ҚР ЖОҒАРҒЫ СОТЫ
15.8K subscribers
2.79K photos
186 videos
5 files
1.13K links
Актуальные новости судебной системы

Сайт:
http://sud.gov.kz/

Instagram:
https://instagram.com/jogargy_sot?igshid=5h43qpapvrq3

YouTube:
https://www.youtube.com/user/SupcourtRK
Download Telegram
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🎥 А.Мерғалиев Беларусь Жоғарғы сотының судьяларымен кездесу өткізді

🎥 А.Мергалиев провел встречу с судьями Верховного Суда Беларуси
👍27🔥2👏21
Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстық құқық бұзушылықтар бойынша құқық қорғау мәселелері талқыланды
 
◾️ Жоғарғы Сотта «Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істерді қараудағы сот практикасының проблемалық мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

◾️ Оның жұмысына Жоғарғы Соттың судьялары, Республикалық адвокаттар алқасының, Бас прокуратураның, Ішкі істер және Әділет министрліктерінің, Қаржы мониторингіагенттігінің, Сот сараптамасы орталығының, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, Сот әкімшілігінің және т.б. өкілдері қатысты.

◾️ Форумды ашқан Жоғарғы Соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Назгүл Рахметуллина бизнесті жүргізуге қолайлы жағдай жасау, оның ішінде кәсіпкерлерді негізсіз қылмыстық қудалаудан қорғау жөнінде мемлекет тарапынан жүйелі түрде қабылданып жатқан шараларды атап өтті.

◾️ Баяндамашы Мемлекет басшысының тапсырмалары аясында құқық қорғаудағы шектен шығушылықтарды жоюға және өзекті мәселелер бойынша нақты, салмақты құқықтық ұстанымдарды әзірлеуге Жоғарғы Соттың назарын аударды.

◾️ Республикалық адвокаттар алқасының (РАА) төрағасы Айдын Бікебаев Жоғарғы Соттың азаматтардың құқықтарын қорғау жөніндегі жаңашылдықтарды – кассациялық сатының енгізілуін, сот төрелігінің сапасын, тергеу соттарының жұмысын жақсартуды, электронды білезіктерді қолдану аясын кеңейтуді тиімді деп атады.

◾️ Адвокаттардың мәртебесін арттыру және олардың қызметіне кедергі келтірмеу шаралары да атап өтілді.

◾️ Жоғарғы Сот судьясы Асқаржан Кенжеғарин сотқа дейінгі тергеп-тексеру органдарының аяқталған операциялар бойынша шот-фактуралардың, оның ішінде төленген салық сомасын анықтау үшін (салық төлеуден жалтарған жағдайда) бастапқы есепке алу құжаттарының болуын жан-жақты тексерудің маңызды екеніне назар аударды.

◾️ Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов ұрлық 53 пайызға азайғанын және алаяқтық, киберқылмыстың өзге де түрлері, несие және банк секторында өскенін атап өтті. Ол мұндай қылмыстарды тіркеу тәртібін нақты әзірлеу қажеттілігіне және олардың азаматтық-құқықтық қатынастар ретінде анық көрсетілмейтініне назар аударды.

◾️ Қаржы мониторингі агенттігі төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов қылмыстық жолмен табылған мүлікті заңдастыру және қаржы пирамидаларының қызметіне қатысты Жоғарғы Соттың нормативтік қаулыларын қабылдау қажет деп санады.

◾️ РАА төрағасының орынбасары Игорь Вранчев тергеу судьяларының кейбір мәселелерін және сараптамалардың сәйкессіздігін атап өтті.

◾️ Сондай-ақ құқық қорғау мәселелері бойынша Бас прокуратураның басқарма бастығы Дулат Әубәкіров, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы төрағасының орынбасары, ҚР Кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі уәкілі Қанат Нұров сөз сөйледі.

◾️ Сындарлы пікірталас өтті. Форумға қатысушылардың ұсыныстары бойынша Жоғарғы Соттың тиісті нормативтік қаулысының жобасында қорытулар жасалады.
👍19
Обсуждены вопросы правоприменения по уголовным правонарушениям в сфере экономической деятельности
 
◾️ Верховный Суд провел на тему: «Проблемные вопросы судебной практики рассмотрения дел об уголовных правонарушениях в сфере экономической деятельности».

