Ermek Marzhyqpaev
595 subscribers
3.36K photos
908 videos
45 links
🇰🇿🇰🇿🇰🇿
Download Telegram
Италияның Кьеза-ин-Вальмаленко қаласында өткен фристайл-могулдан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында 18 жастағы отандасымыз Анастасия Городко сәтті өнер көрсетіп, жарыс жеңімпазы атанды. Жерлесімізді жанкүйерлерді қуанышқа бөлеген айтулы жеңісімен шын жүректен құттықтаймын!

Анастасия Городко әлем біріншілігінде жоғары шеберлігі мен жеңіске деген ерік-жігерінің арқасында өз мықтылығын бүкіл әлемге паш етті. Жер-жаһанның ең үздік спортшылары бас қосқан байрақты бәсекенің іріктеуінде де, финалында да Анастасия жоғары ұпай жинап (71.89), тұғырдың ең биік сатысынан көрінді.

Жерлесімізге алдағы додалы жарыстарда да жоғары нәтиже көрсетіп, жанкүйерлерді жарқын жеңістерімен қуанта беруіне тілектеспін!
🔥4👍1
На юниорском чемпионате мира по фристайл могулу (Кьеза-ин-Вальмаленко, Италия) казахстанка Анастасия Городко завоевала золотую медаль. От всей души поздравляю нашу соотечественницу со знаменательной победой, подарив радость всем болельщиков!

Анастасия Городко продемонстрировала всему миру свой высокий уровень мастерства и волю к победе на первенстве мира. Как в отборе, так и в финале соревнований, где участвовали лучшие спортсмены мира, Анастасия, набравшая высокие баллы (71.89), оказалась на самой высокой ступени пьедестала.

Желаю нашей чемпионки и в предстоящих состязаниях показывать высокие результаты и радовать болельщиков яркими победами!
🔥4👍1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Әйгілі америкалық ковбой Кейси Филд пен көкпардан АҚШ құрамасының капитаны Лэдд Хоуэлл бастаған АҚШ делегациясымен кездестім.

Әңгіме барысында біз ат спорты түрлерін дамытуды, екі елде көкпар мен америкалық родеоны кеңінен насихаттауды, сондай-ақ биыл елімізде өтетін 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын талқыладық. Америкалық делегация 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының көкпар жарысына қатысуға дайын екендігін жеткізді.

Америкалықтардың Орталық Азиядағы көшпелі халықтарының ат спорты ойындарына белсенді қатысып, оны АҚШ аумағында насихаттап жүргені бізді қуантады. Меніңше, АҚШ командасының көкпарда өнер көрсетуі есте қаларлық оқиға болады.

Өз кезегінде делегация өкілдері родео спортын 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының көрме қойылымдары бағдарламасына енгізуді ұсынды.
👍4
Встретился с делегацией из США, в составе которой прославленный американский ковбой-родеоист Кейси Филд и капитан сборной США по кокпару Лэдд Хауэлл.

Мы обсудили развитие конных видов спорта, популяризацию кокпара и американского родео в двух странах, а также предстоящие 5-ые Всемирные игры кочевников. Представители американской делегации выразили готовность принять участие в соревнованиях по кокпару.

Отрадно, что американцы активно участвуют в конно-спортивных играх кочевых народов Центральной Азии и занимаются популяризацией их на территории США. Я думаю, что выступление национальной сборной США на кокпаре будет одним из запоминающихся.

В свою очередь представители делегации предложили включить в программу показательных выступлений в рамках 5-х Всемирных игр кочевников американского родео.
👍7
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Өткен апта отандық спортта ауыз толтырып айтарлықтай жарқын жеңістерге толы болды.

Италияның Кьеза-ин-Вальмаленко қаласында өткен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Ұлттық құрама спортшысы Анастасия Городко бір алтын, бір күміс медаль жеңіп, үздік нәтиже көрсетті. Сонымен қатар көркем жүзуден Қазақстан құрамасы Бейжіңдегі Әлем кубогінде сәтті өнер көрсетіп, ел қоржынына 1 алтын, 2 күміс пен 2 қола медаль салды.

