UKIMET
18.5K subscribers
10.8K photos
1.83K videos
8.28K links
ҚР Үкіметінің ресми Telegram-каналы/ Официальный Telegram-канал Правительства РК

🌐 Сайт https://primeminister.kz/kz
🔗 Instagram https://instagram.com/primeministerkz
🔗 Facebook https://www.facebook.com/Primeminister.Kaz
🔗 https://t.me/ukimet_points
Download Telegram
Үкіметте экономиканы ырықтандыру және жекешелендірудің қарқыны мәселелері қаралды

📌 Премьер-министр Олжас Бектенов экономиканы ырықтандыру және жекешелендіру мәселелері бойынша кеңес өткізді. Президенттің тиісті Жарлығы шеңберінде мемлекеттің экономикалық үдерістерге қатысуын қысқарту және бәсекелестікті арттыру шаралары жүзеге асырылуда.

🔷 Жекешелендірудің 2021–2025 жылдарға арналған кешенді жоспарын іске асыру барысы қаралып, жұмыстың тиімділігін одан әрі арттыру және үдерісті жетілдіру шаралары талқыланды.

Мемлекеттік мүлік тізілімінің деректерін тексеру әрі өзектендіру жұмысы аяқталды. Жекешелендіру үдерісін жандандыру және жетілдіру шеңберінде кепілдік жарналарды қамтамасыз ету үшін «электронды әмиянды» енгізу, сауда-саттыққа қатысуға өтінімдер беру мерзімін ұлғайту, сондай-ақ қосымша ресурстар бойынша сату туралы хабарламаларды жариялауды қосқанда, нысандарды сату қағидаларына өзгерістер енгізілді. Сонымен қатар «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңға тікелей сатудан бас тартуды және мүлікті тек аукциондар арқылы беруді көздейтін түзетулер әзірленді. Жер беру тетігінің ашықтығын қамтамасыз ету үшін шөлді және шөлейт аймақтарды қоспағанда, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің 100%-ы цифрландырылды.

🔘 Бүгінде әкімшілік заңнамаға бизнесті негізсіз араласудан қорғауға бағытталған түзетулер енгізілді.

✔️ Қаржы министрлігінің деректеріне сәйкес, қазіргі уақытта жалпы құны 918,3 млрд теңгені құрайтын 392 мемлекеттік меншік және квазимемлекеттік сектор нысаны бәсекелестік ортаға берілді, 69 нысан қайта ұйымдастыруға/таратуға жіберілді. Сонымен қатар 21 нысан саудаға шығарылып, 155 нысан сатылымға дейінгі дайындықта.

📌 Кеңес қорытындысы бойынша Премьер-министр экономиканы ырықтандыру, оның ішінде қамтылатын салаларды кеңейту жұмыстарын жандандыруды тапсырды.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
UKIMET
Үкіметте экономиканы ырықтандыру және жекешелендірудің қарқыны мәселелері қаралды 📌 Премьер-министр Олжас Бектенов экономиканы ырықтандыру және жекешелендіру мәселелері бойынша кеңес өткізді. Президенттің тиісті Жарлығы шеңберінде мемлекеттің экономикалық…
В Правительстве рассмотрены вопросы либерализации экономики и темпы приватизации

📌 Премьер-министр Олжас Бектенов провел совещание по вопросам либерализации экономики и приватизации. Сокращение государственного участия в экономических процессах и расширение конкуренции реализуется в рамках соответствующего Указа Президента.


🔷 Рассмотрен ход исполнения Комплексного плана приватизации на 2021-2025 годы и обсуждены меры по повышению эффективности работы.

Завершена ревизия и актуализация данных реестра государственного имущества. В рамках дальнейшего совершенствования процесса приватизации внесены изменения в правила продажи объектов, включая внедрение «электронного кошелька» для обеспечения гарантийных взносов, увеличение времени подачи заявок на участие в торгах, а также публикацию извещений о продаже на дополнительных ресурсах. Кроме того, разработаны поправки в Закон «О государственном имуществе», которые предусматривают отказ от прямых продаж и передачу имущества исключительно через аукционы. Для обеспечения прозрачности механизма предоставления земель оцифровано 100% сельхозземель, за исключением пустынных и полупустынных территорий.

🔘 На сегодня внесены поправки в административное законодательство, направленные на защиту бизнеса от необоснованного вмешательства.

✔️ По данным Министерства финансов, в настоящее время 392 объекта государственной собственности и квазигоссектора на сумму 918,3 млрд тенге переданы в конкурентную среду, 69 объектов направлены на реорганизацию/ликвидацию. Кроме того, 21 объект находится на торгах и 155 на предпродажной подготовке.

📌 По итогам совещания Премьер-министр поручил активизировать работу по либерализации экономики, в том числе посредством расширения охватываемых направлений.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр China Gezhouba Group басшылығымен кездесу өткізді

📌 Үкіметте Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр мен Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек China Gezhouba Group (ҚХР) Басқарма төрағасы Лю Хуайлянмен кездесті. Тараптар Қ.И. Сәтбаев атындағы каналдан Астана қаласына дейін су құбырын салу жобасын талқылады.

✔️ Ұзындығы шамамен 200 км су құбырынан басқа, жобаны іске асыру өнімділігі тәулігіне 342 мың текше метр үш су құбыры сорғы стансасын және өнімділігі тәулігіне 210 мың текше метрді құрайтын №4 сорғы-сүзгі стансасын салуды көздейді. Лю Хуайлян құрылыс-монтаж жұмыстары биылғы сәуір айында басталатынын растады.

🔘 Кездесу барысында Роман Скляр инфрақұрылымдық жобаның тұрғындарды таза сумен үздіксіз қамтамасыз етудегі әлеуметтік маңыздылығын аймақты дамыту, тұрмыс сапасын жақсарту және тұрақты экономикалық өсуге негіз болатынын атап өтті.

Кездесу соңында тараптар жобаны іске асыру және ынтымақтастықты одан әрі нығайту бойынша белсенді жұмысты жалғастыруға келісті.



Первый заместитель Премьер-министра РК Роман Скляр провел встречу с руководством China Gezhouba Group

📌 В Правительстве состоялась встреча первого заместителя Премьер-министра Республики Казахстан Романа Скляра и акима г. Астаны Жениса Касымбека с председателем правления China Gezhouba Group (КНР) Лю Хуайлянем, в ходе которой стороны обсудили проект строительства водовода от канала им. К.И. Сатпаева до города Астаны.

✔️ Помимо водовода протяженностью порядка 200 км, реализация проекта подразумевает строительство трех водопроводных насосных станций производительностью 342 тыс. м3/сутки и насосно-фильтровальной станции №4 производительностью 210 тыс. м3/сутки. Лю Хуайлян подтвердил, что строительно-монтажные работы начнутся уже в апреле текущего года.

🔘 В ходе встречи Роман Скляр обозначил социальную важность инфраструктурного проекта в бесперебойном обеспечении жителей чистой водой, как основы для развития региона, улучшения качества жизни и устойчивого экономического роста.

В завершение встречи стороны договорились продолжать активную работу по реализации проекта и дальнейшему укреплению сотрудничества.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
⚜️ ҚР Премьер-министрі Қазақстанның әйелдер қауымын 8 наурыз мерекесімен құттықтады

ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов Қазақстанның әйелдер қауымын 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады.

Аяулы аналар! Құрметті арулар! Сіздерді 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Халқымызда «Ізгілік атаулының бәрі күннің нұры мен ананың ақ сүтінен жаралған» деген даналық сөз бар. Ана – өмірдің өзегі, тіршіліктің бастау бұлағы, шексіз мейірімнің қайнары. Әр шаңырақтың ұйытқысы, жер бетіндегі жақсылық пен әдеміліктің асыл тәжі – әйелдер қауымы ұлағатты ұрпақ өсіріп қана қоймай, елге деген шынайы жанашырлықтың үлгісін көрсетіп келеді. Білім беру мен денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіп, бизнес пен спорт, қоғамдық өмірдің және басқа да сан түрлі саласында жүрген аяулы жандардың еңбегі шексіз құрметке лайық. Бұл орайда, Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев атап өткендей, отбасы институтын нығайту, әйелдерді қолдау мемлекеттік саясаттың аса маңызды басымдығы болып қала бермек.

Баршаңызға мықты денсаулық, бақытты ғұмыр, еңбектеріңізге толайым табыс тілеймін.

Көктемнің шуақты күніндей сәулелі сәттеріңіз көп болсын!

Ізгі ниетпен, Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
UKIMET
⚜️ ҚР Премьер-министрі Қазақстанның әйелдер қауымын 8 наурыз мерекесімен құттықтады ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов Қазақстанның әйелдер қауымын 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады. Аяулы аналар! Құрметті арулар! Сіздерді 8 наурыз – Халықаралық…
⚜️ Премьер-министр РК поздравил казахстанских женщин с 8 марта

Премьер-министр РК Олжас Бектенов поздравил казахстанских женщин с Международным женским днем 8 марта.

Милые мамы! Дорогие женщины! От всей души поздравляю вас с Международным женским днем – 8 марта!

Этот день — еще один повод выразить искреннюю признательность за ваш труд и неизменную заботу, которые делают мир лучше.

Как отметил Президент Касым-Жомарт Токаев, укрепление института семьи и поддержка женщин остаются важнейшим приоритетом государственной политики.

Сегодня женщины не только воспитывают подрастающее поколение, но и показывают пример искренней любви по отношению к своей стране. Это образец стойкости, мудрости и целеустремленности. Ваш труд в различных сферах жизни заслуживает бесконечного уважения.

Желаю вам крепкого здоровья, благополучия, успехов в труде и самореализации!

Премьер-министр РК Олжас Бектенов

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
📌 Аптаны дәстүрлі жексенбілік дайджесте қорытындылаймыз

🔸Үкімет отырысы: экономиканың нақты секторын қаржыландыру мәселелері қаралды
✔️Премьер-министр: Мемлекеттік органдар «бюрократияға мүлде жол жоқ» қағидаты бойынша жұмыс істеуі тиіс
✔️Елімізде 30 мың ШОБ жобасына 1,7 трлн теңге көлемінде қолдау көрсетіледі
✔️Олжас Бектенов инвесторларға қолдау көрсету туралы: Бизнестің бастамалары ведомстволардың арасындағы өзара байланыстардың нашарлығынан зардап шекпеуі тиіс

🔸Елімізде Екібастұз, Павлодар, Шымкент, Қызылорда және Түркістандағы бес теміржол вокзалында жөндеу жұмыстары аяқталды

🔸«Жомарт» кенішіндегі апатты тергеудің алдын ала қорытындылары: Комиссия тау-кен қазбасында метанның жиналуы мен бөлінуі, содан кейін электр жабдықтарының ұшқынынан жарылыс болуы сияқты апаттың негізгі себебін анықтады

🔸Қайтарылған активтердің 4 млрд теңгеден астамы Қызылорда облысындағы сумен жабдықтау жүйесінің құрылысын аяқтауға бөлінді

🔸Олжас Бектенов Экономикалық саясат жөніндегі кеңес отырысын өткізді:макроэкономикалық саясаттың тепе-теңдігін жақсарту үшін ақша-несие саясаты мен фискалды саясат арасындағы теңгерімді қамтамасыз ету тәсілдері талқыланды

🔸Үкіметте экономиканы ырықтандыру және жекешелендірудің қарқыны мәселелері қаралды

🔸Инвестициялық ынтымақтастық:
✔️Премьер-министр ESTA Construction компаниясымен екі апта ішінде құны $1,3 млрд болатын тыңайтқыш зауытының құрылысы бойынша Инвестициялар туралы келісім жасауды тапсырды
✔️Олжас Бектенов CAMCE компаниясының басшысы Ли Хайсинмен Алатау қаласында инвестициялық жобаларды іске асыру келешегін талқылады
✔️ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр China Gezhouba Group басшылығымен кездесу өткізді: Қ.И. Сәтбаев атындағы каналдан Астана қаласына дейін су құбырын салу жобасын талқыланды

🔸Премьер-министр FAO-ның өңірлік өкілі Виорел Гуцумен кездесті: АӨК және су ресурстары саласындағы ынтымақтастық келешегі қарастырылды

🔸Халықаралық қатынастар. Олжас Бектенов Бакуге ресми сапармен барды: Әзербайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиевпен және Премьер-министр Әли Асадовпен кездесулер өтті. Сауда-экономикалық ынтымақтастық, көлік-логистика саласындағы өзара іс-қимыл, мәдени-гуманитарлық байланыстарды дамыту мәселелері талқыланды

🔸Үкіметте Щучинск-Бурабай курорттық аймағы туризмін дамытудың 2029 жылға дейінгі жоспары бекітілді
📌 Подводим итоги прошедшей недели в воскресном дайджесте

🔸Заседание Правительства: рассмотрены вопросы финансирования реального сектора экономики
✔️Премьер-министр: Принцип «нулевой бюрократии» должен стать главным в работе госорганов
✔️30 тысяч проектов МСБ получат поддержку на 1,7 трлн тенге в Казахстане
✔️Олжас Бектенов о поддержке инвесторов: Не должно быть ситуаций, когда инициативы бизнеса медленно реализуются из-за неэффективного взаимодействия ведомств

🔸В Казахстане завершен ремонт пяти железнодорожных вокзалов – Экибастуза, Павлодара, Шымкента, Кызылорды и Туркестана

🔸Предварительные итоги расследования аварии на руднике «Жомарт»: комиссией установлена основная причина – скопление и выделение метана из горной выработки с последующим взрывом от искры электрооборудования

🔸Более 4 млрд тенге из возвращенных активов выделено на завершение строительства систем водоснабжения в Кызылординской области

🔸Олжас Бектенов провел заседание Совета по экономической политике: обсуждены подходы по обеспечению баланса между денежно-кредитной и фискальной политикой для повышения сбалансированности макроэкономической политики

🔸В Правительстве рассмотрены вопросы либерализации экономики и темпы приватизации

🔸Инвестиционное сотрудничество:
✔️Премьер-министр поручил в течение двух недель заключить Соглашение об инвестициях с компанией ESTA Construction о строительстве завода по выпуску удобрений стоимостью $1,3 млрд
✔️Олжас Бектенов обсудил с главой компании CAMCE Ли Хайсинем перспективы реализации инвестпроектов в городе Алатау
✔️Первый заместитель Премьер-министра РК Роман Скляр провел встречу с руководством China Gezhouba Group: обсужден проект строительства водовода от канала им. К.И. Сатпаева до города Астаны

🔸Руководитель Правительства провел встречу с региональным представителем FAO Виорелом Гуцу: рассмотрены перспективы сотрудничества в сфере АПК и водных ресурсов

🔸Международные отношения. Олжас Бектенов посетил Баку с официальным визитом: состоялись встречи с Президентом Азербайджанской Республики Ильхамом Алиевым и Премьер-министром Али Асадовым. Обсуждены вопросы торгово-экономического сотрудничества, взаимодействия в транспортно-логистической отрасли, развития культурно-гуманитарных связей

🔸Правительство утвердило план развития Щучинско-Боровской курортной зоны до 2029 г.
АҢДАТПА

📍Сейсенбі, 11 наурыз күні, сағат 10:00-де Үкімет үйінде Үкімет отырысы өтеді.

Күн тәртібі — ғылымды дамыту және цифрландыру.

📢📢 Үкімет отырысының тікелей таратылымы PrimeMinister.kz сайтынан, YouTube ресми арнасында, Facebook әлеуметтік желісінде, сондай-ақ UKIMET Telegram-каналында жүреді.

Үкімет отырысы қорытындысы бойынша ҚР ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің қатысуымен баспасөз конференциясы өтеді.

Баспасөз конференциясының тікелей таратылымы YouTube ресми арнасында және Facebook әлеуметтік желісінде жүреді.



АНОНС

📍Во вторник, 11 марта, в 10.00 часов в Үкімет үйі состоится заседание Правительства.

На повестке заседания вопрос
— развитие и цифровизация науки.

📢📢 Заседание Правительства будет транслироваться в режиме онлайн на сайте PrimeMinister.kz, официальном YouTube-канале, в социальной сети Facebook, на Telegram-канале UKIMET

По итогам заседания состоится пресс-конференция с участием министра науки и высшего образования РК Саясата Нурбека.

Онлайн-трансляция пресс-конференции будет на официальном YouTube-канале и в социальной сети Facebook.

📱 https://t.me/KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
UKIMET
АҢДАТПА 📍Сейсенбі, 11 наурыз күні, сағат 10:00-де Үкімет үйінде Үкімет отырысы өтеді. Күн тәртібі — ғылымды дамыту және цифрландыру. 📢📢 Үкімет отырысының тікелей таратылымы PrimeMinister.kz сайтынан, YouTube ресми арнасында, Facebook әлеуметтік желісінде…
📢📢 Қазақстан Үкіметінің отырысы (11.03.2025)

Күн тәртібі — ғылымды дамыту және цифрландыру.



📢📢 Заседание Правительства Казахстана (11.03.2025)

На повестке заседания вопрос — развитие и цифровизация науки.

🎞 https://www.youtube.com/watch?v=eH-4t1SIAxY

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Live stream started
Су тасқынына дайындық: ел аумағының 71%-ында қар жатыр

📌 Үкімет отырысында экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев ел аумағының 71%-ында қар жатқанын хабарлады.

🔘 Ол 11 наурыздағы жағдай бойынша қар астында жатқан аумақ 71%-ды құрайтынын, дегенмен бұл өткен аптаға қарағанда 15%-ға аз екенін атап өтті. Еліміздің оңтүстігінде: Қызылорда, Түркістан және Жамбыл облыстарында, батысында: Батыс Қазақстан, Атырау және Маңғыстау облыстарында қар еріп жатыр.
«Наурыз айында температура көтеріліп, жауын-шашын көп болса еріген қар суынан тау өзендерінде тасқын жүруі мүмкін. Орталық, солтүстік және шығыс аймақтарда қар қалың, наурыз айында жауын-шашын мөлшері айлық нормадан екі және одан да көп түседі деп күтіліп отыр. Мысалы, Астанада бірінші онкүндіктің өзінде айлық жауын-шашын мөлшері түсті»,

— деп атап өтті Ерлан Нысанбаев.



Подготовка к паводкам: 71% площади Казахстана покрыто снегом

📌 Министр экологии и природных ресурсов Ерлан Нысанбаев на заседании Правительства сообщил, что 71% площади страны покрыто снегом.

🔘 Он отметил, что по состоянию на 11 марта площадь страны покрытая снегом составляет 71 %, что меньше на 15 % чем на прошлой неделе. Таяние снега началось на юге страны в Кызылординской, Туркестанской и Жамбылской областях, на западе в Западно-Казахстанской, Атырауской и Мангистауской областях.

«В случае повышения температуры и сильных осадков в виде дождей в марте по горным рекам возможно прохождение высоких тало-дождевых паводков. В центральной, северной и восточной части страны снегонакопление продолжается, в марте ожидается две и более месячной нормы осадков. К примеру, в Астане в первой декаде уже выпала ежемесячная норма осадков»,

— подчеркнул Ерлан Нысанбаев.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Су тасқыны қаупі жоғары аймақтар аталды

📌 Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев Үкімет отырысында көктемгі кезеңге арналған ауа райы болжамының жаңартылған деректерін ұсынды.

🔘 Ол наурыз, сәуір айлары әдеттегіден жылы болады деп күтіліп отырғанын әрі еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын көп түсетінін атап өтті. Бұл көктемнің тез келуіне және су тасқыны қаупінің артуына ықпал етеді.

➤ Су тасқыны қаупі жоғары өңірлердің қатарында: Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстары және Ұлытау және Абай облыстары бар.
Қауіптілігі орташа өңірлер: Алматы, Жетісу, Жамбыл, Батыс Қазақстан және Атырау облыстары.

➤ Тасқын қаупі төмен өңірлер: Павлодар, Маңғыстау, Түркістан және Қызылорда облыстары.

«Биыл Қазгидромет алғаш рет әр облыс бойынша егжей-тегжейлі анықтамалар дайындады. Бұл анықтамаларда гидрологиялық бекеттер бойынша су деңгейінің және ағысының күтілетін ең жоғары мәндері, ағын көлемі және сондай-ақ қауіп аймағында орналасқан елді мекендерді көрсете отырып, болжамды басталу күндері көрсетіледі. Сондай-ақ өткен аптадан бастап Қазгидромет апта сайынғы гидрологиялық болжамдарды шығара бастады. Гидрометеорологиялық жағдай күрт өзгеретін болса «Қазгидромет» ескертулерді 2-3 тәулік бұрын хабарлайды»,

— деп атап өтті Ерлан Нысанбаев.



Названы регионы с высоким риском паводков

📌 Министр экологии и природных ресурсов Ерлан Нысанбаев на заседании Правительства представил обновленные данные прогноза погоды на весенний период.

🔘 Он отметил, что март и апрель ожидаются теплее, чем обычно и будут сопровождаться обильными осадками на большей части страны, что повышает вероятность дружной весны и риски паводков.

➤ В числе регионов с высоким риском возникновения паводков: Актюбинская, Костанайская, Карагандинская, Акмолинская, Северо-Казахстанская, Восточно-Казахстанская области и области Улытау и Абай.

➤ Регионы со средними рисками: Алматинская, Жетісу, Жамбылская, Западно-Казахстанская и Атырауская области.
Регионы с низкими рисками: Павлодарская, Мангистауская, Туркестанская и Кызылординская области.

«В текущем году впервые Казгидромет выпустил детализированные справки по каждой области отдельно, в них указываются максимальные уровни и расходы воды, объем стока по гидрологическим постам и предполагаемые даты наступления с указанием конкретных населенных пунктов находящихся в зоне риска. Также с прошлой недели Казгидромет приступил к выпуску еженедельных гидрологических прогнозов. В случае резких изменений гидрометеоусловий «Казгидромет» будет уведомлять штормовыми предупреждениями заблаговременно за 2-3 суток»,

— подчеркнул Ерлан Нысанбаев.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Су тасқыны кезеңінің басталуына да көп уақыт қалған жоқ — Олжас Бектенов бірқатар тапсырма берді

📌 Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаевтың алдағы су тасқыны кезеңі қарсаңында ауа райының болжамы туралы баяндамасын тыңдады.

«Су тасқыны кезеңінің басталуына да көп уақыт қалған жоқ. Әкімдер бұл мәселені ерекше бақылауға алуы қажет. Төтенше жағдай туралы халықты хабардар ететін барлық жүйенің тұрақты жұмысын қамтамасыз етіңіздер. Әлеуметтік желілер мен бұқаралық ақпарат құралдарында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту керек. Төтенше жағдайлар министрлігі су тасқынына толығымен дайын болуға тиіс. Сондай-ақ орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың жұмысын үйлестіруді қамтамасыз етсін»,

— деп атап өткен Олжас Бектенов жақын арада аталған мәселе бойынша республикалық жедел штабтың отырысын дайындауды тапсырды.



Мы приближаемся к активной фазе паводкового периода – Олжас Бектенов дал ряд поручений


📌 На заседании Правительства Премьер-министр Олжас Бектенов вне повестки заслушал доклад министра экологии и природных ресурсов Ерлана Нысанбаева об обновленном прогнозе погодной ситуации в регионах на фоне приближающегося паводкового периода и активного снеготаяния в ряде регионов.
«Мы приближаемся к активной фазе паводкового периода. Акимам взять вопросы паводка на особый контроль. Обеспечить безупречную работу всех систем оповещения населения. Надо активизировать информационно-разъяснительную работу в социальных сетях и масс-медиа. Министерству по чрезвычайным ситуациям обеспечить полную готовность к паводкам и координацию работы центральных и местных госорганов»,

– подчеркнул Олжас Бектенов и поручил в ближайшее время подготовить заседание республиканского оперативного штаба.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
СИМ: зерттеу нәтижесі бірыңғай уақыт белдеуінің халық өміріне теріс әсері жоқ екенін көрсетті

📌 Үкімет отырысында уақыт белдеуі мәселесіне назар аударылды. Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев бірыңғай уақыт белдеуіне көшудің халық денсаулығына әсеріне қатысты жүргізілген мониторинг нәтижелері туралы баяндады.

🔘 Ол Мәжілістің AMANAT фракциясындағы талқылау қорытындысы бойынша сарапшылар қоғамдастықты, медицина, нейроғылым, биофизика, генетика, астрофизика, физиология саласындағы ғылыми-зерттеу институттарын, барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары мен мүдделі тұлғаларды тарта отырып, бірыңғай уақыт белдеуіне көшудің халықтың денсаулығына, энергия тұтынуына және еңбек өнімділігіне әсеріне мониторинг жүргізілгенін атап өтті.

Жұмыс барысында деректерді зерттеу, сауалнама нәтижелері және бірыңғай уақыт белдеуіне ауысқанға дейінгі және кейінгі көрсеткіштерді салыстыруды қамтитын кешенді тәсіл қолданылды. Зерттеу жүргізу әдістемесі бірыңғай уақыт белдеуін енгізудің халық денсаулығына, энергия тұтынуға, еңбек тиімділігіне, оқушылардың үлгеріміне, жол-көлі оқиғалары деңгейіне, қылмысқа және басқа да аспектілерге әсерін бағалау бойынша 40-тан астам метрика мен көрсеткіштерді қамтиды.
«Денсаулық сақтау саласы бойынша 100 мың адамға есептелген қала және ауыл тұрғындарымен қатар түрлі жастағы азаматтар қамтылды. Энергия тұтыну бойынша электр энергиясын тұтыну статистикасын, оның ішінде ең жоғары жүктемелерді және бүкіл ел бойынша электр энергиясын тұтынуға салыстыру жүргізілді. Еңбек қызметі бойынша орындалған жұмыс көлемі, кешігу және сабаққа келмеу жағдайлары, жарақаттар мен тәртіп бұзу жағдайлары қамтылған. Нәтижелер бірыңғай уақыт белдеуіне көшудің халықтың тыныс-тіршілігінің негізгі көрсеткіштеріне теріс әсері жоқ екенін көрсетеді»,

— деп түсіндірді Арман Шаққалиев.

«Мемлекет басшысы Үкімет пен Парламентке аталған мәселені егжей-тегжейлі қарап, бірлесіп оңтайлы шешім қабылдауды тапсырғанын білесіздер. Министрдің баяндамасында айтылғандай, мониторинг бірыңғай уақыт белдеуін енгізу туралы қабылданған шешімнің теріс әсері жоқ екенін көрсетті»,

— деп атап өткен Олжас Бектенов Парламент Мәжілісімен бірлесіп, тиісті жұмысты ұйымдастыруды тапсырды.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
UKIMET
СИМ: зерттеу нәтижесі бірыңғай уақыт белдеуінің халық өміріне теріс әсері жоқ екенін көрсетті 📌 Үкімет отырысында уақыт белдеуі мәселесіне назар аударылды. Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев бірыңғай уақыт белдеуіне көшудің халық денсаулығына…
МТИ: Исследование показало отсутствие негативного воздействия единого часового пояса на жизнедеятельность населения

📌 На заседании Правительства внимание уделено вопросу часового пояса. Министр торговли и интеграции Арман Шаккалиев доложил о результатах проведенного мониторинга практического влияния перехода на единый часовой пояс на здоровье населения.

🔘 Он отметил, что по итогам обсуждения на фракции «AMANAT» Мажилиса был проведен мониторинг практического влияния перехода на единый часовой пояс на здоровье населения, энергопотребление и производительность труда с привлечением экспертного сообщества, научно-исследовательских институтов в области медицины, нейронауки, биофизики, генетики, астрофизики, физиологии, депутатов маслихатов всех уровней и заинтересованных лиц.

В ходе работ применялся комплексный подход, включающий изучение данных, результаты опросов и сравнение показателей до и после перехода на единый часовой пояс. Методология проведения исследований охватывает более 40 метрик и показателей по оценке воздействия введения единого часового пояса на здоровье населения, энергопотребление, трудовую эффективность, успеваемость учащихся, уровень ДТП, преступности и другие аспекты.
«По линии здравоохранения, были охвачены различные возрастные группы, а также городское и сельское населения, расчет на 100 тыс. человек. По энергопотреблению проведено сравнение статистики потребления электрической энергии, включая пиковые нагрузки и сопоставление потребления электроэнергии по стране. По трудовой деятельности охвачены объем выполненной работы, случаи опозданий и прогулов, количество травм и нарушения дисциплины. Результаты показывают отсутствие негативного воздействия перехода на единый часовой пояс на ключевые показатели жизнедеятельности населения»,

— пояснил Арман Шаккалиев.

«Как вы знаете, Глава государства поручил Правительству и Парламенту конструктивно рассмотреть данный вопрос и совместно принять взвешенное решение. Как отмечено в докладе министра, мониторинг показал отсутствие негативных эффектов от принятого решения о введении единого часового пояса»,

— отметил Олжас Бектенов и поручил организовать соответствующую работу совместно с Мажилисом Парламента.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
ШҚО-ның бірқатар аудандарында бірыңғай уақыт белдеуіне көшуге байланысты жұмыс кестесіне түзету енгізілді — СИМ

📌 Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев Үкімет отырысында өңірлерде мәслихат депутаттары жұмыс кестелерін түзету жолымен жұмыс уақытын оңтайландыру жөніндегі бастаманы қолдағанын хабарлады.

🔘 Ол бұл шаралар кәсіби және жеке өмір арасындағы тепе-теңдікті жақсартуға, сондай-ақ азаматтар үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталғанын атап өтті.
«Бүгінгі таңда ШҚО-ның бірқатар аудандарында (Қатонқарағай, Марқакөл, Үлкен Нарын, Зайсан, Тарбағатай, Самар, Күршім) жұмыс кестесі сағат 8:00-ден 17:30-ға дейін түзетіліп, тұрғындар тарапынан оң баға мен қолдау тапты. Қажет болған жағдайда осындай тәжірибені жергілікті атқарушы органдар басқа өңірлерде қолданатын болады»,

— деп атап өтті Арман Шаққалиев.

Мониторинг нәтижелері биылғы наурыз айының басында ҚР Парламенті Мәжілісінің «AMANAT» фракциясының қарауына енгізілгені атап өтілді.



В ряде районов ВКО проведена корректировка рабочего графика в связи с переходом на единый часовой пояс - МТИ

📌 Министр торговли и интеграции Арман Шаккалиев на заседании Правительства сообщил, что в регионах депутаты маслихатов поддержали инициативу по оптимизации рабочего времени, путем корректировки рабочих графиков.

🔘 Он отметил, что эти меры направлены на улучшение баланса между профессиональной и личной жизнью, а также на создание более комфортных условий для граждан.

«На сегодняшний день в ряде районов ВКО (Катон-Карагайский, Маркакольский, Улькен Нарынский, Зайсанский, Тарбагатайский, Самарский, Курчумский) успешно проведена корректировка рабочего графика с 8:00 до 17:30, которая получила положительную оценку и поддержку со стороны жителей. При необходимости, указанный опыт будет применяться в других регионах местными исполнительными органами»,

— подчеркнул Арман Шаккалиев.

Отмечено, что результаты мониторинга в начале марта текущего года были введены во фракцию «AMANAT» Мажилиса Парламента РК.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM