ҚДКБҚ | КФГД
303 subscribers
779 photos
10 videos
3 files
429 links
Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры | Казахстанский фонд гарантирования депозитов

🌐 Сайт: www.kdif.kz

📢 Чат: www.t.me/KDIF_ask
Download Telegram
Біз көптеген постарымызда агент банктерді тілге тиек етеміз және соған сәйкес кейбір оқырмандар олардың қандай банктер екендігін және қандай қызметтер атқаратындығын сұрайды.

Агент банк – бұл, депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне қатысушы және ҚДКБҚ-мен жасасқан агенттік келісім негізінде өтем төлеу рәсімін жүзеге асырушы банк.

Агент банкте өтем алуға өтініш тек қағаз жүзінде қабылданады. Салымшының жеке басын куәландыратын құжаты болуы керек. Салымшылардың сенімхат бойынша өкілдері, мұрагерлері және өзге де құқық иеленушілері жүгінген жағдайда сенімхат, мұрагерлік құқығы туралы куәлік немесе төлем алу құқығын растайтын басқа да құжаттар ұсынылады.

Қазіргі уақытта «Tengri Bank» АҚ, «AsiaCredit Bank (АзияКредит Банк)» АҚ, «Capital Bank Kazakhstan» АҚ және «Астана Банкі» АҚ-тағы кепілдендірілген депозиттер бойынша Қор атынан және есебінен кепілдік берілген өтемді төлейтін агент банк - «Еуразиялық банк» АҚ. ВТБ Банк (Қазақстан) ЕҰ АҚ - «Qazaq Banki» АҚ-тың агент банкі. Ал «Delta Bank» АҚ агент банкі – «Банк ЦентрКредит» АҚ. Толыққанды ақпаратты ҚДКБҚ сайтының «Таратылатын банктер» бөлімінің «Төлемдер бойынша ағымдағы мәртебе» парақшасынан оқып білуге болады.

#қаржылықсауаттылық