Болгария астанасы Софияда өткен көркем гимнастикадан халықаралық турнирде Эрика Жайлауова қола, Ұлттық құрама командалық екі жаттығуда күміс жүлдеге қол жеткізді. Сонымен қатар Милана Парфилова шығыршықпен өнер көрсетуде күміс жүлдегер атанып (33.850 балл), лента жаттығуында қоланы қанағат тұтты. Эрика Жайлауова доппен бақ сынап, үздік үштікті түйіндеді. Ілияс Азизов Хорватияның Осиек қаласында өткен спорттық гимнастикадан Challenge Cup кезеңінде ат снарядындағы жаттығуда топ жарып, ел мерейін тасытты.
👍3
Теннисші Александр Недовесов Португалияның Эшторил қаласында өткен ATP 250 турнирінің жұптық бәсекесінде үздік шықты. Сондай-ақ Бішкекте өткен есту қабілеті бұзылған спортшылар арасында таеквондодан II әлем чемпионатында жерлесіміз Руслан Ахметов 80 кг салмақта күміс жүлдегер атанды.

Отандық жанкүйерлерді жарқын жеңістерімен қуантқан барша спортшыны құттықтаймын. Алдағы байрақты бәсекелерде де намысты қолдан бермей, үздіктер қатарынан көрінулеріне тілектеспін.
👍3
Прошедшая неделя была насыщена яркими победами в отечественном спорте.

На чемпионате мира среди юниоров в итальянском городе Кьеза-ин-Вальмаленко спортсменка национальной сборной Анастасия Городко завоевала одну золотую, одну серебряную медали, показав отличный результат. Кроме того, сборная Казахстана по художественному плаванию успешно выступила на чемпионате мира в Пекине, где завоевала 1 золотую, 2 серебряные и 2 бронзовые медали.

На международном турнире по художественной гимнастике в столице Болгарии Софии Эрика Жайлауова завоевала бронзу и серебро в двух командных упражнениях вместе с национальной сборной. Кроме того, Милана Парфилова стала серебряным призером в упражнениях с обручем (33.850 баллов), в упражнении на ленте удостоилась бронзы. Эрика Жайлауова в дисциплине с мячом замкнула тройку призеров. Ильяс Азизов на этапе Challenge Cup по спортивной гимнастике, проходившем в Осиеке, Хорватия, в упражнениях на конных снарядах выиграл главный приз первенства.

Теннисист Александр Недовесов выиграл турнир в парном разряде ATP 250 в Эшториле, Португалия. Также на II чемпионате мира по тхэквондо среди спортсменов с нарушениями слуха в Бишкеке наш земляк Руслан Ахметов стал серебряным призером в весовой категории 80 кг.

Поздравляю всех спортсменов, которые порадовали болельщиков яркими победами. Хочу пожелать, чтобы в предстоящих состязаниях они также были в числе лучших.
👍3
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Елордадағы «Боксты дамыту орталығында» басталған бокстан лицензиялық турнирге іріктеудің алғашқы күніндегі жекпе-жектерді тамашаладым. Бұл сында ерлер – 1, әйелдер 4 салмақта өзара мықтыны анықтап жатыр. Кездесулер 10 сәуірге дейін жалғасады.

Өздеріңіз білетіндей, бокс – еліміздегі нөмірі бірінші спорт түрі. Біз боксшыларымызға сенім артып, Олимпиаданың жүлдесінен үміттенеміз. Ел ішілік іріктеу сайыстары Таиландтағы әлемдік лицензиялық турнирге кім баратынын анықтайтын болғандықтан, жекпе-жектер әділ әрі таза ұйымдастырылуы қажет. Ешқандай бұратартуға жол берілмейді. Шын мықты жеңіске жетуге тиіс. Жанкүйерлер мен спорт мамандары арасында жеңімпаз боксшыға күмән туындамауы үшін спаррингтік айқастар көпшілікке «Qazsport» телеарнасы арқылы тікелей эфирде көрсетіліп жатыр.

Іріктеу жарысында үздік шыққан боксшылар Таиландта өтетін әлемдік лицензиялық турнирге барып, Олимпиада жолдамасына таласады. Жолдама жолындағы жарыста басты мақсат – әйелдер арасындағы бәсекеде 3-4 лицензияға қол жеткізу. Сондай-ақ ерлер құрамасына бұйырмай тұрған бір жолдаманың орнын толтырып, Парижге толық құрамда бару.
3👍1
Ermek Marzhyqpaev
Елордадағы «Боксты дамыту орталығында» басталған бокстан лицензиялық турнирге іріктеудің алғашқы күніндегі жекпе-жектерді тамашаладым. Бұл сында ерлер – 1, әйелдер 4 салмақта өзара мықтыны анықтап жатыр. Кездесулер 10 сәуірге дейін жалғасады. Өздеріңіз білетіндей…
Посетил столичный «Центр развития бокса», где посмотрел интересные бои первого дня отбора на лицензионный турнир по боксу. Мужчины проведут поединки в 1 весовой категории, а женщины в 4. Встречи продлятся до 10 апреля.

Как известно, бокс – это один из самых популярных видов спорта в нашей стране. Мы традиционно возлагаем большие надежды на наших боксеров и надеемся на Олимпийскую награду. Поскольку внутренние отборочные соревнования определяют, кто будет участвовать в мировом лицензионном турнире в Таиланде, бои должны пройти честно и справедливо. Победу должны одержать действительно сильнейшие. Спарринг-поединки транслируются в прямом эфире по телеканалу «Qazsport», чтобы у болельщиков и специалистов по спорту не возникало сомнений в результатах отбора.

Лучшие боксеры этого состязания поборются за олимпийскую путевку на мировом лицензионный турнир в Таиланде. Главная цель на предстоящем тайском первенстве - завоевание 3-4 лицензий в соревнованиях среди женщин. А также добыть последнюю оставшуюся путевку у мужчин и отправиться Париж в полном составе.
👍3
👍2
Кезекті рет азаматтарды қабылдау өткіздім. Туризм және спорт министрлігінің қызметіне бей-жай қарамайтын қоғам өкілдерінің бірқатар ұсынысы мен өзекті мәселесін тыңдадым.

Қабылдау барысында Астана қаласының іргесіндегі Қоянды ауылының азаматтары спорт кешенін салу, паралимпиадалық емес спорт түрлерінің спортшылары еңбек сіңірген спортшыларға атақ пен награда беру, елімізге туристерді тарту арқылы ел экономикасын көтеру, медициналық туризмді дамыту бойынша өз ұсыныстарын жеткізді. Сонымен қатар бүгінде футболдан жас таланттарды танытуда сәтті жүзеге асып келе жатқан «Super BOL» әлеуметтік футбол жобасын таныстырды.

Азаматтардың барлық өтінішін министрлік қызметкерлері бақылауға алды. Жауапты тұлғаларға тиісті тапсырмалар берілді.
👍3
Провел очередной прием граждан, где выслушал ряд предложений и актуальных вопросов представителей общественности, неравнодушных к деятельности министерства туризма и спорта.

В ходе приема граждане высказали свои предложения по строительству спортивного комплекса в селе Коянды близ города Астаны, присвоению звания и наград заслуженным спортсменам непаралимпийских видов спорта, подъем экономики страны путем увеличения туристического потока, развитию медицинского туризма. Также мне презентовали социальный футбольный проект «Super BOL», который сегодня успешно реализуется в продвижении молодых футбольных талантов.

Все обращения граждан были взяты на контроль сотрудниками министерства. Ответственным лицам даны соответствующие поручения.
👍4