ҚДКБҚ | КФГД
321 subscribers
1.01K photos
64 videos
3 files
577 links
Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры | Казахстанский фонд гарантирования депозитов

🌐 Сайт: www.kdif.kz

📢 Чат: www.t.me/KDIF_ask
Download Telegram
Лицензиясынан айырылған банкті тарату процесінде оның уақытша әкімшілігі үлкен рөл атарады. Ол банктің мүліктерін сақтауды қамтамасыз етеді және қаржылық тұрақсыздық жағдайында оның қызметін басқарады.

Басқа сөзбен айтқанда, тағайындалатын уақытша әкімшілік банкті төлемге қабілетсіз деп тану немесе оны лицензиясынан айыру кезеңінде басқарады.

Толығырақ бейіндегі сілтеме бойынша оқыңыз:

https://www.kdif.kz/kz/press-tsentr/press-relizy/bankti-litsenziyasynan-ayyru-ua-ytsha-kimshilik-degenimiz-ne/
Одна из ключевых ролей в управлении банковской системы отведена временной администрации. Она обеспечивает сохранность имущества банка и управляет его деятельностью в условиях финансовой нестабильности.

Иными словами, назначаемая временная администрация управляет деятельностью банка в период признания его неплатежеспособным или при лишении его лицензии.

В каких случаях назначается временная администрация, и какие функции она выполняет, читайте в материале:

https://www.kdif.kz/press-tsentr/press-relizy/lishenie-banka-litsenzii-chto-takoe-vremennaya-administratsiya/
Асыға күткен жаз мезгілі же, сәйкесінше каникул мен еңбек демалыстары да жақындап келеді. Теңізге демалуға шығып, көпшілігіміз көп жағдайда жолға шектен тыс заттар алатынымыз белгілі. Онымен қоймай барлығын бір сөмкеге тығатынымыз бар. Соның салдарынан ыңғайсыздықтар туындайды. Өз ақшаларын бір банкте бір депозитте сақтайтын салымшыларда да осыған ұқсас жағдайлар орын алып жатады.

Белгілі болғанындай, банк лицензиясынан айырылған жағдайда ҚДКБҚ салымшыларға шоттарында, депозиттерінде және төлем карточкаларында жатқан ақшаларын заңнамада белгіленген шекті сомада қайтарады:

• 20 млн теңге – теңгелік жинақ салымдар (депозиттер) бойынша;
• 10 млн теңге – теңгедегі өзге депозиттер, шоттар және карточкалар бойынша;
• 5 млн теңге – шетел валютасындағы депозиттер, карточкалар және шоттар бойынша.

Өтем төлеу барысында банк лицензиясынан айырылған күнге қарай есептелген сыйақылар да есепке алынады. Егер салымшының бiр емес, бірнеше банктегі шоттарында жатқан ақшаларына әрбір банк бойынша жеке-жеке кепілдік беріледі. Сол себепті Қор салымшыларға ақшаларын әртүрлі банкте сақтауға кеңес береді. Егер салымшының бір банкте әрқалай валютада әртүрлі бірнеше салымы ашылса, банк лицензиясынан айырылған күнге қарай барлық шоттарда қалған ақшаға, әрбір салым бойынша белгіленген кепілдік сомасын ескере отырып, өтем сомасы есептеледі, бірақ салымшыға берілетін жалпы өтем сомасы 20 млн теңгеден асырылмайды.

Кепілдік мөлшерінен артық ақшаны салымшылар банктің тарату комиссиясынан кезектілік тәртібі бойынша алуға құқылы. Кредиторлардың 10 кезектілігі бар. Депозиттеріндегі ақшалары кепілдіктен артық болған салымшылардың талаптары төртінші кезектілік бойынша қанағаттандырылады.
Тарату комиссиясы бірінші кезекте мына талаптарды қанағаттандырады:

• жалақыдан және (немесе) өзге кірістен ұсталған алименттерді төлеу, өміріне немесе денсаулығына зиян келтірілгені үшін өздерінің алдында мәжбүрлеп таратылатын банк жауапты болатын жеке тұлғалар;
• банк қызметкерлеріне еңбекақы төлеу және оларға өтемақы төлеу;
• банктің басшы қызметкерлерін қоспағанда, еңбек шарты бойынша жұмыс істеген адамдардың еңбегіне ақы төлеу мен оларға өтемақы төлеу,
• зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар және медициналық сақтандыру бойынша аударымдар.

Екінші кезекте:

• депозиттер бойынша төленген (төленетін) өтем сомасы бойынша ҚДКБҚ талаптары.

Үшінші кезекте:

• мәжбүрлеп таратылатын банк мүлкінің кепілімен қамтамасыз етілген міндеттемелер.

Төртінші кезекте:

• депозиттерінде кепілдіктен жоғары сомалар жатқан жеке тұлғалар;
• зейнетақы активтері есебінен жүзеге асырылған депозиттер, сақтандыру ұйымдарының «өмірді сақтандыру» саласы бойынша тартылған қаражат есебінен жүзеге асырылған депозиттері жөніндегі талаптар қанағаттандырылады.

Бесінші кезекте:

• қайырымдылықпен айналысатын коммерциялық емес ұйымдардың, ҰОС ардагерлерінің ұйымдарымен және басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдары ардагерлерінің ұйымдары және Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамы.

Алтыншы кезекте:

• заңды тұлғалардың депозиттері бойынша.

Жетінші кезекте:

• салықтар, алымдар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер;
• республикалық бюджеттің қаражаты және ҚР Ұлттық қорының қаражаты есебінен берілген қарыздарды қайтару жөніндегі берешектер өтеледі.

Сегізінші кезекте:

• басқа кредиторлармен есеп айырысулар жүргізіледі, оның ішінде мәжбүрлеп таратылатын банк мүлкінің кепілімен қамтамасыз етілген міндеттемелер бойынша үшінші кезекке сәйкес жүзеге асырылған сақтандыру төлемінің сомасынан асатын бөліктегі талаптары.

Тоғызыншы кезекте:

• мәжбүрлеп таратылатын банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғалар болып табылатын кредиторлардың - жеке және заңды тұлғалардың кепілдік берілетін депозиттер бойынша өтем есебінен жаппаған сома бөлігіндегі талаптары.

Оныншы кезекте:

• мәжбүрлеп таратылатын банктің субординарлық борышы және мерзімсіз қаржы құралдары бойынша есеп айырысулар жүргізіледі.
Наступает лето, а с ним и сезон долгожданных каникул и отпусков. Уезжая отдыхать на море, многие из нас зачастую берут в дорогу больше вещей, чем нужно на самом деле. Причем мы стараемся упаковать всё в одну дорожную сумку. И зачастую потом из-за этого испытываем неудобства. Похожие ситуации случаются и у вкладчиков, если они все свои сбережения размещают на одном депозите и в одном банке.

Как известно, при лишении банка лицензии КФГД возвращает вкладчикам средства, которые были размещены на их счетах, депозитах, платежных карточках. Под гарантийное возмещение подпадает сумма в пределах лимитов, которые установлены законодательством:

• 20 млн тенге – по сберегательным депозитам в тенге;
• 10 млн тенге – по карточкам, счетам и другим депозитам в тенге;
• 5 млн тенге – по карточкам, счетам и депозитам в иностранной валюте.

При расчете возмещения также учитывается вознаграждение, которое было начислено на дату лишения банка лицензии. Деньги, которые находятся на счетах сразу в нескольких банках, гарантируются отдельно по каждому из них. Именно по этой причине Фонд рекомендует вкладчикам хранить сбережения в разных банках. Если в одном банке у вкладчика есть несколько депозитов, различных по видам и валюте, то при страховом случае гарантируется совокупный остаток суммы по всем депозитам с учетом лимитов по каждому виду вклада. Выплата гарантии в таком случае не превышает предельную сумму возмещения (20 млн тенге).

Сумму сверх гарантии вкладчики вправе получить от ликвидационной комиссии банка в порядке очередности. Существует 10 очередей кредиторов. Требования физических лиц, у которых на депозитах находились суммы сверх гарантии, удовлетворяются в 4 очередь.
В первую очередь ликвидационная комиссия удовлетворяет требования:

• физлиц, перед которыми банк несет ответственность за причинение вреда жизни или здоровью, по уплате удержанных из заработной платы и (или) иного дохода алиментов;
• по оплате труда и выплате компенсаций работникам банка;
• по пенсионным, социальным отчислениям и отчислениям по медицинскому страхованию.

