ҚР ЖОҒАРҒЫ СОТЫ
16.2K subscribers
2.79K photos
186 videos
5 files
1.13K links
Актуальные новости судебной системы

Сайт:
http://sud.gov.kz/

Instagram:
https://instagram.com/jogargy_sot?igshid=5h43qpapvrq3

YouTube:
https://www.youtube.com/user/SupcourtRK
Download Telegram
◾️ 2005 жылдың желтоқсан айында Атырау қаласының тұрғыны әкімдіктен жер телімін беруге кезекке тұрған.

◾️ 2011 жылдың қарашасында ол қайтыс болған.

◾️ 2012 жылдың сәуір айында жесір әйел әкімдікке жер учаскесіне кезекті өз атына қайта рәсімдеу туралы өтінішпен жүгінген. Кейін ол жер комиссиясының қарауына бірқатар тиісті құжаттарды ұсыну қажеттігі туралы Жер қатынастары бөлімінің (Бөлім) талаптарын толық орындаған.

◾️ 2015 жылдың мамыр айында Бөлім жесір әйелге 2005 жылдың желтоқсан айынан бері жер учаскесіне кезекте тұрғаны туралы анықтама берген. Мұны EGOV және EГКН ақпараттары растайды.

◾️ Алайда, 2023 жылдың маусым айында 43 жастағы жесір әйелге оның кезектен шығарылғаны хабарланған. Кейін ол дауды сотқа дейін реттеу туралы өтініш берген Бөлімнен бас тартуды алған.

◾️ Атырау облысының МАӘС-ы істі қарай отырып, соттың сенім құқығын қорғау қағидасын (ӘРПК-нің 13-бабының 1-бөлігі) және әділеттілік қағидатын қолдануын атап өтті.

◾️ Талап қоюшы 2023 жылға дейін кезекте тұрған, Бөлімнің барлық талаптарын адал орындаған, ал ресми ақпарат көздеріне сәйкес 2005-2023 жылдар аралығында кезекте тұрған.

◾️ Осыны ескере отырып, сот Бөлімнің кезекті қалпына келтіруден бас тартуын заңсыз деп танып, Бөлімге талап қоюшының кезегін қалпына келтіруге міндеттеді.

◾️ Сот шешіміне шағымданбады және заңды күшіне енді.

◾️ Қазіргі уақытта орындау сатысында.

https://t.me/atyrau_oblsud
👍20🔥2💯1
👍23💯1
◾️ В декабре 2005 года житель г.Атырау был поставлен в очередь по предоставлению земельного участка в акимате.    

◾️ В ноябре 2011-го он скончался.

◾️ В апреле 2012-го вдова обратилась в акимат с заявлением о переоформлении на свое имя очереди на участок.

◾️ Позже она полностью выполнила требования Отдела земельных отношении о необходимости предоставления ряда соответствующих документов, подлежащих рассмотрению земельной комиссией.

◾️ В мае 2015 года Отделом выдана вдове справка о том, что она состоит в очереди на участок с декабря 2005-го.

◾️ Это подтверждено исведениями EGOV и ЕГКН.

◾️ Однако в июне 2023-го 43-летней вдовесообщили об исключении ее из списка очередников. Позже она получила отказ и от Отдела, куда обратилась в целях досудебного урегулирования спора.

◾️СМАС Атырауской области, рассмотрев дело, указал на применение судом принципаохраны права на доверие (ч.1 ст.13 АППК) и принципа справедливости.

◾️ Истец до 2023 года состояла в очереди, добросовестно выполнила все требования Отдела, по официальным источникам числилась в списке очередников с 2005-го по 2023 год.

◾️ С учетом этого отказ Отдела в восстановлении очереди суд признал незаконным и обязал Отдел восстановить истца в очереди.

◾️ Решение суда не было обжаловано и вступило в законную силу.

◾️ Находится на стадии исполнения.

https://t.me/atyrau_oblsud
👍302💯1
👍20👏3💯2
◾️ Екі ЖШС арасында көлік құралдарын сатып алу-сату шарты жасалған, кейіннен көлік құралын Сатып алушыға қайта рәсімдеген.

◾️ Сатушы тараптар арасындағы жоғарыда көрсетілген келісімдердің бұзылғанын және автокөліктердің Сатушыға қайтарылғанын көрсете отырып, көлік құралын сот орындаушыларымен салынған тыйым салудан босату туралы Сатушы мен Сатушының несие берушіге қарсы талап қоюмен сотқа жүгінді.

◾️ Істі қарау кезінде сот Сатып алушы басшысына қатысты қылмыстық істі қарау аясында бекітілген дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімді Сатып алушының орындамауына байланысты Кредитордың мүддесі үшін Сатып алушының мүлкіне тыйым салынғанын анықтады.

◾️ Бірінші сатыдағы сот талап қоюды қанағаттандырудан бас тартты, себебі тыйым салу кезінде көліктер Сатып алушыға тіркелген.

◾️Апелляциялық алқа соттың қорытындыларымен келіспей, шешімнің күшін жойды және талап қоюды қанағаттандырды, сатып алу-сату шарттары бұзылғанын және шектеулер меншік иесіне тиесілі мүлікті талап ету құқығы бар меншік иесінің (Сатушының) құқықтарын бұзғанын көрсетті.

◾️ Соттың материалдық құқық нормаларын дұрыс қолданбауына байланысты Жоғарғы Сот апелляциялық алқаның қаулысын бұзып, бірінші сатыдағы сот шешімін қалпына келтірді.

◾️ Осылайша, алып қою кезінде көлік Сатып алушының атына рәсімделсе, сот орындаушыларының көлік құралына тыйым салу әрекеттері сотпен заңды деп танылды.

◾️ Сонымен қатар, жеке сот орындаушысының қаулыларында мүлікке билік ету құқығына да тыйым салынған.

◾️ Өз кезегінде, Сатушымен шарттарды бұзу туралы келісімдер тиісті мерзімде тіркелмеген, ол даулы мүліктің меншік иесі болмаған және шектеулерді жоюды талап етуге құқығы жоқ.
👍23👏21💯1
👍25🔥3👏2💯1
◾️ Между двумя ТОО заключены договоры купли-продажи транспортных средств, с последующей перерегистрацией транспорта на Покупателя.

◾️ Продавец обратился в суд с иском к Продавцу и Кредитору Продавца об освобождении транспорта от ареста, наложенного судебными исполнителями, указав, что вышеуказанные договоры между сторонами расторгнуты, автомобили возвращены Продавцу.

◾️ Судом при рассмотрении дела установлено, что арест наложен на имущество Покупателя в интересах Кредитора в связи с неисполнением Покупателем соглашения об урегулировании спора в порядке медиации, утвержденного в рамках рассмотрения уголовного дела в отношении руководителя Покупателя.

◾️ Суд первой инстанции отказал в иске, поскольку на момент наложения ареста транспортные средства были зарегистрированы за Покупателем.

◾️ Апелляционная коллегия не согласилась с выводами суда, отменила решение и удовлетворила иск, указав на то, что договоры купли-продажи расторгнуты и ограничения нарушают права собственника (Продавца), имеющего право истребовать принадлежащее ему имущество.

◾️ Верховным Судом постановление апелляционной коллегии отменено, восстановлено решение суда первой инстанции, ввиду неверного применения судом норм материального права.

◾️ Так, на момент наложения ареста транспорт был зарегистрирован за Покупателем, при этом действия судебных исполнителей по наложению ареста судом признаны законными.

◾️ Помимо прочего, постановлениями ЧСИ также наложен запрет на право распоряжения имуществом.

◾️ В свою очередь, соглашения о расторжении договоров Продавцом своевременно не зарегистрированы, соответственно, он не являлся собственником спорного имущества и не вправе требовать снятия ограничений.
 
👍21🔥10👏2💯211
🔥18👍11💯1
👍17🔥8💯3
Жоғарғы Сот ӘРПК бойынша бірінші нормативтік қаулы қабылдады

◾️ Жоғарғы Сот Төрағасы Асламбек Мерғалиев жоғары сот органының кезекті жалпы отырысын өткізді.

◾️ Оның жұмысына Жоғарғы Соттың сот алқаларының төрағалары мен судьялары, ғалымдар, ғылыми-консультативтік кеңестің мүшелері, Бас прокуратураның, Әділет, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктерінің және адвокаттар алқасының өкілдері қатысты.

◾️ Талқылауға үш нормативтік қаулының жобасы (НҚ) ұсынылды – соттың әкімшілік істер бойынша қаулылары, Қылмыстық және Қылмыстық-процестік кодекстері бойынша НҚ-ға өзгерістер мен толықтырулар енгізу, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық туралы.

◾️ Жоғарғы Соттың судьясы Ғабит Әлжанов ӘРПК (Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс) бойынша алғашқы НҚ-ны таныстыра отырып, ӘРПК өз ерекшеліктері бар көптеген жаңа институттарды енгізгенін атап өтті.

◾️ Осыған байланысты, талап қою түрлерін, олардың қолайлылығын, ӘРПК-тің қағидаттарын ескере отырып, әкімшілік істер бойынша сот шешімін дайындау мен мазмұны бойынша заңның бірыңғай талаптарын НҚ деңгейінде бекіту қажет., т.б.

◾️ НҚ бірінші сатыдағы соттың ережелері бойынша ұқсас әкімшілік істерді жоғары тұрған соттарда қараудың қолданылуын қарастырады.

◾️ Әкімшілік органның тұрақты практикасы біріктірілуде.

◾️ НҚ сондай-ақ сот шешімінің нысаны мен мазмұнын, оның ішінде шешімнің түрі бойынша, сот актісінде көрсетілетін соттың процестік әрекеттерін, іске мамандарды немесе басқа адамдарды тартуды түсіндіреді.

◾️ Жоғарғы Соттың судьясы Нұржан Жолдасбеков өз сөзінде, Қылмыстық кодекс пен Қылмыстық-процестік кодексі туралы НҚ жобасы адам құқықтары саласындағы бірінші кезектегі іс-шаралар жоспарын және Мемлекет басшысының Жолдауын жүзеге асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-қимыл жоспарын іске асыру шеңберінде әзірленгенін атап өтті.

◾️ Осылайша, ақталған адамға тек ақталғанға дейін ғана емес, сонымен қатар оның құқықтарын қалпына келтіруге байланысты заң көмегіне жұмсалған шығындар өтелетіні түсіндірілді.

◾️ Қалпына келтіруге жататын басқа қорлар мен кірістер нені білдіретіні көрсетіледі.

◾️ Адам өмірі мен денсаулығына қарсы, оның ішінде ағымдағы жылдың маусым айынан бастап Қылмыстық кодекске енгізілген кейбір қылмыстық құқық бұзушылықтардың ерекшеліктері анықталды.

◾️ Экологиялық құқық бұзушылықтар бойынша практика мәселесі бойынша жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерін, оның ішінде тыйым салынған жануарларды, киіктерді заңсыз өндіру (аулау немесе ату) әрекеттерін тек ҚК-нің 339-бабы бойынша саралау қажеттігі түсіндірілді.

◾️ Бірыңғай сот практикасын қамтамасыз ету, Қылмыстық кодекс пен Қылмыстық-процестік кодекстің нормаларын қолдануға байланысты судьялар мен сотқа дейінгі тергеп-тексеру органдары, адвокаттар қоғамдастығы арасында туындайтын мәселелерді шешу мақсатында басқа да көптеген мәселелер бойынша түсіндірмелер берілді.

◾️ Жоғарғы Соттың судьясы Еркеш Мәукен нормативтік қаулыларға тиісті өзгерістер мен толықтырулар ең алдымен заңнамадағы өзгерістерге байланысты және сот практикасын реттеу мақсатында енгізілетінін атап өтті.

◾️ Атап айтқанда, Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасының өзгеруіне байланысты.

◾️ Сонымен қатар, сот практикасында әрқашан ӘҚБтК-нің 608-бабын қолдануға қатысты сұрақтар туындайды, осыған байланысты НҚ соттың шешімі бойынша көлік құралын басқару құқығынан айырылған адамға қатысты заңның орындалуын түсіндіреді.

◾️ Жалпы отырысқа қатысушылар НҚ қабылдау үшін дауыс берді, олар Жоғарғы Сот сайтындағы «Заңнама» бөлімінде орналастырылған және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми түрде жарияланады.
👍283💯2🔥1👏1