Ermek Marzhyqpaev
721 subscribers
3.31K photos
859 videos
44 links
ҚР Туризм және спорт министрі
Министр туризма и спорта РК
Minister of tourism and sports RK
Download Telegram
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Бүгін Қорғаныс министрлігі Армия орталық спорт клубы спорт комитетінің өкілдерімен кездесіп, Отан қорғаушы күнімен құттықтадым. Армия орталық спорт клубы әскери жұмыс пен халықаралық дәрежедегі спортшылар даярлауды қатар жолға қойылған. Бұған әскери қызметшілер арасынан 9 спортшы Париж Олимпиадасына жолдама жеңіп алғаны дәлел.

Әскери спортшылардың негізгі жетістіктерінің кілті – дәстүрді сақтай отырып, әрқашан өз-өзін дамытып жүрген жаттықтырушылар құрамының еңбегі. Сіздердің кәсібилігіңіздің арқасында біздің көптеген спортшымыз көшбасшыға айналып, көпке үлгі болып жүр.

Сонымен қатар сіздердің спортқа деген адалдық пен жеңіске деген ұмтылысыңыз спортшыларды шабыттандырып, армия қабырғасында қалыптасқан рухани күш пен мінездің беріктігі жеңіске жету жолындағы кез келген кедергіні еңсеруге мүмкіндік береді.

*

Сегодня встретился и поздравил представителей Спортивного комитета Центрального спортивного клуба армии Министерства обороны РК с Днем защитника отечества.

На сегодняшний день ЦСКА показывает свою отлаженную систему подготовки спортсменов международного уровня. Об этом свидетельствуют лицензии на Парижскую олимпиаду, завоеванные 9 спортсменами из числа военнослужащих.

Одним из важных компонентов успеха является тренерский состав, который продолжает сохранять и развивать лучшие традиции армейского спорта. Именно благодаря вашей работе и профессионализму многие наши спортсмены становятся лидерами и образцами для подражания. Ваша преданность спорту и стремление к победам вдохновляет и напоминает о том, что сила духа и твердость характера, привитые в стенах армии – позволяют преодолевать любые препятствия на пути к победе.
Хоккей федерациясының өкілдерімен кездесіп, әлем чемпионатының алдында ұлттық команданың болашағын талқыладық.

Бүгін Чехияның екі қаласы – Прага мен Остравада шайбалы хоккейден элиталы дивизиондағы әлем чемпионаты басталады. Қазақстан ұлттық құрамасы В тобында сынға түседі. Біздің жігіттер топтық кезеңдегі барлық матчты Острава қаласында өткізеді.

Жерлестеріміз алғашқы ойынын 12 мамырда Словакиямен бастайды. Ал 14 мамырда Латвиямен шеберлік байқасады. Араға екі күн салып 16 мамырда Швециямен және 17 мамырда Германиямен кездеседі. 19 мамыр күні АҚШ құрамасымен ойнаса, 20 мамырда соңғы турда Польша хоккейшілерімен сынға түседі.

Қазақстан құрамасы Чехияға ертерек барып, әлем чемпионатының А тобында өнер көрсететін Ұлыбритания құрамасымен жолдастық матч өткізді. Бұл ойында жерлестеріміз 5:2 есебімен жеңіске жетті.

Спортшыларымызға мұзайдында сарқылмас күш-қуат пен жеңіске деген жігер тілеймін.
Встретился с представителями федерации хоккея обсудить перспективы национальной команды на чемпионате мира.

Сегодня в двух городах Чехии - Праге и Остраве, стартует первенство мира по хоккею среди мужчин в элитном дивизионе. Казахстанская ледовая дружина попала в группу В, все свои матчи группового этапа проведет в Остраве.

Первую игру Казахстан сыграет 12 мая со Словакией. После дня отдыха сборная Казахстана выйдет на лед 14 мая, соперник - команда Латвии. Далее 16 мая матч со Швецией и 17 мая Казахстан встречается с Германией , 19 мая - со сборной США, завершится групповой этап игрой с Польшей 20 мая.

В Чехию сборная Казахстана вылетела заранее и на месте обыграла в товарищеском матче Великобританию со счетом 5:2.

Желаю нашим спортсменам максимум энергии на ледовом поле и неутомимого стремления к победе!
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Жуырда елімізге Ресей хоккей федерациясының президенті, аты аңызға айналған қақпашы Владислав Третьяк келген болатын. Құрметті мейманмен кездесу барысында біз екі елде ғана емес, бүкіл ТМД-да шайбалы хоккей спортын дамыту және кеңінен насихаттау мәселелерін талқыладық.

Өз кезегінде даңқты спортшы елімізде хоккей спорты айтарлықтай дамып келе жатқанын және ұлттық құраманың әлемдік аренада табысты өнер көрсетіп жатқанын атап өтті. Әрине, мұндай жетістікке мемлекет тарапынан командалық спорт түрлеріне тиісті назар аударудың арқасында жетіп отырғанымыз белгілі.
Недавно нашу страну посетил президент Федерации хоккея России, легендарный советский вратарь Владислав Третьяк. Во время встречи мы обсудили вопросы развития и популяризации хоккея не только в наших двух странах, но и во всем СНГ.
В свою очередь, прославленный хоккеист отметил значительный прогресс казахстанского хоккея и успешное выступление национальной сборной на мировой арене, что стало возможным благодаря должному вниманию со стороны государства к командным видам спорта.
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Кеше су добынан Қазақстан чемпионатының екінші тур ойындары аясындағы «Тараз» – «Алматы» командаларының матчын тамашаладым. Аса тартысты өткен кездесуде «Тараз» клубы 8:6 есебімен жеңіске жетті.

Кейінгі уақытта су спорты түрлерінен ұлттық құрама спортшылары жақсы нәтиже көрсетіп келеді. Атап айтқанда, су добынан ұлттық құрамамыз Азия ойындарының алты дүркін чемпионы, Азия кубогінің иегері (2012) саналады. Сонымен қатар отандастарымыз әлем чемпионатына тоғыз рет, Олимпиадаға төрт мәрте және әлемдік лига жарысына үш рет қатысқан.
Вчера посетил матч второго тура чемпионата Казахстана по водному поло. В упорной борьбе команда «Тараз» одержала победу над «Алматы» со счетом 8-6.

В последнее время водные виды спорта демонстрируют хорошие результаты. В частности, именно национальная сборная по водному поло имеет традиции на международной арене. Шестикратные чемпионы Азиатских игр, обладатели Кубка Азии (2012), девятикратные участники чемпионата Мира, трижды участник Мировой лиги и четырежды участники Олимпийских игр.
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Алматы қаласына жасаған жұмыс сапарым барысында «Алматы» Олимпиадалық даярлау орталығында» жеке бағдарлама бойынша жаттығып жатқан спорттық гимнастикадан ұлттық құрама көшбасшыларымен кездестім. Бүгінгі таңда ел қоржынында спорттық гимнастика бойынша 3 лицензия бар. Ұлттық құраманың бас бапкері Надира Юнусова Олимпия ойындары алдында спортшылардың дайындығы жоғары деңгейде екенін айтты.
 
Барлық жаттықтырушы мен медициналық персоналдың басты міндеті – спортшыларды Олимпиадаға физикалық және психологиялық тұрғыда сапалы дайындау.
В ходе рабочей поездки в Алматы встретился с представителями сборной спортивной гимнастики в центре олимпийской подготовки, лидеры которой тренируются по индивидуальной программе. На сегодня в копилке страны 2 лицензии по спортивной гимнастике и 1 в батутной. Главный тренер сборной Надира Юнусова рассказала о процессе подготовки спортсменов перед главным стартом четырехлетия. Также вместе с тренерами по батутной гимнастики обсудили вопросы развития данного вида спорта.
В завершении встречи пожелал удачи спортсменам на Олимпийских играх в Париже.