ҚДКБҚ | КФГД
321 subscribers
1.01K photos
64 videos
3 files
577 links
Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры | Казахстанский фонд гарантирования депозитов

🌐 Сайт: www.kdif.kz

📢 Чат: www.t.me/KDIF_ask
Download Telegram
Қазақстандықтардың депозиттері қаншалықты қорғалған? Банк лицензиясынан айырылған жағдайда, мемлекет тарапынан қандай сомалардың сақталуына кепілдік берілген?

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының сарапшылары 24kz телеарнасы журналистерінің сұрақтарына жауап берді.

🔷 Материалмен мына сілтеме бойынша өтіп, танысып шығуға болады:

https://www.youtube.com/watch?v=ia4KZC4Tmvs

***

Насколько защищены депозиты казахстанцев? Какие суммы застрахованы государством на случай, если банк лишат лицензии?

Эксперты Казахстанского фонда гарантирования депозитов ответили на вопросы журналистов телеканала 24kz.

🔷 С материалом можно ознакомиться, пройдя по ссылке:

https://www.youtube.com/watch?v=ia4KZC4Tmvs
Біз бүгін депозиттік сертификат деп аталатын қаржы құралы туралы әңгімелейміз.

Оның не екендігі, үйреншікті банк депозитінен несімен ерекшеленетіндігі, қандай артықшылықтары және тәуекелдері бар екендігі туралы «Білу құқығы» бағдарламасының осы шығарылымынан білетін боласыздар.

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының мамандары осы тақырып бойынша түсініктеме берді.

🟢 Шығарылыммен мына жерден танысып шығуға болады:

https://www.youtube.com/watch?v=kgZL69Uw3No


***

Сегодня мы расскажем о таком финансовом инструменте, как депозитный сертификат. Что это такое, чем он отличается от привычного банковского депозита, в чём выгода и каковы риски, узнаете в этом выпуске программы «Право знать».

Специалисты Казахстанского фонда гарантирования депозитов дали свои комментарии по данной теме.

🟢 С выпуском можно ознакомиться здесь:

https://www.youtube.com/watch?v=kgZL69Uw3No
Банкте депозит ашып жатып нені естен шығармау керек, деп ойлайсыз? Әрине, барлық банктердегі жинақ ақшаларыңыздың, банкпен салым шартын жасасқан сәттен бастап, Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының (ҚДКБҚ) қорғауына алынатындығын. Қордың кепілдіктері депозиттердегі, шоттардағы, төлем карточкаларындағы ақшалары, сондай-ақ салымдар бойынша банк лицензиясынан айырылған күнге қарай есептелген сыйақыларға қолданылады.

Сонымен, нені есте сақтау керек

Лицензиясынан айырылған банктің салымшыларына ҚДКБҚ кепілді өтем төлейді. Оның көлемі шектеулі және ұлттық валютада төленеді:

• 20 млн теңге – теңгелік жинақ салымдар (депозиттер) бойынша;
• 10 млн теңге – теңгедегі өзге депозиттер, шоттар және карточкалар бойынша;
• 5 млн теңге – шетел валютасындағы депозиттер, карточкалар және шоттар бойынша (банкті лицензиясынан айырған күнге қарай нарықта белгіленген валюта айырбастау бағамы бойынша).

ҚДКБҚ кепілдіктері жеке тұлғалар мен дара кәсіпкерлердің, сондай-ақ ҚР бейрезиденттеріне қолданылады.

Сақтандыру жағдайы туындаған кезде өтем төлеуге өтініштер қабылдау ҚДКБҚ-ның төлем басталғаны туралы жариялаған хабарламасынан кейін 5 жұмыс күні ішінде басталады. Өтем алуға төлем басталған күннен бастап 1 жыл ішінде жүгінуге болады.

Егер салымшының бір банкте түрі мен валютасына қарай әрқалай бірнеше депозиті бар болса, өтем қалай есептеледі?

