ҚР ЖОҒАРҒЫ СОТЫ
16.2K subscribers
2.79K photos
186 videos
5 files
1.14K links
Актуальные новости судебной системы

Сайт:
http://sud.gov.kz/

Instagram:
https://instagram.com/jogargy_sot?igshid=5h43qpapvrq3

YouTube:
https://www.youtube.com/user/SupcourtRK
Download Telegram
👍22🔥2👏1
◾️ 2021 жылы 2019 және 2020 жылы туылған екі баланың анасының пайдасына бұрынғы жұбайының барлық табыс түрлерінің 1/3 бөлігі мөлшерінде оларды күтіп-бағуға алимент өндіру туралы сот бұйрығы шығарылған.

◾️ Алайда, 4 жыл бойы балалардың әкесі оларға материалдық көмек көрсетпей, алимент төлеуге 4 млн теңгеден астам қарыз болып қалған.

◾️ Сот шешімін орындау барысында жауапкердің ресми түрде жұмыс істемейтіні анықталып, оған қатысты жүргізуші куәлігінің қолданылуын тоқтата тұру және Қазақстаннан шығуына шектеу қою туралы қаулылар шығарылған.

◾️ 2024 жылы балалардың әкесі сот шешімін орындамағаны үшін ӘҚБтК-нің 669-бабының 1-бөлігі бойынша 5 тәулікке әкімшілік қамауға алынған.

◾️ Бұрынғы әйелі немерелерін асырау үшін әжесінен алимент өндіріп беру туралы талап қоюмен сотқа жүгінуге мәжбүр болып, оның жұмыс орнын, оған қоса, қаржылық мүмкіндіктерін көрсеткен.

◾️ Немерелердің әжесі жалақысының төмендігін, банктер алдындағы несиелік міндеттемелерін, денсаулық жағдайын және асырауындағы екінші ұлының отбасын асырауға кететін шығынды атап өтіп, талап қоюмен келіспеген.

◾️ Балалардың әкесі жұмысқа орналасқанын және алимент төлеуге ниет білдіріп, талап қоюды қанағаттандырусыз қалдыруды сұраған.

◾️ Жеке сот орындаушысы ер адам қолданылған мәжбүрлеу шараларына жауап бермей жатқанын, алимент бойынша берешектің өсе түскенін атап өткен.

◾️ Ақтөбе облысының Мәртөк аудандық соты істі қарап, келесіні атап көрсетті:

- әкесінің алимент төлеу жөніндегі өз міндеттемелерін ұзақ уақыт бойы орындамауы әкенің осы міндеттерін ата-анасына ауыстыруға негіз болып табылмайды;

- немерелерінің ата-анасы мүгедек болған немесе оларды асырайтын ата-ана болмаған жағдайда ғана немерелерін асырау әжесінің міндетіне жүктелуі мүмкін;

- бұл жағдайда балалардың ата-анасы еңбекке қабілетті.

◾️ Сот талап қоюды қанағаттандырудан бас тарта отырып, балалардың анасына сот актісін тиісті түрде орындау үшін барлық шараларды қабылдауға қажетті құқықтарын, оның ішінде алимент төлеуден жалтарғаны үшін баланың әкесін қылмыстық жауапкершілікке тартуға дейін мәжбүрлеу сипатын және ол мұндай мүмкіндікті әлі жіберіп алмағанын түсіндірді.

◾️ Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

https://t.me/aktobesot
👍22😍1
👍22🔥3👏1
◾️ В 2021-м в пользу матери двоих детей, 2019 и 2020 годов рождения, вынесен судебный приказ о взыскании алиментов на их содержание в 1/3 от всех видов доходов бывшего супруга.

◾️ Однако на протяжении 4 лет отец детей материальной помощи им не оказывал и задолжал более 4 млн тенге по выплате алиментов.

◾️ В ходе исполнения решения судаустановлено, что ответчик нигде официально не трудоустроен, в отношении него были вынесены постановления о приостановлении срока действия водительского удостоверения и выставлено ограничение на выезд из Казахстана.

◾️ В 2024-м отец детей за неисполнение решения суда был привлечен по ст.669 ч.1 КоАП к административному аресту на 5 суток.

◾️ Ее бывшая супруга была вынуждена обратиться в суд с иском о взыскании алиментов с бабушки на содержание ее внуков, указав  на ее трудоустройство и, следовательно, финансовые возможности.

◾️ Бабушка иск не признала, отметив низкую зарплату, кредитные обязательства перед банками, состояние здоровья и расходы на содержание семьи второго сына, которая находится на ее иждивении.

◾️ Отец детей просил в иске отказать, сообщив о своем трудоустройстве и желании уплачивать алименты.

◾️ ЧСИ отметил, что мужчина на принятые принудительные меры не реагирует, а задолженность по алиментам растет.    

◾️ Мартукский райсуд Актюбинской области, рассмотрев дело, указал на то, что:

- длительное неисполнение отцом обязательств по выплате алиментов на содержание детей не является основанием для перекладывания этих обязательств отца на его родителей;

- вменить содержание внуков в обязанность бабушки можно только в случае, если у внуков родители нетрудоспособные или нет родителей, которые могут их содержать;

- в данном случае родители детей трудоспособные.

◾️ Суд, отказав в иске, разъяснил матери детей ее права на то, чтобы предпринять все меры для надлежащего исполнения судебного акта, в т.ч. принудительного характера, вплоть до привлечения отца ребенка к уголовной ответственности за уклонение от оплаты алиментов и такая возможность ею еще не упущена.

◾️ Решение суда не вступило в законную силу.

https://t.me/aktobesot
👍30👏3💯2🔥1
👍32🔥2👏2💯1
Азаптау мен қатыгездік құрбандарына келтірілген зиянды өтеу тетіктері талқыланды

◾️ Сот әкімшілігі Орталық Азиядағы қылмыстық сот төрелігі жөніндегі IX сарапшылық форумы аясында азаптаулар мен қатыгездік құрбандарына келтірілген зиянды өтеу, сондай-ақ жаңартылған Стамбул хаттамасының және БҰҰ органдарының ұсынымдарына сәйкес оларды оңалту тетіктерін жетілдіру мәселелері бойынша дөңгелек үстел өткізді.

◾️ Іс-шараға Сот әкімшілігі басшысының орынбасары Жантемір Шәкиев модераторлық етті.

◾️ Іс-шараның мақсаты: Адам құқықтары мен заң үстемдігі саласындағы іс-шаралар жоспарының 21-тармағын іске асыру шеңберінде Ішкі істер министрлігімен, Бас прокуратурамен және Қаржы министрлігімен бірлесіп бұрын Сот әкімшілігі әзірлеген ұсыныстарды талқылау (ҚР Президентінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы №409 Жарлығымен бекітілген).

◾️ Дөңгелек үстел жұмысына Орталық Азия елдерінің жоғарғы соттарының судьялары, мүдделі мемлекеттік органдардың, азаматтық қоғам өкілдері, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түркіменстан, Моңғолия елдерінің ғалымдары, сарапшылары, сондай-ақ БҰҰ Адам құықтары жөніндегі ЖКБ, БҰҰ ЕҚКБ, БҰҰ ДБ, ЕҚЫҰ ДИАҚБ, ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисі тәрізді халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты.

◾️ Іс-шараның барлық қатысушылары азаптаулар мен қатыгездік құрбандарына келтірілген зиянды өтеу тетігін жетілдірудің маңыздылығы туралы ортақ пікірге келді, бұл барынша назар аударуды және қажетті шараларды әзірлеуді талап етеді.

◾️ Дөңгелек үстелдің қорытындысы бойынша мүдделі тараптардан түскен ұсынымдарды ескере отырып, қолданыстағы заңнаманы жаңартылған Стамбул хаттамасының және БҰҰ органдарының ұсынымдарына сәйкестендіру бойынша ұсыныстар қабылданды.
👍252🔥2💯2👏1
Обсуждены механизмы компенсации вреда, причиненного жертвам пыток и жестокого обращения
 
◾️ Судебной администрацией на полях IX экспертного Форума по уголовному правосудию для Центральной Азии проведён круглый стол по совершенствованию механизма компенсации вреда, причинённого жертвам пыток и жестокого обращения, а также их реабилитации в соответствии с рекомендациями обновленного Стамбульского протокола и органов ООН.

◾️ Модератором мероприятия выступил заместитель Руководителя Судебной администрации Жантемир Шакиев.

◾️ Цель мероприятия: обсуждение предложений, выработанных ранее Судебной администрацией совместно с МВД, Генеральной прокуратурой и Министерством финансов в рамках пункта 21 Плана действий в области прав человека и верховенства закона (утв. Указом Президента РК от 8 декабря 2023 года № 409).

◾️ В работе круглого стола приняли участиесудьи верховных судов стран Центральной Азии, представители заинтересованных государственных органов, гражданского общества, учёные, эксперты из Казахстана, Кыргызстана, Узбекистана, Таджикистана, Туркменистана, Монголии, а также представители международных организаций – УВКПЧ ООН, УНП ООН, ПРООН, БДИПЧ ОБСЕ, Офиса программ ОБСЕ.

◾️ Все участники мероприятия согласились во мнении о значимости совершенствования механизма компенсации вреда, причинённого жертвам пыток, жестокого обращения, требующего самого пристального внимания и выработки необходимых мер.    

◾️ По итогам круглого стола приняты рекомендации с учетом поступивших от заинтересованных сторон предложений по приведению действующего законодательства в соответствие с рекомендациями обновленного Стамбульского протокола и органов ООН.
 
👍324💯21🔥1👏1
👍26🔥21💯1