Ermek Marzhyqpaev
595 subscribers
3.36K photos
908 videos
45 links
🇰🇿🇰🇿🇰🇿
Download Telegram
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын өткізу жөніндегі дирекцияның кеңсесіне барып, ұжымымен кездестім. Ойындарды өткізуге дайындық бойынша әр бағытқа жауапты қызметкерлер атқарып жатқан жұмыстары мен алдағы дүбірлі додаға дайындық барысы туралы айтып берді.

5 Дүниежүзілік көшпенділер ойындары 8-14 қыркүйек аралығында Астанада өтеді.
Ойындарға 100-ден аса мемлекеттен 4000-ға жуық спортшы қатысып, Елордамызға 100 мыңнан аса турист келеді деп жоспарланып отыр.
___________________________

Встретился с коллективом дирекции по проведению 5 Всемирных игр кочевников. Сотрудники, ответственные за каждое направление по подготовке к проведению данных игр, рассказали о проводимой ими работе и ходе подготовки к предстоящему соревнованию.

5 Всемирные игры кочевников пройдут с 8 по 14 сентября в Астане.
Планируется, что в Играх примут участие около 4000 спортсменов из более чем 100 стран, а столицу посетят более 100 тысяч туристов.
👍61
Өткен апта ел спортшылары үшін табысты аяқталды. Отандастарымыз бірқатар халықаралық жарыста бақ сынап, жанкүйерлерді жарқын жеңістерімен қуантты.
Теннистен әйелдер арасындағы еліміздің бірінші ракеткасы Елена Рыбакина БАӘ-де өткен Abu Dhabi Open-2024 турнирінде чемпион атанды. Бұл – Еленаның осы жылдағы екінші ірі жеңісі.
Сонымен қатар Өзбекстан астанасы Ташкентте ұйымдастырылған ауыр атлетикадан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасының спортшылары – Сайрамкез Ақмолда (67 кг) мен Александр Уваров (81 кг) сары құрлықтың күміс жүлдегері атанды.
Боксшыларымыз Болгариядағы «кіші әлем чемпионаты» саналатын Странджа Кубогінде 3 медаль жеңіп алды. Былтырғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері Дулат Бекбауов (67 кг) турнир жеңімпаз атанса, Санжар Ташкенбай (51 кг) күміс, Тұрсынбай Құлахмет (80 кг) қола жүлдеге қол жеткізді.
Қысқы спортшыларымыз да жүлделерімен қуантты.
👍71👏1
Жапонияның Хатинохе қаласында өткен жасөспірімдер арасындағы конькимен жүгіруден әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы командалық спринтте күміс, командалық жарыста қола жүлдегер атанды.
Шорт-трекші Әділ Ғалиахметов Германияның Дрезден қаласындағы Әлем кубогінің бесінші кезеңінде 1000 метр қашықтықтың финалында бақ сынап, ұлттық құрама қоржынына қола жүлде салды.
Спортшыларымызды жеңістерімен құттықтаймын!
👍6
Прошедшая неделя успешно завершилась для отечественных спортсменов. Наши земляки приняли участие в ряде международных соревнований и порадовали болельщиков яркими победами. Первая ракетка страны по теннису среди женщин Елена Рыбакина стала чемпионкой на турнире Abu Dhabi Open-2024 в ОАЭ. Это вторая крупная победа Елены в этом году.
Также на чемпионате Азии по тяжелой атлетике, организованном в столице Узбекистана Ташкенте, серебряными призерами континентального первенства стали спортсмены сборной Казахстана – Сайрамкез Акмолда (67 кг) и Александр Уваров (81 кг).
Наши боксеры завоевали 3 медали на Кубке Странджа в Болгарии, который считается «малым чемпионатом мира». Серебряный призер прошлогоднего мирового первенства Дулат Бекбауов (67 кг) стал победителем турнира, Санжар Ташкенбай (51 кг) – серебряным призером, Турсынбай Кулахмет (80 кг) - бронзовым.
Наши спортсмены по зимним видам спорта тоже порадовали победами. На чемпионате мира по конькобежному спорту среди юниоров в г.Хатинохе, Япония, сборная Казахстана стала серебряным призером в командном спринте и бронзовым призером в общекомандом зачете соревнованиях. Шорт-трекер Адиль Галиахметов принял участие в финале на дистанции 1000 метров на пятом этапе Кубка мира в Дрездене, Германия, и завоевал бронзовую медаль.
Поздравляю наших спортсменов с победами!
👏6👍31
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Туризм және спорт министрі ретінде кезекті рет азаматтарды қабылдадым. Қоғам өкілдерінің министрліктің қызметіне қатысты, спорт және туризм саласын дамытуға бағытталған ұсынысы мен мәселелерін тыңдадым.

Астана қаласының тұрғыны күрес түрлеріне, оның ішінде балалар үйірмесіне көңіл бөлуді, жас атлеттердің жарысын көптеп ұйымдастырып, шетелдегі жарыстарға жиі шығару мәселесін ортаға салды.
Сонымен қатар бірнеше жылдан бері балалар футболын дамытуға үлес қосып жүрген азамат жас жеткіншектерді сапалы дайындауға қатысты өзінің құнды тәжірибесімен бөлісті.
Сондай-ақ қабылдау барысында азаматтар туризм индустриясын дамыту бойынша жобасын ұсынды, өскелең ұрпақ арасында саламатты өмір салтын насихаттайтын идеяларын айтты және мектеп жасындағы жас спортшылардың күш-қуатын аттыратын отандық табиғи өнімдерін таныстырды.
👍5
В очередной раз провел прием граждан в качестве министра туризма и спорта. Заслушал предложения и вопросы представителей общественности, касающиеся деятельности министерства, направленные на развитие сферы спорта и туризма.

Житель Астаны акцентировал внимание на развитие греко-римской борьбы среди молодежи, в частности на необходимость организации большего количества соревнований юных атлетов и их выступления за рубежом.
Кроме того, гражданин, который уже несколько лет вносит свой вклад в развитие детского футбола, поделился своим опытом качественной подготовки юных спортсменов.
Также в ходе приема граждан был представлен проект по развитию индустрии туризма, высказаны идеи по пропаганде здорового образа жизни среди подрастающего поколения и презентована натуральная пищевая продукция отчественного производства для юных спортсменов школьного возраста
👍6
Аралас жекпе-жек әлеміндегі ең беделді ұйым – UFC-де өнер көрсетіп, жасындай жарқырап жүрген даңқты спортшымыз Шавкат Рахмоновпен кездесіп, ең кейінгі жарқын жеңісімен құттықтадым. Былтыр Тәуелсіздік күні қарсаңында ол АҚШ файтері Стивен Томпсонды жеңген болатын.

Шавкат – мұхиттың арғы бетінде өткізіп жүрген жекпе-жектері арқылы елімізді бүкіл әлемге танытып жүрген батырымыз. Шавкатқа алдағы уақытта жеңісті жолын сәтті жалғап, тезірек әлем чемпионы болуына тілектеспін.
________________________

Встретился с нашим знаменитым спортсменом Шавкатом Рахмоновым, выступающим в самой престижной в мире организации смешанных единоборств –UFC. Поздравил его с яркой победой над бойцом США Стивеном Томпсоном в прошлом году в канун Дня Независимости.

Шавкат своими выступлениями за океаном прославляет нашу страну на мировой арене. Желаю успешно продолжить свой победный путь и как можно скорее стать чемпионом мира.
👍7🔥7
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын өткізу жөніндегі дирекция басшылығымен жиын өткізіп, аталған іс-шараға дайындық барысы туралы баяндамаларын тыңдадым.

Жиында дирекция өкілдері қазіргі уақытта талқылау кезеңі жүріп жатқан спортшылардың керек-жарақтары, естелік бұйымдар және медаль үлгілері туралы баяндама жасап, жөндеу жұмыстары жүріп жатқан спорт кешендерінің қазіргі жағдайы туралы айтып берді. Сонымен қатар, Халықаралық ғылыми-практикалық конференция тұжырымдамасының жобасы таныстырылды, оның жұмысы Ғылым және жоғары білім министрлігімен бірлесіп жүргізілді.

Өздеріңіз білесіздер, Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын өткізу еліміз үшін маңызды іс-шара екенін айтып, жарысты жоғары деңгейде өткізуді тапсырған болатын. Осындай дүбірлі доданы өткізу арқылы еліміздің мәдениетін, салт-дәстүрін шетелдік қонақтарға таныстыра аламыз. Сондай-ақ осы Ойындар арқылы Қазақстанға шетелдік туристерді көптеп тартамыз.
👍8🔥2
Провел совещание с руководством Дирекции по проведению 5-Х Всемирных игр кочевников, заслушал их доклады о ходе подготовки к данному мероприятию.

На совещании представители дирекции рассказали о спортивной амуниции и инвентаре для соревнований, сувенирной продукции и прототипах медалей, которые в настоящее время находятся на стадии обсуждения, также проинформировали о текущем состоянии спортивных комплексов, в которых ведутся ремонтные работы. Кроме того, презентовали проект концепции международной научно-практической конференции, работа над которой велась совместно с Министерством науки и высшего образования.

Как вы знаете, Глава государства отметил, что проведение V Всемирных игр кочевников является важным событием для нашей страны, которое должно пройти на высоком уровне. Благодаря этим играм мы привлечем в Казахстан большое количество иностранных туристов и ознакомим их с богатой культурой и традициями нашей страны.
👍15
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің туризмді дамыту саласындағы 2023 жылғы қызмет қорытындылары мен 2024 жылға арналған басым міндеттері туралы кеңейтілген алқа отырысын өткіздік.

Іс-шараға Премьер-Министрдің Бірінші орынбасары Роман Скляр, Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев, депутаттық корпус, отандық туристік қауымдастықтар мен салалық ассоциациялар, орталық және өңірлік мемлекеттік органдар, квазимемлекеттік сектор, БАҚ және Қоғамдық кеңестің өкілдері қатысты
________________________

Состоялось расширенное заседание Коллегии Министерства туризма и спорта Республики Казахстан о деятельности в 2023 году и основных задачах на текущий год в сфере туризма.

В мероприятии приняли участие Первый заместитель Премьер-Министра Роман Скляр, представители депутатского корпуса, отечественных туристских сообществ и отраслевых ассоциаций, центральных и региональных государственных органов, квазигосударственного сектора, СМИ и общественного совета
👍6
Мемлекет басшысы ойын бизнесіне мемлекеттік бақылауды күшейтуді, сондай-ақ құмар ойындарға тәуелділіктің алдын алу бойынша кешенді шаралады қабылдауды тапсырған болатын. Өкінішке қарай, бүгінде құмар ойынының құрығына түскендер саны күн сайын артып келеді. Мұның негізгі бір себебі – жастарды арбайтын құмар ойындарының жарнамасында болып отыр. Қазіргі таңда министрлік ойын бизнесі субъектілерінің санын қысқарту бойынша жұмыс істеп жатыр. 2018 жылы ойын бизнесі субъектілерінде 97 лицензия болса, қазір олардың саны 29-ға дейін азайды.
👍4
Лудомания және құмар ойындарына тәуелділіктің алдын алу бойынша Туризм және спорт министрлігі едәуір жұмыс атқарып келеді. Атап айтар болсақ, мемлекеттік бақылаудың аясында ойын бизнесін субъектілеріне тексеру, заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырушыларымен күрес, азаматтарды құмар ойындарға қатысудан өзін-өзі шектеу қызметін eGov mobile қосымшасы арқылы автоматтандыру бойынша жұмыс жүргізіп жатыр.
Одан бөлек, заңсыз ойын бизнесіне қарсы іс-қимыл және лудомания жөніндегі кешенді жоспардың жобасы мен Парламент Мәжілісі депутаттарымен бірге «Ойын бизнесі, лотерея және лотерея қызметі туралы» заң жобасы әзірленді.
👍3