ҚДКБҚ | КФГД
323 subscribers
1.01K photos
64 videos
3 files
577 links
Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры | Казахстанский фонд гарантирования депозитов

🌐 Сайт: www.kdif.kz

📢 Чат: www.t.me/KDIF_ask
Download Telegram
Растаушы құжаттар жеткілікті дәрежеде рәсімделмеген болса немесе тіпті жоқ болған жағдайда кепілді өтемді төлеуден бас тартылуы мүмкін.

Мысалы:
• өтем төлеуге берілген өтініш дұрыс толтырылмаған не болмаса толық көлемде толтырылмаған (деректердің қоса тіркелген құжаттарға сәйкес келмеуі немесе деректемелердің, дәлелді себептердің, қолдардың және т.б. жоқтығы);

• құжаттар ҚР заңнамасының талаптарын бұза отырып рәсімделген (белгіленген нысан бойынша ұсынылмаған);

• тапсырылған құжаттар салымшыға өтінішті бүкіл төлем мерзімі барысында беруге кедергі келтірген дәлелді себептерді растамайды (мысалы, өтініш беруші өтем алуға банк бойынша төлем мерзімі аяқталғанға дейін берілген Мұраға құқық туралы куәлікпен жүгінген, яғни салымшының төлем мерзімі барысында-ақ өтініш беріп, өтем алуға мүмкіндігі болған);

• бүкіл төлем мерзімі барысында өтініш беруге кедергі келтірген мән-жайларды растайтын құжаттар тапсырылмаған немесе толық көлемде тапсырылмаған.

Салымшының әрбір өтінішін ҚДКБҚ жеке тәртіпте қарайды. Бұл ретте өтем төлеуден бас тартылған жағдайда, оның себептері және түзету бойынша ұсынымдар салымшыға жазбаша хабарлама түрінде ұсынылады.
В выплате гарантийного возмещения может быть отказано при ненадлежащем оформлении или отсутствии подтверждающих документов.

Например:
• заявление на выплату заполнено некорректно или заполнено не в полном объеме (несоответствие данных приложенным документам либо отсутствие реквизитов, уважительной причины, подписи и др.);

• документы оформлены с нарушением требований законодательства РК (представлены не по установленным формам);

• представленные документы не подтверждают наличие уважительной причины, препятствовавшей подаче вкладчиком заявления в течение всего срока выплаты (например, заявитель обратился за выплатой со свидетельством о праве на наследство, выданным до завершения срока выплат по банку – то есть фактически вкладчик мог обратиться за выплатой возмещения и получить его в течение срока выплат и др.);

• не представлены документы, подтверждающие обстоятельство, препятствовавшее подаче заявления в течение всего срока выплаты или представлены не в полном объеме.
 
Каждое обращение вкладчика рассматривается КФГД в индивидуальном порядке, и, в случае отказа, письменно предоставляется полная информация о причине с рекомендациями по исправлению.
 
Кейде салымшы қандай да бір жағдайларға байланысты тікелей өзі кепілді өтем алу үшін өтініш беруге мүмкіндігі болмай жатады.

Салымшының орнына кімнің өтініш және басқа қандай құжаттардың негізінде өтем алуына болатындығын жан-жақты талқылап көрелік.  

Салымшының сенімхат бойынша өкілдері

Мұндай өтініш беруші жеке басын куәландыратын құжат пен нотариус куәландырған сенімхат ұсынады.

Егер сенімхат шет тілінде рәсімделген болса, онда оның мемлекеттік тілге немесе орыс тіліне аударылған және нотариус арқылы куәландырылған аудармасы да ұсынылады. Сонымен қатар кейбір жағдайларда мұндай сенімхаттарға апостиль қою немесе консулдық заңдастыру талап етілуі мүмкін.

Салымшының заңды өкілі (ата-ана, бала асырап алушы, қорғаншы, қамқоршы)

Кәмелетке толмаған, жасы 14-ке жетпеген салымшының атынан өтем алу үшін оның ата-анасының бірі жүгінеді. Бұл жағдайда ата-ана баланың туу туралы куәлігін және өзінің жеке басын куәландыратын құжатты (жеке куәлігін) ұсынады.  

Ал 14 жастан 18 жасқа дейінгі аралықтағы кәмелетке толмаған салымшының атына ашылған депозит бойынша өтемді кәмелетке толмаған жасөспірімнің өзі ата-анасының немесе ата-анасының бірінің жазбаша рұқсатымен ала алады.  

Салымшының мұрагерлері

Мұрагерлер мұра алу құқықтарын немесе мұра берушінің ақшасын пайдалану құқығын растайтын құжаттардың түпнұсқаларын немесе нотариус куәландырған көшірмелерін ұсынулары қажет.  

Салымшының депозиті бойынша кепілді өтемді алу құқығына ие өзге де тұлғалар

өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжатты және кепілді өтемді алу құқығын растайтын құжаттарды (мысалы, сот шешімі) ұсынады.
Бывают случаи, когда вкладчик в силу различных обстоятельств не может обратиться лично за выплатой возмещения по вкладу.

Кто и на основании каких документов, помимо заявления, может получить возмещение вместо него?

Представители вкладчика по доверенности

Заявители представляют нотариально удостоверенную доверенность и документ, удостоверяющий их личность.

Если доверенность составлена на иностранном языке, то представляется также и ее нотариально засвидетельствованный перевод на государственный или русский язык.

При этом в определенных случаях может потребоваться апостилирование или консульская легализация такой доверенности;

Законный представитель вкладчика (родитель, усыновитель, опекун, попечитель)

От имени несовершеннолетнего вкладчика до 14 лет за выплатой возмещения обращается один из родителей. Он представляет свидетельство о рождении ребенка и документ, удостоверяющий его личность.

Возмещение по депозитам, открытым на ребенка от 14 до 18 лет, может получить сам несовершеннолетний с письменного разрешения родителей, либо один из его родителей.

Наследники вкладчиков

Наследникам необходимо представить оригинал или нотариально засвидетельствованные копии документов, подтверждающих право на наследство или право использования денег наследодателя, и документ, подтверждающий личность наследника.

Иные лица, обладающие правом на получение гарантийного возмещения по депозиту вкладчика,

представляют документы, подтверждающие их право на получение гарантийного возмещения (например, решение суда) и документ, удостоверяющий личность заявителя.
 
Банктермен арадағы қарым-қатынас қандай да бір дәрежеде өміріміздің ажырамас бөлігіне айналғаны белгілі.

Қандай да бір банктік қызметті алғымыз келсе, мысалы, депозит  ашуды ұйғарсақ, онлайн болсын, оффлайн болсын, міндетті түрде банкпен шарт жасасамыз. Ендеше қол қоярдан алдын, қайсымыз сол, бірнеше беттен тұратын құжатты мұқият оқып шығамыз?  
 
Біз бұл мақалада банк шартына қол қою барысында жіті назар аударуды қажет ететін маңызды мәселелерді қарастырамыз.  
 
Банк салымы шартында салымның қолданылу мерзімі, қаражатты орналастыру және сыйақы төлеу талаптары, салымның толықтай немесе ішінара қайтарылу талаптары, сондай-ақ салымды ұзарту талаптары көрсетілуі тиіс.  
 
Пайыздық мөлшерлеме. Пайыздық цифрларға назар аударыңыз – бұл мөлшерлемелер. Олар жоғары болған сайын табысыңыз да арта түседі.
 
Пайыздарды алу. Есіңізде болсын, салымдардың кейбір түрлері бойынша белгілі бір талаптар қарастырылған. Олар сыйақы мөлшеріне әсер етеді. Мысалы, жинақ салымынан мерзімінен бұрын ақша алуға болмайды. Себебі есептелген табыстан айырыласыз.
 
Шотқа қосымша ақша салу және одан ақша алу. Кейбір банк салымдарына қосымша ақша салуға болады. Енді біреулерінен мерзімінен бұрын ішінара ақша алуға рұқсат берілген. Ал енді бір салымдар бойынша мұндай әрекеттер жасауға болмайды. Мысалы, жинақ салымдарынан мерзімінен бұрын ақша алуға болмайды. Егер бәрібір алу қажет болып тұрса, салым толығымен қолға беріледі және шот  жабылды. Бұдан басқа, кейбір банктер шартты мерзімінен бұрын бұзғаны үшін салымшыдан комиссия өндіріп алуы мүмкін.
 
Салымды қайтару. Салымның түріне қарай оған қатысты талаптар да ерекшеленеді. Мысалы, банк талап етілмелі салымды салымшының талабы туындаған сәттен бастап, беруге міндетті. Ал мерзімді және жинақ салымды банк салымы шартында көрсетілген мерзім аяқталған соң барып қайтарады.    

Салымды келесі мерзімге ұзарту. Қысқаша айтқанда – ұзарту. Әдетте банк салымы шартында оның қандай талаптар бойынша ұзартылатыны, ұзарту саны көрсетіледі.

Шарттың мерзімі аяқталып, салым автоматты түрде ұзартылған жағдайда, банк шартты салымшының қатысуынсыз, бастапқыда қандай мерзімге ашылған болса, сондай мерзімге өз бетімен ұзартады. Егер шартта салымды ұзарту қарастырылмаған болса немесе салым максималды рет ұзартылған болса, банк ақшаңызды автоматты түрде сіздің ағымдағы шотыңызға аударады.

