UKIMET
18.5K subscribers
10.8K photos
1.83K videos
8.29K links
ҚР Үкіметінің ресми Telegram-каналы/ Официальный Telegram-канал Правительства РК

🌐 Сайт https://primeminister.kz/kz
🔗 Instagram https://instagram.com/primeministerkz
🔗 Facebook https://www.facebook.com/Primeminister.Kaz
🔗 https://t.me/ukimet_points
Download Telegram
Олжас Бектенов Михаил Мишустинмен сауда-экономикалық ынтымақтастық мәселелерін талқылады

🇰🇿🇷🇺 Ресей Федерациясына ресми сапары барысында Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов пен Ресей Федерациясы Үкіметінің төрағасы Михаил Мишустин арасында екіжақты келіссөздер жүргізілді.

🔷 Екі мемлекет басшылары деңгейінде қол жеткізілген уағдаластықтарды іс жүзінде жүзеге асыруға, оның ішінде өзара тауар айналымын $30 млрд-қа дейін арттыруға назар аударылды. Көлік-транзиттік ынтымақтастық, ауыл шаруашылығы, қоршаған ортаны қорғау, энергетика және газ, ғарыш салаларындағы, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық байланыстардағы өзара іс-қимыл мәселелері қаралды.

✔️ Өткен жылы екіжақты тауар айналымы көлемі шамамен 3%-ға өсіп, $27,8 млрд-қа жетті. Бизнес субъектілері 45,4 мыңға жуық жұмыс орнын ашу арқылы бірлесіп 171 жобаны іске асырады.

Екіжақты ынтымақтастықтың маңызды бағыттарының бірі – агроөнеркәсіп кешеніндегі өзара іс-қимыл. Өткен жылдың қорытындысына сәйкес, екіжақты негіздегі өзара шектеулерді алып тастау нәтижесінде саладағы тауар айналымы 4,5%-ға өсіп, $3,8 млрд-ты құрады.

Көлік-транзиттік бағытта өткен жылдың қорытындысы бойынша «Солтүстік – Оңтүстік» халықаралық дәлізінің Шығыс тармағы бойынша жүк ағынының көрсеткіштері 2,4 млн тоннаға дейін өсті.

Тараптар өзара сауданың оң динамикасын сақтаудың маңыздылығын атап өтті. Екіжақты сауда айналымын арттыруда және өзара іс-қимылдың кең ауқымды мәселелерін шешуде Ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның қызметі ерекше маңызға ие.

🔘 Келіссөздер қорытындысы бойынша өзара тиімді сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайту ниеттері расталды.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
UKIMET
Олжас Бектенов Михаил Мишустинмен сауда-экономикалық ынтымақтастық мәселелерін талқылады 🇰🇿🇷🇺 Ресей Федерациясына ресми сапары барысында Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов пен Ресей Федерациясы Үкіметінің төрағасы Михаил Мишустин арасында…
Олжас Бектенов обсудил с Михаилом Мишустиным вопросы торгово-экономического сотрудничества

🇰🇿🇷🇺 В ходе официального визита в Российскую Федерацию состоялись двусторонние переговоры Премьер-министра Республики Казахстан Олжаса Бектенова и Председателя Правительства Российской Федерации Михаила Мишустина.

🔷 Внимание уделено практической реализации достигнутых на уровне глав государств договоренностей, в том числе по увеличению взаимного товарооборота до $30 млрд. Рассмотрено транзитно-транспортное сотрудничество, взаимодействие в области сельского хозяйства, охраны окружающей среды, энергетической и газовой, космической сферах, а также культурно-гуманитарные связи.

✔️ За прошедший год объем двустороннего товарооборота вырос почти на 3% и достиг $27,8 млрд. Субъекты бизнеса совместно реализуют 171 проект с созданием порядка 45,4 тыс. рабочих мест.

Одним из важных направлений двустороннего сотрудничества является взаимодействие в агропромышленном комплексе. По итогам прошлого года в результате снятия взаимных ограничений в двустороннем порядке товарооборот в сфере вырос на 4,5% и составил $3,8 млрд.

В транзитно-транспортном направлении показатели грузопотока по Восточной ветке международного коридора «Север-Юг» по итогам прошлого года выросли до 2,4 млн тонн.

