ҚДКБҚ | КФГД
323 subscribers
1.01K photos
64 videos
3 files
577 links
Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры | Казахстанский фонд гарантирования депозитов

🌐 Сайт: www.kdif.kz

📢 Чат: www.t.me/KDIF_ask
Download Telegram
Егер сіз кепілді өтем алуға өтініш беру мерзімін (1 жыл) қандай да бір дәлелді себеп бойынша өткізіп алған болсаңыз, онда лицензиясынан айырылған банктегі қаражатыңызды қайтарып алуға мүмкіндігіңіз бар. Бұл туралы  бұған дейін де талай рет айтқанбыз. Ол үшін әрине, ҚДКБҚ-ға өтінішпен жүгінсеңіз жеткілікті.
 
Дәлелді себептер бойынша төлем алуға өтініш арнайы нысан бойынша беріледі. Оны ҚДКБҚ сайтынан жүктеп алуға болады. Салымшы өтінішті қағазға түсіріп, өз қолымен толтырып, дәлелді себептердің бар екендігін растайтын және (бар болса) өтем алу құқығын белгілейтін өзге де құжаттарды қоса ұсынуы тиіс.
 
Құжаттар топтамасын мына мекенжайлардың бірі бойынша тікелей ҚДКБҚ-ға әкеліп тапсыру керек:
• Алматы қ., A15P5B5, Сәтбаев көшесі, 30/8, 3 қабат;
• Астана қ., Z01А5АF2, Байқоңыр ауданы, М. Ғабуддлин көшесі 18, 1 қабат, №5 кеңсе.
 
Сонымен қатар құжаттарды ҚДКБҚ-ның пошталық мекенжайына да жолдауға болады. Бірақ мұндай жағдайда салымшының өтініштегі қолы нотариалды жолмен куәландырылуы тиіс.
 
Өтінішті қандай мерзім ішінде беруге болады?

1) банк бойынша тарату үдерісі толығымен аяқталғанға дейін (яғни,  банкті мәжбүрлеп тарату туралы мәліметтер Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізіліміне енгізілген күнге дейін);
2) салымшының Әлеуметтік кодекске сәйкес БЖЗҚ-дан ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдерін алу құқығы басталғанға дейін (төлем мерзімі аяқталған соң, салымшының талап етпеген өтем сомасы БЖЗҚ-ға аударылған жағдайда).
Даже если вы пропустили срок подачи заявления на получение гарантийного возмещения (1 год) по уважительной причине, то у вас все еще есть возможность вернуть свои средства, которые хранились в банке, лишенном лицензии. Для этого достаточно обратиться в КФГД с заявлением.
 
Оно подается по специальной форме, которую можно скачать с сайта КФГД. Необходимо заполнить ее собственноручно и приложить к ней документы, подтверждающие наличие уважительной причины и иные документы (при наличии), определяющие право на получение возмещения.
 
Пакет документов нужно передать лично в КФГД по одному из адресов:
 
·          г. Алматы, A15P5B5, ул. Сатпаева, 30/8, 3 этаж;
·          г. Астана, Z01А5АF2, ул. М. Габдуллина, 18, 1 этаж, н.п.№5.
 
Документы можно также отправить на почтовый адрес КФГД, но тогда потребуется нотариально заверить подпись вкладчика в заявлении.
 
В какие сроки можно подать заявление?
 
1) до полного завершения ликвидационного процесса по банку (то есть до даты внесения сведений о принудительной ликвидации банка в Национальный реестр бизнес-идентификационных номеров);
2) до наступления права вкладчика на получение от ЕНПФ пенсионных выплат за счет добровольных пенсионных взносов в соответствии с Социальным кодексом (в случае, если после истечения срока выплаты невостребованная им сумма возмещения была перечислена в ЕНПФ).
Өтем алу үдерісі қарапайым және айқын: ҚДКБҚ-ға, сондай-ақ Қор  таңдаған агент банкке тиісті өтінішпен жүгініп, жеке куәлікті ұсынса жеткілікті.    

Салымшы қандай да бір себептерге байланысты өзі жүгінуіне мүмкіндігі болмай жатса, мына тұлғалар (өтініш берушілер) өтініш беруге құқылы:

✓ салымшының сенімхат бойынша өкілдері;
✓ салымшының заңды өкілдері (ата-анасы, асырап алушысы, қорғаншысы, қамқоршысы);
✓ салымшының мұрагерлері;
✓ кепілді өтем алу құқығына ие өзге де тұлғалар.

Өтініш берушілердің әрбір санатына өтем алу жөніндегі өтінішке қоса басқа да құжаттар тапсыру талап етіледі.

Мысалы, салымшының сенімхат бойынша өкілі жеке басын куәландыратын құжат пен нотариус куәландырған сенімхатты ұсынуы тиіс.

Егер кепілді өтем алуға салымшының заңды өкілі (ата-анасы, асырап алушысы, қорғаншысы, қамқоршысы) жүгінетін болса, басқа құжаттар топтамасы талап етіледі;

кәмелетке толмаған, жасы 14-ке жетпеген салымшының ата-анасы – атына депозит ашылған баланың туу туралы куәлігін және өзінің жеке басын куәландыратын құжатты (жеке куәлігін) ұсынады;
салымшының қорғаншысы немесе қамқоршысы – өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжатын, сондай-ақ бала асырап алғаны немесе қыз асырап алғаны туралы құжаттар ұсынады.

Кепілді өтемді салымшының мұрагері алатын жағдайда ол растаушы құжаттар ретінде мұрагердің мұра алу құқықтарын растайтын құжаттардың түпнұсқаларын немесе нотариус куәландырған көшірмелерін (мұраға құқық туралы куәлік) және өзінің жеке басын растаушы құжатты ұсынады.

Егер өтініш беруші салымшының депозиті бойынша кепілді өтемді алу құқығына ие өзге тұлға болса, онда кепілді өтем алу үшін ол жеке басын куәландыратын құжатты және кепілді өтемді алу құқығын растайтын құжаттарды (мысалы, сот шешімі) ұсынады.
Процесс получения возмещения прост и прозрачен: достаточно обратиться в КФГД, в том числе через выбранный им банк-агент с соответствующим заявлением и предъявить удостоверение личности.
 
Если вкладчик не имеет возможности лично обратиться за получением гарантии, то с заявлением вправе обратиться следующие лица:

✓ представители вкладчика по доверенности;
✓ законные представители вкладчика (родитель, усыновитель, опекун, попечитель);
✓ наследники вкладчиков;
✓ иные лица, обладающие правом на получение гарантийного возмещения.

Для каждой категории заявителей в дополнение к заявлению на выплату требуются различные документы.

К примеру, представителям вкладчика по доверенности необходимо приложить нотариально удостоверенную доверенность и документ, удостоверяющий его личность.

Если за получением гарантийного возмещения обращается законный представитель вкладчика (родитель, усыновитель, опекун, попечитель) требуется иной пакет документов:

родитель несовершеннолетнего вкладчика до 14 лет – предоставляет свидетельство о рождении ребенка, на имя которого открыт депозит, и документ, удостоверяющий личность заявителя;

опекун или попечитель вкладчика – представляет документ, удостоверяющий личность заявителя, а также документы об усыновлении или удочерении.

В случае, если выплату возмещения получает наследник вкладчика, то подтверждающими документами служат оригинал или нотариально засвидетельствованные копии документов, подтверждающих его право на наследство и документ, подтверждающий личность наследника.

Если заявитель является иным лицом, обладающим правом на получение гарантийного возмещения по депозиту вкладчика, то для получения гарантии ему необходимо представить документ, удостоверяющий его личность, а также документы, служащие подтверждением его права на получение возмещения (например, решение суда).
Құрметті қазақстандықтар!

Наурыз - Ұлыстың Ұлы күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Зор денсаулық, мол бақыт және жаңа жеңістер тілейміз! Ортақ үйіміз – Қазақстан Республикасы гүлдене берсін!


Дорогие казахстанцы!

Искренне поздравляем вас с прекрасным праздником Наурыз!

Желаем крепкого здоровья, счастья и новых достижений!
Пусть крепнет и процветает наш общий дом Казахстан!
ҚДКБҚ студенттер үшін меймандық дәрістер сериясын жалғастыруда. Бұл жолы оқыту дәрісі Алматы экономикалық колледжінің 2 курс студенттері арасында өткізілді.

Шара барысында студенттер депозиттерге кепілдік беру жүйесі туралы білімдерін тереңдетіп қана қоймай, қаржылық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша құнды тәжірибелік дағдыларды меңгерді.      
ҚДКБҚ баспасөз хатшысы Нұргүл Салықжанова банк қызметіне қатысты ықтимал тәуекелдер жағдайында меншікті қаржыны қорғау қажеттігіне байланысты маңызды мәселелерді көтерді.

Ол студенттерге Қордың атқаратын қызметері мен міндеттері, сондай-ақ банк қаржылық қиындықтарға тап болған жағдайда салымшыларға кепілді өтем төлеу механизмдері жайында жан-жақты әңгімелеп берді.    
Банк лицензиясынан айырылған жағдайда оған салынған ақшаны жойылу қаупінен қорғау тақырыбы дәрістің басты сұрағына айналды.

Баспасөз хатшысы қолда бар ақшаны сақтау және молайту үшін сенімді қаржы институтын таңдаудың және Қор үнемі айтып келе жатқан әртараптандыру қағидаларын ұстанудың маңыздылығын атап өтті. Ол депозиттердің жиынтық сомасы Қор тарапынан кепілдік берілген шекті сомадан асатын болса, қаражатты сол шекті сомадан асырмай, әртүрлі банктерде сақтау керектігін еске салды.

Өйткені бірнеше қаржы институтында орналастырылған қаражаттарға әрбір банк бойынша жеке-жеке кепілдік беріледі.

Егер бір банкте түрі мен валютасына қарай әртүрлі бірнеше депозит орналастырылған болса, барлық депозиттер бойынша жиынтық қалдық сомаға кепілдік беріледі – ол 20 млн теңгеден асырылмайды.

Дәрістің интерактивті бөлігінде студенттер белсенділік танытты. Олар сұрақтар қойып, ұсынылған ақпаратты қызу талқылады. Болашақ жас мамандардың ерекше қызығушылық танытуы қаржылық мәселелерді терең түсінгендіктерін және өздерінің қаржылық қауіпсіздігіне байыппен қарайтындықтарын білдіреді.

Дәріс жаңа білім көзіне айналып қана қоймай, студенттер арасында қаржылық сауаттылықты дамытуға серпін берді. Олардың белсенді қатысуы болашақта осындай шараларды тағы да өткізу қажеттігін растайды.

Бұл студенттердің қаржылық құқықтар мен міндеттер туралы өз түсініктерін жақсартып қана қоймайды, сонымен қатар қаржылық шешімдерге жауапкершілікпен қарауға үндейді.
КФГД продолжает серию гостевых лекций для студентов. На этот раз она была проведена для учащихся 2 курса Алматинского экономического колледжа.  

В ходе мероприятия студенты не только углубили свои знания о системе гарантирования депозитов, но и приобрели ценные практические навыки по обеспечению финансовой безопасности.

Пресс-секретарь КФГД Нургуль Салыкжанова подняла важные вопросы, связанные с необходимостью защиты собственных финансов в условиях возможных рисков, связанных с банковской деятельностью. Она предоставила студентам подробный обзор функций и обязанностей КФГД, включая механизмы возмещения потерь вкладчикам в случае финансовых трудностей банка.

Центральным вопросом лекции стала тема защиты собственных средств при возникновении риска потери денег при лишении банка лицензии.

Пресс-секретарь подчеркнула важность выбора надежных финансовых институтов для размещения средств и следования принципу диверсификации, провозглашаемому КФГД. Она напомнила, что если совокупная сумма депозитов выше гарантируемой Фондом, то лучше хранить средства в разных банках, потому что средства, размещенные в нескольких финансовых институтах, гарантируются отдельно по каждому.

Если же в одном банке размещено сразу несколько депозитов (вкладов), различных по видам и валюте, то гарантируется совокупная сумма по всем депозитам – до 20 млн тенге, с учетом пределов по каждому виду депозита.

Одним из важных моментов стала интерактивная часть лекции, во время которой студенты задавали много вопросов и активно обсуждали представленную информацию.

Их высокий уровень заинтересованность говорит о глубоком понимании финансовых вопросов и серьезном отношении к собственной финансовой безопасности.

Лекция стала не просто источником новых знаний, но и послужила стимулом для развития финансовой грамотности среди студентов. Их активное участие подтверждает необходимость проведения подобных мероприятий и в будущем.

Они не только улучшают понимание студентами своих финансовых прав и обязанностей, но и способствуют формированию ответственного отношения к финансовым решениям.
Қазақстандық банктердің бизнес-моделінің сақтанымпаздық сипатқа ие екендігі және олардың тәуекелді қаржы құралдарына аз ақша жұмсағандықтары арқасында отандық банк секторы сыртқы сілкіністерге қарсы өзінің орнықты екендігін тағы да дәлелдеді.

Нәтижесінде 2023 жылы отандық банк секторы өзінің тұрақтылығын сақтады. Салымшылар салымдар бойынша жоғары табыстылықтың артықшылықтарын пайдаланды. Бөлшек саудалық депозит нарығы 20 трлн теңгеден асты.

Теңгелік салымдар – бөлшек саудалық депозиттік база үшін өсудің басты қозғаушы күші болып қалуда. Олардың бұлайша өсуі валюталық тәуекелдерге қарамастан, теңгелік активтер бойынша табыстылықтың жоғары екендігіне ғана емес, қазақстандықтардың ұлттық валютаға деген сенімінің нығаюына да тығыз байланысты.

2016 жылдың басында бөлшек саудалық теңгелік депозиттердің үлесі бар болғаны 21%-ды құрады. ҚР Ұлттық Банкі мен ҚДКБҚ-ның бірлесе атқарған жұмыстарының арқасында кейінгі жылдары валюта бағамын тұрақталдыруға қол жеткізілді және теңгедегі депозиттік өнімдердің табыстылығын валюталық тәуекелдерді өтей алатындай деңгейде арттыру арқылы олардың тартымдылығы қамтамасыз етілді.

Мысалы, 2022 жылы теңге бағамы 7%-ға төмендеді, ал 2023 жылдың қорытындысы бойынша құбылмалы болғандығына қарамастан 2%-ға нығайды. Бұл ретте 2022-2023 жылдары теңгелік депозиттер бойынша орташа табыстылық 14% шегінде түрленіп отырды. Бұл осы қарастырылып отырған кезеңде азаматтардың валюталық қайта бағалау арқылы қол жеткізген табысынан бірнеше есе жоғары.

Қазіргі уақытта теңгелік депозиттер халық арасында ең танымал және ең сұранысқа ие қаржы құралдары болып табылады: 2023 жылы олардың өсімі 33,7%-ды құрады (бұл 2016 жылдан бері ең жоғарғы мән), ал жыл соңына қарай бөлшек саудалық портфельде теңгелік депозиттердің үлесі 73%-ға жетті.

2023 жылы халықтың валюталық депозиттерінің үлесі төмендеді және бөлшек саудалық депозиттік портфельдің долларлануы қолайлы (26,8%) деңгейге жетті.

2023 жылы нарықта ең жоғары өсім жинақ салымдарда байқалды. Бұл халықтың қаржылық сауаттылығының біртіндеп артып, ақша жинау мәдениетінің қалыптаса бастағанын білдіреді.
Казахстанский банковский сектор в очередной раз доказал устойчивость к внешним шокам ввиду консервативной бизнес-модели казахстанских банков и их низкой вовлеченности в рисковые финансовые инструменты.

В 2023 году отечественный банковский сектор сохранял стабильность, вкладчики пользовались преимуществами высокой доходности по вкладам, и розничный депозитный рынок превысил 20 трлн тенге.

Драйвером роста розничной депозитной базы остаются вклады в тенге. Их рост, сохраняющийся несмотря на наличие валютных рисков, обусловлен не только высокой доходностью по тенговым активам, но и повышением доверия казахстанцев к национальной валюте.

В начале 2016 года, когда население испытывало кризис доверия к тенге после девальваций 2014-2015 годов, доля розничных тенговых депозитов составляла 21%. Благодаря совместным усилиям Национального Банка РК и КФГД, за последующие годы удалось стабилизировать курс валют и обеспечить привлекательность депозитных продуктов в тенге за счет повышения их доходности, перекрывающей валютные риски.

К примеру, за 2022 год курс тенге снизился на 7%, а по итогам 2023 года, несмотря на колебания, укрепился на 2%. При этом средняя доходность по депозитам в тенге в 2022-2023 годах варьировалась в пределах 14%, что в разы превышает доходность, зафиксированную гражданами от валютной переоценки за рассматриваемый период. На сегодняшний день депозиты в тенге являются самым востребованным финансовым инструментом среди населения: их прирост в 2023 году составил 33,7% – максимальное значение с 2016 года, а доля депозитов в тенге в розничном портфеле на конец года достигла 73%.

Доля валютных депозитов населения в 2023 году снизилась, и долларизация розничного депозитного портфеля достигла комфортного уровня – 26,8%.

Наиболее высокий прирост в 2023 году наблюдался по сберегательным вкладам, что свидетельствует о постепенном формировании культуры сбережения и повышении уровня финансовой грамотности населения.
Өтем төлеу ҚДКБҚ таңдаған агент банк арқылы жүзеге асырылады.

Агент банк – бұл депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушысы болып табылатын және ҚДКБҚ атынан және есебінен кепілді өтемді төлеу бойынша рәсімдерді жүзеге асыратын банк.

ҚДКБҚ сақтандыру жағдайының туындағанына-туындамағанына қарамастан, алғашқы кезеңде үміткер банктердің – әлеуетті агент банктердің арнайы тізбесін бекіту шарасын өткізеді.

Айталық, ҚДКБҚ кепілді өтемді төлеуді жүзеге асыру үшін жылына екі рет (1 шілдеге және 1 қаңтарға дейін) агент банктердің алдын ала тізбесін бекітеді.

Бұл ретте банк агент банктердің алдын ала тізбесіне енуі үшін өзінің сенімді қаржы институты екендігін сипаттайтын белгілі бір сапалық және сандық талаптарға сай болуы тиіс.

Мысалы:
• рейтингтік агенттіктердің халықаралық бағасы бойынша ұзақ мерзімді кредиттік рейтингтің лайықты деңгейінің болуы;
• реттеуші орган белгілеген пруденциялдық нормативтер мен минималды резервтік талаптарды орындауы;
• банкте теріс операциялық ақша легінің және т.б. болмауы.
 
Екінші кезең – сақтандыру жағдайының туындауы. ҚДКБҚ алдын ала бекітілген тізбеден агент банкті таңдайды және оның ағымдағы қаржылық жағдайы туралы жаңартылған ақпараттарды ескереді.  

Бұл ретте ҚДКБҚ банктің ел аумағында тармақталған филиалдық желісінің (бөлімшелер/орынжайлар), одан қала берді лицензиясынан айырылған банктің барынша көп салымшысына өтем төлеу үшін өткізу қабілетінің жеткілікті болуы секілді өлшемшарттарға ерекше назар аударады.

Лицензиясынан айырылған банктің салымшылары айтарлықтай көп болған жағдайда, ҚДКБҚ салымшыларға кепілдік берілген қаражаттарын қайтаруды шұғыл және тиімді түрде жүзеге асыру мақсатында үміткер банктердің арасынан бір емес, бірнеше агент банкті таңдауға құқылы.

Нақты таратылатын банктің салымшыларына кепілді өтем төлейтін агент банк таңдалған соң, ол туралы ақпарат халыққа ҚДКБҚ кепілді өтемді төлеудің басталу күнін жариялау барысында жеткізіледі.