Во второй очереди:

• требования КФГД по сумме выплаченного (выплачиваемого) возмещения по депозитам.

К требованиям третьей очереди относятся:

• обязательства, обеспеченные залогом имущества ликвидируемого банка в пределах суммы залога.

В четвертой очереди удовлетворяются требования:

• физлиц, у которых на депозитах находились суммы сверх гарантии;
• по депозитам, осуществленным за счет пенсионных активов, по вкладам страховых организаций, внесенным за счет средств, которые были привлечены по отрасли «страхование жизни».

В пятую очередь:

• расчеты с некоммерческими благотворительными организациями, организациями ветеранов ВОВ и боевых действий на территории других стран, обществами лиц с инвалидностью.

В шестую очередь:

• по депозитам юридических лиц.

В седьмую очередь погашается задолженность по:

• налогам, сборам и другим обязательным платежам в бюджет;
• займам, выданным за счет средств республиканского бюджета и средств Национального фонда РК.

В восьмую очередь производятся расчеты:

• с прочими кредиторами, в том числе по обязательствам, обеспеченным залогом имущества принудительно ликвидируемого банка, в части превышающей сумму залога в соответствии с третьей очередью.

В девятую очередь удовлетворяются требования:

• по сверхгарантируемым суммам возмещения физическим и юридическим лицам, связанным с банками особыми отношениями.

В десятую очередь:

• по субординированному долгу и бессрочным финансовым инструментам принудительно ликвидируемого банка.
ҚДКБҚ Алматы экономикалық колледжінің студенттері үшін дәріс ұйымдастырды

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры (ҚДКБҚ) студенттер арасында қаржылық сауаттылықты арттыру бойынша кезекті дәрісін өткізді. Кездесу Алматы экономикалық колледжінде болды. Оған «Банк және сақтандыру ісі» мамандығы бойынша екінші курс студенттері қатысты. Бұл жолы жастар алдында Проблемалық банктермен жұмыс жүргізу жөніндегі басқарма бастығының орынбасары Тимур Хасанов сөз сөйледі.   

Жиын барысында маман лицензиясынан айырылғанға дейінгі және одан кейінгі проблемалық банктермен жұмыс жүргізу барысы туралы әңгімеледі. 

Қаржылық ахуалы нашарлған банк лицензиясынан айырылғанға дейін ҚДКБҚ оның жағдайы туралы тұрақты есептемелерден ақпарат алып тұрады, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен (ҚНРДА) деректер алмасады. Яғни ҚНРДА-ның қызметіне қатысады. Ал ҚНРДА-ның басты жұмыстарының бірі – проблемалық банктерді реттеу.       

Мысалы, лицензиясынан айырылған банкте кепілдігі бар депозиттер бойынша міндеттемелерді басқа сатып алушы банкке (Purchase and assumption операциясы) өткізу үшін өтімді активтер жетіспейтін болса, сол жетіспеген бөлігін ҚДКБҚ кепілді өтем ретінде төленуге жататын сома шегінде арнайы резервтің есебінен өтейді.     

Спикер сонымен қатар банк лицензиясынан айырылған соң, Қордың бірнеше бағытта жұмыс жасайтындығын атап өтті: 

• лицензиясынан айырылған банктің уақытша әкімшілігінің құрамына қатысу;
• тарату комиссиясының құрамына қатысу;
• кредиторлар комитетінің құрамына қатысу:
• проблемалық банктермен жұмыс жүргізуге қатысты заңнаманы барынша жетілдіру.

Тимур Хасанов лицензиясынан айырылған банктің уақытша әкімшілігінің құрамына Қордың қатысуына байланысты атқарылатын жұмыстарға тоқталды. Бұл кезеңде уақытша әкімшілік банкті оңалту жолдарын қарастырады. Егер оңалту мүмкін болмаса, депозиторлардың тізілімін жасап, оны кепілді өтем төлеу үшін ҚДКБҚ-ға тапсырады. Сонымен қатар лицензиясынан айырылған банктің активтерінің сақталуын қамтамасыз етеді.    

Дәріс шеберлік сыныбы форматында өтті. Студенттер оған белсене қатысып, тақырып бойынша көптеген сұрақтар қойды және қойған сұрақтарына тұшымды жауаптар алды.
КФГД организовал лекцию для студентов Алматинского экономического колледжа

Казахстанский фонд гарантирования депозитов (КФГД) снова провел лекцию по финансовой грамотности для студентов. Встреча прошла в Алматинском экономическом колледже. Ее посетили учащиеся второго курса специальности «Банковское и страховое дело». В этот раз лекцию провел заместитель начальника управления по работе с проблемными банками Тимур Хасанов.

Специалист рассказал о работе Фонда с проблемными банками до и после лишения их лицензии.

До лишения банка лицензии КФГД получает информацию о состоянии банка из регуляторных отчетов, обменивается данными с АРРФР, принимает участие в деятельности Агентства, которая направлена на урегулирование проблемного банка. Например, если в лишенном лицензии банке не хватает ликвидных активов для передачи обязательств по гарантируемым депозитам банку-приобретателю (операция Purchase and assumption), законодательно предусмотрено, что возникшая разница покрывается КФГД за счет средств специального резерва в пределах суммы, подлежащей к выплате в качестве гарантийного возмещения.

Спикер отметил, что работа Фонда после лишения банка лицензии также имеет несколько направлений:

• участие во временной администрации банка, лишенного лицензии;
• участие в ликвидационной комиссии;
• участие в комитете кредиторов;
• совершенствование законодательства в части работы с проблемными банками.

Отдельно Тимур Хасанов остановился на задачах Фонда при участии во временной администрации банка, лишенного лицензии. В этот период временная администрация рассматривает возможность санации банка, формирует и передает реестр депозиторов в КФГД для выплаты гарантийного возмещения, обеспечивает сохранность активов банка, лишенного лицензии.

Лекция прошла в формате мастер-класса, студенты активно участвовали на занятии и задавали вопросы по темам выступления.
Депозиттерге кепілдік беру жүйесі (ДКБЖ, Жүйе) әлемде қаржылық тұрақтылықты сақтау үшін жұмыс істейді және ол ұдайы дамытылып отырады.

Қандай да бір банк банкротқа ұшыраған жағдайда ДКБЖ салымшыларға қаражаттарын қайтару арқылы олардың құқықтары мен мүдделерін қорғайды. Мемлекет осылайша қаражаттардың қайтарылуына кепілдік бере отырып, сақтандыру жағдайы туындағанда тұрғындардың банктерден ақшаларын жапа-тармағай алу қаупін азайтады. Бұл банк құрылымының тұрақтылығын және одан қала берді бүкіл қаржы жүйесінің тұрақты болуына септігін тигізеді. Көптеген елдерде сақтандыру өтелімінің шекті мөлшері белгіленген. Шекті мөлшерді белгілеу – салымшыларды қорғау мен моральдық тәуекел (moral hazard) арасында үйлесімділікке қол жеткізуге бағытталған.

Толығырақ материалдан оқыңыздар:

https://www.kdif.kz/kz/press-tsentr/press-relizy/depozitterdi-sa-tandyrushylar-bank-salymdary-boyynsha-kepildik-de-geyin-alay-belgileydi-/
Система гарантирования депозитов (СГД) существует и совершенствуется для поддержания финансовой стабильности в мире.

СГД направлена на защиту вкладчиков, обеспечивая возврат их средств в случае банкротства банка. Гарантируя возврат средств, государства снижают риск оттока вкладчиков при страховом случае и, тем самым, способствуют поддержанию устойчивости банковской структуры и, следовательно, финансовой стабильности. В то же время в большинстве странах определен порог страхового покрытия. Установление порога покрытия направлено на достижение баланса между защитой вкладчиков и моральным риском (moral hazard).

Подробнее читайте в материале:

https://www.kdif.kz/press-tsentr/press-relizy/kak-strakhovshchiki-depozitov-opredelyayut-uroven-garantii-po-bankovskim-vkladam/
Жазмыштан озмыш жоқ. Болашақты дәл болжау мүмкін емес. Өмірде әртүрлі жағдайлар болуы мүмкін. Сондай сәттерде адамдар үйде болсын, жұмыста болсын, көп жағдайда көмекке мұқтаж болып қалады. Әрине, ондай кезде туған-туыстарға, достарға, тіпті әртүрлі қызметтерге хабарласатыны белгілі.

Ал егер мысалы, банк лицензиясынан айырылып, салымшы өзіне тиесілі ақшасын әртүрлі себептерге байланысты алуға мүмкіндігі болмай қалса не істеуі керек? Толығырақ Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының (ҚДКБҚ) кезекті материалында:

https://www.kdif.kz/kz/press-tsentr/press-relizy/salymshyny-ornyna-tem-a-sha-alu-m-ragerler-zh-ne-tem-alu-y-yna-ie-bas-a-da-t-l-alar-/
Внезапный отпуск, срочная командировка, предложение руки и сердца и даже перелом ноги могут застать врасплох каждого из нас в любой момент жизни. И в такой период человеку необходим тот, кто его заменит – дома или же на работе. Мы звоним родственникам, друзьям и даже в различные службы.

А как быть вкладчику, если его банк лишился лицензии, а он в силу различных обстоятельств не может лично обратиться за возмещением? Получить ответ на данный вопрос можно в материале КФГД:

https://www.kdif.kz/press-tsentr/press-relizy/poluchenie-garantii-vmesto-vkladchika-vse-o-naslednikakh-i-litsakh-obladayushchikh-pravom-na-poluche/
Сізге депозитіңізден мерзімінен бұрын ақша алуға тура келді. Нені ескеру қажет? Депозиттердің қандай түрі бойынша жиналған сыйақыны жоғалтпастан, ішінара ақша алуға болады? Ал қандай салымдар бойынша мұны істеу мүмкін емес?

Бұл сұрақтарға 24kz телеарнасының эфирінде Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының өкілдері жауап берді

🟦 Сюжетті көру үшін мына сілтеме бойынша өту керек:

https://www.youtube.com/watch?v=5IglHZgO_uE

Вам понадобилось снять деньги с депозита раньше срока. Что следует учитывать? По каким видам депозитов можно снимать деньги частично, при этом не терять накопленное вознаграждение, а по каким вкладам это сделать невозможно?

На эти вопросы в эфире телеканала 24kz ответили представители Казахстанского фонда гарантирования депозитов.

🟦 Чтобы посмотреть сюжет, необходимо пройти по ссылке:

https://www.youtube.com/watch?v=5IglHZgO_uE
Бүгінде қазақстандықтардың көпшілігі алтынды инвестиция үшін маңызды қаржы құралы деп есептейді. Сондықтан пәтер, валюта, сондай-ақ акциялар сатып алумен қатар асыл металдар да сұранысқа ие. Оны шашыранды күйінде, монета, құймалар немесе әшекейлер түрінде сатып алады. Мұндай қымбат заттарды иелері көптеп сақтағылары әрі сенімді қорғағылары келеді. Асыл металдарды сақтандыруға немесе әрине, үйде жасыруға болады. Ал кейбіреулер оларды банктердің ұяшықтарында сақтағанды жөн санайды. Банк лицензиясынан айырылған жағдайда ҚДКБҚ кепілдіктері оларға қолданылады ма? Жауапты осы постан оқыңыздар.

Асыл металдарға кепілдік берілмейді. Нақты айтар болсақ, ҚДКБҚ кепілдіктері мына қаржы құралдарына қолданылмайды:

• жеке тұлғалардың металл шоттары;
• банктің ұяшықтарында орналастырылған ақшалар мен құнды заттар;
• депозиттік сертификаттар;
• заңды тұлғалардың депозиттері;
• ислам банктерінде, олардың ішінде Қазақстан аумағында ашылған шетелдік ислам банктерінің филиалдарында орналастырылған депозиттер.

Өз кезегімізде еске саламыз, ислам банктерін қоспағанда, қазақстандық банктердің барлығында жеке тұлғалар банк шоты немесе банк салымы шартын жасасқан сәттен бастап, олардың депозиттері ҚДКБҚ қорғауына алынады.

Қордың кепілдіктері депозиттерге (олардың ішінде талап етілмелі және шартты салымдарға), банк лицензиясынан айырылған күнге қарай есептелген сыйақыларға, ағымдағы шоттар мен төлем карточкаларындағы ақшаларға қолданылады.
Сақтандыру жағдайы туындаған кезде ҚДКБҚ салымшыларға кепілдік берілген максималды сомалар шегінде өтем төлейді:

• 20 млн теңге – теңгелік жинақ салымдар (депозиттер) бойынша;
• 10 млн теңге – теңгедегі өзге депозиттер, шоттар және карточкалар бойынша;
• 5 млн теңге – шетел валютасындағы депозиттер, карточкалар және шоттар бойынша.

Егер салымшының бір банкте әрқалай валютада әртүрлі бірнеше депозиті (салымдары), сақтандыру жағдайы туындаған кезде өтем сомасы әрбір салым бойынша белгіленген кепілдік сомасын ескере отырып есептеледі, бірақ салымшыға берілетін жалпы жиынтық өтем сомасы 20 млн теңгеден асырылмайды. Егер салымшының депозитіндегі жиналған ақша сақталуына кепілдік берілген максималды өтем сомасынан асып кететін болса, сол артық бөлігін салымшы таратылатын банктің тарату комиссиясынан «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» ҚР Заңында белгіленген кезектілік тәртібімен алады. Тарату комиссиясын ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі тағайындайды.

Депозиттерге кепілдік беру жүйесі туралы қосымша ақпаратты info@kdif.kz поштасына, @kdif_ask Тelegram-чатына сауал жолдау арқылы алуға болады.
Сегодня многие казахстанцы считают, что вложение в золото является выгодным инструментом для инвестирования. Поэтому кроме приобретения квартир, валюты, акций пользуется спросом и драгоценный металл. Его покупают в россыпной форме, в виде монет, слитков или же украшений. Такие дорогие вещи владельцы хотят защитить и сохранить еще больше. Драгоценные металлы можно застраховать или надежно спрятать в собственном доме. А некоторые предпочитают хранить их в банковских ячейках. Будет ли действовать на них гарантия КФГД в случае лишения банка лицензии – читайте в данном посте.

Хотим сразу ответить на этот вопрос. Итак, драгоценные металлы не гарантируются КФГД. В целом, защита Фонда не распространяется на:

• металлические счета физических лиц;
• деньги и ценности, размещенные в банковских ячейках;
• депозитные сертификаты;
• депозиты юридических лиц;
• депозиты, размещенные в исламских банках, в том числе в филиалах иностранных исламских банков, открытых на территории Казахстана.

В свою очередь, напоминаем, что КФГД защищает депозиты физлиц с момента заключения договора банковского счета или вклада во всех банках, за исключением исламских. Гарантия Фонда покрывает депозиты (в том числе до востребования и условные), вознаграждение по вкладам, начисленное на дату лишения банка лицензии, деньги на текущих счетах и платежных карточках.

При страховом случае КФГД выплачивает вкладчикам возмещение в тенге и в пределах максимальной суммы:

• 20 млн тенге – по сберегательным депозитам в тенге;
• 10 млн тенге – по карточкам, счетам и другим депозитам в тенге;
• 5 млн тенге – по карточкам, счетам и депозитам в иностранной валюте.

Если у вкладчика в одном банке размещено сразу несколько депозитов (вкладов), различных по видам и валюте, то гарантируется совокупный остаток суммы по всем депозитам, но не более– 20 млн тенге, с учетом пределов по каждому виду депозита. Отмечаем, что остаток депозита сверх максимальной гарантируемой суммы, можно будет получить от ликвидационной комиссии банка в порядке очередности, установленной Законом РК «О банках и банковской деятельности в Республике Казахстан». Ликвидкомиссию назначает Агентство РК по регулированию и развитию финансового рынка.

Дополнительную информацию о системе гарантирования депозитов можно также получить, направив вопросы на info@kdif.kz или в Тelegram-чат @kdif_ask.