UKIMET
18.3K subscribers
10.1K photos
1.75K videos
8.18K links
ҚР Үкіметінің ресми Telegram-каналы/ Официальный Telegram-канал Правительства РК

🌐 Сайт https://primeminister.kz/kz
🔗 Instagram https://instagram.com/primeministerkz
🔗 Facebook https://www.facebook.com/Primeminister.Kaz
🔗 https://t.me/ukimet_points
Download Telegram
UKIMET
📌 EXPO халықаралық көрме орталығында Премьер-министр VI Халықаралық машина жасау және металл өңдеу арнайы көрмесі Kazakhstan Machinery Fair экспозицияларын тамашалады. Қазақстандық және шетелдік 20-дан астам елдің компаниялары өз әзірлемелерін ұсынды. Халықаралық қатысушылардың қатарында Германия, Оңтүстік Корея, Қытай, Швейцария, Ресей, Италия, Чехия және басқа да елдердің ірі кәсіпорындары бар.

🔷 Karlskrona LC AB кәсіпорны мұнай-газ, тау-кен өнеркәсібі, су және атом энергетикасы салаларында кешенді техникалық шешімдер әзірлеуге маманданған. Компания жылына 5 мың тоннаға дейін құйма өнімдерін шығарады. Саран қаласындағы QazTehna зауыты Yutong, Sinotruk және Scania маркалы автобус және коммерциялық көліктер желісін таныстырды. 2024 жылы кәсіпорын 1560 техника шығарды, локализациялау деңгейі 36%-дан асты. Жоспарда өндіріс көлемін әрі қарай кеңейту және қазақстандық қамтуды 50%-ға дейін арттыру қарастырылған. «Қазақстан инжиниринг» компаниясы қорғаныс, көлік, энергетика және мұнай-газ өнеркәсібі саласындағы заманауи әзірлемелерін ұсынды. Hyundai Trans Kazakhstan кәсіпорны Қазақстанда құрастырылған автокөліктерді таныстырды. Толық циклді өндіріс Алматы қаласында орналасқан және жылына 50 мың бірлікке дейін өнім шығаруды қамтамасыз етеді. «Қазэксимекс» ЖШС компаниясы металл өңдеу өнімдерін ұсынды. Кәсіпорын өнеркәсіптің негізгі салаларында, атап айтқанда, авиация, автомобиль, кеме жасау, энергетика және медицина өнеркәсібінде жоғары технологиялық жобаларды жүзеге асырады. Сондай-ақ қатысушылар бірқатар компания павильондарын аралады.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
UKIMET
📌 На площадке международного выставочного центра EXPO Премьер-министр осмотрел экспозиции VI Международной специализированной выставки машиностроения и металлообработки Kazakhstan Machinery Fair. Свои разработки представили казахстанские и зарубежные компании из более чем 20 стран. В числе международных участников — крупнейшие предприятия Германии, Южной Кореи, Китая, Швейцарии, России, Италии, Чехии и др.

🔷 Предприятие Karlskrona LC AB специализируется на разработке комплексных технических решений в области нефтегазовой, горнодобывающей, водной промышленности и атомной энергетики. Компания выпускает до 5 тыс. тонн литейной продукции в год. Завод QazTehna из города Сарань представил линейку автобусной и коммерческой техники брендов Yutong, Sinotruk и Scania. В 2024 году предприятие выпустило 1560 единиц техники, уровень локализации превысил 36%. В планах — дальнейшее наращивание объемов производства и увеличение казахстанского содержания до 50%. Компанией «Казахстан инжиниринг» продемонстрированы современные разработки в сфере оборонной, транспортной, энергетической и нефтегазовой промышленности. Предприятие Hyundai Trans Kazakhstan презентовало автомобили казахстанской сборки. Производство полного цикла расположено в городе Алматы и обеспечивает выпуск до 50 тыс. единиц в год. Компания ТОО «Казэксимекс» представила металлообрабатывающую продукцию. Предприятие реализует высокотехнологичные проекты в ключевых отраслях промышленности, в частности авиации, автомобилестроении, судостроении, энергетической и медицинской промышленности. Также осмотрены павильоны ряда компаний.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Активтерді қайтару: Ақтөбе облысында медициналық мекемелердің құрылысына 1,4 млрд теңге бөлінді

📌 Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, елімізде заңсыз иемденілген активтер есебінен әлеуметтік маңызы бар нысандар салу жобалары жүзеге асырылуда. Ақтөбе облысында медициналық мекемелердің құрылысына Арнаулы мемлекеттік қордан шамамен 1,4 млрд теңге бөлінді.

✔️ Қаражат 11 нысанның: медициналық және фельдшерлік-акушерлік пункттер, дәрігерлік амбулаториялар құрылысына бағытталды.

2025 жылы Ақтөбе облысының келесі аудандарында фельдшерлік-акушерлік пункттер:

➤ Ырғыз ауданы, Нұра ауылы
➤ Байғанин ауданы, Ноғайты ауылында салынады.

Сондай-ақ медициналық пункттер:
➤ Шалқар ауданы, Шоқысу ауылы,
➤ Шалқар ауданы, Сарысай ауылы,
➤ Мұғалжар ауданы, Жарық ауылы,
➤ Шалқар ауданы, Тоғыз ауылы,
➤ Қобда ауданы, Бегалы ауылы,
➤ Ырғыз ауданы, Жарма ауылында  салынады.

Дәрігерлік амбулаториялар:
➤ Мұғалжар ауданы, Қайыңды ауылы,
➤ Мұғалжар ауданы Мұғалжар ауылы,
➤ Алға ауданы, Маржанбұлақ ауылында салынбақ.

🔘 Медициналық мекемелердің барлығы тәулігіне 25-45 келушіге қызмет көрсетуге есептелген, бұл жергілікті тұрғындар үшін сапалы медициналық қызметтің жоғары қолжетімділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM