ҚДКБҚ | КФГД
325 subscribers
1.02K photos
64 videos
3 files
588 links
Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры | Казахстанский фонд гарантирования депозитов

🌐 Сайт: www.kdif.kz

📢 Чат: www.t.me/KDIF_ask
Download Telegram
ҚДКБҚ, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі және банк секторымен бірлесе отырып, 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап, депозиттер нарығында анағұрлым икемді және иілімді реттеу механизмдерін енгізу туралы шешім қабылдады.

КФГД совместно с Национальным Банком Республики Казахстан и банковским сектором было принято решение о внедрении более гибких и эластичных механизмов регулирования на рынке депозитов с 1 января 2024 года.
Әзірленген жеке тұлғалардың депозиттері бойынша мөлшерлемелерді реттеу реформаның көздеуінше шекті мөлшерлемелер енді тек өтімділік тәуекелдеріне шалдыққыш және сәйкесінше өктем сипаттағы депозиттік саясат жүргізуге бейім банктер санатына ғана белгіленетін болады.

Жеке тұлғалардың депозиттері бойынша мөлшерлемелерді белгілеу бағдары нарықта қалыптасады. Банктер бұрынғыдай өздерінің депозиттік өнімдері бойынша мөлшерлемелерді өз беттерімен белгейді. Бірақ олар жүйелік тәуекел үшін банктің мөлшерлемесі мен орташа өлшемді нарықтық мөлшерлеме арасындағы спредтке қарай жарна төлейді: банктің мөлшерлемесі нарықта қалыптасқан мөлшерлемеден ауытқығын сайын оның ҚДКБҚ-ның болашақ төлемдеріне арналған арнайы резервіне төлейтін жарнасының мөлшері де артатын болады.

Сонымен қатар егер банктің мөлшерлемесі орташа нарықтық мөлшерлемеден төмен болса, жаңа механизм бойынша резервке төленетін күнтізбелік жарналардан дисконт көзделген.


Разработанная реформа регулирования ставок по депозитам физических лиц предполагает, что предельные ставки будут устанавливаться только для определенной категории банков, наиболее подверженным рискам ликвидности и, соответственно, склонным к проведению агрессивной депозитной политики.

Ориентир для установления ставок по депозитам физических лиц будет формироваться рынком. Банки, как и прежде, будут устанавливать ставки по своим депозитным продуктам самостоятельно, но при этом будут оплачивать взнос за системный риск в зависимости от спреда между ставкой банка и средневзвешенной рыночной ставкой: чем больше отклонение ставок банка от ставки, сложившейся на рынке, тем больше будет размер его взноса в резерв КФГД для будущих выплат.

В то же время, если ставка банка ниже среднерыночной, новым механизмом предусмотрен дисконт с календарных взносов в резерв.
https://youtu.be/_7RI--PCL_I?si=ljj-dMAPCSWOFL0E

Мөлшерлемелерді реттеудің жаңа механизмін енгізудің арқасында депозит нарығында барабар нарықтық баға белгіленімі дамиды және депозиттерді тартуда бағадан тыс талаптарды жақсарту арқылы қатысушы банктер арасында бәсекелестік артады – банктің қаржылық көрсеткіштері жақсарады, қызмет көрсету сапасы артады, филиалдық желі кеңейтіледі және мобильді қосымшылар дамиды деп күтіледі.    
🚨Тыңдаңыздар! Алаяқтықтың жаңа түрі: әлеуметтік желілердегі жалған «Төлемдер комитеті».

⚠️ Құрметті салымшылар! Әлеуметтік желілерде алаяқтықтың жаңа түрі пайда болғанын хабарлаймыз.

Қаскүнемдер бейне бір ҚР Қаржы министрлігі атынан таяуда депозиттер бойынша өтемдер төлеу туралы «Өтемдер комитетінің» құрылғаны туралы хабарландыру тарату үшін Инстаграмды пайдаланады.    

🔍 Алаяқтық әрекеттің мәні: олар сауалнаманы тіркеу, «комитеттің» сайтында өтінішті қабылдау және одан әрі депозиттер бойынша өтем ақшаны салымшының банктік картасына бірден аудару үшін заңгердің көрсететін қызметін алдын ала төлеуді ұсынады. Бұл жерде заңдық көрсетілетін қызметтер үшін төленетін сома шартты түрде үлкен емес – шамамен 5 мың теңге, ал төлемнің мөлшері миллион теңгеден асады.    

🛡️Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры (ҚДКБҚ, Қор) депозиттер бойынша кепілді өтем төлеумен айналысатын жалғыз ұйым – өзі екендігін тағы да еске салады.

Сіздерден өтініш, естеріңізде болсын, ҚДКБҚ жеке тұлғалардан ешқандай түрде және мөлшерде ақша алмайды және ала алмайды.

Қордың мақсаты – банк лицензиясынан айырылған жағдайда оның салымшыларына кепілді өтем төлеу.

Қор операциялар жүргізгені немесе рұқсат беру құжаттарын ұсынғаны үшін ешқашан ақша талап етпейді.

🚫 Алаяқтық әрекеттерді болдырмау үшін не істеу керек:
Депозиттер бойынша өтем төлеуге қатысты алдын ала төлем талап еткен ешбір ұйымға ақша аудармаңыздар.  

Депозиттер бойынша төлемдер туралы кез келген хабарламаларды растау үшін ҚДКБҚ https://www.kdif.kz/ сайты секілді ресми ақпарат көздерін тексеріңіздер.

Интернетте қырағы болыңыздар: жеке деректеріңізді жарияламаңыздар және күдік тудыратын сілтемелерге өтпеңіздер.

🔗 Алаяқтардың арам ниеттерін жүзеге асыруларына жол бермеу үшін осы ақпаратты достарыңызбен және отбасыларыңызбен бөлісіңіздер.
🚨 Внимание! Новый вид мошенничества: фиктивный «Комитет выплат» в соцсетях.
 
⚠️ Уважаемые вкладчики! Информируем о том, что в соцсетях появился новый вид мошенничества.

Злоумышленники используют Инстаграм для распространения объявлений от имени Министерства финансов РК и якобы недавно созданного «Комитета выплат» о возмещениях по депозитам.

🔍 Суть мошенничества:

Злоумышленники предлагают гражданам оплатить услуги юриста для регистрации анкеты и приема заявления на сайте «комитета» и дальнейшего получения компенсации по депозитам сразу на банковскую карту вкладчика.

Расчет идет на то, что суммы за юридические услуги относительно небольшие – около 5 тысяч тенге, при этом размер выплат, как правило, превышает миллион тенге.

🛡️ КФГД (Казахстанский фонд гарантирования депозитов) напоминает, что единственной организацией, занимающейся выплатами гарантийного возмещения по депозитам, является Фонд.

Пожалуйста, помните, что КФГД не принимает и не может принимать деньги от физических лиц ни в каком виде и размере. Задача Фонда – выплата гарантийного возмещения депозиторам в случае лишения банка лицензии.

Фонд никогда не требует дополнительные платежи за проведение операций или предоставление разрешительных документов.
 
🚫 Как предотвратить мошенничество:

Не переводите деньги никаким организациям, требующим предоплату за услуги по выплате возмещения по депозитам.

Проверяйте официальные источники информации, такие как официальный сайт КФГД https://www.kdif.kz/ для подтверждения любых уведомлений о выплатах по депозитам.

Будьте бдительными в интернете: не разглашайте личные данные и не проходите по подозрительным ссылкам.

🔗 Поделитесь этой информацией с друзьями и семьей, чтобы предотвратить действия мошенников.
 
 
 
Депозит нарығында өнімдердің алуан түрлілігі салдарынан салымшылар олардың ерекшеліктерін және соларға қатысты талаптарды көбінесе түсініңкіремей жатады.

Ал бұл талаптар депозиттің түрін анықтауға және банк лицензиясынан айырылған жағдайда соған қатысты төленетін кепілдік сомасына әсер ететіндігі белгілі.      

ҚДКБҚ өзінің бастамасы бойынша салымшылардың мүдделерін қорғау және тұрғындардың қаржылық сауаттылығын арттыру мақсатында банктермен бірлесе отырып, клиенттерге ақпарат беру тәртібін жетілдіру бойынша қыруар жұмыстар атқарды.  

Егер Сіздің:
• бір банкте бірнеше депозитіңіз бар болса;
• шетел валютасында депозиттеріңіз бар болса;
• банк алдындағы берешектеріңіз (егер сіз бір мезгілде осы банктен қарыз алған болсаңыз) есепке алынған жағдайда,
2023 жылдың 1 шілдесінен бастап, банк шоты/салымы шартын жасасу барысында банктің ҚДКБҚ хабарламасы нысанында ұсынатын нысанда банк лицензиясынан айырылған кезде өтем сомасын есептеу ерекшеліктері туралы біле аласыз.    

Бұл ақпаратты салымшы шартты қандай әдіспен болса да – сайтта онлайн түрінде немесе банктің мобильді қосымшасында не болмаса оның бөлімшесінде жасасқанына қарамастан, толыққанды алатын болады.

Кейбір банктер бұл мәліметтерді өзінің сайтында шарттың жалпы талаптарында келтіреді.    

Сонымен қатар мына ерекшелікке назар аударыңыз, хабарламаның жаңа нысанында бөлек құжатқа (шарт жасасу барысында қол қойылады) сілтеме жасалады.

Онда міндетті түрде нақты банктік өнімнің негізгі талаптары: түрі, валютасы, қаражатты мерзімінен бұрын толық/ішінара алу талаптары және максималды кепілдік сомасы туралы ақпараттар көрсетілген.
Широкая линейка продуктов на депозитном рынке зачастую приводит к отсутствию понимания у вкладчиков их существенных условий, которые влияют на определение вида депозита и соответствующей ему суммы гарантии, выплачиваемой при лишении банка лицензии.

По инициативе КФГД в целях защиты интересов вкладчиков, а также повышения уровня финансовой грамотности среди населения, Фондом совместно с банками проведена большая работа по совершенствованию порядка уведомления клиентов.

С 1 июля 2023 года в форме уведомления КФГД, представляемой банком при заключении договора банковского счета/вклада, вы сможете узнать об особенностях расчета суммы возмещения в случае лишения банка лицензии, при:
• наличии нескольких депозитов в одном банке;
• наличии депозитов в иностранной валюте;
• проведении зачета суммы вашей задолженности перед банком (если вы одновременно являетесь заемщиком этого банка).

Причем эту информацию вкладчик получает вне зависимости от того, каким способом он заключает договор – онлайн на сайте или в мобильном приложении банка либо в его отделении.

Некоторые банки прописывают эти сведения в общих условиях договора на своем сайте.

Также обратите внимание, что обновленная форма уведомления содержит отсылку на отдельный документ (подписывается при заключении договора), в котором в обязательном порядке отображается информация о ключевых условиях конкретного банковского продукта: вид, валюта, условия полного/частичного досрочного изъятия средств и максимальная сумма гарантии.
 
Банк депозиттері әдетте ақшаны сақтаудың және молайтудың ең қауіпсіз әдісі болып саналады.

Бұған әрине, Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының (ҚДКБҚ, Қор) беретін кепілдіктері де оң әсер етеді.

Бірақ сол депозитіңіздегі ақша кепілдік берілген сомадан асып кететін болса, не істеуге болады?      

Тағы да еске саламыз, жинақталған ақшаға заңнама жүзінде белгіленген сомалар шегінде кепілді өтем төленеді:
- 20 млн теңге – теңгелік жинақ депозиттер бойынша; - 10 млн теңге – теңгедегі басқа салымдар, карточкалар және шоттар бойынша; - 5 млн теңге – шетел валютасындағы депозиттер, карточкалар және шоттар бойынша.

Сонымен қатар өтем төлеу барысында банк лицензиясынан айырылған күнге қарай есептелген сыйақылар да есепке алынады.

Егер салымшының депозитіндегі жиналған ақша сақталуына кепілдік берілген максималды өтем сомасынан асып кететін болса, сол артық бөлігін салымшы банктің тарату комиссиясынан банк заңнамасында белгіленген кезектілік тәртібімен алады.    

МАҢЫЗДЫ! Салымшының бір емес, бірнеше банкте ашқан депозиттеріндегі ақшаларға әрбір банк бойынша жеке-жеке кепілдік беріледі.

Міне, сондықтан да біз сізге жинақ ақшаларыңызды әртүрлі банктерде сақтауға кеңес береміз.    

Егер сіз бір банкте әртүрлі депозиттер: мысалы, теңгеде және шетел валютасында депозиттер ашқан болсаңыз, сондай-ақ ағымдағы және карточкалық шоттарда да ақшаларыңыз болса, онда сақтандыру жағдайы туындаған кезде кепілді өтемнің мөлшері әрбір депозит түрі бойынша белгіленген кепілдік сомаларын (5,10 немесе 20 млн) ескере отырып, банк лицензиясынан айырылған күнге қарай барлық шоттарда жинақталған ақша қалдықтарына есептеледі.

Бірақ түптеп келгенде депозиттеріңіздің арасында теңгелік жинақ салым болған жағдайда жалпы төлем сомасы 20 млн теңгеден асырылмайды.
Банковские депозиты считаются одним из самых безопасных способов хранения средств, в том числе благодаря гарантии КФГД.

Но что делать, если сумма вашего депозита превышает гарантийную сумму?

Напомним, под гарантийное возмещение подпадает сумма в пределах лимитов: - 20 млн тенге – по сберегательным депозитам в тенге; - 10 млн тенге – по карточкам, счетам и другим депозитам в тенге; - 5 млн тенге – по карточкам, счетам и депозитам в иностранной валюте.

При расчете также учитывается вознаграждение, которое было начислено на дату лишения банка лицензии.

Остаток депозита, превышающий максимальную сумму возмещения, вкладчик может получить от ликвидационной комиссии банка в порядке очередности, установленной банковским законодательством.

ВАЖНО! Помните, что деньги, которые находятся на счетах сразу в нескольких банках, гарантируются отдельно по каждому из них. Именно поэтому мы рекомендуем вкладчикам хранить сбережения в разных банках.

Если у вас в одном банке открыто несколько различных видов депозитов, например, в тенге и иностранной валюте, а также есть средства на текущих и карточных счетах, то при наступлении страхового случая размер гарантийного возмещения будет рассчитываться от суммы остатков на всех счетах на дату лишения банка лицензии с учетом размера гарантии по каждому виду депозита (5, 10 или 20 млн).

Но в совокупности, при условии наличия сберегательного депозита в национальной валюте, общая сумма выплаты не может быть более 20 млн тенге.
Қазақстанда депозиттер бойынша төленетін кепілді өтем сомасының көлемі әлемдік стандарттарға қаншалықты сәйкес келеді? Жалпы кепілдік сомасы жеке тұлғалардың барлық депозиттерін 100% өтеуі тиіс пе?
 
IADI негізі қалаушы қағидаттары сәйкес депозиттердің бір бөлігіне кепілдік берілмеуі керек. Ондағы мақсат – өздерінің осал тұстарын бағалау барысында банк секторы тарапынан да, халық тарапынан да жауапкершіліктің төмендеуіне жол бермеу.  
 
Сақтандыру арқылы қорғау деңгейі қалай бағаланады?
2023 жылдың басына қарай орта есеппен ДСХҚ мүше ұйымдар арасында депозиттердегі қалдық көлемі бойынша өтеу көрсеткіші – 44,1%, ал Украина мен Беларусияда депозиттерге толық көлемде кепілдік берілгендіктен, ТМД елдері бойынша 63,5% деңгейінде болды. Қазақстанда өтеу коэффициенті 44,9%-ды құрайды. Бұл орташа әлемдік деңгейге сәйкес келеді.

Шоттардың саны бойынша коэффициентке келер болсақ, ДСХҚ мүше елдер арасында бұл көрсеткіш 97,9%-ды, ТМД елдері бойынша 99,3%-ды құрады. Қазақстанда өтеу коэффициенті 99,8%-ға тең. Бұл әлем және ТМД бойынша орташа деңгейден жоғары.
 
Сақтандыру жүйесінің қамтуы

Депозиттерді сақтандыру жүйесінің қамтуы сақтандыру көлемінің ел халқының жан басына шаққандағы Жалпы ішкі өнімге (ЖІӨ) арақатынасымен сипатталады.

ДСХҚ көптеген мүше елдерінде қамту лимиті әрбір банктегі бір салымшыға қатысты есептеледі. Кепілді төлем сомасының ауқымы 749 доллардан (Гана) 250 000 долларға дейін барады (АҚШ).

ДСХҚ барлық қатысушылары бойынша орташа өтеу лимиті 50 000 АҚШ долларын, ал ТМД елдері бойынша – 22 060 АҚШ долларын құрайды. Қазақстанда өтеу лимиті 43 210 АҚШ долларына тең.

Орта есеппен ДСХҚ мүше ұйымдар арасында сақтандыру жүйесінің қамту көрсеткіші 3,3 деңгейінде, ал ТМД елдері бойынша – 2,6 деңгейінде.

Қазақстанда өтеу коэффициенті – 3,8 тең. Бұл әлем бойынша орташа көрсеткіштен жоғары және сәйкесінше отандық депозиттерге кепілдік беру жүйесінің әлеуметтік қамтуы жақсы деңгейде деуге болады.      
 
Қазақстан салымдарды өтеу лимиті, депозиттерді кепілдікпен өтеу деңгейі және арнайы резерв мөлшерінің кепілдік берілген депозиттердің көлеміне және депозиттердің жалпы көлеміне арақатынасы бойынша ТМД елдері арасында ғана емес, сонымен қатар ДСХҚ басқа қатысушылары арасында көш басында келеді. Бұл қазақстандықтарға өздерінің жинақ ақшаларының сақталуына сенімді болуларына мүмкіндік береді.