UKIMET
18.6K subscribers
10.8K photos
1.83K videos
8.27K links
ҚР Үкіметінің ресми Telegram-каналы/ Официальный Telegram-канал Правительства РК

🌐 Сайт https://primeminister.kz/kz
🔗 Instagram https://instagram.com/primeministerkz
🔗 Facebook https://www.facebook.com/Primeminister.Kaz
🔗 https://t.me/ukimet_points
Download Telegram
Шымкент кәсіпкерлері ұсынылып отырған салық реформаларын талқылады

📌 Шымкент қаласының Кәсіпкерлер палатасында бизнес өкілдері ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Құдайбергеновпен кездесті. Жиында алдағы салық реформалары, соның ішінде ҚҚС мөлшерлемесін арттыру мәселелері талқыланды. Басқосуға әкімдіктің, мемлекеттік кірістер департаментінің өкілдері және мәслихат депутаттары қатысты.

🔘 Кездесу барысында кәсіпкерлердің салалық кеңестерінің өкілдері бизнес атынан сұрақтар қойып, ұсыныстарын жеткізді.

Атап айтқанда, Шымкент қаласы ӨКП Өңірлік кеңесінің мүшесі, «Керемет-Оңтүстік «бөбекжай бағы» ЖШС басшысы Диана Қараманова әлеуметтік мекемелерді ҚҚС-тан босатуды немесе қызметтердің қолжетімді болуы үшін салықтық жеңілдіктер беруді ұсынды.

➡️ Қорытындылай келе, вице-министр Бауыржан Құдайбергенов барлық ұсыныс жинақталып, сарапталып, жұмыс барысында ескерілетініне сендірді.

🌐 Толығырақ primeminister.kz сайтында.



Предлагаемые налоговые реформы обсуждены с предпринимателями Шымкента

📌 В Палате предпринимателей города Шымкент состоялась встреча представителей бизнеса с вице-министром национальной экономики Бауыржаном Кудайбергеновым. Основной темой обсуждения стали предстоящие налоговые реформы. Во встрече также приняли участие представители акимата, департамента госдоходов и депутаты маслихата.

🔘 В ходе встречи представители отраслевых советов предпринимателей выступили с вопросами и предложениями от лица бизнеса.

В частности, член Регионального совета РПП г. Шымкент, руководитель ТОО «Ясли сад «Керемет-Оңтүстік» Диана Караманова предложила освободить соцучреждения от НДС или предоставить налоговые льготы, чтобы услуги оставались доступными.

➡️ Подытоживая, вице-министр Бауыржан Кудайбергенов заверил, что все предложения будут собраны, проанализированы и учтены в работе.

🌐 Подробнее на сайте primeminister.kz

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Ақмола кәсіпкерлері қаржы вице-министрімен кездесуде салық реформаларын талқылады

📌 Қаржы вице-министрі Дәурен Темірбеков Өңірлік кәсіпкерлер палатасының алаңында Ақмола облысының бизнес-қоғамдастық өкілдерімен кездесті. Жиында салық реформалары, оның ішінде ҚҚС мөлшерлемесін арттыру мәселесі талқыланды.

🔘 Кездесу барысында салалық қауымдастық өкілдері салық заңнамасына ұсынылатын өзгерістерге қатысты өз пікірін білдірді.
«Салықты көтеруден басқа, бюджет шығыстарының құрылымын сыни тұрғыдан қайта қарау маңызды. Өткен жылы енгізілген қатаң бюджеттік ережелердің сақталуына бақылауды күшейту қажет, ел экономикасының ішінде резервтерді іздеу қажет. Еңбекақы төлеу қорына салық жүктемесінің 10%-ға төмендеуі ҚҚС мөлшерлемесін көтеру есебінен өтемақымен қатар жүрмеуі тиіс, ол дербес салық реформасы болуы керек»,

— деп есептейді Ақмола облысы Туристік қауымдастығының басшысы, туризм және экология салалық кеңесінің төрағасы Қайрат Сұлтанов.

Өз кезегінде вице-министр Дәурен Темірбеков келіп түскен барлық ұсыныс мұқият қаралып, талданып, әрі қарайғы жұмыста ескерілетінін атап өтті.

🌐 Толығырақ primeminister.kz сайтында.



Акмолинские бизнесмены обсудили налоговые реформы на встрече с вице-министром финансов

📌 На площадке Региональной палаты предпринимателей прошла встреча вице-министра финансов Даурена Темирбекова с бизнес-сообществом Акмолинской области. Главная цель – обсуждение налоговых реформ.

🔘 В ходе встречи представители отраслевых ассоциаций выразили свое мнение касательно предлагаемых изменений в налоговое законодательство.
«Помимо повышения налогов, важно критически пересмотреть структуру бюджетных расходов. Необходимо усилить контроль за соблюдением жестких бюджетных правил, введенных в прошлом году, нужно искать резервы внутри самой экономики страны. Снижение налоговой нагрузки на ФОТ на 10% не должно сопровождаться компенсированием за счет повышения ставки НДС, оно должно быть самостоятельной налоговой реформой»,

— считает глава Туристской ассоциации Акмолинской области, председатель отраслевого совета туризма и экологии Кайрат Султанов.

В свою очередь, вице-министр Даурен Темирбеков отметил, что все поступившие предложения будут внимательно рассмотрены, проанализированы и учтены в дальнейшей работе.

🌐 Подробнее на сайте primeminister.kz

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Олжас Бектенов сарапшылармен бірге салық реформасы және цифрландыру арқылы салықтық әкімшілендіру мәселесін талқылады

📌 Премьер-министр Олжас Бектенов сарапшылармен және бизнес өкілдерімен салық реформасы мәселелерін талқылады.

Премьер-министр Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру аясында ұсынылған шаралар жұртшылықпен, әсіресе бизнес өкілдері және сарапшылармен белсенді түрде кеңінен талқыланып жатқанын атап өтті. Ұлттық экономика, қаржы вице-министрлері бастаған жұмыс топтары барлық өңірдегі бизнес-қауымдастықтармен кездесіп, талдау және өңдеу үшін ұсыныстар жинады.

🔷 Ұлттық экономика министрлігі фискалды реформаның негізгі тәсілдерін қысқаша таныстырды. Сараланған ҚҚС және есепке қою шегін төмендету Ұлттық қорға тәуелділікті азайтып, инфрақұрылымды дамытуға қосымша қаражат жұмсауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар арнайы салық режимдерінің санын 364 қызмет түрінен 40-қа дейін қысқарту ұсынылады. Бүгінгі таңда Қазақстандағы кірістер деңгейі шамамен 18%-ды құрайтыны, бұл түсімдер бойынша ЖІӨ үлесі екені атап өтілді. Басқа елдермен салыстыратын болсақ, Ресейде бұл көрсеткіш – 42%, дамыған елдерде – 50%-дан астам. Осылайша, мемлекеттік бағдарламаларды қаржыландыру үшін айтарлықтай бюджеттік ресурстардың тапшылығы байқалады. Реформалар болмаған жағдайда, ҚР ҰЭМ деректеріне сәйкес, Ұлттық қор оны пайдаланудың ағымдағы серпінін ескере отырып, 2035-2036 жылдарға қарай ең төменгі деңгейге дейін сарқылады.
«Әкімшілікке қатысты көптеген сұрақтар туындайды. Біз де бір жерде тұрмаймыз, жұмыс істейміз. Белгілі бір жетістіктер бар. Бюджеттің кіріс бөлігі бойынша да белсенді жұмыс істеп жатырмыз. Қаңтар айында біз мемлекеттік бюджет кірісі бойынша 136% өсу қарқынын орындадық. Мұның барлығы мемлекеттік кірістер саласындағы жұмыс пен цифрландырудың нәтижесі»,

— деп атап өтті Олжас Бектенов.

🔘 Үкімет тиімділікті арттыратын және бизнес пен мемлекет арасындағы өзара әрекеттесуді жеңілдететін бірыңғай цифрлық экожүйені құру бойынша жұмыс жүргізуде. Жасанды интеллект және автоматтандырылған деректерді талдау енгізілуде, бұл әкімшілік жүктемені азайтады және ашықтықты арттырады. Салықтық әкімшілендірудің тиімділігін арттыру үшін деректерді өңдеу технологиялары белсенді түрде енгізілуде.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
UKIMET
Олжас Бектенов сарапшылармен бірге салық реформасы және цифрландыру арқылы салықтық әкімшілендіру мәселесін талқылады 📌 Премьер-министр Олжас Бектенов сарапшылармен және бизнес өкілдерімен салық реформасы мәселелерін талқылады. Премьер-министр Мемлекет…
📌 Кездесуге қатысушыларға Қаржы министрлігінің үлкен деректерді талдау жүйесі ұсынылды, онда 55 мемлекеттік деректер базасы жүктелді, жыл соңына дейін олардың саны 100-ге дейін артады. Осы ақпарат негізінде салық төлеушілердің цифрлық профильдері қалыптасады. Қазіргі уақытта 569 мың заңды тұлғаның және 1,8 млн-нан астам жеке кәсіпкерлердің профилі жасалды. Цифрландырудың арқасында салық төлеушіге толық мәліметтерді, соның ішінде еңбекақы қорын, уақытша жұмысшылар санын, салық салу нысандарыні, жылжымайтын мүлік, көлік құралдары және басқа да мәліметтерді алуға болады.

🔷 Қаржы министрлігінің басшылығы енгізіліп жатқан цифрлық шешімдер мен олардың тиімділігіне баса назар аудара отырып, Мемлекеттік кірістер комитеті жанындағы әзірлемелермен таныстырды. Осылайша, тәуекелі жоғары салық төлеушілердің электронды шот-фактура (ЭШФ) жүйесінде биометриялық сәйкестендіру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бүгінгі таңда Тemu, Pinduoduo және Alibaba Group сияқты 101 онлайн сауда платформасы салықтық есепке алынды. Олар Қазақстан жеке тұлғаларына электронды түрде тауар саудасымен айналысатын және электронды нысанда қызметтер көрсететін шетелдік компанияларға 75 млрд теңге ҚҚС немесе салық төледі.

🔘 Салық реформасы аясында жалған мәмілелерді жою мақсатында ЖШС-лар мен ЖК-лерді тіркеуге бақылауды күшейту ұсынылып отыр. Face ID арқылы кәсіпкерлерді сәйкестендіру шаралары қарастырылуда. Сонымен қатар жалған тұлғалардың атына тіркелу қаупін азайту үшін ақпарат тексерілетін болады. 2024 жылы 1 мыңнан астам осындай компания анықталды. Тағы бір бастама – құрылтайшының кәсіпорындары жұмыс істемесе, салық берешегі болса немесе елеулі салықтық бұзушылықтарға жол берген жағдайда жаңа компанияларды тіркеуге тыйым салу.

Қаржы секторын цифрландырудың жеке құралы – бақылау-кассалық машиналар болып саналады. 2024 жылы кассалық машиналардың 39%-ы (453 мың бірлік) түбіртек басып шығармаған. Бұл бағытта бірқатар шаралар әзірленуде.

🔘 Түрлі интернет-платформаларда жұмыс істейтін азаматтар санының өсуін ескере отырып, салықтық әкімшілендірудің маңызды қадамы платформалық жұмыспен қамтуды реттеу болды.

Мысалы, «Яндекс такси» платформалық жұмыспен қамту бойынша салықтық әкімшілендірудің пилоттық жобасы аясында 2024 жылдың қыркүйегінен бастап жүргізушілер үшін 378 млн теңге көлеміндегі жеке табыс салығын, сондай-ақ 1 млрд теңгеге жуық әлеуметтік төлемдер аударылды. Жеке кәсіпкер ретінде 50 мың такси жүргізушісі тіркелді Осылайша, Яндекс салықтар бюджетке қосымша процедуралық мәселелермен ауыртпалықсыз тікелей төленеді. Биылғы бірінші тоқсанның соңына дейін Қаржы министрлігі жобаның қолданысын 30-дан астам платформаға кеңейтуді жоспарлап отыр.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
UKIMET
📌 Кездесуге қатысушыларға Қаржы министрлігінің үлкен деректерді талдау жүйесі ұсынылды, онда 55 мемлекеттік деректер базасы жүктелді, жыл соңына дейін олардың саны 100-ге дейін артады. Осы ақпарат негізінде салық төлеушілердің цифрлық профильдері қалыптасады.…
📌 Кездесу барысында сарапшылар ұсынылған реформалардың қолданыстағы жобасы бойынша белсенді пікір білдірді.

🔻 «Қазақстан халқына» қоғамдық әлеуметтік қорының бұрынғы төрағасы, экономика ғылымдарының кандидаты Болат Жәмішев ҚҚС мөлшерлемесін 15 млн-ға төмендетуді қолдады.
«Менің ойымша, 15 млн төменгі шек нақты сақталуы керек. Әрине, бұл шегті көтеруге міндетті түрде қысым болады. Бұл қызыл жолақ, өйткені ол бизнесті бөлшектей бастайды. Салық мөлшерлемелері көтерілген кезде бөлшектену үшін көбірек ынталандыру бар»,

— деді Болат Жәмішев.
Бұл ретте бизнестің бухгалтерлік қызметтерді әкімшілендіруде қиындықтар туындауы мүмкін екенін атап өтті. Осыған байланысты процесті білмеу салдарынан реформалар енгізілген кезде болуы мүмкін бұзушылықтарға қосымша көзқарастарды қарастыру ұсынылды.

🔻 Тәуелсіз директор, «Алматы» ӘКК» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі Абай Сарқұлов бюджет тапшылығын қысқарту үшін реформалардың пайдасына Ұлттық қордан жаражат алудан бас тарту ұсынылатынын атап өтті.
«Қолданыстағы салық заңнамасының бір жақсы жағын атап өткім келеді. Салықтар өте кәсіби түрде жиналады. Бұл – цифрландырудың арқасы. Екінші бір жақсы жағы – бюджет алдындағы берешекті өндіріп алудың пәрменді шаралары бар.
Реформаның өзіне қатысты міндет түсінікті: бюджет тапшылығы бар, әлеуметтік саладағы шығындар жыл сайын артып келеді. Өңірлерде бюджеттердің 80%-ы қалыптасты – бұл әлеуметтік бағыт, 15-20%-ы дамуға жұмсалады, бұл өте аз, сондай-ақ сыртқы қарыздарға қызмет көрсету бойынша міндеттемелер де бар. Бюджет тапшылығын қысқарту өте қажет, оны кешенді түрде іске асыру қажет»,

— деді Абай Сарқұлов.

Сарапшы кеден қызметінің фискалды функциясын іске асыру, шетелден инвестициялар тарту бойынша ұлттық компаниялардың жұмысын күшейту, геологиялық барлау саласын дамыту, мемлекеттік сатып алу шеңберінде жұмысты жетілдіру және басқа да мәселе төңірегінде бірқатар ұсыныс айтты.

🔻 «Қазақстанның желдеткіш құрылғыларын өндірушілер одағы» заңды тұлғалар бірлестігінің басшысы Марат Баққұлов өз сөзінде кәсіпорын басшылығы тарапынан бизнес жұмысын әкімшілендіруге тоқталды.
«Ешқандай кәсіпкер салықты көтеруді “жақтаймын” деп айтпайды, бұл түсінікті. Бірақ адал әрі ашық жұмыс істейтіндер, біздер салықты барлығы төлеуі керек деп айтамыз. Яғни, салық көлемі төмендетілетін жекелеген санаттар болмауы керек, өйткені бұл қашан да «сұр» схемаға айналады»,

— деді Марат Баккулов жалақы жүйесін «сұр» жүйеге әдейі көшіру әдісі туралы.

🔷 «Kazfoodproducts» холдинг компаниясы» ЖШС Қадағалау кеңесінің төрағасы Ерік Балапанов Үкіметтің агроөнеркәсіп кешеніне нөлдік мөлшерлеме енгізу идеясын қолдады. Оның айтуынша, бұл қазақстандық ауыл шаруашылығы өнімдерінің нарықтағы бәсекеге қабілеттілігі мен қолжетімділігін арттырады.

Қарағанды ​​халықаралық «Сарыарқа» әуежайының иесі Ерлан Оспанов дамыған елдерде салықтан жалтару қылмыс екенін айтты. Сондықтан бизнестің бөлшектенуі қоғамдық сынмен қатар жүреді. Бұл ретте сарапшы кәсіпкерлік операциялардың заңдылығын сақтауды қамтамасыз ету құралы ретінде салықтық әкімшілендіруді цифрландырудың және тексерулерді кезең-кезеңмен азайтудың маңызын атап өтті. Өз кезегінде кәсіпкерлер де адал жұмыс істеуі керек.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
UKIMET
📌 Кездесу барысында сарапшылар ұсынылған реформалардың қолданыстағы жобасы бойынша белсенді пікір білдірді. 🔻 «Қазақстан халқына» қоғамдық әлеуметтік қорының бұрынғы төрағасы, экономика ғылымдарының кандидаты Болат Жәмішев ҚҚС мөлшерлемесін 15 млн-ға төмендетуді…
🔷 Кәсіпкер ҚҚС мәселесіне қатысты егер ҚҚС жүйесінде кәсіпкерлер «жасырын» немесе «көлеңкедегі» субъектілерімен тізбекте жұмыс істегенде, адал компанияларға қиындықтар туындайтынын атап өтті.

KS Partners компаниясының тең құрылтайшысы, ERG макроэкономикалық сарапшысы Данияр Қуаншалиев Үкіметтің салықты көтеруге деген көзқарасымен келіскенімен, өзгерістерді байыпты түрде қарастыру туралы ұсынысын білдірді.

«DAMU DEVELOPMENT GROUP» ЖШС құрылтайшысы Абзал Сағымбаев реформаның құрылыс нарығына қалай әсер ететіні туралы өз көзқарасын бөлісті. Осы мәселе бойынша ҚР ҰЭМ-де бөлек отырыс өткізу туралы шешім қабылданды.

«Экономикалық зерттеулер институты» АҚ басқарма төрайымы Әсел Сәрсенбаева экономикадағы, оның ішінде салық реформасындағы теңгерімсіздіктерді жою қажеттігі туралы баяндады. Үкіметтің қазіргі ұсынысы ҚҚС-ты механикалық көтеруді білдірмейді, бұл салық ауыртпалығын әділ бөлуге қатысты ұсыныстар. Макроэкономикалық тұрғыдан алғанда, бұл орта мерзімді перспективада инфляцияның төмендеуіне әкелуі мүмкін ақша-несие және фискалдық саясат арасындағы теңгерімсіздікті жою туралы.

«Zertteu Research Institute» коммерциялық емес ұйымының тең құрылтайшысы және атқарушы директоры Шолпан Әйтенова кіріс бөлігін ғана емес, шығыс бөлігін де реттеу және оның тиімділігін арттыру мәселелеріне тоқталды. Атап айтқанда, функциялары цифрлық шешімдермен алмастырылуы мүмкін органдар санын қысқарту ұсынылды.

Өз кезегінде «NAC Analytica (NU)» қоры талдау орталығының басқарма төрағасы Расул Рысмамбетов мемлекеттік бюджетті толықтырудың негізгі бағыты тауарлардың заңсыз қозғалысына бақылауды күшейту және экономикадағы көлеңкелі схемаларды жою екенін атап өтті. Сонымен қатар салықтық міндеттемелерді барынша азайту мақсатында бизнесті бөлшектеу схемаларын теріс пайдалану жағдайларын жария ету салық тәртібін қамтамасыз етудің тиімді тетігі бола алады. Қаржы министрлігіне бұл мәселені жан-жақты зерделеу тапсырылды.
Сонымен қатар салық міндеттемелерін азайту мақсатында бизнесті бөлу схемаларын теріс пайдалану жағдайларын жария түрде жариялау салық тәртібін қамтамасыз етудің тиімді тетігі бола алады. Қаржы министрлігіне осы мәселені егжей-тегжейлі пысықтау тапсырылды.

🔘 Сарапшылар айтқан барлық мәселелер бойынша тиісті түсініктемелер берілді.

🔵 Вице-премьер – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин табысы 15 млн теңгеге дейінгі кәсіпкерлердің 80%-ы микро және шағын бизнес санатына жататынын атап өтті. Қазақстанда табысы 39 млн-нан 78 млн теңгеге дейінгі бизнес 20-30 компанияны тіркей отырып, неғұрлым тиімді салық санатында қалу үшін бөлшектеу схемасын жиі пайдаланады. Мысалы, мұндай көрініс құрылыс индустриясында байқалады. Осылайша, ірі және орта бизнес салықтан жалтарып, шағын және орта сегментке кетеді. Сайып келгенде, кәсіпкерлер саны өседі, бірақ бизнестің ЖІӨ-ге қосқан үлесі көбеймейді.

Премьер-министр айтылған ұсыныстарға түсіндірме бере отырып, шығындарды қысқарту мәселесі де маңызды бағыт болып саналатынын атап өтті. Қазіргі уақытта Үкімет қайталанатын және өзге де басым емес функцияларды қысқарту жөніндегі шешімдер пакетін пысықтауда. Бұл шешімдер жұртшылыққа да айтылатын болады. Сонымен қатар шығыстарды қысқартудың рұқсат етілген көлемі бюджеттегі бар теңгерімсіздікті өтемейді және тозған инфрақұрылыммен проблемаларды шешуге және орнықты экономиканы дамыту жөніндегі мақсаттарды іске асыруға мүмкіндік бермейді.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM