений для покрытия потребностей внутреннего рынка


📌 В ходе заседания Правительства Премьер-министр Олжас Бектенов отметил, что объем внесения минеральных удобрений до сих пор не соответствует научно обоснованной потребности.

«Необходимо принять меры по стимулированию отечественных производителей для приоритетного обеспечения удобрениями внутреннего рынка.

Министерствам промышленности и сельского хозяйства поручаю обеспечить надлежащую координацию по снабжению аграриев доступными удобрениями в достаточном объеме»,

— отметил Премьер-министр.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Премьер-министр шаруалар үшін жеңілдетілген ЖЖМ туралы: Оны мақсатсыз пайдалану, алыпсатарлық өткізу және жасанды тапшылық жасау фактілеріне мүлдем жол беруге болмайды

📌 Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов аграршылар үшін жеңілдікті дизель отынын тұрақты жеткізуді қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өтті.

«Белгіленген көлемде арзандатылған дизель отынымен үздіксіз қамтамасыз ету мәселесі ерекше назар аударуды талап етеді. Бұл бірінші кезекте – әкімдіктердің жауапкершілігі. Бүгінгі таңда шамамен 220мың тонна отын жөнелтілді.

Бұны мақсатсыз пайдалану, алыпсатарлықпен өткізу және жасанды тапшылық жасау фактілеріне мүлдем жол беруге болмайды.

Отынның барлық қажетті мөлшері фермерлерге бекітілген кесте бойынша жеткізіп берілуі тиіс»,

— деп атап өткен Премьер-министр облыс әкімдіктеріне жанар-жағармай материалдарымен үздіксіз жабдықтау мақсатында жүйелі мониторингіні қамтамасыз етіп, жеңілдетілген дизель отынының жөнелтілген және қалған көлемі туралы жаңартылған ақпаратты апта сайын Энергетика министрлігіне ұсынуды тапсырды.



Премьер-министр о льготном ГСМ для аграриев: Недопустимы факты их нецелевого использования, спекулятивной реализации и создания искусственного дефицита


📌 На заседании Правительства Премьер-министр Олжас Бектенов подчеркнул важность обеспечения стабильных поставок льготного дизтоплива для аграриев.

«Отдельного внимания требует вопрос бесперебойного обеспечения удешевленным дизельным топливом в установленных объемах. Это зона ответственности в первую очередь акиматов. На сегодня уже отгружено порядка 220 тыс. тонн.

Недопустимы факты их нецелевого использования, спекулятивной реализации и создания искусственного дефицита.

Весь необходимый объем топлива должен быть отгружен фермерам по утвержденному графику»,

— отметил Премьер-министр, поручив акиматам областей для бесперебойного снабжения фермеров ГСМ обеспечить системный мониторинг и на еженедельной основе представлять Министерству энергетики актуализированную информацию об отгруженных и остаточных объемах льготного дизтоплива.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Олжас Бектенов АӨК-ті мемлекеттік қолдау құралдарын мақсатсыз пайдалануға жол бермеуді тапсырды

📌 Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында көктемгі егіс жұмыстарының барысы және АӨК-ті мемлекеттік қолдау шаралары қаралды.

«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша биыл мемлекеттік қолдау көлемі едәуір ұлғайды. Көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге 700 млрд теңге, жеңілдетілген лизинг бағдарламаларына 200 млрд теңге бөлінді.

Бұл ретте қаржыландыру тек қана тиімді әрі адал өндірушілерге берілуі тиіс»,

— деп атап өтті Олжас Бектенов.

📌 Премьер-министр әкімдіктерге бюджет қаражатының мақсатты және ұтымды пайдаға асуына тұрақты негізде мониторинг жүргізуді тапсырды.



Олжас Бектенов поручил не допустить нецелевого использования средств господдержки АПК


📌 На заседании Правительства под председательством Премьер-министра Олжаса Бектенова рассмотрены вопросы проведения весенне-полевых работ, включая меры господдержки АПК.

«По поручению Главы государства в текущем году существенно увеличены объемы государственной поддержки. 700 млрд тенге выделено на проведение весенне-полевых и уборочных работ, 200 млрд тенге на программы льготного лизинга.

При этом финансирование должно предоставляться исключительно эффективным и добросовестным производителям»,

— подчеркнул Олжас Бектенов.

📌 Премьер-министр поручил акиматам обеспечить на постоянной основе мониторинг целевого и рационального использования бюджетных средств.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Шегірткенің таралуы туралы ескерту: Үкімет егіс алқаптарын бақылайтын дрон сатып алуға қаржы бөлді

«Аграрлық секторды цифрландыру жұмыстары жүргізілуде. Үкімет егіс алқаптарын мониторингтеу үшін дрондар сатып алуға қаражат бөлді.

Ауыл шаруашылығы, Су ресурстары, сондай-ақ Цифрлық даму министрліктері ауыл шаруашылығы дақылдарын мониторингтеуге, тәуекелдерді ерте анықтауға бағытталған цифрлық құралдарды енгізуді оның ішінде отандық технологиялық шешімдер мен стартаптарды ынталандырып, жұмысты жандандыру қажет»,

— деп атап өтті Премьер-министр.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәлімдеуінше, шегірткелерді бақылауда ұшқышсыз ұшу аппараттарын (ҰҰА) пайдалану зиянкестердің таралу ошақтарын, оның ішінде жету қиын жерлерді тез әрі дәл анықтауға мүмкіндік береді. Дрондар зиянкестердің көшуін картаға түсіру және болжау үшін пайдалануға болатын деректерді жылдам жинау арқылы шығындар мен тәуекелдерді азайтады. Бұл аталған құрылғыларды шегіртке ошақтарын ерте анықтап, ескерту және әрекет ету жүйесіндегі маңызды құралға айналдырады.



Предупреждение нашествия саранчи: Правительством выделены средства на закуп дронов для мониторинга посевных площадей

«Ведется работа по цифровизации аграрного сектора. Правительством выделены средства на закуп дронов для мониторинга посевных площадей.

Министерствам сельского хозяйства, водных ресурсов, а также цифрового развития необходимо активизировать внедрение цифровых инструментов, направленных на мониторинг сельхозкультур, раннее выявление рисков, включая меры по стимулированию отечественных технологических решений и стартапов»,

— отметил Премьер-министр.

По данным МСХ, использование беспилотных летательных аппаратов (БПЛА) в мониторинге саранчовых позволяет быстро и точно выявлять очаги их распространения, включая труднодоступные районы. Дроны снижают затраты и риски, обеспечивая оперативный сбор данных, которые можно использовать для построения карт и прогнозов миграции. Это делает их важным инструментом в системе раннего предупреждения и реагирования на нашествия саранчи.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Олжас Бектенов ауыл шаруашылығына су үнемдеу технологияларын енгізу жұмысын жандандыруды тапсырды

📌 Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов климаттық сын-қатерлердің күшеюі мен қолжетімді су қорларының қысқаруы жағдайында диқандарды қажетті су ресурстарымен қамтамасыз етуге жүйелі тәсіл қажеттігіне назар аударды.

«Ылғалды көп талап ететін дақылдарға тәуелділікті азайту шараларын қабылдау, ғылыми институттарды жұмылдыра отырып, шаруалардың құрғақшылыққа төзімді агротехнологияларға көшуі бойынша жер-жерде түсіндіру жұмыстарын жандандыру керек.

Дегенмен, ауа райының ықтимал қолайсыз болуы болашақ егіннің сапасы мен көлеміне әсер етпеуі керек. Тиісті шараларды алдын ала қабылдау қажет»,

— деп атап өтті Олжас Бектенов.

📌 Премьер-министр Су ресурстары және ирригация министрлігіне Қаржы министрлігі, облыс әкімдіктерімен бірлесіп, су тапшылығы қаупі жоғары өңірлерді басым тәртіппен қаржыландыруды және диқандардың тамшылатып және жаңбырлатып суаруға көшуін ынталандыру жөніндегі шаралар кешенін көздей отырып, ауыл шаруашылығына су үнемдеу технологияларын енгізу жұмысын жандандыруды тапсырды.



Олжас Бектенов поручил активизировать работу по внедрению водосберегающих технологий в сельском хозяйстве

📌 На заседании Правительства Премьер-министр Олжас Бектенов обратил внимание на необходимость системного подхода к обеспечению аграриев водными ресурсами в условиях нарастающих климатических вызовов и сокращения водных запасов.

«Необходимо принять меры по снижению зависимости от влагозатратных культур, активизировать разъяснительную работу на местах по переходу фермеров на засухоустойчивые агротехнологии с привлечением научных институтов.

В то же время, возможные погодные риски не должны повлиять на качество и объем будущего урожая. Необходимо заблаговременно принять соответствующие меры»,

— подчеркнул Олжас Бектенов.

📌 Премьер-министр поручил Министерству водных ресурсов и ирригации совместно с Министерством финансов и акиматами областей активизировать работу по внедрению водосберегающих технологий в сельском хозяйстве, предусмотрев приоритетное финансирование регионов с повышенным риском дефицита воды и меры стимулирования аграриев к переходу на капельное и дождевальное орошение.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Ұн мен астық экспорты 34%-ға өсті – АШМ

📌 Үкімет отырысының қорытындысы бойынша өткен баспасөз мәслихатында ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров қазақстандық астық экспортының қазіргі жағдайы туралы айтты.

🔻 Министр бидай мен ұн экспорты жоспар бойынша жүріп жатқанын және шет елдерге жеткізілімдердің ұлғаюы байқалып отырғанын атап өтті.
«Біз Ауғанстанға экспортты төмендеткен жоқпыз, керісінше арттырдық. Өзбекстанға астық пен ұн экспорты артып келеді. Ұн мен астық экспорты 34%-ға өсті. Сонымен қатар біз жаңа нарықтарға жол ашудамыз. Мароккоға 60 мың тонна жөнелтілді, тағы 60 мың тонна жоспарланған. Қазір Вьетнамға 15 мың тоннаны жөнелтуді жоспарлап отырмыз. Кеше Парсы шығанағына – Біріккен Араб Әмірліктеріне алғашқы партияны жібердік»,

– деді Айдарбек Сапаров.



Экспорт муки и зерна вырос на 34% - МСХ


📌 Министр сельского хозяйства Айдарбек Сапаров на пресс-конференции по итогам заседания Правительства рассказал о ситуации с экспортом казахстанского зерна.

🔻 Министр отметил, что экспорт пшеницы и муки идет по плану и наблюдается увеличение поставок в зарубежные страны.

«В Афганистан мы не снизили, а наоборот даже увеличили экспорт. Идет увеличение экспорта зерна и муки в Узбекистан. Экспорт зерна и муки в зерновом эквиваленте в этом году на 34% больше по сравнению с 2024 годом, поэтому мы в этом направлении будем двигаться. Кроме того, мы открываем новые рынки. В Марокко отправили 60 тыс. тонн, еще 60 тыс. тонн планируется. Сейчас 15 тыс. тонн во Вьетнам планируем. Вчера первую партию в Персидский залив – Объединенные Арабские Эмираты отправили»,

— сказал Айдарбек Сапаров.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Олжас Бектенов Мемлекет басшысының Қауіпсіздік Кеңесі отырысында берген тапсырмаларын орындау бойынша кеңес өткізді

📌 Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысының Қауіпсіздік Кеңесі отырысында берген тапсырмаларын орындау бойынша Көлік, Қаржы министрліктері басшылығының, «Самұрық-Қазына» қоры, «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы, Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі өкілдерінің қатысуымен кеңес өткізді.

🔷 Президент тарапынан айтылған сынды ескере отырып, негізгі инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру мерзімдерін қысқарту мәселелері қаралды. Қазақстан аумағында орналасқан өткізу пункттерін жаңғырту бойынша көрші елдермен уағдаластықтарды сапалы әрі уақтылы іске асыруға назар аударылды.

Еліміздің нарығын қолжетімді бағадағы авиациялық отынмен қамтамасыз ету үшін отандық мұнай өңдеу зауыттарын жаңғыртуды жеделдету туралы шешім қабылданды.

📌 Премьер-министр «жасыл дәліздерді» ұйымдастыру және тиімділігін арттыру жөніндегі жұмыстардың нәтижелері азаматтар мен бизнес үшін айқын болуы тиіс екенін атап өтті. Тиісті органдарға транзиттік жүктер үшін кедендік тексерусіз тетікті енгізу тапсырылды. Сыртқы қазақстандық терминалдарды қалыптастыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.

🔘 Президенттің тапсырмаларын ескере отырып теміржол (20,5%) және құбыр көлігімен (19,5%) жүк тасымалдау көлемінің ұлғаюы аясында Көлік, Қаржы министрліктеріне мүдделі ұйымдармен бірлесіп бір апта мерзімде сауда және транзит ағынына әсер ететін басым жобаларды қаржыландыруды қамтамасыз ету тапсырылды.

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярға екі күн мерзімде жергілікті жерлердегі жұмыстарды бақылау мақсатында өңірлерге барып, Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау жөніндегі іс-шаралардың егжей-тегжейлі жоспарын дайындау тапсырылды.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
UKIMET
Олжас Бектенов Мемлекет басшысының Қауіпсіздік Кеңесі отырысында берген тапсырмаларын орындау бойынша кеңес өткізді 📌 Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысының Қауіпсіздік Кеңесі отырысында берген тапсырмаларын орындау бойынша Көлік, Қаржы министрліктері…
Олжас Бектенов провел совещание по исполнению поручений Главы государства, данных на заседании Совета Безопасности

📌 Премьер-министр Олжас Бектенов провел совещание с участием руководства министерств транспорта, финансов, Фонда «Самрук-Қазына», Национальной компании «Қазақстан темiр жолы», Пограничной службы Комитета национальной безопасности по исполнению поручений Главы государства, данных на заседании Совета Безопасности.

🔷 С учетом озвученной Президентом критики рассмотрено сокращение сроков реализации ключевых инфраструктурных проектов. Внимание уделено качественной и своевременной реализации договоренностей с соседними странами по модернизации пропускных пунктов, находящихся на казахстанской территории.

Для обеспечения отечественного рынка авиационным топливом по доступным ценам принято решение об ускорении модернизации отечественных нефтеперерабатывающих заводов.

📌 Руководитель Правительства подчеркнул, что результаты работы по организации и повышению эффективности «зеленых коридоров» должны быть ощутимы для граждан и бизнеса. Соответствующим органам поручено внедрить механизм без таможенного досмотра для транзитных грузов. Ведется работа по формированию внешних казахстанских терминалов.

🔘 С учетом поручений Президента и на фоне увеличения объемов грузоперевозок железнодорожным (20,5%) и трубопроводным транспортом (19,5%) министерствам транспорта, финансов совместно с заинтересованными организациями поручено в недельный срок обеспечить финансирование приоритетных проектов, влияющих на торговый и транзитный поток.

Первому заместителю Премьер-министра Роману Скляру поручено в двухдневный срок подготовить детальный план мероприятий по исполнению поручений Главы государства с последующим выездом в регионы в целях контроля работ на местах.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Олжас Бектенов Қостанай облысында көлік және энергетикалық инфрақұрылымды дамыту жөніндегі Президент тапсырмаларының жүзеге асырылуын тексерді

📌 Премьер-министр Олжас Бектенов Қостанай облысына жұмыс сапары барысында Президенттің Ұлттық құрылтай мен Қауіпсіздік Кеңесінің IV отырысында айтылған автожол желісін дамыту, Арқалықтағы әуежайды қалпына келтіру, энергиямен жабдықтау жүйесін жаңғырту және жаңартылатын энергия көздерін дамыту бойынша тапсырмаларының орындалу барысын тексерді.

🔷 Арқалық қаласында Премьер–министр өңірлер арасындағы көлік қатынасын жақсартуға бағытталған «Орталық – Батыс» күре жолын салу жөніндегі жобаның жағдайымен танысты. Жаңа автомагистрал Астананы Арқалық, Торғай және Ырғыз арқылы Транскаспий халықаралық көлік бағытымен байланыстырады. Жоба халықаралық стандарттарға сай заманауи жол салуды көздейді. Көлік вице-министрі Сатжан Аблалиев үш жол айрығын, 20 көпірді, теміржол арқылы өтетін бір жол өткелін, елді мекендерге кірме жолдар салу жоспарланып отырғанын баяндады. Нәтижесінде, Астанадан батыс облыстарға қатынайтын бағыт 560 шақырымға қысқарып, 5 сағатқа жылдам жетуге мүмкіндік береді.

Көлік министрлігінің мәліметінше, трассаның техникалық санаты III деңгейден II деңгейге көтеріледі. Жаңа бағыт 70 мың тұрғыны бар 13 елді мекенді қамтиды. Өткізу қабілеті тәулігіне 3 мың автокөлікке жетеді. Жалпы, жобаны іске асыру қаланы еліміздің солтүстігі мен оңтүстігі, сондай-ақ Орталық Азия мен Ресей арасындағы негізгі логистикалық торапқа айналдырады. Бұл сенімді көлік қатынасын қамтамасыз етіп, өңірдің бизнесі мен экономикасын дамытуға серпін береді.

🔻 Премьер-министр автожол құрылысын бір ай ішінде бастауды тапсырды.
«Бұл – тікелей Президенттің тапсырмасы бойынша жүзеге асырылып жатқан жоба. Бүкіл еліміз үшін, Торғай өңірі үшін маңызды жол. Сондықтан бұл іске аса жауапкершілікпен қарау маңызды.

Бір ай ішінде жоба бойынша жұмысты бастап, оны жылдам әрі сапалы жүргізу керек. Жаңа жол бойында бизнеске мүмкіндіктер ашылады. Бұл – өңірге жаңаша серпін беретін жоба. Сондықтан министрлікпен бірлесіп тиісті жұмыстар жүргізу қажет»,

— деп атап өтті Олжас Бектенов.

🔷 Сондай-ақ Премьер-министрге «Жезқазған – Петропавл» республикалық автожолындағы жөндеу жұмыстарының барысы туралы баяндалды. Жобада жолдың 71 шақырымында жол жабынын жаңарту, 54 су өткізу құбырын орнату көзделген. Жұмыстар Ұлытау облысының шекарасынан Арқалық қаласына дейінгі жалпы ұзындығы 87 шақырымды құрайтын учаскені қамтиды. Жобаны жүзеге асыру оңтүстік өңірлерден елордаға дейінгі қашықтықты 600 шақырымға, Қостанай мен Петропавлға дейінгі қашықтықты 450 шақырымға қысқартуға мүмкіндік береді. Жолдың өткізу мүмкіндігі тәулігіне 2,5 мың автокөлікке дейін артады.

🔷 Сонымен қатар Арқалық қаласындағы әуежайды қалпына келтіру жұмыстары да тексерілді. Қостанай облысы әкімінің орынбасары Берік Таңжарықов нысанның ұзындығы 2,5 мың метр және ені 50 метр ұшу-қону жолағы, сондай-ақ өлшемі 200X300 м перрон бар екенін баяндады, бұл АН-24, Q400, CRJ 200 сияқты әуе кемелері түрлерін қабылдауға мүмкіндік береді. Жоба аясында жаңа терминал салу, сондай-ақ ұшу-қону жолағын, такси жолын және перронды қайта жаңарту жоспарланып отыр. Жұмыс аяқталғаннан кейін өткізу мүмкіндігі сағатына 70 жолаушыны құрайды.

📌 Олжас Бектенов әуежайды қалпына келтіру жұмыстарын биыл аяқтауды тапсырды. Іске асырылып жатқан жобалардың стратегиялық маңызы, сондай-ақ көлік инфрақұрылымын дамыту мен тұрғындардың қатынауын едәуір жеңілдетудіің маңыздылығын атап өтті.
«Қазақстанның көлік саласындағы әлеуеті зор және өңірдегі негізгі транзиттік хабқа айналуы тиіс. Біз тиісті инфрақұрылымды түбегейлі дамытып жатырмыз – бұл стратегиялық міндет. Бізде барлық қажетті ресурстар мен мүмкіндіктер бар. Жобаларды қысқа мерзімде, сапасын жоғалтпай жүзеге асыру маңызды. Бұл өңірлердің дамуына айтарлықтай серпін береді және экономиканы әртараптандырудың маңызды құралына айналады»,

— деп атап өтті Олжас Бектенов.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM