UKIMET
18.5K subscribers
10.8K photos
1.83K videos
8.28K links
ҚР Үкіметінің ресми Telegram-каналы/ Официальный Telegram-канал Правительства РК

🌐 Сайт https://primeminister.kz/kz
🔗 Instagram https://instagram.com/primeministerkz
🔗 Facebook https://www.facebook.com/Primeminister.Kaz
🔗 https://t.me/ukimet_points
Download Telegram
Гидротехникалық құрылыстарды жөндеу, жаңа бөгеттер салу және өзен арналарын тазарту: Қазақстанда су тасқынынан қорғау бойынша кешенді шаралар қабылданды

📌 Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында су тасқыны жағдайы мәселесі қаралды. Су тасқыны мен құрғақшылыққа бейімделу, сондай-ақ су инфрақұрылымының тұрақтылығын арттыру үшін қабылданған шаралар туралы су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов баяндады. Ол Мемлекет басшысының тапсырмалары аясында 2030 жылға дейін су ресурстары тұжырымдамасы жаңартылғанын, Су саласын дамытудың кешенді жоспары бекітілгенін және жаңа Су кодексі қабылданғанын айтты.

🔷 2025 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындық жұмыстары алдын ала басталды. 2024 жылы 1395 гидротехникалық құрылыс тексеріліп, оның ішінде 560 нысан жөндеуді қажет ететіні анықталды. Оның 79-ы қалпына келтірілді, 46 нысанда жөндеу жұмыстары жүргізілуде, 18 нысан бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірленген.

«Қазсушар» РМК техникалық әлеуетті күшейтеді – жоспарланған 757 арнайы техниканың 268-і жеткізілді.

Өзен арналарына ауқымды тазарту жүргізілуде: Жол картасын іске асыру басталғаннан бері Ертіс, Орал, Жем және басқа да өзендерді қоса алғанда, 239 шақырым өзен арнасы тазартылды. Сондай-ақ жалпы 286 елді мекенді қамтитын ұзындығы 590 шақырым болатын 261 бөгет салынды.

✔️ Еліміздің алты өңірінде «Демеу Қазақстан Қоры» қорының есебінен жалпы ұзындығы 300 шақырым бөгеттер салу және нығайту бойынша 57 жоба іске асырылуда. Қазірдің өзінде 200 шақырымнан астам бөгеттер салынды.

Коммуналдық су нысандарын тиімді басқару үшін 6 коммуналдық кәсіпорын құрылды, онда 1124 адам жұмысқа орналастырылды. Бұл кәсіпорындар қазіргі уақытта 828 коммуналдық меншік нысандарына қызмет көрсетеді. Балансқа қосымша 40-қа жуық құрылым берілді.



Ремонт гидротехнических сооружений, новые дамбы и очистка русел рек: в Казахстане принят комплекс мер по защите от паводков


📌 На заседании Правительства под председательством Премьер-министра Олжаса Бектенова рассмотрен вопрос паводковой ситуации. О принятых мерах для адаптации к паводкам и засухе, а также для повышения устойчивости водной инфраструктуры доложил министр водных ресурсов и ирригации Нуржан Нуржигитов. Он рассказал, что в рамках поручений Главы государства была обновлена Концепция водных ресурсов до 2030 года, утвержден Комплексный план развития водной отрасли и принят новый Водный кодекс.

🔷 Подготовка к паводкам 2025 года началась заблаговременно. В 2024 году обследовано 1395 гидротехнических сооружений, из которых 560 требовали ремонта. Уже восстановлены 79 объектов, ведутся работы на 46, еще по 18 подготовлена проектно-сметная документация.

РГП «Казводхоз» усиливает технический потенциал - поставлено 268 из запланированных 757 единиц спецтехники.

Проводится масштабная очистка русел рек: c начала реализации Дорожной карты уже очищено 239 км русел, включая такие реки как Иртыш, Урал, Жем и другие. Также построены 261 дамба общей протяженностью 590 км, охватывающие 286 населенных пунктов.

✔️ В шести регионах страны реализуются 57 проектов по строительству и укреплению дамб общей протяженностью 300 км за счет фонда «Демеу Қазақстан Қоры». Более 200 км дамб уже построено.

Для эффективного управления коммунальными водными объектами созданы 6 коммунальных предприятий, где трудоустроено 1124 человека. Данные предприятия в настоящее время обслуживают 828 объектов коммунальной собственности. На баланс дополнительно передано еще около 40 сооружений.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Елімізде су тасқынын дәл болжау үшін жаңа технологияларды енгізуде

⚡️ Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Үкімет отырысында 2025 жылы су тасқыны болжамдарының дәлдігін арттыру үшін енгізілген цифрлық шешімдер туралы айтты.

🔘 Оның айтуынша, Қазақстанда алғаш рет су тасқынына бейім учаскелердегі ықтимал жағдайларды модельдеудің инновациялық құралы – «Tasqyn» жүйесі пайдаланылуда. Жүйе күн сайын «Қазсушар» РМК басқаруындағы 86 су қоймасының жұмыс режимі туралы деректермен жаңартылады. Сондай-ақ су деңгейлері мен ағыны бойынша нақты және болжамды деректерді қамтитын 75 өзеннің цифрлық гидрографы әзірленді. Жүйеде «Қазгидромет» РМК және GloFAS (ГлоФас) халықаралық платформасының деректері пайдаланылады.

Бұдан бөлек, Министрлік БҰҰ Даму Бағдарламасымен (ПРООН) бірлесіп, су қоймаларындағы судың келу көлемін болжауға арналған Talsim ақпараттық жүйесін бейімделеніп енгізілуде. Қазіргі уақытта Есіл және Нұра өзендерінің бассейндері модельденген. Еліміз бойынша барлық су ресурстарын модельдеуді аяқтау жыл соңына дейін жоспарланып отыр.
Жаңа жүйелердің тиімділігі іс жүзінде дәлелденген.
«Мысал ретінде, Talsim жүйесі 11 сәуірге қарай Астана су қоймасына 91 текше метр/сек көлемінде су келуін болжады, нақты түсім – 97,2 текше метр/сек болды. Ал өз кезегінде «Tasqyn» жүйесі Атбасар қаласы маңындағы Жабай өзенінде 7 сәуірге арналған су тасқынының шарықтау шегін 581 текше метр/сек деп болжады, нақты ағыс – 567 текше метр/сек болды»,

— деп түйіндеді министр.



Казахстан внедряет новые технологии для точного прогноза паводков

⚡️ Министр водных ресурсов и ирригации Нуржан Нуржигитов на заседании Правительства рассказал о цифровых решениях, внедренных для повышения точности прогнозов паводков в 2025 году.

🔘 По его словам, впервые в Казахстане используется система «Tasqyn» - инновационный инструмент моделирования паводковых сценариев на наиболее уязвимых участках. Система ежедневно обновляется данными о режиме работы 86 водохранилищ, находящихся под управлением РГП «Казводхоз». Также разработаны цифровые гидрографы стока 75 рек, включающие фактические и прогнозные данные по уровням и расходам воды. В системе используются данные от РГП «Казгидромет» и международной платформы GloFAS (ГлоФас).

Дополнительно Министерство в сотрудничестве с ПРООН внедряет систему Talsim, которая прогнозирует объемы притока воды в водохранилища. На сегодняшний день смоделированы бассейны рек Есиль и Нура. До конца года планируется цифровое моделирование всех водных ресурсов страны.
Эффективность новых систем уже доказана на практике.
«К примеру, система Talsim (Талсим) на 11 апреля прогнозировала приток воды в Астанинское водохранилище в объеме 91 кубометр/сек, фактический приток составил 97,2 кубометра в секунду. В свою очередь система «Tasqyn» на реке Жабай в районе города Атбасар смоделировала возможный сценарий паводка с максимальным пиком 7 апреля в объеме 581 кубометр/сек фактический сток составил 567 кубометров в секунду»,

— заключил министр.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Еліміз бойынша су шаруашылығы жағдайы тұрақты

📌 Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов ведомство ахуалды дамытудың – стандартты және ағын көлемін 50%-ға ұлғайтуды көздейтінін кеңейтілген екі сценарийі әзірленген айтты.

🔷 Қабылданған шаралар мен 1 наурызға қарай 14,4 млрд текше метр көлеміндегі бос су қоймалары есебінен су тасқыны суларын қауіпсіз өткізу қамтамасыз етілді, бұл тасқын суларды тиімді реттеуге мүмкіндік берді.

Болжам бойынша су қоймаларына келетін су көлемі 14 – 20 млрд текше метр аралығында болады деп күтілген. Қазіргі кезде нақты келген су көлемі – 6,6 млрд текше метр, ал су қоймаларынан жалпы жіберілген су – 3,5 млрд текше метр. Барлық су қоймалары штаттық режимде жұмыс істейді, ал еліміз бойынша су шаруашылығы жағдайы тұрақты.

✔️ Бірқатар су шаруашылығы бассейндерінде су тасқыны жағдайы аяқталды. Жайық-Каспий және Тобыл-Торғай бассейндерінде су тасқыны қалыпты жағдайда өтті. Жалпы сыйымдылығы бір текше шақырымға жуық төрт су қоймасы бақыланатын Нұра-Сарысу бассейнінде де су тасқыны қауіпсіз өтті: Су тасқыны алдында 250 млн текше метр қор жиналды. Нақты келген су – 232 млн текше метр.

Кеңгір су қоймасында басқарылатын су ағызу жалғасуда, қазіргі уақытта 172 млн текше метр жіберілді. Жалпы сыйымдылығы 1,4 млрд текше метр болатын бес су қоймасы орналасқан Есіл бассейнінде болжанып отырған 3 млрд текше метр судан шамамен 2 млрд текше метр жіберілді. Астана су қоймасына келетін су көлемі азаюда. Барлық нысандар тұрақты жұмыс істеуде.

Шығыс өңірлерге келетін болсақ, Ертіс бассейнінің Бұқтырма және Шүлбі су қоймаларында 52 млрд текше метр жобалық сыйымдылықтың қосымша 15 млрд текше метр көлемінде су қоры жинақталған. 9 сәуірден бастап экожүйені сақтау үшін Ертіске 6 млрд текше метрге дейін су жіберу басталды.

Оңтүстік өңірлерде су қоймалары жинақтау режимінде жұмысын жалғастыруда, алдағы суару кезеңіне белсенді дайындық жүргізілуде.

Трансшекаралық өзендерге ерекше назар аударылады: Ресей Федерациясы және Қытаймен бірлесіп гидрологиялық ақпаратпен жедел алмасу жүзеге асырылады, су қоймаларының барлық жұмыс режимдері ағымдағы жағдайды ескере отырып келісіледі. Мәселен, жедел деректер бойынша Ресей Федерациясының аумағынан Есіл өзеніне 1,3 шаршы метр су жіберілді.

Министр Ақмола облысында тіркелген су басудың жекелеген жағдайлары гидротехникалық құрылыстардың жұмысындағы бұзылулардан емес, жер бедерінің жергілікті ерекшеліктерінен және егістік алқаптарынан келетін су ағынына байланысты туындағанын атап өтті.

Нұржан Нұржігітов атап өткендей, биылғы көктемнің ерекшелігі топырақтағы тоңның жұқа болуында, бұл еріген қар суының жақсы сіңуіне және соның салдарынан жер үсті су ағыны көлемінің азаюына ықпал етті.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
UKIMET
Еліміз бойынша су шаруашылығы жағдайы тұрақты 📌 Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов ведомство ахуалды дамытудың – стандартты және ағын көлемін 50%-ға ұлғайтуды көздейтінін…
Водохозяйственная обстановка по Казахстану остается стабильной

📌 На заседании Правительства под председательством Премьер-министра Олжаса Бектенова министр водных ресурсов и ирригации Нуржан Нуржигитов сообщил, что ведомством разработаны два сценария развития ситуации - стандартный и расширенный, предусматривающий увеличение объема стока на 50%.

🔷 На 1 марта была сформирована свободная емкость в водохранилищах объемом 14,4 млрд кубометров, что позволило эффективно регулировать паводковые воды. Министр сообщил о разработанных ведомством сценариях развития паводковых событий. На сегодня их два - стандартный и расширенный с увеличением объема стока на 50%.

Согласно прогнозу, приток к водохранилищам ожидался в пределах от 14 до 20 млрд кубометров. Фактически на сегодняшний день поступило 6,6 млрд кубометров, из которых 3,5 млрд уже сброшены. Все водохранилища работают в штатном режиме, а водохозяйственная обстановка по стране остается стабильной.

✔️ В ряде водохозяйственных бассейнов паводковая ситуация уже завершилась. В Жайык-Каспийском и Тобол-Торгайском бассейнах половодье прошло без осложнений. В Нура-Сарысуском бассейне, где контролируются четыре водохранилища общей ёмкостью около одного кубокилометра, паводок также прошёл спокойно: при фактическом притоке в 232 млн кубометров использовался запас в 250 млн кубометров, что позволило избежать повышенных сбросов.

На Кенгирском водохранилище продолжается управляемый сброс, на данный момент сброшено 172 млн кубометров. В Есильском бассейне, где находятся пять водохранилищ общей ёмкостью 1,4 млрд кубометров, приток составил около 2 млрд кубометров при прогнозируемых 3 млрд. Наблюдается снижение поступления воды в Астанинское водохранилище. Все объекты функционируют штатно.

Что касается восточных регионов, в Бухтарминском и Шульбинском водохранилищах Ертисского бассейна накоплен запас воды в объеме 15 млрд кубометров при проектной емкости 52 млрд. С 9 апреля начались природоохранные попуски воды в Иртыш для сохранения экосистемы — в объеме до 6 млрд кубометров.

В южных регионах водохранилища продолжают работать в режиме накопления, ведется активная подготовка к предстоящему ирригационному периоду.

Отдельное внимание уделяется трансграничным рекам: с Российской Федерацией и Китаем осуществляется оперативный обмен гидрологической информацией, все режимы работы водохранилищ согласуются с учетом текущей обстановки. Так, по оперативным данным, с территории РФ по реке Есиль было сброшено 1,3 км3 воды.

Министр отметил, что единичные случаи подтоплений, зафиксированные в Акмолинской области, были вызваны локальными особенностями рельефа и стоком воды с полей, а не нарушениями в работе гидротехнических сооружений.

Как подчеркнул Нуржан Нуржигитов, особенностью нынешней весны стала малая глубина промерзания почвы, что способствовало хорошему впитыванию талой воды и, как следствие, снижению объемов поверхностного стока.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Үкіметте су тасқыны кезеңінің барысы талқыланды: жол инфрақұрылымы тұрақты жұмыс істеуде

📌 Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында су тасқыны жағдайы мәселесі қаралды. Көлік министрі Марат Қарабаев көлік инфрақұрылымын су тасқыны салдарынан бұзылуына жол бермеу үшін қабылданған шаралар туралы баяндады. Республикалық маңызы бар жолдардағы барлық су тасқыны тәуекелдері зерделеніп, алдын ала тиісті жұмыстар жүргізілді.

Мәселен, 2024 жылы су тасқыны қаупі бар учаскелерде күрделі және орташа жөндеу шеңберінде 227 су өткізу құбыры салынды. Биыл қосымша 302 құбырының құрылысы бойынша жұмыс жалғасуда.

Сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысындағы «Өскемен–Рахман қайнары» тас жолы бойындағы төрт көпірде күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды. 2025 жылы тағы екі көпірде Ақмола облдысында – «Жақсы–Есіл–Бұзылық» тас жолында және Қостанай облысында – «Қостанай–Әулиекөл–Сұрған» жолында күрделі жөндеу аяқталады.
«Ағымдағы су тасқыны кезеңінде жол қызметтері жедел алдын алу шараларын қабылдады: алдын ала қар мен мұздан тазартылған 8 мың су өткізу құбырлары арқылы еріген қар суын кедергісіз өткізу қамтамасыз етілді; су басу қаупі бар учаскелерде дайындалған инертті материалдарды пайдалана отырып, жол жиегінде үйінділер орнатылды және құм салынған қаптар төселді; қауіпсіз өтуді қамтамасыз ету үшін жол жиектерінде ескерту белгілерін орнату бойынша жұмыстар жүргізілді»,

— деп нақтылады министр.

🔷 Жалпы, Марат Қарабаев қабылданған шаралардың нәтижесінде су тасқыны кезеңі қалыпты режимде өтіп жатқанын атап өтті, еріген қар суының жолды басуының 17 жағдайы ғана тіркелген, бұл өткен жылмен салыстырғанда 8 есе аз. 2024 жылғы сәйкес кезеңде су басуының 137 фактісі, ал барлық су тасқыны кезеңінде – 178 факт тіркелді. Сонымен қатар республикалық жолдарда жол төсемі мен жасанды құрылыстардың бұзылуына жол берілмеді.

Барлық қауіпті учаскелер мен құрылыстарды тәулік бойы бақылау жалғасуда. 1 мыңға жуық мамандандырылған техника бекітілген. Су тасқыны жағдайын бағалау үшін Министрліктің Ахуалдық орталығы мен «ҚазАвтоЖол» ұлттық операторының 1403 диспетчерлік қызметі тәулік бойы жұмыс істеп тұр.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
UKIMET
Үкіметте су тасқыны кезеңінің барысы талқыланды: жол инфрақұрылымы тұрақты жұмыс істеуде 📌 Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында су тасқыны жағдайы мәселесі қаралды. Көлік министрі Марат Қарабаев көлік инфрақұрылымын су тасқыны…
В Правительстве обсудили ход паводкового периода: дорожная инфраструктура функционирует стабильно

📌 На заседании Правительства под председательством Премьер-министра Олжаса Бектенова рассмотрен вопрос о ситуации с паводками. Министр транспорта Марат Карабаев доложил о принятых мерах во избежание разрушений транспортной инфраструктуры. Особое внимание было уделено республиканским дорогам, где проведена системная работа по анализу рисков и реализации превентивных мероприятий.

Так, в 2024 году на паводкоопасных участках установлено 227 водопропускных труб в рамках капитального и среднего ремонта. В текущем году продолжается устройство еще 302 труб.

Также завершен капитальный ремонт четырех мостов в Восточно-Казахстанской области на трассе «Усть-Каменогорск – Рахмановские ключи». В 2025 году завершаются капитальные ремонты еще двух мостов - в Акмолинской области – трасса «Жаксы - Есиль - Бузулук», и Костанайской области – трасса «Костанай - Аулиеколь - Сурган».
«В текущий паводковый период дорожными службами оперативно приняты превентивные меры: обеспечен беспрепятственный пропуск талых вод через 8 тысяч заранее очищенных от снега и льда водопропускных труб; на участках с риском подтопления устроены валы и уложены мешки с песком с использованием подготовленных запасов инертных материалов; установлены сигнальные знаки на обочинах дорог для обеспечения безопасного проезда»,

— перечислил министр.

🔷 В целом, Марат Карабаев отметил, что в результате принятых мер, паводковый период проходит в штатном режиме, где зарегистрировано всего 17 случаев перелива талых вод через проезжую часть, что меньше в 8 раз по сравнению с прошлым годом. В аналогичный период 2024 года зафиксировано 137 фактов перелива, а за весь паводковый период -178 фактов. Кроме того, на республиканских трассах удалось избежать размывов дорожного полотна и искусственных сооружений.

За всеми опасными участками и сооружениями продолжается круглосуточное наблюдение. Закреплено порядка 1 тыс. спецтехники. Для мониторинга паводковой ситуации круглосуточно функционирует Ситуационный центр Министерства и диспетчерская служба 1403 Национального оператора «КазАвтоЖол».

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Темір жолдардағы су тасқыны жағдайы – су басу қаупі жоқ

📌 Теміржол саласы бойынша су тасқыны кезеңінде жолдың және жасанды құрылыстардың тұрақты жұмысын қамтамасыз етуге бағытталған бірқатар шаралар қабылданды. Бұл туралы Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен су тасқыны жағдайына арналған Үкімет отырысында көлік министрі Марат Қарабаев мәлімдеді.

🔷 Министрдің айтуынша, ТЖМ аумақтық органдарымен бірлесіп теміржол төсемінен жоғары орналасқан 83 су қоймасы мен бөгеттің жағдайы тексерілген. Мұзды ұсақтау мен қар көшкінін түсіру бойынша 6 теміржол учаскесінде бұрғылау-жару жұмыстары жүргізілді.

«Қазіргі уақытта еріген суларды жасанды құрылыстар арқылы өткізу штаттық режимде жүзеге асырылуда. Су тасқыны қаупі бар 673 учаскеде тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылған»,

— деді ол.

🔻 Сонымен қатар еріген қар суының жиналуы Ақмола және Қостанай облыстарында байқалады.

«Теміржолдарды су басу қаупі мен пойыздардың қозғалысында қиындықтар жоқ. Пойыздардың қозғалысын қысқамерзімге тоқтата тұру жөнінде шаралар қабылданды, Арқалық стансасының су тасқынына қарсы пойызы іске қосылды. Су тасқыны кезеңінен өту мәселесі бақылауда, барлық қажетті шаралар қабылдануда»,

— деп түйіндеді Марат Қарабаев.



Паводковая ситуация на железных дорогах - угрозы подтоплений нет


📌 По железнодорожной отрасли принят ряд мер, направленных на обеспечение устойчивой работы пути и искусственных сооружений в паводковый период. Об этом на заседании Правительства под председательством Премьер-министра Олжаса Бектенова, посвященного ситуации с паводками, сообщил министр транспорта Марат Карабаев.

🔷 По словам министра, совместно с территориальными органами МЧС проверено состояния 83 водохранилищ и плотин, расположенных выше железнодорожного полотна. Проведены буровзрывные работы по дроблению льда и спуску снежных лавин по шести дистанциям пути.

«В настоящее время пропуск талых вод осуществляется в штатном режиме через искусственные сооружения. Обеспечено круглосуточное дежурство на 673 потенциально паводкоопасных участках»,

— отметил он.

🔻 Вместе с тем, скопление воды наблюдается в Акмолинском и Костанайском областях.

«Угрозы подтопления железнодорожных путей и затруднения в движении поездов отсутствуют. Принимались меры по кратковременному приостановлению движения поездов, задействован противоразмывной поезд станции Аркалык. Вопрос прохождения паводкового периода находится на контроле, принимаются все необходимые меры»,

— заключил Марат Карабаев.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Ақмола облысындағы су тасқыны жағдайы тұрақталып қалды – әкімдік

📌 Үкімет отырысында Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов өңірдегі су тасқыны жағдайы тұрақтала бастағанын қалғанын айтты.

🔷 Ол барлық нысандар штаттық режимде жұмыс істейтінін атап өтті. Негізгі өзендер бойынша су қозғалысының белсенді кезеңі өтті. Өңірде 494 көл мен 111 өзен бар. Есіл өзенінің қауіпті учаскелерінде судың деңгейін бақылау жалғасуда.

«Күшейтілген қорғаныс шаралары 94 ауылда 3 мың үйді су басудың алдын алуға көмектесті. Қылшақты өзенінің су өткізу мүмкіндігін арттыру облыс орталығының қауіпсіздігін қамтамасыз етті»,

— деп атап өтті Марат Ахметжанов.

Есіл мен Нұра өзендерінің қауіпті учаскелерін нығайту және кеңейту, Жібек Жолы бөгетінің құрылысы елорда аймағында еріген қар суын қауіпсіз өткізіп жіберуге мүмкіндік бергені атап өтілді.

Сонымен қатар Жабай өзенінің түбін тереңдету және арнасын кеңейту Сандықтау және Атбасар аудандарының елді мекендерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етті. Осылайша, жыл сайын су тасқыны қаупі бар аймақтарды су басуға жол берілген жоқ.

«Өткен жылы басталған екі жылдық жобалар су тасқыны кезеңінде оң нәтижесін бергенін атап өту қажет. Біз биыл оларды жүзеге асыруды аяқтайтын боламыз. Су деңгейі түскеннен кейін жолдар қалпына келтірілуде. Бес ауданда су басқан 14 км автожолдар жөнделді. Өкінішке орай, елді мекендерді жергілікті су басу орын алды. Су тасқынының күрделенуіне объективтік және субъективтік факторлар, атап айтқанда, күннің тез жылынуы, жауын-шашын, топырақтағы жоғары ылғал, сондай-ақ жерасты суларының көтерілуі әсер еткенін атап өту қажет»,

— деп түсіндірді Марат Ахметжанов.

Облыста материалдық шығынды өтеу және зардап шеккен үйлерді тексеру жөніндегі комиссия жұмыс істеп жатыр. Тиісті қаулылар қабылданды. Жөндеуді қажет ететін үйлерге құрылыс материалдарын жеткізу басталды.



Паводковая ситуация в Акмолинской области стабилизируется – акимат


📌 Аким Акмолинской области Марат Ахметжанов на заседании Правительства доложил, что паводковая ситуация в регионе стабилизируется.

🔷 Он отметил, что все объекты работают в штатном режиме. Активная фаза движения воды по основным рекам пройдена. В регионе насчитывается 494 озер и 111 рек. На критических участках продолжается наблюдение за уровнем реки Есиль.
«Усиленные меры защиты помогли предотвратить подтопление 3 тыс. домов в 94 селах. Особое внимание уделено увеличению пропускной способности реки Кылшакты, что обеспечило безопасность областного центра»,

— подчеркнул Марат Ахметжанов.

Отмечено, что укрепление и расширение критических участков рек Есиль и Нура, строительство дамбы в Жибек Жолы позволило безаварийно пропустить талые воды в пристоличной зоне.

В то же время, защиту населенных пунктов Сандыктауского и Атбасарского районов обеспечило дноуглубление и спрямление реки Жабай. Тем самым, было исключено подтопление участков, ежегодно попадающих в паводкоопасную зону.
«Начатые в прошлом году двухгодичные проекты уже дали положительный эффект в период паводка. В этом году мы завершим их реализацию. По мере завершения переливов идет восстановление дорожного полотна. Отремонтировано 14 км размытых автодорог в пяти районах. К сожалению, имело место локального подтопления населенных пунктов. Важно отметить, что на осложнение паводковой ситуации повлияли как объективные, так и субъективные факторы. Это резкое потепление, обильные осадки, высокое увлажнение почвы, а также поднятие грунтовых вод»,

— пояснил Марат Ахметжанов.

В области работают комиссии по возмещению материального ущерба и обследованию пострадавших домов. Приняты соответствующие постановления. Проводится завоз строительных материалов к домам, требующим ремонта.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
СҚО-дағы су тасқыны жағдайы тұрақты бақылауда – әкімдік

📌 Су тасқыны басталғалы Солтүстік Қазақстан облысында тұрғын үйлерді су басуға жол берілген жоқ. Бұл туралы Үкімет отырысында облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов мәлімдеді.

🔷 Ол Республикалық және жергілікті маңызы бар автожолдарда 27 жерден су тасып өту жағдайы тіркелгенін, олар 4-5 күн ішінде тоқтатылғанын атап өтті. Қазіргі таңда 2 учаскеде су тасуы әлі де жалғасуда.

✔️ Өңірде 8 қорғаныс бөгетін қалпына келтіру және нығайту, Петропавл су торабы маңындағы айналма каналды салу және Соколовка маңындағы Есіл өзенінің арнасын түзету жұмыстары аяқталды. Шаруашылық есебінен Новоникольское ауылында су басу қаупін азайту мақсатында айналма канал салынды. Аталған каналдардың жұмысы тиімділігін көрсетті.

Елді мекендерден 1,5 млн текше метр қар шығарылды, 400 мың текше метр еріген су сорылды, 200 мың қап құм төселді, сондай-ақ жару жұмыстары жүргізілді. Бұл тұрғын үйлер мен инфрақұрылым нысандарын су басудан сақтап қалуға септігін тигізді.

Су тасқыны жағдайы 8 дрон арқылы бақылануда, бұл дрондар кейін өрт қаупі кезеңінде қолданылмақ.

«Өзендер мен көлдердің деңгейі тәулік бойы бақылауда. Қазіргі жағдай бойынша Петропавлда су тасқынының бірінші және екінші толқындарының шарықтау кезеңі өтіп жатыр. Су деңгейі тұрғын үйлер мен инфрақұрылым үшін қауіпті межеге жеткен жоқ. Үшінші толқынның шарықтау кезеңі сәуір айының соңында Жабай және Калутон өзендерінің Ақмола облысындағы тасу есебінен облыс орталығына жетеді деп күтілуде. Бұл елді мекендерге қауіп төндірмейді. Су тасқыны жағдайы тұрақты бақылауда»,

— деп атап өтті Ғауез Нұрмұхамбетов.



Паводковая ситуация в СКО находится на постоянном контроле – акимат


📌 С начала паводкового периода в Северо-Казахстанской области подтоплений жилых домов не допущено. Об этом сообщил аким региона Гауез Нурмухамбетов на заседании Правительства.

🔷 Он отметил, что в области зарегистрировано 27 переливов на автодорогах республиканского и местного значения, которые в течении 4-5 дней прекратились. Остаются переливы на 2 участках.

✔️ В регионе завершены работы по восстановлению и укреплению 8-ми защищающих дамб, обустройству обводного канала у Петропавловского гидроузла и исправлению русла реки Есиль в районе с.Соколовка. За счет хозяйствующего субъекта построен обводной канал в селе Новоникольское для снятия угрозы подтопления населенного пункта. Работа данных каналов показала свою эффективность.

Из населенных пунктов вывезено более 1,5 млн. м3 снега, откачано 400 тыс. м3 талой воды, уложено 200 тыс. мешкотары, а также проведены взрывные работы, что способствовало не подтоплению жилых домов и инфраструктуры.

Мониторинг паводковой ситуации ведется с использованием дронов, которые в последствии будут переориентированы на пожароопасный период.

«Ведется круглосуточный мониторинг уровней рек и озер. На сегодня пики первой и второй волны паводка проходят по городу Петропавловск. Ожидается пик третей волны, за счет поднятия рек Жабай и Калутон Акмолинской области с приходом к областному центру к концу апреля. Угрозы населенным пунктам это не представляет. Паводковая ситуация находится на постоянном контроле»,

— подчеркнул Гауез Нурмухамбетов.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Үкіметте су тасқыны жағдайы қаралды: жалпы республика бойынша су тасқыны кезеңі бірқалыпты өтіп жатыр

📌 Премьер-vинистр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында еліміздегі су тасқыны жағдайына қатысты мәселе қаралды.

Жалпы республика бойынша су тасқыны кезеңі бірқалыпты өтіп жатыр.

Сонымен қатар Ақмола облысында сәуір айының басында 100-ден астам үй-жайды су шайып кетті. Қазір ахуал тұрақталды, қауіп сейілді деуге болады.Тосын жағдай елді мекендерді қорғау бойынша инженертік жұмыстардың дұрыс жүргізілмеуінен орын алған. Яғни, су тасқынына қарсы іс-шараларды жоспарлау мен орындаудың сапасыз болғаны көрініп тұр. Мәселен, Ескі Қалқұтан аулында Қалқұтан өзенін тазарту, жағалауын бекіту және тереңдету жұмыстары 3 шақырымдай ғана учаскеде жүргізілген. Ал жоба бойынша 11 шақырым бекітілуге тиіс болатын. Сонымен қатар Макинск қаласына да су жайылды.
«Айта кетейік, өңірде дәл осы елді-мекендерді жыл сайын су басады. Демек, Ақмола облысында қабылданып жатқан шаралар тиімсіз. Марат Мұратұлы, жоспарды қайта қарап, биыл барлық қажетті жұмыстарды іске асырыңыз. Баспаналары мен жер телімдері су астында қалған тұрғындарға жәрдемдесіп, көмек көрсетіңіздер»,

— деп атап өтті Олжас Бектенов.



В Правительстве рассмотрели паводковую ситуацию: в целом по республике наблюдается стабильное прохождение периода


📌 На заседании Правительства под председательством Премьер-министра Олжаса Бектенова рассмотрен вопрос о паводковой ситуации в стране.


В целом по республике наблюдается стабильное прохождение паводкового периода.

Вместе с тем в Акмолинской области в начале апреля оказались подтопленными свыше ста жилых домов. На сегодня ситуация признана не критичной, пик пройден. Причинами подтопления названы ненадлежащее проведение инженерных работ по защите населенных пунктов, некачественное планирование и проведение противопаводковых мероприятий. К примеру, в селе Старый Колутон работы по очистке, берегоукреплению и дноуглублению реки Колутон проведены только на участке 3 км, при этом проектом было предусмотрено работы на 11 км. В результате из-за разлива реки были подтоплены дома. Кроме того, оказался подтопленным город Макинск.
«Следует отметить, что в регионе ежегодно подтоплениям подвергаются одни и те же населенные пункты. Значит, в Акмолинской области недостаточно эффективны принимаемые меры. Марат Муратович, пересмотрите Ваши планы и в текущем году выполните всю необходимую работу. Окажите необходимое содействие и помощь людям, чьи дома и участки были подтоплены»,

– подчеркнул Олжас Бектенов.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Ақтөбе, Атырау, Қостанай облыстарында және БҚО-да уақтылы қабылданған шаралар үйлерді су басуға жол бермеді

Олжас Бектенов СҚО мен ШҚО-дағы су тасқыны жағдайының мониторингін жалғастыруды тапсырды

📌 Еліміздегі су тасқыны жағдайына қатысты мәселе қаралған Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов мемлекеттік органдар тарапынан жеделдікті және тәулік бойы мониторингімен қамтамасыз етуді тапсырды.

🔘 Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан және Қостанай облыстарында уақтылы қабылданған шаралар үйлерді су басуға және осы өңірлердің тұрғындарына зиян келтіруге жол бермеді. Сонымен қатар Солтүстік Қазақстан облысында Есіл өзенінде су деңгейінің көтерілуі болжануда. Шығыс Қазақстан облысының таулы аудандарында әлі де шамамен 50% қар қоры бар.
«Төтенше жағдайлар министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, су тасқыны жағдайына тәулік бойы мониторинг жүргізуді жалғастыруды тапсырамын. Күштер мен құралдар әрдайым жедел әрекет етуге дайын болуы тиіс»,

— деп атап өтті Олжас Бектенов.



Своевременно принятые меры в Актюбинской, Атырауской, Костанайской областях и ЗКО позволили не допустить подтопление домов


Олжас Бектенов поручил продолжить мониторинг паводковой ситуации в СКО и ВКО

📌 На заседании Правительства, где был рассмотрен вопрос о паводковой ситуации в стране, Премьер-министр Олжас Бектенов поручил обеспечить оперативность и круглосуточный мониторинг со стороны госорганов.

🔘 Так, своевременно принятые меры в Актюбинской, Атырауской, Западно-Казахстанской и Костанайской областях позволили не допустить подтопление домов и нанесение ущерба населению этих регионов. Вместе с тем, прогнозируется повышение уровня воды на реке Есиль в Северо-Казахстанской области. В горных районах Восточно-Казахстанской области еще имеются снегозапасы – порядка 50%.
«Министерству по чрезвычайным ситуациям совместно с заинтересованными госорганами поручаю продолжить проведение круглосуточного мониторинга за паводковой ситуацией. Силы и средства должны быть всегда готовы к оперативному реагированию»,

– подчеркнул Олжас Бектенов.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Тәулік бойы мониторинг жүргізу, Гидротехникалық құрылыстардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және шұғыл әрекет ету: Олжас Бектенов министрлер мен әкімдерге су тасқыны жағдайына қатысты бірқатар тапсырма берді

Үкімет отырысы соңында Премьер-министр Олжас Бектенов министрліктер мен әкімдіктерге бірқатар тапсырма берді:

➤ Ақмола, Абай, Шығыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарының әкімдіктері су тасқыНына байланысты жағдайдың ушығып кетуіне жол бермеу үшін барлық шара қабылдасын. Жауапкершілікпен әрі шұғыл қимылдап, уәкілетті мемлекеттік органдар мен ел басшылығын хабардар ету қажет. Тұрғындармен кері байланыс орнатып, олардың өтініштеріне дереу құлақ асу керек.

➤ Су ресурстары министрлігі мен әкімдіктер, әсіресе еліміздің солтүстік және шығыс өңірлерінде орналасқан су қоймалары мен нысандардағы судың деңгейін ерекше бақылауда ұстау қажет. Гидротехникалық құрылыстардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету керек.

➤ Төтенше жағдайлар, Ішкі істер министрліктері мен өңір әкімдіктеріне ахуал күрделене түскен жағдайда оны бақылауда ұстауды тапсырамын. Қажет болса, қосымша күштер мен құралдарды жұмылдыру керек.

➤ Көлік министрлігі өңір әкімдіктерімен бірге зақымданған жол инфрақұрылымын қалпына келтіру бойынша шаралар қабылдасын. Жолдар мен көпірлердің жағдайына тұрақты түрде мониторинг жүргізу қажет.

➤ Экология министрлігі ауа райы болжамының нашарлауына қатысты ақпарат алған кезде дауылды ескертулер туралы тиісті мемлекеттік органдарды жедел хабардар етсін.

➤ Цифрлық даму министрлігі су тасқыНын болжау және модельдеу жұмыстарын жалғастырсын. Tasqyn ақпараттық жүйесін оның жұмысына қатысты айтылған сын мен анықталған кемшіліктерді ескере отырып жетілдірсін.

➤ Былтырғы су тасқынын ескере отырып, төтенше жағдай зардаптарын жою және тұрғындарға көмек көрсету мәселелері бойынша барлық нормативтік құқықтық актілерді өзектендіру жұмысын бір апта мерзімде аяқтау қажет.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM