ҚР ЖОҒАРҒЫ СОТЫ
15.9K subscribers
2.74K photos
181 videos
5 files
1.12K links
Актуальные новости судебной системы

Сайт:
http://sud.gov.kz/

Instagram:
https://instagram.com/jogargy_sot?igshid=5h43qpapvrq3

YouTube:
https://www.youtube.com/user/SupcourtRK
Download Telegram
Төленбеген қарыз шетелге шығуға кедергі жасайды

◾️ Сот әкімшілігінде борышкерлердің елден тыс жерлерге шығуына байланысты түйткілді мәселелер талқыланды.

◾️ Іс-шараға облыстық және оған теңестірілген соттардың азаматтық істер жөніндегі сот алқаларының төрағалары, Бас прокуратураның, Әділет және Денсаулық сақтау министрліктерінің, Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің, Жеке сот орындаушыларының республикалық палатасының өкілдері, Сот әкімшілігі аумақтық департаменттерінің басшылары қатысты.

◾️ Іс-шараны өткізуге атқарушылық құжаттар бойынша борышкерлердің Қазақстаннан тысқары жерлерге шығуына уақытша шектеулерді тоқтата тұру туралы сот орындаушыларының қаулыларына соттардың санкция беру практикасын талдау нәтижелері арқау болды.

◾️ Әдетте, 147 мың теңгеден (40 АЕК) 3 айдан астам өтелмеген қарызы барларға жол жүру шектеледі.

◾️ Шетелге шығуға шектеулердің тоқтатылуының жалғыз себебі - шетелде емделу қажеттілігі.

◾️ Талдау нәтижелері көрсеткендей, биылғы 10 ай ішінде сотқа жіберілген 1768 қаулының 867-сі немесе әрбір екіншісіне санкция беруден бас тартылған.

◾️ Рұқсат беруден бас тарту шетелде емделу қажеттілігі туралы дәлелдердің болмауына және өз елінде емделу мүмкіндігінің болмауына байланысты.

◾️ Мысалы, тізе жарақатын емдеуге шетелдік емхананың шақыруынан басқа ауруды шетелде емдеу қажеттілігі туралы медициналық құжаттар ұсынылмағандықтан, сот сот орындаушысының борышкердің жүруіне уақытша шектеуді тоқтату туралы қаулысына санкция беруден бас тартқан.

◾️ Сот орындаушылары заңда көзделмеген негіздер бойынша (қызметтік іссапарлар, жарыстарға қатысу, жақын туыстарын жерлеу және т.б.) жол жүруге уақытша шектеулерді тоқтату туралы қаулылар шығару жағдайларына жол берген.

◾️ Борышкерлер емделу үшін елден тыс жерлерге шығуға негіз ретінде Қазақстанда сәтті емделіп жатқан жиі кездесетін ауруларды (остеохондроз, гастрит, артрит, пульпит және т.б.) көрсеткен.

◾️ Бұл жағдайға Қазақстанда емдеуге арналған тиісті технологиялар мен жабдықтар жоқ аурулар тізбесінің жоқтығы ықпал етіп отыр. Тоқтату мерзімі де реттелмеген.

◾️ Соның салдарынан борышкерлер өз құқықтарын жиі пайдаланып, мемлекет бюджеті мен алименттерді қоса алғанда, өтелмеген миллиондаған берешегі бар, оларға қатысты қойылған шектеулер мен тыйымдарды «айналып өтеді».

◾️ Сонымен қатар, мемлекеттік органдардың борышкерлерге қатысты ақпарат алмасу жүйелері бір-бірімен жеткілікті түрде біріктірілмеген.

◾️ Бұл мәселе де сот орындаушыларына берілген құжаттардың орындалуын бақылауға мүмкіндік бермейді.

◾️ Талқылау қорытындысы бойынша осы саладағы кемшіліктер мен олқылықтарды жою жөнінде кешенді ұсынымдар әзірленіп, уәкілетті органдарға жолданды.
Непогашенный долг препятствует выезду за границу
 
◾️ В Судебной администрации обсудили проблемные вопросы, связанные с выездом должников за пределы страны.

◾️ В мероприятии приняли участие председатели судебных коллегий по гражданским делам областных и приравненных к ним судов, представители Генеральной прокуратуры, министерств юстиции и здравоохранения, пограничной службы Комитета национальной безопасности и Республиканской палаты частных судебных исполнителей, руководители территориальных департаментов СА.

◾️ Мероприятие инициировано по результатам проведенного анализа практики санкционирования судами постановлений судебных исполнителей о приостановлении временного ограничения на выезд за пределы Казахстана должников по исполнительным документам.

◾️ Ограничивают выезд, как правило, тем, кто имеет не погашенные более 3-х месяцев долги  свыше 147 тысяч тенге (40 МРП).

◾️ Единственное основание, когда можно приостановить ограничение на выезд – это необходимость лечения за границей.

◾️ Итоги анализа показали, что за 10 месяцев текущего года отказано в санкционировании 867 постановлений из 1 768, или каждого второго из внесенных в суды.

◾️ Отказ в санкционировании связан с недоказанностью необходимости проведения лечения за рубежом и отсутствии возможности лечения в своей стране.

◾️ К примеру, судом отказано в санкционировании постановления судоисполнителя о приостановлении временного ограничения на выезд должника, поскольку каких-либо медицинских документов о необходимости лечения заболевания за границей, кроме приглашения заграничной клиники на лечение травмы коленного сустава, не представлено.

◾️ Судоисполнителями допускались факты вынесения  постановлений о  приостановлении временного ограничения на выезд по непредусмотренным законом основаниям (командировки, участие в соревнованиях, похороны близких родственников и др.).

◾️ Должниками в качестве оснований для выезда за пределы страны на лечение указывались самые распространенные болезни, которые успешно лечатся в Казахстане (остеохондроз, гастриты, артриты, пульпиты и др.).

◾️ Способствует такому положению отсутствие перечня заболеваний, для лечения которых в Казахстане отсутствуют соответствующие технологии и оборудование.

◾️ Сроки приостановления также не регламентированы.

◾️ Как результат, должники зачастую злоупотребляют своими правами и, имея многомиллионные непогашенные долги, в том числе перед государственным бюджетом и по алиментам, «обходят» примененные в отношении них ограничения и запреты.

◾️ Помимо этого, системы обмена информацией государственных органов по должникам недостаточно интегрированы между собой.

◾️ Эта проблема также не позволяет судоисполнителям контролировать исполнение выносимых документов.

◾️ По результатам обсуждения выработаны комплексные рекомендации для устранения недостатков и пробелов в этой сфере, которые направлены в уполномоченные органы.
◾️ Шымкентте медициналық бетперде киген қылмыскер ломбардқа басып кіріп, ломбард қызметкерін ойыншық мылтықпен қорқытып, 100 мың теңге талап еткен.

◾️ Оған ломбардқа телефонын алу үшін кірген 18 жастағы келуші қарулы қарақшылық шабуылды аяқтауға жол бермеген.

◾️ Қылмыскер оқиға орнында ұсталып, қылмысын аяғына дейін жеткізе алмаған.

◾️ Жігітке сертификат берілді, қылмыскер ұсталды.

◾️ Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында айыпталушыға қатысты ҚК-нің 24-бабының 3-бөлігі – 191-бабының 2-бөлігінің 1-тармағымен (зорлық-зомбылық қолданамын деп қорқытып, бөтеннің мүлкін ашық ұрлауға оқталу) қылмыстық іс қаралды.

◾️ Сот талқылауы барысында прокурор айыпты ҚК-нің 24-бабының 3-бөлігі – 191-бабының 1-бөлігімен өзгертіп, «зорлық-зомбылық жасаймын деп қорқытумен» деген біліктілік белгіні алып тастады.

◾️ Жәбірленуші тараптың қарсылығы болмаған жағдайда айыпты мұндай өзгерту сот үшін міндетті болып табылады.

◾️ Сотталушының кінәсі жәбірленуші мен жәбірленушінің өкілінің айғақтарымен, бейнежазбалармен және басқа да дәлелдемелермен дәлелденді.

◾️ Жоғарыда айтылғандардың негізінде сот сотталушыны кінәлі деп таныды.

◾️ ҚК-нің 24-бабының 3-бөлігінде, 191-бабының 1-бөлігінде көзделген қылмыс ауырлығы орташа қылмыстарға жатады.

◾️ Жеңілдететін мән-жайларға кінәсін мойындау, жасаған қылмысына шын жүректен өкіну, жастығы, соттылығының болмауы жатқызылды, жауаптылықты ауырлататын мән-жайлар белгіленбеген.

◾️ Заңға сәйкес, қылмысқа оқталу үшін жаза ең жоғары мерзімнің ¾ бөлігінен аспауы керек.

◾️ Іс бойынша тергеу жеделдетілген тәртіпте жүргізілді, сондықтан ҚК-нің 56-бабының 3-бөлігіне сәйкес жаза ең жоғары мерзімнің ½ бөлігінен аспауы керек.

◾️ Осыған байланысты сотталушы 1 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеуге жатады.

◾️ Үкім заңды күшіне енген жоқ.

https://t.me/shymkent_sottary
◾️ В Шымкенте преступник, ворвавшись в ломбард в медицинской маске, угрожал сотруднику ломбарда игрушечным пистолетом и требовал 100 тысяч тенге.

◾️ Довести вооруженное ограбление до конца помешал ему 18-летний посетитель, который зашел в ломбард, чтобы забрать свой телефон.

◾️ Преступник был задержан на месте происшествия и преступление не смог до конца довести.

◾️ Парня наградили грамотой, преступник был арестован.

◾️ В межрайонном суде по уголовным делам г.Шымкента уголовное дело в отношении обвиняемого поступило по ст.24 ч.3 – ст.191 ч.2 п.1 УК (покушение на открытое хищение чужого имущества с угрозой применения насилия).

◾️ Прокурор в судебных прениях изменил обвинение на ст.24 ч.3 – ст.191 ч.1 УК,исключив квалифицирующий признак «с угрозой применения насилия».

◾️ Такое изменение обвинения при отсутствии возражений потерпевшей стороны является для суда обязательным.

◾️ Вина подсудимого доказана показаниями представителя потерпевшего и потерпевшей, видеозаписями и другими доказательствами.

◾️ На основании изложенного, суд признал подсудимого виновным.

◾️ Преступление, предусмотренное ст.24 ч.3, 191 ч.1 УК, относится к преступлениям средней тяжести.

◾️ Смягчающими обстоятельствами определены признание вины, чистосердечное раскаяние в содеянном, молодой возраст, отсутствие судимости, отягчающих – не установлено.

◾️ По закону наказание за покушение на преступление не может превышать ¾ от максимального срока.

◾️ Расследование по делу велось в ускоренном порядке, в связи с чем согласно ст.56 ч.3 УК наказание не может превышать ½ от максимального срока.

◾️ В этой связи подсудимому ограничение свободы на срок 1 год 6 месяцев.

◾️ Приговор не вступил в законную силу.
 
https://t.me/shymkent_sottary
◾️ 2021 жылы 2019 және 2020 жылы туылған екі баланың анасының пайдасына бұрынғы жұбайының барлық табыс түрлерінің 1/3 бөлігі мөлшерінде оларды күтіп-бағуға алимент өндіру туралы сот бұйрығы шығарылған.

◾️ Алайда, 4 жыл бойы балалардың әкесі оларға материалдық көмек көрсетпей, алимент төлеуге 4 млн теңгеден астам қарыз болып қалған.

◾️ Сот шешімін орындау барысында жауапкердің ресми түрде жұмыс істемейтіні анықталып, оған қатысты жүргізуші куәлігінің қолданылуын тоқтата тұру және Қазақстаннан шығуына шектеу қою туралы қаулылар шығарылған.

◾️ 2024 жылы балалардың әкесі сот шешімін орындамағаны үшін ӘҚБтК-нің 669-бабының 1-бөлігі бойынша 5 тәулікке әкімшілік қамауға алынған.

◾️ Бұрынғы әйелі немерелерін асырау үшін әжесінен алимент өндіріп беру туралы талап қоюмен сотқа жүгінуге мәжбүр болып, оның жұмыс орнын, оған қоса, қаржылық мүмкіндіктерін көрсеткен.

◾️ Немерелердің әжесі жалақысының төмендігін, банктер алдындағы несиелік міндеттемелерін, денсаулық жағдайын және асырауындағы екінші ұлының отбасын асырауға кететін шығынды атап өтіп, талап қоюмен келіспеген.

◾️ Балалардың әкесі жұмысқа орналасқанын және алимент төлеуге ниет білдіріп, талап қоюды қанағаттандырусыз қалдыруды сұраған.

◾️ Жеке сот орындаушысы ер адам қолданылған мәжбүрлеу шараларына жауап бермей жатқанын, алимент бойынша берешектің өсе түскенін атап өткен.

◾️ Ақтөбе облысының Мәртөк аудандық соты істі қарап, келесіні атап көрсетті:

- әкесінің алимент төлеу жөніндегі өз міндеттемелерін ұзақ уақыт бойы орындамауы әкенің осы міндеттерін ата-анасына ауыстыруға негіз болып табылмайды;

- немерелерінің ата-анасы мүгедек болған немесе оларды асырайтын ата-ана болмаған жағдайда ғана немерелерін асырау әжесінің міндетіне жүктелуі мүмкін;

- бұл жағдайда балалардың ата-анасы еңбекке қабілетті.

◾️ Сот талап қоюды қанағаттандырудан бас тарта отырып, балалардың анасына сот актісін тиісті түрде орындау үшін барлық шараларды қабылдауға қажетті құқықтарын, оның ішінде алимент төлеуден жалтарғаны үшін баланың әкесін қылмыстық жауапкершілікке тартуға дейін мәжбүрлеу сипатын және ол мұндай мүмкіндікті әлі жіберіп алмағанын түсіндірді.

◾️ Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

https://t.me/aktobesot
◾️ В 2021-м в пользу матери двоих детей, 2019 и 2020 годов рождения, вынесен судебный приказ о взыскании алиментов на их содержание в 1/3 от всех видов доходов бывшего супруга.

◾️ Однако на протяжении 4 лет отец детей материальной помощи им не оказывал и задолжал более 4 млн тенге по выплате алиментов.

◾️ В ходе исполнения решения судаустановлено, что ответчик нигде официально не трудоустроен, в отношении него были вынесены постановления о приостановлении срока действия водительского удостоверения и выставлено ограничение на выезд из Казахстана.

◾️ В 2024-м отец детей за неисполнение решения суда был привлечен по ст.669 ч.1 КоАП к административному аресту на 5 суток.

◾️ Ее бывшая супруга была вынуждена обратиться в суд с иском о взыскании алиментов с бабушки на содержание ее внуков, указав  на ее трудоустройство и, следовательно, финансовые возможности.

◾️ Бабушка иск не признала, отметив низкую зарплату, кредитные обязательства перед банками, состояние здоровья и расходы на содержание семьи второго сына, которая находится на ее иждивении.

◾️ Отец детей просил в иске отказать, сообщив о своем трудоустройстве и желании уплачивать алименты.

◾️ ЧСИ отметил, что мужчина на принятые принудительные меры не реагирует, а задолженность по алиментам растет.    

◾️ Мартукский райсуд Актюбинской области, рассмотрев дело, указал на то, что:

- длительное неисполнение отцом обязательств по выплате алиментов на содержание детей не является основанием для перекладывания этих обязательств отца на его родителей;

- вменить содержание внуков в обязанность бабушки можно только в случае, если у внуков родители нетрудоспособные или нет родителей, которые могут их содержать;

- в данном случае родители детей трудоспособные.

◾️ Суд, отказав в иске, разъяснил матери детей ее права на то, чтобы предпринять все меры для надлежащего исполнения судебного акта, в т.ч. принудительного характера, вплоть до привлечения отца ребенка к уголовной ответственности за уклонение от оплаты алиментов и такая возможность ею еще не упущена.

◾️ Решение суда не вступило в законную силу.

https://t.me/aktobesot
Азаптау мен қатыгездік құрбандарына келтірілген зиянды өтеу тетіктері талқыланды

◾️ Сот әкімшілігі Орталық Азиядағы қылмыстық сот төрелігі жөніндегі IX сарапшылық форумы аясында азаптаулар мен қатыгездік құрбандарына келтірілген зиянды өтеу, сондай-ақ жаңартылған Стамбул хаттамасының және БҰҰ органдарының ұсынымдарына сәйкес оларды оңалту тетіктерін жетілдіру мәселелері бойынша дөңгелек үстел өткізді.

◾️ Іс-шараға Сот әкімшілігі басшысының орынбасары Жантемір Шәкиев модераторлық етті.

◾️ Іс-шараның мақсаты: Адам құқықтары мен заң үстемдігі саласындағы іс-шаралар жоспарының 21-тармағын іске асыру шеңберінде Ішкі істер министрлігімен, Бас прокуратурамен және Қаржы министрлігімен бірлесіп бұрын Сот әкімшілігі әзірлеген ұсыныстарды талқылау (ҚР Президентінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы №409 Жарлығымен бекітілген).

◾️ Дөңгелек үстел жұмысына Орталық Азия елдерінің жоғарғы соттарының судьялары, мүдделі мемлекеттік органдардың, азаматтық қоғам өкілдері, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түркіменстан, Моңғолия елдерінің ғалымдары, сарапшылары, сондай-ақ БҰҰ Адам құықтары жөніндегі ЖКБ, БҰҰ ЕҚКБ, БҰҰ ДБ, ЕҚЫҰ ДИАҚБ, ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисі тәрізді халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты.

◾️ Іс-шараның барлық қатысушылары азаптаулар мен қатыгездік құрбандарына келтірілген зиянды өтеу тетігін жетілдірудің маңыздылығы туралы ортақ пікірге келді, бұл барынша назар аударуды және қажетті шараларды әзірлеуді талап етеді.

◾️ Дөңгелек үстелдің қорытындысы бойынша мүдделі тараптардан түскен ұсынымдарды ескере отырып, қолданыстағы заңнаманы жаңартылған Стамбул хаттамасының және БҰҰ органдарының ұсынымдарына сәйкестендіру бойынша ұсыныстар қабылданды.
Обсуждены механизмы компенсации вреда, причиненного жертвам пыток и жестокого обращения
 
◾️ Судебной администрацией на полях IX экспертного Форума по уголовному правосудию для Центральной Азии проведён круглый стол по совершенствованию механизма компенсации вреда, причинённого жертвам пыток и жестокого обращения, а также их реабилитации в соответствии с рекомендациями обновленного Стамбульского протокола и органов ООН.

◾️ Модератором мероприятия выступил заместитель Руководителя Судебной администрации Жантемир Шакиев.

◾️ Цель мероприятия: обсуждение предложений, выработанных ранее Судебной администрацией совместно с МВД, Генеральной прокуратурой и Министерством финансов в рамках пункта 21 Плана действий в области прав человека и верховенства закона (утв. Указом Президента РК от 8 декабря 2023 года № 409).

◾️ В работе круглого стола приняли участиесудьи верховных судов стран Центральной Азии, представители заинтересованных государственных органов, гражданского общества, учёные, эксперты из Казахстана, Кыргызстана, Узбекистана, Таджикистана, Туркменистана, Монголии, а также представители международных организаций – УВКПЧ ООН, УНП ООН, ПРООН, БДИПЧ ОБСЕ, Офиса программ ОБСЕ.

◾️ Все участники мероприятия согласились во мнении о значимости совершенствования механизма компенсации вреда, причинённого жертвам пыток, жестокого обращения, требующего самого пристального внимания и выработки необходимых мер.    

◾️ По итогам круглого стола приняты рекомендации с учетом поступивших от заинтересованных сторон предложений по приведению действующего законодательства в соответствие с рекомендациями обновленного Стамбульского протокола и органов ООН.