ҚР ЖОҒАРҒЫ СОТЫ
15.8K subscribers
2.79K photos
186 videos
5 files
1.13K links
Актуальные новости судебной системы

Сайт:
http://sud.gov.kz/

Instagram:
https://instagram.com/jogargy_sot?igshid=5h43qpapvrq3

YouTube:
https://www.youtube.com/user/SupcourtRK
Download Telegram
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
✔️ Жоғарғы Сотта судьялар мен сот қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады

✔️ В Верховном Суде поздравили судей и работников судов с профессиональным праздником
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
◾️ Өскемен қаласының тұрғыны, мүмкіндігі шектеулі спортшы ШҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының спорт клубының атынан пара-қол күресінен халықаралық чемпионаттарда өнер көрсеткен.

◾️ 2022 және 2023 жылдары Анталия (Түркия) және Алматы қалаларында өткен әлем чемпионаттарында жүлделі орындарға ие болған (екінші және үшінші).

◾️ Алайда, Спорт және туризм министрлігі жаңа нормативтік актіде көзделген құжаттарды ұсынудың ресми мерзімдерін сақтамау және 20 елден келген қатысушылар санының жеткіліксіздігін алға тартып, спортшыға ақшалай сыйақы төлеуден бас тартқан.

◾️ Шығыс Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты спортшының талап қоюы мен іс материалдарын зерделей келе, 2022 жылғы чемпионатты өткізу кезінде аталған талап қолданыста болмағанын, сондықтан оны ретроспективті түрде қолдануға болмайды деген қорытындыға келген.

◾️ Сондай-ақ, сот қазіргі заңға тәуелді актілерде паралимпиадалық емес спорт түрлері бойынша спортшыларды ынталандыруға тікелей тыйым салынбағанын атап өтті.

◾️ Төлеуден бас тарту Конституцияның нормаларын, Қазақстанның халықаралық міндеттемелерін, соның ішінде БҰҰ-ның мүмкіндігі шектеулі адамдардың құқықтары туралы конвенциясын, сондай-ақ әкімшілік рәсімдердің негізгі қағидаттарын – соның ішінде, кемсітуге және ресми талаптарды теріс пайдалануға тыйым салуды қоса алғанда, бұзады.

◾️ Сотта талап қоюшының халықаралық жарыстарға қатысуы мемлекеттік органдардың қолдауымен, оның ішінде бюджеттен қаржыландырумен жүзеге асырылғанын, бұл оның қызметін мемлекет мүддесін білдіру деп тануды көрсететінін атап өтті.

◾️ ШҚО дене шынықтыру және спорт басқармасы министрліктің құрылымдық бөлімшесі бола отырып, спортшыны мемлекет атынан әлем чемпионаттарына қатысуға жіберіп, іссапар шығынын төлеген.

◾️ Алайда, жарыс аяқталғаннан кейін министрлік спортшының ақшалай ынталандыру алуға құқығы жоқ деген ұстанымда болған.

◾️ Сот бұл ұстанымды сенімді қорғау қағидатын бұзу деп бағалады.

◾️Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, сот Министрліктің 2022 жылы Анталияда (Түркия) және 2023 жылы Алматы қаласында армрестлингтен өткен әлем чемпионатында жүлделі орындарға ақшалай ынталандыруды төлеуден бас тарту әрекетін заңсыз деп танып, әкімшілік талап қоюды толық қанағаттандырды.

◾️ Министрлiкке тиiстi құқықтық қатынастар туындаған кезде заңда белгiленген мерзiмде заңнамада көзделген мөлшерде көтермелеу төлемдерi бойынша қолайлы әкiмшiлiк актiлер қабылдау тапсырылды.

◾️ Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

https://t.me/+9xhXTp6RUJ9hNDRi