ҚР ЖОҒАРҒЫ СОТЫ
16K subscribers
2.71K photos
178 videos
5 files
1.11K links
Актуальные новости судебной системы

Сайт:
http://sud.gov.kz/

Instagram:
https://instagram.com/jogargy_sot?igshid=5h43qpapvrq3

YouTube:
https://www.youtube.com/user/SupcourtRK
Download Telegram
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🎥 ҚР Жоғарғы Сотының Төрағасы Асламбек Мерғалиевтің Қостанай облысына жұмыс сапары

🎥 Рабочий визит Председателя Верховного Суда РК Асламбека Мергалиева в Костанайскую область
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
⚜️ Жоғарғы Сотта «Ұлттық киім күнін» атап өтті

⚜️ В Верховном Суде отметили «День национальной одежды»
ҚР ЖОҒАРҒЫ СОТЫ pinned «Алмат Ерманов – председатель Костанайского областного суда ◾️ Председатель Верховного Суда Асламбек Мергалиев представил судейскому корпусу Костанайского региона нового председателя областного суда Алмата Ерманова. ◾️ В мероприятии приняли участие аким…»
Павлодар, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстық соттарының жаңа төрағалары таныстырылды

◾️ Жоғарғы Соттың сот алқаларының төрағалары Нұрсерік Шәріпов, Назгүл Рахметуллина және Аслан Түкиев Батыс Қазақстан, Маңғыстау және Павлодар облыстық соттарының жаңадан тағайындалған төрағаларын сот қауымдастығына таныстырды.

◾️ Олар тиісінше Азат Ізбасаров, Мақсұт Текетаев және Серік Төлегенов болды.

◾️ Кездесулерге облыстың судьялары, мемлекет және құқық қорғау органдарының басшылары, сот жүйесінің ардагерлері және Сот әкімшілігі департаменттерінің өкілдері қатысты.

◾️ Спикерлер жаңадан тағайындалған сот төрағаларының сот жүйесіндегі көпжылдық тәжірибелерін, жоғары біліктіліктерін, беделдері мен ұйымдастырушылық қабілеттерін атап өтті. Олардың алдына соттарда сот төрелігін жүзеге асыру сапасын арттыру - бірінші кезектегі міндет ретінде қойылды.

Биографиялық анықтамадан:

Азат Өмірбекұлы Ізбасаров 1978 жылы Алматы облысы Текелі ауылында дүниеге келген.

1999 жылы Қазақ мемлекеттік заң университетін бітірген.

1999-2009 жылдары — Алматы қаласы және Алматы облысы ІІД-нің тергеушісі, тергеу бөлімінің бастығы қызметтерін атқарған;

2009-2018 жылдары — Алматы облысы Қарасай аудандық сотының судьясы, Маңғыстау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы;

2018-2021 жылдары — Маңғыстау облыстық сотының судьясы;

2021 жылдан бастап осы уақытқа дейін Батыс Қазақстан облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы.

———

Мақсұт Нысанбайұлы Текетаев 1970 жылы Қызылорда облысы Шиелі ауданында дүниеге келген.

2003 жылы Д.Қонаев атындағы университеттің заң факультетін (Алматы қ.) бітірген.

2001-2007 жылдары — Алматы қаласында сот орындаушысы, аға сот орындаушысы қызметтерін атқарған;

2007-2022 жылдары — судья, Талғар аудандық сотының төрағасы;

2022 жылдан бастап қазіргі тағайындалғанға дейін – Қызылорда облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы.

——

Серік Кеңесұлы Төлегенов 1968 жылы Алматы облысы Айдарлы ауылында дүниеге келген.

1998 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің заң факультетін бітірген.

1990-2003 жылдары — сот хатшысы, сот приставы, Жоғарғы Сот аппаратының консультанты;

2003-2007 жылдары — Астана қаласы Алматы аудандық сотының судьясы;

2007-2022 жылдары — Ақтөбе қалалық сотының төрағасы, Алматы қаласы Алмалы ауданының No2 аудандық сотының төрағасы;

2022 жылдан бастап қазіргі тағайындалғанға дейін – Павлодар облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы.
Представлены новые председатели Павлодарского, Мангистауского и Западно-Казахстанского областных судов

◾️ Председатели судебных коллегий Верховного Суда Нурсерик Шарипов, Назгуль Рахметуллина и Аслан Тукиев представили судейскому сообществу вновь назначенных председателей Западно-Казахстанского, Мангистауского и Павлодарского областных судов. Ими стали Азат Избасаров, Максут Текетаев и Серик Толегенов соответственно.

◾️ Во встречах приняли участие судьи регионов, руководители государственных и правоохранительных органов, ветераны судебной системы и представители департаментов Судебной администрации.

◾️ Спикеры отметили многолетний опыт работы в судебной системе, высокую квалификацию, авторитет и организаторские способности вновь назначенных председателей судов. Перед ними была обозначена первостепенная задача — повышение качества отправления правосудия в судах.

Из биографической справки:

Избасаров Азат Омирбекович родился в 1978 году в с.Текели Алматинской области.

В 1999 году окончил Казахский государственный юридический университет.

1999-2009 гг. — работал следователем, начальником следственного отдела УВД г. Алматы и Алматинской области;

2009-2018 гг. — судья Карасайского районного суда Алматинской области, председатель специализированного межрайонного уголовного суда Мангистауской области;

2018-2021 гг. — судья Мангистауского областного суда;

С 2021 года до настоящего назначения — председатель судебной коллегии по уголовным делам Западно-Казахстанского областного суда.



Текетаев Максут Нысанбаевич родился в 1970 году в Шиелийском районе Кызылординской области.

В 2003 году окончил юридический факультет университета имени Д.Кунаева (г. Алматы).

2001-2007 гг. — работал судебным исполнителем, старшим судебным исполнителем в г. Алматы;

2007-2022 гг. — судья, председатель Талгарского районного суда;

С 2022 года до настоящего назначения — председатель судебной коллегии по гражданским делам Кызылординского областного суда.



Толегенов Серик Кенесович родился в 1968 году в с.Айдарлы Алматинской области.

В 1998 году окончил юридический факультет Казахского государственного национального университета им. Аль-Фараби.

1990-2003 гг. — секретарь судебного заседания, судебный исполнитель, консультант аппарата Верховного Суда;

2003-2007 гг. — судья Алматинского районного суда г. Астаны;

2007-2022 гг. — председатель суда г. Актобе, председатель районного суда №2 Алмалинского района г. Алматы;

С 2022 года до настоящего назначения — председатель судебной коллегии по гражданским делам Павлодарского областного суда.
Жоғарғы Сот Төрағасы Асламбек Мерғалиевтің Наурыз мейрамымен құттықтауы

Құрметті оқырмандар!

 
Сіздерді Ұлыстың Ұлы күні - Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын!
 
Бұл мереке - жаңарудың жаршысы, мейірімділік пен сыйластықтың, татулықтың символы, еңбек пен жасампаздықтың салтанат құруы.

Наурыз баршамызға ортақ құндылықтарды қамтиды. Бұл, шын мәнінде, түркі халықтарының бай тарихынан, көне дәстүрі мен мәдениетінен бастау алған достық пен ұлтжандылық мерекесі.
 
Наурыз мейрамын ұлты мен дініне қарамастан әрбір қазақстандық отбасы атап өтеді.
 
Бұл күндері бір-бірінің реніштерін кешіріп, игі істерге ұмтылу әдетке айналған. Біз бірлік пен келісімде тойлап, мерекелік дастархан жайып, бір-бірімізге қонаққа барамыз, қуаныш сыйлаймыз.
 
Көктемгі Наурыз мейрамында Сіздерге және жақындарыңызға амандық пен бақ-береке тілеймін! Бұл мереке баршаға күш-жігер беріп, жаңа бастамалары мен ізгі істеріне сәттілік әкелсін!
Поздравление Председателя Верховного Суда Асламбека Мергалиева по случаю праздника Наурыз

Уважаемые читатели!

 
Поздравляю вас со светлым и ярким праздником Наурыз мейрамы!
 
Этот праздник – предвестник обновления, символ доброты, милосердия и примирения, торжество труда и созидания.

Наурыз олицетворяет общие для всех нас ценности. Это поистине праздник дружбы и патриотизма, уходящий корнями в богатую историю, древние традиции и культуру тюркских народов.
 
Наурыз отмечается в каждой казахстанской семье, независимо от этнической принадлежности и вероисповедания.

В эти дни принято прощать друг другу старые обиды, стремиться к добрым делам. В единении и согласии мы проводим гуляния, накрываем праздничные достарханы, ходим друг к другу в гости, дарим радость.
 
В преддверии весеннего Наурыза желаю вам и вашим близким мира и благополучия! Пусть этот праздник принесёт всем силы, энергию и вдохновение для новых начинаний и добрых устремлений!
 
◾️ “Ежелгі Тараз ескерткіштері” тарихи-мәдени қорық-музейі Жамбыл облысының бес тұрғынының үстінен жерді пайдаланудағы кедергілерді жою туралы сотқа талап қоюмен жүгінген.

◾️ Музей-қорықтың иелігінде “Айша-Бибі” кесенесі бар, оған 2 гектар жер учаскесі тұрақты жер пайдалану құқығы берілген.

◾️ Бұл участок әкімнің шешімі және жер пайдалану құқығы туралы актісі бойынша сауықтыру, рекреациялық және тарихи-мәдени мақсаттарға арналған ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға жатады.

◾️ Бұл жерде бірнеше техникалық бөлмелер салынған. Алайда бес кәсіпкер бұл ғимараттарды заңсыз иемденіп, қазір оларда коммерциялық қызметпен айналысуда.

◾️ Музей-қорық сотқа жүгініп, кәсіпкерлерді өздері тұрып жатқан ғимараттарды босатуды талап еткен, өйткені жауапкерлерде сауда жасауға рұқсаттары, сондай-ақ бұл үй-жайларды кәсіпкерлік үшін пайдалану құқығы мен құжаттары жоқ.

◾️ Сондай-ақ талап қоюшы «Ежелгі Тараз ескерткіштері» тарихи-мәдени қорық-музейінің аумағында сауда жасауға тыйым салынғанын атап өткен.

◾️ Төрт жауапкер талап қоюды мойындамаған, кәсіпкерлердің бірі даулы ғимараттарды 2010 жылы өз қаражатына салып, кейін оларға сауда жасау үшін тегін бергенін мәлімдеген. Бесінші жауапкер талап қоюды мойындаған.

◾️ Жамбыл аудандық соты кәсіпкерлер қорық-музейге тиесілі ғимараттарды заңсыз иемденген деген қорытындыға келді.

◾️ Талап қою қанағаттандырылды: сот кәсіпкерлерге заңсыз иеленген үй-жайды босатуды міндеттеді.

◾️ Жауапкерлер бұл шешімге апелляциялық тәртіппен шағым түсірген. Алайда, Жамбыл облыстық соты бірінші сатыдағы соттың тұжырымымен келісіп, шешімді өзгеріссіз қалдырды.

◾️Қаулы заңды күшіне енді.

https://t.me/jambyl_sottary
◾️ Историко-культурный музей-заповедник «Памятники древнего Тараза» обратился в суд с иском к пяти жителям Жамбылской области об устранении препятствий в землепользовании.

◾️ Музею-заповеднику принадлежит мавзолей «Айша-биби», которому предоставлено право постоянного землепользования земельным участком площадью 2 га. Этот участок, согласно решению акима и акту на право землепользования, относится к особо охраняемым природным территориям, предназначенным для оздоровительных, рекреационных и историко-культурных целей.

◾️ На данном участке были построены несколько технических помещений. Однако пять предпринимателей незаконно присвоили эти постройки и в настоящее время ведут в них торговую деятельность.

◾️ Музей-заповедник обратился в суд, требуя обязать предпринимателей освободить занятые ими здания, поскольку у ответчиков отсутствуют разрешения на торговлю, а также права и документы на использование этих помещений для ведения бизнеса. Истец также указал на запрет торговли на территории историко-культурного музея-заповедника «Памятники древнего Тараза».

◾️ Четыре ответчика не признали иск, заявив, что один из предпринимателей построил спорные здания в 2010 году на собственные средства, а затем бесплатно передал их им для торговли. Пятый ответчик иск признал.

◾️ Жамбылский районный суд пришел к выводу, что предприниматели незаконно присвоили здания, принадлежащие музею-заповеднику.

◾️ Иск был удовлетворен: суд обязал предпринимателей освободить незаконно занятые помещения.

◾️ Ответчики обжаловали решение в апелляционном порядке. Однако Жамбылский областной суд согласился с выводами суда первой инстанции и оставил решение без изменений.

◾️ Постановление вступило в законную силу.

https://t.me/jambyl_sottary
◾️ Теміртау қаласының 87 жастағы тұрғыны өгей қызының үстінен пәтерді сыйға тарту шартын жарамсыз деп тануды талап етіп сотқа жүгінген.

◾️ Ол жасына және есту қабілетіне байланысты мәміленің мәнін түсінбей, қысыммен құжаттарға қол қойғанын алға тартқан.

◾️ Теміртау қалалық соты талап қоюшының жалғызбасты қарт ретінде есепте тұрғанын, оған әлеуметтік қызметкер бекітілгенін, сондай-ақ есту қабілетінен айырылғанын анықтады.

◾️ Сыйға алу шартында пәтер оны сыйға беруші қайтыс болғаннан кейін өгей қызына өтуі көзделген, бұл орайда талап қоюшы онда тұруы және оны күтіп-ұстауға жұмсалған шығындарды өзі төлеуі қарастырылған. Сол күні өгей қыздың пайдасына өсиет жасалған.

◾️ Куәлер өгей қызы өгей әкесіне сирек келетінін, ал талап қоюшының өзі пәтерден ешқашан шықпайтынын растаған.

◾️ Тағы бір куә талап қоюшының ауруханаға хабарласып, көмек сұрағанын және сыйға тарту актісіне алаңдаушылық білдіргенін айтқан. Алаяқтықтан күдіктеніп, ол сотқа арызданған.

◾️ Заң бойынша, егер мәміле қысыммен немесе алдаумен жасалса, мәміле жарамсыз деп танылады.

◾️ Сонымен қатар, сыйға тартушы қайтыс болғаннан кейін сыйға алушыға мүлікті беруді көздейтін сыйға тарту шарты жарамсыз болып табылады.

◾️ Сот талап қоюшының талаптарын қанағаттандырды: даулы пәтерді сыйға тарту шарты жарамсыз деп танылды.

◾️ Соттың шешімі заңды күшіне енді.

https://t.me/krgsoty
◾️ 87-летний житель Темиртау подал в суд на свою падчерицу, требуя признать недействительным договор дарения квартиры. Он утверждал, что подписал документы под давлением, не понимая сути сделки из-за возраста и проблем со слухом.

◾️ Темиртауский городской суд установил, что истец состоит на учете как одинокий пожилой человек, за ним закреплен социальный работник, а также он страдает тугоухостью.

◾️ Договор дарения предусматривал, что квартира перейдет падчерице после смерти дарителя, при этом истец продолжал проживать в ней и нести расходы на содержание. В тот же день было составлено завещание в пользу падчерицы.

◾️ Свидетели подтвердили, что падчерица редко навещает отчима, а сам истец практически не покидал квартиру. Другой свидетель рассказал, что истец обращался за помощью в больницу и выражал опасения по поводу дарственной. Заподозрив обман, он подал иск в суд.

◾️ Согласно закону, дарение считается недействительным, если сделка была совершена под давлением или в условиях заблуждения. Кроме того, договор дарения, предусматривающий передачу имущества одаряемому после смерти дарителя, является ничтожным.

◾️ Суд удовлетворил исковые требования: оспариваемый договор дарения квартиры признан недействительным.

◾️ Решение суда вступило в законную силу.

https://t.me/krgsoty