Бұл ретте салымның ұзартылуымен қатар сыйақы мөлшерлемелері де өзгеріске ұшырауы мүмкін. Егер банк осы сәтке салымды едәуір жоғары немесе төмен мөлшерлеме бойынша қабылдап жатса, онда сіздің депозитіңіз бойынша да сыйақы мөлшерлемесі де өзгереді.    

Егер сіз депозит ашуды ұйғарған болсаңыз, бұл ақпарат дұрыс таңдау жасауыңызға көмектеседі деген үміттеміз.  
 
Отношения с банками в той или иной степени стали неотъемлемой частью нашей жизни. Прежде чем получить какую-либо услугу, к примеру, по открытию депозита, мы подписываем договор с банком. Но сколько из нас действительно тщательно читают каждую строчку в этом многостраничном документе, прежде чем поставить свою подпись?
 
Рассмотрим ключевые аспекты, на которые следует обращать внимание при подписании банковского договора.

В нем должны быть отражены: срок действия вклада, условия размещения средств и выплаты вознаграждения, условия по полному либо частичному возврату вклада, возможности его пополнения, а также условия продления договора.
 
Процентная ставка. Обращайте внимание на цифры с процентами – это ставки. Чем выше эти показатели, тем больше дохода вы получите.
 
Получение процентов.  Помните, что по некоторым видам вкладов существуют определенные условия, влияющие на размер вознаграждения. К примеру, досрочно снимать деньги со сберегательного вклада крайне нежелательно – так вы теряете начисленный доход.
 
Пополнение и снятие со счета
Депозиты делятся на те, которые можно пополнять и с которых можно частично снимать средства, и те, по которым этого сделать нельзя. К примеру, сберегательные вклады нельзя снимать частично, только полностью. Кроме того, некоторые банки могут взимать комиссию за досрочное расторжение договора.

Возврат вклада. Условия отличаются в зависимости от вида вкладов. Вклад до востребования банк обязан выдать сразу при поступлении требования вкладчика. Срочный или сберегательный вклад возвращается банком по наступлении срока, указанного в договоре банковского вклада.  

Пролонгация вклада. Проще говоря – продление. Обычно в договорах прописывают на каких условиях происходит пролонгация вклада, а также количество продлений. В случае автоматической пролонгации при завершении срока договора банк продлевает договор сам, без вашего участия, на тот же срок, на который он был изначально открыт.

Если в договоре не предусмотрена пролонгация или вклад уже был продлен максимально возможное число раз, то после окончания срока вклада банк автоматически переведет деньги на ваш текущий счет.
ТЕРМЕСАУАЛ. Бір банкте депозиттер бойынша максималды жиынтық кепілдік мөлшері қандай?
Anonymous Poll
22%
15 млн теңге
78%
20 млн теңге
0%
25 млн теңге
0%
30 млн теңге
Каков размер совокупной гарантии по депозитам в одном банке?
Anonymous Poll
22%
15 млн тенге
72%
20 млн тенге
3%
25 млн тенге
3%
30 млн тенге
Құрметті отандастар!

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтаймыз!


Сізге шын жүректен зор денсаулық, бақыт, игілік және жұмысыңызда тек шығармашылық табыс пен жаңа жобалар мен идеялардың жүзеге асырылуын тілейміз!


Ізгі ниетпен, ҚДКБҚ


Уважаемые соотечественники!


Поздравляем вас с Днем независимости Республики Казахстан!

От всей души желаем вам крепкого здоровья, личного счастья и благополучия, дальнейших успехов в работе, творческого подъема и реализации смелых проектов, новых идей!

Искренне ваш, КФГД
 
Депозиттерді сақтандырушылардың халықаралық қауымдастығы (ДСХҚ, IADI) әлемдік экономикада қаржылық тұрақтылық пен сенімділікті қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады.

Банк саласында өзгерістер мен сын-қатерлер үздіксіз орын алып жатқан кезде ол әртүрлі елдерде депозиттердің қорғалуын ойдағыдай жүзеге асырып келеді.

IADI жұмысы ғаламдық қаржы жүйесіне қалай әсер етіп жатқандығы және Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры өз қызметінде оның қандай стандарттарын басшылыққа алатындығы жөнінде «ҚДКБҚ» АҚ Төрағасы Әділ Өтембаев әңгімелейді.
 
Сұхбатты сілтеме бойынша оқи аласыз: https://www.kdif.kz/kz/press-tsentr/press-relizy/depozitterdi-sa-tandyru-zh-yesini-tiimdiligine-arnal-an-iadi-negiz-alaushy-a-idattary/