Стороны подчеркнули важность сохранения положительной динамики взаимной торговли. Особое значение в решении широкого круга вопросов двустороннего взаимодействия и увеличения торгового оборота имеет деятельность Межправительственной комиссии по сотрудничеству.

🔘 По итогам переговоров подтверждены намерения по укреплению взаимовыгодного торгово-экономического сотрудничества.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
АҢДАТПА

📍Сәрсенбі, 23 сәуір күні, сағат 9:00-де Үкімет үйінде Үкімет отырысы өтеді.

Күн тәртібі:

• газ саласын дамыту мен цифрландыру мәселелері;
• ЮНЕСКО аясында мәдени мұраны сақтау және ілгерілету шаралары.

📢📢 Үкімет отырысының тікелей таратылымы PrimeMinister.kz сайтынан, YouTube ресми арнасында,
Facebook әлеуметтік желісінде, сондай-ақ UKIMET Telegram-каналында жүреді.

Отырыс қорытындысы бойынша өтетін баспасөз конференциясына:

- энергетика министрі Ерлан Ақкенженов,

- мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева қатысады.

БАҚ өкілдерін аккредиттеу 22 сәуір сағат 17:00-ге дейін жалғасады (press.kpm@mail.ru электронды адрес).

📢📢 Баспасөз конференциясының тікелей таратылымы YouTube ресми арнасында және Facebook әлеуметтік желісінде жүреді.



АНОНС

📍В среду, 23 апреля, в 09:00 часов в Үкімет үйі состоится заседание Правительства.

На повестке заседания вопросы:

• О развитии и цифровизации газовой отрасли;
• О мерах по сохранению и продвижению культурного наследия под эгидой ЮНЕСКО.


📢📢 Заседание Правительства будет транслироваться в режиме онлайн на сайте PrimeMinister.kz, официальном YouTube-канале,в социальной сети Facebook, на Telegram-канале UKIMET.

По итогам заседания состоится пресс-конференция с участием:

- министра энергетики – Ерлана Аккенженова,

- министра культуры и информации – Аиды Балаевой.

Аккредитация журналистов продлится до 17:00 часов 22 апреля (адрес электронной почты press.kpm@mail.ru).

📢📢 Онлайн-трансляция пресс-конференции будет на официальном YouTube-канале и в социальной сети Facebook.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
UKIMET
АҢДАТПА 📍Сәрсенбі, 23 сәуір күні, сағат 9:00-де Үкімет үйінде Үкімет отырысы өтеді. Күн тәртібі: • газ саласын дамыту мен цифрландыру мәселелері; • ЮНЕСКО аясында мәдени мұраны сақтау және ілгерілету шаралары. 📢📢 Үкімет отырысының тікелей таратылымы…
📢📢 Қазақстан Үкіметінің отырысы (23.04.2025)

Күн тәртібі:

• газ саласын дамыту мен цифрландыру мәселелері;

• ЮНЕСКО аясында мәдени мұраны сақтау және ілгерілету шаралары.



📢📢 Заседание Правительства Казахстана (23.04.2025)

На повестке заседания вопросы:

• О развитии и цифровизации газовой отрасли;

• О мерах по сохранению и продвижению культурного наследия под эгидой ЮНЕСКО.


🎞 https://www.youtube.com/watch?v=S2RFPsN0JnA

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Live stream started
Энергетика министрлігі 2025 жылы газ өндіру 62,8 млрд текше метрге дейін өседі деп болжайды

📌 Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында газ саласын дамыту мәселесі қаралды. Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов негізгі көрсеткіштер туралы баяндады.

🔘 Энергетика министрлігінің мәліметінше, 2024 жылдың қорытындысы бойынша газ өндіру көлемі 59 млрд текше метрге жетті, 2025 жылға арналған өндіру жоспары 62,8 млрд текше метрді құрайды.

Газ өндірудің негізгі өсімі Қарашығанақ, Теңіз және Қашаған ірі кен орындары есебінен көзделуде.
«2024 жылы тауарлық газ өндіру көлемі 28,7 млрд текше метрді құрады. 2025 жылға арналған өндіріс жоспары – 29,4 млрд текше метр. 2025 жылдың I тоқсанында 7,3 млрд текше метр өндірілді»,

— деп атап өтті Ерлан Ақкенженов.

🔷 Ол 2024 жылы ішкі нарықтың қажеттіліктеріне 21,2 млрд текше метр жеткізілгенін айтты. 2025 жылға болжанып отырған тұтыну көлемі шамамен 21,3 млрд текше метрді құрайды.

2024 жылы сұйытылған мұнай газын өндіру көлемі 1,7 млн тоннаны құрады. 2025 жылға арналған жоспар 1,7 млн тонна және 2025 жылдың I тоқсанының қорытындысы бойынша 2024 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда шамамен 0,5 млн тонна немесе 107,7% өндірілді.



Минэнерго прогнозирует рост добычи газа до 62,8 млрд м3 в 2025 году


📌 На заседании Правительства под председательством Премьер-министра Олжаса Бектенова рассмотрен вопрос развития газовой отрасли. Министр энергетики Ерлан Аккенженов доложил об основных показателях.

🔘 По данным Минэнерго, добыча газа по итогам 2024 года составила 59 млрд м3, План добычи на 2025 год составляет 62,8 млрд м3. Добыча газа за I квартал 2025 года составила 17,2 млрд м3.

Основной прирост добычи газа предусматривается за счет крупных месторождений Карачаганак, Тенгиз и Кашаган.
«Объем производства товарного газа за 2024 год составил 28,7 млрд м3. План производства на 2025 год составляет 29,4 млрд м3. За I квартал 2025 года произведено 7,3 млрд м3»,

— отметил Ерлан Аккенженов.

🔷 Он добавил, что на потребности внутреннего рынка в 2024 году было поставлено 21,2 млрд м3. Прогнозный объем потребления на 2025 год составляет порядка 21,3 млрд м3.

За 2024 год объем производства сжиженного нефтяного газа составил 1,7 млн тонн. План на 2025 год составляет 1,7 млн тонн и по итогам I квартала 2025 года произведено порядка 0,5 млн тонн или 107,7% в сравнении с 2024 годом.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Тауарлық газ өндірісі жаңа ГӨЗ іске қосу есебінен ұлғайтылатын болады

📌 Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында газ саласын дамыту мәселесі қаралды. Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов еліміздегі тауарлық газ өндірісінің көлемін ұлғайту жоспарлары туралы баяндады.

✔️ Оның деректері бойынша Қазақстан газының болжамды балансы бойынша тауарлық газ өндіру көлемі тұрақты өсуде. 2024 жылы 28,7 млрд текше метрден 2030 жылға қарай 34,6 млрд текше метрге дейін ұлғаю байқалады.
«Бүгінде Қазақстан газ саласында геологиялық барлау жұмыстарын белсенді дамытуда. Негізгі басымдықтардың бірі көмірсутектердің барланған қорларының көлемін ұлғайту болып саналады. Осының шеңберінде «QazaqGaz» ұлттық компаниясы қазіргі уақытта мемлекеттік Жер қойнауы қорын басқару бағдарламасына (ЖҚҚББ) енгізілетін 15 жер қойнауы учаскесі бойынша жұмыстар жүргізуде»,

— деп атап өтті министр.

🔷 Ерлан Ақкенженов бүгінгі таңда QazaqGaz-дың «Аққұдық» және «Шалқар» учаскелеріндегі әлеуетті инвестор «ҚОР» мұнай компаниясы» АҚ-мен, КТ-III учаскесіндегі Chevron (АҚШ) компаниясымен, Северный-2 учаскесіндегі «ҚазАзот» ЖШС-мен геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу бойынша келісімдері бар екенін хабарлады, сондай-ақ «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ-мен Северный-1 учаскесі бойынша келіссөздер жүргізілуде.

Бұдан бөлек, Gas Solution әлеуетті инвесторы «Самтыр Солтүстік» және «Самтыр Оңтүстік» учаскелері бойынша қызығушылық танытып отыр.

Алдын ала бағалау бойынша, жоғарыда аталған барлық жобалар бойынша газдың жиынтық ресурстары шамамен 535,5 млрд текше метрді және жиынтық құны 200 млрд теңгені құрайды.
«Сонымен қатар 2026-2030 жылдар аралығында 4 газ өңдеу зауытын: қуаттылығы жылына 1 млрд және 2,5 млрд текше метр болатын Қашаған кен орнының, қуаттылығы жылына 4 млрд текше метр құрайтын Қарашығанақ кен орнының шикізаты базасында, сондай-ақ қуаттылығы жылына 900 млн текше метр болатын Жаңаөзен қаласындағы Қазақ ГӨЗ кезең-кезеңімен пайдалануға беру басталады»,

— деді министр.

🔘 Оның айтуынша, Қашаған кен орнының шикізат базасында газ өңдеу зауыттарын салу үшін қатарлық инвестор UCC Holding компаниясы тартылған. Қазіргі уақытта «QazaqGaz» ҰК» АҚ мен «UCC Holding» арасында осы жобаларды іске асырудың соңғы шарттары келісілуде.

Қарашығанақ ГӨЗ құрылыс жобасын жүзеге асыру Оператордың қаражаты есебінен жүзеге асырылатын болады.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
UKIMET
Тауарлық газ өндірісі жаңа ГӨЗ іске қосу есебінен ұлғайтылатын болады 📌 Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында газ саласын дамыту мәселесі қаралды. Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов еліміздегі тауарлық газ өндірісінің көлемін…
Производство товарного газа будет увеличено за счет ввода новых ГПЗ

📌 На заседании Правительства под председательством Премьер-министра Олжаса Бектенова рассмотрен вопрос развития газовой отрасли. Министр энергетики Ерлан Аккенженов доложил о планах по увеличению объемов производства товарного газа.

✔️ По его данным, по прогнозному балансу газа РК объем выработки товарного газа устойчиво растет. С 28,7 млрд м3 в 2024 году наблюдается увеличение до 34,6 млрд м3 к 2030 году.
«Сегодня Казахстан активно развивает геологоразведочные работы в газовой отрасли. Одним из главных приоритетов является увеличение объемов разведанных запасов углеводородов. В рамках этого Национальная компания «QazaqGaz» ведет работы по 15 участкам недр, которые в настоящее время включаются в Программу управления государственным фондом недр (ПУГФН)»,

— отметил министр.

🔷 Ерлан Аккенженов добавил, что на сегодня имеются соглашения QazaqGaz по проведению геологоразведочных работ потенциальными инвесторами АО «Нефтяная компания «КОР» на участке «Аккудук» и «Шалкар», с компанией Chevron (США) на участке КТ-III, с ТОО «КазАзот» на участке Северный-2, а также ведутся переговоры c АО «СНПС-Актобемунайгаз» по участку Северный-1.

Помимо этого, имеется заинтересованность потенциального инвестора Gas Solution по участкам «Самтыр Северный» и «Самтыр Южный».

По предварительной оценке, совокупные ресурсы газа по всем вышеуказанным проектам составляют порядка 535,5 млрд м3 суммарной стоимостью 200 млрд тенге.

«Вместе с тем, в период с 2026 по 2030 года начнется поэтапный ввод в эксплуатацию 4-х газоперерабатывающих заводов: на базе сырья Кашаганского месторождения мощностью 1 млрд и 2,5 млрд м3 в год, Карачаганакского месторождения мощностью 4 млрд м3 в год, а также завод КазГПЗ в г. Жанаозен мощностью 900 млн м3 в год»,

— сообщил министр.

🔘 По его словам, для строительства газоперерабатывающих заводов на базе сырья месторождения Кашаган привлечен Катарский инвестор UCC Holding. В настоящее время между АО «НК «QazaqGaz» и «UCC Holding» ведутся согласования финальных условий реализации данных проектов.

Реализация проекта строительства ГПЗ Карачаганак будет осуществляться за счет средств Оператора.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Елімізде «Әлеуметтік әмиян» пилоттық жобасы кеңейтіледі – халықтың осал топтары газға жеңілдіктерге қол жеткізе алады

📌 Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында газ саласын дамыту мәселесі қаралды. Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов «Әлеуметтік әмиян» пилоттық жобасының нәтижелерін таныстырды.

🔘 Министр атап өткендей, тапсырма шеңберінде Премьер-министр Батыс Қазақстан облысы мен Шымкент қаласында мемлекеттік атаулы әлеуметтік (АӘК) және тұрғын үй көмегін (ТК) алушыларға тауарлық газға ваучерлер ұсыну қызметін көрсету бойынша «Әлеуметтік әмиян» пилоттық цифрлық жобасы әзірленіп, енгізілді. Жоба тауарлық газ бағасының өсуі жағдайында халықтың осал топтарын қолдауға бағытталған. Бастама шеңберінде мемлекеттік атаулы және тұрғын үй көмегін алушылар тұтыну лимиттері белгіленген газға ваучерлер алады: БҚО-да айына 833 текше метр, Шымкентте – 631 текше метр. Тұтынылған газ көлемі 24%-ға дейін жеңілдікпен 23,5 млн теңге сомасына 2,9 млн текше метрді құрады.
«Жеңілдік алушылардан оң кері байланыстың болуы сервистің жоғары сұранысқа ие екенін әрі оны еліміз бойынша әрі қарай кеңейтудің өзектілігін растап отыр. Бұл пилоттық жоба 2025 жылдың сәуір айының соңында аяқталады. Осыған байланысты, қазіргі уақытта пилоттық жобаның мерзімін осы жылдың 30 маусымына дейін ұзарту, кейіннен еліміздің барлық газдандырылған өңірлеріне 1 жыл мерзімге кеңейту туралы мәселе пысықталуда»,

— деді Ерлан Ақкенженов.

Сонымен қатар оның айтуынша, газ саласын дамытуды қамтамасыз ету мақсатында ішкі нарықта тауарлық газды көтерме саудада өткізудің шекті бағасы 5 жыл мерзімге бекітіледі.

🔷 Сондай-ақ тауарлық газдың орташа шекті көтерме бағасы 1 000 текше метр үшін 23 646 теңге болғанда, ұлттық оператор халыққа жеткізу үшін 10 096 теңгені субсидиялайтыны атап өтілді.



В Казахстане расширят пилотный проект «Социальный кошелек» - скидки на газ станут доступнее для уязвимых категорий населения


📌 На заседании Правительства под председательством Премьер-министра Олжаса Бектенова был рассмотрен вопрос развития газовой отрасли. Министр энергетики Ерлан Аккенженов представил результаты пилотного проекта «Социальный кошелек».

🔘 Как отметил министр, в рамках поручения Премьер-министра был разработан и внедрен пилотный цифровой проект «Социальный кошелек» по оказанию услуги предоставления ваучеров на товарный газ получателям государственной адресной социальной (АСП) и жилищной помощи (ЖП) в Западно-Казахстанской области и г. Шымкент. Проект направлен на поддержку социально уязвимых слоев населения в условиях роста цен на товарный газ. В рамках инициативы получатели АСП и ЖП получают ваучеры на газ с установленными лимитами потребления: 833 м3 в месяц в ЗКО и 631 м3 - в Шымкенте. Объем потребленного газа со скидкой до 24 % составил 2,9 млн м3 на сумму 23,5 млн тенге.
«Положительная обратная связь от получателей подтверждает высокую востребованность сервиса и актуальность его дальнейшего масштабирования по стране. Данный пилотный проект будет завершен в конце апреля 2025 года. В связи с этим в настоящее время прорабатывается вопрос о продлении срока пилотного проекта до 30 июня текущего года с последующим масштабированием на все газифицированные регионы страны сроком на 1 год»,

— сообщил Ерлан Аккенженов.

Вместе с тем, по его словам, в целях обеспечения развития газовой отрасли предельные цены оптовой реализации товарного газа на внутреннем рынке утверждаются сроком на 5 лет.

🔷 Также было отмечено, что при средней предельной оптовой цене на товарный газ в 23 646 тенге за 1 000 м3, национальный оператор субсидирует 10 096 тенге для поставок населению.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Қазақстан газбен қамтуды кеңейтеді және транзит мәртебесін нығайтады

📌 Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында елімізді газдандыру және газ тасымалдау жүйесін дамыту мәселесі қаралды. Энергетика министрі Ерлан Ақкенженовтің айтуынша, 2024 жылдың қорытындысы бойынша бұл көрсеткіш 62,4%-ға дейін өсті – бүгінде 12,6 млн азамат газбен қамтамасыз етілген.

✔️ Биыл газбен қамтуды жалғастыру мақсатында республикалық бюджеттен және «Самұрық-Қазына» АҚ қаражатынан 84 жобаны іске асыру үшін 112,5 млрд теңге бөлінді. 2025 жылдың қорытындысы бойынша 71 елді мекенді газбен қамту бойынша 60 жобаны аяқтау жоспарлануда, бұл табиғи газға 218 мың адамға қол жеткізуге мүмкіндік береді немесе жалпы газбен қамтамасыз ету көрсеткішімен қамту 12,8 млн адамды құрайды.

✔️ Ел тұтынушыларын газбен үздіксіз қамтамасыз ету үшін ірі стратегиялық инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру, оның ішінде «Бейнеу – Бозой – Шымкент» магистралды газ құбырының екінші желісінің құрылысы, «Ақтөбе – Қостанай» магистралды газ құбырының құрылысы, «Талдықорған – Үшарал» магистралды газ құбырының құрылысыжоспарлануда.

Сонымен қатар Қазақстан транзиттік әлеуетті арттыруда.
2023 жылдың қазан айында Ресей газының Өзбекстан Республикасына транзиті іске қосылды. 2023 жылы 1,28 млрд текше метр, 2024 жылы – 5,6 млрд текше метр тасымалданды. Ал биыл 7,3 млрд текше метрге дейін ұлғайту, әрі қарай 2038 жылға 11 млрд текше метрге дейін ұлғайтуды жоспарлануда.

🔘 Сондай-ақ министр биыл түркімен және өзбек газын Қытай Халық Республикасына тасымалдау жоспары шамамен 36,2 млрд текше метрді құрайтынын, бұл өткен жылдың деңгейіне сәйкес келетінін айтты.



Казахстан расширяет газификацию и укрепляет транзитный статус


📌 На заседании Правительства под председательством Премьер-министра Олжаса Бектенова рассмотрен вопрос газификации страны и развития газотранспортной системы. Как доложил министр энергетики Ерлан Аккенженов, по итогам 2024 года этот показатель вырос до 62,4% - сегодня газом обеспечено уже 12,6 млн граждан.

✔️ В целях продолжения газификации в текущем году из республиканского бюджета и из средств АО «Самрук-Қазына» для реализации 84 проектов выделено 112,5 млрд тенге. По итогам 2025 года планируется завершить 60 проектов по газификации 71 населенных пунктов, что позволит получить доступ к природному газу 218 тыс человек или в общем охват газификацией составит 12,8 млн человек.

✔️ В целях бесперебойного обеспечения газом потребителей страны планируется реализовать крупные стратегические инфраструктурные проекты, в том числе строительство второй нитки магистрального газопровода «Бейнеу – Бозой – Шымкент», строительство магистрального газопровода «Актобе – Костанай», строительство магистрального газопровода «Талдыкорган – Ушарал».

Параллельно Казахстан наращивает транзитный потенциал.
В октябре 2023 года был запущен транзит российского газа в Узбекистан. В 2023 году было транспортировано 1,28 млрд м3, в 2024 году – 5,6 млрд м3, а в этом году планируется нарастить транзит до 7,3 млрд м3 с дальнейшим увеличением до 11 млрд м3 в год к 2038 году.

🔘 Также министр сообщил, что в этом году план транзита туркменского и узбекского газа в Китайскую Народную Республику составляет порядка 36,2 млрд м3, что соответствует уровню прошлого года.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Тұтыну көрсеткішін талдау сұйытылған газға сұраныстың артқанын көрсетті

📌 Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов ішкі нарықта сұйытылған мұнай газының (СМГ) өсіп келе жатқан тапшылығы проблемасын айтты.

Министрдің айтуынша, Энергетика министрлігі ай сайын еліміздің өңірлеріне шамамен 130 мың тонна сұйытылған газ бөледі. Алайда бұл көлем жеткіліксіз – қазіргі қажеттілік ұсыныстан 25-30 мың тоннаға асады, бұл шамамен 23%-ды құрайды.

✔️ Өсіп келе жатқан сұраныстың негізгі себебі газбен жүретін автомобильдер санының көбеюі. ҚР Ішкі істер министрлігінің ақпараты бойынша, 2024 жылы газбен жүретін автомобильдер саны 677 мың бірлікті құрады немесе 2023 жылмен салыстырғанда 16%-ға өсті (582 мың бірлік).

Нарыққа қосымша қысым ТМД елдерінің бағаға қызығушылығынан туындайды. Көтерме бағалардың төмен болуына байланысты автокөлік жүргізушілерінің газға жаппай ауысуы байқалады, әсіресе отын көзінің көрші елдерге қарағанда едәуір арзан шекаралас аймақтарда. Ол сондай-ақ тұтынудың бақылаусыз өсуін ынталандырады және отынды заңсыз әкету қаупін арттырады.



Анализ потребления показал увеличение спроса на сжиженный газ


📌 На заседании Правительства под председательством Премьер-министра Олжаса Бектенова министр энергетики Ерлан Аккенженов озвучил проблему растущего дефицита сжиженного нефтяного газа (СНГ) на внутреннем рынке.

По словам министра, Министерство энергетики ежемесячно распределяет порядка 130 тыс. тонн сжиженного газа по регионам страны. Однако этого объема недостаточно - текущая потребность превышает предложение на 25 - 30 тыс. тонн, что составляет около 23%.

✔️ Основной причиной растущего спроса стало активное увеличение числа автомобилей с газобаллонным оборудованием (ГБО). По данным Министерства внутренних дел, в 2024 году количество таких транспортных средств достигло 677 тыс. единиц, что на 16% больше по сравнению с прошлым годом (582 тыс.).

Дополнительное давление на рынок создает ценовая привлекательность СНГ. Из-за установленных низких оптовых цен наблюдается массовый переход автолюбителей на газ, особенно в приграничных регионах, где топливо значительно дешевле, чем в соседних странах. Это также стимулирует неконтролируемый рост потребления и повышает риск нелегального вывоза топлива.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Газ саласындағы цифрландыру және заңнамалық реформалар

📌 Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов газ саласындағы заңнаманы цифрландыру және жетілдіру жөніндегі негізгі бастамалар туралы баяндады.

Министр хабарлағандай, газды есепке алудың ашықтығы мен тиімділігін арттыру мақсатында нормативтік-құқықтық актілерге түзетулер енгізілді, оған сәйкес 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап жер қойнауын пайдаланушылар кен орындарын телеметриямен есепке алу аспаптарымен жарақтандыруға міндетті. «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ кен орындарынан деректерді тестілік қабылдау басталды.

2024 жылғы 1 желтоқсаннан бастап сұйытылған мұнай газының көлемін ішкі нарыққа бөлу жөніндегі мемлекеттік функция да автоматтандырылды. Осы жылдың соңына дейін цифрлық қызметтің функционалын әкімдіктер деңгейіне дейін кеңейту жоспарлануда.

ҚР Президентінің тапсырмаларын орындау шеңберінде газбен жабдықтау жөніндегі заңнамаға өзгерістер дайындалды. Негізгі бастамалардың қатарында:

➤ Тұрмыстық тұтынушылар үшін газ тұтыну нормативтерін енгізу;
➤ Деректерді қашықтан беру есептегіштерін орнату;
➤ Мұнай-газ-химия жобалары үшін ұзақ мерзімді көтерме бағаларды белгілеу;
➤ Газбен жабдықтау объектілерін QazaqGaz басқармасына беру рәсімін оңайлату.

🔘 Бұл шаралар газ саласын тұрақты дамытуға, ресурстарды басқару тиімділігін арттыруға және энергия ресурстарына әділ қол жеткізуді қамтамасыз етуге бағытталған.

Цифровизация и законодательные реформы в газовой отрасли


📌 На заседании Правительства под председательством Премьер-министра Олжаса Бектенова министр энергетики Ерлан Аккенженов доложил о ключевых инициативах по цифровизации и совершенствованию законодательства в газовой отрасли.

Как сообщил министр, в целях повышения прозрачности и эффективности учета газа внесены поправки в нормативно-правовые акты, согласно которым с 1 января 2025 года недропользователи обязаны оснащать месторождения приборами учета с телеметрией. Уже начат тестовый прием данных с месторождений АО «НК «КазМунайГаз».

С 1 декабря 2024 года также была автоматизирована госфункция по распределению объемов сжиженного нефтяного газа на внутренний рынок. До конца текущего года планируется расширить функционал цифрового сервиса до уровня акиматов.

В рамках исполнения поручений Президента РК подготовлены изменения в законодательство по газоснабжению. Среди ключевых инициатив:

➤ Введение нормативов потребления газа для бытовых абонентов;
➤ Установка счетчиков с дистанционной передачей данных;
➤ Установление долгосрочных оптовых цен для нефтегазохимических проектов;
➤ Упрощение процедуры передачи объектов газоснабжения в управление QazaqGaz.

🔘 Эти меры направлены на устойчивое развитие газовой отрасли, повышение эффективности управления ресурсами и обеспечение справедливого доступа к энергоресурсам.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM