UKIMET
18.5K subscribers
10.8K photos
1.83K videos
8.28K links
ҚР Үкіметінің ресми Telegram-каналы/ Официальный Telegram-канал Правительства РК

🌐 Сайт https://primeminister.kz/kz
🔗 Instagram https://instagram.com/primeministerkz
🔗 Facebook https://www.facebook.com/Primeminister.Kaz
🔗 https://t.me/ukimet_points
Download Telegram
Ірі жобаларды іске асыру, цифрландыру және әлеуметтік бастамалар: газ саласын трансформациялау жалғасуда

📌 ҚР Премьер-министрінің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында газ саласын дамыту мәселесі қаралды. «QazaqGaz» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Санжар Жаркешов компания қызметіндегі негізгі жетістіктер туралы айтып берді.

🔷 Өткен жылы QazaqGaz Қазақстанның газ саласының тұрақты дамуына ықпал ететін бірқатар негізгі инфрақұрылымдық жобаларды аяқтады. Алматыда ЖЭО-2 және ЖЭО-3 үшін сыртқы газ инфрақұрылымының құрылысы аяқталды. Жобаға екі автоматты газ тарату стансасы, TIP-04 көпірлі газ құбыры және «Алматы – Байсерке – Талғар» магистралды газ құбырының екінші желісі кірді. Санжар Жаркешовтың айтуынша, бұл бастамалар өңірдегі экологиялық жағдайды жақсарта отырып, ЖЭО-ны көмірден газға ауыстыруға ықпал етіп қана қоймай, экономика мен жаңа жұмыс орындары үшін мультипликативті әсер тудырды.

✔️ Жетісу облысының 66 елді мекенін газбен қамтамасыз ететін «Талдықорған – Үшарал» магистралды газ құбырының құрылысы белсенді жалғасуда.
Компания сондай-ақ еліміздің солтүстік-шығыс өңірлерін газбен қамту, «Орталық Азия – Орталық» магистралін күрделі жөндеу, «Бейнеу – Бозой – Шымкент» газ құбырының екінші желісін, «Ақтөбе – Қостанай» газ құбырын және КС-14 компрессорлық стансасын салу сияқты стратегиялық маңызды жобаларды іске асыруда.

✔️ Халықаралық аренада 2023 жылы «Орталық Азия – Орталық» газ құбыры арқылы Ресей газының Өзбекстанға транзиті басталды. 2024 жылы жеткізілім көлемі ұлғайып, Қырғызстанды да қамтыды. 2025-2026 жылдарға арналған «Газпром» ЖАҚ-мен газ транзиті, импорты және қайта өңдеу бойынша стратегиялық келісімдер жасалды. Бұл ретте QazaqGaz газды ішкі тұтынуға зиян келтірмей халықаралық нарықтарға экспорттауды жалғастыруда.

Қашаған кен орнында сұйытылған мұнай газын ауыстырып тиеу және фракциялау зауытының құрылысын бастау маңызды қадам болды. Жоба еліміздегі сұйытылған газ тапшылығын: бірінші кезеңде – жылына 400 мың тоннаға дейін, екінші кезеңде – 700 мың тоннаға дейін қысқартуға мүмкіндік береді.

🔘 Сондай-ақ ESTA түрік инвесторының қатысуымен құны $1,35 млрд-ты құрайтын карбамид зауытының құрылысы басталды. Галкыныш кен орнын игеруді қоса алғанда, геологиялық барлау саласында Түрікменгазбен стратегиялық келісімге қол қойылды. Газ саласының жобаларына Қатардан инвестициялар тартылды.

Әлеуметтік салада Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Шымкент пен Батыс Қазақстан облысында eGov Mobile қосымшасы арқылы атаулы және тұрғын үй көмегін алушыларға табиғи газға 24%-ға дейін жеңілдіктер ұсынуға арналған цифрлық құрал – «Әлеуметтік әмиян» пилоттық жобасы іске қосылды. Тестілеуден кейін жобаны бүкіл елімізге кеңейту жоспарлануда.

🔘 Сонымен қатар QazaqGaz геологиялық барлауды күшейтуде: Ақтөбе және Маңғыстау облыстарындағы учаскелер бойынша Chevron, ҚазАзот және «ҚОР» НК-мен келісімдерге қол қойылды. Бұрғылау жұмыстары басталды, Жамбыл облысында жаңа газ кен орындары ашылды, Анабай кен орнындағы ұңғыманың жоғары өнімділігі расталды.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
UKIMET
Ірі жобаларды іске асыру, цифрландыру және әлеуметтік бастамалар: газ саласын трансформациялау жалғасуда 📌 ҚР Премьер-министрінің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында газ саласын дамыту мәселесі қаралды. «QazaqGaz» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Санжар Жаркешов…
Реализация крупных проектов, цифровизация и социальные инициативы: трансформация газовой отрасли продолжается

📌 На заседании Правительства под председательством Премьер-министра РК рассмотрен вопрос развития газовой отрасли. Председатель правления АО «НК «QazaqGaz» Санжар Жаркешов рассказал об основных достижениях в деятельности компании.

🔷 В прошлом году QazaqGaz завершила ряд ключевых инфраструктурных проектов, способствующих устойчивому развитию газовой отрасли Казахстана. В Алматы завершено строительство внешней газовой инфраструктуры для ТЭЦ-2 и ТЭЦ-3. Проект включал в себя две автоматические газораспределительные станции, газопровод-перемычку TIP-04 и вторую нитку магистрального газопровода «Алматы – Байсерке – Талгар». По словам Санжара Жаркешова, эти инициативы не только способствовали переводу ТЭЦ с угля на газ, улучшая экологическую обстановку в регионе, но и создали мультипликативный эффект для экономики и новых рабочих мест.

✔️ Продолжается активное строительство магистрального газопровода «Талдыкорган – Ушарал», который обеспечит газоснабжение 66 населенных пунктов Жетысуской области.
Компания также реализует стратегически важные проекты, такие как газификация северо-восточных регионов страны, капитальный ремонт магистрали «Средняя Азия – Центр», строительство второй нитки газопровода «Бейнеу – Бозой – Шымкент», газопровода «Актобе – Костанай» и компрессорной станции КС-14.

✔️ На международной арене в 2023 году начат транзит российского газа в Узбекистан через газопровод «Средняя Азия – Центр». В 2024 году объёмы поставок увеличились, охватив также Кыргызстан. Заключены стратегические соглашения с ПАО «Газпром» на 2025–2026 г.г. по транзиту, импорту и переработке газа. При этом QazaqGaz продолжает экспортировать газ на международные рынки без ущерба для внутреннего потребления.

Важным шагом стало начало строительства завода по перевалке и фракционированию сжиженного нефтяного газа на месторождении Кашаган. Проект позволит сократить дефицит сжиженного газа в стране: на первой стадии – до 400 тыс. тонн в год, на второй – до 700 тыс. тонн.

🔘 Также стартовало строительство карбамидного завода стоимостью 1,35 млрд долларов при участии турецкого инвестора ESTA. Подписано стратегическое соглашение с Туркменгазом в сфере геологоразведки, включая разработку месторождения Галкыныш. В проекты газовой отрасли привлечены инвестиции из Катара.

В социальной сфере по поручению Главы государства в Шымкенте и Западно-Казахстанской области запущен пилотный проект «Социальный кошелек» – цифровой инструмент для предоставления скидок до 24% на природный газ получателям адресной и жилищной помощи через приложение eGov Mobile. После тестирования проект планируется масштабировать на всю страну.

🔘 Кроме этого QazaqGaz усиливает геологоразведку: подписаны соглашения с Chevron, КазАзот и НК «КОР» по участкам в Актюбинской и Мангистауской областях. Начато бурение, открыты новые залежи газа в Жамбылской области, подтверждена высокая продуктивность скважины на месторождении Анабай.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Газды есептеуді цифрландыру: Шымкенттегі пилоттық жоба алғашқы нәтижесін берді

📌 ҚР Премьер-министрінің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында газ саласын дамыту мәселесі қаралды. «QazaqGaz» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Санжар Жаркешов Шымкент қаласында газды есепке алуды цифрландырудың пилоттық жобасын енгізу нәтижелері туралы айтып берді.

«Тауарлық газды пайдалануды бақылауды жақсарту және тиімділігін арттыру мақсатында газды есепке алуды цифрландыру жобасы іске асырылды»,

— деп атап өтті ол.

Санжар Жаркешовтың айтуынша, жоба айтарлықтай нәтиже көрсетті:

➤ абоненттер мен газ тасымалдау жүйесі нысандарының 98%-ы цифрландырылды;
➤ дебиторлық берешек 47%-ға төмендетілді;
➤ газ шығыны 34%-ға қысқарды.

Алдағы жоспарда:

➤ жобаны Қазақстанның барлық аумағына кеңейту;
➤ жасанды интеллект негізінде деректерді талдау және тұтынуды болжау технологияларын енгізу;
➤ тұтынушылардың газды ұқыпты пайдалануға деген ынтасын арттыру.



Цифровизация учета газа: пилотный проект в Шымкенте дал первые результаты


📌 На заседании Правительства под председательством Премьер-министра РК рассмотрен вопрос развития газовой отрасли. Председатель правления АО «НК «QazaqGaz» Санжар Жаркешов рассказал о результатах внедрения пилотного проекта цифровизации учета газа в г. Шымкенте.

«В целях улучшения контроля и повышения эффективности использования товарного газа был реализован проект цифровизации учета газа»,

– отметил он.

По словам Санжара Жаркешова, проект продемонстрировал ощутимые результаты:

➤ оцифровано 98% абонентов и объектов газотранспортной системы;
➤ дебиторская задолженность снижена на 47%;
➤ потери газа сокращены на 34%.

В дальнейшем планируется:

➤ масштабировать проект на всю территорию Казахстана;
➤ внедрить технологии анализа данных и прогнозирования потребления на базе искусственного интеллекта;
➤ повысить мотивацию потребителей к рациональному использованию газа.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Техникалық шарттарды беру онлайнға ауыстырылды: өтінімдердің 49%-ы – цифрлы түрде беріледі

📌 Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында «QazaqGaz» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Санжар Жаркешов газға қосылуға техникалық шарттарды алудың жаңартылған процесін таныстырды.

🔘 Бұрын техникалық шарттарды алу процесі күрделі болған. Құжаттарды жинау қол жұмысымен жүргізілді.

«Техникалық шарттарды беру енді онлайн режимінде қол жетімді. Қызмет еGOV mobile-ға біріктірілген, онда құжаттар автоматты түрде мемлекеттік деректер базасынан жүктеледі»,

— деп атап өтті Санжар Жаркешов.

Ол жыл сайын 100 мыңнан астам техникалық шарттар берілетінін айтты. Өтініш беру уақыты 2 сағаттан 10 минутқа дейін қысқарды. Қазірдің өзінде техникалық шарттардың 49%-ы онлайн режимінде беріледі.

Сондай-ақ болашақта техникалық шарттарды беру бойынша шешімдер қабылдау үшін ЖИ пайдалану, eGov арқылы заңды тұлғаларға қызмет көрсету және техникалық шарттарды онлайн беру үлесін 100%-ға дейін арттыру жоспарлануда.



Выдача техусловий переведена в онлайн: 49% заявок – цифровые


📌 На заседании Правительства под председательством Премьер-министра Олжаса Бектенова председатель правления АО «НК «QazaqGaz» Санжар Жаркешов представил обновленный процесс получения технических условий на подключение к газу.

🔘 Ранее процесс получения технических условий был усложнен. Сбор документов осуществлялся вручную.
«Выдача технических условий теперь доступна онлайн. Услуга интегрирована в eGov mobile, где документы автоматически загружаются из государственных баз данных»,

– отметил Санжар Жаркешов.

Он добавил, что ежегодно выдается более 100 тыс. технических условий. Время подачи заявления сократилось с 2 часов до 10 минут. Уже 49% технических условий выдаются онлайн.

Также в будущем планируется использовать ИИ для принятия решений по выдаче технических условий, оказывать услуги для юрлиц через eGov и увеличить доли выдачи технических условий онлайн до 100%.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
«Әлеуметтік әмиян» арқылы газға жеңілдік: Қазақстанда халықты қолдау үшін цифрлық шешімдер енгізілуде

📌Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында «QazaqGaz» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Санжар Жаркешов «Әлеуметтік әмиян» цифрлық құралы арқылы табиғи газға жеңілдіктер беру жөніндегі пилоттық жобаның нәтижелерін таныстырды.

«Халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау маңызды міндет болып саналады. 2024 жылдың желтоқсанына дейін жеңілдіктер беру тетігі қолмен жасалды: әкімдіктер алушылардың тізімдерін тапсыратын, ал біздің компания оларды абоненттер базасымен салыстыратын. Алайда, бұл тәсілдің айтарлықтай кемшіліктері болды, соның ішінде жеңілдіктерді қолдануды автоматтандырудың болмауы, атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) және тұрғын үй көмегін (ТК) алатын тұтынушыларды толық қамтымау, сондай-ақ тұтыну нормасының болмауы, бұл көбінесе жеңілдіктерді мақсатсыз пайдалануға алып келді»,

— деп атап өтті Санжар Жаркешов.

🔷 Осы міндеттерді шешу үшін Шымкентте «Әлеуметтік әмиян» арқылы газға жеңілдік берудің пилоттық жобасы іске қосылды. Қызметті 2,5 мыңнан астам отбасы пайдаланды, ұсынылған жеңілдіктердің жалпы сомасы 100 млн теңгеден асуы мүмкін. «Әлеуметтік әмиян» арқылы жеңілдікті пайдаланған АӘК және ТК алатын азаматтардың үлесі 36%-ға жетті.

🔘 Осылайша, пилотты жэоба сәтті аяқталған жағдайда оны бүкіл елімізге кеңейту жоспарлануда, бұл халықтың әлеуметтік тұрғыда қанағаттану деңгейін арттыруға және газды ұқымды тұтынуды ынталандыруға мүмкіндік береді.



Скидка на газ через «Социальный кошелек»: в Казахстане внедряются цифровые решения для поддержки населения


📌 На заседании Правительства под председательством Премьер-министра Олжаса Бектенова председатель правления АО «НК «QazaqGaz» Санжар Жаркешов представил результаты пилотного проекта по предоставлению скидок на природный газ через цифровой инструмент «Социальный кошелек».
«Поддержка социально уязвимых слоев населения является важной задачей. До декабря 2024 года механизм предоставления скидок был ручным: акиматы передавали списки получателей, а наша компания сверяла их с базой абонентов. Однако данный подход имел существенные недостатки, включая отсутствие автоматизации применения скидок, неполный охват потребителей, получающих адресную социальную помощь (АСП) и жилищную помощь (ЖП), а также отсутствие нормы потребления, что часто приводило к нецелевому использованию скидки»,

– отметил Санжар Жаркешов.

🔷 Для решения этих задач был запущен пилотный проект предоставления скидки на газ через «Социальный кошелек» в Шымкенте. Услугой уже воспользовались более 2,5 тыс. семей, общая сумма предоставленных скидок может превысить 100 млн тенге. Доля граждан, получающих АСП и ЖП, воспользовавшихся скидкой через «Социальный кошелек», достигла 36%.

🔘 Таким образом, в случае успешного завершения пилота планируется масштабировать проект на всю страну, что позволит повысить уровень социальной удовлетворенности населения и стимулировать рациональное потребление газа.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Live stream finished (1 hour)
Елімізде газ саласындағы рәсімдерді жеделдету үшін ақылды көмекші құрылады

🔘 Елімізде қазақстандықтарға газға қосылуға тез және дұрыс өтінім беруге көмектесетін жаңа ЖИ-агент іске қосылады. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Қаныш Төлеушиннің айтуынша, бұл қателердің санын қолданыстағы 30%-дан 5%-ға дейін төмендетеді және техникалық шарттарды алуды жеделдетеді. Жобаны 2025-2026 жылдары іске асыру жоспарланып отыр, ол 2,3 млн-нан астам қазақстандықты қамтиды.

Қазіргі уақытта газ саласы саласында мемлекеттік қызметтердің 74 түрі ұсынылады. Олардың барлығы азаматтар мен бизнеске ыңғайлы болу үшін толық цифрландырылған.

Сонымен қатар «Astana Hub» газ саласы үшін 14 жаңа жобаны іске асыруда. Олардың ішінде ЖИ-аналитикасы бар виртуалды кен орындарының тренажерлері, компрессорларды бақылау жүйелері, цифрлық егіздер, инспекцияға арналған ұшқышсыз ұшу аппараттары және бизнес-процестерді автоматтандыру платформалары бар. 2024 жылы жалпы кіріс 1,2 млрд теңгені, ал жұмыс басталғалы бері – 3,8 млрд теңгені құрады. Сонымен қатар 100-ге жуық жұмыс орны ашылды.



В Казахстане создадут умного помощника для ускорения процедур в газовой сфере


🔘 В Казахстане запустят нового ИИ-агента, который поможет казахстанцам быстро и правильно подавать заявки на подключение к газу. По информации вице-министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Каныша Тулеушина, это снизит количество ошибок с действующих 30% до 5% и ускорит получение технических условий. Проект планируется реализовать в 2025–2026 годах, охватив более 2,3 млн казахстанцев.

В настоящее время в сфере газовой отрасли предоставляется 74 вида государственных услуг. Все они полностью оцифрованы для удобства граждан и бизнеса.

Кроме того, в «Astana Hub» реализуется 14 новых проектов для газовой отрасли. Среди них виртуальные симуляторы месторождений с ИИ-аналитикой, системы мониторинга компрессоров, цифровые двойники, БПЛА для инспекции и платформы автоматизации бизнес-процессов. За 2024 год общий доход составил 1,2 млрд тенге, а с начала работы – 3,8 млрд тенге. Кроме того, создано порядка 100 рабочих мест.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Олжас Бектенов: Проблемалық мәселелер туралы көбірек айтуымыз керек, оларды жарыққа шығарып, талқылауымыз қажет

📌 Газды дамыту мәселесі бойынша өткен Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов саланың проблемалық мәселелеріне назар аударды.
«Жұмыстарыңызда ешқандай проблемалық мәселелер жоқ па? Жұмыстың тек оң нәтижелерін ғана көрсеттіңіз. Біз проблемалық мәселелер туралы көбірек айтуымыз керек, оларды жарыққа шығарып, талқылауымыз қажет»,

— деп атап өтті Олжас Бектенов.

🔻 «QazaqGaz» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Санжар Жаркешов Қашаған МӨЗ-дегі ағымдағы жағдай туралы баяндады.

«Қашаған газ өңдеу зауытында проблемалар болды. Құрылыс жұмыстары баяу қарқынмен жүрді. Қазіргі уақытта жаңа бас мердігер келгендіктен құрылыс жұмыстары бойынша мәселелер 100% шешілді. Бүгінде құрылыс кеңейтілген. Қазір құрылыс жұмыстарын белгіленген мерзімде аяқтауды жоспарлап отырмыз»,

— деп түйіндеді Санжар Жаркешов.



Премьер-министр Олжас Бектенов: Нужно говорить о проблемах


📌 На заседании Правительства по вопросу развития газовой отрасли Премьер-министр Олжас Бектенов акцентировал внимание на проблемных вопросах отрасли.
«Нет проблемных вопросов в работе? Только положительные результаты работы показали. О проблемных вопросах надо больше говорить. Выносить на свет. Обсуждать»,

— отметил Олжас Бектенов.

🔻 Председатель правления АО «НК «QazaqGaz» Санжар Жаркешов доложил о текущей ситуации на Кашаганском ГПЗ.

«На Кашаганском газоперерабатывающем заводе были проблемы. Строительные работы шли медленными темпами. В настоящее время так как пришел новый генеральный подрядчик вопросы по строительным работам решены 100%. Строительство расширенно. Сейчас мы планируем завершить строительные работы в установленные сроки»,

— заключил Санжар Жаркешов.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Еліміздің «көгілдір отын» бойынша әлеуеті зор.

Олжас Бектенов: Табиғи газ қорларын игеру үшін жүйелі тәсілдер мен заманауи инфрақұрылым және ұзақмерзімді стратегия қажет

📌 Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында газ саласын дамыту мен цифрландыру мәселесі қаралды.

🔘 Бүкіл әлемде экологиялық жағынан таза отын ретінде табиғи газды тұтыну деңгейі тұрақты өсіп келеді. жаһандық энергетика нарықтарында орын алған тұрақсыздық жағдайында декарбонизациялауға бет алған елдердің өзі газды негізгі әрі резервтік генерация көзі болып қала береді.

🔻 Олжас Бектенов елімізде газ күнделікті отын түрі ғана емес, ол азаматтардың тұрмыс сапасына, сондай-ақ экономика мен өңірлердің дамуына тікелей әсер ететін әлеуметтік маңызы зор ресурс екенін атап өтті.
«Мемлекет басшысы газ саласын дамытудың басымдығын бірнеше рет атап өтіп, халықты газбен тұрақты қамтамасыз ету, инфрақұрылымды жаңғырту және жаңа кен орындарын барлау жұмыстарын кеңейту бағытында тапсырмалар берді.

Біздің еліміздің «көгілдір отын» бойынша әлеуеті зор. Елімізде табиғи газ қорының расталған көлемі шамамен 4 трлн текше метрді құрайды. Алайда, оны игеру үшін жүйелі тәсілдер мен жаңа инвестициялар, заманауи инфрақұрылым және ұзақ мерзімді стратегия қажет»,

— деп атап өтті Олжас Бектенов.



Казахстан обладает значительными газовым потенциалом.


Олжас Бектенов: Освоение запасов природного газа требует системного подхода, современной инфраструктуры и долгосрочной стратегии

📌 На заседании Правительства под председательством Премьер-министра Республики Казахстан Олжаса Бектенова рассмотрен вопрос развития и цифровизации газовой отрасли.

🔘 Отмечена устойчивая мировая тенденция роста потребления природного газа как наиболее экологичного вида углеводородного топлива. В условиях нестабильности на мировых энергетических рынках газ остается базовой и резервной генерацией даже в странах, ориентированных на декарбонизацию.

🔻 Олжас Бектенов подчеркнул, что в Казахстане газ является социально значимым ресурсом, влияющим на качество жизни граждан, обеспечение устойчивости экономики и развитие регионов.
«Глава государства неоднократно подчеркивал важность развития газовой отрасли и поручил обеспечить надежное газоснабжение населения, модернизировать инфраструктуру и расширить разведку новых месторождений.

Наша страна обладает значительным газовым потенциалом. Объем подтвержденных запасов природного газа в Казахстане составляет порядка 4 трлн кубометров. Однако освоение этих ресурсов требует системного подхода, новых инвестиций, современной инфраструктуры и долгосрочной стратегии»,

– отметил Олжас Бектенов.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Олжас Бектенов Жаңаөзен қаласындағы газ өңдеу зауытының құрылыс мәселесін көтерді. Энергетика министрлігі жобаның бірінші кезеңін жыл соңына дейін аяқтау жоспарлары туралы баяндады
«Жаңаөзен қаласында газ өңдеу зауытының құрылысы баяу жүріп жатыр. Бұл туралы өткен аптада Мемлекет басшысы айтты. Қандай шаралар қабылдануда?»,

– деп сұрақ қойды Премьер-министр Олжас Бектенов Энергетика министріне.
«Бүгінде жобаның бірінші кезеңі бойынша жұмыстар жүргізілуде, олар осы жылдың соңына дейін аяқталады деп күтеміз. Екінші кезең бойынша жобалық жұмыстар 24 сәуірде аяқталады. Әрі қарай, құжаттаманы мемлекеттік сараптамаға жібереміз, нәтижелері шілде айында жарияланады. Бүгінде зауытқа қажет барлық қондырғылар мен жабдықтарға тапсырыс берілген. Келесі жылға дейін елге толық әкеліп, монтаждау жұмыстарын жалғастырамыз. Барлық жұмыстар министрліктің тұрақты бақылауында»,

– деді Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов.

📌 Олжас Бектенов Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярға газ өңдеу зауытын салу мәселесін жеке бақылауға алу бойынша тапсырма берді.



Олжас Бектенов поднял вопрос строительства газоперерабатывающего завода в городе Жанаозен. Минэнерго доложило о планах по завершению первого этапа проекта к концу года

«Строительство газоперерабатывающего завода в городе Жанаозен продвигается медленно. Об этом на прошлой неделе говорил Глава государства. Какие меры принимаются?»,

– задал вопрос министру энергетики Премьер-министр Олжас Бектенов.

«На сегодня ведутся работы по первому этапу проекта, ожидаем, что они завершатся к концу текущего года. По второму этапу проектные работы будут завершены 24 апреля. Далее направим документацию на государственную экспертизу, результаты будут объявлены в июле. На сегодня заводам заказаны все установки и оборудование. До следующего года завезем все необходимое в страну и продолжим монтажные работы. Все работы находятся под постоянным контролем министерства»,


– доложил министр энергетики Ерлан Аккенженов.

📌 Олжас Бектенов поручил первому заместителю
Премьер-министра Роману Скляру взять вопрос строительства газоперерабатывающего завода на личный контроль.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Газ өңдеу зауыттарын іске қосу өнімнің қосылған құнын арттырып, газ импортына тәуелділікті азайтуға және жанама салалардағы өндірісті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді — Премьер-министр

«Тағы бір басым бағыт – газ өңдеу зауыттарының құрылысын жеделдетіп іске асыру.

Бұл өнімнің қосылған құнын арттырып, газ импортына тәуелділікті азайтуға, сондай-ақ жанама салалардағы өндірісті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді»,

— деп атап өтті Премьер-министр.

📌 Олжас Бектенов «Самұрық-Қазына» қорына Қашаған мен Жаңаөзендегі газ өңдеу зауыттарының құрылысын уақтылы аяқтауды ерекше бақылауға алуды тапсырды. Энергетика министрлігі осы жылдың ІІІ тоқсанында Қарашығанақ газ өңдеу зауыты бойынша инвестициялық шешім қабылдауды қамтамасыз етсін.



Запуск газоперерабатывающих заводов позволит повысить добавленную стоимость продукции, сократить зависимость от импорта газа и обеспечить загрузку смежных отраслей – Премьер-министр

«Одним из приоритетных направлений является ускоренная реализация проектов строительства газоперерабатывающих заводов.

Это позволит не только повысить добавленную стоимость продукции, но и сократить зависимость от импорта газа, а также обеспечить загрузку смежных отраслей»,

– подчеркнул Премьер-министр.

📌 Олжас Бектенов поручил фонду «Самрук-Казына» взять под особый контроль своевременное завершение строительства ГПЗ на Кашагане и Жанаозене. Министерству энергетики – в третьем квартале т.г. обеспечить принятие инвестиционного решения по газоперерабатывающему заводу на Карачаганаке.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Олжас Бектенов еліміз бойынша газбен қамту деңгейін арттыру жөнінде тапсырма берді: көрсеткішті 65%-ға дейін жеткізу жоспарланып отыр
«Бүгінгі таңда еліміз бойынша газбен қамту деңгейі шамамен 62,4%-ды құрайды.

Газбен қамтудың бас схемасына сәйкес, 2030 жылға қарай бұл көрсеткішті 65%-ға дейін жеткізу жоспарланып отыр.

Ол үшін «Бейнеу – Бозой – Шымкент» магистралды газ құбырының екінші желісі және «Талдықорған – Үшарал» газ құбыры сияқты ірі жобалар іске асырылып жатыр. Аталған жобалар бойынша жұмысты үнемі бақылауда ұстау қажет»,

— деді Олжас Бектенов.



Олжас Бектенов дал поручения по расширению охвата газификацией в стране: показатель будет доведен до 65%
«На сегодня охват газификацией в стране составляет около 62,4%. Согласно генеральной схеме газификации, к 2030 году планируется довести этот показатель до 65%.

Для этого сейчас ведется реализация таких крупных проектов, как строительство второй нитки магистрального газопровода «Бейнеу – Бозой – Шымкент» и газопровода «Талдыкорган-Ушарал».

Работу над этими проектами необходимо держать на постоянном контроле»,

– отметил Олжас Бектенов.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Олжас Бектенов осы жылғы тамыз айының соңына дейін жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай платформасын іске қосуды тапсырды

📌 Үкімет отырысында жер қойнауын зерттеу саласына инвесторларды тиімді тарту үшін ғылыми базаны барынша жаңартып, геологиялық ақпаратты цифрландыру мәселесіне назар аударылды. Осы жұмыс шеңберінде Өнеркәсіп және құрылыс, Энергетика министрліктері мемлекеттік органдардың кәсіпорындармен өзара іс-қимылы жөніндегі бірыңғай терезе мен кен орындарының цифрлық картасын қамтитын жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай платформасын жасап жатыр. Премьер-министр биылғы тамыз айының соңына дейін аталған сервисті пайдалануға беруді тапсырды.

Сонымен қатар, Олжас Бектенов Энергетика министрлігінің алдына «QazaqGaz» және «ҚазМұнайГаз» компанияларымен бірлесіп, 1 маусымға қарай Үкіметке жаңа газ кен орындарын дамыту және игеру жөнінде ұсыныстар енгізу міндетін қойды.



Олжас Бектенов поручил до конца августа текущего года запустить единую платформу недропользования

📌 В ходе заседания Правительства внимание уделено вопросу обновления научной базы в исследовании недр и оцифровке геологической информации для эффективного привлечения инвесторов. В рамках этой работы министерствами промышленности и строительства, энергетики создается единая платформа недропользования, которая включает в себя единое окно по взаимодействию госорганов с предприятиями и цифровую карту месторождений. Премьер-министр поручил до конца августа текущего года ввести сервис в эксплуатацию.

Кроме того, Олжас Бектенов поставил задачу перед Министерством энергетики совместно с компаниями QazaqGaz и «КазМунайГаз» внести в Правительство предложения по развитию и освоению новых газовых месторождений к 1 июня т.г.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Өнеркәсіптің дамуы және азаматтарымыздың тұрмыс сапасының артуы осыған тікелей байланысты — Олжас Бектенов әкімдіктерге елді мекендерді газбен қамту жұмыстарын уақтылы аяқтауды тапсырды

📌 Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет отырысында өңірлердің әкімдіктері тарапынан елді мекендерді газбен қамту жөніндегі жұмыстарды аяқтауға алдын ала дайындық қажеттігін атап өтті.

«Үкімет магистралды газ құбырларын жеделдетіп салу бойынша шаралар қабылдап жатыр.

Өнеркәсіптің дамуы және азаматтарымыздың тұрмыс сапасының артуы осыған тікелей байланысты.

Газ құбырлары жобаларын іске асыру жедел қарқынмен жүргізіліп жатқанын ескере отырып, өңір әкімдіктері ерте бастан дайындыққа кірісіп, елді мекендерді газбен қамту бойынша жоспарланған барлық жұмысты уақтылы аяқтауды қамтамасыз етуі тиіс»,

— деп атап өтті Олжас Бектенов.

🔻 Басқа елдерде газбен қамту жұмысын жеделдету үшін заманауи технологияларды пайдаланудың оң тәжірибесі атап өтілді.
«Мысалы, шетелде құбырларды механикалық тәсілмен қосу технологиясы қолданылады.

Ол құбыр төсеу жұмыстарын барынша жеделдетуге мүмкіндік береді.

Алайда, аталған технологияны дамыту үшін ұлттық стандарттарды қайта қарау керек болады. Өйткені қазіргі таңда құбырларды қосу дәнекерлеу арқылы ғана жүреді»,

— деді Премьер-министр. Осыған байланысты Өнеркәсіп және құрылыс, Энергетика, Сауда және интеграция министрліктеріне тиісті рәсімдерді қамтамасыз ету тапсырылды.



От этого напрямую зависит развитие промышленности и повышение качества жизни наших граждан - Олжас Бектенов поручил акиматам своевременно завершить работы по газификации населенных пунктов

📌 Премьер-министр Олжас Бектенов на заседании Правительства подчеркнул необходимость заблаговременной подготовки со стороны акиматов регионов к завершению работ по газификации населенных пунктов.


«Правительством принимаются меры по ускоренному строительству магистральных газопроводов. От этого напрямую зависит дальнейшее развитие промышленности и повышение качества жизни наших граждан. С учетом ускоренных темпов реализации проектов газопроводов акиматам регионов необходимо обеспечить заблаговременную подготовку и своевременное завершение всех запланированных работ по газификации населенных пунктов»,

– отметил Олжас Бектенов.

🔻 Отмечен положительный опыт использования современных технологий для ускорения газификации в других странах.

«К примеру, за рубежом широко используют технологию механического соединения труб, которая позволяет в разы ускорить их прокладку.

Однако, для развития данной технологии у нас необходимо актуализировать национальные стандарты, так как сегодня по ним соединение труб возможно только путем сварки»,

– обратил внимание Премьер-министр. В связи с этим дано поручение министерствам промышленности и строительства, энергетики, торговли и интеграции обеспечить проведение соответствующих процедур.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Олжас Бектенов цифрлық шешімдерді енгізу арқылы шығындарды азайтып, газ тұтыну жүйесінің ашықтығы мен басқарылуын арттыруды тапсырды

📌 Үкімет отырысы барысында Премьер-министр газ саласына цифрлық шешімдерді енгізудің маңыздылығын атап өтті.
«Газ тұтынуды есепке алу мен мониторингтеу үшін цифрлық шешімдерді енгізу қажет. Бұл шығындарды азайтып, жүйенің ашықтығы мен басқарылуын арттыруға мүмкіндік береді»,

— деп атап өтті Олжас Бектенов.

📌 Премьер-министр «QazaqGaz» компаниясына Энергетика министрлігімен бірлесіп, 2026 жылғы 1 тамызға дейін тауарлық газды өндіруден бастап тұтыну тізбегінде цифрлық есепке алуды қамтамасыз етуді тапсырды.

🔻 Сонымен қатар сұйытылған мұнай газын қадағалау өзектендірілді.
«Өңірлердің сұйытылған мұнай газына деген қажеттіліктерін қалыптастыру және оны бөлу процестерін цифрландыру мәселесіне де назар аудару керек. Бүгінде ол қолмен атқарылады әрі мұндай тетіктің ашық болмауы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне алып келеді.

Сондықтан бұл процесті цифрландырып, барлық қатысушыларға түсінікті болатындай ету қажет»,

— деп атап өтті Олжас Бектенов.

🔘 Энергетика министрлігі мен өңір әкімдері сұйытылған газды бөлу процестерін автоматтандыру бойынша бір ай мерзімде нақты ұсыныстар енгізуі қажет.



Сократить потери, повысить прозрачность и управляемость системы потребления газа поручил Олжас Бектенов через внедрение цифровых решений

📌 В ходе заседания Правительства Премьер-министр подчеркнул важность внедрения цифровых инструментов в газовой отрасли.
«Необходимо внедрение цифровых решений для учета и мониторинга потребления газа. Это позволит сократить потери, повысить прозрачность и управляемость системы»,

– отметил Олжас Бектенов.

📌 Премьер-министр поручил компании QazaqGaz совместно с Министерством энергетики до 1 августа 2026 года обеспечить цифровой учет товарного газа по всей цепочке – от производства до потребления.

🔻 Кроме того, актуализирован вопрос мониторинга сжиженного нефтяного газа.
«Важно также уделить внимание оцифровке процессов формирования потребностей и распределения сжиженного нефтяного газа на уровне регионов. Сегодня оно осуществляется вручную, и такой непрозрачный механизм приводит к коррупционным рискам. Поэтому этот процесс необходимо оцифровать и сделать понятным всем участникам»,

– отметил Олжас Бектенов.

🔘 Министерству энергетики и акимам регионов необходимо в месячный срок внести конкретные предложения по автоматизации процессов распределения сжиженного газа.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM