ҚР ЖОҒАРҒЫ СОТЫ
16.1K subscribers
2.68K photos
173 videos
5 files
1.11K links
Актуальные новости судебной системы

Сайт:
http://sud.gov.kz/

Instagram:
https://instagram.com/jogargy_sot?igshid=5h43qpapvrq3

YouTube:
https://www.youtube.com/user/SupcourtRK
Download Telegram
Жоғарғы Сот қылмыстық істерді кассациялық тәртіпте қарау тәртібін және сот билігі туралы заң нормаларын түсіндірді

◾️ Жоғарғы Сот Төрағасы Асламбек Мерғалиев жоғары сот органының кезекті жалпы отырысын өткізді.

◾️ Оның жұмысына ЖС сот алқаларының төрағалары мен судьялары, ғалымдар, ғылыми-консультативтік кеңестің мүшелері, Бас прокуратураның, Ішкі істер министрлігінің, Қаржы мониторингі агенттігінің, нотариаттың өкілдері қатысты.

◾️ Қылмыстық істерді кассациялық тәртіпте қарауды реттейтін заңнаманы қолдану, сот билігі туралы заңнаманы қолдану және НҚ-ға өзгерістер енгізу туралы нормативтік қаулылардың (НҚ) жобалары талқыланды.

◾️ ЖС судьясы Ғазиза Мұсабекова 2025 жылдың 1 шілдесінен бастап қылмыстық істерді кассациялық тәртіпте қарау тәртібі туралы НҚ-ны таныстыра отырып, сот төрелігін жүзеге асыруды оңтайландыру, болуы мүмкін қателер мен түсініксіз жағдайларды жою мақсатында кассациялық сатыға жоғары талаптар қойылып отырғанын атап өтті.

◾️ НҚ жобасында сот актілерін кассациялық тәртіпте қайта қарау негіздері, шағым, наразылық беруге құқығы бар тұлғалардың тізімі көрсетілген. Ол шағымның мазмұнына қойылатын талаптарды белгілейді, төменгі сатыдағы соттардың сот актілерін және тараптардың дәлелдерін тексеру нәтижелері бойынша шешім қабылдауда шағымды қабылдау кезінде кассациялық әрекеттер жасау тәртібін реттейді.

◾️ ЖС судьясы Елена Максюта сот билігі туралы НҚ-ға енгізілген өзгерістер кассациялық сот төрағасының азаматтарды қабылдауын, БАҚ өкілдерінің сот отырыстарына қатысуына негізсіз бас тартуына тыйым салуды, сотқа БАҚ-тың ықпал ететін әрекеті үшін жауаптылық туралы
“Масс-медиа туралы» Заңның 67-бабының 2-тармағын енгізуді, сондай-ақ судьяны тәртіптік жауаптылыққа тарту үшін негіздер қарастыратынын атап өтті. Заңды өрескел бұзғаны үшін судьяны тәртіптік жауаптылыққа тарту туралы ұсынысқа қойылатын талаптар толығырақ сипатталған.

◾️ Жекелеген НҚ-ға неке-отбасы қатынастары және алимент өндіру саласындағы түзетулерді ЖС судьясы Рәзия Қуанышбаева таныстырды. Осылайша, НҚ жобасында ерлі-зайыптылардың бірлесіп сатып алынған мүлікті бөлу туралы талаптары бойынша талап қою мерзімін дұрыс есептеу қажеттілігі көрсетілген. Алимент өндіруге қатысты бірқатар ережелер алынып тасталды.

◾️ Талқылау қорытындысы бойынша жалпы отырысқа қатысушылар НҚ жобасын қабылдау үшін дауыс берді. Олар туралы Жоғарғы Соттың сайтындағы «Заңнама» бөлімінен оқып, білуге болады.

◾️ НҚ ҚР нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми түрде жарияланады.
Верховный Суд разъяснил порядок рассмотрения уголовных дел в кассационном порядке и нормы закона о судебной власти

◾️ Председатель Верховного Суда Асламбек Мергалиев провел очередное пленарное заседание высшего судебного органа.

◾️ В его работе участвовали председатели судебных коллегий и судьи ВС, ученые, члены научно-консультативного совета, представители Генеральной прокуратуры, Министерства внутренних дел, Агентства по финансовому мониторингу, нотариата.

◾️ Обсуждены проекты нормативных постановлений (НП) о применении законодательства, регламентирующего рассмотрение уголовных дел в кассационном порядке, применении законодательства о судебной власти и внесении поправок в НП.

◾️ Судья ВС Газиза Мусабекова, представляя НП о порядке рассмотрения уголовных дел с 1 июля 2025 года в кассации, отметила, что к кассационной инстанции предъявляются высокие требования с целью упорядочения отправления правосудия, исключения возможных ошибок и неясностей. В проекте НП приведены основания для пересмотра судебных актов в кассационном порядке, перечень лиц, обладающих правом подачи жалобы, протеста. Изложены требования к содержанию жалобы, регламентирован порядок действий кассации при поступлении жалобы, при принятии решения по результатам проверки судебных актов нижестоящих судов и доводов сторон.

◾️ Судья ВС Елена Максюта отметила, что поправки в НП о судебной власти указывают на ведение приема граждан председателем кассационного суда, запрет необоснованного отказа представителям СМИ в доступе к судебным заседаниям, введение п.2 ст.67 Закона «О масс-медиа» ответственности за попытки влияния СМИ на суд, а также обозначены основания для привлечения судьи к дисциплинарной ответственности. Более детально расписано о требованиях, предъявляемых к представлению о привлечении судьи к дисциплинарной ответственности за допущенное грубое нарушение законности.

◾️ Изменения в отдельные НП в сфере брачно-семейных отношений и алиментам представила судья ВС Разия Куанышбаева. Так, в проекте НП указано на необходимость правильного исчисления срока исковой давности по требованиям супругов о разделе совместно нажитого имущества. Исключен ряд норм  по вопросам взыскания алиментов.

◾️ По итогам обсуждения участники пленарного заседания проголосовали за принятие проектов НП. С ними можно ознакомиться на сайте ВС в разделе «Законодательство».

◾️ НП будут официально опубликованы в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов РК.
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🎥 Жоғарғы Сот қылмыстық істерді кассациялық тәртіпте қарау тәртібін және сот билігі туралы заң нормаларын түсіндірді

🎥 Верховный Суд разъяснил порядок рассмотрения уголовных дел в кассационном порядке и нормы закона о судебной власти
БАСПАСӨЗ-АНОНСЫ

🔴 ҚР ЖОҒАРҒЫ СОТЫ республика соттарының отырыстарын тікелей эфирде өткізу тәжірибесін жалғастыруда.

🔴 Шерзат Полаттың өліміне айыптау жөніндегі іс бойынша сот отырысы БҮГІН, 2025 жылы 2 маусымда сағат 10.00-де өтеді.

🔴 Сот отырысының онлайн-трансляциясын ЖОҒАРҒЫ СОТТЫҢ YouTube-арнасынан көре аласыздар.

🔴 Жоғарғы Соттың Telegram-арнасына https://t.me/Jogargy_sot жазылыңыздар және әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттардағы хабарламаларды қарап отырыңыздар.

***
ПРЕСС-АНОНС

🔴 ВЕРХОВНЫЙ СУД РК продолжает практику проведения судами республики судебных заседаний в прямом эфире.

🔴 Судебное заседание по делу по обвинению в убийстве Шерзата Полата состоится СЕГОДНЯ, 2 июня 2025 года в 10.00 часов.

🔴Онлайн-трансляцию судебного заседания Вы можете посмотреть на YouTube-канале ВЕРХОВНОГО СУДА.

🔴 Подписывайтесь на Telegram-канал Верховного Суда https://t.me/Jogargy_sot и следите за сообщениями на официальных аккаунтах ВС в социальных сетях.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
ҚР ЖОҒАРҒЫ СОТЫ pinned «Верховный Суд разъяснил порядок рассмотрения уголовных дел в кассационном порядке и нормы закона о судебной власти ◾️ Председатель Верховного Суда Асламбек Мергалиев провел очередное пленарное заседание высшего судебного органа. ◾️ В его работе участвовали…»
БАСПАСӨЗ-АНОНСЫ

🔴 ҚР ЖОҒАРҒЫ СОТЫ республика соттарының отырыстарын тікелей эфирде өткізу тәжірибесін жалғастыруда.

🔴 Шерзат Полаттың өліміне айыптау жөніндегі іс бойынша келесі сот отырысы БҮГІН, 2025 жылы 2 маусымда сағат 14.00-де өтеді.

🔴 Сот отырысының онлайн-трансляциясын ЖОҒАРҒЫ СОТТЫҢ YouTube-арнасынан көре аласыздар.

🔴 Жоғарғы Соттың Telegram-арнасына https://t.me/Jogargy_sot жазылыңыздар және әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттардағы хабарламаларды қарап отырыңыздар.

***
ПРЕСС-АНОНС

🔴 ВЕРХОВНЫЙ СУД РК продолжает практику проведения судами республики судебных заседаний в прямом эфире.

🔴 Следующее судебное заседание по делу по обвинению в убийстве Шерзата Полата состоится СЕГОДНЯ, 2 июня 2025 года в 14.00 часов.

🔴Онлайн-трансляцию судебного заседания Вы можете посмотреть на YouTube-канале ВЕРХОВНОГО СУДА.

🔴 Подписывайтесь на Telegram-канал Верховного Суда https://t.me/Jogargy_sot и следите за сообщениями на официальных аккаунтах ВС в социальных сетях.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM