ҚР ЖОҒАРҒЫ СОТЫ
15.9K subscribers
2.74K photos
181 videos
5 files
1.12K links
Актуальные новости судебной системы

Сайт:
http://sud.gov.kz/

Instagram:
https://instagram.com/jogargy_sot?igshid=5h43qpapvrq3

YouTube:
https://www.youtube.com/user/SupcourtRK
Download Telegram
◾️ «Басаман» орман шаруашылығы мекемесінің бұрынғы басшысы Ж., өзінің қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланып, өрт қаупі жоғары кезеңде жазғы уақытта Қостанай облысының орман қоры аумағында адамдардың болуына белгіленген тыйымға қарамастан, жеке бригаданың орманда болуына, орман және ағаш кесу жұмыстарын жүргізуге заңсыз рұқсат берген.

◾️ Соның салдарынан 2022 жылдың 2 қыркүйегінде бригадалардың құрал-жабдықтарының дұрыс жұмыс істемеуінен Басаман және Семиозерный орман шаруашылығының аумақтарын, сондай-ақ Әулиекөл ауданының Аманқарағай және Озерное ауылдарын шарпыған ауқымды өрт шыққан.

◾️ Қостанай қалалық соты уәкілетті органның Ж.-ға және оның зайыбы Д.-дан мемлекетке келтірілген зиянды өтеу, мүлікті ортақ үлестік меншік деп тану және Ж.-ның ½ үлесін өндіріп алу туралы талап қоюын қарады.

◾️ Бұған дейін Қостанай облыстық соты Ж.-ны ҚК-нің 361-бабының 4-бөлігінің 3-тармағы бойынша кінәлі деп танып, оған өмір бойына мемлекеттік қызметте басшылық қызмет атқаруға тыйым салумен 4 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған.

◾️ Сотта Ж.-ның заңсыз рұқсатымен орманда ағаш кесушілердің жұмысы ірі көлемде өрттің шығуына әкеліп соғып, оның салдарынан өсімдіктер мен жануарлар дүниесі зардап шегіп, 32 мың гектардан астам орман алқабы жойылған.

◾️ Сот талап қоюды ішінара қанағаттандырды: жауапкерден мемлекет кірісіне 21 млрд 436 млн теңге, облыстық бюджетке – 18 млрд теңге және аудандық бюджетке – 326 млн теңге залал өндірілді.

◾️ Сот зайыбы Д.-дан ортақ үлестік меншікті құру және ½ үлесті өндіріп алу туралы талапты мерзімінен бұрын қойылған деп санады.

◾️ Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

https://t.me/QostanaiOblystyqSoty0
◾️ Бывший руководитель Басаманского учреждения лесного хозяйства Ж., злоупотребляя своими должностными полномочиями, несмотря на установленный запрет на пребывание людей на территории лесного фонда Костанайской области летом в период высокой пожарной опасности незаконно разрешил частным бригадам находиться в лесу и производить лесозаготовку.

◾️ В результате 2 сентября 2022 года из-за неисправности техники бригад произошел масштабный пожар, охвативший территорию Басаманского и Семиозерного лесных хозяйств, а также сел Аманкарагай и Озерное Аулиекольского района.

◾️ Костанайский горсуд рассмотрел иск уполномоченного органа к Ж. и его супруге Д. о возмещении в доход государства ущерба, признании общей долевой собственностью имущество и обращении взыскания на ½ долю Ж.

◾️ Ранее Костанайским облсудом Ж. был признан виновным по п.3 ч.4 ст.361 УК и приговорен к 4 годам 6 месяцам лишения свободы c пожизненным запретом занимать руководящие должности на госслужбе.

◾️ Судом установлено, что работа лесозаготовителей в лесу в пожароопасный период по незаконному разрешению Ж. повлекла за собой масштабный пожар, вследствие которого пострадал растительный и животный мир, уничтожено более 32 тыс.гектаров лесных массивов.

◾️ Суд удовлетворил иск частично: с ответчика взыскан ущерб в доход государства в 21 млрд 436 млн тенге, в областной бюджет – 18 млрд тенге и районный – 326 млн тенге.

◾️ Требование в части установления общей долевой собственности и обращения взыскания на ½ долю у супруги Д. суд посчитал преждевременным.

◾️ Решение суда не вступило в законную силу.

https://t.me/QostanaiOblystyqSoty0
 
◾️ Жергілікті соттарда кәсіпкерлік субъектілерінің арасында жасалған жылжымайтын мүлікті сатып алу-сату мәмілелеріне қатысты дау бойынша азаматтық іс қаралған.

◾️ Сотқа жүгінген кезде сатушы шарттарды жарамсыз деп тануды сұраған.

◾️ Сатып алушы сатушыны мүлікті қабылдау-тапсыру актілеріне қол қоюға мәжбүрлеу, жоғалған пайда түріндегі залалды және заңды тұрақсыздық айыбын өндіріп алу туралы қарсы талап қоюмен жүгінген.

◾️ Жергілікті соттар сатушының талап қоюын қанағаттандырды, бірақ сатып алушының қарсы талап қоюын қанағаттандырудан бас тартқан.

◾️ Сатып алушының өкілі сот актілеріне кассациялық тәртіпте шағым түсірді.

◾️ Істі Жоғарғы Сотта қарау кезінде тараптар дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімге келді.

◾️ Жоғарғы Соттың азаматтық істер жөніндегі сот алқасы келісімнің мазмұнын және тараптардың татуласу жөніндегі еркін тексеріп, келісім талаптарының басқа тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзбайтындығын анықтай отырып, сот актілерінің күшін жойды, дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы тараптар арасында жасалған келісімді бекітіп, іс бойынша іс жүргізу тоқтатылды.

◾️ Салық кодексінің 108-бабының 1-тармағының 3) тармақшасының және АПК-нің 115-бабының екінші бөлігінің ережелеріне сәйкес арыз берушіге бюджетке төленген мемлекеттік баж салығы сомасының 50 % мөлшерінде кассациялық сотқа жүгінген кезде төленген сома қайтарылды.
◾️ Местными судами рассмотрено гражданское дело по спору между хозяйствующими субъектами относительно заключенных между ними сделок купли-продажи недвижимости.

◾️ Обращаясь в суд, продавец просил признать договоры недействительными.

◾️ Покупателем предъявлен встречный иск о понуждении продавца подписать акты приема-передачи имущества, взыскать убытки в виде упущенной выгоды и законную неустойку.

◾️ Местными судами иск продавца удовлетворен, в удовлетворении встречного иска покупателя отказано.

◾️ Представитель покупателя обжаловал судебные акты в кассационном порядке.

◾️ При рассмотрении дела в Верховном Суде стороны пришли к соглашению об урегулировании спора в порядке медиации.

◾️ Проверив содержание соглашения и волеизъявление сторон на примирение, установив, что условия соглашения не нарушают права и законные интересы других лиц, судебная коллегия по гражданским делам Верховного Суда отменила судебные акты, утвердила заключенное между сторонами соглашение об урегулировании спора (конфликта) в порядке медиации и прекратила производство по делу.

◾️ По правилам подпункту 3) пункта 1 статьи 108 Налогового кодекса и части второй статьи 115 ГПК заявителю возвращена из бюджета уплаченная государственная пошлина в размере 50% от суммы, уплаченной при обращении в суд кассационной инстанции.
 
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
✍️ Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сот жүйесін реформалау және процестік заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.


✍️ Главой государства подписан Закон Республики Казахстан «О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам реформирования судебной системы и совершенствования процессуального законодательства».

Текст Закона публикуется в печати.

t.me/aqorda_resmi
Астанада сарапшылар Орталық Азия мемлекеттері үшін қылмыстық сот төрелігі саласындағы реформаларды талқылады
 
◾️ Астанада Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты мен ЕҚЫҰ Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросы (ДИАҚБ) ұйымдастырған Орталық Азия мемлекеттері үшін қылмыстық сот төрелігі бойынша IX сарапшылық форумы өтті.

◾️ Форум 2 жылда бір рет өткізіледі және қылмыстық құқық саласындағы реформалардың өзекті мәселелерін талқылауға арналған халықаралық алаң болып табылады.

◾️ Оның жұмысына мемлекеттік және құқық қорғау органдарының басшылары, Парламент депутаттары, адвокаттар, халықаралық ұйымдардың, жоғары оқу орындарының, азаматтық қоғам өкілдері, сондай-ақ Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түркіменстан, Моңғолия сарапшылары қатысты.

◾️ Жоғарғы Сот Төрағасы Асламбек Мерғалиев форумға қатысушыларға жылы лебізін білдіре отырып, Қазақстанды процеске қатысушылардың барлығының құқықтарын құрметтеуге және қорғауға бағытталған теңгерімді жүйенің мықты жақтаушысы ретінде атап өтті.

◾️ Мемлекет басшысы қоғамда әділеттілік пен тәртіпті орнатуға ұдайы назар аударып келеді, бұл ретте тиімді сот төрелігі мен азаматтардың құқықтарын қорғау ерекше орын алады.

◾️ А.Мерғалиев 30 жыл ішінде нақты бас бостандығынан айыруға сотталғандар үлесінің тұрақты түрде 60%-дан 38%-ға дейін төмендегенін және қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес баламалы жазаларды қолдану туралы атап өтті.

◾️ Алқабилер сотының құзыретінің кеңеюіне байланысты олар қараған істердің саны артты (2021 жылы 60-тан 2024 жылдың 9 айында 200-ге дейін).

◾️ Сондай-ақ ауыр және аса ауыр қылмыстар үшін сотталғандарды шартты түрде мерзімінен бұрын босату және жазаны ауыстыру туралы өтініштерді енгізу жоспарлануда.

◾️ Алдын алу шарасын таңдау кезінде апелляция рөлі күшейтіліп, электронды білезіктерді қолдану кеңейді.

◾️ Бұл Қазақстанға Заң үстемдігі индексінде 142 елдің ішінде 65-орынға көтерілуге мүмкіндік берді.

◾️ Еліміз «Шығыс Еуропа мен Орталық Азия» аймағы бойынша 5-ші орында, «Азаматтық сот төрелігі»санатында 36-шы орында, «Тәртіп пен қауіпсіздік»бойынша 43-ші орында, «Жедел және тиімді қылмыстық сот ісін жүргізу жүйесі» бойынша 20-шы орында.

◾️ Жоғарғы Сот Төрағасы кассациялық соттарды құру мәселесіне де тоқталып, қылмыстық процесте тараптардың жарыспалылығы мен тең құқықтылығын нығайту, тергеу судьяларының өкілеттіктерін кеңейту жөнінде ұсыныстар айтты.

◾️ БҰҰ нашақорлықпен және қылмыспен күрес басқармасының Ауғанстан, Орталық Азия, Иран және Пәкістан бойынша аймақтық өкілі, доктор Оливер Штолпе өз сөзінде заңгерлердің кәсіби құзыреттілігін арттыруға, қоғамның тұрақтылығын нығайтуға, соның ішінде ұйымдасқан қылмыс, есірткі бизнесі және сыбайлас жемқорлық сын-қатерлеріне тап болған жастарға, сондай-ақ Орталық Азиядағы аймақтық ынтымақтастықты кеңейтуге бағытталған жұмыстарын атап өтті.

◾️ Оның пікірінше, сараптамалық форум осы саладағы негізгі қатысушыларды – судьяларды, прокурорларды, құқық қорғау органдарының қызметкерлерін, адвокаттарды, азаматтық қоғам өкілдері мен халықаралық сарапшыларды біріктіруге бірегей мүмкіндік береді. 

◾️ Форум аясында түрлі бағыттар бойынша бірнеше сессия ұйымдастырылды.

◾️ Қылмыстық сот төрелігін реформалау мәселелері, соның ішінде заңнама, саясат және әділ сот талқылауын жүргізу құқығын жүзеге асыру, сот төрелігіне қолжетімділік, азаптаулардың алдын алу, қылмыстық-атқару жүйесінің реформасы, бас бостандығынан айырудың баламалары, сот төрелігі жүйесіндегі әйелдердің рөлі және қылмыстық процестерді цифрландыру салаларындағы мәселелер талқыланды.

◾️ Сындарлы пікір алмасу болды.
В Астане эксперты обсудили реформы в области уголовного правосудия для государств Центральной Азии
 
◾️ В Астане состоялся IX экспертный форум по уголовному правосудию для государств Центральной Азии, организованный Верховным Судом РК и Бюро по демократическим институтам и правам человека ОБСЕ (БДИПЧ).

◾️ Форум проводится раз в 2 года и является международной площадкой обсуждения актуальных вопросов реформирования в сфере уголовного права.

◾️ В его работе приняли участие руководители государственных и правоохранительных органов, депутаты Парламента, адвокаты, представители международных организаций, вузов, гражданского общества, а также эксперты из Кыргызстана, Узбекистана, Таджикистана, Туркмении,  и Монголии.

◾️ Председатель Верховного Суда Асламбек Мергалиев, приветствуя участников форума, обозначил Казахстан твердым приверженцем сбалансированной системы, нацеленной на уважение и защиту прав всех участников процесса.
Глава государства постоянно уделяет внимание установлению справедливости и порядка в обществе, в котором эффективное правосудие и защита прав граждан занимают особое место.

◾️ А.Мергалиев отметил устойчивое снижение за 30 лет доли осужденных к реальному лишению свободы с 60% до 38%, применения альтернативных мер наказания, не связанных с изоляцией от общества.

◾️ В связи с расширением подсудности суда присяжных возросло число рассмотренных ими дел (от 60 в 2021-м до 200 – за 9 мес.2024-го).

◾️ К их ведению также планируется отнести иобращения об условно-досрочном освобождении и замены меры наказания осужденным за тяжкие и особо тяжкие преступления.

◾️ Усилена роль апелляции и расширено применение электронных браслетов при избрании меры пресечения.

◾️ Это позволило Казахстану подняться в Индексе верховенства права на 65 место из 142 стран.

◾️ Наша страна по региону «Восточная Европа и Центральная Азия» находится на 5-м месте, на 36-м по категории «Гражданское правосудие», на 43-м – «Порядок и безопасность» и на 20-м – «Система уголовного судопроизводства является оперативной и эффективной».

◾️ Председатель ВС также осветил вопрос создания кассационных судов и озвучил предложения по усилению состязательности и равноправия сторон в уголовном процессе и расширению полномочий следственных судей.

◾️ Региональный представитель УНП ООН для Афганистана, Центральной Азии, Ирана и Пакистана д-р Оливер Штолпе в своем приветственном слове отметил нацеленность на повышение профессиональной компетентности юристов, укрепление устойчивости общества, в т.ч. молодежи перед вызовами организованной преступности, наркотрафика и коррупции, а также расширение регионального сотрудничества в Центральной Азии.

◾️ По его мнению, экспертный форум предоставляет уникальную возможность объединить ключевых участников этой сферы — судей, прокуроров, сотрудников правоохранительных органов, адвокатов, представителей гражданского общества и международных экспертов.

◾️ В рамках форума организованы несколько сессий по различным направлениям. Обсуждены вопросы реформы уголовного правосудия, в т.ч. в области законодательства, политики и реализации права на справедливое судебное разбирательство, доступа к правосудию, предупреждения пыток, реформы уголовно-исполнительной системы, альтернатив тюремному заключению, роли женщин в системе правосудия и цифровизации уголовных процессов.

◾️ Состоялся конструктивный обмен мнениями.
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Астанада сарапшылар Орталық Азия мемлекеттері үшін қылмыстық сот төрелігі саласындағы реформаларды талқылады

🎥 «24kz» телеарнасы
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
В Астане эксперты обсудили реформы в области уголовного правосудия для государств Центральной Азии

🎥 телеканал «24kz»
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Орталық Азия елдері сот жүйесіндегі тәжірибелерімен алмасты

🎥 «Қазақстан” ұлттық арнасы