ҚДКБҚ | КФГД
326 subscribers
1.02K photos
64 videos
3 files
587 links
Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры | Казахстанский фонд гарантирования депозитов

🌐 Сайт: www.kdif.kz

📢 Чат: www.t.me/KDIF_ask
Download Telegram
Өздеріңіз білетіндей, банк лицензиясынан айырылған жағдайда ҚДКБҚ салымшыларға кепілдік берілген депозиттері бойынша өтем төлейді.

Салымшылар көп жағдайда бұл үшін қайда жүгіну керектігін, өтем төлеу үшін деректер қалай жиналатындығын және әрбір депозитор бойынша кепілді өтем қалай есептелетіндігін біле бермейді. Сол үшін осы жолы депозиторлардың кепілді өтем төлеуге арналған тізілімі дегеніміз не екендігін және ол қалай қалыптастырылатындығы туралы әңгімелейміз.    

Қазақстанның ислам банктерінен басқа, барлық екінші деңгейдегі банктері депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушысы болып табылады және өз клиенттерінің (жеке тұлғалар мен дара кәсіпкерлер) салымдарда, ағымдағы шоттар мен төлем карточкаларындағы ақшалай қаражаттарының автоматтандырылған есебін жүргізуге міндетті.

Банктер салымшылардың қаражаттарын орталықтандырылған күнделікті негізде есепке алуға міндетті және депозиторлардың кепілді өтемі есептелген тізілімін кез келген күнге қалыптастыра алатындай мүмкіндігі болуы керек.  

Бұл тізілімді банк салымшыларының тізімі деуге болады және онда сәйкестендіруші деректерден басқа, мынадай деректер қамтылған:    
• салымшылардың ұлттық және шетелдік валютадағы шоттары/салымдары бойынша ақша қалдықтары (егер салымшының бір банкте бірнеше шоттары/салымдары бар болса, онда олар топтастырылады);
• салымдар бойынша есептелген сыйақылар;
• салымшылардың банк алдындағы берешектері (мысалы, кредиттер, тұрақсыздық айыптары, (айыппұлдар) бойынша);
• шоттың/салымның түрі мен валютасына қарай Депозиттерге кепілдік беру туралы заңда белгіленген максималды кепілдік мөлшері шегінде қорытынды (жиынтық) кепілді өтем сомаларының есебі.  

Мұндай тізілімді жасауға салымшылардың қатысуы талап етілмейді. Клиент және оның депозиттері бойынша барлық өзгерістерді банк клиенттердің банктік көрсететін қызметтері бойынша жүгінгеніне қарай автоматты түрде есепке алады.
 
Как вы знаете, в случае лишения банка лицензии КФГД выплачивает вкладчикам возмещение по гарантируемым депозитам. Зачастую они не знают, нужно ли им для этого куда-то специально обращаться, каким образом формируются данные для выплаты и как рассчитывается размер гарантии по каждому депозитору.

Рассказываем, что такое реестр депозиторов для выплаты, что он в себе содержит и как формируется.

Все казахстанские банки второго уровня (кроме исламских) являются участниками системы обязательного гарантирования депозитов и обязаны вести автоматизированный учет средств своих клиентов (физических лиц и индивидуальных предпринимателей), размещенных во вкладах, на текущих счетах и платежных карточках. Они обязаны иметь возможность сформировать реестр депозиторов с расчетом гарантийного возмещения на любую дату.

Реестр представляет собой список вкладчиков банка, в котором помимо их идентификационных данных, содержатся:

• остатки средств по счетам/вкладам в национальной и иностранной валютах (если у вкладчика в одном банке имеется несколько счетов/вкладов, то все его средства группируются);
• начисленное вознаграждение;
• задолженность вкладчиков перед банком (например, по кредиту, неустойкам (штрафам));
• расчет итоговой (совокупной) суммы гарантийного возмещения к выплате в зависимости от вида и валюты счета/вклада, в пределах максимальных размеров, установленных Законом о гарантировании депозитов.

Участия вкладчиков в формировании такого реестра не требуется. Все изменения по клиенту и его депозитам учитываются банком автоматически по мере обращения клиента за банковской услугой.
 
Қазақстанда салымдардың 3 түрі бар: мерзімсіз, мерзімді және жинақ салымдар.

Сіз осы салымдардың ішінен мақсатыңызға ең қолайлы түрін таңдай аласыз.  
 
Егер сізге күтпеген жағдайлар үшін ақшалай қор (қандай да бір қауіпсіздік көпшігі) қажет болса, мерзімсіз салымды таңдаңыз. Бұл депозиттен кез келген уақытта ақша алуға және оған ақша салуға болады. Алайда сыйақысы басқа – мерзімді және жинақ салымдарға қарағанда төмен.
     
Егер ірі сомада ақша жинағыңыз келсе, бірақ оны мерзімінен бұрын алу мүмкіндігіне ие болуды қаласаңыз, мерзімді салымды таңдаңыз. Бұл ретте ақшаңызды мерзімінен бұрын алған жағдайда сыйақысы ішінара жойылады, бірақ шот жабылмайды. Ал егер ақшаңызды мерзімі аяқталғанша сақтасаңыз, көтеріңкі сыйақы мөлшерлемесі көрген шектеулеріңізді өтейді.  
 
Егер де сіз барынша көп ақша жинағыңыз келсе, ең жоғары сыйақысы бар жинақ салымды таңдаңыз. Бұл жерде ең жоғары сыйақы – салымға қатысты қатаң шектеулердің жемісі. Бұл салымнан мерзімінен бұрын ақша алынар болса, біріншіден, салымшының сұраған ақшасы оған 30 күннен кейін беріледі, екіншіден, барлық есептелген сыйақы толығымен дерлік жойылады. Сондықтан салымның бұл түрі ақшасын ұзақ мерзімге салуды жоспаралған және оны мерзімінен бұрын алмайтындығына сенімді салымшылар үшін өте қолайлы.            
 
Сонымен қатар депозиттерді таңдауда кепілдік мөлшерін де ұмытпаған жөн – жинақ депозиттер үшін кепілдік мөлшері ең жоғары – 20 миллион теңгені құрайды; депозиттердің теңгедегі басқа түрлері бойынша кепілдік мөлшері – 10 миллион теңге.  
 
Және естеріңізде болсын: салымды ашпас бұрын, банк салымы шартын мұқият оқып шығыңыз. Тек сонда ғана салымыңызға қатысты талаптарды түсіне аласыз.
 
В Казахстане существует 3 вида вкладов: несрочные, срочные и сберегательные.
Из этих трех видов вкладов вы можете выбрать тот, который наиболее оптимально подходит под ваши личные цели.
 
Если вам нужен денежный резерв (некая подушка безопасности) на непредвиденные расходы – выбирайте несрочный депозит – пополнение и снятие денег по таким депозитам осуществляется без ограничений, однако ставка вознаграждения ниже, чем по срочным и сберегательным.
 
Если вы хотите собрать крупную сумму, но при этом сохранить за собой возможность досрочного изъятия – выбирайте срочный вклад. Средства можно снимать досрочно, но с частичной потерей вознаграждения. Однако, если вы храните деньги до окончания срока, то повышенная ставка вознаграждения компенсирует эти ограничения.
 
Если же вы хотите максимально приумножить сбережения – выбирайте сберегательный вклад с самой высокой ставкой вознаграждения. Высокая ставка – это компенсация за строгие ограничения: досрочное снятие денег с этого вклада возможно, во-первых, только через 30 дней после запроса вкладчика, во-вторых, при этом теряется практически вся сумма начисленного вознаграждения. Поэтому такой вид вклада подойдет тем, кто планирует вложить средства на определенный срок и не пользоваться ими в течение этого периода.
 
Также при выборе депозитов необходимо помнить о размере гарантии – для сберегательных депозитов размер гарантии самый высокий – 20 миллионов тенге; для остальных видов депозитов в тенге – это 10 миллионов тенге.
 
И помните: внимательно изучайте договор банковского вклада до открытия вклада. Именно из него вы сможете понять условия конкретно по вашему вкладу.
 
Салымшылар депозит ашпай тұрып, нені білулері керек?

Депозиттердің қандай түрлері бар және мақсаттарыңызға қарай оларды қалай таңдауға болады?

Егер банк аяқ астынан лицензиясынан айырылатын болса, депозиттердің сақталуына және қайтарылуына кім және қалай кепілдік береді?

24kz телеарнасы журналистерінің осы және өзге де сұрақтарына Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының қызметкерлері жауап берді.

Сілтеме бойынша сюжеттен қараңыз.

Что должны знать вкладчики прежде чем открыть депозит?
Какие бывают депозиты, как их выбрать в зависимости от ваших целей,
кем и как гарантируется их сохранность и возвратность в случае, если вдруг банк лишится лицензии?

На эти и другие вопросы журналистов телеканала 24kz отвечали сотрудники Казахстанского фонда гарантирования депозитов.

Смотрите в сюжете по ссылке:

https://www.youtube.com/watch?v=Z-is2GIANGw
Ақшаңызды сеніп тапсырған банкіңіз лицениясынан айырылса, әрине, бұл көңіліңізде өкініш, үреу тудыруы мүмкін.

Алайда уайымдауға еш негіз жоқ. Ақшаңыз сенімді қорғалған және салымдарыңыз бойынша заңнамада белгіленген сомалар шегінде кепілді өтем алуға үміт арта аласыз.    

Ендеше осындай жағдайда салымшылар қандай жайттарға тап болатындығын қарастырып, не істеу керектігі туралы нақты ақыл-кеңестер ұсынамыз.    

Банк лицензиясынан айырылған жағдайда ҚДКБҚ 30 жұмыс күні ішінде салымшыларды төлемнің басталатын күні, ҚДКБҚ атынан төлемдерді жүзеге асыратын агент банк, төлемнің кезеңі мен орындары туралы салымшыларға алдын ала хабарлайды.

Өтініштер ҚДКБҚ хабарламасы жарияланғаннан кейін 5 жұмыс күні ішінде қабылдана бастайды және төлем басталған күннен бастап, 1 жыл ішінде жалғасады.  

Егер таратылатын банктердің салымшылары өтем алуға дер кезінде жүгінбесе, онда талап етілмеген сомалар олардың атына Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында (БЖЗҚ) ашылған, жеке зейнетақы шоттарына аударылады.

Бұл үшін салымшы тарапынан қандай да бір әрекет жасау талап етілмейді.

Егер салымшы төлем мерзімін дәлелді себептерге байланысты өткізіп алған болса, ол өтем алу үшін тікелей ҚДКБҚ-ға жүгіне алады.

Бұл себептер:
әскери қызметке кіру; Қазақстанның аумағынан тыс жерде немесе бас бостандығынан айыру орындарында болу; депозитордың мұрасын қабылдау; сот анықтаған өзге де мән-жайлар.

Салымшы белгіленген нысан бойынша өз қолымен өтініш толтырып, белгіленген төлем мерзімін өткізіп алуға жоғарыда аталған дәлелді себептердің бірінің бар екендігін растайтын құжаттарды қоса тіркейді.
 
ҚДКБҚ әрбір кезеңде: төлем басталғанға дейін, төлем мерзімі барысында, төлем аяталғанға дейін және одан кейін кепілдік төлеудің барлық рәсімдері туралы халықты міндетті түрде хабардар етіп отырады.
 
Лишение лицензии банка, которому вы доверили свои средства, может вызвать серьезные опасения и тревогу.

Однако вы должны помнить, что ваши средства находятся в безопасности и вы можете рассчитывать на получение от КФГД гарантийного возмещения по своим вкладам в пределах сумм, установленных законодательством.

Рассмотрим ключевые моменты, с которыми сталкиваются вкладчики в подобной ситуации, а также предоставим практические советы о том, как действовать в таких обстоятельствах.

В случае лишения вашего банка лицензии КФГД в течение 30 рабочих дней заранее уведомляет вкладчиков о дате начала выплаты, о банке-агенте, осуществляющем выплату от имени КФГД, периоде и местах выплаты.

Прием заявлений начинается не позднее 5 рабочих дней после объявления КФГД и длится в течение года с даты начала выплат.

Если вкладчик не обратился за выплатой в установленный срок, то невостребованная им сумма будет перечислена на его пенсионный счет в ЕНПФ. Каких-либо действий со стороны вкладчика для этого не требуется.

Если у вкладчика были уважительные причины пропуска срока выплат (поступление на воинскую службу; нахождение за пределами Казахстана или в местах лишения свободы; оформление принятия наследства; иные обстоятельства, установленные судом), то он вправе обратиться за выплатой непосредственно в КФГД.

Ему необходимо собственноручно заполнить заявление по установленной форме  и приложить к нему документы, подтверждающие наличие уважительных причин.

КФГД в обязательном порядке проводит работу по информированию населения обо всех процедурах выплаты гарантии на каждом этапе: до даты начала, в течение срока выплат, до и после завершения выплат.
 
Исламдық қаржыландыру – әлемдік банк секторы мен Қазақстанда негізгі қаржылық даму бағыттарының бірі.

Ол дәстүрлі банкингке қарағанда бірқатар ерекшеліктерге ие. Өйткені ол шариғат қағидаларына негізделген.

Солардың ішінде маңызды қағидаларға атап өтер болсақ:  
1) ақшаны саудалауға және пайыз алуға тыйым салынғандығы;
2) ақшаны жұмсауға қатысты тәуекелдің капитал иесі (инвестор) мен капитал берілген тұлғаға (кәсіпкер) үлестірілуі;  
3) шариғат қағидаларына сәйкес белгілі бір қызмет түрлерін (темекі, спирттік ішімдіктер, қару-жарақ өндірісі және т.б.) қаржыландыруға тыйым салынғандығы;
4) бөгденің мүлігін иемденуге және борышты сатуға тыйым салынғандығы.

Банктердің ақша тартудағы исламдық құралдарын кәдімгі, классикалық түсініктегі депозиттер деуге болмайды. Оны керісінше қаражатты банк пен клиенттің қандай да бір жобаға бірлесіп инвестициялауы деуге саяды. Бұл ретте тәуекел капиталдың иесі (инвестор) мен капитал берілген тұлға (кәсіпкер) арасында бөлінеді.    

Бүгінде ислам банктері әлемнің 43 мемлекетінде жұмыс істейді. ТМД елдерінде ислам банктері Қазақстанда, Қырғызстанда, Ресейде, Өзбекстанда, Әзірбайжанда және Тәжікстанда жұмыс істейді. Бұл ретте әрбір мемлекеттің банк секторында олардың активтері бойынша ықпалы 1%-дан аспайды.  

1995 жылы Қазақстан Ислам даму банкінің қатысушысы атанды. Сол жылдан бастап елімізде ислам банкингі қолға алынды. Алайда заңнамалық база 2009 жылы әзірленді.

Қазақстанда исламдық қаржыландыру қағидаттары бойынша жұмыс істейтін екі ислам банкі бар. Олар: «Al-Hilal» АҚ және «Заман-Банк» АҚ.

Соңғы 5 жылда (2019-2023 жылдары) ислам банктері активтерінің орташа өсімі 19,4%-ды құрады, ал басқа дәстүрлі банктер бойынша орташа өсім – 13,7% болды.

Өсімінің жоғары екендігіне қарамастан, ислам банктері активтерінің үлесі барлық қазақстандық банктердің жиынтық активтерінің 0,4%-ынан аспайды, ал жеке тұлғалардың салымдарының үлесі - 0,01%-дан аспайды.

Ислам банктерінің депозиттік портфелінің құрылымында да, кредиттік портфелінің құрылымында да корпоративтік клиенттер басымдыққа ие.
Қазақстанда қызмет атқаратын ислам банктеріндегі депозиттерге кепілдік берілмейді. Неге?

Біздің пікірімізше мұның негізгі себептері мыналар:  
1) Қазақстанның банк жүйесінде ислам банктері үлесінің аз болуы және олардың негізінен корпоративтік шетелдік компаниялармен жұмыс істеуге бейімделгендігі;  
2) ислам депозиттері бойынша білікті және кәсіпқой кадрлардың жетіспеуі, сәйкесінше бұл сақтандыруды жүзеге асыруға мүмкіндік бермейді;  
3) ислам банктерінде бөлшек саудалық, яғни жеке клиентке қатысты бағыттағы жұмыстар, оның ішінде халыққа арналған қаржылық өнімдер туралы халықты хабардар ету механизмі әлсіз дамыған.
 
Жалпы Қазақстанда ислам банкингін дамыту келешегі бар бағыт болып саналады. Бұл бір жағынан халықтың бір бөлігінің ерекше, өзіндік бір қаржы құралдарына деген қажеттілігін қанағаттандыруға бағытталса, екінші жағынан Қазақстанның қаржылық қызметтер көрсету нарығында бәсекелестіктің дамуына септігін тигізеді.    
 
 
Одним из новых направлений в мировом банковском секторе и в Казахстане является исламское финансирование. Оно имеет ряд отличий от традиционного банкинга, что связано с тем, что он основывается на принципах шариата.

Наиболее важными из них являются:
1) запрет на торговлю деньгами и взимание процента;
2) разделение рисков между инвестором и лицом, которому передается капитал;
3) запрет на финансирование определенных видов деятельности в соответствии с принципами шариата (табачное, алкогольное, оружейное производства и др.);
4) запрет на присвоение чужого имущества и продажу долга.
 
Исламские инструменты привлечения банками средств не являются депозитами в классическом смысле. Они больше похожи на совместные инвестиции банка и клиента в те или иные проекты. При этом происходит разделение рисков между инвестором и предпринимателем.
 
Сегодня исламские банки есть в 43 странах. В странах СНГ они имеются в Казахстане, Кыргызстане, России, Узбекистане, Азербайджане и Таджикистане. Их влияние в общем банковском секторе каждой страны не превышает 1% (по активам).

Внедрение исламского банкинга в Казахстане стартовало в 1995 году. Однако законодательная база была разработана в 2009 году.

В Казахстане имеется два банка на принципах исламского финансирования – АО «Al-Hilal» и АО «Заман-Банк». За последние 5 лет (за 2019-2023 годы) средний прирост активов исламских банков составил 19,4%, тогда как по всем банкам – 13,7%.

Несмотря на высокие темпы, доля активов исламских банков не превышает 0,4% от совокупных активов казахстанских банков, а доля вкладов физических лиц – 0,01%. В структуре как депозитного, так и кредитного портфеля исламских банков преобладают корпоративные клиенты.
 
В Казахстане не гарантируются депозиты в исламских банках.

Причинами этого, по нашему мнению, являются:
1) сравнительно небольшая доля присутствия исламских банков в банковской системе Казахстана и их ориентация на работу с корпоративными иностранными компаниями;
2) нехватка квалифицированных и профессиональных кадров по исламским депозитам, что не позволяет осуществлять страхование;
3) слабое развитие розничного направления работы в исламских банках.
 
В целом развитие исламского банкинга в Казахстане является весьма перспективным направлением, которое, с одной стороны, позволит удовлетворить потребности части населения в специфичных финансовых инструментах, а с другой – позволит развить конкуренцию на рынке финансовых услуг Казахстана.
 
Қор Депозиттерді сақтандырушылардың халықаралық қауымдастығының (ДСХҚ) мүшесі болып табылады. Бұл ұйымның құрамына 96 мемлекет енген.

Биыл ақпан айының соңында Қор Төрағасы Әділ Өтембаев қауымдастықтың Атқарушы кеңесінің отырысына қатысты. Онда 2024 жылы басымдық берілген бағыттар және басқару құрылымына байланысты маңызды мәселелер талқыланды.

Отырысқа қатысушылар депозиттерге кепілдік беру жүйесі саласындағы Негіз қалаушы қағидаттарды қайта қарауды 2024 жылы басымдық берілген маңызды міндет деп белгіледі. Ондағы мақсат – аталмыш қағидаттардың тиімділігін арттыру.  

Қайта қарау жұмыстары барысында мына тез өзгеріп жатқан қаржылық ортада депозиттерді сақтандырушылар үшін ғаламдық стандарттардың өзектілігін қамтамасыз ету мақсатында 2023 жылғы банк дағдарысынан алынған сабақтар, сондай-ақ қаржы секторына технологиялық үдерістердің ықпалы ескерілетін болады.

Қауымдастық мүшелерімен талқылау үшін ДСХҚ 2024 жылдың соңына қарай қайта қаралған қағидаттардың жобасын толығымен әзірлейді деп жоспарлануда. Ал оның түпкілікті нұсқасы 2025 жылы жыл сайынғы жиналыста бекітіледі.

Бұдан басқа, ДСХҚ осы қағидаттарға сәйкестікті бағалауды жүргізу бойынша нұсқаулық әзірлейді.
Атқарушы кеңестің отырысында ДСХҚ комитеттерінің құрылымындағы өзгерістер бекітілді, сондай-ақ жаңа комитеттердің төрағалары белгіленді.

Бұл өзгерістер ДСХҚ қол жеткізген стратегиялық мақсаттардың тиімділігін арттыруға, атқарылатын қызметтерді оңтайландыруға және әлемдік қаржылық сын-қатерлерге дер кезінде мән беруге бағытталған.

Түптеп келгенде олар депозиттерді сақтандырушылар үшін стандарттарды белгілеуші ғаламдық ұйым ретінде ДСХҚ-ның рөлін арттыруға септігін тигізеді. Басқарудың жаңартылған құрылымында бес комитет көзделген.

Олар қаржы нарығы мен банктердің дамуына мониторинг жасауға, депозиттерді сақтандырушылар мен дағдарыстарды басқару үшін сын-қатерлерді анықтауға, ұйымдар және депозиттерді сақтандырушылар үшін саясат пен іс-тәжірибелерді әзірлеуге, депозиттерді сақтандыру стандарттарын енгізуге және техникалық көмек көрсетуге, ДСХҚ стратегиясы мен стратегиялық жоспарлаудың сақталуын қамтамасыз етуге жауапты жауапты болады.