Бұл жағдайда барлық депозиттер бойынша жиынтық қалдық сомаға кепілдік беріледі. Бірақ ол 20 млн теңгеден асырылмайды. Бұл ретте әрбір салым түрі бойынша кепілді соманың шекті мөлшері ескеріледі. Мысалы, салымшының бір банкте жинақ депозитінде 11 млн теңгесі, ал ұлттық валютадағы екі ағымдағы шоттарында 4 және 10 млн теңгесі бар. Банк лицензиясынан айырылған жағдайда салымшы 20 млн теңге мөлшерінде жиынтық кепілді өтем сомасын алады (жинақ салым бойынша – 11 млн теңге және екі ағымдағы шот бойынша – 9 млн теңге).

Ал кепілдік берілген максималды өтем сомасынан асатын 5 млн теңгені салымшы таратылатын банктің тарату комиссиясынан «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» ҚР Заңында белгіленген кезектілік тәртібімен алады.

Салымшылар өздеріне тиесілі өтем сомасын мына сілтеме: https://www.kdif.kz/kz/depozity-i-garantiya/kalkulyator/ арқылы өтіп, Қор сайтының «Депозиттер және кепілдіктер» деп аталатын бөлімінде орналасқан калькулятордың көмегімен оп-оңай есептей алады.

Қор қандай кеңес береді?

Егер жинақ ақша, кепілдік берілген максималды өтем сомасынан асатын болса, онда басқа банктен қосымша депозит ашқан жөн. Өйткені кепілдік әрбір банк бойынша жеке-жеке беріледі.

Депозиттерге кепілдік беру жүйесі туралы толығырақ @kdif_ask Тelegram-чатынан білуге болады. Мұнда өзіңізді қызықтырған сұрақтарды тікелей қойып, оларға ҚДКБҚ өкілдерінен жауап алуға мүмкіндік бар.
Как вы думаете, о чем необходимо помнить, открывая депозит в банке? Конечно, о том, что ваши сбережения во всех банках, за исключением исламских, находятся под защитой КФГД с момента заключения договора банковского счета или вклада. Гарантия Фонда распространяется на деньги, которые были размещены на депозитах, счетах, платежных карточках, а также на вознаграждение по вкладам, начисленное на дату лишения банка лицензии.

Итак, что важно запомнить

При лишении банка лицензии КФГД выплачивает вкладчикам гарантийное возмещение. Оно лимитировано и выплачивается в нацвалюте:

• 20 млн тенге - по сберегательным вкладам в нацвалюте;
• 10 млн тенге - по карточкам, счетам и другим вкладам в нацвалюте;
• 5 млн тенге - по карточкам, счетам и вкладам в иностранной валюте (по курсу обмена валют, установленному на дату лишения банка лицензии).

Гарантия КФГД распространяется на средства физлиц и индивидуальных предпринимателей, в том числе нерезидентов РК.

При страховом случае прием заявлений на выплату возмещения начинается не позднее 5 рабочих дней после объявления КФГД о начале выплат. Обратиться за возмещением можно в течение 1 года с даты начала выплат.

Как рассчитывается сумма возмещения, если у вкладчика в одном банке сразу несколько депозитов, различных по видам и валюте?

В данной ситуации гарантируется совокупный остаток суммы по всем депозитам, но не более – 20 млн тенге, с учетом пределов по каждому виду депозита. К примеру, у вкладчика в одном банке на сберегательном депозите было 11 млн тенге, а на двух текущих счетах в нацвалюте - 4 и 10 млн тенге. В случае лишения банка лицензии вкладчик получит совокупную сумму гарантийного возмещения в размере 20 млн тенге (11 млн тенге по сберегательному вкладу и 9 млн тенге по двум текущим счетам). А оставшиеся 5 млн, превышающие сумму гарантии, вкладчик вправе получить от ликвидационной комиссии банка в порядке очередности, установленной Законом РК «О банках и банковской деятельности в Республике Казахстан».

Рассчитать свое гарантийное возмещение вкладчики могут заранее на сайте Фонда по ссылке https://www.kdif.kz/depozity-i-garantiya/kalkulyator/ в разделе «Депозиты и гарантия» с помощью специального калькулятора.

Что советует КФГД?

Если сбережения превышают максимальную сумму гарантирования, то лучше дополнительно открыть депозит в другом банке, так как деньги, размещенные в нескольких банках, гарантируются отдельно по каждому из них.

Более подробно о системе гарантирования депозитов можно узнать в Тelegram-чате @kdif_ask. Здесь есть возможность напрямую задать интересующие вопросы и получить на них ответы от представителей КФГД.
Банкке ақша салған соң, аяқ астынан ақша керек болып қалатын кездер өмірде болып тұрады: үй/көлік сатып алу, алыс сапараға шығу деген секілді.Ал депозиттегі ақшаны алуға болмайды. Өйткені талабы солай. Сондықтан көп адам салымы бойынша сыйақыдан айырылмас үшін, сол банктен несие алуға тырысады.

Ал егер сол ақша салған және одан несие алған банкіңіз бір күні лицензиясынан айырылса қайтпек керек? Материалдан оқып біліңіз:

https://www.kdif.kz/kz/press-tsentr/press-relizy/sa-tandyru-zha-dayynda-bankti-arsy-talaby-degen-ne/
Бывают ситуации, когда деньги вкладчику нужны срочно: выгодная продажа/покупка недвижимости или автомобиля, важная поездка и даже экстренные случаи в виде неожиданных операций, и лишних средств нет, а сбережения с депозита снимать нежелательно по условиям договора. Поэтому многие решаются взять кредит там же, где открыт вклад.

А что будет если после, имея и задолженность, и счета с накоплениями в одном банке, его лишат лицензии? Узнаете в материале:

https://www.kdif.kz/press-tsentr/press-relizy/chto-takoe-vstrechnye-trebovaniya-banka-pri-strakhovom-sluchae/
Достар, жаз күшіне мінді, ал біз қаржы саласындағы терминдер және қысқартылған атаулар жайында түсіндіру жұмыстарын одан әрі жалғастырамыз. Бүгін біз «ДКБЖ» атауының мағынасын, оның салымшылар үшін қаншалықты маңызды екендігін ашып көрсетеміз.

«ДКБЖ» қысқарымы банк секторында маңызды рөл атқарады. Тарқатып айтар болсақ, ол: «депозиттерге кепілдік беру жүйесі» деген мағынаны білдіреді. Қазақстанда ДКБЖ 1999 жылдан бері жұмыс істейді және салымшылдардың жинақ ақшаларын қорғауға бағытталған.

«ДКБЖ» қалай жұмыс істейді?

Жүйенің механизі былай: банк лицензиясынан айырылған жағдайда, оның салымшыларына шоттарда, депозиттерде, төлем карточкаларында жатқан ақшалары қайтарылады. ДКБЖ-ға ислам банктерін қоспағанда, Қазақстандағы барлық екінші деңгейдегі банктер (олардың ішінде шетелдік банктердің қазақстандық филиалдары) қатысады. Жүйеге қатысу банктер үшін міндетті. Сақтандыру жағдайы туындаған кезде өтем төлеуді ҚДКБҚ жүзеге асырады. Клиент банкпен арада банк шоты немесе банк салымы шартын жасасқан сәттен бастап, оның жинақ ақшалары Қордың қорғауына алынады.

Салымшыға бір банкте берілетін максималды өтем сомасы 20 млн теңгені құрайды. Тағы да еске саламыз, банк лицензиясынан айырылған жағдайда ҚДКБҚ салымшыларға заңнамада белгіленген лимиттер шегінде кепілді өтем төлейді:

• 20 млн теңге – теңгелік жинақ салымдар (депозиттер) бойынша;
• 10 млн теңге – теңгедегі өзге депозиттер, шоттар және карточкалар бойынша;
• 5 млн теңге – шетел валютасындағы депозиттер, карточкалар және шоттар бойынша.

Қазақстанның бейрезидент банктерінің филиалдарына да КДКБҚ осы кепілдіктері қолданылады.

Егер салымшының бір банкте әрқалай валютада әртүрлі бірнеше салымы ашылса, банк лицензиясынан айырылған күнге қарай барлық шоттарда қалған ақшаға, әрбір салым бойынша белгіленген кепілдік сомасын ескере отырып, өтем сомасы есептеледі, бірақ салымшыға берілетін жалпы өтем сомасы 20 млн теңгеден асырылмайды.

Депозиттерге кепілдік беру жүйесі туралы қосымаш мәліметтер алу үшін info@kdif.kz поштасына, @kdif_ask telegram-чатына сауал жолдауға немесе 1460 тегін нөмірі арқылы ҚДКБҚ байланыс орталығына хабарласуға болады.
Друзья, лето в самом разгаре, а мы продолжаем знакомить вас с терминами и аббревиатурами из финансовой сферы. Сегодня мы хотим вам напомнить о понятии «СГД», почему оно важно для вкладчиков, и как расшифровывается.

Аббревиатура «СГД» занимает значимое место в банковском секторе. Она расшифровывается как «система гарантирования депозитов». В Казахстане СГД действует с 1999 года, и создана для защиты сбережений вкладчиков.

Как работает «СГД»?

Механизм системы таков, что при лишении банка лицензии вкладчикам возвращают средства, которые были размещены на их счетах, депозитах, платежных карточках. В СГД участвуют все банки (в том числе казахстанские филиалы зарубежных банков), за исключением исламских. Участие банков в данной системе — обязательно. Выплату возмещения при страховом случае осуществляет КФГД. Защита Фонда автоматически обеспечивается с момента заключения договора между клиентом и банком на открытие счета или вклада.

Максимальная сумма, которая может быть возмещена вкладчику, составляет 20 млн тенге. Напоминаем, гарантийное возмещение выплачивается в национальной валюте, и оно лимитировано:

• 20 млн тенге - по сберегательным вкладам (депозитам) в нацвалюте;

• 10 млн тенге - по карточкам, счетам и другим видам депозитов в нацвалюте;

• 5 млн тенге - по карточкам, счетам и депозитам в инвалюте.
Такой же объем возмещения КФГД распространяется и на нерезидентов Казахстана.

Напоминаем, что если у вкладчика в одном банке размещено сразу несколько депозитов, которые отличаются друг от друга по виду и валюте, то при страховом случае КФГД возместит совокупный остаток суммы по всем депозитам, но не более 20 млн тенге, с учетом пределов по каждому виду депозита.

Сведения о системе гарантирования депозитов всегда можно узнать, набрав бесплатный короткий номер 1460, либо направив запрос по электронной почте info@kdif.kz или написать в Telegram-чате @kdif_ask.
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Достар, Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорына қош келдіңіздер!

Қор депозиттерге кепілдік беру жүйесін әкімшілеу үшін 1999 жылы құрылған. Басты мақсат – елдегі қаржы жүйесінің тұрақтылығына қолдау көрсету.

Банк лицензиясынан айырылған жағдайда салымшылардың қаражаттарының уақтылы қайтарылуын қамтамасыз ете отырып, сіздердің жинақ ақшаларыңыздың сақталуын қорғап келе жатқанымызға да ширек ғасырдай болды.

Ендеше сіздерді Алматы қаласындағы кеңсеміз орналасқан ғимаратқа виртуалды серуен жасауға шақырамыз!

***
Друзья, добро пожаловать в Казахстанский фонд гарантирования депозитов!

Фонд был создан в 1999 году для администрирования системы гарантирования депозитов, главной целью которой является поддержание финансовой стабильности в стране.

Вот уже четверть века мы находимся на страже ваших сбережений, обеспечивая своевременный возврат средств вкладчиков в случае лишения банка лицензии.

Приглашаем вас совершить виртуальную прогулку по зданию нашего офиса в Алматы!
Егер банк лицензиясынан айырылса, одан алынған кредитті төлеу қажет пе? Егер төлеу керек болса, оны кімге, қай жерде және қалай төлеуге болады? Бұл жағдайда несиелендіру талаптары өзгере ме? ҚДКБҚ осы поста осы сұрақтардың барлығына жауап береді.

Егер сақтандыру жағдайы туындайтын болса, ҚДКБҚ сіздің осы банктегі шоттарда, депозиттерде және төлем карточкаларында жатқан ақшаларыңызды белгіленген шекті көлемде қайтарады.

Егер таратылатын банкте кредитіңіз болса, бұл сақтандыру жағдайы сізді өзіңізге алған борыштық міндеттемелеріңізді орындаудан әсте босатпайды. Сондықтан белгіленген кесте бойынша кредитті төлеу күндерін ұмытуға болмайды. Төлеу мерзімін өткізіп алсаңыз, осы үшін өсімпұл немесе айыппұл төлейтініңізді де ұмытпаңыз. Оның үстіне бұл сіздің кредиттік тарихыңызға кері әсер етеді.

Сонымен тоқетерін айтар болсақ, егер банк лицензиясынан айырылар болса, лицензиясынан айырылғанға дейінгі жасалған кредиттік шартқа сәйкес борыштық міндеттеме қарызгер үшін күшінде болады. Басқа сөзбен айтқанда, төлем кестесі, қарыз сомасы, ай сайынғы төлем мөлшері өзгеріссіз қалады.

Сақтандыру жағдайы барысында кредиттерді қайтару, салымшылармен есеп айырысу және банктегі басқа да ішкі үдерістерді жүргізу шараларын сол банктің уақытша әкімшілігі, кейін тарату комиссиясы қадағалайды. Оларды Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі тағайындайды.

Банктен қарыз алушы тағы мына талаптарды есінен шығармауы тиіс:

• қарыз шарты сол кредит/қарыз толығымен өтелгенше күшінде болады;
• қарыз таратылатын банктің сайтында немесе кредиттің шартта көрсетілген деректемелер бойынша төленеді. Егер деректемелер өзгеретін болса, тарату комиссиясы бұл туралы борышкерлерге алдын ала ескертеді.

Осы тақырып бойынша қосымша ақпарат алу үшін сұрақтарыңызды info@kdif.kz поштасына, @kdif_ask telegram-чатына жолдауға болады немесе солар бойынша 1460 тегін нөмірі арқылы ҚДКБҚ байланыс орталығына хабарласа аласыз.
Что делать с кредитом, если у банка отозвали лицензию? Надо ли погашать заём в такой ситуации? А если надо, то как, кому и где оплачивать? И изменятся ли при этом условия кредитования? В этом посте КФГД ответит на эти вопросы.

Вы уже знаете, что если в банке у вас хранились накопления, то при страховом случае КФГД вернет вам средства, которые были размещены на счетах, депозитах, платежных карточках, в пределах установленных лимитов.

В ситуации, когда в ликвидируемом банке у вас есть кредит, страховой случай никоим образом не освобождает заемщика от взятых на себя долговых обязательств. Поэтому пропускать, забывать о плановых датах платежей по своим кредитам нельзя. Необходимо помнить о пене и штрафах за просрочку, которые в последующем могут негативно отразиться на вашей кредитной истории.

Итак, если банк лишили лицензии, то для заемщика условия долговых обязательств сохраняются прежними, согласно кредитному договору, который был заключен до ликвидации банка. Иными словами, график платежей, сумма долга, размер ежемесячных платежей и другие условия остаются такими же, как и раньше.

Контроль над возвратом кредитов, расчетами с вкладчиками и другими внутренними процессами в банке во время страхового случая осуществляет временная администрация, а затем ликвидационная комиссия. Их назначает Агентство Республики Казахстан по регулированию и развитию финансового рынка.

Что еще необходимо помнить заемщику, если у его банка отозвали лицензию:

• кредитный договор действителен до тех пор, пока не будет погашен долг;
• вносить платеж по кредиту нужно будет по тем реквизитам, которые указаны в договоре банковского займа либо на сайте ликвидируемого банка. Ликвидационная комиссия уведомит заемщика об изменениях реквизитов заранее и персонально.

Дополнительную информацию по данной теме можно получить, направив вопросы на info@kdif.kz или в Тelegram-чат @kdif_ask. Мы постараемся ответить на них оперативно и подробно.
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Менің есімім Әділ Өтембаев. Мен Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорын басқарамын.

Сіздердің жинақ ақшаларыңыз қашанда ҚДКБҚ қорғауында. Біз ислам банктерін қоспағанда, қазақстандық банктердегі барлық шоттарға, төлем карточкаларына және депозиттердің барлық түрлеріне кепілдік береміз:

🔹теңгедегі жинақ салымдар бойынша – 20 млн теңгеден;
🔹теңгедегі барлық өзге салымдар, шоттар және төлем карточкалары бойынша – 10 млн теңгеден;
🔹және шетел валютасындағы барлық салымдар, шоттар және төлем карточкалары бойынша – теңгелік баламада 5 млн теңгеден асырылмайды.

Бір банкке қатысты жиынтық кепілдік сомасы – әрбір салым түрі бойынша кепілдік сомасын ескере отырып, 20 млн теңгені құрайды. Біз ашық әңгімеге және сіздердің кез келген сұрақтарыңызға жауап беруге қашанда дайынбыз. Біздің әлеуметтік желілер мен арналарымызға сілтемені осы төменгі жақтан табасыздар. Біз сіздер үшін депозиттерге кепілдік беру жүйесі туралы көп материалдар дайындап жатырмыз. Жаңалықтарымыз үнемі назарларыңызда болсын.
Бүгінде артық қаражатын қолма-қол ақша күйінде үйінде жинайтындар кемде-кем. Ақшаны сақтаудың және молайтудың ең сенімді әдісі – оларды екінші деңгейдегі бактерге орналастыру. Егер ақша салған банкіңіз лицензиясынан айырылған жағдайда ондағы қаражатыңызды Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры сізге қайтарады. Өйткені ислам банктерін қоспағанда, еліміздегі әрбір екінші деңгейдегі банк депозиттерге кепілдік беру жүйесіне қатысуға міндетті. Яғни аталмыш жүйе ақшаны банк салымында сақтаудың қауіпсіздігін барынша нығайта түседі. Бүгінде халыққа ұсынылып жатқан банктік өнімдер жетерлік. Кейде салымшылар қайсысы таңдарын білмей қиналып жатады.

Ендеше салымдардың ерекшеліктерін қалай анықтауға болады және қай депозиттің қандай мақсатқа сәйкес келетіндігін қалай білуге болады?

Сілтеме арқылы өтіп, материалмен толығырақ танысып шығуға болады:

https://www.kdif.kz/kz/press-tsentr/press-relizy/a-shany-alay-tez-zhinau-a-bolady-depozitterdi-t-rleri-/
В наше время мало кто хранит свои накопления в виде наличных денежных средств у себя дома, так как это рискованно. Есть более надежный способ сохранить и приумножить свои сбережения – это разместить их в банке второго уровня на депозите. К тому же депозиты, размещаемые в банках-участниках системы гарантирования, подлежат возмещению Казахстанским фондом гарантирования депозитов, в случае лишения банка лицензии, что делает их еще более безопасным способом хранения сбережений.

Как же разобраться в обилии предлагаемых банками депозитных продуктах, понять какие между ними есть различия, и какой вид депозита подходит для определенных целей?

Более подробно ознакомиться с материалом можно, пройдя по ссылке:

https://www.kdif.kz/press-tsentr/press-relizy/kak-bystree-nakopit-pro-vidy-depozitov/