UKIMET
18.5K subscribers
10.8K photos
1.83K videos
8.28K links
ҚР Үкіметінің ресми Telegram-каналы/ Официальный Telegram-канал Правительства РК

🌐 Сайт https://primeminister.kz/kz
🔗 Instagram https://instagram.com/primeministerkz
🔗 Facebook https://www.facebook.com/Primeminister.Kaz
🔗 https://t.me/ukimet_points
Download Telegram
UKIMET
Еліміздегі инфрақұрылымды жаңғыртуға 1,2 трлн теңге инвестиция бағытталады 📌 ҚР Премьер-министрінің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Үкімет отырысында инвестициялардың қосымша көлемін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы баяндады.…
Қазақстанда рекордтық көлемде тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарлануда

📌 ҚР Премьер-министрінің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Үкімет отырысында биыл рекордтық көлемде, кемінде 19 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілетінін хабарлады.

Ол бұл нәтижелерге жаңа инфрақұрылымды салудан және ипотекалық несие көлемін ұлғайтудан бастап жалға берілетін тұрғын үймен қамтамасыз етуге дейінгі барлық аспектілерді қамтитын бастамалар арқылы қол жеткізілетінін түсіндірді.
«Нақты секторды қаржыландыруды ұлғайтуға бағытталған бастамалар жалпы ішкі өнімнің өсуіне кемінде 2 пайыздық тармақ қосып, биылғы жылы оның айтарлықтай өсуіне алып келеді»,

— деп толықтырды Серік Жұманғарин.



Рекордное количество жилья планируется ввести в эксплуатацию в Казахстане

📌 Заместитель Премьер-министра РК – министр национальной экономики Серик Жумангарин на заседании Правительства сообщил, что в текущем году будет достигнут рекордный объем ввода жилья – не менее 19 млн м².

Он пояснил, что эти результаты будут достигнуты благодаря инициативам, охватывающим все аспекты, начиная от строительства новой инфраструктуры и увеличения объемов ипотечного кредитования до предоставления арендного жилья.
«Инициативы, направленные только на увеличение финансирования реального сектора, приведут к существенному увеличению ВВП в этом году, добавив как минимум 2 процентных пункта к его росту»,

— добавил Серик Жумангарин.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Қазақстанда ірі бизнесті несиелендіруге арналған Кепілдік қоры құрылады

📌 Экономиканы, әсіресе ірі инвестициялық жобаларды несиелендіруді жандандыру мақсатында ірі бизнес үшін кепілдік қорын құру туралы шешім қабылданды. Бұл туралы Үкімет отырысы барысында «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ басқарма төрағасы Рустам Қарағойшин мәлімдеді. Қор екінші деңгейлі банктердің өтімділігін экономикаға несие беруге және жеке және мемлекеттік қатысушылар үшін қаржыландырудың тартымдылығын арттыру құралы ретінде қызмет ететін болады.

🔘 Механизмнің негізгі мәні мынада – мемлекет ірі жобаларды несиелендіруге байланысты қаржылық тәуекелдердің бір бөлігін өзіне алады. Бұл қаржыландыруға қол жеткізу мен шарттарын жақсартуға мүмкіндік береді, өз кезегінде экономика үшін маңызды бастамаларды дамытуға ықпал етеді. Холдинг жанынан Кепілдік қоры құрылып, құны 7 млрд теңгеден басталатын жобаларды қолдауға бағытталады.
«Бұл қор ірі және стратегиялық маңызды жобаларды жеткілікті кепілмен қамтамасыз ету мәселесін шешу үшін пәрменді құрал болады. Жоба бастамашысы жоба құнының кемінде 20%-ы мөлшерінде өзінің қатысуын қамтамасыз етуі тиіс. Жоба құнының қалған 80%-ы екінші деңгейлі банктердің және Қазақстан Даму банкі несиесі есебінен қаржыландырылады. Бұл ретте, кредиторлар үшін Холдингтің кепілдігі қаржыландыру сомасының 30%-ына дейін болады»,

— деп атап өтті отырыста Рустам Қарағойшин.



Гарантийный фонд для кредитования крупного бизнеса появится в Казахстане

📌 В целях активизации кредитования экономики, особенно крупных инвестиционных проектов, принято решение о создании Гарантийного фонда для крупного бизнеса. Об этом в ходе заседания Правительства сообщил председатель Правления АО «НУХ «Байтерек» Рустам Карагойшин. Фонд будет служить инструментом для вовлечения ликвидности банков второго уровня и повышения привлекательности финансирования как для частных, так и для государственных участников.

🔘 Основная идея механизма заключается в том, что государство берет на себя часть финансовых рисков, связанных с кредитованием крупных проектов. Это позволит улучшить доступность и условия финансирования, что, в свою очередь, будет способствовать развитию значимых для экономики инициатив. Гарантийный фонд будет создан при Холдинге и будет направлен на поддержку проектов стоимостью от 7 млрд тенге.
«Данный фонд будет действенным инструментом для решения вопроса достаточности залогового обеспечения крупных и стратегически важных проектов. Инициатор проекта должен обеспечить собственное участие в размере не менее 20% от стоимости проекта. Остальные 80% от стоимости проекта будет финансироваться за счет кредита от БВУ и БРК. При этом покрытие гарантией Холдинга для кредиторов составит до 30% суммы финансирования»,

— отметил на заседании Рустам Карагойшин.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
2025 жылы 13 мың шақырым жолды жөндеу жоспарлануда

📌 2025 жылы 13 мың шақырым жолға құрылыс жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Оның ішінде 9,5 мың шақырымға арналған жобалар толық қаржыландырылған. Қалған 3,6 мың шақырым бойынша қаржыландыру мәселесі халықаралық қаржы институттарымен талқылануда. Құрылыс жұмыстарын жүргізу халықаралық қаржы институттарының есебінен жүзеге асырылады деп болжанып отыр. Бұл туралы Үкімет отырысында көлік министрі Марат Қарабаев мәлімдеді.

🔷 Бұл «Жезқазған – Қарағанды», «Ақтөбе – Ұлғайсын», «Атырау – Доссор» жаңа жобалары, сондай-ақ Сарыағаш, Рудный және Қызылорда қалаларын айналып өтетін жолдар.
Осы жобаларды іске асыру үшін ХҚДБ, ЕҚДБ, АДБ және басқаларын қосқанда, халықаралық қаржы институттарымен жеңілдетілген қаржы бөлу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

🔷 Тендерлерге қатысу кезінде отандық компанияларға преференциялар бере отырып, конкурстық шарттарды қайта қарау маңызды қадам болды. Бұл қазақстандық кәсіпорындарды құрылыс жұмыстарына көбірек тартуға мүмкіндік берді. Мәселен, «Қарағанды – Жезқазған» жобасы бойынша тендерге қатысушылар саны 2-ден 10-ға дейін өсті.



13 тыс. км дорог планируется отремонтировать в 2025 году

📌 В 2025 году запланировано провести строительные работы на 13 тыс. км дорог. Уже определены источники финансирования по проектам на 9,5 тыс. км. В настоящее время обсуждается вопрос в отношении оставшихся 3,6 тыс. км. Предполагается, что проведение строительных работ будет осуществлено за счет международных финансовых организаций. Об этом на заседании Правительства сообщил министр транспорта Марат Карабаев.

🔷 Речь идет о новых инфраструктурных проектах, включая важные маршруты «Жезказган – Караганда», «Актобе – Улгайсын» и «Атырау – Доссор», а также обходы городов Сарыагаш, Рудный и Кызылорда.

🔷 Для реализации этих проектов достигнута договоренность с международными финансовыми институтами, включая МБРР, ЕБРР, АБР и другими, о выделении льготного финансирования.
Важным шагом стал пересмотр конкурсных условий с предоставлением преференций отечественным компаниям при участии в тендерах. Это позволило привлечь больше казахстанских предприятий к строительным работам. Например, по проекту «Караганда – Жезказган» число участников тендера увеличилось с 2 до 10.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Биыл өңдеу өнеркәсібінде 1,5 трлн теңгеге 190 жобаны іске асыру жоспарлануда – ӨҚМ

📌 ҚР өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев Үкімет отырысында өңдеу өнеркәсібінің тұрақты дамуын қамтамасыз ету бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады.

Ол биыл салада 1,5 трлн теңгеге 190 жоба енгізілетінін атап өтті. Сонымен қатар жалпы құны 15,3 трлн теңге болатын 417 жоба бойынша жұмыс басталды. Жобаларды қаржыландыру жеке инвестициялар, екінші деңгейлі банктер және даму институттары есебінен жүзеге асырылады.
«Бүгінгі таңда 1,1 трлн теңгеден астам сомаға өңдеу өнеркәсібі жобаларын қаржыландыру пысықталуда. Атап айтқанда, Қазақстан Даму банкі бойынша ірі жобаларды іске асыруға қажеттілік 183,5 млрд теңгеден астам соманы құрайды. “Өнеркәсіпті дамыту қоры” бойынша 2025-2028 жылдарға орта және шағын жобалар үшін 800 млрд теңге бөлу қарастырылған. Оның ішінде биыл шағын бизнес тарапынан сұранысқа ие шағын өнеркәсіптік аймақтарды қаржыландыруға шамамен 100 млрд теңгеге қажеттілік қалыптасып отыр. Аталған шаралар өнеркәсіптің өсуіне, жаңа жұмыс орындарын ашуға және экономика салаларының дамуына мүмкіндік береді»,

— деп атап өтті Ерсайын Нағаспаев.



В текущем году планируется реализовать 190 проектов на 1,5 трлн тенге в обрабатывающей промышленности - МПС

📌 Министр промышленности и строительства РК Ерсайын Нагаспаев на заседании Правительства доложил о принимаемых мерах по обеспечению стабильного развития обрабатывающей промышленности.

Он отметил, что в текущем году в отрасли будут введены 190 проектов на сумму 1,5 трлн тенге. Также начата реализация 417 проектов на сумму более 15,3 трлн тенге. Финансирование проектов будет осуществляться за счет привлечения как частных инвестиций, так и средств БВУ и институтов развития.
«На сегодня прорабатывается финансирование проектов обрабатывающей промышленности на сумму более 1,1 трлн тенге. В частности, на реализацию крупных проектов по линии БРК потребность составляет 183,5 млрд тенге. По линии ФРП на 2025-2028 годы – 800 млрд тенге на реализацию средних и малых проектов, в том числе порядка 100 млрд тенге на финансирование малых промышленных зон, по которым наблюдается востребованность со стороны малого бизнеса. Данные меры позволят обеспечить рост промышленности, создать новые рабочие места и повысить конкурентоспособность отраслей экономики»,

— подчеркнул Ерсайын Нагаспаев.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Live stream finished (1 hour)
Елімізде тұрғын үй құрылысын дамытуға 500 млрд теңге бөлінеді

📌 Үкімет отырысында ҚР өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев биыл елімізде тұрғын үйді пайдалануға беру жоспары туралы баяндады.

🔘 Ол 2025 жылдың нысаналы көрсеткішіне қол жеткізу үшін 19 млн шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру үшін «Бәйтерек» арқылы 500 млрд теңге қосымша қаражат бөлу мәселесі пысықталатынын атап өтті.

Атап айтқанда:

➤ 21 мың жалға берілетін пәтерлерді сатып алу үшін 300 млрд теңге;
➤ инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымға 120 млрд теңге;
➤ Отбасы Банкінің «2-10-20» және «5-10-20» ипотекалық бағдарламалары бойынша 80 млрд теңге бөлінеді.



500 млрд тенге направят на развитие жилищного строительства в Казахстане

📌 Министр промышленности и строительства РК Ерсайын Нагаспаев на заседании Правительства доложил о планах по вводу жилья в Казахстане в текущем году.

🔘 Он отметил, что для достижения целевого показателя 2025 года по вводу 19 млн кв. м. жилья дополнительно прорабатывается вопрос выделения средств в размере 500 млрд тенге по линии «Байтерек».

В частности:

➤ 300 млрд тенге на выкуп 21 тыс. арендного жилья;
➤ 120 млрд тенге на подведение инженерно-коммуникационной инфраструктуры;
➤ 80 млрд тенге на фондирование ипотечных программ «2-10-20» и «5-10-20» Отбасы банка.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
2025 жылы елімізде 96,2 млн тонна мұнай мен газ конденсатын өндіру жоспарлануда – Энергетика министрлігі

📌 ҚР Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Үкімет отырысында биыл мұнай және газ конденсатын өндіру жоспары туралы баяндады.

🔘 Ол 2025 жылға мұнай және газ конденсатын өндіру жоспары 96,2 млн тоннаны құрайтынын атап өтті. Өткен жылмен салыстырғанда 9,7% өсім күтілуде. Негізгі ұлғайту 2025 жылдың ІІ тоқсанында іске қосылуы жоспарланған Теңіз кен орнын келешек кеңейту жобасын іске асыру есебінен жоспарланып отыр. Осы жылы инвестициялар шамамен $533 млн-ды құрайды.
«Қарашығанақта шикі газды кері айдаудың 6-компрессорын іске қосу бойынша жұмыс жалғасып жатыр. Бұл өндіру көлемін жылына 11-12 млн тонна деңгейінде ұстауды қамтамасыз етеді. 2025 жылы инвестициялар шамамен поряд $144 млн-ды құрайды»,

— деді Алмасадам Сәтқалиев.

🔘 «Қаламқас теңіз» және «Хазар» жобалары аясында жұмыс жалғасып жатқаны атап өтілді.



96,2 млн тонн нефти и газового конденсата планируется добыть в 2025 году в РК - Минэнерго

📌 Министр энергетики РК Алмасадам Саткалиев на заседании Правительства доложил о планах по добыче нефти и газового конденсата в текущем году.

🔘 Он отметил, что на 2025 год план добычи нефти и газового конденсата составляет 96,2 млн тонн. По сравнению с прошлым годом ожидается рост на 9,7%. Основное увеличение планируется за счет реализации проекта будущего расширения месторождения Тенгиз, запуск которого планируется во 2-м квартале 2025 года. Инвестиции в текущем году составят порядка $533 млн.
«На Карачаганаке продолжаются работы по вводу 6-го компрессора обратной закачки сырого газа, что обеспечит поддержание полки добычи на уровне 11-12 млн. тонн/год. Инвестиции в 2025 году составят порядка $144 млн»,

— сообщил Алмасадам Саткалиев.

🔘 Отмечено, что продолжаются работы в рамках проекта «Каламкас-море» и «Хазар».

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Биыл халықты газбен қамту деңгейін 62,6%-ға дейін жеткізу көзделуде

📌 ҚР Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Үкімет отырысында 2025 жылы газ өндіру 62,8 млрд текше метр деңгейінде болжанып отырғанын хабарлады.

🔘 Ол өткен жылмен салыстырғанда 6,4% өсім күтілетінін атап өтті. Меншікті газ ресурстық базасын кеңейту мақсатында қазіргі уақытта Қашағанда қуаты 1 млрд текше метр және 2,5 млрд текше метр болатын ірі газ өңдеу зауыттарын, сондай-ақ Жаңаөзен қаласында қуаты 0,9 млрд текше метр газ өңдеу зауытын іске асыру жұмыстары жүргізілуде. 2025 жылы инвестициялар 100 млрд теңгеден асады.
«Сонымен қатар биыл шамамен 1,5 млрд текше метр алынатын шикі газ қоры бар “Барханная” кен орнын іске қосу жоспарланып отыр»,

— деп нақтылады Алмасадам Сәтқалиев.

Министр елімізді газбен жабдықтау ведомствоның басым міндеттерінің бірі болып саналатыны айтты. Биыл халықты газбен қамту деңгейін 62,6%-ға дейін жеткізу жоспарлануда.



В текущем году планируется довести уровень газификации населения до 62,6% в Казахстане

📌 Министр энергетики РК Алмасадам Саткалиев на заседании Правительства сообщил, что в 2025 году добыча газа прогнозируется на уровне 62,8 млрд м3.

🔘 Он отметил, что по сравнению с прошлым годом ожидается рост на 6,4%. В целях расширения собственной ресурсной базы газа в настоящее время ведутся работы по реализации крупных ГПЗ на Кашагане мощностью 1 млрд м3 и 2,5 млрд м3, а также ГПЗ в городе Жанаозен мощностью 0,9 млрд м3. Инвестиции в 2025 году составят более 100 млрд. тенге.
«Вместе с тем, в текущем году планируется ввод месторождения «Барханная» с извлекаемыми запасами сырого газа порядка 1,5 млрд м3»,

— уточнил Алмасадам Саткалиев.

Министр добавил, что газоснабжение страны является одной из приоритетных задач ведомства. В текущем году планируется доведение уровня газификации населения до 62,6%.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Көктемгі егіс жұмыстарын ерте қаржыландыру: 206 млрд теңгеге 1,8 мыңнан астам АШТӨ қаржыландырылды

📌 ҚР ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Үкімет отырысында агроөнеркәсіптік кешенді қаржыландыруда жаңа тәсілдерді қолдану нәтижелері туралы баяндады.

Ол көктемгі егіс жұмыстарына жеңілдетілген кредит көлемі 700 млрд теңгені құрайтынын атап өтті.
«Өткен жылдың қараша айында басталған егіс науқанын ерте қаржыландыруды ескерсек, бүгінгі таңда 3,4 млн га егіс алқабын қамти отырып, 206 млрд теңгеге 1,8 мыңнан астам АШТӨ қаржыландырылды. Жалпы, биыл кемінде 8 млн га егіс алқаптарын қамтуды жоспарлап отырмыз»,

— деп толықтырды Айдарбек Сапаров.



Раннее финансирование весенне-полевых работ: уже получили средства более 1,8 тыс. СХТП на 206 млрд тенге

📌 Министр сельского хозяйства РК Айдарбек Сапаров на заседании Правительства доложил о результатах применения новых подходов в финансировании агропромышленного комплекса.

Он отметил, что объем льготного кредитования ВПР составит 700 млрд тенге.
«С учетом раннего финансирования посевной текущего года, которое стартовало в ноябре прошлого года, на сегодня уже профинансировано более 1,8 тыс. СХТП на 206 млрд тенге. В целом в текущем году планируется обеспечить охват не менее 8 млн га посевных площадей»,

— добавил Айдарбек Сапаров.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
2025 жылы сумен жабдықтау жүйесін жаңғыртуға және суаруға 173,7 млрд теңге инвестицияланады

📌 Жалпы сомасы 173,7 млрд теңгеге 98 жобаны іске асыру жоспарлануда. Бұл туралы Үкімет отырысында су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов мәлімдеді.

🔷 Оның айтуынша, қаржының басым бөлігін республикалық бюджеттен бөлу жоспарлануда. Сонымен қатар Еуропа қайта құру және даму банкі есебінен 6,5 млрд теңге, Ислам даму банкі есебінен 24,4 млрд теңге бөлінеді.

Жобаларды іске асырудың негізгі бағыттарының бірі – жалпы халық саны 423 мың адамды құрайтын 153 елді мекенді сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету. Осы мақсатқа жету үшін жыл соңына дейін топтық су құбырының 24 жобасының 12-сін аяқтау жоспарлануда.

🔘 Биыл 256 мың гектар аспалы аумақты қамтитын 1953 шақырым суару каналдары пайдалануға беріледі деп күтілуде. Аталған жұмыстардың жалпы құны 92,3 млрд теңгені құрайды, бұл еліміздің аграрлық секторын дамытуға зор үлес қосады.



173,7 млрд тенге инвестируют в модернизацию системы водоснабжения и ирригацию в Казахстане в 2025 году

📌 98 проектов на общую сумму 173 млрд тенге планируется реализовать в 2025 году в рамках Комплексного плана развития водного хозяйства. Об этом на заседании Правительства сообщил Министр водных ресурсов и ирригации Нуржан Нуржигитов.

🔷 По его словам, большую часть планируется выделить из Республиканского бюджета. К реализации проектов также подключатся Европейский банк реконструкции и развития - 6,5 млрд тенге, 24,4 млрд тенге выделит Исламский Банк Развития, а 29,6 млрд тенге составят средства Спецфонда.

Среди ключевых направлений реализации проектов — обеспечение качественной питьевой водой 153 населенных пунктов с общим населением 423 тыс. человек. Для достижения этой цели планируется завершить 12 из 24 проектов группового водопровода до конца года.

🔘 В текущем году также ожидается сдача в эксплуатацию 1953 км ирригационных каналов, которые охватят подвешенную площадь в 256 тыс. гектаров. Общая стоимость этих работ составит 92,3 млрд тенге, что является значимым вкладом в развитие аграрного сектора страны.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
UKIMET
2025 жылы 13 мың шақырым жолды жөндеу жоспарлануда 📌 2025 жылы 13 мың шақырым жолға құрылыс жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Оның ішінде 9,5 мың шақырымға арналған жобалар толық қаржыландырылған. Қалған 3,6 мың шақырым бойынша қаржыландыру мәселесі халықаралық…
Олжас Бектенов биыл теміржол вокзалдарын жөндеу және реконструкциялау жұмыстарын аяқтауды тапсырды

📌 Көлік министрі Марат Қарабаев Үкімет отырысында еліміздің теміржол вокзалдарын жөндеу және реконструкциялау жұмыстары туралы баяндады.

Ол бүгінгі таңда 5 вокзалға реконструкция жүргізілгенін хабарлады. Жыл соңына дейін туристік бағыттарды қосқанда, тағы 53 вокзалға жөндеу жұмыстары жүргізіледі.
«Вокзал маңындағы алаңдарды жөндеу жұмыстары жергілікті атқарушы органдар тарапынан параллельді түрде қамтамасыз етіледі»,

— деп толықтырды Марат Қарабаев.

🔻 ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов биыл теміржол вокзалдарын жөндеу және реконструкциялау жұмыстарын аяқтауды тапсырды.
«Мен сізге вокзалдарға қатысты тапсырма бердім. Бұл біздің имиджімізге қатысты өте маңызды мәселе, сондықтан аталған жұмыстар биыл аяқталуы керек»,

— деп атап көрсетті Олжас Бектенов.



Олжас Бектенов поручил завершить работы по реконструкции и ремонту ж/д вокзалов в этому году

📌 Министр транспорта Марат Карабаев на заседании Правительства доложил о работе по ремонту и реконструкции железнодорожных вокзалов республики.

Он сообщил, что на сегодня проведена реконструкция 5 вокзалов. До конца текущего года будет проведен ремонт еще 53 вокзалов, в том числе по туристическим направлениям.
«Ремонт привокзальный площади будет обеспечиваться местными исполнительными органами параллельно»,

— добавил Марат Карабаев.

🔻 Премьер-министр РК Олжас Бектенов поручил завершить работы по ремонту и реконструкции железнодорожных вокзалов в текущем году.
«Я давал Вам поручение по вокзалам. Это очень важный вопрос, касающийся нашего имиджа, поэтому эти работы надо завершить в этом году»,

— подчеркнул Олжас Бектенов

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Олжас Бектенов: мемлекеттік органдар «бюрократияға мүлде жол жоқ» қағидаты бойынша жұмыс істеуі тиіс

📌 Үкімет отырысында экономиканың нақты секторын қаржыландыру мәселесін қарау барысында Премьер-министр Олжас Бектенов мемлекеттік органдар бизнес мәселелерін жедел шешіп, кедергі жасамауы керектігін баса айтты.
«Біз ұзақ келісу рәсімдері мен бюрократиялық кедергілердің кесірінен немесе ведомствоаралық өзара байланыстардың жоқтығынан болашағы зор бастамалардың баяулап қалғанын көріп жүрміз.

Жақында мен инвестициялық ахуалға арналған кеңес өткіздім. Көп уақыт бойы созылып келген сұрақтар сол арада бірден шешімін тапты. Барлық мемлекеттік органдар “бюрократияға мүлде жол жоқ” қағидаты бойынша жұмыс істеуге тиіс»,

— деп атап өтті Олжас Бектенов.

🔘 Үкіметтің міндеті – жобаларды сөзбұйдаға салмай жылдам әрі тиімді қаржыландыру үшін жағдай жасау.



Олжас Бектенов: Принцип «нулевой бюрократии» должен стать главным в работе госорганов


📌 На заседании Правительства при рассмотрении вопроса финансирования реального сектора экономики Премьер-министр Олжас Бектенов отметил, что госорганы должны оперативно решать вопросы бизнеса, а не создавать преграды.
«Мы видим примеры, когда перспективные инициативы замедляются из-за долгих согласований бюрократических барьеров или недостатка межведомственного взаимодействия.

Недавно я проводил совещание по вопросам инвестиционного климата. На месте приняли решения, которые затягивались годами. Все госорганы должны работать по принципу «нулевой бюрократии»,

— подчеркнул Олжас Бектенов.

🔘 Задача Правительства - создать условия для быстрого и эффективного финансирования проектов без лишних проволочек.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Олжас Бектенов мемлекеттік қаржы институттары мен банктер арасындағы бәсекелестік туралы: Экономиканың нақты секторын қаржыландыруда басты рөлді екінші деңгейлі банктер атқаруы тиіс

📌 Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов мемлекеттік қаржы институттары мен екінші деңгейлі банктер арасындағы бәсекелестік экономиканың нақты секторының дамуына кедергі келтіретінін атап өтті.
«Банктер қысқамерзімді әрі тәуекелі аз несие бергенді дұрыс көреді. Ал нақты секторға қолжетімді және ұзақмерзімді қаржы ресурстары қажет, — деп атап өтті Олжас Бектенов. — Мемлекеттік даму институттары жобаларға негізінен өздері қаржы бөліп келеді. Бұл банктердің нақты секторға деген қызығушылығын төмендетеді. Экономиканың нақты секторын қаржыландыруда басты рөлді екінші деңгейлі банктер атқаруы тиіс. Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысында дәл осы мәселені баса айтқан болатын».



Олжас Бектенов о конкуренции между государственными фининститутами и банками: в финансировании реального сектора экономики ключевую роль должны играть БВУ

📌 На заседании Правительства Премьер-министр Олжас Бектенов отметил, что конкуренция между государственными финансовыми институтами и банками второго уровня мешает развитию реального сектора экономики.
«Банки предпочитают краткосрочное и низкорисковое кредитование. А реальному сектору необходимы доступные и долгосрочные финансовые ресурсы, – отметил Олжас Бектенов. – Мы видим, что государственные институты развития в основном сами финансируют проекты. Это снижает заинтересованность банков в кредитовании реального сектора. Банки второго уровня должны играть ключевую роль в финансировании реального сектора экономики. Именно об этом говорил Глава государства на расширенном заседании Правительства».


📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
UKIMET
Олжас Бектенов мемлекеттік қаржы институттары мен банктер арасындағы бәсекелестік туралы: Экономиканың нақты секторын қаржыландыруда басты рөлді екінші деңгейлі банктер атқаруы тиіс 📌 Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов мемлекеттік қаржы институттары…
Олжас Бектенов экономиканы дамыту туралы: Президент қойған міндеттерді шешу үшін мемлекеттік органдар мен банк секторы үйлесімді әрі нәтижелі жұмыс істеуі керек

📌 Үкімет отырысы барысында Премьер-министр Олжас Бектенов экономиканың нақты секторын қаржыландыруға екінші деңгейлі банктерді тарту жөніндегі Мемлекет басшысының тапсырмасы шеңберінде бизнесті қолдаудың бірқатар жаңа шарасы жоспарланғанын атап өтті.
«Үкімет биыл экономиканың нақты секторындағы жобаларды уақтылы қаржыландыруды қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараларды қабылдайды.Мемлекеттік кепілдікті қолдану аясын кеңейту, Шағын және орта бизнеске арналған кепілдік беру қорын құру, сондай-ақ “Бәйтерек” холдингінің капиталын арттыру жоспарлануда.

Жалпы, Президент қойған міндеттерді шешу үшін мемлекеттік органдар мен банк секторы үйлесімді әрі нәтижелі жұмыс істеуі керек»,

— деп атап өтті Олжас Бектенов.



Олжас Бектенов о развитии экономики: Для решения поставленных Президентом задач требуется слаженная и результативная работа госорганов и банковского сектора

📌 В ходе заседания Правительства Премьер-министр Олжас Бектенов отметил, что в рамках поручения Главы государства по вовлечению банков второго уровня в финансирование реального сектора экономики запланирован ряд новых мер поддержки бизнеса.

«Со стороны Правительства в текущем году будут приняты все необходимые меры для обеспечения условий по своевременному финансированию проектов в реальном секторе экономики. Планируется значительно расширить использование государственной гарантии, создать Гарантийный фонд для малого и среднего бизнеса, докапитализировать холдинг «Байтерек».

В целом для решения поставленных Президентом задач требуется слаженная и результативная работа государственных органов и банковского сектора»,

– подчеркнул Олжас Бектенов.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Олжас Бектенов инвесторларға қолдау көрсету туралы: Бизнестің бастамалары ведомстволардың арасындағы өзара байланыстардың нашарлығынан зардап шекпеуі тиіс

📌 Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов мемлекеттік органдар тарапынан инвесторларға барынша қолдау көрсетілуі тиіс екенін баса айтты.
«Әрбір министрлік пен әкімдік инвестициялық жобаларды қолдауға тікелей жауапты болады. Бизнестің бастамалары ведомстволардың арасындағы өзара байланыстардың нашарлығынан зардап шекпеуі тиіс.
Салалық министрліктер жобалардың іске асырылуын қатаң бақылау тетігін әзірлесін»,

— деп атап өтті Премьер-министр.



Олжас Бектенов о поддержке инвесторов: Не должно быть ситуаций, когда инициативы бизнеса медленно реализуются из-за неэффективного взаимодействия ведомств

На заседании Правительства Премьер-министр Олжас Бектенов подчеркнул необходимость усиления поддержки инвесторов со стороны государственных органов.
«Каждое министерство и акимат несут персональную ответственность за сопровождение инвестиционных проектов. Не должно быть ситуаций, когда инициативы бизнеса медленно реализуются из-за неэффективного взаимодействия ведомств. Отраслевым министерствам следует создать механизм жесткого контроля за реализацией проектов»,

— отметил Премьер-министр.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
UKIMET
Олжас Бектенов инвесторларға қолдау көрсету туралы: Бизнестің бастамалары ведомстволардың арасындағы өзара байланыстардың нашарлығынан зардап шекпеуі тиіс 📌 Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов мемлекеттік органдар тарапынан инвесторларға барынша…
Премьер-министр: Әкімдіктер инвестициялық жобаларды жүзеге асыру үшін қажетті инфрақұрылымның уақтылы іске қосылуын қамтамасыз етуі тиіс

📌 Үкімет отырысында Премьер-Министр Олжас Бектенов жергілікті атқарушы органдар алдына инвестициялық жобаларды тиімді жүзеге асыру үшін жағдай жасау міндетін қойды.
«Әкімдіктер инвестициялық жобаларды жүзеге асыру үшін қажетті инфрақұрылымның уақтылы іске қосылуын қамтамасыз етуі тиіс. Жергілікті бюджеттер қаражатын белсенді түрде тарту қажет.

Қаржы министрлігі де басым жобаларды уақтылы қаржыландыруды қамтамасыз етсін»,

— деп атап өтті Олжас Бектенов.



Премьер-министр: Акиматам – обеспечить своевременный ввод необходимой инфраструктуры для реализации инвестпроектов

📌 На заседании Правительства Премьер-министр Олжас Бектенов поставил задачу перед местными исполнительными органами по созданию условий для эффективной реализации инвестиционных проектов.
«Акиматам обеспечить своевременный ввод необходимой инфраструктуры для реализации инвестиционных проектов. Необходимо активнее вовлекать средства местных бюджетов. Министерство финансов также должно обеспечивать своевременное финансирование приоритетных проектов»,

— подчеркнул Олжас Бектенов.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
UKIMET
Премьер-министр: Әкімдіктер инвестициялық жобаларды жүзеге асыру үшін қажетті инфрақұрылымның уақтылы іске қосылуын қамтамасыз етуі тиіс 📌 Үкімет отырысында Премьер-Министр Олжас Бектенов жергілікті атқарушы органдар алдына инвестициялық жобаларды тиімді…
Олжас Бектенов институттар мен банктер арасындағы тепе-теңдікті қамтамасыз ету туралы: Мемлекеттік қаржы құрылымдары екінші деңгейлі банктердің қызметін қайталамай, олардың қаржыландыру ісіне қатысуы үшін жағдай жасауы қажет
«Екінші деңгейдегі банктер нақты секторды қаржыландыруға белсенді қатысуы керек.

Мемлекет субсидиялау, кепілдік беру және қайта қаржыландыру құралдарымен қамтамасыз етуге дайын. Ал, банктер тек сауда немесе тұтыну кредиттерін беріп қана қоймай, өнеркәсіптік және инфрақұрылымдық жобалармен де жұмыс істеуге әзір болуға тиіс. Сондай-ақ мемлекеттік институттар мен банктер арасындағы тепе-теңдікті қамтамасыз ету керек. Мемлекеттік қаржы құрылымдары екінші деңгейдегі банктердің қызметін қайталамай, олардың қаржыландыру ісіне қатысуы үшін жағдай жасауы қажет»,

— деді Олжас Бектенов.



Олжас Бектенов о балансе между госинститутами и банками: Государственные финансовые структуры должны не подменять банки второго уровня, а создавать условия для их участия в финансировании
«Банкам второго уровня надо активнее включаться в финансирование реального сектора.

Государство готово обеспечить инструменты субсидирования, гарантирования и рефинансирования. Но от банков требуется готовность работать с промышленными и инфраструктурными проектами, а не только в сфере торговли и потребительского кредитования. Также надо обеспечить баланс между государственными институтами и банками. Государственные финансовые структуры должны не подменять банки второго уровня, а создавать условия для их участия в финансировании»,

– акцентировал внимание Олжас Бектенов.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Олжас Бектенов ESTA Construction компаниясымен екі апта ішінде құны $1,3 млрд болатын тыңайтқыш зауытының құрылысы бойынша Инвестициялар туралы келісім жасауды тапсырды

📌 Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов ESTA Construction компаниясының бас директоры Мұстафа Топракпен кездесу өткізді. Жиында Карбамид пен аммиак өндіретін зауыт құрылысына қатысты мәселелер талқыланды.

✔️ Құны $1,35 млрд-ты құрайтын жоба Маңғыстау облысында, «Құрық» теңіз порты маңында ірі газ-химия өндірісін құруды көздейді. Зауыттың орны Каспий теңізі арқылы өнімді экспорттауға оңтайлы жағдайларды қамтамасыз ету үшін логистикалық артықшылықтарды ескере отырып таңдалды. Зауыт жылына 700 мың тоннаға дейін карбамид және 42 мың тонна аммиак өндіреді, бұл тыңайтқыштар импортына тәуелділікті азайтып, еліміздің ауыл шаруашылығы саласын қосылған құны жоғары өніммен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Жобаны іске асыру барысында 3 мыңға дейін маман тартылып, құрылыс нәтижесінде 400 тұрақты жұмыс орны ашылады.

🔘 Бүгінгі таңда Қазақстанда тыңайтқыштардың үш түрін өндіру жолға қойылған: аммиак селитрасы, аммофос және аммоний сульфаты. Сонымен қатар сұраныс 3,2 млн тонна ғылыми қажеттілік кезінде отандық қуаттар сұраныстың 56%-ын қамтамасыз етіп, жылына 1,8 млн тоннаға жуық тыңайтқыш өндіреді.

🔻 Олжас Бектенов өзімізде карбамид өндірісін құру импортқа тәуелділікті азайтуға және азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуға мүмкіндік беретінін баса айтты.
«Мемлекет басшысы еліміздің агроөнеркәсіп кешенін дамытуға үлкен көңіл бөлуде. Өткен жылы өнім жинау бойынша рекордтық көрсеткішке қол жеткізілді. Үкімет егіншілерді қолдауға 700 млрд теңге бөлді. Маңызды мәселе – сапалы әрі қолжетімді минералды тыңайтқыштармен қамтамасыз ету. Сондықтан сіздің жобаңыз карбамидке ішкі сұранысты қамтамасыз ету, сондай-ақ оны импорттау тұрғысынан біздің қызығушылығымызды тудырып отыр»,

— деп атап өтті ҚР Премьер-министрі.

Сонымен қатар кездесу барысында ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді мемлекеттік қолдау шаралары талқыланды. Қазіргі уақытта Қазақстанда тыңайтқыштар құнының 60%-на дейін жабатын субсидиялау бағдарламасы жұмыс істейді, 2024 жылдың наурызынан бастап аванстық субсидиялау тетігі енгізілді, соның арқасында қаражат өнімнің өзіндік құнын төмендету үшін өндірушілерге алдын ала қаражат аударылады. Өткен жылы бұл мақсаттарға 46,4 млрд теңге бөлінді, 2025 жылға 35 млрд теңге қарастырылды.

🔘 Кездесу қорытындысы бойынша уәкілетті мемлекеттік органдарға барлық рәсімді жеделдетілген тәртіппен жүргізу және екі апта ішінде ESTA Construction компаниясымен ірі инвестициялық жобаны іске асыруды бастайтын Инвестициялық келісім жобасын қол қоюға енгізу тапсырылды.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
UKIMET
Олжас Бектенов ESTA Construction компаниясымен екі апта ішінде құны $1,3 млрд болатын тыңайтқыш зауытының құрылысы бойынша Инвестициялар туралы келісім жасауды тапсырды 📌 Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов ESTA Construction компаниясының…
Олжас Бектенов поручил в течение двух недель заключить Соглашение об инвестициях с компанией ESTA Construction о строительстве завода по выпуску удобрений стоимостью $1,3 млрд

📌 Премьер-министр Республики Казахстан Олжас Бектенов провел встречу с генеральным директором компании ESTA Construction Мустафой Топраком. Обсуждены вопросы строительства завода по производству карбамида и аммиака.

✔️ Проект стоимостью $1,35 млрд предусматривает создание крупного газохимического производства в Мангистауской области, вблизи морского порта «Курык». Местоположение завода выбрано с учетом логистических преимуществ для обеспечения оптимальных условий для экспорта продукции через Каспийское море. Завод будет выпускать до 700 тыс. тонн карбамида и 42 тыс. тонн аммиака в год, что позволит сократить зависимость от импорта удобрений и обеспечить аграрный сектор страны продукцией с высокой добавленной стоимостью. В ходе реализации проекта будет задействовано до 3 тыс. специалистов, по итогам строительства будет создано 400 постоянных рабочих мест.

🔘 На сегодня в Казахстане налажено производство трех видов удобрений: аммиачной селитры, аммофоса и сульфата аммония. Вместе с тем при научной потребности в 3,2 млн тонн отечественные мощности обеспечивают только 56% спроса, производя около 1,8 млн тонн удобрений в год.

🔻 Олжас Бектенов подчеркнул, что создание собственного производства карбамида позволит снизить зависимость от импорта и укрепить продовольственную безопасность.
«Глава государства уделяет большое внимание развитию агропромышленного комплекса страны. В прошлом году собрали рекордный урожай. Правительством выделено 700 млрд тенге на поддержку аграриев. Важным вопросом является обеспечение качественными и доступными минеральными удобрениями. Поэтому Ваш проект представляет для нас интерес с точки зрения удовлетворения внутреннего спроса на карбамид, а также его экспорта»,

– отметил руководитель Правительства РК.

Кроме того, в ходе встречи обсуждены меры государственной поддержки сельхозпроизводителей. В настоящее время в Казахстане действует программа субсидирования, покрывающая до 60% стоимости удобрений, с марта 2024 года внедрен механизм авансового субсидирования, благодаря которому средства заранее перечисляются производителям для удешевления продукции. В прошлом году на эти цели было выделено 46,4 млрд тенге, на 2025 год предусмотрено 35 млрд тенге.

🔘 По итогам встречи уполномоченным государственным органам поручено в ускоренном порядке провести все процедуры и в течение двух недель внести на подпись проект Соглашения об инвестициях с компанией ESTA Construction, что даст старт реализации крупного инвестиционного проекта.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM