ҚР ЖОҒАРҒЫ СОТЫ
16.1K subscribers
2.68K photos
173 videos
5 files
1.11K links
Актуальные новости судебной системы

Сайт:
http://sud.gov.kz/

Instagram:
https://instagram.com/jogargy_sot?igshid=5h43qpapvrq3

YouTube:
https://www.youtube.com/user/SupcourtRK
Download Telegram
◾️ Бүгін Шерзат Полаттың өліміне айыптау туралы іс бойынша кезекті сот отырысы өтті.

◾️ Сот куәлерден жауап алуды аяқтап, сотталушылардан жауап алуға кірісті.

◾️ Сот отырысы барысында сотталушылардың адвокаты мемлекеттік айыптаушыға қарсылық білдірді. Сот қаулысымен бұл өтінішхат қанағаттандырусыз қалдырылды. Сондай-ақ сотталушы Д.Әскентайдан жауап алынды, одан кейін дүкеннің бақылау камерасындағы бейнежазбалар қаралды.

◾️ Келесі сот отырысы 2025 жылдың 15 мамырына сағат 10:00-ге белгіленді (жұмыс уақытының аяқталуына байланысты).
◾️ Сегодня состоялось очередное судебное заседание по делу об обвинении в убийстве Шерзата Полата.

◾️ Суд завершил допрос свидетелей и приступил к допросу подсудимых.

◾️ В ходе заседания адвокат подсудимых заявил отвод государственному обвинителю. Постановлением суда данное ходатайство было оставлено без удовлетворения. Также был допрошен подсудимый Аскентай Д., после чего были просмотрены видеозаписи с камер наблюдения магазина.

◾️ Следующее судебное заседание назначено на 15 мая 2025 года в 10:00 (в связи с окончанием рабочего времени).
Асламбек Мерғалиев: «Заманауи сот төрелігі үнемі кәсіби өсуді және халықаралық білім алмасуды талап етеді»

◾️ Ұлыбританияға ресми сапар аясында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы Асламбек Мерғалиев Ұлыбританияның жетекші құқықтық білім беру мекемелерінің өкілдерімен бірқатар кездесу өткізді. Сапардың мақсаты – академиялық ынтымақтастықты дамыту және судьялардың кәсіби өсу бағдарламасын іске асыру.

◾️ Қазақстан Республикасы делегациясының құрамына сондай-ақ Сот әкімшілігінің басшысы Наиль Ахметзакиров кірді.

◾️ Білім беру бағдарламасының негізгі шаралары Дарем университеті және халықаралық Advocacy & Advisory International орталығының басшылығымен келіссөздер болды. Келіссөздердің нәтижесінде қазақстандық судьялардың «Болашақ» бағдарламасы аясында арнайы тағылымдамалардан өтуі туралы меморандумдарға қол қойылды.

◾️ Жоғарғы Сот Төрағасы сондай-ақ ADR-ODR International негізін қалаушы Рахим Чамджимен кездесті. Ол цифрлық дауларды шешу және онлайн медиация саласындағы заманауи әдістемелерді таныстырды. Тараптар бұл тәсілдерді судьяларды даярлау жүйесіне енгізу перспективаларын талқылады.

◾️ University of Law университетінде халықаралық стандарттарға сай білім беру бағдарламаларына қазақстандық судьялардың қатысуын қоса алғанда, ұзақ мерзімді ынтымақтастық туралы келісімдерге қол жеткізілді.

◾️ Кәсіби білім берудің маңыздылығын атап өткен Асламбек Мерғалиев Қазақстан сот жүйесінің стратегиялық міндеті – жаһандық құқықтық кеңістікке интеграциялау арқылы кадрлық әлеуетті дамыту екенін айтты.
Асламбек Мергалиев: «Современное правосудие требует постоянного профессионального роста и международного обмена знаниями»

◾️ В рамках официального визита в Лондон Председатель Верховного Суда Республики Казахстан Асламбек Мергалиев провёл ряд встреч с представителями ведущих правовых образовательных учреждений Великобритании. Целью визита стало развитие академического сотрудничества и реализация программы профессионального роста судей.

◾️ В состав делегации Республики Казахстан также вошёл руководитель Судебной администрации Наиль Ахметзакиров.

◾️Ключевыми событиями образовательного блока стали переговоры с руководством Даремского университета и международного центра Advocacy & Advisory International, по итогам которых были подписаны меморандумы о прохождении казахстанскими судьями специализированных стажировок в рамках программы «Болашак».

◾️ Председатель Верховного Суда также провёл встречу с основателем ADR-ODR International Рахимом Чамджи, который представил новейшие методики в области цифрового разрешения споров и онлайн-медиации. Стороны обсудили перспективы внедрения этих подходов в систему подготовки судей.

◾️ В Университете права (University of Law) достигнуты договорённости о долгосрочном сотрудничестве, включая участие казахстанских судей в образовательных программах, соответствующих международным стандартам.

◾️ Подчёркивая значение профессионального образования, Асламбек Мергалиев отметил, что стратегическая задача судебной системы Казахстана — развитие кадрового потенциала через интеграцию в глобальное правовое пространство.
Жоғарғы Сот Төрағасы Еуропа Кеңесі Парламенттік Ассамблеясының депутатымен кездесті

◾️ Жоғарғы Сот Төрағасы Асламбек Мерғалиев Еуропа Кеңесі Парламенттік Ассамблеясының (ЕКПА) баяндамашысы, Венгрия Парламентінің депутаты Жолт Неметпен кездесті.

◾️ Кездесуге сонымен қатар Жоғарғы Соттың азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі сот алқаларының төрағалары – Нұрсерік Шәріпов пен Аслан Түкиев, Жоғарғы Сот судьясы Роза Жакудина және Сот әкімшілігінің басшысы Наиль Ахметзакиров қатысты.

◾️ А.Мерғалиев өз сөзінде Еуропа Кеңесімен өзара іс-қимыл векторын атап өтіп, сот жүйесінің тәуелсіздігі мен тиімділігін нығайту басымдығын атап өтті. Оның ішінде, адам құқықтарын қорғау, халықаралық стандарттар бойынша заңгерлердің біліктілігін арттыру, сыбайлас жемқорлыққа, адам саудасына және терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес бар.

◾️ Ашық және әділ сот жүйесін құруға бағытталған негізгі қайта құрулардың ішінде мыналар атап өтілді: сот төрелігіне қолжетімділікті кеңейту, бұзылған құқықтарды тиімді қорғау, соттар мен судьялардың тәуелсіздігін нығайту, сот жүйесін цифрландыру және роботтандыру.

◾️ А.Мерғалиев атап өткендей, ІТ-технологияларды енгізу сот жүйесінде жасанды интеллект қолдану жөніндегі Еуропалық этикалық хартия талаптарын ескере отырып жүзеге асырылуда. Оның қағидаттары бойынша технологиялар судьяның көмекшісі қызметін атқарады, бірақ оны алмастырмайды, ал процеске қатысушылар әрқашан сотқа тікелей жүгіну мүмкіндігін сақтайды.

◾️ Жоғарғы Сот Төрағасының айтуынша, цифрландыру, роботтандыру және аумақтан тыс соттылық географиялық және бюрократиялық шектеулерден азат, ашық, қолжетімді және әділ «Болашақ сотының» негізін құрайды.

◾️ Немет мырза Қазақстанның сот жүйесінде жүргізіліп жатқан қайта құруларға оң баға беріп, ҚР Жоғарғы Сотымен анағұрлым тығыз өзара іс-қимыл орнатуға мүдделілігін білдірді.

◾️ ЕКПА-мен ынтымақтастық Қазақстанның халықаралық өзара іс-қимылды дамытуға және сот төрелігінің озық стандарттарын енгізуге деген ұмтылысын атап көрсетеді. Жоғарғы Сот құқық үстемдігін одан әрі нығайтуға және азаматтардың сот жүйесіне сенімін арттыруға бағытталған әріптестікке ашық болып қала береді.

Анықтамадан:

✔️ 2024 жылғы мамыр: ҚР делегациясы ҚР Жоғарғы Соты мен Адам құқықтары жөніндегі Еуропалық Сот (АЕСС) арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою туралы келісімге келді. Сот төрелігінің тиімділігі жөніндегі Еуропалық комиссияның (CEPEJ) төрағасы Ф.Депаскуалемен кездесуде екіжақты өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды.

✔️ 2024 жылғы қазан: Ф.Депаскуале ҚР Судьяларының IX съезінде сөз сөйледі. Сапар аясында ол Қазақстан Республикасының Президентімен кездесіп, онымен Қазақстанның сот жүйесін реформалау аспектілерін талқылады. Ол жүргізіліп жатқан реформаларға оң баға беріп, адам құқықтарын қорғау және сот төрелігінің тиімділігін арттыру бойынша одан әрі ынтымақтастыққа дайын екенін білдірді.

✔️ 2024 жылғы желтоқсан: А.Мерғалиев бастаған ҚР Жоғарғы Сотының делегациясы мәжбүрлеп орындау жөніндегі 3-ші жаһандық форумға және CEPEJ-тің 43-ші пленарлық отырысына қатысты. Пленарлық сессияда делегация еуропалық сарапшыларды Қазақстан Республикасының сот жүйесіндегі реформалар, оны цифрландыру кезеңдері және жеке интелектіні алғанда, IT-практикалық қолдану туралы хабардар еткен жеке таныстырылым жасады.
Председатель Верховного Суда провёл встречу с депутатом Парламентской ассамблеи Совета Европы

◾️ Председатель Верховного Суда Асламбек Мергалиев провёл встречу с докладчиком Парламентской ассамблеи Совета Европы (ПАСЕ), депутатом парламента Венгрии Жолтом Неметом.

◾️ Во встрече также приняли участие председатели коллегий по гражданским и административным делам ВС - Нурсерик Шарипов и Аслан Тукиев, судья ВС Роза Жакудина и руководитель Судебной администрации Наиль Ахметзакиров.

◾️ Выступая, А.Мергалиев обозначил вектор взаимодействия с Советом Европы, отметив приоритетность укрепления независимости и эффективности судебной системы. В их числе — защита прав человека, повышение квалификации юристов по международным стандартам, борьба с коррупцией, торговлей людьми и финансированием терроризма.

◾️ Среди ключевых преобразований, направленных на создание открытой и справедливой судебной системы, были отмечены расширение доступа к правосудию, эффективная защита нарушенных прав, усиление независимости судов и судей, цифровизация и роботизация судебной системы.

◾️ Как отметил А.Мергалиев, внедрение IT-технологий осуществляется с учётом требований Европейской этической хартии о применении искусственного интеллекта в судебных системах. Согласно её принципам, технологии служат помощником судье, но не заменяют его, а участники процесса всегда сохраняют возможность обратиться в суд напрямую.

◾️ По мнению председателя ВС, цифровизация, роботизация и экстерриториальная подсудность формируют основу для прозрачного, доступного и справедливого «Суда будущего», свободного от географических и бюрократических ограничений.

◾️ Г-н Немет положительно оценил происходящие преобразования в судебной системе Казахстана и выразил заинтересованность в более тесном взаимодействии с Верховным Судом РК.

◾️ Сотрудничество с ПАСЕ подчёркивает приверженность Казахстана развитию международного взаимодействия и внедрению передовых стандартов правосудия. Верховный Суд остаётся открытым к партнёрству, направленному на дальнейшее укрепление верховенства права и повышение доверия граждан к судебной системе.

Из справки:

✔️ Май 2024 года: делегация РК достигла договорённости о подписании Меморандума о сотрудничестве между Верховным Судом РК и Европейским судом по правам человека (ЕСПЧ). На встрече с Президентом Европейской комиссии по эффективности правосудия (CEPEJ) Ф. Депаскуале обсуждались вопросы двустороннего взаимодействия.

✔️ Октябрь 2024 года: Ф.Депаскуале выступил на IX Съезде судей РК. В рамках визита он встретился с Президентом РК, с которым обсудил аспекты реформирования казахстанской судебной системы. Он положительно оценил проводимые реформы и выразил готовность к дальнейшему сотрудничеству в вопросах защиты прав человека и повышения эффективности правосудия.

✔️ Декабрь 2024 года: делегация ВС РК во главе с А. Мергалиевым приняла участие в 3-м Глобальном форуме по принудительному исполнению и 43-м Пленарном заседании CEPEJ. На пленарной сессии делегация выступила с отдельной презентацией, в которой проинформировала европейских экспертов о реформах в судебной системе РК, этапах её цифровизации и практическом применении IT, включая ИИ, в отечественном судопроизводстве.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы Асламбек Мерғалиевтің Отан қорғаушылар және Жеңіс күнімен құттықтауы
 
Құрметті оқырмандар!

Сіздерді Отан қорғаушылар күнімен және Жеңістің 80 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын!

Отан қорғаушылар күнінде еліміздің тыныштығы мен бейбіт өмірін қорғау үшін Қарулы Күштерге саналы ғұмырын арнағандарға құрмет көрсетеміз.

Бабалардан мирас болып, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан әскери дәстүрлер – патриотизм мен Отанға деген сүйіспеншілік, ата-бабаларымыздың ерлігі туралы көптеген дастан мен туындыларда айтылған.

Қазақстандағы Жеңіс күні – екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлерінің ерлігі мен қайсарлығын мақтан тұтудың символы. Отанды фашизмнен қорғаған олар біздің жадымызда Отанға деген сүйіспеншіліктің, мызғымас ерік-жігер мен адамзат тарихындағы ең қанды соғыстағы ерліктің үлгісі ретінде әрдайым сақталады.

Бұл күні біз Жеңісті жақындатқан, бейбіт аспан үшін, өмір сүру және еңбек ету мүмкіндігін жасағаны үшін оларға зор құрмет көрсетіп, алғыс айтамыз.

Аспанымыз ашық болып, Отанымыз өркендей берсін!
Поздравление Председателя Верховного Суда Республики Казахстан Асламбека Мергалиева с Днем защитников Отечества и Днем Победы

Уважаемые читатели!

 
Сердечно поздравляю вас с Днем защитников Отечества и 80-летием Победы!

В День защитника Отечества мы чествуем тех, кто посвятил жизнь Вооруженным силам, кто защищает мир и спокойствие нашей страны.

Традиционно из поколения в поколение передаются военные традиции – патриотизм и любовь к Родине, о героизме наших предков сложено немало эпосов и сказаний.

День Победы в Казахстане – символ гордости за героизм и стойкость ветеранов второй мировой войны. Защищая родину от фашизма, они навсегда останутся в нашей памяти примером любви к Отчизне, несгибаемой воли и подвига в самой кровопролитной войне в истории человечества.

В этот день мы отдаем им дань глубокого уважения и благодарим всех, кто приближал Победу, за мирное небо, за возможность жить и трудиться.

Мирного неба и благополучия нашей Родине!