UKIMET
18.5K subscribers
10.8K photos
1.83K videos
8.28K links
ҚР Үкіметінің ресми Telegram-каналы/ Официальный Telegram-канал Правительства РК

🌐 Сайт https://primeminister.kz/kz
🔗 Instagram https://instagram.com/primeministerkz
🔗 Facebook https://www.facebook.com/Primeminister.Kaz
🔗 https://t.me/ukimet_points
Download Telegram
UKIMET
Олжас Бектенов биыл теміржол вокзалдарын жөндеу және реконструкциялау жұмыстарын аяқтауды тапсырды 📌 Көлік министрі Марат Қарабаев Үкімет отырысында еліміздің теміржол вокзалдарын жөндеу және реконструкциялау жұмыстары туралы баяндады. Ол бүгінгі таңда 5…
Бес теміржол вокзалын – Екібастұз, Павлодар, Шымкент, Қызылорда және  Түркістан қалаларындағы теміржол вокзалдарын жөндеу жұмыстары аяқталды

📌 Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары»  атты халыққа Жолдауында берілген тапсырмаларды орындау мақсатында Үкімет авиация және теміржол салаларындағы инфрақұрылымды жаңғырту бойынша жүйелі жұмыстар жүргізуде.

ҚР Көлік министрлігінің мәліметінше,  2024 жылы Қызылорда мен Түркістандағы вокзалдарды жөндеу аяқталған. Сондай-ақ былтыр Шымкент пен Павлодар вокзалдары жаңартылды. 2025 жылғы 28 ақпанда Екібастұз вокзалын реконструкциялау аяқталды.

Реконструкциялаудың негізгі параметрлері:

🔷 Павлодар вокзалы
➤ Өткізу мүмкіндігі тәулігіне 3,5 мыңнан 4,5 мың адамға дейін ұлғайтылды.
➤ Аумағы 4900-ден 5400 шаршы метрге дейін кеңейтілді.

🔷 Шымкент вокзалы
➤ Өткізу мүмкіндігі тәулігіне 2 мыңнан 6 мың адамға дейін үш есе артты.
➤ Аумағы 1770-ден 2250 шаршы метрге дейін кеңейтілді.

🔷 Екібастұз вокзалы
➤ Өткізу мүмкіндігі тәулігіне 1,5 мыңнан 2,5 мың адамға дейін ұлғайтылды.
➤ Аумағы 2395-ден 2505 шаршы метрге дейін кеңейтілді.

Вокзалдарды реконструкциялау жолаушылардың жағдайын едәуір жақсартуға және сапардың жайлылығын арттыруға мүмкіндік берді.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
UKIMET
Олжас Бектенов биыл теміржол вокзалдарын жөндеу және реконструкциялау жұмыстарын аяқтауды тапсырды 📌 Көлік министрі Марат Қарабаев Үкімет отырысында еліміздің теміржол вокзалдарын жөндеу және реконструкциялау жұмыстары туралы баяндады. Ол бүгінгі таңда 5…
Завершен ремонт пяти железнодорожных вокзалов - Экибастуза, Павлодара, Шымкента, Кызылорды и Туркестана

📌 Правительством ведется планомерная работа в рамках исполнения поручений Президента Казахстана Касым-Жомарта Токаева, данном в Послании народу Казахстана «Экономический курс Справедливого Казахстана», по модернизации инфраструктуры в авиа- и железнодорожной сферах.

По данным Министерства транспорта РК, в 2024г. завершен ремонт вокзалов Кызылорды и Туркестана. В прошлом году также произведена реконструкция на вокзалах Шымкента и Павлодара. 28 февраля 2025 г. завершен ремонт вокзала Экибастуза.

Основные параметры реконструкции:

🔹 Вокзал Павлодара

➤ Пропускная способность увеличена с 3,5 тыс. до 4,5 тыс. человек в сутки
➤ Площадь расширена с 4900 до 5400 кв. м

🔹 Вокзал Шымкента
➤ Пропускная способность выросла в три раза – с 2 тыс. до 6 тыс. человек в сутки
➤ Площадь увеличена с 1770 до 2250 кв. м

🔹 Вокзал Экибастуза
➤ Пропускная способность увеличена с 1,5 тыс. до 2,5 тыс. человек в сутки
➤ Площадь расширена с 2395 до 2505 кв. м

Реконструкция вокзалов позволила значительно улучшить условия для пассажиров и повысить комфортность поездок.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
«Жомарт» кенішіндегі апатты тергеудің алдын ала қорытындылары

📌 Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ҚР Премьер-министрінің орынбасары Қанат Бозымбаевтың төрағалығымен өткен Үкіметтік комиссияда «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС «Жомарт» кенішіндегі апатты тергеудің алдын ала қорытындылары қаралды.

🔵 Комиссия тау-кен қазбасынан метанның жиналуы мен бөлінуі, содан кейін электр жабдықтарының ұшқынынан жарылыс болуы сияқты апаттың негізгі себебін анықтады. Сондай-ақ өнеркәсіптік қауіпсіздік пен еңбекті қорғау бойынша айтарлықтай ереже бұзушылықтар анықталып, жауапты тұлғалар тобы белгілі болды.

🔵 Кеңес қорытындысы бойынша комиссия төрағасы Қанат Бозымбаев «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-ға бұзушылықтарды жою мен апаттардың алдын алу бойынша, оның ішінде кеніштегі қауіпсіздікті арттыру, ауадағы газ құрамын анықтаудың автоматтандырылған жүйелерін енгізу, бейнебақылау орнату және басқа да бірқатар тапсырма берді.

🌐 Толығырақ primeminister.kz сайтында.



Предварительные итоги расследования аварии на руднике «Жомарт»


📌 По поручению Главы государства Правительственной комиссией под председательством заместителя Премьер-министра РК Каната Бозумбаева рассмотрены предварительные итоги расследования аварии на руднике «Жомарт» ТОО «Корпорации Казахмыс».

🔵 Комиссией установлена основная причина возникновения аварии - это скопление и выделение метана из горной выработки с последующим взрывом от искры электрооборудования. Также выявлены существенные нарушения промышленной безопасности и охраны труда, определен круг ответственных лиц.

🔵 По итогам заседания Канатом Бозумбаевым даны ряд поручений ТОО «Корпорация Казахмыс» по устранению нарушений и недопущению аварий, в том числе по повышению безопасности на руднике, внедрению автоматизированных систем определения содержание газов, видеонаблюдение и др.

🌐 Подробнее на сайте primeminister.kz

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Олжас Бектенов FAO-ның өңірлік өкілі Виорел Гуцумен АӨК және су ресурстары саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады

📌 Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов FAO-ның Еуропа және Орталық Азия бойынша өңірлік өкілі – бас директордың орынбасары Виорел Гуцумен кездесу өткізді.

🔘 Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен БҰҰ Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының (FAO) басшысы Цюй Дунъюй арасындағы қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру жоспарлары талқыланды. Қазақстан – FAO әріптестік бағдарламасы шеңберінде бірлескен жобаларды іске асыруға назар аударылуда. Ұйымның еліміздегі портфелі 55 жобадан тұрады.
«Біз сіздермен кеше Алматыда Орталық Азия мен Ауғанстан елдері үшін орнықты даму мақсаттары жөніндегі БҰҰ орталығын құру туралы маңызды шешім қабылданғаннан кейін кездесіп отырғанымыз назар аудартады. Мемлекет басшысының бастамасын БҰҰ Бас Ассамблеясына мүше барлық ел бірауыздан қолдағаны қуантады. Бұл – жоғары сенім мен үлкен жауапкершіліктің белгісі.
Бүгінгі диалог агроөнеркәсіп кешені мен су ресурстары саласындағы ынтымақтастық мәселелерін жан-жақты қарастыруға мүмкіндік беретініне сенімдімін. Қазақстан дәнді және майлы дақылдар өндіру мен экспорттау бойынша Орталық Азия өңірінде көшбасшы ел саналады. Біз ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуді белсенді дамытып, жоғары деңгейде өңделген өнім үлесін 70%-ға дейін жеткізуге ниеттіміз. Алдағы үш жылда АӨК-те құны $4,8 млрд-ты құрайтын 600-ден астам инвестициялық жобаны іске асыруды жоспарлап отырмыз. Бұл мақсаттарға қол жеткізуде FAO маңызды стратегиялық серіктес болып отыр»,

— деп атап өтті Олжас Бектенов.

✔️ Бүгінде азық-түлік қауіпсіздігінің жаһандық индексінде Қазақстан 113 ел ішінде 32-ші орында тұр. Отандық ауыл шаруашылығы өнімдері 80 елге экспортталады. Өткен жылдың қорытындысы бойынша агроөнеркәсіп кешенін қолдау бойынша қабылданған шаралар нәтижесінде жалпы өнімнің өсімі 13,7%-ды құрады.

🔻 Бас директордың орынбасары – FAO-ның Еуропа және Орталық Азия бойынша өңірлік өкілі Виорел Гуцу Қазақстанның агроөнеркәсіп секторындағы елеулі әлеуетін атап өтіп, ауылдық аумақтарды орнықты дамыту үшін ынтымақтастықты кеңейтудің маңыздылығын атап өтті.
«Қазақстан инновациялық тәсілдер мен технологияларды енгізе отырып, ауыл шаруашылығын дамытуға, сондай-ақ қаржыландыру мен инвестицияға қолжетімділікті жақсартуға белсенді ұмтылуда. Қазақстан 2018 жылғы шілдеде Қазақстан Үкіметі мен FAO арасындағы негіздемелік келісімді ратификациялады. “FAO-Қазақстан әріптестік бағдарламасы” (ФҚӘБ) осы келісімнің ажырамас бөлігі болып саналады. Қазақстанның Ауыл шаруашылығы министрлігі қаржыландыратын ФҚӘБ-тың негізгі бағыттары азық-түлік қауіпсіздігін арттыру, агробизнесті цифрландыру, ресурстарды тұрақты басқару және экспорттық әлеуетті дамыту, бұл ауылдық аумақтардың орнықты өсуіне және ауыл тұрғындарының өмірін жақсартуға ықпал етеді»,

— деді Виорел Гуцу.

Сонымен қатар су ресурстары саласындағы ынтымақтастықтың келешегі талқыланды. Қазақстан су шаруашылығы саласын ауқымды жаңғырту, оның ішінде жаңа 20 су қоймасын салу және кемінде қолданыстағы 15 су қоймасын реконструкциялау, сондай-ақ 3,5 мың шақырымнан астам ирригациялық арналарды реконструкциялау және цифрландыру жүзеге асырылады. Кездесуге қатысушылар Каспий теңізіндегі экологиялық мәселені шешу ұзақмерзімді халықаралық өзара іс-қимылдың басым міндетіне айналуы тиіс екенін атап өтті.

🔘 Кездесу қорытындысы бойынша өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі дамыту және бірлескен бастамаларды табысты іске асыру үшін өзара іс-қимылды нығайтуға дайындық расталды.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
UKIMET
Олжас Бектенов FAO-ның өңірлік өкілі Виорел Гуцумен АӨК және су ресурстары саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады 📌 Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов FAO-ның Еуропа және Орталық Азия бойынша өңірлік өкілі – бас директордың…
Олжас Бектенов обсудил с региональным представителем FAO Виорелом Гуцу сотрудничество в сфере АПК и водных ресурсов

📌 Премьер-министр Республики Казахстан Олжас Бектенов провел встречу с Заместителем Генерального директора – Региональным представителем FAO по Европе и Центральной Азии Виорелом Гуцу.

🔘 Обсуждены планы по реализации договоренностей, достигнутых между Президентом Касым-Жомартом Токаевым и главой Продовольственной и сельскохозяйственной организации ООН Цюй Дунъюем. Внимание уделено реализации совместных проектов в рамках Программы партнерства Казахстан – FAO. Портфель Организации в стране состоит из 55 проектов.
«Примечательно, что мы встречаемся с Вами после принятого вчера важного решения о создании в Алматы Центра ООН по Целям устойчивого развития для стран Центральной Азии и Афганистана. Отрадно, что инициатива Главы нашего государства была единогласно поддержана всеми странами-членами Генеральной Ассамблеи ООН. Это знак высокого доверия и большая ответственность для нас.
Сегодняшний диалог, уверен, позволит нам предметно рассмотреть вопросы сотрудничества в агропромышленном комплексе и сфере водных ресурсов. Казахстан является лидером по производству и экспорту зерновых и масличных культур в Центральноазиатском регионе. Мы намерены активно развивать переработку сельхозпродукции и увеличить долю продукции с высоким переделом до 70%. В предстоящие три года планируем реализовать более 600 инвестиционных проектов в АПК на $4,8 млрд. FAO является важным стратегическим партнером в достижении этих целей»,

– подчеркнул Олжас Бектенов.

✔️ На сегодня в глобальном индексе продовольственной безопасности Казахстан занимает 32-е место из 113. Отечественная сельхозпродукция экспортируется в 80 стран мира. По итогам прошлого года в результате принятых мер по поддержке агропромышленного комплекса рост валовой продукции составил 13,7%.

🔻 Заместитель Генерального директора – Региональный представитель FAO по Европе и Центральной Азии Виорел Гуцу отметил значительный потенциал Казахстана в агропромышленном секторе и подчеркнул важность расширения сотрудничества для устойчивого развития сельских территорий.
«Казахстан активно стремится развивать сельское хозяйство, внедряя инновационные подходы и технологии, а также улучшать доступ к финансированию и инвестициям. В июле 2018 года Казахстан ратифицировал базовое соглашение между Правительством Казахстана и FAO. Неотъемлемой частью данного соглашения является «Программа партнерства FAO-Казахстан» (ФКПП).
Ключевыми направлениями ФКПП, финансируемой Министерством сельского хозяйства Казахстана, станут повышение продовольственной безопасности, цифровизация агробизнеса, устойчивое управление ресурсами и развитие экспортного потенциала, что будет способствовать устойчивому росту сельских территорий и улучшению жизни сельчан»,

– сказал Виорел Гуцу.

Кроме того, обсуждены перспективы сотрудничества в сфере водных ресурсов. Казахстан осуществляет масштабную модернизацию водного сектора, в т.ч. строительство 20 новых и реконструкция не менее 15 действующих водохранилищ, а также реконструкция и цифровизация более 3,5 тыс. км ирригационных каналов. Участники встречи подчеркнули, что решение экологической проблемы в Каспийском море должно стать приоритетом долгосрочного международного взаимодействия.

🔘 По итогам встречи подтверждена готовность к укреплению взаимодействия для дальнейшего развития взаимовыгодного сотрудничества и успешной реализации совместных инициатив.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Қайтарылған активтердің 4 млрд теңгеден астамы Қызылорда облысындағы сумен жабдықтау жүйелерінің құрылысын аяқтауға бөлінді

📌 Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Үкімет елге қайтарылған заңсыз шығарылған активтер есебінен әлеуметтік маңызды инфрақұрылым салу жөніндегі жобаларды іске асыруда.

✔️ Қызылорда облысының Арал ауданында сумен жабдықтау жүйесін салуға және жаңғыртуға Арнаулы мемлекеттік қордан шамамен 4,2 млрд теңге бөлу туралы шешім қабылданды.

🔘 3 мыңнан астам халқы бар Тоқабай және Абай ауылдарын орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында Арал–Сарыбұлақ топтық су құбырына қосылатын Арал–Тоқабай–Абай магистралі тармағының құрылысы жүргізілуде. Жобаның іске асырылуы 2021 жылы басталған. Оны аяқтау үшін қосымша 3,7 млрд теңге қажет. Қаржы бөлу туралы шешім қабылданды. Нысанды 2025 жылдың соңына дейін пайдалануға беру жоспарланып отыр.

✔️ Шамамен 400 тұрғыны бар Ақбасты ауылында Арал–Сарыбұлақ топтық су құбырына қосылатын Қосман–Ақбасты магистралі тармағының құрылысы аяқталуға жақын. Жобаның құны – шамамен 2,4 млрд теңге, оның 1,8 млрд теңгесі игерілген. Қалған 524 млн теңгесі Арнаулы мемлекеттік қордан бөлінді. Нысанды биыл іске қосу жоспарлануда.

🔷 Осы жобаларды іске асыру сапалы суға тікелей қол жеткізуді қамтамасыз ете отырып, жаңа экономикалық мүмкіндіктерге жол ашады, ауыл тұрғындарының тұрмыс сапасын едәуір жақсартуға жағдай туғызады.

Сумен жабдықтау жүйесін салу және жаңғырту Үкімет жұмысының маңызды басым міндеттерінің бірі болып саналатынын атап өту қажет. Іс-шаралар Мемлекет басшысының қалалар мен ауылдарды ауыз сумен 100% қамту жөніндегі тапсырмасын орындау шеңберінде жүргізілуде.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
UKIMET
Қайтарылған активтердің 4 млрд теңгеден астамы Қызылорда облысындағы сумен жабдықтау жүйелерінің құрылысын аяқтауға бөлінді 📌 Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Үкімет елге қайтарылған заңсыз шығарылған активтер есебінен әлеуметтік маңызды инфрақұрылым…
Более 4 млрд тенге из возвращенных активов выделено на завершение строительства систем водоснабжения в Кызылординской области

📌 В соответствии с поручением Главы государства Правительством реализуются проекты по строительству социально важной инфраструктуры за счет возвращенных в страну незаконно выведенных активов.

✔️ Принято решение о выделении из Специального государственного фонда порядка 4,2 млрд тенге на строительство и модернизацию систем водоснабжения в Аральском районе Кызылординской области.

🔘 С целью обеспечения централизованным водоснабжением сел Токабай и Абай с населением более 3 тыс. человек ведется строительство ветки подключения к магистрали Аральск-Токабай-Абай Арало-Сарыбулакского группового водопровода. Реализация данного проекта началась в 2021 году. Для его завершения дополнительно требуется порядка 3,7 млрд тенге. Решение о выделении средств уже принято. Сдача объекта в эксплуатацию планируется до конца 2025 года.

✔️ В селе Акбасты, где проживает порядка 400 человек, на стадии завершения находится строительство ветки подключения к магистрали Косман-Акбасты Арало-Сарыбулакского группового водопровода. Стоимость проекта – порядка 2,4 млрд тенге, из которых 1,8 млрд тенге уже освоено. Оставшиеся 524 млн выделены из Специального государственного фонда. Объект планируется запустить в текущем году.

🔷 Реализация данных проектов позволит повысить уровень жизни сельских жителей, обеспечив прямым доступом к качественной воде и создавая новые экономические возможности.

Важно отметить, что строительство и модернизация системы водоснабжения являются одним из важнейших приоритетов работы Правительства. Мероприятия проводятся в рамках исполнения поручения Главы государства по 100% охвату городов и сел питьевой водой.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Олжас Бектенов Экономикалық саясат жөніндегі кеңес отырысын өткізді

📌 Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Экономикалық саясат жөніндегі кеңес отырысында Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты халыққа Жолдауында берілген тапсырмаларын жүзеге асыру шаралары қаралды.

🔘 Макроэкономикалық саясаттың тепе-теңдігін жақсарту үшін ақша-несие және фискалдық саясат арасындағы теңгерімді қамтамасыз ету тәсілдері талқыланды.

Нарық тетіктері негізінде мемлекеттік қаржы тұрақтылығын және экономиканың өсу сапасын арттыруға баса назар аударылуда. Бюджеттік ережелер мен нысаналы бағдарлар жүйесінің сақталуын институционалды түрде нығайту, экономиканы қаржыландырудағы жеке сектордың рөлін арттыру, қаржы секторындағы жүйелік тәуекелдерді төмендету бойынша ұсыныстар тыңдалды.

🔵 Жиынға Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов, Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин, Президенттің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі Қанат Шарлапаев, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова, Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы Әсет Ерғалиев, сондай-ақ жауапты министрліктер басшылығы қатысты.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
UKIMET
Олжас Бектенов Экономикалық саясат жөніндегі кеңес отырысын өткізді 📌 Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Экономикалық саясат жөніндегі кеңес отырысында Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық…
Олжас Бектенов провел заседание Совета по экономической политике

📌 На заседании Совета по экономической политике под председательством Премьер-министра Олжаса Бектенова рассмотрены меры по исполнению поручений Главы государства, данных в Послании народу «Справедливый Казахстан: закон и порядок, экономический рост, общественный оптимизм».

🔘 Обсуждены подходы по обеспечению баланса между денежно-кредитной и фискальной политикой для повышения сбалансированности макроэкономической политики.

Акцентировано внимание на повышении устойчивости государственных финансов и качества роста экономики с опорой на рыночные механизмы. Заслушаны предложения по институциональному укреплению соблюдения системы бюджетных правил и целевых ориентиров, повышению роли частного сектора в финансировании экономики, снижению системных рисков в финансовом секторе.

🔵 В заседании приняли участие председатель Национального Банка Тимур Сулейменов, заместитель Премьер-министра – министр национальной экономики Серик Жумангарин, Помощник Президента по экономическим вопросам Канат Шарлапаев, председатель Агентства по регулированию и развитию финансового рынка Мадина Абылкасымова, председатель Агентства по стратегическому планированию и реформам Асет Иргалиев, а также руководство ответственных министерств.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Олжас Бектенов CAMCE компаниясының басшысы Ли Хайсинмен Алатау қаласында инвестициялық жобаларды іске асыру келешегін талқылады

📌 Мемлекет басшысының еліміздің экономикасына инвестициялар тарту жөніндегі жұмысты күшейту туралы тапсырмасын орындау шеңберінде Үкімет қалыптасқан мәселелерді жедел шешу және инвестициялық жобаларды уақтылы іске қосу үшін бизнес өкілдерімен өзара іс-қимылды нығайтты.

🔘 Бүгін Премьер-министр Олжас Бектенов қытайлық China CAMC Engineering Co., Ltd. (CAMCE) компаниясының президенті Ли Хайсинмен кездесу өткізді.

🔷 China CAMC Engineering Co., Ltd. – 60-тан астам елде инфрақұрылымды, өнеркәсіпті және энергетиканы дамыту салаларында кешенді EPC-жобаларды іске асыратын және Қытайдың Sinomach Group (China National Machinery Industry Corporation) машина жасау жөніндегі ірі мемлекеттік конгломератының құрамына кіретін жетекші халықаралық инжинирингтік компания.

Компания президенті Ли Хайсин Алатау қаласының көлік-логистикалық және индустриялық инфрақұрылымын дамыту саласындағы инвестициялық ынтымақтастықтың перспективалары туралы бірқатар ұсыныстарды айтты. «Орта дәлізді» дамыту аясындағы ынтымақтастыққа назар аударылды.

«Үкімет жұмысының басым бағыттарының бірі – барынша қолайлы инвестициялық ахуал қалыптастыру. Бұл нақты экономикаға тікелей шетелдік инвестицияларды тартуға және еліміз үшін маңызды жобаларды іске асыруды қамтамасыз етуге, жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді. Соңғы алты жылда елімізге тартылған тікелей шетелдік инвестициялар көлемі шамамен $130 млрд-ты құрады. Бұл ретте Мемлекет басшысының шикізаттық емес салалардың тартымдылығын арттыру бойынша бастамашылық жасаған шаралары нәтиже беруде – шикізаттық емес секторға шетелдік инвестициялар $72,7 млрд-ты құрады, яғни шетелдік әріптестер қайта өңдеу өнеркәсібі салаларына көбірек инвестиция сала бастады»,

— деп атап өтті Олжас Бектенов.

🔘 Кездесу қорытындысы бойынша тиісті мемлекеттік органдарға инвестициялық ұсынысты егжей-тегжейлі пысықтау тапсырылды.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
UKIMET
Олжас Бектенов CAMCE компаниясының басшысы Ли Хайсинмен Алатау қаласында инвестициялық жобаларды іске асыру келешегін талқылады 📌 Мемлекет басшысының еліміздің экономикасына инвестициялар тарту жөніндегі жұмысты күшейту туралы тапсырмасын орындау шеңберінде…
Олжас Бектенов обсудил с главой компании CAMCE Ли Хайсинем перспективы реализации инвестпроектов в городе Алатау

📌 В рамках исполнения поручения Главы государства об усилении работы по привлечению инвестиций в экономику страны Правительством укреплено взаимодействие с представителями бизнеса для оперативного решения имеющихся вопросов и своевременного запуска инвестпроектов.


🔘 Сегодня Премьер-министр Олжас Бектенов провел встречу с Президентом китайской компании China CAMC Engineering Co., Ltd. (CAMCE) Ли Хайсинем.

🔷 China CAMC Engineering Co., Ltd. – ведущая международная инжиниринговая компания, реализующая комплексные EPC-проекты в сферах развития инфраструктуры, промышленности и энергетики в более чем 60 странах, и входящая в состав крупнейшего государственного конгломерата по машиностроению Китая Sinomach Group (China National Machinery Industry Corporation).

Президент компании Ли Хайсинь озвучил ряд предложений о перспективах инвестиционного сотрудничества в сфере развития транспортно-логистической и индустриальной инфраструктуры города Алатау. Внимание уделено сотрудничеству в рамках развития «Среднего коридора».
«Одно из приоритетных направлений работы Правительства - создание максимально комфортного инвестиционного климата. Это позволит привлечь в реальную экономику прямые иностранные инвестиции и обеспечить реализацию важных для страны проектов, создать новые рабочие места. За последние шесть лет объем привлеченных прямых иностранных инвестиций в страну составил около $130 млрд. При этом инициированные Главой государства меры по повышению привлекательности несырьевых отраслей дают результаты – иностранные вложения в несырьевой сектор составили $72,7 млрд, то есть иностранные партнеры стали больше вкладывать в отрасли перерабатывающей промышленности»,

— подчеркнул Олжас Бектенов.

🔘 По итогам встречи соответствующим государственным органам поручено детально проработать инвестиционное предложение.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Үкіметте Щучинск-Бурабай курорттық аймағы туризмін дамытудың 2029 жылға дейінгі жоспары бекітілді

✍️ Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов Щучинск-Бурабай курорттық аймағының туризмін дамытудың 2025–2029 жылдарға арналған кешенді жоспарын бекіту туралы қаулыға қол қойды.

Құжат 137,2 млрд теңгеге 118 іс-шараны қамтиды және туристік инфрақұрылымды, көлік логистикасын, цифрлық шешімдерді, қауіпсіздік жүйесін дамытуға, сондай-ақ инвестициялар тартуға бағытталған.

🔷 Жоспарға сәйкес, демалыс орнын жаңғырту негізгі бағыттарды, соның ішінде жыл бойы жұмыс істейтін туристік нысандар салуды, экологиялық және спорттық туризмді дамытуды, жаңа рекреациялық аймақтар құрылысын қамтиды. Атап айтқанда, Қатаркөл көлінің жанында балалар орталықтарын, спорттық-сауықтыру кешендерін және жыл бойы аквапарк ұйымдастыру қарастырылып отыр. Жүкей көлінің маңында кемпингтер, глемпингтер және жаңа туристік бағыттар ашылады, ал Кіші Шабақты көлінде жалға беру стансалары, қайық тұрағы, жағалау инфрақұрылымы мен жағажайлар болады.

🔵 Қысқы демалыс түрлерін дамыту кеңінен жоспарланған, олардың арасында шаңғымен сырғанау ерекше сұранысқа ие. Спорттық жабдықтарды жалға беретін, тамақтану орны мен кәдесый дүкендері бар шаңғы базасын ұйымдастыру көзделуде.

Курорттық аймаққа қол жеткізудің ыңғайлы болуын қамтамасыз ету үшін көлік инфрақұрылымы, оның ішінде визит-орталықтары бар көпдеңгейлі тұрақтар және тамақтану пункттері салынады.

✔️ Жоспарды іске асыру келуші туристер санының 35 мыңнан 94 мың адамға дейін ұлғаюына, туризм саласындағы жұмыспен қамту көрсеткішінің 22 мыңнан 32,5 мың адамға дейін өсуіне және 22,7 млрд теңге мөлшерінде жеке инвестициялар тартуға әкеледі деп күтілуде. Өңір экономикасындағы туризм үлесі 1,4%-дан 3,5%-ға дейін ұлғаюы тиіс.

Курорттық аймақты дамыту Қазақстанның өңірдің туристік картасындағы ұстанымын нығайтады, сондай-ақ ішкі туризмнің тартымдылығын арттырады.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
UKIMET
Үкіметте Щучинск-Бурабай курорттық аймағы туризмін дамытудың 2029 жылға дейінгі жоспары бекітілді ✍️ Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов Щучинск-Бурабай курорттық аймағының туризмін дамытудың 2025–2029 жылдарға арналған кешенді жоспарын бекіту туралы…
Правительство утвердило план развития Щучинско-Боровской курортной зоны до 2029 г.

✍️ Премьер-министр Казахстана Олжас Бектенов подписал постановление об утверждении Комплексного плана развития Щучинско-Боровской курортной зоны на 2025–2029 годы.

Документ содержит 118 мероприятий на 137,2 млрд тенге и направлен на развитие туристской инфраструктуры, транспортной логистики, цифровых решений, системы безопасности, а также на привлечение инвестиций.

🔷 Согласно плану, модернизация курорта охватит основные направления, включая создание круглогодичных туристских объектов, развитие экологического и спортивного туризма, строительство новых рекреационных зон. В частности, у озера Катарколь планируется организовать детские центры, спортивно-оздоровительные комплексы и круглогодичный аквапарк. В районе озера Жукей появятся кемпинги, глемпинги и новые туристские маршруты, а на Малом Чебачьем – станции проката, лодочные станции, береговая инфраструктура и пляжи.

🔵 Широко планируется развивать зимние виды отдыха, среди которых особым спросом пользуется катание на лыжах. Предполагается организация лыжных баз с прокатом спортивного инвентаря и наличием пункта питания и сувенирными лавками.

Для обеспечения комфортного доступа к курортной зоне будет построена транспортная инфраструктура, в том числе многоуровневые парковки с визит-центрами и пункты питания.

✔️ Ожидается, что реализация плана приведет к увеличению числа въездных туристов с 35 тыс. до 94 тыс. человек, росту занятости в сфере туризма с 22 тыс. до 32,5 тыс. человек и привлечению частных инвестиций в размере 22,7 млрд тенге. Доля туризма в экономике региона должна увеличиться с 1,4% до 3,5%.

Развитие курортной зоны укрепит позиции Казахстана на туристской карте региона, а также повысит привлекательность внутреннего туризма.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM