ҚДКБҚ | КФГД
304 subscribers
760 photos
10 videos
3 files
415 links
Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры | Казахстанский фонд гарантирования депозитов

🌐 Сайт: www.kdif.kz

📢 Чат: www.t.me/KDIF_ask
Download Telegram
Егер бір банкте менің бірнеше депозитім болса, олар бойынша кепілдік берілетін жалпы сома 15 миллион теңгені құрайды. Ал егер басқа банкте бірнеше депозит ашатын болсам, олар бойынша да кепілдік сомасы 15 миллион теңге бола ма? Яғни мен барлығы 30 миллион теңге аламын ба?

Бір банкте түрі мен валютасы бойынша әртүрлі депозиттер аша отырып, Сіз 15 миллион теңгеден аспайтын сомада жиынтық кепілдік берілген өтем алуға құқылысыз. Бірнеше банкте орналастырылған депозиттерге әрбір банк бойынша жеке-жеке кепілдік беріледі. Егер Сіздің екі банктегі депозиттеріңізге берілген жиынтық кепілдік сома әрбір банк бойынша 15 миллион теңгеден аспайтын болса, сақтандыру уақиғасы туындаған жағдайда барлық 30 миллион теңгені ала аласыз. Бір банктегі барлық депозиттер бойынша жиынтық өтем әрбір депозит түрі бойынша бекітілген шекті соманы ескере отырып, төленеді.
#сұрақжауап