◾️ В его работе приняли участие судьи ВС, представители республиканской коллегии адвокатов, Генеральной прокуратуры, министерств внутренних дел и юстиции, Агентства по финансовому мониторингу,  Центра судебных экспертиз, НПП «Атамекен», Судебной администрации и др.

◾️ Открывая форум, председатель судебной коллегии по уголовным делам ВС Назгуль Рахметуллина отметила меры, которые последовательно предпринимаются государством по созданию благоприятной среды для ведения бизнеса, в том числе в части защиты предпринимателей от необоснованного уголовного преследования.

◾️ Спикер обозначила нацеленность ВС в рамках поручений Главы государства наустранение перегибов в правоприменении и выработку четких, взвешенных правовых позиций по актуальным вопросам.

◾️ Председатель Республиканской коллегии адвокатов Айдын Бикебаев назвал эффективными преобразования ВС по защите прав граждан – введении кассационной инстанции, улучшении качества правосудия, работе следственных судов, расширении применения электронных браслетов.

◾️ Отмечены также меры по повышению статуса адвокатов и воспрепятствованию их деятельности.

◾️ Судья ВС Аскаржан Кенжегарин акцентировал внимание на значимости всесторонней проверки органами досудебного расследования счетов-фактур по совершенным сделкам, в том числе наличии первичных учетных документов для определения размера уплачиваемого налога (при уклонении от уплаты налогов).

◾️ Заместитель Министра внутренних дел Санжар Адилов констатировал на 53% снижение краж и рост фактов мошенничества, разного рода киберпреступности, кредитно-банковской сфере. Обратил внимание на необходимости четкой выработки порядка регистрации такого рода преступлений и частой их завуалированности под гражданские правоотношения.

◾️ Заместитель Председателя Агентства по финансовому мониторингу Женис Елемесов посчитал необходимым принятия нормативных постановлений ВС о легализации имущества, полученного преступным путем и деятельности финансовых пирамид.

◾️ Заместитель председателя РКА Игорь Вранчев обозначил некоторые вопросы следственных судей и противоречивости экспертиз.

◾️ По вопросам правоприменения выступили также начальник управления Генеральной прокуратуры Дулат Аубакиров, Заместитель Председателя НПП «Атамекен» и Уполномоченный по защите прав предпринимателей РК Канат Нуров.

◾️ Состоялось конструктивное обсуждение. Прозвучавшие предложения участников форума будут обобщены в проекте соответствующего нормативного постановления ВС.
 
👍232👏2
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🎥24kz” телеарнасы

✔️ Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстық құқық бұзушылықтар бойынша құқық қорғау мәселелері талқыланды
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍23🔥2
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🎥 телеканал “24kz”

✔️ Обсуждены вопросы правоприменения по уголовным правонарушениям в сфере экономической деятельности
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍24👏2
◾️ Елорда тұрғыны көші-қон қызметіне ұлтын «беларусьтан” «неміс” ұлтына өзгерту туралы өтінішпен жүгінген.

◾️ Атасының туу туралы куәлігінде «ұлты» деген бағанда арғы атасы мен әжесі де «немістер» деп көрсетілген. Бұл, оның пікірінше, жақын туыстары неміс ұлтынан болғанын растайды.

◾️ Алайда, көші-қон қызметі Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексінің 65-бабына сілтеме жасай отырып, жазбаша бас тартуды берген, оған сәйкес туған кездегі ұлты ата-анасының ұлтына қарай белгіленеді және тек өзге ата-ананың ұлтына өзгертілуі мүмкін.

◾️ Астана қаласының МАӘС-ы көші-қон қызметінің бас тартуын заңсыз деп танып, ведомствоның әрекеті Конституцияның және «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексінің нормаларына қайшы келетінін атап өткен.

◾️ Конституциялық Сот «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодекстің 65-бабының ата-анасының ұлтынан басқа ұлтын анықтаудың және өзгертудің өзге де тәсілдерін көздемейтін бөлігінде, ата-анасының ұлты белгісіз немесе азаматтардың заңды мүдделері қозғалған жағдайларда Конституцияға сәйкес емес деп таныды. Бұл ретте ата-анасының ұлтын тануы рұқсат етілген болып қалады (Конституциялық Соттың 2025 жылғы 16 сәуірдегі № 70-НҚ нормативтік қаулысы).

◾️ Конституциялық Сот ұлттық және халықаралық заңнама нормаларын, сот практикасын және шетелдік тәжірибені зерделей келе, ұлтын анықтау тұлғаның өзін-өзі сәйкестендіруімен байланысты және тек шығу тегіне ғана емес, басқа да мән-жайларға негізделетінін атап өтті. Ұлт адамның ішкі еркіндігін көрсете алады және құқықтық мәнге ие болады.

◾️ «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексінің 65-бабының қолданыстағы редакциясында мұндай өмірлік жағдайлар ескерілмейді, бұл Конституцияның әркімге өзінің ұлтын дербес анықтау құқығын беретін 19-бабының 1-тармағына қайшы келеді.

◾️ Конституциялық Соттың құқықтық ұстанымын ескере отырып, ата-анасының ұлтын ғана емес, сонымен бірге басқа жақын туыстарының, баланы тәрбиелеп отырған адамдардың, сондай-ақ басқа да объективті және сенімді дәлелдемелерді ескеруге жол беріледі.

◾️ Талап қоюшының жақын туыстары немістер болған, саяси қуғын-сүргінге ұшырап, ұлтын өзгертуге мәжбүр болған. Талап қоюшы неміс қоғамдастығының қызметіне белсенді қатысады, неміс мәдениетін сақтауға және дамытуға үлес қосады.

◾️ Оның ата-бабаларымен берік байланысын, өзінің этникалық ерекшелігін сақтауға ұмтылысын және істің мән-жайын ескере отырып, сот арызды қанағаттандырудан бас тарту оның конституциялық құқықтарын бұзады деп тапты.

◾️ Сот ІІМ Көші-қон қызметі комитетіне талап қоюшының ұлтын «беларусьтан” “неміс» ұлтына ауыстыру жөнінде мемлекеттік қызметті көрсету бойынша әкімшілік рәсімді аяқтауды міндеттеді.

https://t.me/astanasottary
👍17
◾️ Жительница столицы обратилась в миграционную службу с заявлением об изменении национальности с «белоруски» на «немку».

◾️ В актовой записи о рождении её дедушки в графе «национальность» у прадеда и прабабушки значится «немцы». Это, по её мнению, подтверждает немецкое происхождение по линии ближайших родственников.

◾️ Однако миграционной службой был предоставлен письменный отказ со ссылкой на статью 65 Кодекса Республики Казахстан «О браке (супружестве) и семье» (КоБС), согласно которой национальность по рождению определяется национальностью родителей и может быть изменена лишь на национальность другого родителя.

◾️ СМАС г. Астаны признал отказ миграционной службы незаконным, отметив, что действия ведомства нарушают положения Конституции и КоБС.

◾️ Конституционный Суд признал статью 65 КоБС неконституционной в части, не предусматривающей иные способы определения и изменения национальности, помимо родительской, в случаях, когда национальность родителей неизвестна либо затрагиваются законные интересы граждан. При этом признание национальности по родителям остаётся допустимым (Нормативное постановление Конституционного Суда от 16 апреля 2025 года № 70-НП).

◾️ Конституционный Суд, исследовав нормы национального и международного законодательства, судебную практику и зарубежный опыт, отметил, что определение национальной принадлежности связано с самоидентификацией личности и основывается не только на происхождении, но и на иных обстоятельствах. Национальность может отражать внутреннюю свободу человека и иметь правовое значение.

◾️ Действующая редакция статьи 65 КоБС не учитывает подобные жизненные ситуации, что противоречит пункту 1 статьи 19 Конституции, предоставляющему каждому право на самостоятельное определение своей национальности. С учётом правовой позиции Конституционного Суда допустимо учитывать не только национальность родителей, но и других близких родственников, лиц, воспитывавших ребёнка, а также иные объективные и достоверные доказательства.

◾️ Близкие родственники истца были немцами, подвергались политическим репрессиям и были вынуждены изменить свою национальность. Истец активно участвует в деятельности немецкой общины, вносит вклад в сохранение и развитие немецкой культуры.

◾️ Учитывая её прочную связь с предками, стремление к сохранению этнической идентичности и обстоятельства дела, суд признал, что отказ в удовлетворении заявления нарушает её конституционные права.

◾️ Суд обязал Комитет миграционной службы МВД завершить административную процедуру по оказанию государственной услуги по изменению национальной принадлежности истца с «белоруски» на «немку».

https://t.me/astanasottary
👍313🔥1
◾️ 2016 жылы сот бұйрығымен жеке сот орындаушысы (ЖСО) Қостанай қаласының тұрғынынан бұрынғы әйелінің пайдасына ортақ балалары – 7 жасар қызы мен 10 жасар ұлын асырау үшін алимент өндіру туралы атқарушылық іс қозғаған.

◾️ Екі айдан кейін талап қоюшы қайтыс болып, балалар әкесінің қамқорлығына беріген, олар осы күнге дейін бірге тұрады.

◾️ Алайда 2016 жылдан 2025 жылға дейін әкесіне қатысты атқарушылық іс жүргізу тоқтатылмаған. Оның үстіне, осы 9 жыл ішінде ЖСО тоқсан сайын алимент берешегін есептеп, 2024 жылдың тамызына дейін 2 млн теңгеден асқан.

◾️ Атқарушылық іс жүргізу аясында борышкердің жалақысына бұғаттау қойылып, оның банктік шоттарына, жылжымалы және жылжымайтын мүліктеріне тыйым салынған. Бұл отбасын, оның ішінде кәмелетке толмаған балаларды қамтамасыз етуде елеулі қиындықтарға әкеліп соққан.

◾️ Борышкер атқарушылық іс жүргізу бар екендігі туралы және алимент бойынша берешекті анықтау туралы қаулыны тек жалақысына бұғаттау қойылғаннан кейін ғана білген.

◾️ Осыған байланысты, ол берешекті анықтау туралы қаулыға және атқарушылық іс жүргізуді тоқтатпау туралы көрсетілген ЖСО-ның әрекетсіздігіне шағымданып, сотқа талап қоюмен жүгінген.

◾️ Ол әрекеттерді заңсыз деп тануды, атқарушылық іс жүргізуді тоқтатуды және олардың аясында қабылданған барлық шараларды жоюды талап еткен.

◾️ Сот істі қарай отырып, өндіріп алушының қайтыс болуы атқарушылық іс жүргізуді тоқтату үшін сөзсіз негіз болып табылатынын көрсетті.

◾️ ЖСО-ның атқарушылық әрекеттерді жалғастыруға заңды негіз болған жоқ, осыған байланысты іс жүргізу барлық шектеулердің күшін жоюмен қысқартылуға жатады.

◾️Қостанай облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты талап қоюды толығымен қанағаттандырды. Шешім дереу орындалуға жатады.

◾️ Істі қарау қорытындысы бойынша Әділет министрлігіне және Қостанай облысының Әділет департаментіне ЖСО-на қатысты шара қолдану және алдағы уақытта осындай жағдайларға жол бермеу туралы талаппен жеке ұйғарым шығарылды.

◾️ Апелляциялық саты сот актілерін өзгеріссіз қалдырды.

https://t.me/QostanaiOblystyqSoty0
👍8🔥81
◾️ В 2016 году по судебному приказу частный судебный исполнитель (ЧСИ) возбудил исполнительное производство о взыскании алиментов с жителя Костаная в пользу его бывшей супруги на содержание общих детей — тогда 7-летней дочери и 10-летнего сына.

◾️ Через два месяца взыскательница скончалась, и дети перешли на воспитание к отцу, с которым продолжают проживать по сей день.

◾️ Однако исполнительное производство в отношении отца не было прекращено с 2016 по 2025 год. Более того, на протяжении этих 9 лет ЧСИ ежеквартально исчислял задолженность по алиментам, которая к августу 2024 года превысила 2 млн тенге.

◾️ В рамках исполнительного производства была заблокирована зарплата должника, а также наложены аресты на его банковские счета, движимое и недвижимое имущество. Это привело к серьёзным затруднениям в обеспечении семьи, включая несовершеннолетних детей.

◾️ Должник узнал о наличии исполнительного производства и о постановлении об определении задолженности по алиментам только после ареста его заработной платы.

◾️ В связи с этим он обратился в суд с иском к ЧСИ, оспаривая постановление об определении задолженности и бездействие ЧСИ, выразившееся в непрекращении исполнительного производства. Он требовал признать действия незаконными, прекратить исполнительное производство и отменить все принятые в его рамках меры.

◾️ Суд, рассмотрев дело, указал, что смерть взыскательницы является безусловным основанием для прекращения исполнительного производства. У ЧСИ отсутствовали правовые основания для продолжения исполнительных действий, в связи с чем производство подлежит прекращению с отменой всех ограничений.

◾️ Специализированный межрайонный административный суд Костанайской области удовлетворил иск в полном объёме. Решение подлежит немедленному исполнению.

◾️ По результатам рассмотрения дела в адрес Министерства юстиции и Департамента юстиции Костанайской области вынесено частное определение с требованием принять меры в отношении ЧСИ и предотвратить подобные случаи в будущем.

◾️ Апелляционная инстанция оставила судебные акты без изменений.

https://t.me/QostanaiOblystyqSoty0
👍301
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
‼️ Сот төрелігіндегі заманауи тәсілдер: цифрландыру және жасанды интеллектіні қолдану

‼️ Современные подходы в правосудии: цифровизация и использование ИИ
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥17👍95👏2💯1
Сот талап қоюшыны саяси қуғын-сүргін құрбаны деп таныды

◾️ Ақтөбе қаласының тұрғыны 1984 жылы Гурьев облыстық партия комитеті мен Мақат локомотив депосы кәсіподақ комитетінің жолдамасымен Қазақ мемлекеттік университетінің дайындық бөліміне оқуға түседі. 1985 жылы осы университеттің философия және экономика факультетінің студенті атанған.

◾️ Алайда, оны 1986 жылы қоғамдық тәртіпті бұзды деген айыппен университеттің екінші курсынан шығарған. Оның оқудан шығарылуына 1986 жылы 18 желтоқсанда Желтоқсан оқиғасына қатысты деген күдікпен құқық қорғау органдары қызметкерлерінің айып тағусыз ұсталуы себеп болған.

◾️ Кейін босатылғанымен студент КОКП қатарынан шығарылып, қуғын-сүргінге ұшырап, жұмысқа тұра алмаған. Сол университеттің философия факультетін бітірген оның әйелі де осындай себептермен жұмысқа орналаса алмай, түрлі кедергілерге кездескен.

◾️ 1990–1993 жылдары олардың үш кішкентай баласы бар отбасы баспананы жалға алуға мәжбүр болған және әлеуметтік жағынан осал жағдайға тап болған.

◾️ 2025 жылы Желтоқсан оқиғасының куәгері 64 жастағы азамат 1986 жылғы Алматыдағы Желтоқсан оқиғасына қатысуына байланысты саяси қуғын-сүргін фактісін тану туралы сотқа талап қоюмен жүгінген.

◾️ Ақтөбе қалалық No3 соты істі зерттей келе, арызданушының шынымен де 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына қатысқанын және саяси қудалауға, оның ішінде еңбек құқықтарын шектеуге ұшырағанын анықтаған. Бұл мән-жайлар университет пен Алматы қалалық прокуратурасының архивтік анықтамаларымен, сондай-ақ куәлердің айғақтарымен расталған.

◾️ Азаматтық процестік кодексінің 306-бабын және «Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы» Заңның 2-бабын басшылыққа ала отырып, сот талап қоюшыны 1986 жылғы оқиғаға байланысты саяси қуғын-сүргін құрбаны деп таныды.

◾️ Соттың шешімі заңды күшіне енді.

https://t.me/aktobesot
👍21🔥1
Суд признал истца жертвой политических репрессий

◾️ В 1984 году житель Актобе по направлению Гурьевского обкома партии и профсоюзного комитета Макатского локомотивного депо был зачислен на подготовительное отделение Казахского государственного университета. В 1985 году он стал студентом факультета философии и экономики этого вуза.

◾️ Однако в 1986 году его отчислили с 2 курса университета якобы за нарушение общественного порядка. Основанием для отчисления стало его задержание сотрудниками правоохранительных органов 18 декабря 1986 года — по подозрению в участии в декабрьских событиях, без предъявления обвинений.

◾️ Несмотря на последующее освобождение, студент был исключён из КПСС, подвергался преследованиям и не мог устроиться на работу. Его супруга, выпускница философского факультета того же университета, также столкнулась с отказами в трудоустройстве по аналогичным причинам.

◾️ В 1990–1993 годах их семья с тремя малолетними детьми была вынуждена снимать жильё и находилась в социально уязвимом положении.

◾️ В 2025 году 64-летний очевидец декабрьских событий подал в суд иск о признании в отношении него факта политических репрессий в связи с участием в событиях декабря 1986 года в Алматы.

◾️ Суд № 3 г. Актобе, рассмотрев дело, установил, что заявитель действительно участвовал в декабрьских событиях 1986 года и подвергался политическим преследованиям, включая ограничение трудовых прав. Эти обстоятельства подтверждены архивными справками университета и прокуратуры г. Алматы, а также показаниями свидетелей.

◾️ Руководствуясь статьёй 306 Гражданского процессуального кодекса и статьёй 2 Закона «О реабилитации жертв массовых политических репрессий», суд признал истца жертвой политических репрессий, связанных с событиями 1986 года.

◾️ Решение суда вступило в законную силу.

https://t.me/aktobesot
👍295🔥2👏1
◾️ Жоғарғы Сот кәмелетке толмаған П-ның өліміне қатысты іс бойынша қылмыстық істі қарады.

◾️ Бірінші сатыдағы сот үкімімен ақталды:

-Ш. (жәбірленушінің тәтесі) Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігінің 14-тармағы бойынша (Адам өлтіру);

-Р. (жәбірленушінің әжесі) және М.(бағбан) Қылмыстық кодекстің 420-бабының 2-бөлігі (көрінеу жалған айғақ беру), М. ҚК-нің 432-бабы бойынша (қылмысты жасыру).

◾️ Қылмыстық іс басқа тұлғаларды қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы шешім қабылдау үшін прокурорға жолданған.

◾️ Апелляциялық сот ақтау үкімін өзгеріссіз қалдырды.

◾️ Қылмыстық іс прокурордың наразылығымен кассациялық сатыға келіп түскен.

◾️ Сот алқасы іс материалдарын зерделей келе, мынадай қорытындыға келді.

◾️ Тергеу барысында анықталғандай, 2019 жылдың 12 мамырында сағат 15:30 шамасында өз үйінің ауласында Ш., қызғаныш сезімінен аулаға шығып кеткен көлігімен кәмелетке толмаған жиені П.-ны қағып кеткен.

◾️ Үйде бағбан болып жұмыс істеген М., үй иелерінің нұсқауымен П.-ны жуып, басқа киімге ауыстырып, жазатайым оқиғаны елестетіп денесіне мүсін орнатқан. Одан кейін сағат 21:05-те жәбірленушінің атасы мен анасы оны ауруханаға әкеліп, ол өлді деп танылған.

◾️ Бұл факті бойынша кәмелетке толмағанның әжесі Р. мен отбасының бағбаны М. жәбірленушінің үстіне мүсіннің құлағанын көрсетіп, көрінеу жалған куәлік берген.

◾️ Қылмыстық процестік кодексінің 19-бабында көзделген кінәсіздік презумпциясына сәйкес, айыптау үкімі болжамға негізделуі мүмкін емес және жеткілікті жол берілетін және сенімді дәлелдемелердің жиынтығымен бекітілуге тиіс.

◾️ Тергеу органдары жәбірленушінің өлімінің мән-жайын сенімді түрде анықтаған жоқ. Бұған іс бойынша жүргізілген сараптамалардың қарама-қайшы қорытындылары дәлел.

◾️ Сарапшылар дене жарақаттарының қалыптасу механизмі мен өлім уақыты туралы бір-бірін жоққа шығаратын қорытындылар жасаған. Бес сараптама көліктің жәбірленушіні қағып кеткенін жоққа шығарады. Жеке сарапшы жүргізген біреуі ғана дене жарақатын жоққа шығармайды, бірақ ол көліктің алдында отырған жағдайда ғана, бұл тағылған айыпқа қайшы келеді. Тексерілген көлікте жол-көлік оқиғасының немесе жәбірленушімен басқа да жанасудың іздері табылған жоқ.

◾️ Қызғаныштан кісі өлтіру уәжі ешбір объективті дәлелдемелермен расталмайды және куәлардың айғақтарымен және фотоматериалдармен жоққа шығарылады.

◾️ Айыптаушы тараптың М.-ның өз кінәсін мойындағаны туралы айғақ берген анонимді куәнің айғақтарына сілтеме жасауы негізсіз.

◾️ Анонимді куә бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылып, тергеу кезінде қайтыс болған. Тиісінше, одан жауап алып, берген айғақтарының растығын тексеру мүмкін емес. Жәбірленушінің денесінде жануарлардың тістеген іздерінің болуы баланың ересектердің қарауынсыз қалғанын көрсетеді және жәбірленушіні қасақана ұру нұсқасын жоққа шығарады.

◾️ Осылайша, тергеу органдары жәбірленушінің өліміне көліктің оны қағып кетуінен және сотталушының оны басып өткені туралы дәлелдемелер келтірген жоқ.

◾️ Ш.-ның кінәсі анықталмағандықтан, Р. мен М-нің әрекеттерінде де қылмыс белгілері жоқ.

◾️ Жоғарыда айтылғандардың негізінде Жоғарғы Соттың сот алқасы соттың ақтау үкімін өзгеріссіз қалдырды.
👍22🔥21👏1💯1
◾️ Верховным судом рассмотрено уголовное дело по факту смерти несовершеннолетней П.

◾️ Приговором суда первой инстанции оправданы:

- Ш. (тетя потерпевшей) по ст.99 ч.2 п.14) УК (Убийство);

- Р. (бабушка потерпевшей) и М. (садовник) по ст.420 ч.2 УК (заведомо ложные показания), М. также по ст.432 УК (укрывательство преступления).

◾️ Уголовное дело направлено прокурору для решения вопроса о привлечении к уголовной ответственности других лиц.

◾️ Апелляционный суд оставил без изменения оправдательный приговор.

◾️ Уголовное дело поступило в кассационную инстанцию по протесту прокурора.

◾️ Судебная коллегия, изучив материалы дела, пришла к следующим выводам.

◾️ По версии следствия, 12 мая 2019 года примерно в 15:30 часов во дворе своего дома Ш. на почве ревности совершила наезд автомобилем на выбежавшую во двор несовершеннолетнюю племянницу П.

◾️ М., работавший садовником в доме, по указанию хозяев дома помыл и переодел П. в другую одежду, положил на её тело статую, имитируя несчастный случай. Затем в 21:05 часов дедушка и мама потерпевшей привезли её в больницу, где была констатирована смерть.

◾️ Бабушка несовершеннолетней-Р. и садовник семьи -М. дали по данному факту заведомо ложные показания, указав, что на потерпевшую упала статуя.

◾️ В силу презумпции невиновности по ст.19 УПК, обвинительный приговор не может быть основан на предположениях и должен быть подтвержден достаточной совокупностью допустимых и достоверных доказательств.

◾️ Органами следствия достоверно не установлены обстоятельства гибели потерпевшей. Об этом свидетельствуют противоречивые выводы проведенных по делу экспертиз.

◾️ Эксперты сделали выводы, взаимоисключающие друг друга о механизме образования телесных повреждений и времени смерти. Пять экспертиз исключают наезд автомобиля на потерпевшую. Только одна, проведенная частным экспертом, не исключает возможность телесных повреждений, но только при нахождении в сидячем положении перед автомобилем, что расходится с предъявленным обвинением. Следов ДТП или иного контакта с потерпевшей на осмотренном автомобиле не обнаружено.

◾️ Мотив убийства из чувства ревности никакими объективными доказательствами не подтвержден и опровергается показаниями свидетелей, фотоматериалами.

◾️ Ссылка стороны обвинения на показания анонимного свидетеля, показавшего якобы о признании М. вины, несостоятельны.

◾️ Анонимный свидетель ранее привлекался к уголовной ответственности, скончался в ходе следствия. Соответственно, допросить его и проверить правдивость показаний невозможно. Наличие следов укусов животного на теле потерпевшей свидетельствуют о том, что ребенок находился без присмотра взрослых и опровергает версию о намеренном наезде на потерпевшую.

◾️ Таким образом, доказательств, что смерть потерпевшей наступила вследствие наезда автомобиля и что наезд совершила подсудимая органами следствия, не предоставлено.

◾️ Поскольку вина Ш. не установлена, то состава преступления в действиях Р. и М. также не имеется.

◾️ На основании изложенного, судебная коллегия Верховного Суда оставила опрадательный приговор суда в силе.
👍26💯322👏2🔥1