UKIMET
18.4K subscribers
10.7K photos
1.82K videos
8.27K links
ҚР Үкіметінің ресми Telegram-каналы/ Официальный Telegram-канал Правительства РК

🌐 Сайт https://primeminister.kz/kz
🔗 Instagram https://instagram.com/primeministerkz
🔗 Facebook https://www.facebook.com/Primeminister.Kaz
🔗 https://t.me/ukimet_points
Download Telegram
АШМ: Картоп қоры ішкі қажеттілікті толық қамтамасыз етуге жеткілікті
 
📌 Премьер-министрдің тапсырмасы бойынша Ауыл шаруашылығы, Сауда және интеграция министрліктері елдегі картоп нарығындағы қалыптасқан ахуалға тұрақты түрде бақылау жүргізуде.

🔷 Көрші елдердің, әсіресе Өзбекстан тарапынан сұраныстың артуына және экспорттық бағаның жоғары болуына байланысты биыл картоп экспорты 1,5 есеге, яғни 411 мың тоннадан 605 мың тоннаға дейін өсті. Картопқа деген аса жоғары сұраныс ішкі нарыққа әсер еткені атап өтілді. Мәселен, соңғы аптада экспортқа бағытталған өндірушілер арасында бағаның күрт өсуі (170 теңгеден 270 теңгеге дейін) тіркелді.

🔵 Осыған байланысты, ішкі нарықтағы картоп бағасын тұрақтандыру мақсатында 2025 жылғы 18 қаңтарда өткен Сауда қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысында картопты үшінші елдерге әкетуді 6 ай мерзімге шектеу туралы шешім қабылданды. Бұл шара ЕАЭО елдеріне қолданылмайды, алайда бұл бағыттағы экспортқа бақылау жүргізіледі. Сонымен қатар қалыптасқан жағдайды ескере отырып, биылғы 16 қаңтарда экспортқа фитосанитариялық сертификаттар беру толығымен тоқтатылды.

➤ Қабылданған шаралар картоп бағасының тұрақтылығын қамтамасыз етуге, бағаның негізсіз өсуіне жол бермеуге және нарыққа қатысушылар тарапынан алыпсатарлық әрекеттерге жол бермеуге бағытталған.

🔵 Сондай-ақ Сауда және интеграция министрлігінің аумақтық органдары монополияға қарсы органның аумақтық бөлімшелерімен бірлесе отырып, жағдайға күшейтілген қадағалау жүргізеді және сауда қызметі мәселелері бойынша қолданыстағы заңнаманы бұзған жағдайда олар нарыққа қатысушыларға шұғыл ықпал ету шараларын қабылдайды.

➤ ҚР АШМ деректері бойынша, бүгінгі таңда қолда бар қорлар 2025 жылғы ерте егін жинау науқанына дейін ішкі қажеттілікті толық жабу үшін жеткілікті. 19 қаңтардағы жағдай бойынша қорлар сауда желілеріндегі қорларды есепке алмағанда 850 мың тоннадан асады (картоп өсірушілер қауымдастығы бойынша 600 мың тонна, тұрақтандыру қорларындағы 68 мың тонна, жеке қосалқы және шағын шаруашылықтардағы жертөлелерде 200 мың тоннадан астам).
 
Анықтама үшін:
2024 жылы картоптың жалпы өнімі 2,9 млн тоннаны құрады (оның ішінде ерте өнім - 300 мың тонна). 2024 жылы импорт 56 мың тоннаны құрады. Нарыққа тарату үшін картоптың көлемі 2024 жылдың тамыз айынан бастап 2,6 млн тоннаны құрайды, халықтың жалпы қажеттілігі – 1,5 млн тонна (оның ішінде қалалық 954 мың тонна) ерте егін жинау науқанына дейін (қаңтар-сәуір). 2024 жылғы тамыздан желтоқсанға дейін – 844 мың тонна, экспортталды – 620 мың тонна (2024 жылғы қаңтардан желтоқсанға дейін). 2025 жылға арналған болжамды тұтыну көлемі (қаңтар-сәуір) – 675 мың тонна.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
UKIMET
АШМ: Картоп қоры ішкі қажеттілікті толық қамтамасыз етуге жеткілікті   📌 Премьер-министрдің тапсырмасы бойынша Ауыл шаруашылығы, Сауда және интеграция министрліктері елдегі картоп нарығындағы қалыптасқан ахуалға тұрақты түрде бақылау жүргізуде. 🔷 Көрші елдердің…
МСХ: Запасов картофеля достаточно для полного покрытия внутренней потребности
 
📌 По поручению Премьер-министра министерствами сельского хозяйства, торговли и интеграции ведется постоянный мониторинг ситуации, складывающейся на картофельном рынке страны.

🔷 Ввиду возросшего спроса со стороны соседних стран, в особенности Узбекистана, и высоких экспортных цен в текущем году экспорт картофеля вырос в 1,5 раза, с 411 тыс. тонн до 605 тыс. тонн. Отмечается, что ажиотажный спрос оказал влияние на внутренний рынок. Так, за последнюю неделю зафиксирован резкий рост цены у экспортоориентированных производителей (со 170 до 270 тенге).

🔵 В этой связи, в целях стабилизации цен на картофель на внутреннем рынке на заседании Межведомственной комиссии по вопросам торговой деятельности, проведенного 18 января 2025 года, принято решение об ограничении вывоза картофеля в третьи страны сроком на 6 месяцев. Данная мера не распространяется на страны ЕАЭС, однако экспорт в данном направлении будет находиться под наблюдением.Вместе с тем, учитывая складывающуюся ситуацию, 16 января т.г. полностью приостановлена выдача фитосанитарных сертификатов на экспорт.

➤ Принятые меры нацелены на обеспечение стабильности цен на картофель, недопущение необоснованного роста цены и запрет спекулятивных действий со стороны участников рынка.

🔵 Кроме того, территориальными органами Министерства торговли и интеграции совместно с территориальными подразделениями антимонопольного органа ведется усиленный мониторинг ситуации и в случае нарушения действующего законодательства по вопросам торговой деятельности ими будут приняты незамедлительные меры воздействия на участников рынка.

➤ По данным МСХ РК, на сегодня имеющихся запасов достаточно для полного покрытия внутренней потребности до раннего урожая 2025 года. Запасы, по состоянию на 19 января, составляют свыше 850 тыс. тонн без учета запасов в торговых сетях (600 тыс. тонн у ассоциации картофелеводов, 68 тыс. тонн в стабфондах, свыше 200 тыс. тонн в погребах в ЛПХ и мелких хозяйствах).
 
Справочно: Валовый сбор картофеля в 2024 году составил 2,9 млн. тонн (в том числе ранний урожай - 300 тыс. тонн). Импорт за 2024 год составил 56 тыс. тонн. Объем картофеля для распределения на рынок с августа 2024 года составляет 2,6 млн. тонн при потребности всего населения -1,5 млн. тонн (в том числе городского 954 тыс. тонн) до сбора раннего урожая (январь-апрель). С августа по декабрь 2024 года потреблено - 844 тыс. тонн, экспортировано - 620 тыс. тонн (с января по декабрь 2024г.). Прогнозный объем потребления на 2025 год (январь-апрель) - 675 тыс. тонн.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
#аптаның_айшықты_оқиғалары

📌 Өткен аптаны жексенбілік дайджесте қорытындылаймыз

🔸Үкімет отырысы:
✔️Олжас Бектенов онлайн-сауда туралы: өнім сапасының басымдығы, зияткерлік меншікті және дербес деректерді қорғау
✔️Үкіметте IX қысқы Азия ойындарына дайындық шаралары қаралды. Премьер-министр спорт нысандарының қалың бұқараға қолжетімді болуының маңыздылығын атап өтті.

🔸 Олжас Бектенов қолжетімді баспана мәселесі бойынша кеңес өткізді. Президент жариялаған Жұмысшы мамандықтары жылы аясында техникалық мамандарға арналған ипотекалық және жалға берілетін жеңілдікті тұрғын үй бағдарламасын кеңейту перспективалары қаралды

🔸Активтерді қайтару: Үкімет Алматы облысы Кеген ауданының Жалағаш ауылында спорт кешенін салуға 1,1 млрд теңге бөлді.

🔸 Үкіметте бюджеттік-салықтық реформалар жобасы сарапшылармен бірге талқыланды. Ақша-несие және фискалдық саясат арасындағы теңгерімсіздікті теңестіру әрі салық салу жүйесінің тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар қаралды

🔸 «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасын іске асыру бойынша жобалық кеңсенің жұмысы басталды. Инженерлік желілер тозуын 40%-ға дейін төмендету және электр энергиясын өндірудің жаңа көздерін салу міндеті қойылды.

🔸Инвестициялар тарту жөніндегі кеңес: Негізгі кәсіпорындарды жаңғыртуға, жаңа жұмыс орындарын құруға және инновациялық өндірістерді дамытуға бағытталған инвестициялар туралы келісімдердің негізгі талаптары қаралып, мақұлданды.

🔸 АШМ: Картоп қоры ішкі қажеттілікті толық қамтамасыз етуге жеткілікті
#главное_за_неделю

📌Подводим итоги прошедшей недели в воскресном дайджесте

🔸Заседание Правительства:
✔️Олжас Бектенов об онлайн-торговле: Приоритет качества продукции, защиты интеллектуальной собственности и персональных данных
✔️В Правительстве рассмотрен ход подготовки к зимним IX Азиатским играм. Премьер-министр отметил важность доступности спортивных объектов для широких масс населения

🔸Олжас Бектенов провел совещание по вопросу доступного жилья. Рассмотрены перспективы расширения льготной программы ипотечного и арендного жилья для технических специалистов в рамках объявленного Президентом Года рабочих профессий

🔸Возврат активов: Правительством выделено 1,1 млрд тенге на строительство спортивного комплекса в Алматинской области

🔸В Правительстве обсудили с экспертами проект бюджетно-налоговых реформ. Рассмотрены предложения по выравниванию разбалансированности между денежно-кредитной и фискальной политиками и повышению эффективности системы налогообложения

🔸Началась работа Проектного офиса по реализации Нацпроекта «Модернизация энергетического и коммунального секторов». Поставлены задачи по снижению износа инженерных сетей до 40% и строительству новых источников генерации электроэнергии

🔸Совет по привлечению инвестиций: одобрены основные условия Соглашений об инвестициях, направленных на модернизацию ключевых предприятий, создание новых рабочих мест и развитие инновационных производств

🔸МСХ: Запасов картофеля достаточно для полного покрытия внутренней потребности
Атырау облысындағы Жұмысшы мамандықтары жылы: мұнай химиясы және машина жасау саласында кадрларды дамыту

📌 Атырау облысында 2025 жылы мұнай химиясы және машина жасау салалары үшін жоғары білікті мамандарды даярлаудың ауқымды бағдарламасы іске асырылады. Жұмысшы мамандықтары жылы шеңберінде 4,5 мың жаңа жұмыс орнын ашу және жастарға арналған шеберлік сыныптары мен өндірістік тәжірибені қоса алғанда, білім беру іс-шараларын өткізу жоспарланып отыр.

💬 «Біз колледждерді реформалау, оқу бағдарламаларын бейімдеу, оқытушылардың біліктілігін арттыру және инфрақұрылымды жаңғырту арқылы маман даярлауды дамытуды жалғастырамыз. Ортақ мақсатқа қол жеткізу үшін мемлекеттік және жеке ұйымдардың, сондай-ақ кәсіподақтар мен “Атамекен” ҰКП-ның ынтымақтастығы маңызды саналады. Колледждерге маман даярлау кезінде жан басына шаққандағы қаржылай қолдау өсуде. Инфрақұрылымды жаңарту бағытында, студенттерді жатақханамен қамту және жұмысшылардың қоғамдағы имиджін арттыру жөнінде көптеген жұмыс жоспарланды. Оқушылар мектепте жүрген кезінен болашақ мамандығын жоспарлай алады», — деп атап өтті Атырау облысы Білім беру басқармасының басшысы Марат Әбуов.

💬 «Аталған мәселелерді шешу мақсатында алдағы 5 жылдықта 4,5 мыңға жуық жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланып отыр. Жоспарға сәйкес көп жылдық тәжірибесі бар мамандарды жастар арасында шеберлік сыныбын өткізу, сонымен қатар ЖОО, колледж студенттерін өңірдегі ірі кәсіпорындарда өндірістік тәжірибеден өткізу жоспарлануда», — деп атап өтті Атырау облысы Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы Данияр Орынбасаров.



Год рабочих профессий в Атырауской области: развитие кадров для нефтехимии и машиностроения

📌 В Атырауской области в 2025 году стартует масштабная программа подготовки высококвалифицированных специалистов для нефтехимической и машиностроительной отраслей. В рамках Года рабочих профессий планируется создание 4,5 тыс. новых рабочих мест и проведение образовательных мероприятий, включая мастер-классы и производственную практику для молодежи.

💬 «Мы продолжаем развивать подготовку специалистов через реформу колледжей, адаптацию учебных программ, повышение квалификации преподавателей и модернизацию инфраструктуры. Важным является сотрудничество государственных и частных организаций, а также профсоюзов и НПП “Атамекен” для достижения общих целей. Радует, что увеличено подушевое финансирование колледжей, готовящих специалистов рабочих профессий. Запланированы масштабные работы по обновлению инфраструктуры, обеспечению студентов общежитиями и улучшению престижа рабочих профессий в обществе. Кроме того, усилены связи со школами, чтобы заранее планировать карьеру и развивать способности учащихся», — отметил Марат Абуов, руководитель Управления образования Атырауской области.

💬 «Для решения этих вопросов в ближайшие 5 лет планируется создать около 4,5 тыс. новых рабочих мест. В рамках реализации плана также предполагается проведение мастер-классов для молодежи с участием специалистов с многолетним опытом работы, а также организация производственной практики на крупных предприятиях региона для студентов вузов и колледжей», — подчеркнул руководитель Управления предпринимательства и промышленности Атырауской области Данияр Орынбасаров.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
💬 «“ТексолТранс” компаниялар тобы – машина жасау өндірісін дамытумен айналысуда. Соңғы жылдары кадр тапшылығына тап болдық, бізге керек жұмысшы мамандықтары даярланбайды. Сондықтан біз бірқатар білім беру мекемелерімен шарт жасастық. Жастарды тәжірибеден өтуге шақырып, оларға Атырау вагон жасау зауытында заманауи жабдықта жақсы жұмыс істеу дағдыларын алуға мүмкіндік береміз. Біздің өтініміміз бойынша колледждерде жаңа бөлімдер ашылады, ЖОО-лар – қазіргі уақытта бізге қажетті мамандықтар бойынша жаңа факультеттер ашуды жоспарлауда», — деп атап өтті «ТексолТранс» ЖШС бас директоры Борис Зиганшин.



💬 «Группа компаний “ТексолТранс» занимается развитием машиностроения. В последние годы мы столкнулись с дефицитом кадров, поскольку по ряду рабочих специальностей не велась подготовка студентов. Поэтому мы заключили договоры с рядом образовательных учреждений, приглашаем молодежь на практику, даем им шанс приобрести хорошую рабочую профессию, навыки работы на современном станочном оборудовании, которое есть у нас на Атырауском вагоностроительном заводе. В планах, чтобы колледжи по нашей заявке уже открывали новые отделения, вузы – новые факультеты по специальностям, которых нам в данный момент критически не хватает», — отметил Борис Зиганшин, генеральный директор ТОО «ТексолТранс».

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
📍Сейсенбі, 21 қаңтар күні, сағат 10:00-де Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді.

Күн тәртібінде:

• «Таза Қазақстан» экологиялық бастамасын орындау;

• IT-экспортты дамыту

📢📢 Үкімет отырысының тікелей таратылымы PrimeMinister.kz сайтынан, YouTube ресми арнасында, Facebook әлеуметтік желісінде, сондай-ақ UKIMET Telegram-каналында жүреді.

Үкімет отырысының қорытындысы бойынша экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев пен цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиевтің қатысуымен баспасөз конференциясы өтеді.

Баспасөз конференциясының тікелей таратылымы YouTube ресми арнасында және Facebook әлеуметтік желісінде жүреді.



📍Во вторник, 21 января, в 10.00 часов состоится заседание Правительства РК.

На повестке заседания вопросы
:

• реализация экологической акции «Таза Қазақстан»;

• развитие экспорта IТ-услуг и продуктов.

📢📢 Заседание Правительства будет транслироваться в режиме онлайн на сайте PrimeMinister.kz, официальном YouTube-канале, в социальной сети Facebook, на Telegram-канале UKIMET

По итогам заседания состоится пресс-конференция с участием министров экологии и природных ресурсов Ерлана Нысанбаева, цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности – Жаслана Мадиева.

Онлайн-трансляция пресс-конференции будет на официальном YouTube-канале и в социальной сети Facebook.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Live stream started
«Таза Қазақстан» экологиялық бастамасы 6,5 млн-ға жуық адамды біріктірді

📌 Мемлекет басшысы бастамашылық еткен «Таза Қазақстан» 6,5 млн-ға жуық адамның қызығушылығын тудырды. Бұл мәлімет экологиялық акцияны іске асыру барысы қаралған Үкімет отырысында айтылды.

🌳 Акцияны өткізу кезеңінде ауқымды жобаға қатысушылар 1,1 млн тоннадан астам қоқыс жинады, шамамен 1,6 млн жасыл желек отырғызылды. Сонымен қатар өңірлерде аумақтар мен аулаларды жинау бойынша ірі науқан өткізілді, тарихи-мәдени ескерткіштер ретке келтіріліп, ардагерлерге ауласын абаттандыру және жинау бойынша көмек көрсетілді, өзендер мен су айдындары қоқыстан тазартылды.

Азаматтарды елді мекендер мен экология мәселелерін шешуге тарту мақсатында ыңғайлы @TazaQazBot телеграмм-чат-боты арқылы өтінім беру қызметі іске қосылды. Бүгінгі таңда 10 мыңнан астам өтінім келіп түсіп, 9,7 мыңға жуық өтініш орындалды. Көбінесе азаматтардан аумақтарды жинау, көшелерді абаттандыру, қоқыстарды шығару және жолдарды жөндеу бойынша өтініштер келіп түсті.


Экологическая инициатива «Таза Қазақстан» объединила порядка 6,5 млн человек

📌 «Таза Қазақстан», которую инициировал Глава государства, привлекла интерес порядка 6,5 млн человек. Об этом стало известно на заседании Правительства, где рассматривался ход реализации экологической акции.

🌳 За период ее проведения участниками масштабного проекта собрано свыше 1,1 млн тонн мусора, высажено порядка 1,6 млн зеленых насаждений. Кроме того, в регионах проведены крупные кампании по уборке территорий и дворов, приведены в порядок историко-культурные памятники, оказана помощь ветеранам по благоустройству и уборке их дворов, также проводилась очистка рек и водоемов от мусора.

В целях вовлечения граждан в решение проблем населенных пунктов и экологии запущен сервис подачи заявок посредством удобного чат-бота @TazaQazBot. На сегодня поступило свыше 10 тыс. заявок, выполнено порядка 9,7 тыс. Чаще всего от граждан поступали обращения по уборке территорий, благоустройству улиц, вывозу мусора и ремонту дорог.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Спутниктік суреттер Қазақстандағы 4,5 мыңға жуық қоқыс үйіндісін жоюға көмектесті

🔘 Спутниктік технологиялар заңсыз қоқыс үйінділерімен күресуде тиімді қаруға айналды. Экология және табиғи ресурстар министрі Үкімет отырысында стихиялық қоқыс үйінділерінің анықталғаны туралы «Қазақстан Ғарыш Сапары» деректері негізінде аумақтық экология департаменттері әрбір жағдайды тіркеп, әкімдіктерге бұзушылықтарды жою туралы нұсқама беретінін хабарлады. Былтыр ғарыштан түсірілген суреттер 4,8 мыңға жуық заңсыз үйілген қалдықтарды анықтауға көмектесті. Олардың барлығы дерлік жойылды.

🔷 Қазіргі уақытта Министрлік басшылығы осы бағыттағы жұмысты күшейту бастамасын көтеріп отыр. Атап айтқанда, ведомство жетекшісі Ерлан Нысанбаев елді мекендерге ғарыштық мониторинг жүргізуді қамту аймағын, сондай-ақ ғарыштық түсірілімдерді өткізу жиілігін кеңейтуді ұсынды.



Спутниковые снимки помогли ликвидировать порядка 4,5 тыс. свалок в Казахстане

🔘 Спутниковые технологии стали эффективным оружием в борьбе с незаконными свалками. Министр экологии и природных ресурсов на заседании Правительства сообщил, что на основе данных «Қазақстан Ғарыш Сапары» об обнаруженных стихийных свалках территориальные департаменты экологии осуществляют выезд и фиксируют каждый случай, после чего акиматам выдается предписание на ликвидацию. В прошлом году снимки из космоса помогли обнаружить порядка 4,8 тыс. нелегальных скоплений отходов. Почти все они ликвидированы.

🔷 В настоящее время, руководство Министерства вышло с инициативой усилить работу в данном направлении. В частности, руководитель ведомства Ерлан Нысанбаев предлагает расширить зоны охвата космического мониторинга населенных пунктов, а также частоту проведения космоснимков.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Қазақстанда қалдықтарды қайта өңдейтін 41 зауыт салынады

📌 Үкімет отырысында тұрмыстық қатты қалдықтарды сұрыптау және қайта өңдеу зауыттарын салу мәселесі талқыланды.

➡️ Қазіргі уақытта Экология және табиғи ресурстар министрлігінің қарауында жалпы сомасы 307 млрд теңге болатын 65 жоба бар.

✔️ Ұсынылған кәсіпорындардың барлық тізімінен 41 қызмет қоқысты қайта өңдеуге бағытталғанын атап өткен жөн. Олардың жалпы өңдеу қуаты жылына 1,1 млн тоннаны құрайды. Тізімдегі жобалардың барлығын іске асыру 4,5 мыңнан астам жұмыс орнын ашуға және 54,6 млрд теңге жеке инвестиция тартуға мүмкіндік береді.



41 завод по переработке отходов построят в Казахстане

📌 Вопрос строительства заводов по сортировке и переработке твердых бытовых отходов сегодня обсудили на заседании Правительства.

➡️ В настоящее время на рассмотрении Министерства экологии и природных ресурсов находятся 65 проектов на общую сумму 307 млрд тенге.

✔️ Важно отметить, что из всего перечня представленных предприятий деятельность 41 направлено на вторичное преобразование мусора. Их общая мощность переработки составит 1,1 млн тонн в год. Реализация всего списка проектов позволит создать более 4,5 тыс. рабочих мест и привлечь 54,6 млрд тенге частных инвестиций.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
«Таза Қазақстан» бастамасы аясында қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандырудың үлгілік қағидаларына өзгерістер енгізілді

📌 Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев Үкімет отырысында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандырудың үлгілік қағидаларына өзгерістер енгізілгенін хабарлады.

🔵 Ол осы құжат шеңберінде негізгі ұғымдар түзетіліп, жаңа терминдер енгізілгенін, сондай-ақ елді мекендердегі инфрақұрылым объектілерін абаттандыру мен күтіп ұстауды ұйымдастыру жөніндегі іс-шаралар неғұрлым егжей-тегжейлі толықтырылғанын атап өтті.

Атап айтқанда, жаяу жүргіншілер, мүгедектер, велосипед көлігі үшін басымдықтар берілді. Үй жануарлары серуендейтін аумақтарды тазарту, био-дәретханаларды орнату, жолдарды күтіп ұстауға және ғимараттар мен құрылыстардың сыртқы келбетіне қойылатын талаптар айқындалды.

«Үлгілік қағидалар негізінде қабылданатын шараларды күшейту үшін аумақтарды абаттандырудың өңірлік қағидалары бекітілді, олар да әрбір өңірдің ерекшелігін ескере отырып кеңейтілді», — деп атап өтті Қанат Шарлапаев.


🔷 Бұдан басқа, өңірлік саясатты жетілдіру үшін «Қалаларды кешенді салу стандарты» әзірленді. Стандарт сапалы, қолжетімді тұрғын үй және көпсалалы құрылысты енгізу және жайлы қоғамдық кеңістіктерді құру үшін нұсқаулық болып саналады.

Құжат барлық жергілікті атқарушы органдарға қалалық аумақтарды дамыту мен салудың егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларын әзірлеуде басшылыққа алу үшін жіберілді.



В рамках инициативы «Таза Қазақстан» внесены изменения в Типовые правила благоустройства территорий городов и населенных пунктов

📌 Министр промышленности и строительства Канат Шарлапаев на заседании Правительства сообщил, что в рамках республиканской экологической акции «Таза Қазақстан» внесены изменения в Типовые правила благоустройства территорий городов и населенных пунктов.

🔵 Он отметил, что в рамках этого документа скорректирован понятийный аппарат, введены новые термины, а также более детально регламентированы мероприятия по организации благоустройства и содержанию объектов инфраструктуры в населенных пунктах.

В частности, определены приоритеты для пешеходов, инвалидов, велосипедного транспорта, требования по территории для выгула домашних животных и уборки за ними, установке и содержанию биотуалетов, содержанию дорог, внешнему облику зданий и сооружений.

«Для усиления принимаемых мер на основании Типовых правил утверждены региональные правила благоустройства территорий, которые также расширены с учетом специфики каждого региона», — подчеркнул Канат Шарлапаев.


🔷 Кроме того, в рамках совершенствования региональной политики, разработан методический документ «Стандарт комплексной застройки городов». Стандарт служит пособием для внедрения качественной и доступной жилой и многофункциональной застройки, а также для создания привлекательных и комфортных общественных пространств.

Документ был направлен во все местные исполнительные органы для руководства при разработке проектов детальной планировки по развитию и застройке территории городов.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Қазақстанда өнеркәсіптік кәсіпорындардың атмосфераны ластаушы заттары азаяды

📌 Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев Үкімет отырысында өнеркәсіп кәсіпорындарының қоршаған ортаға теріс әсерін азайту жөніндегі шаралар туралы баяндады.

🔘 Оның айтуынша, Экологиялық кодекске сәйкес Министрлік жетекшілік ететін салаларда 17 кәсіпорын ең үздік қолжетімді технологияларды енгізуі тиіс. Бұл қоршаған ортаға әсерді азайтуға және кәсіпорын қызметкерлерінің еңбек жағдайларын жақсартуға мүмкіндік береді.

«Бүгінгі таңда оның бесеуі бағдарламаларын бекітіп, кезең-кезеңімен іске асыруға кірісті. Биыл металлургия саласындағы тағы үш кәсіпорын бағдарлама қабылдауды жоспарлауда. Бұдан басқа, өңірлердегі экологиялық жағдайды жақсартуға, оның ішінде өнеркәсіптік кәсіпорындардың атмосфераға шығаратын ластаушы заттарды азайтуға белсенді қатысуы байқалады», — деді Қанат Шарлапаев.


Кәсіпорындар жыл сайын қалалық және аудандық аумақтарды көгалдандыруға, сондай-ақ елді мекендерді абаттандыруға бағытталған іс-шараларға қатысатыны атап өтілді.



В Казахстане сократят выбросы в атмосферу промышленных предприятий

📌 Министр промышленности и строительства Канат Шарлапаев на заседании Правительства доложил о мерах по снижению негативного воздействие на окружающую среду промышленных предприятий.

🔘 Он сообщил, что в соответствии с Экологическим кодексом, 17 предприятий в отраслях, курируемыми ведомством, должны внедрить наилучшие доступные технологии, что позволит снизить воздействие на окружающую среду и улучшить условия труда для работников предприятий.

«На сегодня 5 из них утвердили и приступили к поэтапной реализации программ. Также на текущий год запланировано принятие еще трех программ предприятиями металлургической отрасли. Помимо этого, наблюдается активное участие промышленных предприятий в улучшении экологической обстановки в регионах, в том числе и по сокращению выбросов загрязняющих веществ в атмосферу», — сказал Канат Шарлапаев.


Отмечено, что предприятия ежегодно участвуют в мероприятиях, направленных на озеленении городских и районных территорий, а также по благоустройству населенных пунктов.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
90 мың эковолонтер тартылды, 717 ескерткіш қалпына келтірілді: Қазақстандағы экомәдени жұмыстың қорытындысы

📌 Үкімет отырысында мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева экомәдениет саласындағы нәтижелер туралы айтып берді. Оның айтуынша, жұмыс – ақпараттық, ұйымдастырушылық және экологиялық бақылау бағытында ұйымдастырылған.

✔️ 90 мыңнан астам эковолонтер тарихи-мәдени нысандарды тазартуға бағытталған «Киелі мекен» бастамасын қоса алғанда, 15 мың іс-шараға қатысты, оның шеңберінде 717 ескерткіш орын қайта жаңартылды. Экобақылау саласында 3 мың адамды қамтыған 300 нысанға қоғамдық мониторинг жүргізілді. 600 қоғамдық ұйым, экоблогерлер мен еріктілер тазарту және көгалдандыру жұмыстарына белсенді қатысты.

🔘 Аида Балаева атап өткендей, «Таза Қазақстан» жәй ғана қоғамдық акция емес, бүгінде тұтас ұлттың жүйелі идеологиялық ұстанымы болуы керек. Бұл туралы Президент «Ana tili» басылымына берген сұхбатында тоқталып, экологиялық тазалықтың еліміз үшін ең жоғары құндылық ретіндегі маңызын атап көрсетті.



Вовлечены 90 тыс. эковолонтеров, восстановлены 717 памятников: итоги экокультурной работы в Казахстане

📌 На заседании Правительства министр культуры и информации Аида Балаева рассказала о результатах в области экокультуры. По ее словам, работа организована в трех направлениях – информационная, организационная и экоконтроль.

✔️ Более 90 тыс. эковолонтеров приняли участие в 15 тыс. мероприятиях, включая инициативу «Киелі мекен», направленную на очистку историко-культурных объектов, в рамках которой были реконструированы 717 памятных мест. В области экоконтроля был проведен общественный мониторинг 300 объектов, охвативший 3 тыс. человек. 600 общественных организаций, экоблогеров и волонтеров активно участвовали в мероприятиях по очистке и озеленению.

🔘 Как подчеркнула Аида Балаева, «Таза Қазақстан» должна стать не просто акцией, а системной идеологической позицией нации. Это также отметил Президент в интервью изданию «Ana tili», где подчеркнул важность экологической чистоты, как высшей ценности для страны.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
«Taza like», «Ayala» және 2025 жылы экологиялық мәдениетті ілгерілетуге арналған басқа да жобалар

📌 2025 жылы елімізде қоршаған ортаның жай-күйін жақсартуға және қоғамды экологиялық бастамаларға тартуға бағытталған жаңа экологиялық мәдениетті қалыптастыру бойынша белсенді жұмыс жалғасатын болады. Бұл туралы Үкімет отырысында мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева баяндады.

🔵 Бірінші бағыт – ауқымды оқиғаларды ұйымдастыру арқылы жаңа экологиялық мәдениетті қалыптастыру. «Taza like» жобасы тәжірибе алмасуға және экологиялық проблемалардың шешімін табуға арналған платформа болады. Бұл іс-шара қоғамдық ұйымдарды, ғалымдар мен бей-жай қарамайтын адамдарды біріктіреді. Жоба Наурыз Ұлттық мерекесінен кейін басталып, еліміздің барлық өңірлерін қамтып, 25 сәуірге дейін жалғасады. Жобаның шарықтау шегі Астанада өтетін ірі Экофестивальмен қорытындыланады. Экология мәселелеріне назар аудару үшін оқушылар мен жастар арасында креативті идеялар жинауға бағытталған «Ayala» арт-фестивалін өткізу жоспарлануда.

🔵 Екінші бағыт – экологиялық білім. Дәстүрлі ақпараттық-ағарту жұмыстарынан басқа, заманауи технологиялық шешімдер белсенді пайдаланылатын болады. Атап айтқанда, E-gov және банктік қосымшалардағы экологиялық оқиғалар туралы халықты кеңінен ақпараттандыруға арналған жаңа «Эко іс-шара» қосымшасы. Қоқыс пен пластикалық бұйымдарды бөлек жинау жұмыстары жалғасады. Сондай-ақ жастар ресурстық орталықтары базасында «Эко хабтар» жобасын кеңейту ұсынылады. «Жасыл мектеп» жобасы 500 мың оқушыны және 3 млн-нан астам ата-ана мен олардың туыстарын тартуға мүмкіндік береді.

Экологияға кино түсіру саласында да көңіл бөлінетін болады. Орманшылар туралы «38» киножобасы, сондай-ақ қоқыс өңдеу зауытын ашып, түрлі экологиялық акциялар өткізетін экоактивист туралы «Ақжауын» сериясы басталады. Бұдан басқа, «Саяхат Time» ұлттық тележобасы іске қосылады, оның мақсаты – Қазақстанның табиғаты мен экологиялық таза жерлеріне ұқыпты қарауды насихаттау және кішкентай көрермендер үшін экологиялық тәрбиені дамытатын 3 анимациялық жоба әзірленеді.

🔵 Үшінші бағыт – экологияға тек ел ішінде ғана емес, одан тыс жерлерде де жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру. Қазақстанның, Әзербайжанның және басқа да елдердің қатысуымен Каспий теңізінің жағалауында плогинг жобасы (жүгіру арқылы қоқыс жинауды да ұйымдастыратын экологиялық қозғалыс) іске асырылатын болады. Қоғамдық экологиялық бақылау жөніндегі республикалық акциялар және қоғамдық кеңестердің, азаматтық қоғамның, бизнестің, оқу орындарының, БАҚ пен еріктілердің қатысуымен эко-патрульдер құру жалғасады.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
UKIMET
«Taza like», «Ayala» және 2025 жылы экологиялық мәдениетті ілгерілетуге арналған басқа да жобалар 📌 2025 жылы елімізде қоршаған ортаның жай-күйін жақсартуға және қоғамды экологиялық бастамаларға тартуға бағытталған жаңа экологиялық мәдениетті қалыптастыру…
«Taza like», «Ayala» и другие проекты для продвижения экологической культуры в 2025 году

📌 В 2025 году в Казахстане будет продолжена активная работа по формированию новой экокультуры, направленной на улучшение состояния окружающей среды и вовлечение общества в экологические инициативы. Об этом на заседании Правительства доложила министр культуры и информации Аида Балаева.

🔵 Первое направление – формирование новой экокультуры через организацию масштабных событий. Проект «Taza like» станет платформой для обмена опытом и поиска решений экологических проблем. Это мероприятие объединит общественные организации, ученых и неравнодушных людей. Проект стартует после Национального праздника Наурыз и продолжится до 25 апреля, охватывая все регионы страны. Кульминацией проекта станет крупный экофестиваль в Астане. Планируется проведение арт-фестиваля «Ayala», который направлен на сбор креативных идей среди школьников и молодежи для привлечения внимания к проблемам экологии.

🔵 Второе направление – экологическое просвещение. Помимо традиционной информационно-просветительской работы, будут активно использоваться современные технологические решения. В частности, новая вкладка «Экомероприятия» в E-gov и банковских приложениях для широкого информирования населения об экологических событиях. Продолжится работа по раздельному сбору мусора и пластиковых изделий. Также предлагается расширить проект «Экохабов» на базе молодежных ресурсных центров. Проект «Зеленая школа» позволит вовлечь 500 тыс. школьников и более 3 млн родителей и их родственников.

Внимание экологии также будет уделено в сфере кинопроизводства. Стартует кинопроект «38» о лесниках, а также сериал «Ақжауын» об экоактивистке, которая открывает мусороперерабатывающий завод и проводит различные экологические акции. Кроме того, будет запущен национальный телепроект «Саяхат Time», цель которого – популяризация бережного отношения к природе и экологически чистых мест Казахстана, и 3 анимационных проекта, развивающих экологичность для маленьких зрителей.

🔵 Третье направление – закрепление ответственного отношения к экологии не только внутри, но и за пределами страны. Будет реализован проект плоггинга (экологическое движение, при котором бег трусцой сочетается со сбором мусора) на набережной Каспийского моря с участием Казахстана, Азербайджана и других стран. Продолжатся республиканские акции по общественному экоконтролю и создание экопатрулей с участием общественных советов, гражданского общества, бизнеса, учебных заведений, СМИ и волонтеров.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Live stream finished (1 hour)
Үкіметте «Таза Қазақстан» экологиялық акциясының іске асырылу барысы қаралды: 2024 жылы акцияға 6,2 млн адам қатысты – 1,1 млн тонна қалдық жиналып, 1,6 млнға жуық ағаш отырғызылды

📌 ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясының іске асырылу барысы туралы мәселе қаралды.

🔘 Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев 2024 жылы акцияға қатысушылардың жалпы саны 6,2 млн адамды құрағанын, 1,1 млн тонна қалдық жиналып, 1,6 млн ағаш отырғызылғанын баяндады.

🔻 Премьер-министр «Таза Қазақстан» акциясының азаматтардың мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру, жалпыадамзаттық құндылықтарды қолдау және табиғатты қорғаудың жаңа идеологиясын қалыптастыру мәселесіндегі маңыздылығын атап өтті.
«Президенттің барлық бастамалары, оның ішінде экология мен қоршаған ортаны жақсарту, заңдылық пен тәртіпті сақтау қағидаты әр адамның ой-санасы мен мінез-құлық мәдениетін қалыптастыруға және сол арқылы жалпыадамзаттық құндылықтарды қолдауға бағытталып отыр.
Олар уақытша науқанға емес, табиғатты аялауға, айналаңа, тарих пен дәстүрге құрметпен қарауға үндейтін қоғамдық жаңа идеология ретінде орнығуы тиіс», — деп атап өтті Олжас Бектенов.


🔵 «Таза Қазақстан» акциясы экологиялық ахуалды жақсарту бағытында кешенді іс-шаралар көзделген 2029 жылға дейінгі ұзақмерзімді тұжырымдама мәртебесіне ие болғаны айтылды.



В Правительстве рассмотрен ход реализации экологической акции «Таза Қазақстан»: в 2024 году участие приняли 6,2 млн человек – собрано 1,1 млн тонн отходов, высажено порядка 1,6 млн деревьев


📌 На заседании Правительства под председательством Премьер-министра РК Олжаса Бектенова рассмотрен вопрос о ходе реализации экологической акции «Таза Қазақстан».

🔘 Министр экологии и природных ресурсов Ерлан Нысанбаев доложил, что за 2024 год общее количество участников акции составило 6,2 млн человек, собрано 1,1 млн тонн отходов, высажено порядка 1,6 млн деревьев.

🔻 Руководитель Правительства подчеркнул значимость акции «Таза Қазақстан» в вопросе формирования культуры поведения граждан, поддержки общечеловеческих ценностей и установления новой идеологии сохранения природы.
«Все инициативы Президента, в том числе по улучшению экологии и окружающей среды, по соблюдению законности и порядка, направлены на формирование здоровой культуры поведения наших граждан, поддержку общечеловеческих ценностей.
Они не ограничиваются только проведением акций или соблюдением законов, а должны способствовать установлению новой идеологии сохранения природы, уважительного отношения к людям, истории и традициям», – подчеркнул Олжас Бектенов.


🔵 Отмечено, что акция «Таза Қазақстан» обрела статус долгосрочной Концепции до 2029 года, которой предусмотрен комплекс мероприятий по улучшению экологической обстановки.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM