UKIMET
18.4K subscribers
10.7K photos
1.82K videos
8.27K links
ҚР Үкіметінің ресми Telegram-каналы/ Официальный Telegram-канал Правительства РК

🌐 Сайт https://primeminister.kz/kz
🔗 Instagram https://instagram.com/primeministerkz
🔗 Facebook https://www.facebook.com/Primeminister.Kaz
🔗 https://t.me/ukimet_points
Download Telegram
Премьер-министр ауаға тарайтын зиянды қалдықтарды азайту жөнінде шаралар қабылдау және карбонды полигондар қалыптастыру үшін жағдай жасауды тапсырды

📌 Үкімет отырысы барысында Премьер-министр Олжас Бектенов «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында азаматтардың экологиялық мінез-құлқын қалыптастыру үшін жағдай жасаудың маңыздылығын атап өтті.
«Кез келген азамат еліміздің киелі табиғатын аялап, тұрғылықты жерін абаттандыруға өз үлесін қоса алады.

Ол үшін экологиялық мәдениет күнделікті өміріміздің ажырамас бөлігіне айналуға тиіс. Барлық мемлекеттік органдар, бизнес пен бүкіл қоғам болып осы жұмыстарға белсенді атсалысуымыз қажет», — деді Олжас Бектенов.


🔘 Көміртегі бейтараптығына қол жеткізу туралы Париж келісіміндегі міндеттемелерге сәйкес, ауаға тарайтын зиянды қалдықтарды азайту үшін тиімді шаралар қабылдау қажеттігі атап өтілді. Осыған байланысты Экология және табиғи ресурстар министрлігіне әкімдіктермен бірлесіп, қоршаған ортаға эмиссияларды бақылаудың автоматтандырылған жүйелерін енгізуді жедел аяқтау тапсырылды.

📌 Премьер-министр қоршаған ортаға, әсіресе кәсіпорындар айналасында ауаға таралған зиянды газдарды азайтатын карбонды полигондар құру арқылы экожүйе қалыптастырудың маңыздылығына назар аударды. Мұндай жобаларды іске асыру үшін Экология және табиғи ресурстар министрлігіне заңнамалық түзетулер әзірлеу жөніндегі тапсырма берілді. Сонымен қатар Президенттің елді мекендерде ағаш отырғызу туралы тапсырмасын орындаудың маңызды екені атап өтілді.



Премьер-министр поручил принять меры по снижению выбросов в атмосферу и обеспечить создание условий для формирования карбоновых полигонов


📌 В ходе заседания Правительства Премьер-министр Олжас Бектенов подчеркнул важность создания условий для формирования экологически ответственного поведения граждан в рамках республиканской акции «Таза Қазақстан».


«Каждый гражданин может внести свой вклад в благоустройство и сохранение уникальной природы нашей страны, сделать ее еще чище и красивее.

Экологическая культура должна стать неотъемлемой частью нашей жизни. Всем государственным органам, бизнесу и общественности надо активно включиться в эту работу», – отметил Олжас Бектенов.


🔘 С учетом обязательств по Парижскому соглашению о достижении углеродной нейтральности отмечена необходимость принять эффективные меры по снижению выбросов в атмосферу. В связи с этим Министерству экологии совместно с акиматами поручено оперативно завершить внедрение автоматизированных систем мониторинга эмиссий в окружающую среду.

📌 Руководитель Правительства также акцентировал внимание на значимости формирования живой экосистемы путем создания карбоновых полигонов, нацеленных на поглощение углерода и снижение воздействия на природу. Поручение по разработке законодательных поправок для реализации таких проектов дано Министерству экологии и природных ресурсов. Вместе с тем отмечена важность исполнения поручения Президента по массовой высадке деревьев.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Орман тәлімбақтарын құру және рұқсат етілмеген қоқыс үйінділерін жою жұмыстарын жандандыру: Премьер-министр «Таза Қазақстан» акциясы аясында бірқатар тапсырма берді

📌 Президенттің бастамасымен іске қосылған «Таза Қазақстан» экологиялық акциясын іске асыру мәселесі бойынша Үкімет отырысы аясында Премьер-министр бірқатар тапсырма берді:

🔵 Жергілікті атқарушы органдар өз өңірлерінде орман питомниктерін құрып, ағаш көшеттерінің жерсініп кетуін қамтамасыз етсін;

🔵 Әкімдіктерге тұрмыстық қалдықтарды өңдейтін жаңа полигондар мен зауыттар ашып, рұқсат етілмеген қоқыс үйінділерін жою және алдын алу жұмыстарын уақтылы жүргізу міндеті қойылды;

🔵 Экология және табиғи ресурстар, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрліктеріне стихиялық қоқыс орындарын анықтау үшін еліміздің аумақтарын ғарыштық бақылаумен қамтуды және мерзімді тексеруді ұлғайту тапсырылды;

🔵 Мәдениет және ақпарат, Оқу-ағарту, Ғылым және жоғары білім министрліктері қоршаған ортаны сақтау және халықтың экологиялық мәдениетін арттыру саласындағы тәрбиелік және түсіндіру жұмыстарын күшейтсін.



Обеспечить создание питомников посадочного материала и активизировать работу по ликвидации несанкционированных свалок: Премьер-министр дал ряд поручений в рамках акции «Таза Қазақстан»

📌 В рамках заседания Правительства по вопросу реализации экологической акции «Таза Қазақстан», запущенной по инициативе Президента, Премьер-министр дал ряд поручений:

🔵 местным исполнительным органам — обеспечить создание в регионах питомников посадочного материала, отмечена важность увеличения приживаемости высаженных деревьев и кустарников;

🔵 перед акиматами поставлена задача по открытию новых заводов по переработке бытовых отходов, а также активизации работы по ликвидации несанкционированных свалок и недопущению их возникновения;

🔵 министерствам экологии и природных ресурсов, цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности поручено увеличить охват и периодичность космического мониторинга территорий для выявления стихийных свалок;

🔵 министерствам культуры и информации, просвещения, науки и высшего образования – усилить воспитательную и разъяснительную работу в сфере сохранения окружающей среды и повышения экологической культуры населения.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Қазақстандық IT-қызметтер экспорты $470 млн-нан асты

🔷 Қазақстан 2024 жылдың 9 айында $471 млн-ға IT-қызметтерді экспорттады. Бұл туралы Үкімет отырысы барысында цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі хабарлады. Оның айтуынша, бұл көрсеткіш 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 26%-ға артық. Дегенмен, 2024 жылдың қорытындысы бойынша одан да жоғары сандар күтілуде. Ведомствоның болжамы бойынша, IT-қызметтер экспортының сомасы шамамен $700 млн-ды құрауы мүмкін.

✔️ Қазақстанның IT-экспортын ілгерілетуде Astana Hub басты рөл атқарады. Ондағы резиденттер саны 1,5 мың компаниядан асты, оның ішінде 400-і халықаралық компания. Олардың жалпы кірісі 2024 жылы 620 млрд теңгені құрады. Бұл ретте экспорттан түсетін табыс – 227 млрд теңге, яғни $479 млн.

🔘 Astana Hub резиденттерінің экспорттық географиясы 90-нан астам елді қамтиды. Astana Hub резиденттерінен басқа «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-ның GovTech өнімдері алғаш рет экспортқа шықты. Мұндай шешімдердің қатарына Smart Data Ukimet, Smart Bridge жəне ИРБП веб-сайт құрастырушысы кіреді.



Казахстанский экспорт IT-услуг превысил $470 млн

🔷 Казахстан за 9 месяцев 2024 года экспортировал IT-услуги на $471 млн. Об этом сегодня в ходе заседания правительства сообщил министр цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности. Этот показатель, по его словам, на 26% больше, чем за аналогичный период 2023-го. Впрочем, внушительные цифры ожидаются и по итогам всего 2024 года. По прогнозам ведомства, сумма экспорта IT-услуг может составить порядка $700 млн.

✔️ Основную роль в продвижении IT-экспорта Казахстана играет Astana Hub. Количество резидентов в нем превысило 1,5 тыс. компаний, в том числе 400 международных. Их общая выручка составила 620 млрд тенге в 2024 году. При этом доход от экспорта – 227 млрд тенге, то есть $479 млн.

🔘 География экспорта резидентов Astana Hub охватывает более 90 стран. Помимо резидентов Astana Hub на экспорт впервые вышли GovTech продукты АО «Национальные Информационные Технологии». Среди таких решений – это платформы Smart Data Ukimet, Smart Bridge и конструктор вебсайтов ЕПИР.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Үкіметте ІТ-қызметтері экспортын дамыту мәселелері қаралды

📌 ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында ІТ-қызметтер мен өнімдер экспортын дамыту мәселелері қаралды.
«Мемлекет басшысы 2026 жылға қарай IT-экспортының жалпы көлемін $1 млрд-қа дәйін жеткізу міндетін қойды.
IT-қызметтер мен өнімдер экспортын ұлғайту бойынша алдағы жұмыстарда өңірлердегі акселерация бағдарламаларын дамытуға және серіктес-инвесторлар қатарын кеңейтуге баса назар аудару керек. Осы саланың қозғаушы күші өңірлік IT-хабтар мен венчурлік қорлар болуы тиіс», — деп атап өтті Олжас Бектенов.


Премьер-министр Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, Astana Hub және Қарағанды террикон алқабының үлгісі бойынша өңірлік IT-хабтарды қолдау жөніндегі жол картасын әзірлеу міндетін қойды. Әкімдіктерге қаржыландыру мәселесін жедел шешу тапсырылды.

Үкімет отырысы барысында ІТ-компаниялары өкілдері: Netcracker Technology компаниясы кеңселерінің техникалық директоры Павел Городов, Higgsfield АІ компаниясының бас директоры Ерзат Дулат, Grand Mobile бас директоры Роман Линейцев сөз сөйледі.

🔘 Премьер-министр ІТ-қызметі қызметтер мен өнімдер экспорттауға бағытталған IT-компаниялар үшін мемлекеттік қолдау шараларын өзектендіруді тапсырды.

🔘 Венчурлық қор құру рәсімдерін жеделдету қажеттігіне ерекше назар аударылып, қор көлемі 2025 жылдың соңына қарай $1 млрд-қа дейін жеткізілді, осыған байланысты Цифрлық даму министрлігіне наурыз айының соңына дейін Qazaqstan Venture Group басқарушы компаниясын құру және лицензиялау жұмыстарын аяқтау тапсырылды.

Сонымен қатар ғылыми және ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу рәсімдерінің барлығын цифрландыру міндеті қойылды. Премьер-министр тиісті платформа қазір жұмыс істеп тұрғанына назар аударды. Мемлекеттік органдарды, квазимемлекеттік сектор мен жер қойнауын пайдаланушыларды қосу қажет. Нәтижесінде, бұл отандық инновациялық әзірлемелерге деген сұранысты арттырып, олардың халықаралық нарықтарға шығуына ықпал етеді.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
UKIMET
Үкіметте ІТ-қызметтері экспортын дамыту мәселелері қаралды 📌 ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында ІТ-қызметтер мен өнімдер экспортын дамыту мәселелері қаралды. «Мемлекет басшысы 2026 жылға қарай IT-экспортының жалпы…
В Правительстве рассмотрены вопросы развития экспорта IТ-услуг

📌 На заседании Правительства под председательством Премьер-министра РК Олжаса Бектенова рассмотрены вопросы развития экспорта IТ-услуг и продуктов.

«Глава государства поставил задачу к 2026 году довести уровень IT-экспорта до 1 млрд долларов.
Дальнейшая работа по росту экспорта IT-услуг и продуктов должна сконцентрироваться на развитии акселерационных программ в регионах и расширении круга партнеров-инвесторов. Локомотивами должны стать региональные IT-хабы и венчурные фонды», – отметил Олжас Бектенов.


Руководитель Правительства поставил перед Министерством цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности совместно с местными исполнительными органами задачу по разработке дорожной карты по поддержке региональных IT-хабов по примеру Astana Hub и Карагандинской терриконовой долины. Акиматам поручено также оперативно решить вопросы их финансирования.

В ходе заседания Правительства выступили представители IТ-компаний: технический директор офисов компании Netcracker Technology Павел Городов, генеральный директор компании Higgsfield AI Ерзат Дулат, генеральный директор Grand Mobile Роман Линейцев.

🔘 Руководитель Правительства поручил актуализировать меры государственной поддержки для IT-компаний, деятельность которых направлена на экспорт услуг и продуктов.

🔘 Отдельно отмечена необходимость ускорения процедур создания Венчурного фонда с доведением его объема к концу 2025 года до $1 млрд. В связи с этим Министерству цифрового развития до конца марта поручено завершить работу по созданию и лицензированию управляющей компании Qazaqstan Venture Group.

Кроме того, поставлена задача по оцифровке всех процедур проведения научных и научно-исследовательских работ. Премьер-министр обратил внимание на то, что соответствующая платформа уже функционирует. Необходимо подключить государственные органы, квазигосударственный сектор и недропользователей, что позволит повысить востребованность отечественных инновационных разработок и содействовать их выходу на международные рынки.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Бағдарламалық қамтамасыз етудің жаһандық әзірлеушісі Netcracker Қазақстанда IT-сектор үшін кадрлар даярлауда

📌 Бірегей бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу саласындағы әлемдік көшбасшы Netcracker Қазақстанда жұмысын кеңейтуде. Компания өзінің ұзақ мерзімді стратегиясы аясында телекоммуникация саласындағы жаһандық жобалармен жұмыс істеу үшін жоғары білікті мамандарды даярлауды бастады.

🔘 Бүгінгі таңда Қазақстанда Netcracker-дің екі өкілдігі – Алматы мен Орал қаласында жұмыс істейді, онда 1 мыңнан астам адам қызмет етеді. Сондай-ақ компания өңірлерде оқу орталықтарын құра отырып, еліміздің жоғары оқу орындарымен белсенді ынтымақтасуда. Оқытудан өткен 10 адам жобаларды әзірлеу және одан әрі іске асыру бойынша жұмыс істеп жатыр. Тағы 40 жас маман, негізінен ЖОО студенттері мен түлектері телекоммуникация саласында өз дағдыларын дамыта отырып, тәжірибеден өтеді.

«Біздің басымдық беріп отырғанымыз – жергілікті жерлерде жоғары технологиялық жобаларды әзірлеу. Оған ірі жоғары оқу орындарының студенттері мен түлектері тартылды. Оралда – Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті, Алматыда – ҚБТУ және СДУ түлектері. Болашаққа арналған жоспарымыз – оқу орталықтарын жылына екі рет тұрақты қызметпен қамту және Netcracker-Қазақстан компаниясын Netcracker жаһандық жобаларына біріктіруді жалғастыру. Осылайша біздің жоспарымызда экспорттық кірісті ұлғайту бар», — атап өтті Netcracker-Қазақстан компаниясы кеңселерінің техникалық директоры Павел Городов.


📌 Премьер-министр компанияның отандық IT-индустрияны дамытуға қосқан үлесін атап өтті. Цифрлық даму министрлігіне Netcracker үлгісі бойынша Қазақстанға ақпараттық технологиялар саласындағы ірі ойыншыларды тарту жөніндегі жұмысты күшейту тапсырылды.



Глобальный разработчик программного обеспечения Netcracker готовит в Казахстане кадры для IT-сектора

📌 Мировой лидер в области создания уникального программного обеспечения Netcracker расширяет присутствие в Казахстане. В рамках своей долгосрочной стратегии компания начала подготовку высококвалифицированных специалистов для работы над глобальными проектами в телекоммуникационной отрасли.

🔘 На сегодня в Казахстане работают два представительства Netcracker – в Алматы и Уральске, где трудятся свыше 1 тыс. человек. Компания также активно сотрудничает с вузами страны, создавая в регионах учебные центры. 10 человек, прошедшие обучение, уже работают над разработкой и последующей реализацией проектов. Еще 40 молодых специалистов, преимущественно студенты и выпускники вузов, проходят практику, развивая свои навыки в телекоммуникационной сфере.

«Наш приоритет создание высокотехнологичных проектов здесь на местах. В проекты вовлечены студенты и выпускники крупных вузов. В Уральске – Западно-Казахстанский аграрно-технический университет, в Алматы – КБТУ и СДУ. Планы на будущее – перевести учебные центры на стабильный поток – два раза в год и продолжить интегрировать Netcracker Казахстан в глобальные проекты Netcracker. Таким образом в наших планах увеличение экспортной выручки», — отметил технический директор офисов компании Netcracker-Казахстан Павел Городов.


📌 Премьер-министр отметил вклад компании в развитие отечественной IT-индустрии. Министерству цифрового развития поручено оказать поддержку разработчику, а также усилить работу по привлечению в Казахстан крупных игроков в сфере информационных технологий, по примеру Netcracker.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Жұмысшы мамандықтары жылы: Абай облысындағы техникалық және кәсіптік білім беру саласын жаңа деңгейге көтеруге ниетті

📌 Кадрларды даярлау сапасын қамтамасыз ету үшін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жұмысшы мамандықтары бойынша 1,6 мың кәсіби стандартын жаңартты, білім беру бағдарламаларының 87%-ы соларға негізделген. Болжамдарға сәйкес, таяу жылдары жұмысшы мамандарға деген қажеттілік тек арта түседі. Алдағы 6 жылда жалпы сұраныс 1,6 млн адамды құрайды, оның жартысынан астамы кәсіптік-техникалық білімі бар жұмысшыларға тиесілі болса, ал олардың 400 мыңға жуығы – жұмысшы мамандықтары мамандары. Осылайша, Абай облысында техникалық және кәсіптік білім беру саласын жаңғырту көзделіп отыр. Мемлекет басшысы жариялаған Жұмысшы мамандықтары жылы аясында өңірде оқытудың жаңа бағыттарын ашып, студенттерді жатақханамен қамтамасыз ету мәселелерін шешу жоспарланып отыр.

💬 «Біз техникалық және кәсіптік білім беру саласында үлкен өзгерістер күтеміз. Бүгінде жұмысшы мамандар даярлау – басты назарда. Біздің "Геодезия, картография және құрылыс жоғары колледжінде" оқытылатын мамандықтар – қазіргі таңда еңбек нарығында тапшы. Техникалық және кәсіптік білім беру саласында ұсынылып отырған өзгерістер аясында біз оқытудың жаңа бағыттарына көшетінімізге сенімдіміз», — деп атап өтті Геодезия, картография және құрылыс жоғары колледжінің директоры Қаныш Төлеуов.

💬 «Президент шешімі еліміздің техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіне жаңғырту жүргізуге мүмкіндік ашады деп ойлаймын. Осы жыл біздің студенттердің жоғары және сапалы деңгейде техникалық және кәсіптік білім алуына мүмкіндік береді. Алдағы үш жылда басқа қалалардан келген барлық студентті жатақханамен қамтамасыз ету көзделіп отыр. Біздің колледжден жыл сайын 250-ге жуық түлек бітіріп шығады. Оның 90%-дан астамы жұмысқа орналасады», — деп атап өтті IT және жаңа технологиялар жоғары колледжінің директоры Оралхан Сартаев.



Год рабочих профессий: Сферу технического и профессионального образования в области Абай намерены вывести на новый уровень

📌 Для обеспечения качества подготовки кадров Министерством труда и социальной защиты населения обновлено 1,6 тыс. профессиональных стандартов по рабочим профессиям, на их базе – 87% образовательных программ. Согласно прогнозам, в ближайшие годы потребность в рабочих кадрах будет только нарастать. Совокупный спрос в перспективе 6 лет оценивается в 1,6 млн человек, из которых на работников с профтехобразованием будет приходиться более половины, и порядка 400 тыс. человек из них представляют собой именно специалистов рабочих профессий. Так, в области Абай планируют провести модернизацию сферы технического и профессионального образования. В рамках объявленного Главой государства Года рабочих профессий в регионе планируют открыть новые направления обучения и решить вопросы обеспеченности студентов общежитиями.

💬 «Мы ожидаем больших изменений в сфере технического и профессионального образования. На сегодня основное внимание уделяется именно подготовке специалистов рабочих профессий. Специальности, которым обучает наш «Высший колледж геодезии, картографии и строительства», на сегодня являются дефицитными на рынке труда. Уверен, что в рамках предлагаемых изменений в сфере технического и профессионального образования мы перейдем также на новые направления обучения», — отметил директор Высшего колледжа геодезии, картографии и строительства Каныш Тулеуов.

💬 «Думаю, что данное решение позволит системе технического и профессионального образования Казахстана провести модернизацию. Данный год предоставит возможность получения технического и профессионального образования нашими студентами на более высоком и качественном уровне. Предполагается, что за эти три года обеспечат всех иногородних студентов комфортабельным жильем в студенческих общежитиях. Ежегодно наш колледж выпускает до 250 выпускников. Трудоустраиваются более 90%», — подчеркнул директор Высшего колледжа IT и новых технологий Оралхан Сартаев.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
📣 Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен 2025 жылғы 28 қаңтарда Қазақстан Республикасы Үкіметінің кеңейтілген отырысы өтеді

➤ Отырыс барысында еліміздің былтырғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары шығарылып, Үкіметтің алдағы кезеңге арналған негізгі міндеттері айқындалады.

➤ Сонымен қатар Премьер-Министр Олжас Бектенов, Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов және бірқатар өңірдің әкімдері баяндама жасайды.

t.me/aqorda_resmi
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
📣 28 января 2025 года под председательством Главы государства Касым-Жомарта Токаева состоится расширенное заседание Правительства Республики Казахстан

➤ В ходе заседания будут подведены итоги социально-экономического развития страны за 2024 год и сформулированы ключевые задачи Правительства на предстоящий период.

➤ Будут заслушаны доклады Премьер-министра Олжаса Бектенова, председателя Национального банка Тимура Сулейменова и акимов ряда регионов.

t.me/aqorda_resmi
Серік Жұманғарин ЭЫДҰ өкілі Антонио Капобьянкомен кездесті

📌 ЭЫДҰ өкілі Антонио Капобьянко және БҚДА-мен кездесу Қазақстанның бәсекелестік заңнамасы мен саясатының екінші шолуын дайындау бойынша ЭЫДҰ-ның Қазақстандағы миссиясы аясында өтті. 

🔷 Тараптар Қазақстанның бәсекелестікті дамыту және Қазақстан экономикасын ырықтандыру саласындағы жуырдағы бастамаларын талқылады. Атап айтқанда, БҚДА жанынан Ұлттық жекешелендіру кеңсенің құрылуын әрі оның кәсіпкерлікке мемлекеттің қатысуын азайту жөніндегі жоспарларын оң атап өтті. ЭЫДҰ өкілдері Қазақстанның бәсекелестік заңнамасы мен саясатының екінші шолуын дайындауға материал жинау үшін басқа да мемлекеттік органдар және халықаралық ұйымдар басшыларымен бірқатар кездесу өткізуді жоспарлап отыр.

🌐 Толығырақ primeminister.kz сайтында.



Серик Жумангарин встретился с представителем ОЭСР Антонио Капобьянко  

📌 Встреча с представителем ОЭСР Антонио Капобьянко и АЗРК состоялась в рамках рабочей миссии Организации экономического сотрудничества и развития в Казахстан для подготовки Второго обзора конкурентного законодательства и политики Казахстана. 

🔷 Стороны обсудили недавние инициативы Казахстана в сфере развития конкуренции и либерализации экономики Казахстана. В частности, положительно отметив создание Национального офиса по приватизации при АЗРК и его планы по снижению государственного участия в предпринимательстве. Представители ОЭСР планируют провести еще ряд встреч с руководителями других государственных органов и международных организаций для сбора материала к подготовке Второго обзора конкурентного законодательства и политики Казахстана. 


🌐 Подробнее на сайте primeminister.kz

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Олжас Бектенов сарапшылармен экономиканы одан әрі дамыту мәселелерін талқылады

📍 Премьер-министр Олжас Бектенов экономика және кәсіпкерлік саласындағы сарапшылар қауымдастығының өкілдерімен кездесті.

🔷 Кездесудің басты мақсаты – экономиканың тұрақты өсуіне қол жеткізу бойынша Үкіметтің экономикалық блогының шаралары мен тәсілдерін талқылау. Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин еліміздегі қазіргі экономикалық жағдай туралы баяндап, өнеркәсіпті дамыту, инфрақұрылымды жаңғырту, өңірлерде өсімнің жаңа мүмкіндіктерін іске қосу жөніндегі міндеттерді шешу үшін салық-бюджет реформасын жүргізу тәсілдерін айтты.

⚖️ Кездесуге қатысушылар мемлекеттік қаржыны тұрақтандыру және оларды тиімді пайдалану шаралары бекітілген жаңа Салық және Бюджет кодекстері жобаларын талқылады.

🔘 Кездесу барысында «Атамекен» ҰКП төралқа төрағасы Райымбек Баталов, «Қазақстан машина жасаушылар одағы» ЗТБ басқарма төрағасы Мейрам Пішембаев, «Тау-кен өндіру және тау-кен металлургия кәсіпорындарының республикалық қауымдастығы» ЗТБ атқарушы директоры Николай Радостовец, «Қазақстанның құрылыс салушылар қауымдастығы» ЗТБ президенті Виктор Микрюков, «Атамекен» ҰКП төралқасы Фармацевтикалық, медициналық өнеркәсіп және медициналық қызметтер комитетінің төрағасы Нұржан Отарбаев, «Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы» ЗТБ Кеңесінің төрағасы Елена Бахмутова, «KAZENERGY» Қазақстан мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдарының қауымдастығы» ЗТБ төрағасы Мағзұм Мырзағалиев ұсынылып отырған өзгерістердің экономиканың түрлі салаларына әсері туралы айтты.

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Директорлар кеңесінің төрағасы Жақсыбек Құлекеев, «NAC Analytica» Корпоративтік қоры басқармасының төрағасы Расул Рысмамбетов, «Dasco Consulting group» ЖШС басқарушы серіктесі Дәрмен Сәдуақасов, «Fortune Partners» ЖШС бас директоры, MNU салық құқығы мектебінің басшысы Дана Тоқмурзина, ҚМ Мемлекеттік қаржы жөніндегі қоғамдық кеңесінің төрағасы Рустам Жүрсінов, «Комментарий» талдау тобының жетекшісі, экономист Эльдар Шамсутдинов байыпты пікірлерін ортаға салды. Сондай-ақ талқылауға «Талап» Қолданбалы зерттеулер орталығының директоры Рахым Ошақбаев, «DESHT» талдау орталығының жетекшісі Қуаныш Жайықов, экономист Ғалымжан Айтқазин, тәуелсіз қаржы сарапшысы Андрей Чеботарев, «Visor Kazakhstan» инвестициялық компаниясының басқарушы серіктесі Алмас Чукин және басқалар қатысты.

📌 Премьер-министр кездесуге қатысушыларға сындарлы диалог үшін алғыс білдіріп, Ұлттық экономика, Қаржы министрліктеріне салық-бюджет саласын реформалау мәселелері бойынша айтылған ұсыныстарды пысықтауды тапсырды.

«Президент нақты секторды дамытуды күшейте отырып, экономика құрылымын өзгерту міндетін қойды. Сондықтан талқыланатын реформалар еліміз үшін маңызды. Салық-бюджет реформасы экономиканы одан әрі дамыту жөніндегі жұмысты жетілдірудің пәрменді тетігі болмақ», — деп атап өтті Олжас Бектенов.


Үкімет экономикалық өсуді ынталандырудың барынша тиімді шараларын пысықтау үшін сарапшылармен белсенді түрде жұмыс істеуді жалғастыруда.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM