Ermek Marzhyqpaev
595 subscribers
3.36K photos
908 videos
45 links
🇰🇿🇰🇿🇰🇿
Download Telegram
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Жуырда шахмат федерациясының басшылығымен кездесіп, былтыр атқарылған жұмыстарды қорытындыладық. Сондай-ақ биылға жоспарланған іс-шаралар, бірқатар маңызды жобалар және елімізде шахмат спортын кең көлемде дамытуға бағытталған жұмыстар жөнінде әңгімелестік.

Өздеріңіз білетіндей, кейінгі жылдары елімізде шахмат спорты бұқаралық сипат алып, қарқынды дамып келеді. Былтыр республика бойынша «Шахмат керуені» жобасы ұйымдастырылды. Барлық облысты қамтыған ауқымы кең турнирге жалпы саны 2300 адам қатысты.
Сонымен қатар өткен жылы Астанада алғаш рет шахматтан әлем чемпионаты, Ақтауда шахматтан мектеп командалары арасында әлем біріншілігі ұйымдастырылған болатын.

Бүгінде ел мақтанышына айналған Жансая Әбдімәлік, Динара Сәдуақасова, Бибісара Асаубаева сынды шахматшыларымыз әлемдік аренада ел намысын абыроймен қорғап жүр. Олардың ізін басып келе жатқан жас спортшылардың да қарқыны жаман емес.
👍61
Недавно встретился с руководством федерации шахмат, подвели итоги работы за прошлый год. Также мы обсудили запланированные на этот год мероприятия, ряд важных проектов и работу, направленную на масштабное развитие шахматного спорта в стране.

Как известно, в последние годы шахматы набирают массовый характер и динамично развиваются. В прошлом году по республике был организован проект «Шахматный караван». В масштабном турнире приняло участие 2300 человек.
Также в прошлом году в Астане впервые был организован чемпионат мира по шахматам, в Актау – первенство мира по шахматам среди школьных команд.

Сегодня такие шахматисты, как Жансая Абдумалик, Динара Садвакасова, Бибисара Асаубаева, прославляют нашу страну на мировой арене. У молодых спортсменов, которые идут по их стопам, тоже неплохой темп.
👍61
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Таяуда Францияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Дидье Канесспен кездестім. Кездесу Париждегі жазғы Олимпиада және Паралимпиадаға дайындық жөніндегі штаб қабырғасында өтті.

Біз биылғы төрт жылдықтың басты спорттық іс-шарасын талқыладық. Франция елшісі маған Олимпиаданың ресми бойтұмарын табыс етіп, Астанада Париждегі ойындарға арналған мурал салу туралы жоспарын айтты. Өз кезегінде елшіге Алматы облысындағы республикалық олимпиадалық дайындық базасында екі ел спортшылары арасында бірлескен оқу-жаттығу жиындарын өткізуге ниетті екенімді жеткіздім.

Сондай-ақ кездесу барысында Қазақстан мен Франция арасындағы туристік ағымды одан әрі ұлғайту үшін тікелей рейстерді іске қосуды және Қазақстан азаматтарына туристік визалар беру рәсімін жеңілдету мүмкіндігін қарастыруды ұсындым.
👍61
Недавно встретился с Чрезвычайным и Полномочным Послом Франции в Казахстане Дидье Кане́ссом. Встреча прошла в стенах Штаба по подготовке к летним Олимпийским и Паралимпийским играм в Париже.

Мы обсудили главное спортивное событие четырехлетия этого года, после чего господин Посол вручил мне официальный талисман Олимпиады и поделился планами о создании мурала в Астане, посвященному предстоящим играм в Париже.

Я высказал заинтересованность в установлении сотрудничества между двух стран в проведении совместных учебно-тренировочных сборах на Республиканской базе олимпийской подготовки в Алматинской области.

Также в ходе встречи я предложил рассмотреть возможность запуска прямых рейсов и упрощения процедуры выдачи туристических виз гражданам Казахстана для дальнейшего увеличения туристического потока между Казахстаном и Францией.
👍81
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Қазақстан бокс федерациясының өкілдерімен кездестім. Жуырда ғана федерация президенті болып тағайындалған Шахмұрат Мүтәліп Италиядағы маңызды бірінші іріктеу турнирінде өнер көрсетіп жатқан спортшылардың дайындығы туралы айтты. Естеріңізге сала кетейін, 3-11 наурыз күндері Бусто-Арсицио қаласында Париж Олимпиадасына жолдама беретін бокстан әлемдік іріктеу жарысы өтіп жатыр. Қазіргі уақытта біздің құрамада 13 салмақ дәрежесінде (ерлер, қыздар) небәрі 2 лицензия бар.

Сонымен қатар федерация басшылығымен құрама көшбасшыларын жеке жоспар бойынша даярлауды жалғастыруды, жаттықтырушылардың деңгейі мен біліктілігін арттыруды талқыладық. Сондай-ақ қазіргі уақытта халықаралық ұйымдардағы өкілдеріміздің санын арттыру және федерацияның жұмысына цифрландыру жүйесін енгізу өте маңызды. Спортшыларға жанкүйерлер күткен нәтижені көрсету үшін барлық жағдай жасалуы керек.
👍8🔥5
Встретился с представителями федерации бокса Казахстана. Новый президент организации Шахмурат Муталип рассказал о подготовке спортсменов к первому мировому квалификационному турниру в Италии. Напомню, что с 3 по 11 марта в г. Бусто-Арсицио проходит мировое первенство по боксу, на котором разыгрываются лицензии на участие в Олимпийских играх в Париже. На данный момент у нашей сборной всего 2 лицензии на 13 весовых категорий (мужчины и женщины).

Также с руководством федерации обсудили вопросы подготовки лидеров сборной по индивидуальному плану, повышения уровня и квалификации тренеров. Кроме того важно увеличивать представительство в международных организациях и внедрять процессы цифровизации в работу федерации. Для спортсменов должны быть созданы все условия, чтобы они могли достичь того результата, которого от них ожидают страна и болельщики.
👍7🔥5
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Ардақты арулар!
Сіздерді көктемнің ең шуақты мерекесі - Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Баршаңызға мықты денсаулық, толайым табыс және бақ-береке тілеймін!
________

Дорогие дамы!
От всей души поздравляю вас с самым светлым праздником весны - Международным женским днем!
Желаю всем крепкого здоровья, успехов во всем и благополучия!
8👍2🔥1
👍2
Ermek Marzhyqpaev
Photo
ҚАЗАҚ СПОРТШЫЛАРЫНЫҢ ӨТКЕН АПТАДАҒЫ ЖАРҚЫН ЖЕҢІСІ

Пара оқ ату: Қазақстандық параспортшы Еркін Ғаббасов пара оқ атудан Нью Делиде өтіп жатқан Әлем кубогінде екінші орын алып, Париж-2024 Паралимпиадасының жолдамасын жеңіп алды. Еркін R1 дисциплинасының финалында ол 246,8 ұпаймен жарыстың күміс жүлдесіне қол жеткізді.

Шахмат: Бибісара Асаубаева Мәскеудегі «Аэрофлот Опен 2024» шахмат фестивалінде әйелдер арасындағы жарыста топ жарды. Қазақстаннан Бибісарамен қатар Қазыбек Нөгербек (18-орын), Даниал Сапенов (21-орын), Рамазан Жалмаханов (38), Әлішер Сүлейменов (65) сынға түсті.

Фристайл-могул: Алматыда ұйымдастырылған фристайл-могулдан Әлем кубогі кезеңінде Ұлттық құрама спортшысы Павел Колмаков күміс жүлдегер атанды. Параллель могул бағдарламасында сынға түскен Павел жартылай финалда финляндиялық Сивери Виерелладан басым түскенімен, финалда канадалық Микаэль Кингсбериге жол берді.

Көгалдағы хоккей: Өзбекстанның Әндіжан қаласында өткен көгалдағы хоккейден ерлер мен әйелдер арасындағы орталық Азия елдерінің чемпионатында Қазақстан әйелдер құрамасы жеңімпаз атанды. Нұржан Бейбітов баптайтын еліміздің әйелдер құрамасы алғашқы ойында Тәжікстанды 13:1 есебімен ойсырата жеңді. Сосын, Өзбекстан хоккейшілерімен тең түскен (1-1). Ал жарыс қожайындарымен болған екінші матчта Ұлттық құрама 2:1 есебімен жеңіп, біріншілікте топ жарды.

Көркем гимнастика: Испанияның Марбелье қаласында өткен көркем гимнастикадан Гран-при турнирінде қазақстандық Эльжана Таниева доп жаттығуында 33.400 ұпай жинап, жарыс жеңімпазы атанды.

Эстонияның Тарту қаласында көркем гимнастикадан дәстүрлі «Мисс Валентайн» Гран-приінде отандасымыз Айбота Ертайқызы 2 медаль жеңіп алды. Ұлттық құрама өкілі доппен өнер көрсетуде күміс жүлдегер атанса (32.700 балл), шығыршық жаттығуында қолаға (32.550 ұпай) ие болды.

Есу слаломы: Таиландтың Паттайя қаласында байдарка және каноэде есу слаломынан өткен Азия чемпионатында ел спортшылары 7 медаль жеңіп алды. Екатерина Таранцева 18 жасқа дейінгі санатта байдаркада, ал Анастасия Ананьева 23 жасқа дейінгі санатта каноэде есуде алтыннан алқа тақты. Сонымен қатар Александр Коробов (U18, байдарка) күміс жүлдегер атанды. Қазақстан ерлер құрамасы (Қуаныш Еренғайыпов, Әділ Аманбаев, Александр Куликов) командалық сында каноэде есу слаломынан топ жарып, байдаркада күміс жүлдеге қол жеткізген. Ал әйелдер құрамасы (Анастасия Ананьева, Дарья Чешуина) байдаркада және каноэде қос күміске ие болды.

Күрес: Түркияның Анталья қаласында күрес түрлерінен Яшар Догу, Хамит Каплан және Вехби Эмрені еске түсіруге арналған халықаралық турнирде жерлестеріміз үздіктер қатарынан көрінді. Әйелдер күресінде Эльмира Сыздықова (76 кг), Ирина Кузнецова (62 кг) күміс жүлдегер атанса, Гүлдана Бекеш (59 кг), Елена Шалыгина (68 кг) мен Шәмшиябану Тастанбек (72 кг), Эмма Тисина (57 кг) қола жүлдеге ие болды.
Грек-рим күресінен Мейрамбек Айнағұлов (60 кг) пен Тамерлан Шадукаев (77 кг) және еркін күрестен Ризабек Айтмұхан (97 кг) қола жүлдені қанжығаларына байлады.

Су спорты: Филиппиннің Нью-Кларк-Сити қаласында өткен су спорты түрлерінен әр түрлі жас санатындағы XI Азия чемпионатында көркем жүзуден Даяна Джаманчалова мен София Ищенко жұбы (13-15 жас тобы) еркін бағдарламада қарсылас шақ келтірмей жеңімпаз атанды.
Сонымен қатар көркем жүзуден Ұлттық құрама спортшылары Ясмин Тұяқова мен Арина Пушкина еркін бағдарламада күміс жүлде иеленсе, су добынан Қазақстан жастар құрамасы қола медаль жеңіп алды. Үшінші орын үшін өткен матчта жерлестеріміз Қытай командасын 7:4 есебімен тізе бүктірді.

Аралас жекпе-жек: АҚШ-тың Майами қаласында өткен UFC 299 турнирінде отандасымыз Асу Алмабаев америкалық Си Джей Вергарамен жекпе-жекке шығып, төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен жеңімпаз атанды.  

Теннис: Дмитрий Попко жұптық сында Бразилияның Ресифе қаласындағы ITF турнирінде топ жарды. Бразилиялық Даниэль Дутра Да Сильвамен бірге жұп құрап ойнаған Попко финалда корт иелері Луис Бритто – Пауло Андре Сарайва Дос Сантостан 6:3, 6:4 есебімен басым түсті.
3👍1🔥1
👍2
Ermek Marzhyqpaev
Photo
ЯРКИЕ ПОБЕДЫ КАЗАХСТАНСКИХ СПОРТСМЕНОВ НА ПРОШЛОЙ НЕДЕЛЕ

Пара пулевая стрельба: Еркин Габбасов занял второе место на чемпионате мира по пара пулевой стрельбе в Нью-Дели и завоевал путевку на Паралимпийские игры Париж-2024. В финале произвольной дисциплины R1 он завоевал серебряную медаль соревнований с 246,8 очками.

Шахматы: Бибисара Асаубаева выиграла соревнование среди женщин на шахматном фестивале «Аэрофлот Опен 2024» в Москве. Наряду с Бибисарой из Казахстана выступали Казыбек Ногербек (18 место), Даниал Сапенов (21 место), Рамазан Жалмаханов (38), Алишер Сулейменов (65).

Фристайл-могул: Серебряным призером на этапе Кубка мира по фристайлу-могулу в Алматы стал представитель национальной сборной Павел Колмаков. Павел участвовал в программе параллельный могул и уступил в финале канадцу Микаэлю Кингсбери, при этом опередил финна Сивери Виереллу.

Хоккей на траве: На чемпионате стран Центральной Азии среди мужчин и женщин по хоккею на траве в Андижане, Узбекистан, женская сборная Казахстана выиграла соревнования. Подопечные Нуржана Бейбитова в первом матче с обыграли Таджикистан со счетом 13: 1. Затем, сыграли в ничью с хоккеистами Узбекистана (1-1). А во втором матче с хозяевами соревнования наша сборная одержала победу со счетом 2: 1.

Художественная гимнастика: Казахстанская гимнастка Эльжана Таниева стала победительницей Гран-при в Марбелье (Испания). Она показала первый результат в финале упражнений с мячом. Судьи оценили её выступление в 33.400 балла.

На традиционном Гран-при «Мисс Валентайн» по художественной гимнастике в Тарту, Эстония, наша соотечественница Айбота Ертаевна завоевала 2 медали. Представительница национальной сборной стала серебряным призером в выступлении с мячом (32.700 баллов), бронзовым в упражнении на кольце (32.550 баллов).

Гребной слалом: На чемпионате Азии по гребле на байдарках и каноэ в Паттайе, Таиланд, спортсмены страны завоевали 7 медалей. Екатерина Таранцева завоевала золото в категории до 18 лет на байдарках, а Анастасия Ананьева в категории до 23 лет на каноэ. Также серебряным призером стал Александр Коробов (U18, каяк). Мужская сборная Казахстана (Куаныш Ераипов, Адиль Аманбаев, Александр Куликов) в гребном слаломе на каноэ выиграла соревнования, также наша команда завоевала серебряную медаль на байдарках. А женская сборная (Анастасия Ананьева, Дарья Чешуина) завоевала два серебра на байдарках и на каноэ.

Борьба: В турецком городе Анталья на международном турнире по видам борьбы, посвященном памяти Яшара Догу, Хамита Каплана и Вехби Эмре, наши земляки вошли в число лучших. В женской борьбе серебряными призерами стали Эльмира Сыздыкова (76 кг), Ирина Кузнецова (62 кг), Гульдана Бекеш (59 кг), Елена Шалыгина (68 кг) и Шамшиябану Тастанбек (72 кг), Эмма Тисина (57 кг).
Бронзовые медали по греко-римской борьбе завоевали Мейрамбек Айнагулов (60 кг) и Тамерлан Шадукаев (77 кг) и Ризабек Айтмухан (97 кг) по вольной борьбе.

Водные виды спорта: На XI чемпионате Азии в различных возрастных категориях по водным видам спорта, проходившем в Нью-Кларк-Сити, Филиппины, пара Даяна Джаманчалова и София Ищенко по художественному плаванию (возрастная группа 13-15 лет) стала победителями в произвольной программе.
Кроме того, спортсмены национальной сборной по художественному плаванию Ясмин Туякова и Арина Пушкина завоевали серебряные медали в вольной программе, а молодежная сборная Казахстана по водному поло завоевала бронзовые медали. В матче за третье место наши земляки обыграли китайскую команду со счетом 7: 4.

Смешанные единоборства: На турнире UFC 299 в Майами, США, наш соотечественник Асу Алмабаев выступил против американца Си Джей Вергары и стал победителем единогласным решением судей.

Теннис: Дмитрий Попко выступил в парном разряде на турнире ITF в Ресифи, Бразилия. Попко, сыгравший в паре с бразильцем Даниэлем Дутра Да Сильвой, в финале обыграл хозяев корта Луиса Бритто – Пауло Андре Сарайва душ Сантос со счетом 6:3, 6:4.
👍3🔥1
Италияның Бусто-Арсицио қаласында бокстан Париж Олимпиадасының лицензиясы үлестірілетін әлемдік турнир өз мәресіне жетіп, былғары қолғап шеберлеріміз Ұлттық құрама қоржынын Париж Олимпиадасының бес жолдамасымен толықтырды.

Олимпиадаға іріктеу турнирінде сәтті өнер көрсетіп, Париждегі дүбірлі додаға жолдама жеңіп алған спортшыларымызды құттықтаймын. Ел жанкүйерлері қашанда боксшылардан үздік нәтиже күтеді. Сіздер бұл жолы жанкүйерлердің сенімін ақтап, ұлттық құрама қоржынын маңызды лицензиялармен толықтырдыңыздар. Енді Олимпиадаға дайындықты күшейтіп, Париж төрінде топ жаруларыңызға тілектеспін.

Париж Олимпиадасына жолдамаларды Сәкен Бибосынов (51 кг), Сабырхан Махмұд (57 кг), Асланбек Шымбергенов (71 кг), Нұрбек Оралбай (80 кг) және Айбек Оралбай (92 кг) жеңіп алды.
👍6🔥3
В итальянском городе Бусто-Арсицио завершился мировой лицензионный турнир по боксу. Наши мастера кожаных перчаток пополнили копилку национальной сборной пятью путевками на Олимпийские игры.

Поздравляю боксеров с успешным выступлением на отборочном турнире. Болельщики нашей страны всегда ждут от вас лучших результатов. На этот раз вы в полной мере оправдали и пополнили копилку национальной сборной важными лицензиями. Теперь нужно усилить подготовку к самой Олимпиаде в Париже.

Путевки завоевали Сакен Бибосынов (51 кг), Сабырхан Махмуд (57 кг), Асланбек Шымбергенов (71 кг), Нурбек Оралбай (80 кг) и Айбек Оралбай (92 кг).
👍7🔥2
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Ақмола облысының тұрғындарымен кездесу өткіздім. Министрліктің қазіргі қызметі, туризм және спорт саласындағы реформалар, лудоманияға қарсы күрес шаралары және ведомствоның алдағы жоспарлары туралы айтып бердім.

Ел өңірлері арасында олимпиадалық спорт түрлері бойынша жастар құрама командаларының құрамына спорттық резервті дайындау бойынша Ақмола облысы көшбасшы аймақтың бірі. Облыста 29 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі жұмыс істейді. Өңірде 19 мыңнан аса бала спортпен шұғылданады. Айта кету керек, мұнда 318 639 адам дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде айналысады. Бұл – халықтың 40% құрайды.

Ақмола облысы – туристік салада еліміздің басым бағыттарының бірі. Аймақ алуан түрлі ландшафттарымен және мәдени бай мұрасымен ерекшеленеді. Туристік өнімнің негізі – емдеу-сауықтыру және экотуризм. Біз еліміздің қолда бар орасан зор туристік мүмкіндігін толық пайдалануға тиіспіз.
👍91🔥1
Провел встречу с жителями Акмолинской области. Рассказал о текущей деятельности министерства, реформах в сфере туризма и спорта, мерах по борьбе с лудоманией и о дальнейших планах.

Одним из лидеров по подготовке спортивного резерва в составы молодежных сборных команд по олимпийским видам спорта среди регионов страны является Акмолинская область. В регионе функционирует 29 детско-юношеских спортивных школ, где занимаются спортом более 19 тысяч детей. Стоит отметить, что здесь систематически занимаются физической культурой и спортом 318 639 человек, что составляет 40% населения.

Акмолинская область является одной из приоритетных дестинаций страны, которая отличается своим разнообразием ландшафтов и богатым культурным наследием. Основу туристского продукта составляет развитие лечебно-оздоровительного и экотуризма, который является якорным направлением с наивысшим потенциалом. Мы должны в полной мере использовать все имеющиеся огромные туристические возможности нашей страны.
👍81