ҚДКБҚ | КФГД
321 subscribers
1.01K photos
64 videos
3 files
577 links
Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры | Казахстанский фонд гарантирования депозитов

🌐 Сайт: www.kdif.kz

📢 Чат: www.t.me/KDIF_ask
Download Telegram
2021 жылдың 01 желтоқсанына қарай Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры арнайы резерінің көлемі 682 млрд жуық теңгені құрады. Ал Қордың Жарғылық капиталының 70%-ын қоса есептегенде 847 млрд астам теңгеден асты. Бұл Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру жүйесіне қатысушы банктердегі кепілдік берілген барлық депозиттер сомасының шамамен 6,7%-ын құрайды.

Яғни Депозиттерге кепiлдiк беру туралы Заңда көрсетілген мақсатты деңгейден (5%) жоғары. Халықаралық стандарттарға сәйкес депозиттерді қорғау жүйесінің резервтері бүкіл қаржы жүйесіндегі депозиттік базаны өтеуге емес, алдағы күтілетін залалдардың деңгейіне сәйкес қалыптастырылады. Қордың арнайы резерві жеке тұлғалардың кепілдік берілген депозиттері бойынша өтем төлеуге толығымен жеткілікті. Ол қатысушы банктердің жарналары есебінен қалыптасады және тұрақты түрде инвестицияланады.

Қазіргі уақытта Қор кепілдіктері еліміздегі бүкіл банк секторының депозиттік базасындағы шоттардың 99,8 пайызын толық көлемде қамтиды.
Объем специального резерва КФГД в ноябре превысил 847 млрд тенге.

Спецрезерв формируется из взносов банков. Сумма накапливается и инвестируются. На 1 декабря текущего года показатель составил 682 млрд и с учетом 70% уставного капитала КФГД общий объем специального резерва достиг 847 млрд тенге.

Имеющийся уровень спецрезерва КФГД (6,3% от всех депозитов) находится выше целевого уровня, требуемого законом о гарантировании депозитов – не менее 5% от суммы всех гарантируемых депозитов.

По международным стандартам резервы системы защиты депозиторов должны соответствовать уровню ожидаемых убытков, а не покрывать депозитную базу самых крупных банков или всей финансовой системы.
При этом на сегодняшний день 99,8% счетов вкладчиков в полном объеме покрыты гарантией КФГД.
Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры банктермен бірлесіп сауалнама жүргізді. Мақсат – қазақстандықтардың депозиттерге кепілдік беру жүйесі туралы қаншалықты хабардар екендіктерін, ақшаны айналымға салуда, банкті және банк салымын таңдауда қандай жайттарға мән беретіндіктерін анықтау.

Сауалнама нәтижесі жауап берушілердің аталмыш жүйе туралы хабардарлығының жоғары деңгейде екендігін паш етті: 70%-ы депозиттерге кепілдік берілген максималды сомалар туралы, оның ішінде жинақ салымдар бойынша кепілдік берілген соманың жоғары екендігін, 76%-ы кепілдік берілген өтемді Қор төлейтіндігін, 68%-ы кепілдік берілген өтемнің ұлттық валютада төленетіндігін жақсы біледі.

Сауалнаманы жүргізуге 14 банк атсалысты. Барлығы аталмыш жүйенің қатысушылары. Сұрақтарға жауап беруге еліміздің 128 қаласы мен басқа да елдімекендерінен 16 мен 79 жас аралығындағы 2 773 адам қатысты. Халық арасында қаржылық сауаттылықты арттыру жұмыстары жалғасады.
КФГД совместно с банками второго уровня провел опрос и выяснил уровень информированности населения о системе гарантирования депозитов.

Анализ ответов показал, что 70% опрошенных знают о максимальной сумме гарантийного возмещения, в том числе о высокой гарантии по сберегательным вкладам. О том, что за гарантийным возмещением в пределах установленной нормы нужно обращаться в КФГД, знают 76% респондентов. О необходимости обратиться в ликвидационную комиссию за суммой, превышающей максимально гарантированную, знают 74% опрошенных. Согласно Закону РК «О банках и банковской деятельности в Республике Казахстан», ликвидационная комиссия выдает возмещение в порядке очередности.

Отметим, что деньги, выплачиваемые депозиторам, берутся не из государственного бюджета (как подумали 13% опрошенных), а из специального резерва КФГД. О том, как формируется спецрезерв, мы писали в предыдущем посте.
Всего в опросе приняли участие 2 773 респондента в возрасте от 16 до 79 лет из 128 населенных пунктов страны.
В какой валюте казахстанцы хранят свои сбережения и как изменились совокупные объемы депозитов в 3 квартале?
Более подробную информацию Вы можете узнать из ежеквартального аналитического обзора КФГД. Ссылка на материал https://kdif.kz/press-tsentr/analiticheskie-obzory/?bitrix_include_areas=Y
Қазақстандықтар жинақ ақшаларын қай валютада сақтайды
және 3-тоқсанда депозиттердің жиынтық көлемі қалай өзгерді?
Толық ақпаратты Қордың тоқсан сайынғы талдамалық шолуынан біле аласыз.
Материалға сілтеме https://kdif.kz/kz/press-tsentr/analiticheskie-obzory/
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Қымбатты достар, баршаңызды Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтаймыз!

Ашық аспан, тұрақтылық және әр үйге жылулық тілейміз!

🇰🇿🇰🇿🇰🇿

Дорогие друзья, поздравляем Вас с Днем Независимости Республики Казахстан!

Желаем мирного неба над головой, стабильности и тепла в каждый дом!
Егер бір банкте менің бірнеше депозитім болса, олар бойынша кепілдік берілетін жалпы сома 15 миллион теңгені құрайды. Ал егер басқа банкте бірнеше депозит ашатын болсам, олар бойынша да кепілдік сомасы 15 миллион теңге бола ма? Яғни мен барлығы 30 миллион теңге аламын ба?

Бір банкте түрі мен валютасы бойынша әртүрлі депозиттер аша отырып, Сіз 15 миллион теңгеден аспайтын сомада жиынтық кепілдік берілген өтем алуға құқылысыз. Бірнеше банкте орналастырылған депозиттерге әрбір банк бойынша жеке-жеке кепілдік беріледі. Егер Сіздің екі банктегі депозиттеріңізге берілген жиынтық кепілдік сома әрбір банк бойынша 15 миллион теңгеден аспайтын болса, сақтандыру уақиғасы туындаған жағдайда барлық 30 миллион теңгені ала аласыз. Бір банктегі барлық депозиттер бойынша жиынтық өтем әрбір депозит түрі бойынша бекітілген шекті соманы ескере отырып, төленеді.
#сұрақжауап
Если у меня в одном банке несколько депозитов, то общая сумма гарантии по ним составляет 15 миллионов тенге. А если я открою депозиты в другом банке, по ним тоже будет гарантия 15 миллионов? То есть я получу все 30 миллионов?

Открывая депозиты, различные по виду и валюте, в одном банке, вы вправе получить совокупную сумму гарантийного возмещения, не превышающую 15 млн тенге. Депозиты, размещенные в нескольких банках, гарантируются отдельно по каждому банку. Если совокупная сумма гарантийного возмещения ваших депозитов в двух банках не превышает 15 млн тенге в каждом, то при наступлении страховых случаев вы сможете получить все 30 млн тенге.

Совокупная сумма по всем депозитам в одном банке  выплачивается с учетом пределов, установленных по каждому виду депозита
#вопросыответы
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Құрметті достар!
Сіздерді келе жатқан Жаңа жылмен құттықтаймыз!
Дендеріңізге саулық, шаңырақтарыңызға құт-береке, қызметте толағай табыстар тілейміз!

🎄🎄🎄

Дорогие друзья, поздравляем вас с Наступающим новым годом! Желаем благополучия, достатка, добра и счастья!
Қазақстанның депозиттерге кепілбері қоры теңгедегі жинақ депозиттер бойынша кепілдік берілген максималды соманы 20 млн теңгеге дейін ұлғайтады. Тиісті өзгерістер «Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегі банктерiнде орналастырылған депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру туралы» ҚР Заңына енгізілді және бүгін, ақпанның 11-нен бастап күшіне енеді.

Жаңа өзгерістерге сәйкес бір банкте түрі мен валютасына қарай жинақ салымы және басқа да депозиттері бар салымшылар үшін ҚДКБҚ-ның жиынтық кепілдік берілген максималды сомасы да өседі. Бұл жағдайда жиынтық кепілдік берілген максималды сома 20 млн теңгені құрайды.
Казахстанский фонд гарантирования депозитов повышает максимальную сумму гарантии по сберегательным депозитам в тенге до 20 млн тенге. Соответствующие изменения были внесены в Закон РК «Об обязательном гарантировании депозитов, размещенных в банках второго уровня Республики Казахстан» и вводятся в действие сегодня, 11 января 2022 года.

Также изменения предусматривают повышение максимальной суммы совокупной гарантии КФГД для вкладчиков, имеющих в одном банке как сберегательный вклад, так и другие депозиты, различные по видам и валюте. В этом случае максимальная совокупная сумма гарантии составит также 20 млн тенге.