UKIMET
18.5K subscribers
10.8K photos
1.83K videos
8.27K links
ҚР Үкіметінің ресми Telegram-каналы/ Официальный Telegram-канал Правительства РК

🌐 Сайт https://primeminister.kz/kz
🔗 Instagram https://instagram.com/primeministerkz
🔗 Facebook https://www.facebook.com/Primeminister.Kaz
🔗 https://t.me/ukimet_points
Download Telegram
UKIMET
📌 Генеральный директор АО «Завод им. С.М. Кирова» Алмас Нурмагамбетов в своей речи отметил результаты принятых Правительством мер по поддержке отечественных товаропроизводителей. Так, заводом был заключен 5-летний контракт с КТЖ, что является серьезным основанием…
📌 Премьер-министр поручил МНЭ РК совместно с соответствующими государственными организациями детально изучить предложение, т.к. данное направление в стране развивается медленными темпами.

🔘 В свою очередь индивидуальный предприниматель в области легкой промышленности Алия Башеева подняла тему налогообложения импортного сырья. Озвучен важный вопрос о лжепредприятиях, которые под видом собственной продукции продают товары, закупленные за рубежом в готовом виде.
«Я считаю, что легкая промышленность – это промышленность, которая жизненно важна для нашей страны. Если мы будем все покупать за рубежом, то это не делает нам чести»,

— заявила Алия Башеева.
«По поводу лжепроизводителей – это серьезная беда у нас в стране, когда под видом производства на самом деле происходит импорт: клеится лейбл, что “произведено в Казахстане” и получают все привилегии как для казахстанского товара. Мы как раз сейчас в этом направлении работаем. Законопроект находится в Парламенте. Я думаю, что с его принятием, мы в значительной степени эту проблему решим»,

— ответил на вопрос Олжас Бектенов.

Данный вопрос также будет дополнительно проработан ответственными министерствами.

🔘 В завершение встречи выступил директор коммандитного товарищества «Зенченко и К» Геннадий Зенченко.
«Что касается налогообложения, мы сегодня услышали. Сколько у нас разных подводных течений, сколько у нас сегодня дворовых этих магазинов, ИП, крестьянских хозяйств, которые пытаются любыми судьбами от налогов уйти, мы об этом великолепно знаем. Но мы же уже сегодня видим, мы еще только о Налоговом кодексе заговорили, а цены уже пошли. Это же не просто слова, как говорят, кого-то пугают. Но люди уже готовятся. Они, может быть, и правы, потому что завтра они понимают, за это спросят. Поэтому нам надо оперативно подойти, меньше обсуждений, конкретика должна быть, руководитель – бухгалтеру: “Нас устраивает? Устраивает. Работай”. Наш регион всегда был в авангардах. Поэтому всегда можете на нас понадеяться. С разумом мы сделаем все для того, чтобы сегодня наше государство было богатое, а народ был счастливым»,

— заявил Геннадий Зенченко.

Итоги обсуждения подвел модератор встречи.
«Бизнес высказал свои опасения, бизнес высказал свои предложения. Мы видим, что практически все отрасли, без исключения, хотят дифференцированную ставку. Это очевидно от каждого любого бизнеса, поэтому, конечно, это сложная задача. Тут надо очень внимательно думать.
Мы сейчас ведем серьезнейшую большую работу со всеми регионами в рамках рабочей группы - Национальная палата совместно с министерствами экономики, финансов. Мы сейчас не просто предложения собираем, не просто эмоции, самое главное – расчеты. Вот эти вот расчеты мы сейчас с Институтом экономики, с Министерством экономики их делаем. Думаю, что в последние неделю-две мы уже все обобщим»,

— сказал Раимбек Баталов.

🔻 Премьер-министр поблагодарил всех участников за конструктивный диалог.
«Нам поступает очень много предложений, вариантов решения тех или иных вопросов. Все они будут учтены. Мы на следующей неделе уже должны зайти в парламент с нашим вариантом изменений в Налоговый кодекс, и дальше дискуссия продолжится уже на площадке Мажилиса. Я думаю, там и бизнес-сообщество примет самое активное участие. В наших интересах, как Правительства, в том, чтобы мы приняли в конечном итоге выверенное, сбалансированное решение, которое никого не загонит в тень, не передавит налоговым бременем, а даст бизнесу развиваться, при этом предоставив определенную финансовую ликвидность государству»,

— резюмировал Олжас Бектенов.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
UKIMET
Олжас Бектенов обсудил с предпринимателями СКО налоговую реформу и ответил на актуальные вопросы 📌 В Петропавловске на встрече Премьер-министра Олжаса Бектенова с бизнес-сообществом участвовали около 60 представителей различных отраслей предпринимательства…
Олжас Бектенов СҚО кәсіпкерлерімен салық реформасын талқылап, өзекті сұрақтарға жауап берді

📌 Петропавлда өткен Премьер-министр Олжас Бектеновтің бизнес қоғамдастықпен кездесуіне кәсіпкерліктің әртүрлі салаларының 60-қа жуық өкілі, соның ішінде ірі ауыл шаруашылығы өндірушілері мен өнеркәсіптік кәсіпорындардың басшылары, сондай-ақ ШОБ, микробизнес және жеке кәсіпкерлік өкілдері қатысты.

Отырысты ашқан Олжас Бектенов басқосудың басты мақсаты салық-бюджет реформасына қатысты тәсілдерді жан-жақты талқылау, сондай-ақ қоғамда пікірталас тудырып отырған сұрақтарға жауап беру екенін айтты.
🔻 Үкімет басшысы салық жүйесіндегі кез келген өзгерістердің, ең алдымен бизнеске қатысы барын, алайда мемлекет тұрақты инвестициялық ахуалды қамтамасыз етуге мүдделі екенін жеткізді.
«Қазіргі уақытта бюджеттің кіріс бөлігін ұлғайту бағытында жұмыс істеу қажет. Осыған дейін даму бюджетінің деңгейі төмен болды. Салық мөлшерлемелерін төмендету және көптеген жеңілдіктерді енгізу туралы бұрын қабылданған шешімдер мемлекеттік шығыстардың кірістерден айтарлықтай асып түсетін бюджеттің теңгерімсіздігіне әкелді»,

— деп атап өтті Олжас Бектенов.
➡️ Бюджетті теңдестірудің сценарийлері шектеулі. Оның бір нұсқасы – Ұлттық қорды тапшылықты жабуға пайдалану, бірақ бұл тәсіл оның тез түгесілуіне алып келеді. Балама жол – әлеуметтік шығыстарды қысқарту, олар мемлекеттік бюджеттің 60%-ын құрайды. Дегенмен, Премьер-министр атап өткендей, Қазақстан әлеуметтік мемлекет және өз міндеттемелерін орындайтын болады.
«Оңтайлы нұсқа – бюджеттің кіріс бөлігімен жұмыс істеу, яғни салық мөлшерлемелерін түзету және салық режимдерін қайта қарау»,

— деген Олжас Бектенов Үкімет осы тәсілді ұстанатынын атап өтті. Алдағы өзгерістер теңгерімді бюджетке қол жеткізіп, елдің экономикалық тұрақтылығын нығайтады деп күтілуде.
🔻 Үкімет жетекшісі қаражаттың экономикаға қайта құйылатынын, бизнесті қолдауға және инфрақұрылымды дамытуға бағытталатынын атап өтті. Олар мемлекеттік аппаратты кеңейтуге бағытталмайды.
«Біздің міндетіміз – бизнес пен экономиканың тұрақты өсуі үшін жағдай жасау. Бюджеттің қосымша кірістері бизнестің өзі ұсынатын жобаларды қаржыландыруға жұмсалады. Заманауи инфрақұрылымсыз, энергия көздері, жылу және электр желілерінсіз бизнес дамымайды. Энергия көздерінің тапшылығы көбінесе жаңа жобаларды іске асыруға кедергі болады»,

— деді Олжас Бектенов.
🔘 Ұлттық экономика вице-министрі Азамат Әмрин кездесуге қатысушыларға салық және бюджет реформасы туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Атап айтқанда, сараланған ҚҚС мөлшерлемесі: 16% - базалық, 10% - жекелеген салалар үшін және 0% - АӨК үшін, сондай-ақ бірқатар арнайы салық режимдерін реформалау және ҚҚС бойынша есепке алу шегін төмендету туралы хабардар етті.

Бизнес өкілдерімен кездесу сұрақ-жауап форматында өтті. Сөз сөйлеушілер жоспарланған реформаларды ескере отырып, салаларды одан әрі дамытуға қатысты тақырыптарды көтерді. Модератор «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы Төралқасының төрағасы Райымбек Баталов болды.

🔘 Мәселен, «Солтүстік құс фабрикасы» ЖШС бас директоры, СҚО кәсіпкерлер палатасы өңірлік кеңесінің төрағасы Сергей Домаев ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының қызметін салықтық реттеу мәселелерін қозғады.
«Өндіріс құралдарын негізгі жеткізушілер қосылған құн салығын төлеушілер болып табылады. Қосылған құн салығынан босату, егер бұл шара өндірушіден соңғы тұтынушыға дейінгі бүкіл тізбек бойынша қолданылса және кәсіпкерлік субъектісіне емес, тауарлар номенклатуралық тобына қолданылса ғана оң әсер етеді. Бұл жерде бұл мәселені жан-жақты қарастыру маңызды»,

— деді Сергей Домаев.
📌 Премьер-министр ҚР ҰЭМ-не аталған ұсынысты жан-жақты пысықтауды және ауыл шаруашылығы өнімін, сондай-ақ ӘМАТ тауарларын салықтық әкімшілендіру мәселелерін ескеруді тапсырды.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
UKIMET
Олжас Бектенов СҚО кәсіпкерлерімен салық реформасын талқылап, өзекті сұрақтарға жауап берді 📌 Петропавлда өткен Премьер-министр Олжас Бектеновтің бизнес қоғамдастықпен кездесуіне кәсіпкерліктің әртүрлі салаларының 60-қа жуық өкілі, соның ішінде ірі…
📌 «С.М. Киров атындағы зауыт» АҚ бас директоры Алмас Нұрмағамбетов өз сөзінде отандық тауар өндірушілерді қолдау бойынша Үкімет қабылдаған шаралардың нәтижелерін атап өтті. Осылайша, зауыт ҚТЖ-мен 5 жылға арналған келісімшарт жасасты, бұл сапаны одан әрі жақсартуға және өндіріс айналымдарын ұлғайтуға маңызды негіз болып табылады.

➡️ Алмас Нұрмағамбетов салық реформасына қатысты өнеркәсіп саласындағы отандық тауар өндірушілер үшін 10% мөлшерінде аралық мөлшерлемені белгілеу туралы ұсыныс айтты.

🔻 Премьер-министр өз сөзінде жаңа Салық кодексінің жобасында қосылған құны жоғары өнім өндіруді ынталандыруға бағытталған бірқатар шаралар бар екенін атап өтті. Қолдаудың негізгі құралдарының бірі өңдеу өндірістері, оның ішінде электрондық және өнеркәсіптік өнімдер үшін корпоративтік табыс салығының (КТС) мөлшерлемесін төмендету болып саналады.
«Мемлекет негізгі бағыттарды белгілеп, басымдықтарды айқындайды: дайын өнімнің жаңа түрлерін терең өңдеумен және игерумен айналысатын кәсіпорындар салықтық жеңілдіктерге ие болады. Сонымен бірге шикізат экспортына және қайта өңдеуі төмен өнім шығаруға аса жоғары салық салынатын болады»,

— деп түсіндірді Олжас Бектенов.

🔵 Жалпы, Үкімет отандық тауар өндірушілерді қолдау шараларымен белсенді жұмыс істеуде.

«Біз мемлекеттік сатып алулар мен квазимемлекеттік сектордағы сатып алулар кезінде отандық өндірісті қорғау мәселесінде айтарлықтай ілгеріледік. Тек қазақстандық өндірушілерден сатып алынуға тиіс тауарлардың тізімі үш есеге ұлғайтылды»,

— деді Премьер-министр.

Бұдан басқа, мемлекет қазақстандық кәсіпорындар үшін ұзақ мерзімді тапсырыстарды қамтамасыз ететін офтейк-келісімшарттар жүйесін енгізуде. «Самұрық-Қазына», «Бәйтерек» және басқа да қорларға кіретін барлық ұлттық компаниялар отандық өндірушілерден сатып алу үлесін арттыруға міндетті.

«Бұл ұлттық өндірісті дамытуға және қазақстандық кәсіпорындардың ұстанымын нығайтуға мүмкіндік беретін мемлекеттік қолдаудың маңызды шарасы»,

— деп түйіндеді Премьер-министр.

Шағын және орта бизнес өкілдері атынан «Атамекен» ҰКП жанындағы Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Әсел Есжанова сөз сөйледі. Ол кәсібін жаңа бастаған кәсіпкерлер мен әйелдер бизнесін, әсіресе ауылдық жерлерде көптеген бизнес субъектілерінің жабылу қаупі туралы мәселе көтерді.

🔻
Премьер-министр 4 пайыздық бөлшек сауда салығы мәселесін түсіндірді, ол әрі қарай қолданылады. Мысалы, үй маңындағы дүкендерге 16% ҚҚС салынбайды, олар бөлшек сауда салығын төлеуді жалғастырады; ҚР Ұлттық экономика министрлігінің деректеріне сәйкес, бөлшек сауда салығы бойынша В2С базалық мөлшерлеме 4%-ды құрайды. Бөлшек сауда режимі өз атауына сәйкес болуы керек.

«Бөлшек салық, бөлшек сауда түріне салынатын салық, кез келген дүкен үшін, міне, бұл сіз атаған мысалдар, олар бөлшек саудада сатылады. Ешкім сізді бұл жеңілдіктерден айыра алмайды. Нақты түсінік болуы керек»,

— деп атап өтті Олжас Бектенов.

🔷 «Радуга» ЖШС директоры Дмитрий Шарапаев та салықты саралау шараларына қатысты ұсыныстарын айтты. Олардың қатарында қалдықтарды кәдеге жарату кәсіпорындарын салықтан босату, сондай-ақ қайта өңдеушілер үшін мөлшерлемені төмендету бар.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
UKIMET
📌 «С.М. Киров атындағы зауыт» АҚ бас директоры Алмас Нұрмағамбетов өз сөзінде отандық тауар өндірушілерді қолдау бойынша Үкімет қабылдаған шаралардың нәтижелерін атап өтті. Осылайша, зауыт ҚТЖ-мен 5 жылға арналған келісімшарт жасасты, бұл сапаны одан әрі жақсартуға…
📌 Премьер-министр ҚР ҰЭМ-ге мүдделі мемлекеттік ұйымдармен бірлесіп, ұсынысты жан-жақты зерделеуді тапсырды, өйткені бұл бағыт елімізде баяу қарқынмен дамып келеді.

🔘 Өз кезегінде жеңіл өнеркәсіп саласындағы жеке кәсіпкер Әлия Башеева импорттық шикізатқа салық салу тақырыбын көтерді. Шетелде дайын түрде сатып алынған тауарларды өз өнімі ретінде сататын жалған кәсіпорындарға қатысты маңызды мәселені қозғады.
«Менің ойымша, жеңіл өнеркәсіп – еліміз үшін өмірлік маңызы бар сала. Егер біз бәрін шетелден сатып алсақ, бұл бізге абырой әкелмейді»,

— деді Әлия Башеева.
«Жалған өндірушілерге келетін болсақ, бұл - күрделі мәселе, іс жүзінде импорт өндіріс атын жамылған кезде: «Қазақстанда өндірілген» деген жапсырма жапсырылып, қазақстандық тауарларға қатысты барлық артықшылыққа ие болады. Біз дәл қазір осы бағытта жұмыс істеп жатырмыз. Заң жобасы Парламент қарауында. Оны қабылдау арқылы біз бұл мәселені шешеміз деп ойлаймын»,

— деп жауап берді Олжас Бектенов.
Бұл мәселені жауапты министрліктер қосымша пысықтайтын болады.


🔘 Жиын соңында «Зенченко и К» серіктестігінің директоры Геннадий Зенченко сөз сөйледі.
«Салық салуға келетін болсақ, біз бүгін сіздерді естідік. Бүгінде бізде салық төлеуден жалтаруға тырысатын үй маңындағы дүкендер, жеке кәсіпкерлер, шаруа қожалықтары қаншама, біз мұны жақсы білеміз. Бірақ біз бүгін Салық кодексі туралы енді ғана айта бастадық, ал бағалар қазірдің өзінде өсе бастағанын көріп отырмыз. Бұл біреуді қорқыту үшін айтылған жай сөз емес. Бірақ адамдар қазірдің өзінде дайындалып жатыр. Олар да дұрыс шығар, өйткені ертең олар өздерінен сұралатынын түсінеді. Сондықтан біз тез арада бос талқылаусыз, бұл мәселемен нақты бетпе-бет келуіміз керек.
Біздің аймақ қашанда алдыңғы қатарда болды. Сондықтан сіз бізге сенім арта аласыз. Біз мемлекетіміздің бай болуы және халықтың бақытты болуы үшін бәрін жасаймыз»,

— деді Геннадий Зенченко.

Кездесу модераторы талқылау қорытындысын шығарды.

«Бизнес өкілдері өз алаңдаушылығын білдірді, өз ұсыныстарын айтты. Біз барлық сала сараланған мөлшерлемені қалайтынын көріп отырмыз. Бұл кез-келген бизнес түрінен айқын көрінеді, сондықтан, әрине, бұл – қиын міндет. Мұнда өте мұқият ойлану керек.
Біз қазір жұмыс тобы аясында барлық өңірлермен – Ұлттық палата экономика, қаржы министрліктерімен бірлесіп аса маңызды жұмыс жүргізіп жатырмыз. Біз қазір жай ғана ұсыныстарды жинап отырған жоқпыз, басты мәселе эмоция емес, басты мәселе – есебін шығару. Қазір біз Экономика институтымен, экономика министрлігімен есептеп жатырмыз. Соңғы бір-екі аптада біз бәрін қорытындылаймыз деп ойлаймын»,

— деді Райымбек Баталов.

🔻
Премьер-министр барлық қатысушыларға сындарлы диалог үшін алғысын білдірді.
«Бізге көптеген ұсыныстар, белгілі бір мәселелерді шешудің нұсқалары келіп жатыр. Олардың барлығын назарға аламыз. Келесі аптада біз Салық кодексіне өзгерістер енгізіп, Парламентке кіруіміз керек, әрі қарай талқылау Мәжіліс алаңында жалғасады. Менің ойымша, онда бизнес-қоғамдастық аса белсенді түрде қатысады. Үкімет ретінде біздің мүддеміз – ешкімді көлеңкеге түсірмейтін, салық ауыртпалығын салмайтын, мемлекетке белгілі бір қаржылық өтімділік бере отырып, бизнестің дамуына мүмкіндік беретін, сайып келгенде, теңдестірілген, салмақты шешім қабылдау»,

— деп түйіндеді Олжас Бектенов.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Анатолий Рафальский, «Қазақстанның астық консорциумы» ЖШС бас директорының кеңесшісі:

«Маңызды кездесу өтті. Біз реформаға себеп пен қажеттілік бары туралы естідік. Өзгеріс барысында ұсақ-түйекке дейін барлығы ойластырылады. Ең бастысы, тек ҚҚС-ты көтеріп қана қоймайды, онда сараланған тәсіл болады»



Анатолий Рафальский, советник гендиректора ТОО «Зерновой Консорциум Казахстана»:


💬 «Состоялась важная встреча. Мы услышали причину и необходимость (прим. - реформы). Все будет продумано до мелочей. Самое главное, что будет не просто повышение НДС, а дифференцированный подход»

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Дәурен Қатыранов, «Радуга» ЖШС бас директорының орынбасары:

«Үкіметтің стратегиясы, сараланған тәсіл дегеніміз не және ол қандай тұжырымдамаға сәйкес келетіні ұғынықты бола бастады. Сауалымызды тікелей қоюға мүмкіндік жасалды, біздің ұсыныстарымызды қабылдап алды»



Даурен Катранов, заместитель гендиректора ТОО «Радуга»:


💬 «Становится понятна стратегия Правительства, что такое дифференцированный подход и с какой концепцией подходит. Получилось задать вопросы напрямую, были приняты наши предложения»

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Салық реформасы: қаржы вице-министрі Ержан Біржанов ШҚО кәсіпкерлерімен кездесті

📌 Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов Шығыс Қазақстан облысында кәсіпкерлермен кездесіп, салық реформасындағы өзгерістерді түсіндірді.

🔘 Үкімет қосылған құн салығының (ҚҚС) мөлшерлемесін әр салаға сай сараланған түрде өсіруді ұсынып отыр. Жалпы мөлшерлеме – 16%, аралық мөлшерлеме – 10%, ал ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін 0% мөлшерінде босату қарастырылған.

Вице-министрдің айтуынша, ҚҚС бойынша есепке қою шегін 80 млн теңгеден 15 млн теңгеге дейін төмендету, сондай-ақ арнайы салықтық режимдерді реформалау қажет. Ал арнайы салықтық режим мен бөлшек салықты трансформациялау жоспарланып отыр.

🔷 Қазір жеңілдетілген декларация жүйесі жылдық кірісі 180 млн теңгеге дейінгі, жұмысшылар саны 30 адамға дейінгі кәсіпкерлер үшін 2% мөлшерлемені қарастырады. Бұған қоса, формальды түрде бөлшек салық жүйесі болған. Ол жылдық айналымы 2,4 млрд теңгеге дейінгі бизнесті қамтыды. Онда қызметкерлер санына шектеу қойылмаған және маслихаттардың шешімімен 4% мөлшерлемесін екі есе төмендету мүмкіндігі болған.

Енді осы екі режимді біртұтас жеңілдетілген декларация форматына біріктіру көзделіп отыр, бұл ретте кірістің жоғарғы шегі сақталады – ол шамамен 2,4 млрд теңгені құрайды.

Салықтық түсімдерді арттыру мәселесі алдағы реформаның негізгі тақырыптарының бірі болып отыр. Үкімет бюджетке тұрақты кіріс көзін қамтамасыз етуді, Ұлттық қорға тәуелділікті төмендетуді және бизнесті дамыту үшін қолайлы жағдай жасауды көздейді. Алайда бұл мақсаттарға жету үшін салық саясатының инвестициялық өзгерістерге, компаниялардың бәсекеге қабілеттілігіне және экономикалық өсімге ықпалын ескеру қажет.

🔘 Салық реформасын жетілдіру барлық мүдделі тараптардың пікірлерін ескере отырып жүргізіледі. Салық жүйесін жаңғырту – бизнестің дамуына кері әсер етпейтіндей әрі экономиканың бәсекеге қабілеттілігін сақтайтындай етіп жүргізу маңызды.



Налоговая реформа: вице-министр финансов Ержан Биржанов встретился с предпринимателями ВКО

📌 В Восточно-Казахстанской области состоялась встреча вице-министра финансов РК Ержана Биржанова с предпринимателями по разъяснению изменений в налоговое законодательство.

🔘 Правительством предлагается повышение базовой ставки НДС с дифференцированием по отраслям: общеустановленная – 16%, промежуточная ставка 10% и освобождение 0% для сельхозтоваропроизводителей.

Вице-министр отметил, что предлагается снижение порога по постановке на учет по НДС до 15 млн тенге, действующий порог равен 80 млн тенге, а также реформирование специальных налоговых режимов. Планируется трансформировать спецналоговый режим и розничный налог.

🔷 В настоящее время действующая система упрощенной декларации предусматривает годовой доход до 180 млн тенге, численность работников до 30 человек и ставку 2%. Также формально существовал розничный налог, который охватывал бизнес с оборотом до 2,4 млрд тенге в год, без ограничений по численности сотрудников и с возможностью снизить ставку 4% в два раза решением маслихатов.

Теперь планируется объединить эти два режима в единый формат упрощенной декларации, при этом верхний предел дохода сохраняется – он составит почти 2,4 млрд тенге.

Вопрос увеличения налоговых доходов является одной из ключевых тем обсуждения в рамках предстоящей реформы. Правительство стремится обеспечить стабильные поступления в бюджет, снизить зависимость от трансфертов из Национального фонда и одновременно создать благоприятные условия для бизнеса. Однако для достижения этих целей необходимо учитывать несколько факторов, в том числе влияние налоговой политики на инвестиционный климат, конкурентоспособность компаний и экономический рост.

🔘 Совершенствования налоговой реформы будет проводиться с учетом мнений всех заинтересованных сторон. Казахстан нуждается в модернизации налоговой системы, и этот процесс будет выстроен таким образом, чтобы не повлиять на развитие бизнеса и сохранить конкурентоспособность экономики.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Олжас Бектенов Солтүстік Қазақстан облысының коммуналдық-энергетикалық секторын жаңғырту қарқынымен танысты

📌 Премьер-министр Олжас Бектенов Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында өңірдің коммуналдық-энергетикалық инфрақұрылымын жаңғырту жұмыстарының барысымен және жылумен үздіксіз қамтамасыз ету бойынша қабылданып жатқан шаралармен танысты.

✔️ Жабдықтарды жөндеу және қалпына келтіру бойынша айтарлықтай жұмыстар жүргізілген Петропавл 2-ЖЭО-ға ерекше назар аударылды. «СевКазЭнерго» АҚ бас директоры қазандық агрегаттары мен турбогенераторлар сияқты негізгі техникалық құралдардың тозу деңгейі 57,3%-ды құрайтынын хабарлады. 2024 жылы 2-ЖЭО-да №1, 9 қазандықтары мен №3, 6 турбиналарына күрделі жөндеу жүргізіліп, сондай-ақ төрт турбинаны жөндеу жұмыстары аяқталған.

✔️ Сонымен қатар биіктігі 180 метр №1 түтін мұржасының құрылысы аяқталды, оны пайдалануға беру жыл соңына жоспарланған. Сондай-ақ №3, 6, 11 үш қазандықта және №7 бір турбинада қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда.

➡️ Кәсіпорын басшылығының ақпаратына сәйкес, 2-ЖЭО көмір және мазутпен толық қамтамасыз етілген. Қазіргі уақытта қорда 183 мың тонна көмір, 1833 тонна мазут бар. Отын жеткізу кестеге сәйкес жүзеге асырылуда.

🔘 Жылу электр орталықтарында уақтылы жүргізілген дайындық пен қалпына келтіру жұмыстары қаланың жылумен қамту жабдықтары мен жүйелерінің тұрақты жұмысын қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Ағымдағы жылыту маусымы штаттық режимде өтуде. ҚР Энергетика министрлігі биыл нысанды қауіптің «қызыл» аймағынан «сары» аймаққа шығаруды жоспарлап отыр.

🔘 Кәсіпорында Премьер-министрге «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасының іске асырылу барысы туралы баяндалды. Бүгінде Солтүстік Қазақстан облысында 363 медициналық мекемені, 585 оқу орнын, 156 мәдениет және спорт нысанын, сондай-ақ 1435 көппәтерлі тұрғын үйді жылумен қамтамасыз ететін 490 қазандық жұмыс істейді.
«Жылумен үздіксіз қамтамасыз ету Мемлекет басшысының ерекше бақылауында. Соңғы бір жылда еліміздегі 55 жылу көзі жаңғыртылды. Үкімет осы бағытта энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жобаны іске асыруда. Жүргізілген жұмыстардың нәтижесі бойынша инженерлік желілердің тозу деңгейі 40%-ға дейін төмендеп, электр энергиясын өндіру қуаты 7,3 ГВт-қа артады деп болжануда. Сонымен қатар жобалар 3,5 мың жұмыс орнын ашуды көздейді»,

— деп атап өтті Премьер-министр.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
UKIMET
Олжас Бектенов Солтүстік Қазақстан облысының коммуналдық-энергетикалық секторын жаңғырту қарқынымен танысты 📌 Премьер-министр Олжас Бектенов Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында өңірдің коммуналдық-энергетикалық инфрақұрылымын жаңғырту жұмыстарының…
Олжас Бектенов ознакомился с темпами модернизации коммунально-энергетического сектора Северо-Казахстанской области

📌 В рамках рабочей поездки в Северо-Казахстанскую область Премьер-министр Олжас Бектенов ознакомился с ходом модернизации коммунально-энергетической инфраструктуры региона и мерами, принимаемыми для обеспечения бесперебойного теплоснабжения.

✔️ Особое внимание уделено Петропавловской ТЭЦ-2, где были проведены значительные работы по ремонту и восстановлению оборудования. Генеральный директор АО «СевКазЭнерго» доложил, что износ основных технических средств, таких как котлоагрегаты и турбогенераторы, составляет 57,3%. В 2024 году на ТЭЦ-2 был проведен капитальный ремонт котлов №1, 9 и турбин №3, 6, а также завершены ремонты четырех турбин.

✔️ Кроме того, завершено строительство дымовой трубы №1 высотой 180 метров, ввод которой запланирован на конец текущего года. Параллельно с этим продолжаются восстановительные работы трех котлов №3, 6, 11 и одной турбины №7.

➡️ Согласно информации руководства предприятия, ТЭЦ-2 полностью обеспечена углем и мазутом. На данный момент в запасах имеется 183 тыс. тонн угля, 1833 тонны мазута. Поставки топлива осуществляются в соответствии с графиком.

🔘 Своевременные подготовительные и восстановительные работы на теплоэлектроцентрали позволили обеспечить стабильную работу оборудования и систем теплоснабжения города. Текущий отопительный сезон проходит в штатном режиме. Министерство энергетики РК планирует вывести объект из так называемой «красной зоны» риска в «желтую» уже в этом году.

🔘 Здесь же на предприятии руководителю Правительства доложили о реализации Национального проекта «Модернизация энергетического и коммунального секторов». На сегодняшний день в Северо-Казахстанской области функционирует 490 котельных, которые снабжают теплом 363 медицинских учреждения, 585 учебных заведений, 156 объектов культуры и спорта, а также 1435 многоквартирных жилых домов.
«Обеспечение бесперебойного теплоснабжения находится на особом контроле Главы государства. За прошедший год модернизированы 55 тепловых источников в стране. Правительством в данном направлении реализуется нацпроект по модернизации энергетического и коммунального секторов. По итогам работы прогнозируется снижение уровня износа инженерных сетей до 40% и увеличение мощности генерации электроэнергии на 7,3 ГВт. Наряду с этим проекты предусматривают создание 3,5 тысяч рабочих мест»,

— подчеркнул Премьер-министр.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM