ҚР ЖОҒАРҒЫ СОТЫ
15.9K subscribers
2.74K photos
181 videos
5 files
1.13K links
Актуальные новости судебной системы

Сайт:
http://sud.gov.kz/

Instagram:
https://instagram.com/jogargy_sot?igshid=5h43qpapvrq3

YouTube:
https://www.youtube.com/user/SupcourtRK
Download Telegram
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🎥 ҚР Жоғарғы Сотының Төрағасы Асламбек Мерғалиевтің Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары

🎥 Рабочий визит Председателя Верховного Суда РК Асламбека Мергалиева в Северо-Казахстанскую область
Алмат Ерманов – Қостанай облыстық сотының төрағасы

◾️ Жоғарғы Сот Төрағасы Асламбек Мерғалиев Қостанай облысының сот корпусына облыстық соттың жаңа төрағасы Алмат Ермановты таныстырды.

◾️◾️ Іс-шараға облыс әкімі Құмар Ақсақалов, облыстың судьялары, сот жүйесінің ардагерлері, құқық қорғау органдарының басшылары, Сот әкімшілігі департаментінің өкілдері қатысты.

◾️ А.Мерғалиев өз сөзінде А.Ермановтың Қостанай облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы қызметін атқарған бес жылдағы қызметін, сондай-ақ оның бірінші сатыдағы соттарда сот төрелігін жүзеге асырудағы, оның ішінде экономикалық сотта күрделі дауларды қараудағы 13 жылдық тәжірибесін атап өтті.

◾️ Жоғарғы Сот Төрағасы А.Ермановтың сот жүйесін дамытуға, заң үстемдігі мен әділеттілікті қамтамасыз етуге, сондай-ақ қоғамның сотқа деген сенім деңгейін арттыруға елеулі үлес қосатынына сенім білдірді.

Биографиялық анықтамадан:

Алмат Нұрмұратұлы Ерманов 1972 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген.

1997 жылы Қорқыт Ата атындағы Қазақ мемлекеттік заң университетін бітірген.

1997-2000 жылдары Мемлекеттік тергеу комитетінің Қызылорда облысы бойынша тергеушісі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінде қызмет еткен;

2000-2008 жылдары - Қызылорда облысының Қармақшы аудандық сотының, мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы;

2008–2020 жылдары – Қызылорда облыстық сотының судьясы, Атырау қалалық сотының төрағасы;

2020 жылдан бастап осы уақытқа дейін Қостанай облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы.
Алмат Ерманов – председатель Костанайского областного суда

◾️ Председатель Верховного Суда Асламбек Мергалиев представил судейскому корпусу Костанайского региона нового председателя областного суда Алмата Ерманова.

◾️ В мероприятии приняли участие аким области Кумар Аксакалов, судьи региона, ветераны судебной системы, руководители правоохранительных органов, представители Департамента Судебной администрации.

◾️ А.Мергалиев, выступая, отметил деятельность А.Ерманова в течение пяти лет на посту председателя коллегии по гражданским делам Костанайского областного суда, а также его 13-летний опыт отправления правосудия в судах первой инстанции, в том числе при рассмотрении сложных споров в экономическом суде.

◾️ Председатель Верховного Суда выразил уверенность в том, что А.Ерманов внесет весомый вклад в развитие судебной системы, обеспечение верховенства закона и справедливости, а также в повышение уровня общественного доверия к суду.

Из биографической справки:

Ерманов Алмат Нурмуратович родился в 1972 году в Кызылординской области.

В 1997 году окончил Казахский государственный юридический университет имени Коркыт Ата.

В 1997–2000 годах работал следователем Государственного следственного комитета по Кызылординской области, проходил службу в ДКНБ;

В 2000–2008 годах – судья Кармакшинского районного суда Кызылординской области, специализированного межрайонного экономического суда;

В 2008–2020 годах – судья Кызылординского областного суда, председатель Атырауского городского суда;

С 2020 года и до настоящего назначения – председатель судебной коллегии по гражданским делам Костанайского областного суда.
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🎥 ҚР Жоғарғы Сотының Төрағасы Асламбек Мерғалиевтің Қостанай облысына жұмыс сапары

🎥 Рабочий визит Председателя Верховного Суда РК Асламбека Мергалиева в Костанайскую область
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
⚜️ Жоғарғы Сотта «Ұлттық киім күнін» атап өтті

⚜️ В Верховном Суде отметили «День национальной одежды»
ҚР ЖОҒАРҒЫ СОТЫ pinned «Алмат Ерманов – председатель Костанайского областного суда ◾️ Председатель Верховного Суда Асламбек Мергалиев представил судейскому корпусу Костанайского региона нового председателя областного суда Алмата Ерманова. ◾️ В мероприятии приняли участие аким…»
Павлодар, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстық соттарының жаңа төрағалары таныстырылды

◾️ Жоғарғы Соттың сот алқаларының төрағалары Нұрсерік Шәріпов, Назгүл Рахметуллина және Аслан Түкиев Батыс Қазақстан, Маңғыстау және Павлодар облыстық соттарының жаңадан тағайындалған төрағаларын сот қауымдастығына таныстырды.

◾️ Олар тиісінше Азат Ізбасаров, Мақсұт Текетаев және Серік Төлегенов болды.

◾️ Кездесулерге облыстың судьялары, мемлекет және құқық қорғау органдарының басшылары, сот жүйесінің ардагерлері және Сот әкімшілігі департаменттерінің өкілдері қатысты.

◾️ Спикерлер жаңадан тағайындалған сот төрағаларының сот жүйесіндегі көпжылдық тәжірибелерін, жоғары біліктіліктерін, беделдері мен ұйымдастырушылық қабілеттерін атап өтті. Олардың алдына соттарда сот төрелігін жүзеге асыру сапасын арттыру - бірінші кезектегі міндет ретінде қойылды.

Биографиялық анықтамадан:

Азат Өмірбекұлы Ізбасаров 1978 жылы Алматы облысы Текелі ауылында дүниеге келген.

1999 жылы Қазақ мемлекеттік заң университетін бітірген.

1999-2009 жылдары — Алматы қаласы және Алматы облысы ІІД-нің тергеушісі, тергеу бөлімінің бастығы қызметтерін атқарған;

2009-2018 жылдары — Алматы облысы Қарасай аудандық сотының судьясы, Маңғыстау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы;

2018-2021 жылдары — Маңғыстау облыстық сотының судьясы;

2021 жылдан бастап осы уақытқа дейін Батыс Қазақстан облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы.

———

Мақсұт Нысанбайұлы Текетаев 1970 жылы Қызылорда облысы Шиелі ауданында дүниеге келген.

2003 жылы Д.Қонаев атындағы университеттің заң факультетін (Алматы қ.) бітірген.

2001-2007 жылдары — Алматы қаласында сот орындаушысы, аға сот орындаушысы қызметтерін атқарған;

2007-2022 жылдары — судья, Талғар аудандық сотының төрағасы;

2022 жылдан бастап қазіргі тағайындалғанға дейін – Қызылорда облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы.

——

Серік Кеңесұлы Төлегенов 1968 жылы Алматы облысы Айдарлы ауылында дүниеге келген.

1998 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің заң факультетін бітірген.

1990-2003 жылдары — сот хатшысы, сот приставы, Жоғарғы Сот аппаратының консультанты;

2003-2007 жылдары — Астана қаласы Алматы аудандық сотының судьясы;

2007-2022 жылдары — Ақтөбе қалалық сотының төрағасы, Алматы қаласы Алмалы ауданының No2 аудандық сотының төрағасы;

2022 жылдан бастап қазіргі тағайындалғанға дейін – Павлодар облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы.