Ermek Marzhyqpaev
595 subscribers
3.36K photos
908 videos
45 links
🇰🇿🇰🇿🇰🇿
Download Telegram
Өткен апта отандық спортта ауыз толтырып айтарлықтай жарқын жеңістерге толы болды. Мәселен, жерлестеріміз халықаралық жарыстарда топ жарып, Париж Олимпиадасының жолдамасын жеңіп алды.

Грузия астанасы Тбилисиде өткен семсерлесуден Әлем кубогінің шешуші кезеңінде сапы жаттығуы бойынша Қазақстан ерлер құрамасы Париж Олимпиадасының жолдамасы мен жарыстың қола жүлдесін жеңіп алды. Қазақстан қоржынына Руслан Құрбанов, Вадим Шарлаимов, Ерлік Сертай және Эльмир Әлімжанов Олимпиада жолдамасын сыйлады. Командалық жолдаманың нәтижесінде 3 спортшымыз автоматты түрде жеке сайыста да Олимпиада жүлдесіне таласатын болды.
👍4
Боксшыларымыз Литваның Каунас қаласында өткен Альгирдас Шоцикас атындағы халықаралық турнирде үздік нәтиже көрсетіп, жалпыкомандалық есепте топ жарды. Аталған жарыста отандастарымыз 6 алтын, 3 күміс, 2 қола жүлдеге ие болды. Дзюдодан Қазақстан құрамасы Тбилисиде мәресіне жеткен әлемдік Grand Slam жарысында ел қоржынына 1 алтын, 1 қола жүлде салды. Нұрқанат Серікбаев (60 кг) турнир чемпионы атанса, әйелдер арасында Ғалия Тынбаева (48 кг) қола жүлде еншіледі.

Теннисші Соня Жиенбаева Испанияның Вильена қаласында жасөспірімдер арасында өткен ITF Juniors J300 турнирінің чемпионы атанды. Жерлесіміз финалда бельгиялық Жульен Вандромені екі сетте 7:5, 6:0 есебімен жеңді. Самбодан Мәскеу қаласында ерлер мен әйелдер және жауынгерлік «Sambo Founders Cup» Әлем кубогінде отандасымыз Гүлдана Әлмұхамбетова жеңімпаз атанды. Финалда ресейлік балуаннан басым түсіп, жарыстың бірінші күні 54 келі салмақта чемпион атанды.

Отандық жанкүйерлерді жарқын жеңістерімен қуантқан барша спортшыны құттықтаймын. Алдағы байрақты бәсекелерде де намысты қолдан бермей, үздіктер қатарынан көрінулеріне тілектеспін.
👍4
Прошедшая неделя была насыщена яркими победами в отечественном спорте. Так, наши земляки выиграли путевку на Парижскую Олимпиаду, победив на международных соревнованиях.

В решающем этапе Кубка мира по фехтованию в столице Грузии Тбилиси мужская сборная Казахстана не только завоевала путевку на Парижскую Олимпиаду, но и бронзу соревнований.
Путевку в копилку национальной сборной добавили Руслан Курбанов, Вадим Шарлаимов, Ерлик Сертай и Эльмир Алимжанов. Кроме того, по итогам командного выступления 3 наших спортсмена автоматически получили возможность побороться за олимпийские призы и в личном зачете.

Наши боксеры показали лучший результат на международном турнире им. Альгирдаса Шоцикаса в Каунасе, Литва, и стали лучшими в общекомандном зачете. В данном соревновании наши соотечественники завоевали 6 золотых, 3 серебряных, 2 бронзовых медали. Сборная Казахстана по дзюдо завоевала 1 золотую и 1 бронзовую медали в мировом турнире Grand Slam в Тбилиси. Нурканат Серикбаев (60 кг) стал чемпионом турнира, а среди женщин бронза у Галии Тынбаевой (48 кг).

Теннисистка Соня Жиенбаева стала чемпионкой турнира ITF Juniors J300 среди юниоров в Вильене, Испания. Наша спортсменка в финале победила бельгийку Жульен Вандроме в двух сетах со счетом 7:5, 6:0. В Москве на мужском и женском и боевом Кубке мира «Sambo Founders Cup» победительницей стала наша соотечественница Гульдана Альмухамбетова. В финале она победила россиянку и в первый же день соревнований стала чемпионом в весе 54 кг.

Поздравляю всех спортсменов, которые порадовали отечественных болельщиков яркими победами. Хочу пожелать, чтобы в предстоящих состязаниях они так же проявили себя в числе лучших.
👍7
Елордадағы 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын ұйымдастыру комитетінің атқарушы дирекциясында Дүниежүзілік этноспорт конфедерациясының президенті Біләл Ердоғанмен кездесіп, алдағы Ойындарды ұйымдастыруға қатысты бірқатар мәселені талқыладық. Сонымен қатар өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға да қол қойдық.

Дүниежүзілік этноспорт конфедерациясын 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының бірлесіп ұйымдастырушысы мәртебесін алуымен құттықтаймын. Бірлескен күш-жігер арқылы қатысушы елдердің кең географиясы қамтыла отырып, Ойындар жоғары деңгейде өтетініне сенімдімін.

Қазіргі уақытта Дүниежүзілік этноспорт конфедерациясы – әлемдегі серпінді дамушы спорттық ұйымдардың бірі. Жақында Анталия қаласында өткен 6-шы Этноспорт форумы бүгінде Ұйымның әлемдегі этноспорт қозғалысының негізгі қозғаушы күші екендігін растады.
_____

В столице, в исполнительной дирекции организационного комитета 5-х Всемирных игр кочевников, встретился с президентом Всемирной конфедерации этноспорта Билалом Эрдоганом. Мы обсудили ряд вопросов, касающихся организации предстоящих игр. Кроме того, в ходе встречи был подписан меморандум о взаимопонимании.

Поздравляю Всемирную конфедерацию этноспорта с обретением статуса «Соорганизатора 5-х Всемирных игр кочевников». Уверен, что нашими совместными усилиями игры пройдут на высоком уровне и с широким участием стран-участниц.

В настоящее время Всемирная конфедерация этноспорта является одной из самых динамично развивающихся спортивных организаций в мире. Недавний 6-й форум этноспорта в Анталии подтвердил, что сегодня организация является основной движущей силой развития данных видов спорта в мире.
👍9
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Кезекті рет азаматтарды қабылдау өткіздім. Туризм және спорт министрлігінің қызметіне бей-жай қарамайтын қоғам өкілдерінің бірқатар ұсынысы мен өзекті мәселесін тыңдадым.

Қабылдау барысында Астана, Екібастұз, Степногорск және басқа да қалалардың тұрғындары еңбек сіңірген спортшыларға атақтар мен наградалар беру, мүгедектер үшін туризмнің қолжетімділігін арттыру, трансплантациядан кейінгі адамдар арасында дене шынықтыру мен спортты дамыту мәселелері бойынша өз шағымдары мен ұсыныстарын ашық айтты. Сондай-ақ азаматтар дене шынықтыру және спорт туралы Заңға толықтыру енгізуге қатысты өз ұсыныстарын жеткізіп, пилоттық әлеуметтік жобаны таныстырды. Сонымен қатар әйелдер хоккейінің өкілі өз спортындағы проблемалар мен жетістіктер туралы айтты.

Азаматтардың барлық өтініштерін министрлік қызметкерлері бақылауға алды. Жауапты тұлғаларға тиісті тапсырмалар берілді.
👍111
Провел очередной прием граждан. Заслушал ряд предложений и актуальных вопросов от неравнодушных к деятельности министерства туризма и спорта людей.

На встрече жители Астаны, Экибастуза, Степногорска и других городов открыто высказали свои жалобы и предложения по вопросам присвоения званий и наград для заслуженных спортсменов, о доступности туризма для людей с инвалидностью, развития физической культуры и спорта среди людей после трансплантации. Также граждане поделились своими предложениями касательно внесения дополнения в Закон о физической культуре и спорте, презентовали пилотный социальный проект. Кроме того, представительница женского хоккея рассказала о проблемах и достижениях в своем виде спорта.

Все обращения граждан взяты на контроль сотрудниками министерства. Ответственным лицам даны соответствующие поручения.
👍12
Италияның Бусто-Арсицио қаласында өткен бокстан әлемдік лицензиялық турнирден кейін Қазақстан бокс федерациясының президенті Шахмұрат Мүтәліппен кездесіп, аталған жарыстың қорытындысын, алда өтетін бәсекелерді, өңірлерде бокс спортын дамытудың жаңа бағыттарын талқыладық.

Өздеріңіз білесіздер, Италиядағы турнирде бокстан ерлер құрамасы тәуір нәтиже көрсетіп, 5 салмақ дәрежесі бойынша Олимпиада жолдамасын жеңіп алды. Тек бір ғана салмақта лицензия бұйырмады. Ал қыздар құрамасы өте сәтсіз өнер көрсетті. Бұл турнирде біздің қыздарға функционалдық және физикалық дайындық жетіспейтіні анық байқалды. Тағы бір мәселе – қосалқы құрамның аздығы. Лайықты ізбасарлар жоқ. Сондықтан бокс федерациясының президенті үлкен сараптама жүргізіп, қателіктермен жұмыс істеуі қажет. Таиландтағы турнирге баратын боксшыларды іріктеу қатаң түрде өтеді.
👍3🔥1
Сондай-ақ кездесу барысында Шахмұрат Мүтәліпке ұлттық құрамаға сапалы ізбасарларды жеткізу, өңірлерде бокс спортын дамытуды тапсырдым. Былтырғы Спартакиада жарысы қай облыстарда бокс спорты төмен деңгейде екенін көрсетіп берді. Нақты өңірлер бойынша жұмыс істеу керек.
👍3
После мирового лицензионного турнира по боксу в итальянском городе Бусто-Арсицио встретился с президентом Казахстанской федерации бокса Шахмуратом Муталипом и обсудил итоги прошедшего первенства и предстоящие соревнования, новые подходы развития бокса в регионах.

Как известно, на турнире в Италии мужская сборная по боксу показала достойный результат и завоевала олимпийские лицензии в 5 весовых категориях. Только в одном весе не удалось получить заветную путевку. А женская сборная выступила очень неудачно. На этом турнире было ясно, что нашим девушкам не хватает функциональной и физической подготовки. Еще одна проблема – недостаточный запасной состав сборной, нет достойного резерва. Поэтому президенту федерации бокса необходимо провести большой анализ и поработать над ошибками. Следующий отборочный турнир к Олимпийским играм пройдет в конце мая-начале июня в столице Таиланда Бангкоке. Отбор боксеров на этот турнир будет проходить очень строго.

Также в ходе встречи обсудили вопросы подготовки для национальной сборной качественного резерва и развитие бокса в регионах. Прошлогодняя спартакиада показала, в каких областях бокс находится на низком уровне. Необходима точечная работа по конкретным регионам.
👍6
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Бейжіңде Қытайдағы Қазақстан туризмі жылының ашылуы аясында Туризм және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен бірқатар маңызды іс-шаралар өтті. Қазақстан делегациясы қатарында министрлік, туризм, бизнес, спорт пен өнер саласының өкілдері болды.
Екі күн ішінде Бейжіңде халықаралық туризм мен инвестицияларға арналған форум, Қазақстан көрмесі мен этно-ауылдағы мәдени іс-шаралар ұйымдастырылды. Ал Қазақстан туризмі жылының ашылуы Бейжіңдегі China National Opera House опера театрының ғимаратында өткен гала-концертпен өз мәресіне жетті.
Қытай сахнасында Роза Рымбаева, Майра Мұхамедқызы, Зарина Алтынбаева, «Ұлытау» тобы, «Сазген сазы», Әли Оқапов, Рухия Байдүкенова мен Ақбике Алғи сияқты өнер майталмандары көрермендерді өз өнерімен тәнті етті. Әншілеріміз қытай халқына құрмет ретінде олардың ұлттық әндерін де шырқады. Қонақтар қытайлық әртістердің де өнерін тамашалады.
Бұл күндері өткен іс-шаралар екі елдің ынтымақтастығын нығайтып, өзара мәдени, туристік қызығушылығын одан әрі арттыруына септігін тигізетіні сөзсіз
🔥2
В Пекине в рамках открытия года туризма Казахстана в Китае состоялись важные мероприятия, организованные Министерством туризма и спорта РК. В состав казахстанской делегации вошли представители министерства, сфер туризма, бизнеса, спорта и искусства.

Официальное открытие года началось с международного форума туризма и инвестиций, за которым последовали казахстанская выставка и культурные мероприятия в этноауле. А вместе с гала-концертом в China National Opera House завершилась и официальная церемония открытия года туризма Казахстана в Китае.

На китайской сцене Роза Рымбаева, Майра Мухамедкызы, Зарина Алтынбаева, группа «Улытау», «Сазген Сазы», Али Окапов, Рухия Байдукинова и Акбике Алги поразили зрителей своим творчеством. Наши певцы также исполнили китайские национальные песни как дань уважения народу Поднебесной. Гости смогли увидеть выступления и китайских артистов.

Мы верим, что мероприятия, проведенные в эти дни, укрепили сотрудничество между двумя странами и оказали влияние на дальнейшее развитие взаимного культурного и туристического интереса.
👍10
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Өткен апта отандық спортта ауыз толтырып айтарлықтай жарқын жеңістерге толы болды.

Әзербайжан астанасы Бакудегі бокстан «Ұлы Жібек жолы» халықаралық турнирінде Қазақстан құрамасы 3 алтын, 2 күміс, 2 қола медаль олжалап, үздіктер қатарынан көрінсе, дзюдодан Анталияда (Түркия) өткен «Үлкен дулыға» турнирінде Әбиба Әбужақынова (-48 кг) қола жүлдегер атанды.

Сонымен қатар блиц шахматтан 2 дүркін әлем чемпионы Бибісара Асаубаева Swiss Queens Wednesday онлайн турнирінде топ жарды. Ал теннисші Александр Недовесов Испанияның Жирона қаласындағы челленджер турнирінің жұптық сынында бас жүлдеге ие болды.
🔥7
Үстел теннисінен Ливандағы WTT Feeder Beirut халықаралық турнирінде Қазақстан спортшылары ел қоржынына 2 алтын, 1 күміс, 4 қола жүлде салды. Сондай-ақ Сербиядағы тау велосипедінен халықаралық турнирде Алина Сарқұлова күміс жүлдеге қол жеткізсе, Айбота Ертайқызы көркем гимнастикадан Гран-при кезеңінде күміс медаль жеңіп алды.

Отандық спорт жанкүйерлерін жарқын жеңісімен қуантқан барша спортшыны құттықтаймын. Алдағы байрақты бәсекелерде де намысты қолдан бермей, үздіктер қатарынан көрінулеріне тілектеспін.
🔥7