UKIMET
18.5K subscribers
10.8K photos
1.83K videos
8.29K links
ҚР Үкіметінің ресми Telegram-каналы/ Официальный Telegram-канал Правительства РК

🌐 Сайт https://primeminister.kz/kz
🔗 Instagram https://instagram.com/primeministerkz
🔗 Facebook https://www.facebook.com/Primeminister.Kaz
🔗 https://t.me/ukimet_points
Download Telegram
Абай облысында ормандарды өрттен қорғаудың механикаландырылған пункттері орнатылады

📌 Үкімет отырысында Абай облысында өртке қарсы қабылданып жатқан шаралар туралы өңір әкімі Берік Уәли баяндады.

🔷 Ол жыл басынан бері облыс аумағында 1 орман өрті, 1 дала өрті және құрғақ шөптің 66 жану фактісі тіркелгенін атап өтті.

✔️ Биылғы 4 сәуірде Бесқарағай ауданында құрғақ шөптің жануы салдарынан «Семей орманы» табиғи резерваты аумағы өртенді. Жалпы жанған аумақ алдын ала есеп бойынша 1,2 мың гектарды құрады. Оның 400 гектары орман алқабы, 800 гектары жайылымдық жер. Резерватта 1,4 мың гектарда құрғақ шөпті арнайы өртеу жұмыстары жүргізілді және облыс аумағында 16,3 мың шақырым минералды жолақтар жүргізілді

«Сонымен қатар, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында облыста 170 адамнан тұратын 38 мобильдік топ құрылды. Арнайы 7 рейдтік іс-шара өткізіліп, өрт қауіпсіздік қағидасын бұзудың 4 фактісі анықталды»,

— деп атап өтті Берік Уәли.

Өрт ошақтарын ерте анықтау мақсатында «ҚазақстанҒарышСапары «ҰК» АҚ-мен өзара іс-қимыл шеңберінде термиялық нүктелердің космомониторингі қамтамасыз етілді.

🔘 «Семей орманы» резерватымен бірлесіп, елді мекендердің жанында орналасқан орман алқаптарын қорғау үшін механикаландырылған күзеттер орналастырылады. Сонымен қатар, резерват аумағында «Қазавиаорманқорғау» республикалық кәсіпорынның су төгетін құрылғыларымен 2 Eurocopter кезекшілік жүргізуде. Бұдан бөлек Семей қаласының әуежайы базасында «Қазавиақұтқару» кәсіпорнының (МИ-8) тікұшағы және Қорғаныс министрлігінің су төгетін құрылғылары бар 2 тікұшағы кезекшілікте тұр.

✔️ «Ауыл құтқарушылары» бағдарламасы аясында Бесқарағай ауданының Глуховка ауылында өрт сөндіру бекеті іске қосылды Сонымен қатар, жыл соңына дейін қосымша 3 өрт сөндіру бекеттері ашылады.



Механизированные пункты охраны лесов от пожаров устанавливают в области Абай

📌 О принимаемых противопожарных мерах в области Абай на заседании Правительства доложил аким региона Берик Уали.

🔷 Он сообщил, что с начала года на территории области зарегистрирован один лесной и один степной пожар, а также 66 фактов горения сухой травы.

✔️ 4 апреля текущего года в Бескарагайском районе в результате возгорания сухой травы произошел пожар на территории природного заповедника «Семей орманы». Общая площадь возгорания по предварительным подсчетам составила 1,2 тыс. га. Из них 400 га – лесные массивы, 800 га – пастбища. В резервате проведены специальные сжигания сухой травы на площади в более 1,4 тыс. га, на территории области проведено более 16,3 тыс. км минеральных полос.

«Кроме того, в целях обеспечения пожарной безопасности в области создано 38 мобильных групп из 170 человек. Проведено 7 специальных рейдовых мероприятий, выявлено 4 факта нарушения правил пожарной безопасности»,

— сообщил Берик Уали.

В целях раннего выявления очагов возгораний в регионе совместно с «ҚазақстанҒарышСапары» обеспечен космомониторинг термических точек.

🔘 Совместно с резерватом «Семей орманы» для охраны лесных массивов, расположенных вблизи населенных пунктов, устанавливаются механизированные пункты охраны. Кроме того, на территории резервата дежурят 2 вертолета Eurocopter со сливными устройствами республиканского предприятия «Қазавиаорманқорғау». Также на базе аэропорта г. Семей дежурят вертолеты предприятия «Казавиаспас» (МИ-8) и 2 вертолета Министерства обороны со сливными устройствами.

✔️ В рамках программы «Ауыл құтқарушылары» в селе Глуховка Бескарагайского района открыт пожарный пост. До конца года дополнительно будут открыты 3 пожарных поста на территории области.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Live stream finished (59 minutes)
ШҚО-да өртке қарсы қауіпсіздік мақсатында орман қорына авиациялық қорғау жүргізіледі

📌 Үкімет отырысында Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов өңірде жүргізіліп жатқан табиғи өрттердің алдын алу жұмыстары туралы баяндады.

Ол Шығыс Қазақстан облысында еліміздегі ең ірі орман алқаптары орналасқанын, бұл өртке қарсы қауіпсіздік мәселелеріне ерекше назар аударуды талап ететінін атап өтті.

✔️ Жыл басынан бері облыс бойынша жалпы ауданы 237,3 гектар болатын 14 өрт оқиғасы тіркелді. Оның ішінде мемлекеттік орман қоры жерлерінде 179 гектар алқапта өрт тіркелді, оның 4,3 гектары – орманмен көмкерілген жерлер.

Орман мекемелері мен ТЖД күштерімен өрт жедел түрде жойылды. Өрт гегізгі орман алқаптарына өрт жіберілмеді.

Әкім табиғи өрттердің алдын алу жұмыстары кешенді әрі жүйелі жүргізіліп жатқанын атап өтті. Облыста орман қорын авиациялық қорғау қамтамасыз етілді. Өртке қарсы қызмет бөлімшелері жоқ елді мекендерде 48 өрт сөндіру бекеті ашылып, 9 ерікті жасақ құрылды. Қосымша Алтай және Марқакөл аудандарында екі жаңа өрт сөндіру бекетінің құрылысы басталды.

✔️ 136 тонна дизель мен 369 тонна бензин мөлшерінде жанармай қоры дайындалды. Жеке құрамда 3163 адам, 535 бірлік техника, 6 мыңнан астам өрт сөндіру жабдықтары мен 12 дрон бар.

Өткен жылдың күзінен бастап санитарлық кесу, орман алқаптары мен өртке қарсы жолақтарды тазарту, әсіресе елді мекендер мен электр беру желілерінің маңында қураған жапырақтар мен ағаштарды және қураған шөптерді өртеу, тазалау жұмыстары жүргізілуде.

Биылғы жоспар бойынша 62 км минералданған жолақтарды жырту, жалпы ұзындығы 540 км минералданған жолақтарға күтіп-баптау жұмысы жүргізіледі.

«Қар жамылғысының сақталуын ескере отырып, бұл жұмыстар ауа-райына байланысты жүргізілетін болады. Туристерге, аңшыларға, балықшыларға және саяжай тұрғындарына баса назар аудара отырып, БАҚ және әлеуметтік желілер арқылы өрт қауіпсіздігі бойынша кең ауқымды профилактикалық жұмыс белсенді жүргізілуде. Өрт қаупі жоғары болған мезгілде ормандарға баруға шектеулер енгізіледі»,

— деп толықтырды Нұрымбет Сақтағанов.

🔷 Өңірде өртке қарсы техника паркі үнемі жаңартылып отыратыны атап өтілді. Былтыр 202,5 млн теңгеге 5 шынжыр табанды трактор сатып алынды. Биыл сатып алынғаны 65 бірлік өртке қарсы техника. Қосымша 3,9 млрд теңгеге «Өнеркәсіпті дамыту қоры» акционерлік қоғамы арқылы лизингтік қаржыландыру шеңберінде тағы 110 техника сатып алу көзделген.

Сондай-ақ байланыс құралдары сатып алынады, орман күзеті қызметкерлерін оқыту және қайта даярлау жүргізіледі. Атап айтқанда, облыстағы орман күзетінің 129 қызметкері ШҚО ТЖД жанындағы Азаматтық қорғау академиясында оқытылды.

5 сәуірден бастап Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» бастамасы аясында облыс бойынша елді мекендерді қоқыс пен құрғақ шөптен тазарту жұмыстары басталды.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
UKIMET
ШҚО-да өртке қарсы қауіпсіздік мақсатында орман қорына авиациялық қорғау жүргізіледі 📌 Үкімет отырысында Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов өңірде жүргізіліп жатқан табиғи өрттердің алдын алу жұмыстары туралы баяндады. Ол Шығыс Қазақстан…
В ВКО проводят авиапатрулирование лесного фонда в целях противопожарной безопасности

📌 Аким Восточно-Казахстанской области Нурымбет Сактаганов на заседании Правительства доложил о проводимой в регионе профилактической работе по недопущению природных пожаров.

Он отметил, что в Восточно-Казахстанской области расположены одни из крупнейших лесных массивов страны, что требует особого внимания к вопросам противопожарной безопасности.

✔️ С начала года по области зафиксировано 14 случаев возгорания, общей площадью 237,3 га. В том числе на землях государственного лесного фонда зафиксированы возгорания на площади 179 га, включая 4,3 га лесопокрытых земель.

Оперативно силами лесных учреждений и ДЧС пожары были ликвидированы. Возгорания не были допущены в основные лесные угодья.

Аким подчеркнул, что профилактическая работа по недопущению природных пожаров ведется комплексно и системно. В области обеспечено авиапатрулирование лесного фонда. В населенных пунктах, где отсутствуют подразделения противопожарной службы создано 48 пожарных постов и 9 добровольных формирований. Дополнительно начато строительство двух новых пожарных постов в районах Алтай и Маркаколь.

✔️ Сформирован запас ГСМ в 136 т дизельного топлива и 369 т бензина. В наличии более 3,1 тыс. человек личного состава, 535 ед. техники, более 6 тыс. ед. инвентаря и оборудования, 12 дронов.

С осени прошлого года проводятся санитарные рубки, расчистка лесных просек и противопожарных полос, удаление сухостоя, валежника и травяной растительности, особенно вблизи населенных пунктов и линий электропередач.

По плану текущего года будет проведена опашка 62 км минерализованных полос, уход и обновление за минерализованными полосами общей протяженностью 540 км.

«С учетом сохраняющегося снежного покрова, эти работы будут проводиться в зависимости от погодных условий. Активно ведется широкомасштабная профилактическая работа по пожарной безопасности через СМИ и социальные сети – с акцентом на туристов, охотников, рыбаков и дачников. При наступлении высокой пожарной опасности вводятся ограничения на посещение лесов»,

— добавил Нурымбет Сактаганов.

🔷 Отмечено, что в регионе постоянно обновляется парк противопожарной техники. В прошлом году приобретено 5 гусеничных тракторов на 202,5 млн. тенге. В текущем году приобретено 65 единиц противопожарной техники. Дополнительно предусмотрено приобретение еще 110 единиц техники в рамках лизингового финансирования через Акционерное общество «Фонд развития промышленности» на 3,9 млрд. тенге.

Также, закупаются средства связи, проводится обучение и переподготовка сотрудников лесной охраны. В частности, 129 работников лесной охраны области прошли обучение в Академии гражданской защиты при ДЧС ВКО.

С 5 апреля, в рамках инициативы Главы государства «Таза Қазақстан» по области начаты работы по очистке населенных пунктов от мусора и сухой растительности.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Премьер-министр екі өңірдегі өртке қатысты тиісті шаралар қабылдап, кінәлілерді жауапкершілікке тартуды тапсырды

📌 ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында өрт қаупі жоғары кезеңге дайындық мәселесі қаралды.

🔷 Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев жыл басынан бері еліміздің мемлекеттік орман қоры аумағында жалпы ауданы 4,4 мың гектардан асатын 25 өрт оқиғасы тіркелгенін баяндады.

🔻 Премьер-министр әкімдіктердің назарын өрт сөндіру кезінде жедел әрекет етіп, өзара іс-қимыл бойынша мемлекеттік органдардың жаңа іс-қимыл алгоритмін енгізу қажеттігіне аударды.
«Өрт сөндіру кезінде шұғыл әрекет етіп, тиісті күштерді жұмылдыру үшін жаңадан Мемлекеттік органдардың іс-қимыл алгоритмі әзірленген болатын. Алайда биыл Павлодар және Абай облыстарында болған табиғи өрт бұл Алгоритмнің орындалмай отырғанын көрсетті.

Мысалы, Абай облысында орман шаруашылығы мекемелерінің қызметкерлері Төтенше жағдайлар, Ішкі істер және Қорғаныс министрліктеріне өрттің шыққаны туралы тез арада хабар да бермеген.

Экология, Төтенше жағдайлар және Ішкі істер министрліктеріне осы екі өңірдегі өрттің шығу себептерін тексеріп, тиісті шаралар қабылдауды және кінәлілерді анықтап, жауапкершілікке тартуды тапсырамын»,

— деп атап өтті Олжас Бектенов.



Премьер-министр поручил провести расследование по фактам пожара в двух регионах с принятием мер и вынесением наказаний

На заседании Правительства под председательством Премьер-министра РК Олжаса Бектенова рассмотрен вопрос готовности к пожароопасному периоду.

Министр экологии и природных ресурсов Ерлан Нысанбаев доложил, что с начала текущего года на территории государственного лесного фонда страны зарегистрировано 25 возгораний на общей площади свыше 4,4 тыс. га.

Премьер-министр обратил внимание акиматов на необходимость исполнения нового Алгоритма действий государственных органов для оперативного реагирования и взаимодействия при тушении пожаров.
«Для оперативного реагирования и взаимодействия при тушении пожаров был разработан новый Алгоритм действий государственных органов. Однако первые в этом году природные пожары в Павлодарской и Абайской областях показали неисполнение данного Алгоритма.

Например, в области Абай сотрудники лесных учреждений не оповестили МЧС, МВД и Министерство обороны о случившемся пожаре. Аналогичная ситуация была и в Павлодарской области.

Поручаю Министерству экологии, МЧС и МВД провести расследование по фактам пожара в двух регионах с принятием соответствующих мер и вынесением наказаний»,

— подчеркнул Олжас Бектенов.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Олжас Бектенов өңір әкімдеріне жаз мезгілі ыстық әрі құрғақ болады деген болжамдарды ескере отырып, өрт қаупі жоғары кезеңге дайындық жұмыстарын қамтамасыз етуді тапсырды

📌 Үкімет отырысы барысында ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов Қазгидрометтің жаз мезгілі ыстық әрі құрғақ болады деген болжамын ескере отырып, өрт қаупі жоғары кезеңдегі барлық қызмет шұғыл қимылдап, үйлесімді әрекет етуі маңызды екенін баса айтты. Дайындық шаралары жеткіліксіз болған аймақтарға ерекше назар аударылды.

«Тексеріс көрсеткендей, Табиғи өрттердің алдын алу және жою жөніндегі іс-шаралар жоспары барлық өңірде бірдей тиісті деңгейде іске асырылып отырған жоқ. Жамбыл, Қостанай, Түркістан, Ақтөбе, Қарағанды, Абай, Жетісу және Ұлытау облыстарындағы елді мекендердің айналасынан минералды белдеу жасау жұмыстары басталмаған. Далалы жерлерде, орманда өрт шығатын болса, бұл ауылдарға тікелей қауіп төнеді.

Батыс Қазақстан, Қостанай, Қарағанды, Ұлытау облыстарында елді мекендердің аумағын қураған шөптер мен қоқыстардан тазарту жұмыстары әлі күнге дейін жүргізілмеген.

Одан бөлек, Ақтөбе, Павлодар, Қызылорда, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Түркістан, Солтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстарының орман мекемелері өрт қаупі жоғары кезеңге дайын емес.

Осыған байланысты өңір әкімдеріне биылғы маусымға дайындық жұмыстарын күшейтуді және бұл мәселені тікелей бақылауға алуды тапсырамын»,

— деп атап өтті Олжас Бектенов.



Олжас Бектенов поручил акимам регионов обеспечить готовность к пожароопасному сезону с учетом прогнозов о засушливом лете


📌 В ходе заседания Правительства Премьер-министр РК Олжас Бектенов отметил важность оперативной и скоординированной работы всех служб в пожароопасный период с учетом прогноза Казгидромета о жарком и засушливом лете. Особое внимание уделено регионам, меры подготовки которых оказались недостаточными.

«Как показали проверки, не во всех регионах на должном уровне реализуется План мероприятий по предупреждению и ликвидации природных пожаров. Не начаты работы по созданию минерализованных полос вокруг населенных пунктов в Жамбылской, Костанайской, Туркестанской, Актюбинской, Карагандинской, Абайской, Жетысуской и Улытауской областях. Это прямая угроза селам в случае степного или лесного пожаров.

В Западно-Казахстанской, Костанайской, Карагандинской, Улытауской областях до сих пор не проведены работы по очистке территории населенных пунктов от сухой растительности и мусора.

Кроме того, к пожароопасному периоду не готовы лесные учреждения Актюбинской, Павлодарской, Кызылординской, Атырауской, Западно-Казахстанской, Костанайской, Туркестанской, Северо-Казахстанской и Жамбылской областей.

В этой связи поручаю акимам регионов активизировать работу по подготовке к пожароопасному сезону и взять этот вопрос на личный контроль»,

– подчеркнул Олжас Бектенов.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Трансшекаралық өрті сөндіру және ұшқышсыз ұшу аппараттарын пайдалану мәселелері: Олжас Бектенов мамыр айының соңына дейін командалық-штабтық жаттығулар өткізуді тапсырды

📌 Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов Төтенше жағдайлар министрлігіне Экология және табиғи ресурстар министрлігімен және басқа да мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, мамыр айының соңына дейін табиғи өртке қарсы республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуларын өткізуді тапсырды.
«Оқу-жаттығуларда трансшекаралық өртті сөндіру және көрші мемлекеттердің қызметтерімен өзара іс-қимыл мәселелерін пысықтау керек. Өрт қаупі жоғары өңірлерде мемлекеттік авиацияның өрт сөндіруге арналған тікұшақтарының кезекшілігін ұйымдастыру мәселесін қараңыздар. Орман алқаптары мен ашық жерлерді шолып шығу үшін ұшқышсыз ұшу аппараттарын пайдалану керек»,

— деп атап өтті Олжас Бектенов.



Вопросы тушения трансграничных пожаров и использования беспилотных летательных аппаратов: Олжас Бектенов поручил до конца мая провести командно-штабные учения


📌 На заседании Правительства Премьер-министр Олжас Бектенов поручил Министерству по чрезвычайным ситуациям совместно с Министерством экологии и природных ресурсов, другими заинтересованными госорганами до конца мая организовать и провести республиканские командно-штабные учения по реагированию на природные пожары.
«На учениях следует проработать вопросы тушения трансграничных пожаров и взаимодействия со службами соседних государств. Нужно отработать вопрос организации дежурства вертолетов государственной авиации с водосливными устройствами в пожароопасных регионах. Для визуального обследования лесов и степей также надо использовать беспилотные летательные аппараты»,

– подчеркнул Олжас Бектенов.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Өртті ерте анықтау жүйелерімен қамту ауқымын ұлғайту және мекемелерді жарақтандыруды жалғастыру — Олжас Бектенов өрттің алдын алу шаралары туралы

📌 Премьер-министр Экология және табиғи ресурстар министрлігі алдына әкімдіктермен бірлесіп, табиғат қорғау және орман шаруашылығы мекемелерін одан әрі жарақтандыру жұмыстарын жалғастыру міндетін қойды.

🔹 Сондай-ақ Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен және «Қазақтелеком» компаниясымен бірлесіп, өртті ерте анықтау және өрттің өршу жағдайын, сондай-ақ оны сөндіру алгоритмдерімен моделдеу жүйелерінің қамту ауқымын ұлғайту керек. Тиісті жоспар-кестесін әзірлеу, оны Үкіметте бекітіп, орындалуын қамтамасыз ету жөнінде тапсырма берілді.



Увеличить охват системами раннего обнаружения пожаров и продолжить оснащение учреждений – Олжас Бектенов о мерах по предупреждению пожаров


📌 Премьер-министр поставил задачу перед Министерством экологии совместно с акиматами продолжить работу по дальнейшему оснащению природоохранных и лесных учреждений.

🔹 Также вместе с Министерством цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности, компанией «Казахтелеком» необходимо увеличить охват системами раннего обнаружения пожаров, моделирования ситуаций развития пожаров и алгоритмов их тушения. Дано поручение по разработке соответствующего плана-графика и утверждению его в Правительстве, обеспечению исполнения.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Әкімдіктерге өрт сөндіру көліктеріне керекті су көздерін дайындау және қажетті отын қорын қамтамасыз ету тапсырылды
«Әкімдіктер елді мекендерде өрт сөндіру бекеттері мен ерікті өртке қарсы құрылымдарды ұйымдастыру жұмысын жалғастырсын.

Сондай-ақ өңірлерде жанар-жағармай материалдарының қажетті қорын қамтамасыз ету керек. Өрт сөндіру көліктері мен тікұшақтарға қажетті су көздерін дайындау қажет»,

— деп атап өтті Олжас Бектенов. Аталған тапсырмалардың орындалуын биылғы 10 мамырға дейін қамтамасыз ету қажет.



Акиматам поручено подготовить источники воды для водозабора и обеспечить необходимые запасы ГСМ для противопожарной работы

«Акиматам надо продолжить работу по организации пожарных постов и добровольных противопожарных формирований в населенных пунктах.

Также следует обеспечить в регионах необходимые запасы горюче-смазочных материалов для возможного привлечения воздушных судов. Нужно подготовить источники воды для водозабора пожарными автомобилями и вертолетами»,

– подчеркнул Олжас Бектенов. Исполнение поручений необходимо обеспечить в срок до 10 мая текущего года.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Олжас Бектенов: өрт қаупі жоғары кезеңде орман алқаптарында демалуға тыйым салу шараларын қабылдау қажет

📌 Ішкі істер министрлігіне өрт қаупі жоғары кезеңде орман алқаптарында демалуға тыйым салу шараларын қабылдау тапсырылды. Премьер-министр рейдтер мен күзет кестесін жасауды тапсырды. Сонымен қатар өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзғандардың барлығы жауапкершілікке тартылуы тиіс.

🔻 Халыққа өр қауіпсіздігі талаптарын сақтау туралы ақпарат беру мәселесіне ерекше назар аударылды.
«Төтенше жағдайлар, Экология және табиғи ресурстар, Мәдениет және ақпарат министрліктері мен әкімдіктер ел арасында өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау туралы түсіндіру жұмыстарын жандандыруы керек»,

— деп атап өтті Олжас Бектенов.



Олжас Бектенов: В период высокой пожарной опасности необходимо принять меры по пресечению пребывания отдыхающих в лесах

📌 В период высокой пожарной опасности Министерству внутренних дел поручено принять меры по пресечению пребывания отдыхающих в лесах. Премьер-министр поручил составить график рейдов и патрулирования. Вместе с тем нарушители требований пожарной безопасности должны быть привлечены к ответственности.

🔻 Особое внимание уделено вопросу информирования населения о мерах противопожарной безопасности.
«Министерствам по чрезвычайным ситуациям, экологии и природных ресурсов, культуры и информации, акиматам следует активизировать разъяснительную работу среди населения по вопросу соблюдения требований пожарной безопасности»,

– подчеркнул Олжас Бектенов.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Олжас Бектенов өртке қарсы жұмысты ұйымдастыру бойынша бірқатар тапсырма берді

➤ Төтенше жағдайлар министрлігіне Экология министрлігімен және басқа да мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, мамыр айының соңына дейін табиғи өртке қарсы республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуларды ұйымдастыру және өткізу тапсырылды;

➤ Экология министрлігінің алдына әкімдіктермен бірге табиғат қорғау және орман шаруашылығы мекемелерін одан әрі жарақтандыру жұмыстарын жалғастыру міндеті қойылды;

➤ Экология және табиғи ресурстар министрлігі әкімдіктермен, цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен және «Қазақтелеком» компаниясымен бірлесіп, өртті ерте анықтау және өршу жағдайын, сондай-ақ оны сөндіру алгоритмдерін модельдеу жүйелерінің қамту ауқымын ұлғайту;

➤ Әкімдіктер елді мекендерде өрт сөндіру бекеттері мен ерікті өртке қарсы құрылымдарды ұйымдастыру жөніндегі жұмысты жалғастыруы, өңірлерде авиацияны тарту үшін жанар-жағармай материалдарының қажетті қорын қамтамасыз етуі, биыл 10 мамырға дейін өрт сөндіру көліктері мен тікұшақтарға қажетті су көздерін дайындауы қажет;

➤ өрт қаупі жоғары кезеңде ішкі істер министрлігіне демалушылардың орманда болуына тыйым салу жөнінде шаралар қабылдау тапсырылды;

➤ Төтенше жағдайлар, экология және табиғи ресурстар, мәдениет және ақпарат министрліктері, әкімдіктер – өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау мәселесі бойынша халық арасында түсіндіру жұмыстарын жандандырсын.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
UKIMET
Олжас Бектенов өртке қарсы жұмысты ұйымдастыру бойынша бірқатар тапсырма берді ➤ Төтенше жағдайлар министрлігіне Экология министрлігімен және басқа да мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, мамыр айының соңына дейін табиғи өртке қарсы республикалық командалық…
Олжас Бектенов дал ряд поручений по организации противопожарной работы

➤ Министерству по чрезвычайным ситуациям совместно с Министерством экологии и природных ресурсов, другими заинтересованными госорганами поручено до конца мая организовать и провести республиканские командно-штабные учения по реагированию на природные пожары;

➤ перед Министерством экологии совместно с акиматами поставлена задача продолжить работу по дальнейшему оснащению природоохранных и лесных учреждений;

➤ Министерству экологии и природных ресурсов совместно с акиматами, Министерством цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности, компанией «Казахтелеком» – увеличить охват системами раннего обнаружения пожаров, моделирования ситуаций развития пожаров и алгоритмов их тушения;

➤ акиматам необходимо продолжить работу по организации пожарных постов и добровольных противопожарных формирований в населенных пунктах, обеспечить в регионах необходимые запасы горюче-смазочных материалов для возможного привлечения воздушных судов, подготовить источники воды для водозабора пожарными автомобилями и вертолетами до 10 мая т.г.;

➤ в период высокой пожарной опасности Министерству внутренних дел поручено принять меры по пресечению пребывания отдыхающих в лесах;

➤ Министерствам по чрезвычайным ситуациям, экологии и природных ресурсов, культуры и информации, акиматам – активизировать разъяснительную работу среди населения по вопросу соблюдения требований пожарной безопасности.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Елдің оңтүстігі мен батысында су тасқыны кезеңі ауыр зардаптарсыз аяқталды

⚡️ Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Төтенше жағдайлар жөніндегі вице-министр Кеген Тұрсынбаев елді мекендерді су басудан қорғау бойынша қабылданған шаралар туралы айтты. Осылайша, барлық су тасқыны қауіпті учаскелерді, сондай-ақ гидротехникалық құрылыстарды бақылау күшейтілді. Ел өңірлерінде 590 шақырым қорғаныс бөгеттері мен біліктері тұрғызылып, жөнделді, 164 шақырым дренаж жүйесі жөнделді және салынды, 800 шақырымнан астам арықтар тазартылды.

10 ақпаннан бастап Қазақстанда ТЖМ жедел су тасқынына қарсы штабы жұмыс істейді, оған әртүрлі ведомстволардың өкілдері кіреді. Осыған ұқсас штабтар су тасқынының қауіпсіз өтуі жөніндегі іс-қимылдарды үйлестіре отырып, өңірлерде де жұмыс істейді.

🔷 Сонымен қатар, Кеген Тұрсынбаев елдің оңтүстігі мен батысында су тасқыны кезеңі ауыр зардаптарсыз аяқталғанын, ал Ақмола облысында тұрғын үйлерді су басқанын атап өтті. Бұл өңірде халықты эвакуациялау және Астана қаласы мен Қарағанды облысынан, сондай-ақ ТЖМ әскери бөлімдерінен зардаптарды жою үшін жедел түрде қосымша күштер мен құралдар жіберілді.

Азаматтарды шұғыл эвакуациялау жүзеге асырылды, авариялық-құтқару және шұғыл жұмыстар жүргізілді
Су тасқынының келесі кезеңі Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарында күтіледі. Алдын алу іс-шаралары белсенді жалғасып жатыр. Бұған дейін бұл өңірлерге резервтік күштер мен құралдар, оның ішінде әскери бөлімдер жіберілген болатын.

Ақмола облысының уақытша көлік қатынасынсыз қалған елді мекендері үшін өткел ұйымдастырылды, азық-түлік қоры бар. Қазіргі уақытта жергілікті өзендердегі су деңгейі төмендеуде.
«Су тасқыны кезеңінің басынан бері еліміз бойынша шамамен 4,3 млн текше метр су сорылды, 600 мыңнан астам қапшық төселді, 800 мың шақырымнан астам арық тазартылды. Алдын ала 383 адам эвакуацияланды»,

— деп атап өтті вице-министр.

🔘 Сондай-ақ, ол 51 мыңнан астам ауыл шаруашылығы жануарлары қауіпсіз жерлерге көшірілгенін айтты. Қазіргі уақытта барлығы қайтарылды.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, жолдарда 176 су тасқыны және 25 су шайылған учаскелер тіркелген. Магистральдардың 21 учаскесіндегі су тасқыны бақылауда. Министрлік су тасқынына қарсы іс-шараларды үйлестіруді және күнделікті мониторинг жүргізуді жалғастыруда.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
UKIMET
Елдің оңтүстігі мен батысында су тасқыны кезеңі ауыр зардаптарсыз аяқталды ⚡️ Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Төтенше жағдайлар жөніндегі вице-министр Кеген Тұрсынбаев елді мекендерді су басудан қорғау бойынша қабылданған…
На юге и западе страны паводковый период завершен без серьезных последствий

⚡️ На заседании Правительства под председательством Премьер-министра Олжаса Бектенова вице-министр по чрезвычайным ситуациям Кеген Турсынбаев доложил о принятых мерах по защите населенных пунктов от подтопления. Так, усилен контроль всех паводкоопасных участков, а также гидротехнических сооружений. В регионах страны возведено и отремонтировано 590 км защитных дамб и валов, отремонтировано и построено 164 км дренажных систем и очищено более 800 км арыков.

С 10 февраля в Казахстане функционирует Оперативный противопаводковый штаб МЧС, в который входят представители различных ведомств. Аналогичные штабы работают и в регионах, координируя действия по безопасному прохождению паводков.

🔷 Вместе с тем, Кеген Турсынбаев отметил, что на юге и западе страны паводковый период завершен без серьезных последствий, в то время как в Акмолинской области произошло подтопление жилых домов. В этом регионе оперативно были направлены дополнительные силы и средства для эвакуации населения и устранения последствий из города Астаны и Карагандинской области, а также воинских частей МЧС. Осуществлена безотлагательная эвакуация граждан, проведены аварийно-спасательные и неотложные работы.

Следующий этап половодья ожидается в Северо-Казахстанской и Восточно-Казахстанской областях, где активно продолжаются превентивные мероприятия. Ранее в эти регионы направлены резервные силы и средства, в том числе воинских частей.

Для населенных пунктов Акмолинской области временно оставшихся без транспортного сообщения, организована переправа, имеется запас продуктов питания. В настоящее время снижается уровень воды в местных реках.
«С начала паводкового периода по стране откачано порядка 4,3 млн кубометров воды, уложено свыше 600 тыс. мешкотары, очищено более 800 тыс. километров арыков. Заблаговременно эвакуировано 383 человека»,

– отметил вице-министр.

🔘 Также он добавил, что в безопасные места отогнано свыше 51 тыс. сельхозживотных. Все возвращены в подворье.

По данным МЧС, на автодорогах зарегистрированы 176 переливов, 25 размытых участков. На контроле остаются переливы на 21 участках автодорог. Министерством продолжается координация противопаводковых мероприятий и ежедневный мониторинг.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM