Forwarded from Aqorda 🇰🇿
Президент Жоғарғы сот төрағасы Асламбек Мерғалиевті қабылдады
✔️ Мемлекет басшысына сот жүйесі қызметінің биылғы бес айдағы қорытындысы жөнінде мәлімет берілді.
✔️ Асламбек Мерғалиевтің айтуынша, өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда сот органдарына түскен талап-арыз бен шағымдар 18,1 пайызға ұлғайған. Бұл азаматтардың сот жүйесіне сенімі артып келе жатқанын көрсетеді. Сонымен қатар татуластыру рәсімін қолдануда оң динамика байқалады.
✔️ Сот төрелігінің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға бағытталған жүйелі шаралардың нәтижесінде мемлекетпен арадағы дау кезінде азаматтардың құқықтарын қорғау көрсеткіші едәуір жақсарды. Әкімшілік сотта қаралған мұндай істердің 57,8 пайызында үкім азаматтар мен заңды тұлғалардың пайдасына шешілді.
✔️ Жоғарғы сот төрағасы қылмыстық процесс кезінде тұлғаның конституциялық құқықтары мен бостандығын қамтамасыз ету шаралары жөнінде баяндады.
✔️ Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Қылмыстық және Қылмыстық-процестік кодекстерге ревизия жасалды. Азаматтар мен кәсіпкерлердің құқықтарын күшейтуді, тараптардың жарыспалылығы мен тең құқылығын нығайтуды, қылмыстық процесті оңтайландырып, бюрократиядан арылтауды көздейтін жаңа заң жобасы әзірленді.
✔️ Бұдан бөлек, Президентке сот жүйесін цифрландыру барысы және кассациялық соттарды құру жұмыстары аяқталғаны жөнінде есеп берілді.
✔️ Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев судьялар мен сот қызметкерлерін тағы да кәсіби мерекелерімен құттықтады.
📌 Президент заң үстемдігін қамтамасыз етіп, сот төрелігінің сапасын арттыру, сондай-ақ судьялардың тәуелсіздігі мен жауапкершілігін күшейту мақсатында сот жүйесін одан әрі жетілдіру маңызды екеніне назар аударды.
t.me/aqorda_resmi
t.me/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍26🔥3👏2💯2❤1
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
Президент принял председателя Верховного суда Асламбека Мергалиева
✔️ Глава государства был проинформирован о результатах деятельности судебной системы за пять месяцев текущего года.
✔️ Асламбек Мергалиев отметил, что по сравнению с аналогичным периодом прошлого года количество обращений в суды увеличилось на 18,1%, что свидетельствует о росте доверия граждан к судебной системе. Также наблюдается положительная динамика в применении примирительных процедур.
✔️ В результате системных мер, направленных на повышение качества и расширение доступа к правосудию, существенно улучшились показатели защиты прав граждан в спорах с государством. В административном судопроизводстве по 57,8% таких дел решения были вынесены в пользу граждан и юридических лиц.
✔️ Председатель Верховного суда также доложил о мерах по обеспечению конституционных прав и свобод личности в уголовном процессе.
✔️ Во исполнение поручения Главы государства проведена ревизия Уголовного и Уголовно-процессуального кодексов. Разработан законопроект, направленный на усиление защиты прав граждан и предпринимателей, укрепление состязательности сторон, оптимизацию и дебюрократизацию уголовного процесса.
✔️ Кроме того, Президенту была представлена информация о ходе цифровизации судебной системы и завершении формирования кассационных судов.
✔️ Касым-Жомарт Токаев еще раз поздравил судей и работников судов с профессиональным праздником.
📌 Он подчеркнул важность дальнейшего совершенствования судебной системы в целях обеспечения верховенства закона, повышения качества правосудия, а также усиления независимости и ответственности судей.
t.me/aqorda_resmi
t.me/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍18❤9👏2💯2